ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
17.4K subscribers
2.02K photos
135 videos
5 files
891 links
Актуальные новости судебной системы

Сайт:
http://sud.gov.kz/

Instagram:
https://instagram.com/jogargy_sot?igshid=5h43qpapvrq3

YouTube:
https://www.youtube.com/user/SupcourtRK
Download Telegram
Қарқынды тренинг: судья кадрларын қайта даярлау

🔷 Жоғарғы Сот Жоғары Сот Кеңесімен (ЖСК) Maqsut Narikbayev University (МНУ), Сот төрелігі академиясымен және ЕҚЫҰ-мен бірлесіп сот жүйесі үшін әлеуетті кадрларды қайта даярлау бойынша қарқынды құқықтық тренинг ұйымдастырды.

🔷 Тренингтің ашылуында
арнайы курстар ұйымдастыру арқылы сот жүйесіне үздік заңгерлерді тартудың маңыздылығы туралы ЖС-тың алқа төрағасы Аслан Түкиев, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің басшысы Фробарт Фолькер, ЖСК аппаратының басшысы Дәурен Мұратбеков, МНУ Жоғары құқық мектебінің деканы Ольга Бектібаева, МНУ провоценті Сергей Пен, Сот төрелігі академиясының ректоры Зәуреш Баймолдина сөз сөйледі.

🔷 Жоғары оқу орындарымен бірлесіп Тұжырымдама, бағдарлама және оқу кестесі әзірленді. Судья болғысы келетін 150 үздік заңгердің пулы жасақталды, оның құрамына сот жүйесінің қызметкерлері, адвокаттар мен прокурорлар кіреді. Бір апта бойы олар MНУ-де гибридтік форматтағы курстарда қарқынды дайындықтан өтеді.

🔷 Тренингке қатысушылар сот құжатын тестілеу және құрастыру әдістемелерімен, істерді шешу әдістерімен танысады, дәлелдеу бойынша практикумдардан өтеді, дау-дамай кезінде өзін-өзі ұстауға және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларына, сондай-ақ іс мәселелерін шешудегі қателермен жұмыс жасайды.
Интенсивный тренинг: переподготовка судейских кадров
 
🔷 Верховным Судом совместно с ОБСЕ, Высшим Судебным Советом (ВСС), Maqsut Narikbayev University (МНУ), Академией правосудия организован интенсивный правовой тренинг по переподготовке потенциальных кадров для судебной системы.

🔷 На открытии тренинга о значимости привлечения лучших юристов в судебную систему через организацию спецкурсов выступили председатель коллегии ВС Аслан Тукиев, Глава Офиса программ ОБСЕ в Астане Фробарт Фолькер, руководитель аппарата ВСС Даурен Муратбеков, декан Высшей школы права МНУ Ольга Бектибаева, провост МНУ Сергей Пен, ректор Академии правосудия Зауреш Баймолдина.

🔷 Совместно с вузами разработаны Концепция, программа и график обучения. Сформирован пул из 150 лучших юристов, желающих стать судьями, куда вошлисотрудники судебной системы, адвокаты и прокуроры. Они в течение недели пройдут интенсивный тренинг в МНУ на курсах в гибридном формате.

🔷 Участники обучения ознакомятся с техникой проведения тестирования и составления судебного документа, методикой решения кейсов, пройдут практикумы по аргументации, тренинги по поведению в конфликте и ораторскому мастерству, а также работе над ошибками в решении кейсовых задач.
◾️ Н.Болатқа қатысты қылмыстық іс Жоғарғы Сотта қаралды.

◾️Өздеріңізге мәлім, 2023 жылдың қазан айында Алматы гарнизоны Әскери сотының үкімімен Н.Болат бұзақылық себептермен, ерлі-зайыпты О.Чернов пен А.Чернованың денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі 1), 5) тармақтары бойынша сотталған болатын.

◾️ Сот үкімімен
500 АЕК (1 725 000 теңге) көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалған. Сондай-ақ, жәбірленушілердің пайдасына әрқайсысы 500 мың теңге моральдық шығын және өкілдің қызметіне өтемақы төлеуге кеткен 1 600 000 теңге өндірілді.

◾️ Апелляциялық саты сот үкімін өзгертіп, Н.Болаттан жәбірленушілердің пайдасына апелляциялық сатыдағы сотқа қатысу үшін өкілдің қызметіне 400 000 теңге көлемінде шығын өндірілді.

◾️ Кассациялық сот отырысы жәбірленушілердің өтінішхаты бойынша өтті, олар сот актілерін өзгертіп, оған бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

◾️ Қылмыстық істі қарау нәтижелері бойынша Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сот актілерін өзгертіп, Н.Болатқа 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, сондай-ақ, әрқайсысына 1 миллион теңгеге дейін моральдық залалдың өтемақы мөлшері өсті.
◾️ Уголовное дело в отношении Болата Н.Д. рассмотрено в Верховном Суде.

◾️ Как известно, в октябре 2023 года Болат Н. был осужден приговором Военного суда Алматинского гарнизона по ст.107 ч.2 п.п.1), 5) УК за умышленное причинение средней тяжести вреда здоровью супругам Чернову О.В. и Черновой А.А., из хулиганских побуждений.

◾️ Судом было назначено наказание в виде штрафа в размере 500 МРП (1 725 000 тенге). Также в пользу потерпевших взысканы сумма морального вреда по 500 тысяч каждому и расходы по оплате услуг представителя в сумме 1 600 000 тенге.

◾️ Апелляционная инстанция изменила приговор суда, с Болат Н. взысканы в пользу потерпевших расходы по оплате услуг представителя за участие в суде апелляционной инстанции в сумме 400 000 тенге.

◾️ Кассационное рассмотрение состоялось по ходатайству потерпевших, которые просили изменить судебные акты и назначить ему наказание, связанное с лишением свободы.

◾️По итогам рассмотрения уголовного дела судебная коллегия по уголовным делам Верховного Суда изменила судебные акты, Болату Н. назначено наказание в виде 2 лет ограничения свободы, а также увеличена сумма компенсации морального вреда до 1 млн. тенге каждому.
ХСӘҚ: Астананың Жасанды интеллект (ЖИ) қолданудағы бірегей тәжірибесі әлемдік сот жүйесінің назарын аударды

◾️ Сот төрелігіндегі Жасанды интеллект туралы онлайн-форум жұмысына Жоғарғы соттар төрағалары: Қазақстаннан Асламбек Мерғалиев, Қырғызстаннан Замирбек Базарбеков, Өзбекстаннан Бахтиёр Исламов, Әзербайжаннан Инам Каримов, Үндістаннан Дхананджая Й.Чандрахуд және Дүниежүзілік банктің (ДБ) сарапшылары қатысты.

◾️ Халықаралық сот әкімшілігінің қауымдастығы (ХСӘҚ) Астанада талқылауды жоспарлап, Қазақстанның сот жүйесін басқару тәжірибесінің әлемдік сот жүйесі үшін маңыздылығын атап өтті. Оның барысында жоғарғы соттардың жетекшілері мен сарапшылар Қазақстанның ЖИ-пен сот ісін жүргізу практикасын талқылады.

◾️ А.Мерғалиев форумда қол жеткізілген оң көрсеткіштермен бөлісті - БҰҰ деректері бойынша Қазақстан электронды үкіметті дамыту бойынша мониторингке енгізілген 193 елдің ішінде 28-ші орында және онлайн қызметтерді көрсету бойынша 8-ші орында. Ал CEPEJ зерттеуі бойынша Қазақстан соттарда ІТ-технологияларды қолдану бойынша 47 елдің арасында 4-орында.

◾️ Сарапшылар, соның ішінде ХСӘҚ (MASA) президенті Луис Пальма Қазақстанның елеулі жетістіктері туралы айта отырып, оның реформалардағы айтарлықтай жетістіктерін атап өтті.

◾️ Солардың арқасында судьялар әкімшілік қызметте олар үшін өз міндетінен тыс функцияларды орындаудан босатылды, соттар үшін тәуелсіз бюджет белгіленді, істерді автоматтандырылған бөлу соттылығында экстерриториалдылық қағидатын қолдануға мүмкіндік жасалды (істерді бір сотта емес, керісінше елдің соттары арасында бөлу).

◾️ Соттарға жоғары сапалы цифрлық қолжетімділік деңгейіне және пайдаланушыларға ыңғайлы ІТ-қызметтерді дамытуға ерекше назар аударылады.

◾️ Құқық қолданудың біркелкілігін қамтамасыз етудің көмекші құралы ретінде машиналық оқытуды, жасанды интеллектті (ЖИ) және робототехниканы пайдалану, Л.Пальманың айтуынша, жетістіктердің өсуіне ықпал ететін әлеует ретінде қызмет етеді.

◾️ Халықаралық сарапшылар сот орындаушыларының қаулыларын санкциялау үшін енгізілген роботтың тиімділігін, сот шешімінің жобасын дайындауда және заңгерлердің smart-көмекшісі ретінде жасанды интеллектіні қолдануды, сот практикасының цифрлық талдауын, технологиялар арқылы сот төрелігіне қолжетімділікті жақсарту тәсілдерін, соның ішінде чат-боттарды атап өтті.

◾️ Бірақ бәрінен де шетелдік сарапшыларды бұл IT-құралдарының қазақстандық соттардың жұмысына қалай әсер еткені қызықтырды: олар олардың ашықтығын арттырды, үлкен деректерді өңдеуді және сот процесіне қатысушылар арасындағы үзіліссіз байланысты жылдамдатты, сот қателерін азайтты және сотқа деген сенімді арттырды.

◾️ Сонымен бірге, ХСӘҚ (MASA) вице-президенті, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров форум соңында озық тәжірибелерді интеграциялауға қызығушылықты, сондай-ақ, елдердің сот менеджменті
әлеуетін бағалау мүмкіндігін атап өтті.

◾️ Форумға қатысушылар сот төрелігі жүйесін сенімді цифрлық қорғауды бірлесіп дамытуға ұмтыла отырып, Астананың Қазақстанды IT алыбына айналдыруға деген айқын ұмтылысын да, деректер қауіпсіздігіне және киберқауіптерге қатысты бар, оның соттарда цифрландыруды дамытудағы тәжірибесін пайдалы біріктіруді де
атап өтті.

◾️ Форум сот жүйесіндегі өзгерістерді ынталандыратын және барлығына тиімді және қолжетімді сот төрелігін қамтамасыз етуге деген ортақ ұмтылысты қолдайтын идеялар мен практика алмасуға арналған алаңға айналды.

Анықтама:

✔️ Сот менеджментін дамытуға бағытталған жаһандық ұйым ХСӘҚ (MACA) жыл сайын озық тәжірибеге шолу жүргізеді. Оның құрамына 104 елдің өкілдері кіреді, Қазақстан – 2015 жылдан бері оған мүше.

✔️ 2019 жылы Астанада (Қазақстан) 10-шы MASA конференциясы өтті.
MASA президенті Луис Пальма, Орталық Азия және Үндістан бойынша вице-президенті - ҚР СӘ басшысы Наиль Ахметзакиров.
МACA: уникальный опыт Астаны в применении ИИ привлек внимание мировой судебной системы
 
◾️ Главы верховных судов Казахстана Асламбек Мергалиев, Кыргызстана Замирбек Базарбеков, Узбекистана Бахтиёр Исламов, Азербайджана Инам Каримов, Индии Дхананджая Й.Чандрачуд и эксперты Всемирного банка (ВБ) приняли участие в работе онлайн-форума об искусственном интеллекте (ИИ) в правосудии. 

◾️Международная ассоциация по судебному администрированию (МACA), наметив обсуждение в Астане, обозначила значимость казахстанского опыта судебного менеджмента для мировой судебной системы. В ходе него лидеры верховных судов и эксперты обсудили практику Казахстана по преобразованию судопроизводства с IT.

◾️ А.Мергалиев на форуме поделился примечательными показателями – по версии ООН, Казахстан находится на 28-м месте из 193 стран, входящих в мониторинг, по развитию электронного правительства и на 8-м – в оказании онлайн услуг. А по исследованию CEPEJ, Казахстан на почетном 4-е месте среди 47 стран по использованию IT-технологий в судах.

◾️ Эксперты, в т.ч. и президент МАСА Луис Пальма, говоря о значительных достижениях Казахстана подчеркнули ощутимый его прогресс в реформах. Благодаря им судьи освобождены от выполнения несвойственных им функций по административной деятельности, установлено независимое составление бюджета для судов, автоматизированное распределение дел, толкнувшее на применение принципа экстерриториальности в юрисдикции (распределять дела не в 1 суде, а между судами страны).

◾️ Особое внимание обращено на уровень качественного цифрового доступа к судам и разработку удобных для пользователя IТ-сервисов. Использование машинного обучения, искусственного интеллекта (ИИ) и робототехники, как вспомогательного инструмента для обеспечения единообразия правоприменения, по мнению Л.Пальмы, служит потенциалом, способствующим росту достижений.

◾️ Международные специалисты отметили эффективность внедренного робота по санкционированию постановлений судоисполнителей, применение ИИ для подготовки проекта судебного решения и в качестве smart-помощника для юристов, цифровую аналитику судебной практики, способах улучшения доступа к правосудию через технологии, включая чат-боты.

◾️ Но больше всего зарубежных экспертов заинтересовало то, как эти IT-инструменты повлияли на работу казахстанских судах: сделали их более прозрачными, ускорили обработку больших данных и бесперебойную коммуникацию участников судебных процессов, минимизировали судебные ошибки и, увеличили доверие к суду.

◾️ В то же время вице-президент МАСА, Руководитель СА РК Наиль Ахметзакиров, в завершение форума, подчеркнул заинтересованность в интеграции передового опыта, а также возможность оценить потенциал судебного менеджмента стран.

◾️ Участники форума, стремясь к совместному развитию надежной цифровой защиты системы правосудия, отметили, как очевидным стремление Астаны превратить Казахстан в IT-гигант и полезным интеграцию его опыта развития цифровизации в судах, так и имеющиеся вызовы по безопасности данных и киберугрозам.  

◾️ Форум стал платформой для обмена идеями и практиками, которые могут вдохновить на изменения в судебных системах и поддержать общее стремление к обеспечению эффективного и доступного для всех правосудия.
 
Из справки

✔️ МACA – глобальная организация, ориентированная на развитие судебного менеджмента, ежегодно проводит обзор лучших практик. В ее составе – представители 104 стран, Казахстан – с 2015 года.
В 2019-м в Астане (Казахстан) прошла 10-я конференция МАСА.

✔️ Президент МАСА Луис Пальма, вице-президент по странам Центральной Азии и Индии – Руководитель СА РК Наиль Ахметзакиров.