Қазақстан Бас прокуратурасы
16.5K subscribers
2.14K photos
1.86K videos
40 files
8.06K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Шымкент қаласының прокуратурасында командалық тренинг өтті
 
Шымкент қаласының прокуратурасында ұжым ішіндегі өзара әрекеттестікті нығайтуға және корпоративтік мәдениетті дамытуға бағытталған командалық тренинг өткізілді.

Іс-шара бағдарламасына қызметкерлер арасындағы коммуникация мен өзара түсіністікті арттыруға көмектесетін командалық жаттығулар мен іскерлік ойындар өткізілді.

Мұндай форматтар заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиімді шешуге қабілетті ұйымшыл ұжым қалыптастыруға ықпал етеді.

Қала прокуроры әр командамен жеке кездесіп, қызметкерлердің ұсыныстарын талқылады және қойылған сұрақтарға жауап берді.

Бұл ашық диалог ұжым ішіндегі сенімді нығайтып, өзара түсіністікті арттыруға мүмкіндік берді.

Осындай бастамаларды тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр — бұл командалық рухты қолдауға, идеялар алмасуға және қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Шымкент қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/1068096?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В прокуратуре города Шымкент прошёл командный тренинг
 
В прокуратуре города Шымкент состоялся командный тренинг, направленный на укрепление взаимодействия и развитие корпоративной культуры.

В программе мероприятия были командные упражнения и деловые игры, помогающие развивать коммуникацию и взаимопонимание между сотрудниками. Такие форматы способствуют созданию сильной команды, способной эффективно решать задачи по обеспечению законности и правопорядка.

Прокурор города встретился с каждой командой, обсудил предложения сотрудников и ответил на вопросы, что позволило наладить открытый диалог и укрепить доверие внутри коллектива.

Подобные инициативы планируется проводить на регулярной основе — для поддержания командного духа, обмена идеями и формирования комфортной рабочей среды.

Ссылка на сайт прокуратуры города Шымкент:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/1068096?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Пробация қызметінің есебіндегі адамдар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша прокуратура органдарының жұмысы туралы

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып қала береді.

Құқықтық тәртіпті нығайту және қылмыстың қайталануын болдырмау мақсатында прокуратура органдары пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар арасындағы құқық бұзушылықтарды төмендетуге бағытталған жүйелі жұмыс жүргізуде.

Басты бағыттардың бірі – бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрлерін орындау заңдылығын қамтамасыз ету. Оған шартты түрде соттау, бостандығын шектеу, қоғамдық жұмыстар және жазаны өтеуді кейінге қалдыру жатады. Әсіресе, жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзған тұлғаларға қатысты жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыруға ауыстыру мәселесі өзекті.

Заңнамаға сәйкес, сотталған адамның екі рет жазаны өтеу тәртібін бұзуы немесе өрескел құқық бұзушылық жасауы пробация қызметіне жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы сотқа ұсыныс енгізуге негіз болып табылады.

Осылайша, 2025 жылдың 8 айында пробация қызметінің ұсыныстары бойынша соттар 2 354 сотталушының жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Мысалы, Қарасай ауданы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған М. Мадраимова 3 жыл 2 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесіліп, пробациялық бақылауда болған.

Алайда, ол 2025 жылғы 12 маусым мен 5 шілде аралығында 6 әкімшілік құқық бұзушылық жасаған (ұсақ бұзақылық, тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда мас күйінде жүру, жасыл желектерді бүлдіру).

Жазаны өтеу тәртібін жүйелі түрде бұзғаны үшін сот шешімімен ол бас бостандығынан айыру орындарына жіберілді.

Прокуратура органдары қылмыстық-атқару жүйесі, ішкі істер органдары және жергілікті атқарушы органдар жүргізіп жатқан профилактикалық жұмысты тұрақты түрде бақылап отырады.

Бас прокуратура бастамасымен енгізілген «Цифрлық қадағалау» жобасы аясында пробация есебіндегі тұлғаларды бақылау үшін қоғамдық орындарға «смарт-камералар» орнатылған. Тек жазғы айларда (маусым–тамыз) олардың көмегімен 92 есептегі адамның 209 құқық бұзушылығы (түнгі уақытта үйден шығу, тыйым салынған орындарға бару, әкімшілік-аумақтық бірліктен тыс жерге шығу) тіркелген.

Оларға қатысты жазаны ауыстыру туралы ескерту берілді, оның ішінде 2 адам қазірдің өзінде колонияға жіберілді.

Прокуратура органдары құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мақсатында барлық мүдделі мемлекеттік органдардың күш-жігерін үйлестіру жұмысын жалғастырады.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
О работе органов прокуратуры по профилактике правонарушений среди подучетных служб пробации

Обеспечение общественной безопасности остаётся одной из приоритетных задач государства.

В целях укрепления правопорядка и профилактики повторной преступности органы прокуратуры ведут системную работу, направленную на снижение уровня правонарушений среди лиц, состоящих на учёте в службах пробации.

Одним из ключевых направлений является обеспечение законности при исполнении наказаний, не связанных с лишением свободы, включая условное осуждение, ограничение свободы, общественные работы и отсрочку отбывания наказания. Особую актуальность приобретает вопрос замены неотбытой части наказания лишением свободы в отношении лиц, допускающих нарушения порядка и условий отбывания.

В соответствии с законодательством, наличие у осужденного двух нарушений порядка отбывания наказания либо совершение злостного нарушения служит основанием для внесения службой пробации в суд представления о замене наказания лишением свободы.

Так, за 8 месяцев 2025 года по представлениям служб пробации судами приняты решения о замене наказания лишением свободы в отношении 2 354 осужденных.

К примеру, осужденная Мадраимова М., состоявшая на учёте в службе пробации Карасайского района, приговорённая к 3 годам 2 месяцам ограничения свободы с пробационнымконтролем, в период с 12 июня по 5 июля 2025 года совершила 6 административных правонарушений (мелкое хулиганство, нарушение тишины, появление в общественных местах в состоянии опьянения, повреждение зелёных насаждений города).

За систематические нарушения порядка отбывания наказания решением суда она направлена в места лишения свободы.

Прокуратура осуществляет регулярный мониторинг профилактической работы, проводимой органами уголовно-исполнительной системы, внутренних дел и местными исполнительными органами.

В рамках проекта «Цифровой надзор», инициированного Генеральной прокуратурой, для контроля подучетных пробации задействованы «смарт-камеры» в общественных местах. Только за летние месяцы (июнь–август) ими зафиксировано 209 нарушений, совершённых 92 подучетными (выход из дома в ночное время, посещение запрещённых мест, выезд за пределы административно-территориальной единицы).

В отношении виновных вынесены предупреждения о замене наказания, 2 из них уже направлены в колонии.

Органы прокуратуры продолжат работу по координации усилий всех заинтересованных государственных органов с целью эффективного предупреждения правонарушений, защиты прав и законных интересов граждан, а также укрепления общественной безопасности.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Экибастұзда прокуратура 160 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатының мақсатсыз жұмсалуын болдырмады

Экибастұз қаласының прокуратурасы 160 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаржысының негізсіз жұмсалуына жол
бермеді.

Мемлекеттік сатып алулар порталын мониторингтеу барысында қадағалаушы орган қала әкімдігі тарапынан 160 миллион теңгеге өндірістік база сатып алуға конкурс жарияланғанын анықтады. Алайда осы мақсатқа қаланың бекітілген бюджетінде небәрі 150 миллион теңгеғана көзделген.

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде мемлекеттік сатып алу жоспарына тиісті өзгерістер енгізіліп, аталған сатып алу алынып тасталды.

Мемлекеттік сатып алу туралы заң талаптарының бұзылуына жол берген жауапты лауазымды тұлғалар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-pavlodar/press/news/details/1068493?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Экибастузе прокурорами предотвращено нецелевое расходование 160 млн тенге бюджетных средств

Прокуратура города Экибастуз пресекла необоснованное использование бюджетных средств в размере 160 миллионов тенге.

В ходе мониторинга государственного портала закупок надзорным органом было установлено, что акимат города разместил лот на приобретение промышленной базы стоимостью 160 млн тенге. Однако в утверждённом бюджете на эти цели было предусмотрено лишь 150 млн тенге.

По итогам рассмотрения акта прокурорского реагирования в план государственных закупок были внесены соответствующие изменения — закупка исключена.

Ответственные должностные лица привлечены к установленной законом ответственности за нарушение норм Закона «О государственных закупках».

Ссылка на сайт прокуратуры Павлодарской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-pavlodar/press/news/details/1068493?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жетісуда сот орындаушысы алимент төлеуге арналған қаржыны жымқырған
 
Талдықорған қаласында жеке сот орындаушысы заңсыз жолмен баю схемасын қолданып, балаларды алиментсіз қалдырған.

Бірінші кезеңде ол алимент төлемдерін өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша заңды түрде борышкерлердің жалақысынан сомаларды ұстап қалу туралы қаулы шығарып, жұмыс берушілерге жіберген.

Одан әрі борышкерлердің жұмыс берушілерінен ақша түскеннен кейін ақшаның көп бөлігін өзіне қалдырып, қалғанын алимент өндіріп алушыларға аударған.

Мысалы, бір жағдайда сот орындаушысы борышкердің жалақысынан өндіріп алуды 2025 жылдың сәуір айынан бастаған.

Жұмыс беруші сәуір айынан маусым айына дейін жеке сот орындаушысының шотына 570 мың теңгеден астам сомаға алимент төлемдерін аударған.

Сот орындаушысы алынған соманың 170 мың теңгесін ғана өндіріп алушыға аударып, қалғанын жымқырған.

Тексеру кезінде белгілі болғандай, ол осыған ұқсас схеманы бірнеше рет қолданып, оның көмегімен 2 млн теңгеден астам соманы қалтасына салған.

Талдықорған қаласының прокуратурасы өкілеттігін асыра пайдалану фактілері бойынша жеке сот орындаушысына қатысты Қылмыстық кодекстің 251-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Жетісу облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1068625?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Жетісу судебный исполнитель присваивал деньги, предназначенные для выплаты алиментов
 
В городе Талдыкорган частный судебный исполнитель использовал схему незаконного обогащения, оставляя детей без алиментов.

На первом этапе он законно по исполнительным документам о взыскании алиментных платежей выносил и направлял работодателям постановления об удержании сумм из заработной платы должников.

Далее, после поступления от работодателей должников денежных средств, он большую часть денег оставлял себе, оставшуюся перечислял взыскателям алиментов.

К примеру, в одном из случаев, судебный исполнитель начал взыскание из заработной платы должника с апреля месяца 2025 года.

Работодатель с апреля по июнь месяц перечислил на счет частного судебного исполнителя алиментные платежи насумму более 570 тыс тенге.

Из полученной суммы судебный исполнитель перечислил взыскателю лишь 170 тыс тенге, остальную присвоил.

Как выяснилось при проверке, он не раз использовал подобную схему, с помощью которой прикарманил сумму более 2 млн тенге.

По данным фактам злоупотребления полномочиями прокуратурой г. Талдыкорган в отношении частного судебного исполнителя начато досудебное расследование по статье 251 Уголовного кодекса.

Ссылка на сайт прокуратуры области Жетису:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1068625?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Балалардың қауіпсіздігі басты назарда: Алматы прокуратурасының қолдауымен «Көк кит» фильмінің тұсаукесері өтті
 
Алматыда заманауи қоғамның ең өткір тақырыптарының бірі - интернеттегі балалардың қауіпсіздігін көтеретін «Көк кит» фильмінің тұсаукесері өтті. Фильм бүкіл ел бойынша ауқымды прокатқа шықты.
 
Кинокартина Алматы қаласы прокуратурасының қолдауымен түсірілген және цифрлық кеңістіктегі қауіп-қатерлер туралы, қауіпті ойындар мен деструктивті контент жасөспірімдерге қалай әсер ететіні туралы, сондай-ақ буллинг пен отбасылық-тұрмыстық мәселелер тақырыбын көтереді.
 
«Көк кит» - мемлекеттік институттардың мәдениет пен өнер арқылы қоғаммен қалай сөйлесе алатындығының мысалы, қауіп-қатердің алдын алып, ең құнды болып табылатын – балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі.
 
Алматы қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:


https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty/press/news/details/1068770?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Безопасность детей в центре внимания: премьера фильма «Синий кит» при поддержке прокуратуры Алматы
 
В Алматы прошла премьера фильма «Синий кит», поднимающего одну из самых острых тем современного общества — безопасность детей в интернете. Фильм вышел в широкий прокат по всей стране.
 
Кинокартина создана при поддержке прокуратуры города Алматы и рассказывает о рисках цифрового пространства, о том, как опасные игры и деструктивный контент могут влиять на подростков, а также поднимает темы буллинга и семейно-бытовых проблем.
 
«Синий кит» — пример того, как государственные институты могут говорить с обществом через культуру и искусство, предупреждая опасности и помогая сохранить самое ценное — жизнь и здоровье детей.
 
Ссылка на сайт прокуратуры города Алматы:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty/press/news/details/1068770?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жамбыл облысында прокурорлар мен инвесторлар арасында құқықтық ынтымақтастық күшейтілуде
 
Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров «Тараз» индустриалды аймағына барып, инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.

Қалада жалпы құны 109,5 млрд теңгені құрайтын 20 жоба іске асырылуда және 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлаған 17 резидент тіркелген. Инвесторлардың арасында Түркия мен Қытай компаниялары бар.

Бүгінгі күнде инвестиция көлемі 4,4 млрд теңгені құрайтын 3 кәсіпорын іске қосылды.

Облыс прокуроры инвесторлардың ұсыныстары мен сұрақтарын тыңдап, «Заң мен Тәртіп»қағидатының негізгі принциптерін түсіндірді.

Кездесуде құрылыс қарқыны, жаңа жұмыс орындарын ашу, экспорт көлемі және өңір экономикасына қосылатын үлес мәселелері талқыланды.

Прокуратура кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға және бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударуда.

Бұған дейін, прокурорлық актілердің нәтижесінде индустриалды аймақтағы төрт инвестордың инфрақұрылымдық мәселелері шешілген.

Сонымен қатар, кездесуде электр энергиясымен қамтамасыз ету және жол инфрақұрылымына қатысты әлі де шешімін толық таппаған мәселелер көтеріліп, оларды шешу үшін тиісті жұмыстарды жүргізу туралы шешім қабылданды.

Облыс прокуроры инвесторлардың құқықтарын қолдау прокуратура қызметінің негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтіп, әрбір жоба тұрақты бақылауда тұрғанын жеткізді.

Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Жолдауы аясында индустриалды аймақтарды тиімді жоспарлау арқылы шығындарды азайту және ашықтықты арттыру ұсынылды.

Жамбыл облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1068894?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В Жамбылской области усиливается правовое сотрудничество прокуроров и инвесторов
 
Прокурор Жамбылской области Нургалым Абдиров посетил Индустриальную зону «Тараз», где ознакомился с реализацией инвестиционных проектов.

В городе реализуется 20 проектов общей стоимостью 109,5 млрд тенге, зарегистрировано 17 резидентов, которые планируют создать свыше 1 тыс. новых рабочих мест. Среди инвесторов есть компании из Турции и Китая.

На сегодняшний день уже запущены 3 предприятия, а объем привлеченных инвестиций составил 4,4 млрд тенге.

Прокурор области выслушал предложения и вопросы инвесторов, а также разъяснил основные принципы «Закона и Порядка».

На встрече обсуждались темпы строительства, создание новых рабочих мест, объемы экспорта и вклад в экономику региона.

Особое внимание прокуратура уделяет защите прав предпринимателей и созданию благоприятных условий для ведения бизнеса.

Ранее благодаря прокурорским актам решены инфраструктурные проблемы четырех инвесторов в индустриальной зоне.

Тем не менее, во время встречи были подняты и другие вопросы, касающиеся поставок электроэнергии и дорожной инфраструктуры, которые требуют дальнейшего решения. Принято решение о проведении соответствующей работы по этим вопросам.

Прокурор области подчеркнул, что сопровождение прав инвесторов является одним из основных направлений работы прокуратуры, и за каждым проектом осуществляется постоянный контроль.

В рамках Послания Главы государства «Казахстан в эпоху искусственного интеллекта» также предложено снизить затраты и повысить прозрачность через эффективное планирование индустриальных зон.

Ссылка на сайт прокуратуры Жамбылской области:

www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1068894?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мұнай-газ саласындағы миллиондаған қаржы жымқыру: кінәлілер жазаланды
 
Өткен жылы Маңғыстау облысының прокуратурасымен мұнай-газ кәсіпорындарында тексерулер жүргізілді.
 
Тексеру нәтижелері бойынша «West Oil Software» ЖШС қызметінде материалдық қамтамасыз ету саласындағы бұзушылықтар анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.
 
Тергеу аясында кәсіпорында негізгі басшылық қызметтерді атқарған 3 адам ұсталды.
 
Сотпен барлық тұлғалар кінәлі деп танылып, әртүрлі жаза түрлері тағайындалды.
 
Атап айтқанда, кәсіпорын басшыларының бірі бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сот үкімімен кінәлі деп танылып, 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.
 
Соттың қылмыстық істі мәні бойынша қаралу барысында сотталғандар 261 млн теңге көлемінде шығынды өтеген.

Маңғыстау облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/1068911?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Миллионные хищения в нефтегазовой отрасли: виновные понесли наказание
 
Прокуратурой Мангистауской области в прошлом году проведены проверки в предприятиях нефтегазовой сферы.

По результатам проверок в деятельности ТОО «West Oil Software» выявлены нарушения в сфере материального обеспечения, начаты досудебные расследования.
 
В рамках расследований задержаны 3 лиц, занимавшие ключевые руководящие должности в предприятии.
 
Судом все лица признаны виновными и приговорены к различным видам наказания.
 
Так, один из руководителей предприятия судом признан виновным по факту хищения бюджетных средств и лишен свободы на 3 года и 2 месяца.
 
В ходе рассмотрения судом уголовного дела по существу осужденными возмещен ущерб в размере 261 млн тенге.

Ссылка на сайт прокуратуры Мангистауской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/1068911?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қостанай облысының прокуратурасы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғауды талқылады
 
Қостанай облысының прокуратурасында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру мәселелеріне арналған кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Облыс прокуроры Берік Әбіл балалардың, әсіресе жетім балалар мен ерекше қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғау мемлекеттің ең басты міндеті екенін және прокуратура мен барлық уәкілетті органдардың ерекше назарын талап ететінін атап өтті.

Қадағалау қызметінің қорытындысы бойынша 2025 жылы облыс прокуратурасы 96 баланың құқығын қорғады. 11 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылып, 2 қылмыстық іс қозғалды.

Отырыста әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балалардың өмір сүру жағдайын бақылауға бағытталған «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында мобильді топтардың жұмысының нәтижелеріне ерекше назар аударылды. 2025 жылдың сегіз айында мобильді топтар 1711 отбасын зерттеп, 460 отбасына көмек көрсетті. Бұл ретте 145 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 адамға ата-ана құқықтарына шектеу қойылып, 17 ата-ана бұл құқықтардан айырылды.

Отырыс қорытындысы бойынша әрбір мамандандырылған мекеме бойынша басым шаралар айқындалып, прокурорларға нақты міндеттер жүктелді.

Жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен бірлесе отырып, 2025–2027 жылдарға арналған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды постинтернаттық қолдауға бағытталған Ведомствоаралық іс-шаралар жоспары әзірленді.

Облыс прокуратурасы осал жағдайдағы балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жан-жақты қорғауды қамтамасыз ете отырып, осы шараларды жүзеге асыруда үйлестіру және қадағалау рөлін жалғастырады.

Қостанай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1069012?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В прокуратуре Костанайской области обсудили защиту прав детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей
 
В прокуратуре Костанайской области состоялось расширенное заседание коллегии, посвящённое вопросам реализации прав и законных интересов детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей.

Открывая заседание, прокурор области Берик Абилов подчеркнул, что защита прав детей, особенно детей-сирот и детей с особыми потребностями, является приоритетной задачей государства и требует особого внимания со стороны органов прокуратуры и всех уполномоченных органов.

По результатам надзорной деятельности в 2025 году прокуратурой области защищены права 96 детей. К ответственности привлечены 11 должностных лиц, возбуждено 2 уголовных дела.

Отдельное внимание на заседании было уделено итогам работы мобильных групп в рамках реализуемого проекта «Счастливое и безопасное детство», направленного на мониторинг условий проживания детей в неблагополучных семьях. За восемь месяцев 2025 года мобильными группами обследовано 1711 семей, оказана помощь 460 семьям. В то же время 145 родителей привлечены к административной ответственности, в отношении 20 лиц применено ограничение в родительских правах, а 17 родителей лишены этих прав.

По итогам заседания были определены приоритетные меры и поставлены конкретные задачи прокурорам по каждому специализированному учреждению.

Совместно с местными исполнительными и уполномоченными органами, разработан Межведомственный план мероприятий по постинтернатному сопровождению детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, на 2025–2027 годы.

Прокуратура Костанайской области продолжит координирующую и надзорную роль в реализации этих мер, обеспечивая всестороннюю защиту прав и законных интересов детей, находящихся в уязвимом положении.

Ссылка на сайт прокуратуры Костанайской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1069012?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Автокөлік әуесқойлары интернет-алаяқтардың нысанасына айналды» 
 
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы азаматтарды әлемде қарқын алып жатқан жаңа киберқауіп туралы ескертеді.
 
Шетелдік дереккөздерге сәйкес («Department of Motor Vehicles» (АҚШ) https://www.dmv.ca.gov/portal/dmv-scam-alert/, «Комсомольская правда»   https://www.yar.kp.ru/online/news/6556683/?utm_source=yxnews&utm_medium=desktop&utm_referrer=https%3A%2F%2Fdzen.ru%2Fnews%2Fby%2Fstory%2F3850f569-3ebd-5b7d-88a2-cdfeb21a5838, «Аргументы и Факты» https://yar.aif.ru/incidents/kriminal/v-yaroslavskoy-oblasti-moshenniki-prisylayut-feykovye-shtrafy-za-narushenie-pdd?utm_source=yxnews&utm_medium=desktop&utm_referrer=https%3A%2F%2Fdzen.ru%2Fnews%2Fby%2Fstory%2F3850f569-3ebd-5b7d-88a2-cdfeb21a5838)зиянкестер Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жалған қаулыларды жаппай жіберіп жатыр. Хаттар мен хабарламалар электрондық пошта мен мессенджерлерге жіберіледі және жүргізуші, көлік нөмірі туралы деректерді және «айыппұл төлеуге»  сілтемені қамтиды.
 
Шын мәнінде, бұл фишингтік шабуыл. Банк картасының деректерін енгізген кезде сіздің шотыңызға толық қол жеткізіледі және барлық қаражатты ұрлау мүмкіндігі туындайды. Жекелеген жағдайларда сілтемеде құрылғыдан жеке деректерді ұрлауға арналған вирусты қамтиды.
 
Бүгінгі күні, шабуылдар Ресей мен АҚШ-та тіркелген, сондықтан мұндай схеманың Қазақстанда таралу қаупі бар.
 
Әкімшілік айыппұл салу туралы ресми хабарламалар тек 1414 қысқа нөмірінен келіп түседі және төлем сілтемелерін қамтымайды. Салынған айыппұлдар туралы ақпарат egov.kz арқылы банктердің мобильді қосымшаларына да берілетінін естеріңізге саламыз.
 
Егер сіз 1414 нөмірінен айыппұл туралы хабарлама алсаңыз және онда төлем сілтемесі болса – ол бойынша өтпеңіз! Бұл алдау! Мұндай хабарламаларды алаяқтар жібереді!
 
Ұсынамыз:

- сілтемелер арқылы өтпеңіз және күмән тудыратын хаттардың тіркемелерін ашпаңыз;
 
- айыппұлдар туралы ақпаратты тек egov.kz, qamqor.gov.kz ресми ресурстарында және банктердің мобильді қосымшаларында қайта тексеріңіз.
 
Егер сіз сілтеме арқылы өтіп, деректерді енгізген болсаңыз:

- банк картасын шұғыл бұғаттаңыз;
 
- ықтимал алаяқтық фактісі туралы банкке және полицияға 102 телефоны арқылы хабарлаңыз;
 
- құрылғыны вирустың бар-жоғына тексеріңіз.
 
Сақ болыңыз. Жақындарыңызды ескертіңіз. Алаяқтарға мүмкіндік бермеңіз!

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Под прицел интернет–мошенников попали автолюбители»
 
Центр прогнозирования преступных угроз и рисков общественной безопасности Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры предупреждает граждан о новой набирающей обороты в мире киберугрозе. 
 
По данным зарубежных источников («Department of Motor Vehicles» (США) https://www.dmv.ca.gov/portal/dmv-scam-alert/, «Комсомольская правда»  https://www.yar.kp.ru/online/news/6556683/?utm_source=yxnews&utm_medium=desktop&utm_referrer=https%3A%2F%2Fdzen.ru%2Fnews%2Fby%2Fstory%2F3850f569-3ebd-5b7d-88a2-cdfeb21a5838, «Аргументы и Факты» https://yar.aif.ru/incidents/kriminal/v-yaroslavskoy-oblasti-moshenniki-prisylayut-feykovye-shtrafy-za-narushenie-pdd?utm_source=yxnews&utm_medium=desktop&utm_referrer=https%3A%2F%2Fdzen.ru%2Fnews%2Fby%2Fstory%2F3850f569-3ebd-5b7d-88a2-cdfeb21a5838) злоумышленники массово рассылают фальшивые постановления о нарушении Правил дорожного движения. Письма и сообщения поступают на электронную почту и в мессенджеры и содержат данные водителей, номера авто и ссылку для «оплаты штрафа».
 
На самом деле - это фишинговая атака. При вводе данных банковской карты происходит полный доступ к Вашему счету и возможна кража всех средств. В отдельных случаях ссылка содержит вирус для кражи персональных данных с устройства.
 
На сегодняшний день, атаки уже зафиксированы в России и США, поэтому существует риск распространения подобной схемы в Казахстане.
 
Напоминаем, что официальные уведомления о наложении административного штрафа поступают только с короткого номера 1414 и не содержат ссылок для оплаты. Информация о наложенных штрафах также передается через egov.kz и в мобильные приложения банков.
 
Если Вы получили сообщение о штрафе с номера 1414 и в нем есть ссылка для оплаты - не переходите по ней! Это обман! Такие сообщения рассылают мошенники!
 
Рекомендуем:

- не переходить по ссылкам и не открывать вложения из писем, вызывающих сомнение;
 
- сведения о штрафах перепроверять только на официальных ресурсах egov.kz, qamqor.gov.kz и в мобильных приложениях банков.
 
Если Вы уже перешли по ссылке и ввели данные:

- срочно заблокируйте банковскую карту;
 
- сообщите в банк и полицию по номеру 102 о возможном факте мошенничества;
 
- проверьте устройство на наличие вируса.
 
Оставайтесь бдительными. Предупредите близких. Не давайте мошенникам шанса!

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысында прокуратурамен қайтарылған активтер ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталды
 
Ақмола облысы Зеренді ауданының Ақадыр ауылында прокуратура органдары қайтарған активтер ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталды.

Аталған қаражат есебінен ұзындығы 12 шақырым болатын су құбыры желілері мен су алу құрылыстарының құрылысы жүргізілуде.

Қазіргі уақытта ауыл тұрғындары ауыз суды пайдалануда шектеулерге тап болып отыр, негізгі су көзі ретінде колонкалар мен су тарату пункттері қызмет етуде. Су құбыры пайдалануға берілгеннен кейін 500-ден астам тұрғын орталықтандырылған ауыз сумен қамтылады.

Мердігер ұйым жұмыстың сапасын қамтамасыз ету мен белгіленген мерзімдерді қатаң сақтауға баса назар аударып отыр.

Құрылыс барысы мен қаражаттың мақсатты жұмсалуы облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.

Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1069370?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Возвращённые органами прокуратуры активы направлены на обеспечение населения питьевой водой в Акмолинской области
 
В селе Акадыр Зерендинского района Акмолинской области возвращённые органами прокуратуры активы направлены на обеспечение населения питьевой водой.

За счёт этих средств осуществляется строительство водопроводных сетей и водозаборных сооружений общей протяжённостью 12 км.

В настоящее время жители села испытывают ограничения в пользовании питьевой водой, основным источником водоснабжения являются колонки и пункты раздачи. Ввод водопровода в эксплуатацию позволит обеспечить комфортный доступ к централизованному водоснабжению для более чем 500 жителей.

Подрядная организация ориентирована на строгое соблюдение сроков и обеспечение высокого качества работ.

Ход строительства и целевое использование средств находятся на постоянном контроле прокуратуры области.

Ссылка на сайт прокуратуры Акмолинской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1069370?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі» ЖШС директоры және бас инженері 8 млн теңгеден астам мемлекеттік ақшаны иемденген
 
2025 жылғы 3 шілдеде Петропавл қалалық сотында мемлекеттік қаражатты ұрлау туралы шулы іс бойынша кезекті үкім шығарылды.
 
Директоры «К» мен бас инженер «Т» қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ірі мөлшерде бюджет қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылып, «К» 3 жылға, «Т» 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
 
Мемлекеттік айыптау осындай жолмен сорғы станциясын, сондай-ақ тұрғын үйлерді сумен жабдықтау және жылыту жүйелерін жөндеуге бөлінген 8 млн теңгеден астам қаражатты иемденгенін дәлелдеді.
 
Мұндай істердің салдары әрдайым залал санынан әлдеқайда ауыр. Біріншіден, бұл билікке деген сенімнің бұзылуы.
 
Үкім 2025 жылдың 26 тамызында заңды күшіне енді.
 
  Облыс прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде лауазымды және материалдық жауапты тұлғалардың бюджет қаражатын иемденуі немесе ысырап етуі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын өрескел бұзу болып табылатынын еске салады. 

#ЗаңменТәртіп

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1069433?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM