Қазақстан Бас прокуратурасы
17K subscribers
2.4K photos
2.18K videos
40 files
8.86K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Халық заңгері акциясы
Алматы облысы Райымбек ауданының прокуратурасы
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Құрметті қарттар, олардың балалары мен немерелері!

Алаяқтар Сіздің ақшаңызды алып қою немесе Сіздің атыңызға несие рәсімдеу үшін Сізге телефон соғып, өздерін банк, полиция, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, әкімдік, тауар жеткізу немесе пошта қызметкерлеріміз деп таныстырады.

Сіз қарапайым ережелерді білуіңіз керек.

1.  Бейтаныс адамдармен сөйлеспеңіз.

2. Егер қоңырау соққан адам Сізге «танысыңызбын» немесе өзін «танысыңыздың досымын» деп таныстырса және шұғыл түрде ақша сұраса, не болмаса сіздің қаражатыңызбен қандай да бір операция жасауға немесе телефоныңызға жіберілген сілтеме арқылы біреуге дауыс беруге өтінсе, қоңырауды тез арада өшіруді ұмытпаңыз, содан кейін сенімді болу үшін танысыңызға қайта қоңырау шалып, ол бұл туралы шынымен сұрағанын тексеріп көріңіз.

3. E-Gov немесе Kaspi.kz қосымшасы арқылы өз атыңызға несие рәсімдеуге немесе қарыз алуға тыйым салыңыз.

Есіңізде болсын!

1. Банктің қызметкерлері телефон арқылы ешқашан Сізге жеке ақшаңыз туралы айтпайды, SMS кодтарын немесе карта деректерін сұрамайды, қорқынышты сөздермен («Сіздің атыңызға несие рәсімделді», «Сіздің шотыңыз бұзылды») видеоқоңырау шалмайды.

2. Егер Сіз ұялы телефоныңызға досыңыздан сілтеме алсаңыз, оны ашпаңыз, алаяқтар оның телефонын пайдаланып отыруы әбден мүмкін. Танысыңызға қайта қоңырау шалып, тексеріп көріңіз.

3. Телефоныңыздағы SMS кодтар мен банк қолданбасының кодтарын ешкімге бермеңіз.

4. Бейтаныс қоңыраулар болған жағдайда - банкке ресми нөмір арқылы хабарласыңыз.

5. Кез келген қоңырау туралы іс-қимыл жасамас бұрын балаларыңызбен, немерелеріңізбен, көршілеріңізбен немесе учаскелік полиция инспекторымен дереу кеңесіңіз.

Негізгі ереже! Телефон арқылы ешқашан күнбе күн шешім қабылдамаңыз. Алаяқтар үнемі қорқытады.

Асықпасаңыз — міндетті түрде ақшаңыз бен жан тыныштығыңызды сақтайсыз.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Дорогие люди преклонного возраста, их дети и внуки!

Мошенники Вам звонят на телефон, представляются сотрудниками банка, полиции, КНБ, акимата, доставки товаров и почты, чтобы завладеть вашими деньгами или оформить на Вас кредит.

Нужно знать простые правила.

1. Не разговаривать с незнакомцами.

2. Если человек представился Вашим знакомым либо другом знакомого и просит срочно деньги, либо провести какие-либо операции с вашими средствами или за кого-то проголосовать по ссылке, направленной вам на телефон, то обязательно отключите вызов, затем перезвоните знакомому для перепроверки, на самом ли деле он просил об этом.

3. Через E-Gov или Kaspi.kz запретите оформление кредитов и займов на ваше имя.

Запомните!

1. Настоящие сотрудники никогда не говорят о ваших деньгах, не спрашивают по телефону коды из SMS или данные карты, не звонят по видеовызову и с пугающими словами: «на вас оформили кредит», «ваш счёт взломан».

2. Если Вам пришла ссылка от знакомого, не проходите по ней, возможно, его телефоном пользуются мошенники. Перезвоните знакомому и уточните, что он хотел.

3. Не передавайте никому коды из SMS или приложения банка в телефоне.

4. При подозрительных звонках-перезвоните в банк по официальному номеру.

5. При таких звонках сразу посоветуйтесь с детьми, внуками, соседями или вашим участковым, прежде чем что-то делать.
 
Главное правило! Никогда не принимайте решений по телефону в тот же день.

Мошенники всегда запугивают.
Если не торопиться — вы обязательно сохраните свои деньги и спокойствие.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Халық заңгер акциясы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласы
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Халық заңгері акциясы
Жетысу облысы Панфилов ауданы
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанның барлық қалалары мен негізгі елді мекендерінде дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Халық заңгері» республикалық акциясы биыл да өз жұмысын бастады. Бүгін аталған іс-шара Түркістан облысының барлық қала және аудандарында, сондай-ақ Түркістан қаласында 5 мекенжайда өтуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, өзекті мәселелерді шешуге жәрдемдесу және азаматтарға заң көмегін ұсыну болып табылады. Әрбір тұрғын келіп, мемлекеттік органдар мен елдің заң қауымдастығының үздік өкілдерінен қажетті құқықтық кеңес ала алады.

Кеңес берушілер қатарында прокурорлар, адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары, полиция қызметкерлері, әкімдіктердің, әділет және салық органдарының және өзге де мекемелердің өкілдері бар.

Акцияның ерекшелігі — ол елдің барлық өңірінде бір мезгілде өткізіледі және форматы жағынан әлемде баламасы жоқ бірегей әлеуметтік жоба болып саналады.

#ЗАҢменТӘРТІП

Түркістан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-turkestan/press/news/details/1097050?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Во всех городах и населённых пунктах Казахстана традиционно проводится республиканская акция «Народный юрист», которая вновь стартовала в этом году.
Сегодня данное мероприятие проходит во всех городах и районах Туркестанской области, а также по пяти адресам в городе Туркестан.

Основная цель акции — повышение правовой грамотности населения, содействие в решении актуальных вопросов и оказание гражданам бесплатной юридической помощи.
Каждый житель может обратиться и получить необходимую правовую консультацию от представителей государственных органов и лучших специалистов юридического сообщества страны.

Среди консультантов — прокуроры, адвокаты, нотариусы, судебные исполнители, сотрудники полиции, представители акиматов, органов юстиции, налоговых служб и других учреждений.

Отличительной особенностью акции является то, что она проводится одновременно во всех регионах страны являясь уникальным социальным проектом.

#ЗАКОНиПОРЯДОК

Ссылка на сайт прокуратуры Туркестанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-turkestan/press/news/details/1097050?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Халық заңгері акциясы
Қарағанды облысы Қарағанды қаласы
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Халық заңгері акциясы
Атырау облысы Жылыой ауданы
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Маңғыстау облысында «Халық заңгері» атты кең ауқымды республикалық акция өткізілуде

«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында Маңғыстау облысында «Халық заңгері» атты кең ауқымды акция өткізіліп,
азаматтарға өздерін толғандыратын барлық құқықтық мәселелері бойынша тегін заң көмегі көрсетілуде.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және барлық санаттағы азаматтарға білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Іс-шара облыстың екі қаласы мен бес ауданында өткізілуде және тұрғындардың кең аудиториясы қамтылуда.

Акцияның ресми ашылу рәсіміне облыс прокуроры Серікқали Күшәлиев қатысып, қоғам үшін мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтті.

Акцияға прокурорлар, құқық қорғау және әділет органдарының қызметкерлері, нотариустар, сот орындаушылар, адвокаттар мен медиаторлар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының қалалары мен аудандарында азаматтар қабылданып, олардың әрқайсысына қылмыстық, азаматтық, тұрғын үй, жер, отбасылық, еңбек және өзге де құқық салалары бойынша білікті заң көмегі көрсетілуде.

Общереспубликанская акция «Народный юрист» проходит в Мангистауской области

Во исполнение принципа «Закон и порядок» в Мангистауской области проходит масштабная акция «Народный юрист», в рамках которой гражданам оказывается бесплатная юридическая помощь по всем интересующим вопросам.

Цель акции — повышение правовой грамотности населения и обеспечение доступности квалифицированной юридической помощи для всех категорий граждан.

Мероприятие проходит в двух городах и пяти районах региона, собрав широкую аудиторию жителей.

Официальное открытие акции состоялось с участием прокурора области Сериккали Кушалиева.

В акции приняли участие, прокуроры, сотрудники правоохранительных органов, юстиции, нотариусы, судебные исполнители, адвокаты и медиаторы, а также руководители государственных органов.

В настоящее время в городах и районах Мангистауской области принимаются граждане и каждому из которых оказывается квалифицированная правовая помощь по вопросам уголовного, гражданского, жилищного, земельного, семейного, трудового и других отраслей права.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Елордада «Халық заңгері»республикалық әлеуметтік акциясы өтті

Қоғамда «Заң мен Тәртіп»идеологиясын насихаттау аясында 31 қазанда Оқушылар сарайында «Халық Заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті.

Акцияның мақсаты – азаматтарға тегін заңгерлік кеңес беру, өзекті мәселелерді шешуде жедел көмек көрсету, сондай-ақ жүйелі проблемаларды анықтау.

100-ге жуық адам халыққа түсініктеме берді. Олардың ішінде – белгілі адвокаттар, заңгерлер, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полиция қызметкерлері, әкімдіктердің, әділет органдарының, салық органдарының, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімінің қызметкерлері және т.б.

Негізінен азаматтардың сұрақтары қылмыстық істер бойынша қабылданған процестік шешімдермен келіспеушілік, сот шешімін орындамау, жер, тұрғын үй, еңбек заңнамасының талаптарын сақтамау, қорғаншылық мәселелері және т.б.

Акцияны өткізу кезінде қала прокуратурасының қызметкерлері түсіндірме ақпараты бар буклеттер мен парақшалар таратты.
LED экрандарда алаяқтықтың, дропперлерге қатысты және т.б. алдын алу шаралары бойынша бейнероликтер көрсетілді.

Акция нәтижесінде елорданың, сондай-ақ Қазақстанның кейбір қалаларының 800-ге жуық тұрғындары мен қонақтары өз мәселелері бойынша кеңестер мен құқықтық көмек алды, олардың бірқатары шешімін тапты, қалғандары бойынша шешім қабылдау жөнінде нақты нұсқаулар берілді


В столице состоялась республиканская социальная акция «Народный юрист»

В рамках продвижения в обществе идеологии «Закон и Порядок» 31 октября во Дворце школьников была проведена общереспубликанская акция «Халық заңгері» «Народный юрист».

Цель акции – предоставление гражданам бесплатных юридических консультаций, оперативная помощь в решении актуальных вопросов, а также выявление системных проблем.

Порядка 100 лиц предоставили разъяснение населению. Среди них – известные адвокаты, юристы, нотариусы, прокуроры, следователи, судебные исполнители, полицейские, сотрудники акиматов, юстиции, налоговых органов, управления регистрации недвижимости и др.

В основном вопросы граждан касались различных тем, таких как несогласие с принятыми процессуальными решениями по уголовным делам, неисполнение решения суда, несоблюдение требований земельного, жилищного, трудового законодательства, по вопросам опеки и др.

При проведении акции сотрудниками прокуратуры города распространены буклеты и памятки с разъяснительной информацией.

На LED-экранах демострировались видеоролики по профилактике мошенничества, дропперства и др.

В результате акции около 800 жителей и гостей столицы, а также некоторых городов Казахстана получили консультации и правовую помощь по интересующим вопросам, ряд которых разрешен на месте, по оставшимся даны конкретные указания для принятия решения
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда «Халық заңгері» атты кең ауқымды акция өтті

Бүгін, 31 қазан күні, Алматы қаласында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңгерлік көмек көрсетуге бағытталған «Халық заңгері» атты қоғамдық акция өтті.

Іс-шара «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылып, әділдікке ұмтылу, заңдылықты нығайту және жауапты азаматтық қоғамды қалыптастыру мақсаттарын көздейді.

Акцияға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Акция барысында Алматы қаласының 2 500-ден астам тұрғыны өзекті құқықтық мәселелер бойынша кеңес алды.

Қатысушылар мұндай бастамалардың азаматтардың құқықтық мәдениетін нығайтуға, қоғам мен мемлекет арасындағы ашық диалогты дамытуға және құқық қорғау институттарына деген сенімді арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

«Халық заңгері» акциясы түрлі салалардың өкілдерін біріктіретін, халыққа кәсіби заңгерлік көмек көрсетудің дәстүрлі алаңына айналды.

«Заң мен Тәртіп» қағидаты қоғамдағы тұрақтылық пен сенімнің негізі болып, әділдік пен жауапкершілік сияқты берік құндылықтарды қалыптастырады.


В Алматы прошла масштабная акция «Народный юрист»

Сегодня, 31 октября, в Алматы состоялась общественная акция «Народный юрист», направленная на повышение правовой грамотности и оказание юридической помощи населению.

Мероприятие прошло в рамках принципа «Закон и Порядок», который отражает стремление к справедливости, укреплению законности и формированию ответственного гражданского общества.

В акции приняли участие руководители правоохранительных и государственных органов, юристы, адвокаты, нотариусы, представители общественных организаций.

За день проведения акции более 2 500 жителей Алматы получили консультации по актуальным правовым вопросам.

Участники отметили, что подобные инициативы способствуют укреплению правовой культуры граждан, развитию открытого диалога между обществом и государством, а также повышению доверия к институтам защиты прав.

Акция «Народный юрист» стала традиционной площадкой для оказания профессиональной юридической помощи населению, объединяющей усилия представителей различных сфер во имя закона и порядка.

Принцип «Закон и Порядок» служит основой стабильности и общественного доверия, формируя прочные ценности справедливости и ответственности.
Өткен аптаның маңызды және өзекті жаңалықтарын естеріңізге саламыз.

📌 Сейсенбі

🔹 Еңбек құқықтарын қорғау: Астана прокуратурасы жалақы төлемдерін бақылауда ұстап отыр. Қадағалау шараларының нәтижесінде қызметкерлерге 1,1 млрд теңге өндіріліп, 1 мыңнан астам азаматтың құқықтары қалпына келтірілді. Қандай шаралар қабылданғаны және олардың нәтижесі туралы — осы жерден біліңіз!

🔹 Жайылымдарды халыққа қайтару: Павлодар облысының Аққулы ауданында прокуратура 3 мың гектардан астам, құны 2,7 млрд теңге болатын жерді ауыл тұрғындарына қайтаруға көмектесті. 70 мың гектардан астам заңсыз немесе тиімсіз пайдаланылған жер анықталды. Толығырақ сілтемеде!

🔹 Түрме ішінен ұйымдастырылған контрабанда: Алматыда арнайы прокурорлар АҚШ-тан марихуана жеткізу арнасын әшкереледі. Қылмыстық схеманың қалай жұмыс істегені және істің немен аяқталатыны — осы жерден оқыңыз.

📌 Сәрсенбі

🔹 «Заң мен Тәртіп» іс жүзінде: Ұлытау облысында 6 мыңнан астам студент есірткі қылмысы ісі бойынша онлайн-сот отырысына қатысты. Ашық соттардың жастарға құқық бұзушылықтың алдын алуда қалай ықпал ететіні — осы жерден қараңыз.

🔹 Жастарға арналған үлгілі сот: Ақмола облысында прокуратура мен сот «Заң мен Тәртіп» аясында ашық сот процесін ұйымдастырды. Оқушылар мен студенттер денсаулыққа қасақана зиян келтіру ісін қарады. Толығырақ — сілтемеде!

🔹 Құқық бұзушылықтың алдын алатын спорт: Қарағанды облысында прокуратура танымал спортшылармен бірге жастарға мотивация, тәртіп және салауатты өмір салты туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Толығырақ сілтеме арқылы біліңіз!

📌 Бейсенбі

🔹 Отандас тасымалдаушыларды қолдау: Шымкент көлік прокуратурасының бастамасымен рұқсат құжаттарында мемлекеттік нөмірлерді заңсыз қайталау тоқтатылды. Бизнесті қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар жайлы — мына жерден біліңіз!

🔹 Алаяқтыққа қарсы аймақ: Ақтөбеде прокуратура азаматтарды қаржы алаяқтарынан қорғау мақсатында кең ауқымды жоба жүргізуде. Қандай нәтижелер бар? Толығырақ — осы жерден қараңыз.

🔹 Тегін құқықтық кеңес: республика бойынша «Халықтық заңгер» акциясы өткізілді. Қатысушылар мамандарға өз сауалдарын қойып, құқықтық көмек алды — іс-шара қалай өткенін және талқыланған тақырыптарды сілтеме арқылы көре аласыз!

📌 Жұма

🔹 ОПГ мүшесін экстрадициялау: Ресейден Қазақстанға заңсыз тіркелген 481 жүк көлігі ісі бойынша күдікті қайтарылды. Оны қалай ұстағаны және қандай жаза күтіп тұрғаны — сілтемеден оқыңыз!

🔹 Жердің мемлекетке қайтарылуы: Қостанай облысында прокуратура заңсыз берілген, құны 1,2 млрд теңге болатын 57 гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды. Толық ақпаратты — осы жерден көріңіз.

🔹 Бизнесті қорғау: СҚО-да прокурорлар кәсіпкерлердің заңды қызметіне кедергі жасаған лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Прокуратура бизнеске қалай қолдау көрсетіп жатыр — толығырақ осында!

Осы және басқа да жаңалықтарды Бас прокуратураның телеграм арнасынан оқып бізді әлеуметтік желілерден қараңыз:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Напоминаем о главных и актуальных новостях прошедшей недели.

📌Вторник

🔹 Защита трудовых прав: прокуратура Астаны держит на контроле выплаты зарплат. Благодаря надзору уже взыскано 1,1 млрд тенге в пользу сотрудников — восстановлены права более 1 тыс. работников. Какие меры принимаются и как это помогает людям — рассказываем тут!

🔹 Возврат пастбищ жителям: в Аккулы Павлодарской области прокуратура помогла сельчанам вернуть свыше 3 тыс. гектаров земель стоимостью 2,7 млрд тенге. Выявлено более 70 тыс. гектаров, использованных незаконно или не по назначению. Подробнее по ссылке!

🔹 Контрабанда из-за решётки: в Алматы спецпрокуроры пресекли канал поставки марихуаны из США, организованный осуждённым прямо из колонии. Как работала схема и чем закончится дело - подробности здесь.

📌Среда

🔹 «Закон и Порядок» в действии: в области Ұлытау более 6 тысяч студентов подключились к онлайн-трансляции открытого суда по делу о наркопреступлениях. Как открытые процессы помогают предупредить правонарушения среди молодёжи - читайте здесь.

🔹 Показательный суд для молодёжи: в Акмолинской области прокуратура и суд провели открытый процесс в рамках «Закон и Порядок». Учащиеся школ и колледжей увидели разбор дела об умышленном причинении вреда здоровью. Подробности смотрите здесь!

🔹 Спорт вместо правонарушений: в Карагандинской области прокуратура вместе с известными спортсменами проводит встречи с молодёжью, рассказывая о дисциплине, мотивации и здоровом образе жизни. Как спорт помогает формировать ответственное поколение. Все подробности смотрите по ссылке!

📌Четверг

🔹 Поддержка казахстанских перевозчиков: благодаря позиции транспортной прокуратуры Шымкента прекращено незаконное дублирование госномеров в разрешениях на перевозки. Какие меры продолжают приниматься для защиты бизнеса - смотрите здесь!

🔹 Территория без мошенничества: в Актобе прокуратура реализует масштабный проект по защите граждан от фрод-схем. Как регион борется с аферистами и помогает пострадавшим? Подробнее смотрите здесь.

🔹 Бесплатная юридическая помощь: по всей стране прошла акция «Народный юрист». Граждане смогли задать свои вопросы и получить консультации от юристов и представителей госорганов — как проходили приемы и какие темы поднимали - смотрите по ссылке!

📌Пятница

🔹 Экстрадиция участника ОПГ: из РФ в Казахстан доставлен фигурант дела о незаконной регистрации 481 грузового авто в Жетісу на сумму ущерба 3,7 млрд тенге. Как его нашли и что ему грозит? Подробности читайте по ссылке!

🔹 Возврат земли государству: в Костанайской области прокуратура через суд вернула в гос­собственность почти 57 гектаров земли стоимостью 1,2 млрд тенге, переданных компании без аукциона и с нарушением норм. Все подробности смотрите здесь.

🔹 Защита бизнеса: в СКО прокуроры привлекли должностных лиц к ответственности за вмешательство в деятельность предпринимателей. Как прокуратура защищает предпринимателей от давления — подробности тут!

Эти и другие новости читайте в нашем телеграм канале Генеральной прокуратуры и смотрите нас в социальных сетях:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қарағандыда республикалық «Халық заңгері» акциясы өтті

Қарағандыда «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында республикалық «Халық заңгері» акциясы өткізілді.

Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетіліп, бірқатар мәселелер сол жерде шешілді, қалғандары бақылауға алынды.

Облыс прокуроры Бауыржан Мырзакеров акцияның мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету екенін атап өтті.


В Караганде прошла республиканская акция «Народный юрист»

В Караганде прошла республиканская акция «Народный юрист» в рамках идеологии «Закон и Порядок».

Граждане получили бесплатные юридические консультации, часть вопросов решена на месте, остальные взяты на контроль.

По словам прокурора области Бауыржана Мырзакерова, акция направлена на повышение правовой культуры населения и открытость государственных органов.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті

31 қазан күні Ақмола облысының барлық қалалары мен аудандарда «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы өтті.  

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, тегін заң көмегін көрсету, азаматтардың проблемалық мəселелерін жедел жəне білікті түрде шешу, сондай-ақ «Заң мен тəртіп» идеологемасын ілгерілету.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, ҚР Әділет министрлігі, мемлекеттік билік органдары, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, сондай-ақ Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

Азаматтар өңіріміздің заң қоғамдастығындағы үздік өкілдерден тегін қажетті консультация алды. Олардың арасында белгілі облыс прокуроры, мемлекеттік органдардың басшылары, адвокаттар, нотариустар, тергеушілер, сот орындаушылары және басқалары бар.

«Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде.

Іс-шара облыс тұрғындары арасында оң жауап алды. Мұндай шаралар қауіпсіз және жауапты қоғамның дамуына үлес қосқысы келетін бей-жай қарамайтын азаматтарды біріктіреді.
 
Мұндай іс-шараларды өткізу азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға және қоғамда заңға бағынатын мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.


В Акмолинской области прошла общереспубликанская акция «Народный юрист»

31 октября во всех городах и районах Акмолинской области прошла общереспубликанская акция «Народный юрист».

Цель акции – повышение правовой грамотности населения, оказание бесплатной юридической помощи, оперативного и квалифицированного решения проблемных вопросов граждан, а также продвижения идеологемы «Закон и Порядок».

Организаторами мероприятия выступили: Генеральная прокуратура РК, Министерство юстиции РК, органы государственной власти, сетевое издание Zakon.kz, информационная система "Параграф", Республиканская коллегия адвокатов, лучшие юристы и адвокаты Казахстана.

Граждане бесплатно получили необходимую консультацию у лучших представителей юридической общественности области. Среди них – прокурор области, руководители госорганов, адвокаты, нотариусы, следователи, судебные исполнители и др. 

За годы своего существования акция «Народный юрист» стала уже традиционной и поддерживается многими казахстанцами.

Мероприятие получило положительный отклик среди жителей области. Такие меры объединяют неравнодушных граждан, стремящихся внесению вклада в развитие безопасного и ответственного общества.
 
Проведение подобных мероприятий способствует повышению доверия граждан к правоохранительным органам и формированию в обществе культуры законопослушного поведения.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Денсаулықты вейптің орнынатаңда
 
«Заң мен Тәртіп» концепциясын іске асыру аясында Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Полиция департаментінің қызметкерлерімен және жастар қоғамдық ұйымдарымен бірлесіп, 2025 жылғы 30 қазанда «Вейпті тапсыр – денсаулықты таңда» атты кең ауқымды акция ұйымдастырды.
 
Акция алаңы ретінде Петропавл қаласының сауда-ойын-сауық орталықтары, сондай-ақ облыстың әр ауданындағы ірі дүкендер мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары таңдалды.
 
Акцияның мақсаты – электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің) айналымы саласындағы әрекеттердің құқыққа қарсы екенін құқықтық тұрғыдан түсіндіру, халықтың сауаттылығын арттыру, сондай-ақ азаматтарға қолдарындағы «вейптерді» және олардың жиынтықтауыштарын өз еркімен және салдарсыз тапсыруға мүмкіндік беру.
 
Акция аясында Петропавл қаласында және облыстың барлық аудандарында электрондық «вейптерді» ерікті түрде тапсырудың 16 пункті ұйымдастырылды.
 
Ерікті түрде 109 электрондық тұтыну жүйесі мен олардың жиынтықтауыштары тапсырылды. Әрбір қатысушыға ынталандыру сыйлықтары табысталды.
 
Өткізілген акция құқық бұзушылықтардың алдын алуда ғана емес, сонымен қатар қоғамның адамгершілік негіздерін нығайтуда, халықта жауапкершілікті қалыптастыруда және жалпы денсаулықты сақтауда маңызды рөл атқарады.
 
Облыс прокуратурасы шегілмейтін темекі өнімдерін, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сату және тарату немесе оларды сату немесе тарату мақсатында айтарлықтай мөлшерде сақтау, жөнелту, тасымалдау Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-1-бабы бойынша бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын түсіндіреді.
 
Солтүстік Қазақстан облысыпрокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1097313?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM