Қазақстан Бас прокуратурасы
17K subscribers
2.4K photos
2.18K videos
40 files
8.86K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Өткен аптаның маңызды және өзекті жаңалықтарын естеріңізге саламыз.

📌 Сейсенбі

🔹 Еңбек құқықтарын қорғау: Астана прокуратурасы жалақы төлемдерін бақылауда ұстап отыр. Қадағалау шараларының нәтижесінде қызметкерлерге 1,1 млрд теңге өндіріліп, 1 мыңнан астам азаматтың құқықтары қалпына келтірілді. Қандай шаралар қабылданғаны және олардың нәтижесі туралы — осы жерден біліңіз!

🔹 Жайылымдарды халыққа қайтару: Павлодар облысының Аққулы ауданында прокуратура 3 мың гектардан астам, құны 2,7 млрд теңге болатын жерді ауыл тұрғындарына қайтаруға көмектесті. 70 мың гектардан астам заңсыз немесе тиімсіз пайдаланылған жер анықталды. Толығырақ сілтемеде!

🔹 Түрме ішінен ұйымдастырылған контрабанда: Алматыда арнайы прокурорлар АҚШ-тан марихуана жеткізу арнасын әшкереледі. Қылмыстық схеманың қалай жұмыс істегені және істің немен аяқталатыны — осы жерден оқыңыз.

📌 Сәрсенбі

🔹 «Заң мен Тәртіп» іс жүзінде: Ұлытау облысында 6 мыңнан астам студент есірткі қылмысы ісі бойынша онлайн-сот отырысына қатысты. Ашық соттардың жастарға құқық бұзушылықтың алдын алуда қалай ықпал ететіні — осы жерден қараңыз.

🔹 Жастарға арналған үлгілі сот: Ақмола облысында прокуратура мен сот «Заң мен Тәртіп» аясында ашық сот процесін ұйымдастырды. Оқушылар мен студенттер денсаулыққа қасақана зиян келтіру ісін қарады. Толығырақ — сілтемеде!

🔹 Құқық бұзушылықтың алдын алатын спорт: Қарағанды облысында прокуратура танымал спортшылармен бірге жастарға мотивация, тәртіп және салауатты өмір салты туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Толығырақ сілтеме арқылы біліңіз!

📌 Бейсенбі

🔹 Отандас тасымалдаушыларды қолдау: Шымкент көлік прокуратурасының бастамасымен рұқсат құжаттарында мемлекеттік нөмірлерді заңсыз қайталау тоқтатылды. Бизнесті қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар жайлы — мына жерден біліңіз!

🔹 Алаяқтыққа қарсы аймақ: Ақтөбеде прокуратура азаматтарды қаржы алаяқтарынан қорғау мақсатында кең ауқымды жоба жүргізуде. Қандай нәтижелер бар? Толығырақ — осы жерден қараңыз.

🔹 Тегін құқықтық кеңес: республика бойынша «Халықтық заңгер» акциясы өткізілді. Қатысушылар мамандарға өз сауалдарын қойып, құқықтық көмек алды — іс-шара қалай өткенін және талқыланған тақырыптарды сілтеме арқылы көре аласыз!

📌 Жұма

🔹 ОПГ мүшесін экстрадициялау: Ресейден Қазақстанға заңсыз тіркелген 481 жүк көлігі ісі бойынша күдікті қайтарылды. Оны қалай ұстағаны және қандай жаза күтіп тұрғаны — сілтемеден оқыңыз!

🔹 Жердің мемлекетке қайтарылуы: Қостанай облысында прокуратура заңсыз берілген, құны 1,2 млрд теңге болатын 57 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды. Толық ақпаратты — осы жерден көріңіз.

🔹 Бизнесті қорғау: СҚО-да прокурорлар кәсіпкерлердің заңды қызметіне кедергі жасаған лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Прокуратура бизнеске қалай қолдау көрсетіп жатыр — толығырақ осында!

Осы және басқа да жаңалықтарды Бас прокуратураның телеграм арнасынан оқып бізді әлеуметтік желілерден қараңыз:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Напоминаем о главных и актуальных новостях прошедшей недели.

📌Вторник

🔹 Защита трудовых прав: прокуратура Астаны держит на контроле выплаты зарплат. Благодаря надзору уже взыскано 1,1 млрд тенге в пользу сотрудников — восстановлены права более 1 тыс. работников. Какие меры принимаются и как это помогает людям — рассказываем тут!

🔹 Возврат пастбищ жителям: в Аккулы Павлодарской области прокуратура помогла сельчанам вернуть свыше 3 тыс. гектаров земель стоимостью 2,7 млрд тенге. Выявлено более 70 тыс. гектаров, использованных незаконно или не по назначению. Подробнее по ссылке!

🔹 Контрабанда из-за решётки: в Алматы спецпрокуроры пресекли канал поставки марихуаны из США, организованный осуждённым прямо из колонии. Как работала схема и чем закончится дело - подробности здесь.

📌Среда

🔹 «Закон и Порядок» в действии: в области Ұлытау более 6 тысяч студентов подключились к онлайн-трансляции открытого суда по делу о наркопреступлениях. Как открытые процессы помогают предупредить правонарушения среди молодёжи - читайте здесь.

🔹 Показательный суд для молодёжи: в Акмолинской области прокуратура и суд провели открытый процесс в рамках «Закон и Порядок». Учащиеся школ и колледжей увидели разбор дела об умышленном причинении вреда здоровью. Подробности смотрите здесь!

🔹 Спорт вместо правонарушений: в Карагандинской области прокуратура вместе с известными спортсменами проводит встречи с молодёжью, рассказывая о дисциплине, мотивации и здоровом образе жизни. Как спорт помогает формировать ответственное поколение. Все подробности смотрите по ссылке!

📌Четверг

🔹 Поддержка казахстанских перевозчиков: благодаря позиции транспортной прокуратуры Шымкента прекращено незаконное дублирование госномеров в разрешениях на перевозки. Какие меры продолжают приниматься для защиты бизнеса - смотрите здесь!

🔹 Территория без мошенничества: в Актобе прокуратура реализует масштабный проект по защите граждан от фрод-схем. Как регион борется с аферистами и помогает пострадавшим? Подробнее смотрите здесь.

🔹 Бесплатная юридическая помощь: по всей стране прошла акция «Народный юрист». Граждане смогли задать свои вопросы и получить консультации от юристов и представителей госорганов — как проходили приемы и какие темы поднимали - смотрите по ссылке!

📌Пятница

🔹 Экстрадиция участника ОПГ: из РФ в Казахстан доставлен фигурант дела о незаконной регистрации 481 грузового авто в Жетісу на сумму ущерба 3,7 млрд тенге. Как его нашли и что ему грозит? Подробности читайте по ссылке!

🔹 Возврат земли государству: в Костанайской области прокуратура через суд вернула в гос­собственность почти 57 гектаров земли стоимостью 1,2 млрд тенге, переданных компании без аукциона и с нарушением норм. Все подробности смотрите здесь.

🔹 Защита бизнеса: в СКО прокуроры привлекли должностных лиц к ответственности за вмешательство в деятельность предпринимателей. Как прокуратура защищает предпринимателей от давления — подробности тут!

Эти и другие новости читайте в нашем телеграм канале Генеральной прокуратуры и смотрите нас в социальных сетях:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қарағандыда республикалық «Халық заңгері» акциясы өтті

Қарағандыда «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында республикалық «Халық заңгері» акциясы өткізілді.

Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетіліп, бірқатар мәселелер сол жерде шешілді, қалғандары бақылауға алынды.

Облыс прокуроры Бауыржан Мырзакеров акцияның мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету екенін атап өтті.


В Караганде прошла республиканская акция «Народный юрист»

В Караганде прошла республиканская акция «Народный юрист» в рамках идеологии «Закон и Порядок».

Граждане получили бесплатные юридические консультации, часть вопросов решена на месте, остальные взяты на контроль.

По словам прокурора области Бауыржана Мырзакерова, акция направлена на повышение правовой культуры населения и открытость государственных органов.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті

31 қазан күні Ақмола облысының барлық қалалары мен аудандарда «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті.  

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, тегін заң көмегін көрсету, азаматтардың проблемалық мəселелерін жедел жəне білікті түрде шешу, сондай-ақ «Заң мен тəртіп» идеологемасын ілгерілету.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, ҚР Әділет министрлігі, мемлекеттік билік органдары, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, сондай-ақ Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

Азаматтар өңіріміздің заң қоғамдастығындағы үздік өкілдерден тегін қажетті консультация алды. Олардың арасында белгілі облыс прокуроры, мемлекеттік органдардың басшылары, адвокаттар, нотариустар, тергеушілер, сот орындаушылары және басқалары бар.

«Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде.

Іс-шара облыс тұрғындары арасында оң жауап алды. Мұндай шаралар қауіпсіз және жауапты қоғамның дамуына үлес қосқысы келетін бей-жай қарамайтын азаматтарды біріктіреді.
 
Мұндай іс-шараларды өткізу азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға және қоғамда заңға бағынатын мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.


В Акмолинской области прошла общереспубликанская акция «Народный юрист»

31 октября во всех городах и районах Акмолинской области прошла общереспубликанская акция «Народный юрист».

Цель акции – повышение правовой грамотности населения, оказание бесплатной юридической помощи, оперативного и квалифицированного решения проблемных вопросов граждан, а также продвижения идеологемы «Закон и Порядок».

Организаторами мероприятия выступили: Генеральная прокуратура РК, Министерство юстиции РК, органы государственной власти, сетевое издание Zakon.kz, информационная система "Параграф", Республиканская коллегия адвокатов, лучшие юристы и адвокаты Казахстана.

Граждане бесплатно получили необходимую консультацию у лучших представителей юридической общественности области. Среди них – прокурор области, руководители госорганов, адвокаты, нотариусы, следователи, судебные исполнители и др. 

За годы своего существования акция «Народный юрист» стала уже традиционной и поддерживается многими казахстанцами.

Мероприятие получило положительный отклик среди жителей области. Такие меры объединяют неравнодушных граждан, стремящихся внесению вклада в развитие безопасного и ответственного общества.
 
Проведение подобных мероприятий способствует повышению доверия граждан к правоохранительным органам и формированию в обществе культуры законопослушного поведения.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Денсаулықты вейптің орнынатаңда
 
«Заң мен Тәртіп» концепциясын іске асыру аясында Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Полиция департаментінің қызметкерлерімен және жастар қоғамдық ұйымдарымен бірлесіп, 2025 жылғы 30 қазанда «Вейпті тапсыр – денсаулықты таңда» атты кең ауқымды акция ұйымдастырды.
 
Акция алаңы ретінде Петропавл қаласының сауда-ойын-сауық орталықтары, сондай-ақ облыстың әр ауданындағы ірі дүкендер мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары таңдалды.
 
Акцияның мақсаты – электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің) айналымы саласындағы әрекеттердің құқыққа қарсы екенін құқықтық тұрғыдан түсіндіру, халықтың сауаттылығын арттыру, сондай-ақ азаматтарға қолдарындағы «вейптерді» және олардың жиынтықтауыштарын өз еркімен және салдарсыз тапсыруға мүмкіндік беру.
 
Акция аясында Петропавл қаласында және облыстың барлық аудандарында электрондық «вейптерді» ерікті түрде тапсырудың 16 пункті ұйымдастырылды.
 
Ерікті түрде 109 электрондық тұтыну жүйесі мен олардың жиынтықтауыштары тапсырылды. Әрбір қатысушыға ынталандыру сыйлықтары табысталды.
 
Өткізілген акция құқық бұзушылықтардың алдын алуда ғана емес, сонымен қатар қоғамның адамгершілік негіздерін нығайтуда, халықта жауапкершілікті қалыптастыруда және жалпы денсаулықты сақтауда маңызды рөл атқарады.
 
Облыс прокуратурасы шегілмейтін темекі өнімдерін, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сату және тарату немесе оларды сату немесе тарату мақсатында айтарлықтай мөлшерде сақтау, жөнелту, тасымалдау Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-1-бабы бойынша бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын түсіндіреді.
 
Солтүстік Қазақстан облысыпрокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1097313?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Выбери здоровье вместо вейпа
 
В рамках реализации концепции «Закон и Порядок» прокуратурой Северо-Казахстанской области с участием сотрудников Департамента полиции и общественных молодежных организаций 30 октября 2025 года организована широкомасштабная акция «Сдай вейп - выбери здоровье».
 
Площадкой для акции стали торгово-развлекательные центры города Петропавловска, а также крупные магазины и Центры обслуживания населения в каждом районе области.
 
Целью акции является праворазъяснение противоправности деяний в сфере оборота электронных систем потребления (вейпов), повышение грамотности населения, а также предоставление гражданам возможности добровольно и без последствий сдать имеющиеся «вейпы» и комплектующие к ним.
 
В рамках акции организовано 16 пунктов добровольной сдачи электронных «вейпов» в г.Петропавловске и всех районах области.
 
Добровольно сдано 109 электронных систем потребления и комплектующих к ним. Каждому участнику вручены поощрительные подарки.
 
Проведенная акция имеет важное значение не только в профилактике нарушений, но и в укреплении нравственных устоев общества, формирования у населения ответственного отношения и сохранения здоровья в целом.
 
Прокуратура области разъясняет, что продажа и распространение некурительных табачных изделий, электронных систем потребления (вейпов), ароматизаторов и жидкостей для них либо их хранение, пересылка, перевозка в целях продажи или распространения в значительном размере влечет уголовную ответственность по ст.301-1 Уголовного Кодекса Республики Казахстан вплоть до лишения свободы.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Северо-Казахстанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1097313?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Күмәнді сілтемені ашпаңыз – бір басқан қате, үлкен шығын!
 
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы ескертеді: сақтық – сенімді қорған.
 
Не открывайте сомнительные ссылки — один клик может стоить дорого!
 
Прокуратура Западно-Казахстанской области напоминает: осторожность – лучшая защита.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ақтөбе облысында «Халық заңгері» республикалық кең ауқымды акциясы өткізілді
 
Ақтөбе қаласында өткен іс-шараға облыс прокурорының м.а. Талғат Әлібаев, сондай-ақ прокуратура, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, тегін заң көмегін көрсету, азаматтардың проблемалық мəселелерін жедел жəне білікті түрде шешу, сондай-ақ «Заң мен Тəртіп» идеологемасын ілгерілету.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, ҚР Әділет министрлігі, мемлекеттік билік органдары, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, сондай-ақ Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

Өңір тұрғындары сотқа дейінгі тергеп-тексеру, азаматтық-құқықтық даулар, адвокаттар мен заңгерлердің қызметтеріне қатысты түрлі сұрақтармен жүгінді.
Азаматтарға ыңғайлы болу үшін жұмыс үш бағытта ұйымдастырылды:
1. Құқық қорғау блогы – қылмыстық және әкімшілік заңнама мәселелері бойынша кеңес беру;
2. Мемлекеттік органдар – әлеуметтік, жер және тұрғын үй құқығы нормаларын түсіндіру;
3. Сараптамалық блок – заңгерлердің, нотариустар мен сот орындаушыларының кеңестері.
Акция қорытындысы бойынша азаматтар көрсетілген тегін заң көмектері үшін алғыстарын білдіріп, мамандардың қолжетімділігін және олардың берген кәсіби кеңестері толғандырған мәселелерді шешуге көмектескенін атап өтті.


В Актюбинской области состоялась широкомасштабная Республиканская акция «Народный юрист»

В г.Актобе на мероприятии принял участие и.о. прокурора области Талгат Алибаев, а также сотрудники прокуратуры, правоохранительных и государственных органов.

Цель акции – повышение правовой грамотности населения, оказание бесплатной юридической помощи, оперативного и квалифицированного решения проблемных вопросов граждан, а также продвижения идеологемы «Закон и Порядок».

Организаторами мероприятия выступили: Генеральная прокуратура РК, Министерство юстиции РК, органы государственной власти, сетевое издание Zakon.kz, информационная система «Параграф», Республиканская коллегия адвокатов, лучшие юристы и адвокаты Казахстана.

Жители региона обращались с различными вопросами, касающимися расследования уголовных дел, гражданско-правовых споров, деятельности адвокатов и юристов.

Для удобства граждан работа была организована по трем направлениям:
1. Правоохранительный блок — консультации по вопросам уголовного и административного законодательства;
2. Государственные органы — разъяснение норм социального, земельного и жилищного права;
3. Экспертный блок — консультации юристов, нотариусов и судебных исполнителей.

По итогам акции граждане выразили благодарность за оказанную правовую помощь и отметили доступность специалистов, участие которых позволило получить квалифицированные ответы на волнующие вопросы.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Халық заңгері»
республикалық акциясының өткізілуі туралы

А.ж. 31 қазанда «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру
шеңберінде Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы жергілікті
атқарушы органдармен, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен
бірлесіп «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясын
өткізді.

Акцияның басты мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын
арттыру және азаматтарға білікті заң көмегінің қолжетімділігін
қамтамасыз ету.

Іс-шара барысында облыстың жетекші заңгерлері мен
адвокаттары, нотариустар, прокурорлар, сот орындаушылары,
полиция, әділет органдары және әкімдік өкілдері азаматтарға өзекті
мәселелер бойынша тегін құқықтық кеңестер берді.

Бұдан бөлек, прокурорлар мен мемлекеттік органдардың
өкілдері оңалту орталығындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға
барып, оларға жеке құқықтық көмек көрсетті.

Интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелеріне де ерекше
назар аударылды.
Халықты кеңінен ақпараттандыру мақсатында қаладағы сауда-
ойын-сауық орталықтарында азаматтардың интернет-алаяқтықтан
қорғану шараларын түсіндіретін ақпараттық буклеттер мен
жадынамалар таратылды.

Сонымен қатар кинотеатрларда сеанстар басталар алдында
халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған
әлеуметтік бейнеролик көрсетілді.

«Халық заңгері» акциясы халықтың құқықтық сауаттылығын
арттырудағы дәстүрлі іс-шараға айналды.


О проведении республиканской акции

«Народный юрист»
31 октября т.г. в рамках реализации концепции «Закон и
Порядок» прокуратура Западно-Казахстанской области совместно
с местными исполнительными органами, а также
правоохранительными и государственными органами провела
республиканскую социальную акцию «Народный юрист».

Главная цель акции – повышение правовой грамотности
населения и обеспечение доступности квалифицированной
юридической помощи гражданам.

В рамках мероприятия ведущие юристы и адвокаты области,
нотариусы, прокуроры, судебные исполнители, сотрудники
полиции, органов юстиции и акимата предоставили гражданам
бесплатные юридические консультации по актуальным вопросам.

Кроме того, прокуроры и представители государственных
органов посетили лиц с ограниченными возможностями в
реабилитационном центре, где оказали им индивидуальную
юридическую помощь.

Особое внимание уделено вопросам профилактики интернет-
мошенничества.

В целях широкого информирования населения в торгово-
развлекательных центрах города проведена раздача тематических
буклетов и памяток по защите от интернет-мошенничества.

Также в кинотеатрах перед началом сеансов был показан
социальный ролик, направленный на повышение правовой
грамотности населения.

Акция «Народный юрист» стала традиционным мероприятием
по правовому просвещению населения.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматы қаласының прокуратурасы лудомания – тағдырларды күйрететін үнсіз тәуелділік туралы әлеуметтік бейнероликті ұсынады.

Ойынға әуестік – шектен шыққанда, бұл көңіл көтеру емес.

Біздің айнымас қағидамыз – "Заң мен Тәртіп".

Жауапкершілікке, саналы әрекетке және тәуелділіктен ада өмірді таңдауға шақырамыз.

#ЗАҢменТӘРТІП

Прокуратура города Алматы представляет социальный видеоролик о лудомании — тихой зависимости, которая разрушает судьбы.

Игровая страсть — это не развлечение, когда она выходит из-под контроля.

Наш неизменный принцип — "Закон и Порядок".

Призываем к ответственности, осознанности и выбору жизни без зависимости.

#ЗАКОНиПОРЯДОК

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Атырау облысында «Халық заңгері» республикалық акциясы өткізілді

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Атырау облысының прокуратурасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясын өткізді.

Атырау қаласында өткізілген іс-шараға облыс прокуроры Мадияр Басшыбаев, құқық қорғау органдары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, нотариустар, адвокаттар мен сот орындаушылары қатысты.
Акцияның басты мақсаты – халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Өңір тұрғындары сотқа дейінгі тергеп-тексеру, азаматтық даулар, сонымен қатар әлеуметтік мәселелер бойынша сұрақтарына кеңес алды.

Сонымен қатар интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында ақпараттық буклеттер мен жадынамалар таратылды.

Акция соңында азаматтар көрсетілген тегін заң көмегіне Атырау облысының прокуратурасына алғыстарын білдірді.
 
 
В Атырауской области проведена республиканская акция «Народный юрист»
 
В рамках реализации концепции «Закон и Порядок» прокуратура Атырауской области совместно с заинтересованными органами провела республиканскую социальную акцию «Народный юрист».

Мероприятие прошло в городе Атырау с участием прокурора области Мадияра Басшыбаева, сотрудников правоохранительных и государственных органов, а также нотариусов, адвокатов и судебных исполнителей.

Основная цель акции – повышение правовой культуры населения, обеспечение открытости и доступности государственных органов.

В ходе акции жители региона получили консультации по вопросам досудебного расследования, гражданских споров и социальным проблемам.

Также, в целях профилактики интернет-мошенничества, участникам розданы информационные буклеты и памятки.

По завершении акции граждане выразили благодарность прокуратуре Атырауской области за оказанную бесплатную юридическую помощь.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы аясында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтарға тегін заң көмегін көрсету мақсатында ауқымды «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті.

Іс-шараға барлық салалық ведомстволардың бірінші басшылары, адвокаттар, заңгерлер және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Акция үлкен қоғамдық қызығушылық тудырды — шара барысында 1000-нан астам қала тұрғыны отбасылық, еңбек, жер, азаматтық және әкімшілік заңнама мәселелері бойынша білікті заңгерлік кеңес алды.

Азаматтарға өз құқықтарын қорғау тетіктері, мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібі және тегін заң көмегін алу мүмкіндіктері түсіндірілді.

Қала прокуроры Ғабит Мұқанов өз сөзінде:

«Ежелгі грек философы Платон айтқандай: «Күшті мемлекет – қорғалған азаматтан басталады!»
Сондықтан бүгін осында барлық мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері әр азаматқа тегін әрі қолжетімді заң көмегін көрсету үшін бір алаңда жиналып отыр», - деп атап өтті.

«Халық заңгері» акциясы өз жұмысын жалғастырып, әрбір азаматқа кәсіби көмек пен өз құқықтарын қорғау мүмкіндігін ұсынатын болады.


В Шымкенте прошла общереспубликанская акция «Народный юрист»

В рамках концепции «Закон и Порядок» состоялась масштабная общереспубликанская акция «Народный юрист», направленная на повышение правовой грамотности населения и оказание бесплатной юридической помощи гражданам.

В мероприятии приняли участие первые руководители всех отраслевых ведомств, адвокаты, юристы, а также студенты вузов.

Акция вызвала большой общественный интерес — участие приняли более 1000 жителей города, которые получили квалифицированные юридические консультации по вопросам семейного, трудового, земельного, гражданского и административного законодательства.

Гражданам разъяснялись механизмы защиты прав, порядок обращения в государственные органы, а также возможности получения бесплатной правовой помощи.

Прокурор города Муканов Габит в своем выступлении отметил - «Как сказал древнегреческий философ Платон: «Сильное государство начинается с защищенных граждан!!
Поэтому здесь и сегодня, на одной площадке, собрались представители всех государственных и правоохранительных органов, чтобы оказать бесплатную и доступную юридическую помощь каждому».

Акция «Народный юрист» продолжит свою работу, предоставляя каждому возможность получить профессиональную помощь и защиту своих прав.
«Бос жұмыс орындары түріндегі тұзақтар»
 
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы жұмыспен қамту саласындағы қылмыскерлердің белсенділігі туралы ескертеді.

Шетелдік дереккөздердің (Мир 24 -https://mir24.tv/news/16649356/obman-s-trudoustrojstvom.-kak-raspoznat-moshennikov-pri-poiske- raboty, Рамблер - https://www.rambler.ru/pro/rabota/55487558-novye-shemy-obmana-rabotnikov-i-soiskateley-5-stsenariev-nazhivy/, РИА новости - https://ria.ru/20251018/moshenniki-2049030356.html, 48RU-48Thttps://48.ru/text/world/2025/10/12/76071048/, Известия - https://iz.ru/1962442/2025-09-27/rossiianku-obmanom-uvezli-iz-tailanda-v-mianmu-dlia-raboty-v-call-tcentre, Новыеизвестия -https://newizv.ru/news/2025-10-16/poehala-za-mechtoy-okazalas-v-lovushke-kak-ne-popast-v-rabstvo-pri-poiske-raboty-438072) мәліметтеріне сәйкес интернет-алаяқтар танымал платформаларда және әлеуметтік желілерде минималды талаптармен жоғары табыс ұсына отырып, жұмысқа орналасу туралы хабарландырулар жариялайды.

Жауап бергеннен кейін, іздеушілерге жалған сайттарға сілтемелер, жеке деректерді жинауға арналған сауалнамалар жіберіледі немесе зиянды бағдарламалық қамтылымы бар «жұмыс істеуге арналған мобильді қосымшаны» орнатуды ұсынады, бұл зиянкестерге банктік деректерге, мессенджерлерге және құрылғыны басқаруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, шетелде, оның ішінде Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде (Тайланд, Мьянма және т.б.) жұмыс істеу туралы жалған ұсыныстар да өзекті болып қалуда.

Азаматтарды IT, модельдік, қонақ үй бизнесі саласында немесе call-орталықтарға жұмысқа орналасу түрімен шетелге әкету үшін жалдайды, онда олар еңбек және сексуалдық құлдықта болуы, қанауға және зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін. Кейбір жағдайларда зардап шеккендерді басқа азаматтарды мәжбүрлеп алдау немесе дене мүшелерін трансплантациялау схемаларында пайдаланады.

Қылмыскерлердің құрбаны болмау үшін келесілер ұсынылады:

- құжаттарды жібермес немесе қосымшаларды жүктемес бұрын жұмыс берушінің заңдылығын және сайттың мекен-жайын тексеру;

- жұмысқа, оқуға немесе визаға ресімдеу үшін қаражат аудармау;

- қосымшаларды тек Google Play, App Store ресми дүкендерінен орнату;

- ресми шарт жасасқанға дейін жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері мен деректерін және банк карталарын ұсынбау;

- қызметкерлерді іріктеу бойынша қызмет көрсететін делдалдың немесе агенттіктің заңдылығына көз жеткізу және агенттіктің тіркеу деректерімен шетелдік жұмыс беруші арасында жасалған шартты сұрату;

- кез келген күмән туындаған кезде полицияға хабарлау.

Сіздің туысыңыз немесе досыңыз адам саудасының құрбаны болған жоқпа тексеріңіз:

- әдеттегідей қоңырау шалған кезде бейне қоңырауға ауысуды ұсыныңыз. Егер ол бас тартып, «мүмкін емес» – деп байланысын үзсе, бұл дабыл сигналы, полицияға хабарласуды ұсынамыз;

- бейне қоңырау кезінде келесі сұрақтарды қойыңыз: «Қайда тұрғаныңды көрсет - мен сенің қаншалықты жайлы екеніңді көргім келеді»; Сенің жаныңда кім бар, оларды көруге болады ма; Сен қазір қайдасын, бұл пәтерме, жатақханама, үйме; Бүгін таңғы асқа/түскі асқа/кешкі асқа не бар; Телефонды қай жерде қуаттайсыз; Сенің қасыңда розетка барма; Терезеден қандай көрініс, көшеге шыға аласың ба; Сен бүгін демалдың ба; Сенде демалыс қашан;Жалақы алдың ба; Құжаттарыңды қайда сақтайсын?».

Адам орналасқан фонға және қоршаған ортаға (бөлме, қойма, жатақхана), қасында әңгімені бақылап тұрған бөтен адамдардың болуына, кеңес берудің дыбысына, дауыс екпініне, бет әлпетіне (қорқып тұрғандай көрінеді, камераға қараудан бас тартады) назар аударыңыз.

Егер адам қоршаған ортаны көрсетуден бас тартып, сөйлеуден қорқып, қысқа немесе бір қалыпты сөйлессе - мүмкін оны бөтен адамдар бақылап тұр, мұндай жағдайларда полицияға хабарлауды ұсынамыз.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Ловушки под видом вакансий»
 
Центр прогнозирования преступных угроз и рисков общественной безопасности Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан предупреждает об активизации преступников в сфере трудоустройства.

По данным зарубежных источников (Мир 24-https://mir24.tv/news/16649356/obman-s-trudoustrojstvom.-kak-raspoznat-moshennikov-pri-poiske-raboty, Рамблер-https://www.rambler.ru/pro/rabota/55487558-novye-shemy-obmana-rabotnikov-i-soiskateley-5-stsenariev-nazhivy/, РИА новости-https://ria.ru/20251018/moshenniki-2049030356.html, 48RU-48Thttps://48.ru/text/world/2025/10/12/76071048/, Известия-https://iz.ru/1962442/2025-09-27/rossiianku-obmanom-uvezli-iz-tailanda-v-mianmu-dlia-raboty-v-call-tcentre, Новые известия-https://newizv.ru/news/2025-10-16/poehala-za-mechtoy-okazalas-v-lovushke-kak-ne-popast-v-rabstvo-pri-poiske-raboty-438072) интернет - мошенники публикуют объявления о трудоустройстве на популярных платформах и в социальных сетях, предлагая высокие доходы при минимальных требованиях.

После отклика, соискателям направляют ссылки на поддельные сайты, анкеты для сбора персональных данных или предлагают установить «мобильное приложение для работы», содержащее вредоносное программное обеспечение, открывая доступ злоумышленникам к банковским данным, мессенджерам и контроль над устройством.

Также актуальными остаются ложные предложения о работе за границей, преимущественно в странах Юго-Восточной Азии (Тайланд, Мьянма и д.р.).

Под видом трудоустройства в сфере IT, модельного, отельного бизнеса или в call-центры, граждан вербуют для вывоза за границу, где они могут оказаться в трудовом и сексуальном рабстве, подвергаться эксплуатации и насилию. В отдельных случаях пострадавших используют в схемах принудительного обмана других граждан или трансплантации органов.

Чтобы не стать жертвой преступников рекомендуется:

- проверять легальность работодателя и адрес сайта перед отправкой документов или скачиванием приложений;

- не переводить средства за оформление на работу, обучение или визу;

- устанавливать приложения только из официальных магазинов Google Play, AppStore;

- не предоставлять копии и данные документов, удостоверяющие личность, банковские карты до заключения официального договора;

- убедиться в легальности посредника или агентства, оказывающего услуги по подбору персонала - запросить регистрационные данные агентства, договор с иностранным работодателем;

- при малейших сомнениях сообщать в полицию.

Проверьте не стал ли Ваш родственник или друг жертвой торговцев людьми:

- при обычном звонке, предложите перейти на видеосвязь. Если отказывается, прерывает связь, говорит, что «не может» - это тревожный сигнал, рекомендуем обратиться в полицию;

- при видеозвонке задайте следующие вопросы: «Покажи, где ты живёшь - хочу посмотреть, как у тебя там уютно; А кто рядом с тобой, Можно их увидеть; Ты сейчас где, это квартира, общежитие, дом;Что у вас сегодня на завтрак/обед/ужин; А где ты заряжаешь телефон; У тебя есть розетка рядом; Ты можешь выйти на улицу, какой вид из окна; Ты сегодня отдыхал(а), Когда у тебя выходной; Ты зарплату уже получил(а); Где хранишь документы?».

Обратите внимание на фон и окружение, где находится человек (комната, склад, общежитие), наличие посторонних людей рядом, контролирующих разговор, звучание подсказок, тон голоса, выражение лица (выглядит испуганным, избегает смотреть в камеру).    

Если человек отказывается показывать окружение, боится говорить, говорит коротко или монотонно, взгляд напряжённый - возможно его контролируют, рекомендуем сообщить в полицию.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МАҚСАТЫНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Сайрам ауданының прокуратурасы жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамда заңға деген құрметті қалыптастыру мақсатында «Заң мен тәртіп қағидатының қоғамда жүзеге асырылуы, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру» тақырыбында іс-шара өткізді.

Кездесуге танымал тележургізуші-журналист Ләйлә Сұлтанқызы, журналист-блогер Руслан Өтепбай, актер Орынхан Мансар, прокуратура, әкімдік және басқа да құқық қорғау органдардың өкілдері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға құрметпен қарауды насихаттау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту болып табылады.

Кездесу барысында  қатысушылар қойылған өзекті сұрақтарға жауап беріп, қоғамдағы заң мен тәртіптің маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде осындай кездесулер қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жастардың құқықтық көзқарасын дамытуға және олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға өз үлесін қосады.

#ЗАҢменТӘРТІП

Түркістан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-turkestan/press/news/details/1097354?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В ЦЕЛЯХ ФОРМИРОВАНИЯ ПРАВОВОЙ КУЛЬТУРЫ МОЛОДЕЖИ ПРОШЛА ВСТРЕЧА В РАМКАХ ПРИНЦИПА «ЗАКОН И ПОРЯДОК»

Прокуратурой Сайрамского района было проведено мероприятие на тему «Реализация принципа закона и порядка в обществе, повышение правовой грамотности молодежи» с целью повышения правовой грамотности молодежи и формирования уважительного отношения к закону в обществе.

Встрече приняли участие известная телеведущая-журналист Ляйла Султанкызы, журналист-блогер Руслан Отепбай, актёр Орынхан Мансар, представители прокуратуры, акимата и других правоохранительных органов.

Основная цель мероприятия — формирование правовой культуры среди молодежи, пропаганда уважения к закону и укрепление антикоррупционной культуры.

В ходе встречи участники ответили на актуальные вопросы, подчеркнув важность закона и порядка в обществе.

Подобные встречи способствуют обеспечению верховенства закона в обществе, развитию правового сознания молодежи и формированию у них активной гражданской позиции.
 
#ЗАКОНиПОРЯДОК

Ссылка на сайт прокуратуры Туркестанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-turkestan/press/news/details/1097354?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Шығыс Қазақстан облысында «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өзекті мәселелерді шешуге жәрдемдесуге және тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған кең ауқымды «Халық заңгері» атты әлеуметтік акция өтті.

Акция облыстың барлық өңірлерін қамтыды. Қала тұрғындарының ыңғайлылығы үшін облыс орталығында ол екі ірі орында ұйымдастырылды.

Құқық қорғау және мемлекеттік органдармен қатар акцияға адвокаттар, нотариустар, заң кеңесшілері, сот орындаушылары, адам құқықтары және бала құқықтары жөніндегі уәкілдер қатысты. Сондай-ақ еріктілер мен жастар белсенділік танытты.

Жүгінген тұрғындарға барлық қызықтырған мәселелері бойынша білікті заң көмегі көрсетіліп, қолданыстағы заңнама аясында өз құқықтарын іске асыру тәсілдері жөнінде жан-жақты түсініктемелер берілді.

Қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Instagram желісіндегі @shko_prokuratura парақшасында акция тікелей эфирде көрсетілді, онда азаматтар өз сұрақтарын қойып, сарапшылардан онлайн режимінде жауап алды.

Негізгі сұрақтар еңбек және жер заңнамасына, мұрагерлікті рәсімдеу мен беру тәртібіне, сот актілерін орындауға, кәсіпкерлік қызметті ашу мен салықтық міндеттемелерге және өзге де мәселелерге қатысты болды.

Бұдан бөлек, интернет-алаяқтықтың алдын алуға, әсіресе егде жастағы азаматтар арасында, ерекше көңіл бөлінді. Қатысушыларға ең жиі кездесетін алаяқтық схемалары мен айла-тәсілдері көрсетілген жадынамалар таратылды.

Өткізілген акция мен тегін кешенді құқықтық көмектің қолжетімділігі облыс тұрғындары тарапынан оң ықыласқа ие болды.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В Восточно-Казахстанской области в рамках продвижения идеологии «Закон и Порядок» прошла широкомасштабная социальная акция «Халық заңгері» - «Народный юрист», направленная на повышение правовой грамотности населения, содействие в решении актуальных вопросов, оказание бесплатной юридической помощи.

Акцией охвачены все регионы области. Для удобства горожан в областном центре она прошла в двух крупных точках.

Наряду с правоохранительными и государственными органами, в акции участвовали адвокаты, нотариусы, юридические консультанты, судебные исполнители,  уполномоченные по правам человека и правам ребенка. Активно откликнулись на акцию волонтеры и студенческая молодежь.

Обратившимся жителям оказана квалифицированная правовая помощь по всем интересующим вопросам, даны подробные разъяснения о способах реализации их прав в рамках действующего законодательства.  

В целях доступности на платформе сети Instagram @shko_prokuratura организована трансляция акции в прямом эфире, где граждане обращались и получали от экспертов ответы в онлайн режиме.

Основные вопросы касались трудового и земельного законодательства, оформления и передачи наследства, исполнения судебных актов, открытия предпринимательской деятельности и налоговых обременений, а также другие вопросы.

Отдельное внимание уделено предупреждению интернет-мошенничеств, особенно среди пожилых людей. Участникам вручены памятки о наиболее распространенных мошеннических схемах и уловках.

Проведенная акция  и доступность бесплатной комплексной правовой помощи вызвали положительный отклик у населения области.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
31 қазанда Ұлытау облысында «Халықтық заңгер» республикалық акциясы өтті.

Бұл бастаманың мақсаты – заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік әрі заңгерлік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Акция аясында әрбір азамат тегін құқықтық кеңес алып, маңызды мәселелер бойынша түсініктеме және құқықтарын қорғау жөнінде нақты көмек ала алады.

Шараға прокуратура органдары, қаржы мониторингі агенттігі, әділет, және полиция қызметкерлері, әлеуметтік қорғау, білім және денсаулық сақтау саласының өкілдері, сондай-ақ тәжірибелі заңгерлер мен адвокаттар қатысуда.

Біздің басты міндетіміз – әрбір тұрғынға көмек көрсету, оның сұрағына жауап беру және заңды құқықтарын қорғауға қолдау көрсету.

Бүгінгі акцияда келесі мәселелерге ерекше назар аударылады:

- әлеуметтік қолдау және әлеуметтік төлемдер;

- отбасы мен балалардың құқықтарын қорғау;

- кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау;

- еңбек және жер қатынастары;

- алаяқтықтың алдын алу және азаматтарды қорғау;

- тұрғын үй-коммуналдық мәселелер;

Келіп түскен әрбір өтініш жеке қаралып, тиісті органдарға жолданып, прокурорлық бақылауға алынады.

Біздің мақсатымыз – азаматтардың нақты мәселелерін шешу ғана емес, сондай-ақ жүйелі проблемаларды анықтап, оларды жою бойынша шаралар қабылдау.

Ұлытау облысының прокуратурасы халықпен ашық диалогты жалғастыра береді.

Біз заң үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға бағытталған жұмысымызды табанды түрде жүргіземіз.

Акцияға белсенді қатысқан барлық тұрғындарға алғыс айтамыз.
 
 🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
31 октября в области Ұлытау прошла акция «Народный юрист» – республиканская инициатива, направленная на укрепление законности, повышение правовой грамотности населения и обеспечение доступности государственных и юридических услуг.

Главная цель данного мероприятия – создать удобный и открытый формат, в котором каждый гражданин сможет получить бесплатную юридическую консультацию, разъяснения по важным жизненным вопросам, а также помощь в решении проблем, связанных с защитой своих прав.

К акции присоединились представители прокуратуры, агентства финансового мониторинга, юстиции, полиции, государственных органов социальной защиты, образования, здравоохранения, юристы и адвокаты.

Мы стремимся, чтобы каждый житель региона — от молодежи до пенсионеров, от предпринимателей до многодетных семей — мог получить квалифицированное разъяснение и поддержку.

Особое внимание уделяется вопросам:

- социальной поддержки;

- защиты прав детей и семей; 

- защиты прав предпринимателей;

- трудовым и земельным отношениям;

- противодействию мошенничеству;

- вопросам в сфере ЖКХ и бытового обслуживания;

Такой формат позволяет не только решать конкретные вопросы граждан, но и выявлять системные проблемы, требующие реагирования надзорных органов и органов исполнительной власти.

По итогам акции все обращения будут тщательно изучены, взяты на контроль и, при необходимости, направлены для принятия мер в компетентные органы.

Прокуратура области продолжит практику прямого диалога с населением в целях обеспечения верховенства закона, защиты прав граждан и поддержания стабильности в обществе.

Благодарим всех участников и жителей, принявших участие в акции.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
31 қазан 2025 жылы Жетісуда «Халық заңгері»
республикалық әлеуметтік акциясы өткізілді.

Аталған іс-шара облыс орталығы – Талдықорған қаласымен қатар барлық аудандар мен шалғай ауылдарды да қамтыды.

Акцияның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарды білікті заң көмегімен қамтамасыз ету, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау болып табылады.

Іс-шараға облыс прокуроры Бауыржан Альбертұлы Жұмақанов, барлық құқық қорғау, жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың бірінші басшылары, адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, сондай-ақ жетекші заңгерлер қатысты.

Тұрғындарға салық, несие, жер, тұрғын үй, еңбек заңнамасы туралы сұрақтары бойынша тегін құқықтық көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, шара барысында азаматтарға алаяқтықтың алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақпаратық буклеттер таратылды.
 
🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM