Қазақстан Бас прокуратурасы
16.6K subscribers
2.2K photos
1.89K videos
40 files
8.12K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысының ізгілік қағидаты негізінде Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына орай рақымшылық жасау туралы Заңы қолданысқа енгізілді.

Аталған заң – еліміздің қылмыстық және қылмыстық-атқару саясатын ізгілендіруге бағытталған маңызды қадам.

Ол азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға айрықша мән беріп, әділеттілік пен адамгершілік қағидаттарын басшылыққа алады.

Осыған сәйкес, Шымкент қаласы бойынша ҚАЖД түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 655 сотталғанға рақымшылық жасау туралы Заң қолданылуға жатады.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотымен 185 сотталғанға қатысты ұсыныстар қаралып, олардың ішінде 88 адам жазадан толық босатылып, 97 адамның жаза мерзімі қысқартылды.

Рақымшылық — тек заңдық шешім ғана емес, сонымен қатар қоғамның ізгілікке, кешірім мен сенімге негізделген бағытының айқын көрінісі.
 
Шымкент қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:


https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/1080188?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
На основе принципа гуманизма в честь 30-летия Конституции Республики Казахстан введён в действие Закон об амнистии.

Указанный закон является важным шагом, направленным на гуманизацию уголовной и уголовно-исполнительной политики нашей страны.

Он придаёт особое значение защите прав и законных интересов граждан, опираясь на принципы справедливости и человечности.

В соответствии с этим Законом амнистия будет применена к 655 осуждённым, отбывающим наказание в учреждениях уголовно-исполнительной системы по городу Шымкент.

Межрайонным судом по уголовным делам города Шымкента были рассмотрены предложения в отношении 185 осуждённых, из которых 88 человек полностью освобождены от наказания, а 97 осуждённым срок наказания сокращён.

Амнистия — не только правовое решение, но и наглядное отражение направления общества, основанного на гуманизме, прощении и доверии.
 
Ссылка на сайт прокуратуры города Шымкент:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/1080188?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Елордада «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында 1 мыңнан астам тұрғын кеңес алды

«Заң мен Тәртіп» қағидасын іске асыру аясында Астана қаласының прокуратурасы қыркүйек айында қаланың әртүрлі аудандарында орналасқан ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында ("Mega Silk Way","Хан Шатыр","Damu Mall","Koktal" "Аружан","Орталық Базар") «Құқықтық дәріхана» - «ашық диалог» форматында азаматтарды қабылдау» акциясын өткізді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты - азаматтарға тегін құқықтық кеңес беру, өзекті мәселелерді шешуде жедел көмек көрсету, сондай-ақ жүйелі мәселелерді анықтау.

Іс-шара барысында қала прокуратурасының қызметкерлері азаматтардың құқықтарын түсіндіріп, тұрғын үй, еңбек және қылмыстық құқық саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша кеңес берді. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды талап ететін шағымдар талданып, оларды одан әрі қарау тәртібі бойынша түсініктемелер берілді.

Құқықтық көмекке жүгінген көптеген азаматтардың мәселелері қылмыстық істер бойынша қабылданған процестік шешімдермен келіспеу, сот шешімін орындамау, жер, тұрғын үй, еңбек заңнамасының талаптарын сақтамау, қорғаншылық мәселелері, рақымшылық жасау және т.б. сияқты әртүрлі тақырыптарға қатысты болды.

Қала прокуратурасының қызметкерлерімен әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша 1 мыңннан астам азаматтар қабылданды.

Бұл іс-шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, «кері байланыс» орнату арқылы азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін қалыптастыруға ықпал етіп, халықпен тиімді өзара іс-қимылды жолға қою жөніндегі жұмыстың бір бөлігіне айналды.

Астана қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1079965?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Более 1 тыс. жителей получили консультации в столице в рамках акции «Правовая аптека»

В рамках реализации нарратива «Закон и Порядок» прокуратурой города Астаны с начала сентября проведена акция «Правовая аптека» - прием граждан в формате «открытого диалога» в крупных торгово-развлекательных центрах, расположенных в различных районах города («Mega Silk Way», «Хан Шатыр», «Damu Mall», «Koktal», «Аружан», «Central Market»).

Основная цель акции – предоставление гражданам бесплатных юридических консультаций, оперативная помощь в решении актуальных вопросов, а также выявление системных проблем.

В ходе мероприятия сотрудниками прокуратуры города разъяснены права граждан, оказана консультация по вопросам соблюдения законодательства в сфере жилищного, трудового и уголовного права.

Проанализированы жалобы, требующие межведомственного взаимодействия, и даны разъяснения по порядку их дальнейшего рассмотрения.

В основном вопросы граждан касались различных тем, как несогласие с принятыми процессуальными решениями по уголовным делам, неисполнение решения суда, несоблюдение требований земельного, жилищного, трудового законодательства, по вопросам опеки, применение амнистии и другие.

Сотрудниками прокуратуры города принято свыше 1 тыс. граждан по различным правовым вопросам.

Данное мероприятие стало частью работы по налаживанию эффективного взаимодействия с населением, способствовала повышению правовой грамотности населения, формированию доверия граждан к правоохранительным органам, посредством установления «обратной связи».

Ссылка на сайт рокуратуры города Астана:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1079965?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Өткен аптаның маңызды және өзекті жаңалықтарын естеріңізге саламыз.

📌 Дүйсенбі

🔹ЖСН беру кезіндегі заңбұзушылықтар: Солтүстік Қазақстан облысында шетелдіктер елге келмей-ақ 720 жеке сәйкестендіру нөмірін алған. Бұл қылмыс үшін кім жауап береді? Барлық мәліметтер осында!

🔹Парақорлық және алаяқтық: Ұлытау облысында ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы жүйелі пара алғаны және қаражатты иемденгені үшін сотталды, шамамен 10 млн теңге айыппұл тағайындалды. Толығырақ сілтемеде.

🔹 Бас прокурор Берік Асылов прокуратура органдарында бірқатар кадрлық тағайындаулар жүргізді. Толығырақ — осында қараңыз.

📌 Сейсенбі

🔹Экологиялық бақылау: Павлодар облысының табиғат қорғау прокуратурасы қалдықтарды көму лимиттерінің асып кеткенін анықтап, «ЭкоАлем-ПВ» ЖШС-на 28,4 млрд теңге айыппұл салды. Өзге бұзушыларға қандай шара қолданылады? Толығырақ осы жерден оқыңыз!

🔹Инклюзивті білім беру: Түркістан облысының прокуратурасы мұғалімдер үйде оқыту жүргізілмесе де, емделіп жатқан балалар үшін еңбекақы алып отырғанын анықтады. Мұндай жағдай қайталанбауы үшін қандай шаралар қабылданады? Толығырақ сілтеме арқылы біліңіз.

🔹Жолаушылар құқығы: Прокуратура талабы бойынша FlyArystan duty free тауарларын тасымалдау ережесін өзгертті — 1 қазаннан бастап оларды қол жүгінде тегін алып жүруге болады. Тағы қандай өзгерістер болады? Мына жерден қараңыз!

📌 Сәрсенбі

🔹Бюджеттік бақылау: Ақмола облысының прокуратурасы 9 мемлекеттік сатып алудағы артық сметаларды анықтап, 235 млн теңге шығынның алдын алды. Сатып алу жүйесін қандай өзгерістер күтеді? Осы жерден оқыңыз!

🔹Жер бақылауы: Алматы облысының прокуратурасы заңсыз ауыстырылған 66,5 га жерді құны 1,8 млрд теңгемен мемлекет меншігіне қайтарды және тағы 239 гектардан астам жерді қайтару бойынша жұмыс жүргізуде. Қандай басқа жерлер күдік тудырады? Толығырақ осында.

🔹Экологиялық қауіпсіздік: Қарағанды облысында прокуратура 340 млн теңге тұратын орман қорындағы жерлерді қайтарып, заңсыз пайдалы қазба өндіруге қатысты қылмыстық іс қозғады. Қандай шаралар қабылданады? Бар мәліметтерді сілтемеден қараңыз!

📌 Бейсенбі

🔹Қаржының қайтарылуы: Шымкентте прокуратура Грузиядан экстрадицияға жұмсалған 1,7 млн теңгені сотталған адамның өзінен өндіріп алды. Толығырақ осында.

🔹Денсаулық сақтау саласындағы бақылау: Алматыда прокурор басшылығымен өткен үйлестіру кеңесінде медицина ұйымдарындағы бюджет қаражатын пайдалану бойынша заң бұзушылықтар анықталды. Жүйені жақсарту үшін қандай шаралар қабылданады? Мына жерден қараңыз!

🔹Пенитенциарлық жүйедегі заңдылық: Бас әскери прокуратура алқасында Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің ҚАЖ мекемелерін күзету кезіндегі тәртіп сақтау мәселелері талқыланып, бақылау мен жабдықтауды күшейту шаралары ұсынылды. Қай шешімдер алдымен енгізіледі? Толығырақ осында!

📌 Жұма

🔹Наркограффитиға қарсы күрес: ШҚО-да рейд барысында есірткі жарнамасы бар 50-ден астам жазу анықталып, 8 қылмыстық іс қозғалды. Мұндай акцияларға көбірек азаматтарды қалай тартуға болады? Барлық мәліметтер осында!

🔹Әділеттілікті ізгілендіру: Шымкентте Конституцияның 30 жылдығына арналған амнистия аясында 88 сотталған босатылып, тағы 97 адамға жаза мерзімі қысқартылды. Бұл шешімдердің артында қандай тағдырлар тұр? Толығырақ осында!

Бас прокурор Берік Асылов құқық қорғау органдары Академиясының жаңа басшылығына білім беру бағдарламаларын жасанды интеллектке баса назар аудара отырып жаңғырту, цифрлық дәуір прокурорларын даярлау, қолданбалы ғылымды дамыту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бойынша міндеттер қойды.
Толығырақ осында.

Осы және басқа да жаңалықтарды Бас прокуратураның телеграм арнасынан оқып бізді әлеуметтік желілерден қараңыз:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Напоминаем о главных и актуальных новостях прошедшей недели.

📌Понедельник

🔹Нарушения при выдаче ИИН: в Северо-Казахстанской области без фактического прибытия в страну иностранцам оформили 720 идентификационных номеров. Кто в ответе за это преступление? Все подробности смотрите тут!

🔹Взяточничество и мошенничество: в области Улытау главный специалист отдела сельского хозяйства осужден за систематическое получение взяток и присвоение средств, назначен штраф почти 10 млн тенге. Подробности читайте по ссылке.

🔹Генпрокурор Берик Асылов провёл ряд кадровых назначений в органах прокуратуры. Подробнее — смотрите здесь.

📌Вторник

🔹Экологический контроль: природоохранная прокуратура Павлодарской области выявила превышение лимитов захоронения отходов, ТОО «ЭкоАлем-ПВ» оштрафовано на 28,4 млрд тенге. Какие меры будут приняты к другим нарушителям? Читайте здесь!

🔹Инклюзивное образование: прокуратура Туркестанской области выявили, что учителям начисляли зарплату за занятия с детьми, которые фактически находились на лечении. Какие меры предпримут, чтобы это не повторилось? Подробнее по ссылке.

🔹Пассажирские права: FlyArystan по требованию прокуратуры изменила правила провоза duty free — с 1 октября товары из беспошлинных магазинов можно будет бесплатно брать в ручную кладь. Какие изменения последуют дальше? Смотрите здесь!

📌Среда

🔹Бюджетный контроль: прокуратура Акмолинской области выявила завышенные сметы в 9 госзакупках и предотвратила траты на 235 млн тенге. Какие изменения ждут систему закупок? Подробности можно узнать здесь!

🔹Земельный контроль: прокуратура Алматинской области вернула в госсобственность 66,5 га незаконно перемещённых земель стоимостью 1,8 млрд тенге и добивается возврата ещё свыше 239 га. Какие ещё участки находятся под подозрением? Подробнее читайте здесь.

🔹Экологическая безопасность: в Карагандинской области прокуратура добилась возврата земель лесного фонда на 340 млн тенге и возбудила уголовное дело по фактам незаконной добычи недр. Какие меры последуют дальше? Смотрите по ссылке!

📌Четверг

🔹Возврат средств: в Шымкенте прокуратура взыскала с осуждённого 1,7 млн тенге, потраченных на его экстрадицию из Грузии. Все подробности смотрите здесь.

🔹Контроль в здравоохранении: в Алматы на Координационном совете под руководством прокурора города выявлены нарушения в использовании бюджетных средств в медорганизациях. Какие меры примут для улучшения системы? Смотрите по ссылке!

🔹Законность в пенитенциарной системе: на коллегии Главной военной прокуратуры под председательством Дастана Секенова обсудили соблюдение порядка при охране учреждений КУИС военнослужащими Нацгвардии и предложили меры для усиления контроля и оснащения. Какие решения будут внедрены в первую очередь? Читайте здесь!

📌Пятница

🔹Борьба с наркограффити: в ВКО во время рейдов выявлено свыше 50 надписей с рекламой наркотиков, возбуждено 8 уголовных дел. Как вовлечь больше граждан в такие акции? Все подробности смотрите по ссылке!

🔹Гуманизация правосудия: в Шымкенте по амнистии, объявленной к 30-летию Конституции, 88 осуждённых освобождены, ещё 97 получили сокращение срока. Какие истории стоят за этими решениями? Читайте здесь!

Генпрокурор Берик Асылов поставил задачи перед новым руководством Академии правоохранительных органов по модернизации образовательных программ с акцентом на ИИ, подготовке прокуроров цифровой эпохи, развитию прикладной науки и расширению международного сотрудничества. Подробнее здесь.

Эти и другие новости читайте в нашем телеграм канале Генеральной прокуратуры и смотрите нас в социальных сетях:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ұлытау облысында салық және атқарушылық өндіріс салаларында заңдылықты күшейту шаралары талқыланды

Ұлытау облысы прокурорының төрағалығымен заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Кеңес барысында салық заңнамасының сақталуы бойынша Мемлекеттік кіріс тероргандарының қызметіне жүргізілген тексеру нәтижелері, сондай-ақ мемлекет пайдасына және алимент өндіру мәселелерінде сот орындаушылары қабылдаған шаралардың заңдылығы мен тиімділігі қаралды.

Ағымдағы жылы жалпы прокуратура органдары салық саласында 20 тексеру мен талдау жүргізіп, 30 тұлғаны жауапкершілікке тартты.
Нәтижесінде 200 млн теңгеденастам салық берешегі өндірілді.

Атқарушылық іс жүргізу аясында 21 қылмыстық іс (ҚК-нің 139-бабы бойынша) қозғалды, 31 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 10 жүргізушінің куәлігі уақытша тоқтатылып, 12 автокөлік айып тұрағына қойылды. 30 борышкерге іздеу жарияланып, 22-сі тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Отырыс қорытындысында уәкілетті органдарға салықтардың бюджетке уақытылы әрі толық түсуін қамтамасыз ету, мемлекет пайдасына және алимент берешегін өндіру, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.
 
Ұлытау облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-ulytau/press/news/details/1080483?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В области Ұлытау обсуждены меры по укреплению законности в налоговой и исполнительной сферах

Под председательством прокурора области Ұлытау состоялось заседание Координационного совета по обеспечению законности, правопорядка и борьбе с преступностью.

В ходе заседания были рассмотрены результаты проверок деятельности органов государственных доходов в сфере соблюдения налогового законодательства, а также законность и эффективность мер, принимаемых судебными исполнителями при взыскании в доход государства и по алиментным обязательствам.

В целом, в т.г. органами прокуратуры проведено 20 проверок и анализов в налоговой сфере, по результатам которых к ответственности привлечено 30 лиц. В бюджет взыскано свыше 200 млн тенге налоговой задолженности.

В сфере исполнительного производства возбуждено 21 уголовное дело (по ст.139 УК), к административной ответственности привлечён 31 должник, по решению суда временно приостановлено действие водительских удостоверений 10 лиц, 12 автомобилей водворены на штрафстоянку, в отношении 30 должников объявлен розыск, 22 должника трудоустроены на постояннуюработу.

По итогам заседания уполномоченным органам даны конкретные поручения по обеспечению своевременного и полного поступления налогов в бюджет, взысканию задолженности в доход государства и по алиментам, защите прав предпринимателей и противодействию теневой экономике.
 
Ссылка на сайт прокуратуры области Ұлытау:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-ulytau/press/news/details/1080483?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жігер, тәртіп және дұрыс жолды таңдау
 
Астана қаласы Алматы ауданы прокуратурасының қызметкері, грэпплингтен спорт шеберіне үміткер Айжан Исина жас ұрпаққа шеберлік дәрісін өткізіп, күрес техникасын көрсетті.

Спорт тек физикалық даму ғана емес, сонымен қатар өмірлік құндылықтарды қалыптастырудың маңызды құралы екенін прокурор атап өтті.

Өзінің үлгісінде Айжан Ержанқызы спортпен шұғылдану негізгі құндылықтарға адал болып, салауатты өмір салтын таңдауға көмектесетінін көрсетті.

Бүгінгі күні жастарға күш бұл қиратуда емес, құру мен дамуда екенін жеткізу айрықша маңызды. «Спорт тәртіпке, жауапкершілікке және құрметке үйретеді, демек ол адамды азғыруларға және қате шешімдерге қарсы тұруға баулиды», - деп атап өтті Алматы ауданы прокуратурасының өкілі.
 
Астана қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1080665?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сила воли, дисциплина и выбор правильного пути
 
Сотрудник прокуратуры района Алматы города Астаны, кандидат в мастера спорта по грэпплингу Айжан Исина дала мастер класс подрастающему поколению и продемонстрировала техники ближнего боя.

Прокурор подчеркнула, что спорт является не только физическим развитием, но и важным инструментом формирования жизненных ориентиров.

На своем примере Айжан Ержанқызы показала, что занятия спортом помогают сохранить верность фундаментальным ценностям и сделать выбор в пользу здорового образа жизни.

«Сегодня особенно важно донести до молодежи, что сила не в разрушении, а в созидании. Спорт учит дисциплине, ответственности и уважению, а значит, помогает противостоять ошибочным решениям», — подчеркнул представитель прокуратуры района Алматы.
 
Ссылка на сайт прокуратуры города Астана:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1080665?lang=ru
 
 🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы ағымдағы жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында облыс аумағында  «Құқықтық дәріхана» акциясын өткізді.

Акция барысында азаматтарға алдын ала жазылусыз түрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңес алу мүмкіндігі берілді.
Облыста халық көп жиналатын орындарда азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру жұмыстары ұйымдастырылды.

Осы кезеңде прокурорлар 350 азаматты қабылдады, олардың едәуір бөлігі құқықтық мәселелерді шешуде практикалық көмек алды.

Акция барысында 30-ға жуық азаматқа практикалық көмек көрсетілді, 40-қа жуық азаматтың  проблемалық мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді, 20 азаматтың проблемалық мәселелерін шешу бақылауға алынды.

Мәселен, акция барысында азамат К., салынған әкімшілік айыппұлдардың уақтылы төленбеуіне байланысты жеке сот орындаушысының есепшотты бұғаттау мәселесі бойынша өтініш берген.

Қабылдау барысында азамат К.-ның барлық айыппұлдарыөтелгенімен, 2 айға жуық жалақысын ала алмағаны анықталды.

Қабылданған шаралармен 15 минут ішінде шоттар тыйымсалудан  алынды.
 
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1080689?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
В рамках реализации принципа «Закон и Порядок», прокуратурой Северо-Казахстанской области проведена акция «Правовая аптека» на территории области в период с 1 по 30 сентября т.г.

В ходе проведения акции гражданам предоставлялась возможность без предварительной записи получить консультации по различным правовым вопросам.
По области была организована работа по приема граждан в местах массового скопления людей.

За указанный период прокурорами принято 350 граждан, значительная часть из которых получила практическую помощь в решении правовых проблем, из них 30 гражданам оказана практическая помощь, даны поручения государственным органам по проблемным вопросам порядка 40 граждан, на контроль взято разрешение проблемных вопросов 20 граждан.

К примеру, во время проведения акции обратился гражданин К., по вопросу блокировки счета частным судебным исполнителем ввиду несвоевременной уплаты наложенных административных штрафов.

В ходе приема установлено, что гражданин К. не мог снять заработную плату около 2 месяцев, несмотря на то, что все штрафы им были погашены.

Принятыми мерами в течение 15 минут арест со счетов был снят.

Ссылка на сайт прокуратуры Северо-Казахстанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1080689?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы үшін күдікті Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды  

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері заңсыз мұнай айналымы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадициялады.  

Күдікті коммерциялық ұйымның бас директоры бола тұра, 2022-2023 жылдары Ақтөбе облысында алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жалпы сомасы 300 млн теңгеден астам аса ірі мөлшердегі мұнайды заңсыз өткізу бойынша әрекеттер жасаған.  

Қылмыс жасағаннан кейін қаскүнем жасырынып, ол халықаралық іздеуге жарияланған.

2024 жылы іздеудегі адам Дубайда анықталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша ол жерден Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, 2024 жылы бұл қылмыстың сыбайласы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталған.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Подозреваемый за незаконный оборот нефтепродуктов экстрадирован из Объединенных Арабских Эмиратов

Сотрудниками Генеральной прокуратуры и Агентства по финансовому мониторингу из Объединенных Арабских Эмиратов экстрадирован гражданин Казахстана для привлечения к уголовной ответственности за незаконный оборот нефти.

Подозреваемый, будучи гендиректором коммерческой организации, группой лиц по предварительному сговору в 2022-2023 годах в Актюбинской области совершил действия по незаконной реализации нефти в особо крупном размере на общую сумму свыше 300 млн тенге.  

После совершения преступления фигурантскрылся, в связи с чем был объявлен в международный розыск.

В 2024 г. злоумышленник был установлен в г. Дубай, откуда по запросу Генеральной прокуратуры экстрадирован в Казахстан.

В настоящее время он водворен в следственный изолятор.

Отметим, что в 2024 году соучастник данного преступления осужден к лишению свободы.

За совершение инкриминируемого преступления предусмотрено наказание в виде лишения свободы сроком от 3 до 6 лет, с конфискацией имущества.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Павлодарда жер қойнауын пайдалану үшін лицензиялар заңсыз ресімделген

Жер қойнауын пайдалану саласындағы прокуратура жүргізген тексеріс нәтижелері алқа отырысында қаралды.

Облыс аумағында жер қойнауын өндіру рұқсат құжаттарынсыз жүзеге асырылып жатқаны анықталды.

Мысалы, Баянауыл ауданында «IBM Gold» ЖШС осы жылдың басынан бері экологиялық рұқсатсыз алтын мен күміс өндірумен айналысқан.

Жер қойнауын заңсыз пайдаланған тағы 11 кәсіпорын анықталды.

8 жағдайда пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстары келісімшарттық аумақтардан тыс жерлерде жүргізілген. Сонымен қатар, келісімшарттардың мерзімін заңсыз ұзарту фактілері де белгілі болды.

Аталған бағыттағы мемлекеттік бақылаудағы бұзушылықтар мен олқылықтар облыс прокуратурасының алқа отырысында талқыланды.

Отырысқа жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ экологиялық және салықтық бақылау органдарының басшылары қатысты.

Алқа қорытындысы бойынша бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесу сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылының алгоритмі әзірленді.

Барлық бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар, оның ішінде іс жүргізу шаралары қабылданатын болады.

Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-pavlodar/press/news/details/1081057?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Павлодаре незаконно оформляли лицензии для добычи полезных ископаемых
 
Результаты проверки прокуратуры в сфере недропользования рассмотрели на коллегии.  

Установлено, что добыча недр на территории области ведется без разрешительных документов.

Так, в Баянаульском районе ТОО «IBM Gold» с начала года осуществлял добычу золота и серебра без экологического разрешения.

Незаконным недропользованием занимались еще 11 предприятий.  

В 8-ми случаях на карьерах добычу полезных ископаемых вели за пределами контрактных территорий. Также выявлены факты незаконного продления сроков действия контрактов на добычу.  

Нарушения и недостатки государственного контроля в данном направлении обсудили на коллегии прокуратуры области.  

В работе приняли участие местные исполнительные и правоохранительные органы, руководители органов экологического, налогового контроля.

По итогам коллегии разработан алгоритм взаимодействия государственных и правоохранительных органов, направленный на повышение качества выявления и пресечения нарушений.

По всем нарушениям будут приняты соответствующие меры, в том числе процессуального характера.

Ссылка на сайт прокуратуры Павлодарской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-pavlodar/press/news/details/1081057?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті

Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбековтың төрағалығымен заңсыз есірткі айналымына қатысты қылмыстардың алдын алу, тергеу және ашу мәселелері қаралған кеңейтілген алқа отырысы өткізілді.

Алқа жұмысына құқық қорғау органдарының, әкімдіктің, Психикалық денсаулық орталығы мен сот сараптамалары орталығының басшылары, мәслихат депутаты, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі және басқа да мүдделі тараптар қатысты.

Отырыста есірткі қылмыстарының профилактикасы, олардың тергелу сапасын арттыру, сондай-ақ наркоесепке алу, зерттеу жүргізу және жекеменшік оңалту орталықтарының қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Алқа қорытындысы бойынша уәкілетті органдар мен қоғам өкілдерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін, заңсыз есірткі айналымына қарсы күрестің тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған бірқатар бірлескен шешімдер мен өзара іс-қимыл алгоритмдері қабылданды.

Алматы қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty/press/news/details/1081238?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В Алматы состоялось расширенное заседание коллегии по вопросам противодействия наркопреступности

Под председательством прокурора города Алматы Серика Карипбекова проведено расширенное заседание коллегии, где рассмотрены актуальные вопросы превенции, расследования и раскрытия преступлений, связанных с незаконным оборотом наркотиков.

В работе коллегии приняли участие руководители правоохранительных органов, акимата, Центра психического здоровья и судебных экспертиз, депутат маслихата, представитель уполномоченного по правам человека и другие заинтересованные стороны.

В ходе заседания обсуждены вопросы профилактики наркопреступлений, повышения качества их расследования, а также проблемные аспекты, касающиеся наркоучета, проведения исследований и функционирования частных реабилитационных центров.

По итогам коллегии выработаны совместные решения и алгоритмы взаимодействия между уполномоченными органами и общественностью, направленные на повышение эффективности борьбы с незаконным оборотом наркотиков и защиту прав граждан.

Ссылка на сайт прокуратуры города Алматы:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty/press/news/details/1081238?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін адамдар сотталды
 
Сот үкімімен елорданың екі тұрғыны шетел азаматтарының заңсыз көші-қонын ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Сотталғандар пайдакүнемдік ниетпен әрекет етіп, Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарына жалған құжаттар мен көрінеу жалған мәліметтерді ұсынып, соның негізінде шетел азаматтарына заңсыз түрде тұрақты тұруға рұқсат берілгені анықталды.

Олар бұл заңсыз әрекеттері үшін мүдделі тұлғалардан ақшалай сыйақы алып отырған. 

Сот отырысында сотталушылар өздеріне тағылған айыпты толық мойындады. Барлық мән-жайларды ескере отырып, сот оларға тиісінше 1 жыл 6 ай және 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Мемлекет кірісіне заңсыз алынған жалпы сомасы 100 мың АҚШ доллары, 2,5 млн теңге және 200 мың ресей рублі өндірілді.

Астана қаласының прокуратурасы заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін мүлкі тәркіленіп 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасының көзделгенін еске салады.

Астана қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1080997?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM