Қазақстан Бас прокуратурасы
17K subscribers
2.4K photos
2.18K videos
40 files
8.86K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍 Специализированной прокуратурой по надзору за законностью исполнения уголовных наказаний в учреждениях Карагандинской области проведено разъяснительное мероприятие по вопросам амнистии.

В исправительном учреждении №29 прошла встреча с осуждёнными по вопросам применения амнистии. Цель – повысить правовую осведомлённость и подробно объяснить порядок и условия амнистии.

🔹 В мероприятии приняли участие представители Национального центра по правам человека, специализированной прокуратуры и сотрудники учреждения.

🔹 Обсуждены основные положения закона, категории, подпадающие под амнистию, и порядок подачи документов.

🔹 Осуждённые задали вопросы и получили профессиональные ответы.

Прозрачность и законность всех процедур – в центре внимания!

Ссылка на сайт прокуратуры Карагандинской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/1040931?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бас әскери прокурордың Петропавл гарнизонына жұмыс сапарының қорытындылары
 
Бас әскери прокурор Дастан Секенов Петропавл гарнизонына жұмыс сапары аясында әскери бөлімдер мен мекемелердің командалық құрамы, сондай-ақ құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық кеңес өткізді.
 
Гарнизонның өзіндік ерекшелігін ескере отырып, Бас әскери прокурор Дастан Секенов басым бағыттардың қатарында Ұлттық ұлан күштерімен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзету, олардың материалдық-техникалық жабдықталуын жаңғырту, сондай-ақ Мемлекеттік шекараны күзету және шекаралық инфрақұрылымды дамыту бойынша Шекара қызметі бөлімшелерінің қызметіне қатысты мәселелерді атап өтті.
 
Сонымен қатар, ол әскердегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған ортақ міндеттерді бұлжытпай орындаудың маңыздылығын атап өтті. Осы орайда, әскери қызметшілер арасында қаза болу мен жарақат алу жағдайларын болдырмау, құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту, әскери қызметке шақыру кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке құрамның әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру міндеттері қойылды. Профилактикалық жұмыс «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасына сай, нөлдік төзімділік қағидаты негізінде жүргізілуі тиіс.
 
Бас әскери прокуратураның әскери ведомстволармен бірлесіп әзірлеген «Әскердегі заң және тәртіп» пен «Цифрлық профилактика» бағдарламаларын іске асыру шаралары қаралды.
 
Кеңестен кейін Дастан Секенов әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша азаматтар мен әскери қызметшілерді жеке қабылдап, әрқайсысына тиісті түсіндірмелер берді.
 
Сондай-ақ ол гарнизондағы әскери прокуратура қызметкерлерінің қызмет ету жағдайымен танысты. 
 
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Петропавл қаласындағы Прокурорлар аллеясында Бас әскери прокурор ағаш көшеттерін отырғызу шарасына қатысты.
 
Бас әскери прокуратура әскердегі заңдылықты қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтардың алдын алу шараларын жалғастыратын болады.
 
#Заң_мен_Тәртіп
 
Бас әскери прокуратураның сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/gvp/press/news/details/1040840?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Итоги командировки Главного военного прокурора в Петропавловский гарнизон
 
Главный военный прокурор Дастан Секенов во время командировки в Петропавловский гарнизон провёл межведомственное совещание с участием командования воинских частей, учреждений и представителей правоохранительных органов.
 
С учётом специфики гарнизона Главный военный прокурор Дастан Секенов обозначил в числе приоритетных задач вопросы охраны учреждений уголовно-исполнительной системы силами Национальной гвардии, модернизации их технического оснащения, а также деятельности подразделений Пограничной службы по обеспечению охраны Государственной границы и развитию пограничной инфраструктуры.
 
Одновременно он подчеркнул необходимость безусловного выполнения общих задач по обеспечению правопорядка в армии — предупреждения гибели и травматизма среди военнослужащих, усиления профилактики правонарушений, соблюдения законности при призыве, а также повышения социальной защищённости личного состава. Профилактическая работа должна вестись по принципу нулевой терпимости и соответствовать концепции «Закон и Порядок».
 
Рассмотрены меры по реализации программ «Закон и порядок в армии» и «Цифровая профилактика», разработанных Главной военной прокуратурой совместно с военными ведомствами.
 
После совещания Дастан Секенов провёл приём граждан и военнослужащих по социально-правовым вопросам, в ходе которого всем обратившимся были даны разъяснения.
 
Также он ознакомился с условиями службы сотрудников военной прокуратуры гарнизона.
 
В рамках экологической акции «Таза Қазақстан» на Аллее прокуроров в городе Петропавловске Главный военный прокурор принял участие в высадке саженцев деревьев.
 
Главная военная прокуратура продолжит меры по обеспечению законности и профилактике правонарушений в армии.
 
#Закон_и_Порядок
 
Ссылка на сайт Главной военной   прокуратуры:

https://www.gov.kz/memleket/entities/gvp/press/news/details/1040840?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ЗАҢСЫЗ ОЙЫН ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ МӘЖІЛІСТІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ
 
Бас прокуратурада онлайн-казиноларға қарсы іс-қимыл және заңсыз ойын қызметімен байланысты қаржылық ағындарды бұғаттау мәселелері бойынша ведомствоаралық мәжіліс өтті.

Жиынға Ұлттық банк, Туризм және спорт министрлігі, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Интернетте заңсыз құмар ойындардың ауқымды таралуынан туындаған өзекті қауіптер талқыланып, қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттырудың бірлескен тәсілдері әзірленді.

Мәжілістің қорытындысы бойынша тиісті мемлекеттік органдарға цифрлық бақылау, қаржылық мониторинг және заңсыз әрекеттерге тосқауыл қою бөлігінде қосымша шаралар қабылдау тапсырылды.

Биыл заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілерінің 22,2%-ға (45-тен 32-ге дейін) төмендеуі байқалады.

Онлайн-казиноларды толтыруға арналған 50-ден астам банк шоттары анықталып, бұғатталды.

Тыйым салынған интернет-ресурстарға қол жеткізуді шектеу жөнінде белсенді жұмыс жалғасуда.

Дегенмен, осы қылмыстар қатер төндіруде және ден қоюдың жүйелі шараларын талап етеді.

Бас прокуратура заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған үшін мүлік тәркіленіп, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастыратын Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туралы ескертеді.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ОБ ИТОГАХ МЕЖВЕДОМСТВЕННОГО СОВЕЩАНИЯ ПО ВОПРОСАМ ПРОТИВОДЕЙСТВИЯ НЕЗАКОННОЙ ИГОРНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ

В Генеральной прокуратуре состоялось межведомственное совещание по вопросам противодействия онлайн-казино и блокировки финансовых потоков, связанных с незаконной игорной деятельностью.

В совещании приняли участие представители Национального банка, Министерства туризма и спорта, а также иных заинтересованных государственных органов.

Обсуждены актуальные угрозы, вызванные масштабным распространением нелегальных азартных игр в интернете, и выработаны совместные подходы к повышению эффективности противодействия.

По итогам совещания соответствующим государственным органам поручено принять дополнительные меры в части цифрового контроля, финансового мониторинга и блокировки противоправной деятельности.

В текущем году наблюдается снижение фактов организации незаконного игорного бизнеса на 22,2% (с 45 до 32).

Выявлено и заблокировано свыше 50 банковских счетов, предназначенных для пополнения онлайн-казино.

Продолжается активная работа по ограничению доступа к запрещенным интернет-ресурсам.

При этом данные преступления продолжают представлять угрозу и требуют системных мер реагирования.

Генеральная прокуратура предупреждает об уголовной ответственности за организацию незаконного игорного бизнеса по статье 307 Уголовного кодекса, предусматривающей наказание в виде лишения свободы до семи лет с конфискацией имущества.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
СҚО прокурорлары кәсіпкерлердің құқықтарын мемлекеттік кірістер органдарының заңсыз әрекеттерінен қорғады
 
Прокуратура органдары кәсіпкерлік саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету, оның ішінде бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастыруда.
 
Мемлекет басшысының әкімшілік іс жүргізуді қозғауды прокурормен міндетті түрде келісуді көздейтін прокурорлық сүзгіні енгізу туралы тапсырмасын орындау шеңберінде облыс прокуратурасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) талаптарын өрескел бұзушылықтарды анықтады.
 
Мәселен, Аққайың, Уәлиханов аудандары мен Петропавл қаласы мемлекеттік кірістер Басқармаларының лауазымды тұлғалары кодекс талаптарын бұза отырып, прокурордың келісімінсіз өңірлік пулға кіретін инвесторларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы 17 іс қозғады («Птицефабрика «Северный бройлер» ЖШС, «Бүркіт» ӘКК ӨК, «АТМ Petropavlovsk Hospital» ЖШС).
 
Жамбыл, М.Жұмабаев, Мамлют және Тайынша аудандарында тиісті өкілеттіктері жоқ мемлекеттік кірістер органдарының мамандары кәсіпкерлерге қатысты 30 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, ал Кодекстің талаптарына сәйкес аталған істерді қарау және жаза қолдану тек мемлекеттік кірістер органдарының басшыларына, олардың орынбасарларына не осыған тиісті бұйрықпен уәкілеттік берілген өзге де лауазымды тұлғаларға ғана беріледі.
 
Ғ.Мүсірепов ауданында мемлекеттік кірістер Басқармасы басшысының орынбасары ескіру мерзімі өткеннен кейін ӘҚБтК-нің 92-1-бабы (міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін) бойынша кәсіпкерді жауапқа тарту туралы заңсыз қаулы шығарды.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша барлық заңсыз шешімдердің күші жойылды, істер бойынша іс жүргізу тоқтатылды, кінәлі лауазымды адамдар (оның ішінде басшылар) тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
 
Қабылданған шаралардың нәтижесінде үш инвесторды қоса алғанда, 25 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.
 
2025 жылдың 6 айында қадағалау актілері бойынша 700-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды, жауапкершіліктің әртүрлі түрлеріне 30 лауазымды тұлға тартылды.
 
Қадағалау органы барлық бизнес субъектілеріне олардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, олар кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ арқылы прокуратура қызметкеріне тікелей жүгіне алатынын ескертеді (байланыс телефоны: +7-771-362-08-99). 
 
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сітеме:
 
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1041132?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуроры СКО защитили права предпринимателей от неправомерных действий органов государственных доходов
 
Органы прокуратуры продолжают системную работу по обеспечению законности в сфере предпринимательства, в том числе по защите прав и интересов бизнеса.
 
В рамках исполнения поручения Главы государства о внедрении прокурорского фильтра, предусматривающего обязательное согласование с прокурором возбуждения административных производств, прокуратурой области выявлены грубейшие нарушения требований Кодекса об административных правонарушениях (далее – Кодекс).
 
Так, должностные лица Управлений государственных доходов Аккайынского, Уалихановского районов и г. Петропавловска в нарушение требований Кодекса без согласования с прокурором возбудили 17 дел об административных правонарушениях в отношении инвесторов, входящих в региональный пул (ТОО «Птицефабрика «Северный бройлер», ПК СПК «Бүркіт», ТОО «АТМ Petropavlovsk Hospital»).
 
В Жамбылском, Мамлютском, Тайыншинском районах а также районе М.Жумабаева специалисты органов государственных доходов, не обладая соответствующими полномочиями, рассмотрели 30 дел об административных правонарушениях в отношении предпринимателей, тогда как в соответствии с требованиями Кодекса полномочия по рассмотрению указанных дел и наложению взысканий предоставлены исключительно руководителям органов государственных доходов, их заместителям либо иным должностным лицам, уполномоченным на это соответствующим приказом.
 
В районе Г.Мусрепова заместителем руководителя управления государственных доходов по истечении срока давности незаконно вынесено постановление о привлечении предпринимателя к ответственности по статье 92-1 КоАП (за нарушение законодательства в области обязательного социального страхования).
 
По актам прокурорского надзора все незаконные решения отменены, производства по делам прекращены, виновные должностные лица (в том числе руководители) привлечены к дисциплинарной ответственности.
 
В результате принятых мер защищены права 25 предпринимателей, включая трёх инвесторов.
 
Всего за 6 месяцев 2025 года по актам надзора защищены права свыше 700 предпринимателей, к различным видам ответственности привлечено 30 должностных лиц.
 
Надзорный орган напоминает всем субъектам бизнеса, что в случае нарушения их прав и законных интересов они могут напрямую обратиться к сотруднику прокуратуры через мобильную группу по защите прав предпринимателей (контактный телефон: +7-771-362-08-99).

Ссылка на сайт прокуратуры Северо-Казахстанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1041132?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Кәсіпкерлер алкогольді сатудан өз еркімен бас тартып, азаматтық жауапкершілік танытты

Қоғамдық тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылында шағын бизнес өкілдерінің белсенді азаматтық ұстанымының оң үлгісін көрсетті.
 
Бірқатар дүкендер мен сауда нүктелері алкогольдік өнімдерді сатудан бас тарту туралы өз еркімен шешім қабылдады.
 
Кәсіпкерлердің бұл бастамасын прокуратура мен жергілікті атқарушы органдар қолдады. Алдын алу шаралары барысында қала прокуратурасы дүкен иелеріне ризашылықтарын білдіріп, алғыс хаттар, естелік сыйлықтар табыстай отыра, мұндай шешімнің қоғамдық қауіпсіздік үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.
 
Осындай қадамдар құқық бұзушылық деңгейін, әсіресе мас күйде және қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылықтарды азайтуға көмектеседі, сондай-ақ қоғамда саналы тұтыну мәдениетін қалыптастырады.
 
Қосшы қаласының прокуратурасы осы бастамаға атсалысқан кәсіпкерлерге алғысын білдіріп, басқа да бизнес өкілдерін құқықтық тәртіп пен ұлт денсаулығын қамтамасыз етуге үлес қосып, оң үлгі алуға шақырады.

Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1041177?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Предприниматели проявили гражданскую ответственность, добровольно отказавшись от продажи алкоголя
 
В рамках проводимой работы по укреплению общественного порядка и профилактике правонарушений, в городе Косшы и селе Тайтобе отмечен положительный пример активной гражданской позиции со стороны представителей малого бизнеса.
 
Ряд магазинов и торговых точек приняли добровольное решение отказаться от реализации алкогольной продукции.
 
Данная инициатива предпринимателей была поддержана органами прокуратуры и местными исполнительными органами. В ходе профилактических мероприятий прокуратурой города были выражена благодарность владельцам магазинов, вручены благодарственные письма, памятные подарки и разъяснена значимость подобного решения для общественной безопасности.
 
Подобные шаги способствуют снижению уровня правонарушений, особенно совершаемых в состоянии алкогольного опьянения и в общественных местах, а также формируют в обществе культуру осознанного потребления.
 
Прокуратура города Косшы выражает признательность предпринимателям, принявшим участие в этой инициативе, призывает и других представителей бизнеса следовать положительному примеру, внося вклад в обеспечение правопорядка и здоровья нации.

Ссылка на сайт прокуратуры Акмолинской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1041177?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік мәселелері Бас көлік прокуратурасында қаралды

2025 жылғы 25 шілдеде Бас көлік прокуратурасында теміржол көлігіндегі заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Негізгі назар уәкілетті органдар мен «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, соның ішінде Магистральдық желі дирекциясының қызметіне аударылды.

Прокурорлық тексерулер нәтижесінде олардың қызметінде елеулі жүйелі проблемалар анықталды.

Магистральдық жолдардың кейбір учаскелерінің тозуы, электр беру желілері, байланыс және сигнал беру жүйелерінің, сондай-ақ теміржол көпірлерінің жөндеуді қажет етуіне байланысты шаралар қабылданбау себептері қаралды.

Тексеру аясында прокуратура бастамасымен жалпы ұзындығы 274 шақырымды құрайтын 29 жол учаскесі анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін уақытша жабылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған бұзушылықтар толығымен жойылып, жол учаскелері қауіпсіз режимде жұмысын жалғастыруда.

Жұмысшылардың еңбек құқықтарының бұзылуы тіркелді — сыйақы төлеудің тиісті деңгейде жүргізілмеуі, сапасыз арнайы киім мен құралдардың сатып алынуы, сондай-ақ олардың уақтылы берілмеуі.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде Ақтау теңіз порттарымен теміржолды жалғайтын бес магистральдық жол мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша көлік прокуратурасы уәкілетті органдардан анықталған кемшіліктерді жою және олардың қайталануына жол бермеу бойынша кешенді шаралар қабылдауды талап етті.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда тұр.

Бас көлік прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/gtp/press/news/details/1041236?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Главной транспортной прокуратуре рассмотрены вопросы безопасности на железнодорожном транспорте

25 июля т.г. состоялось расширенное заседание коллегии Главной транспортной прокуратуры по обеспечению законности на железнодорожном транспорте.

Акцент сделан на деятельности уполномоченных органов и организации АО НК «Қазақстан Темір Жолы», в том числе Дирекции магистральной сети.

Результаты прокурорских проверок в их деятельности показали серьёзные системные проблемы.

Рассмотрены причины не принятия мер по фактам изношенности некоторых участков магистральных путей, линий электропередач, контактной сети, сигнализации и связи, а также затронуты вопросы необходимости ремонта отдельных ж/д мостов.

Следует отметить, что в рамках проверки по инициативе прокуратуры 29 участков путей, общей протяжённостью 274 км, были закрыты до устранения выявленных нарушений.

Принятыми мерами все они устранены и указанные пути продолжают функционировать в безопасном режиме.

Зафиксированы нарушения трудовых прав работников – это ненадлежащее премирование, закупка некачественных спецодежд и инструментов, а также несвоевременная их выдача.

По акту прокурорского надзора в госсобственность возвращены 5 магистральных путей, соединяющих железную дорогу с морскими портами Актау.

По итогам заседания коллегии транспортная прокуратура потребовала от уполномоченных органов принятия комплексных мер по устранению недостатков и недопущению их впредь.

Работа в данном направлении продолжается и находится на особом контроле.

Ссылка на сайт Главной транспортной прокуратуры:

https://www.gov.kz/memleket/entities/gtp/press/news/details/1041236?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Теміртау қаласында “Есірткісіз өмір үшін” марафоны өтті!

“Заң мен Тәртіп” идеологиясы аясында және қала прокуратурасының қолдауымен Теміртауда есірткіге қарсы жаппай марафон ұйымдастырылды. Бұл шара жүздеген қамқор тұрғындарды — оқушыларды, студенттерді, ата-аналарды, спортшыларды және қоғамдық ұйымдардың өкілдерін біріктірді.

Марафонның басты мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру.

#Заң_мен_Тәртіп

Қарағанды облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/1041399

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Марафон "За жизнь без наркотиков" прошёл в городе Темиртау!

Под эгидой прокуратуры города в рамках идеологии «Закон и Порядок» состоялся массовый марафон против наркотиков, объединивший сотни неравнодушных жителей — школьников, студентов, родителей, спортсменов и представителей общественных организаций.

Главная цель марафона это пропаганда здорового образа жизни и формирование антинаркотического иммунитета среди молодежи.

#Закон_и_Порядок

Ссылка на сайт прокуратуры Карагандинской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/1041399?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратура қолданылған шиналардың заңсыз әкелінуін тоқтатуда
 
Қазақстанның кеден заңнамасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың нормалары денсаулық пен экологияға қауіпті тауарлардың әкелінуін қатаң реттейді. Олардың қатарына — тек арнайы рұқсат болған жағдайда ғана әкелуге рұқсат етілетін, қолданылған автокөлік шиналары (ТН СЭҚ коды 4012) да кіреді.

Бас көлік прокуратурасының тексерулері кейбір сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың бұл тыйымды айналып өтіп, қолданылған шиналарды дөңгелек дискілерімен бірге әкелетінін анықтады.

Мәселен, биылғы жылдың сәуір-маусым айларында бір өңірде салмағы 1,5 мың тоннаға жуық қолданылған шиналардың 159 заңсыз әкелу дерегі тіркелді. Тағы бір өңірде өткен жылдары 200 тоннадан астам осындай өнім әкелінген.

Мұндай шиналар қауіпті қалдықтар ретінде жіктеледі, олардың пайдаланылуы жол қозғалысы қауіпсіздігіне және қоршаған ортаға қауіп төндіруі мүмкін.

Прокуратураның араласуынан кейін Мемлекеттік кірістер комитеті бақылауды күшейтіп, тәуекелдерді басқару жүйесіндегі шараларды жаңартты. Құқық бұзушылықтарды анықтау жұмысы жалғасуда.
 
Бас көлік прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/gtp/press/news/details/1041079?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратура пресекает незаконный ввоз бывших в употреблении шин 
 
Таможенное законодательство Казахстана и нормы ЕАЭС строго регулируют ввоз товаров, опасных для здоровья и экологии. В их числе — бывшие в употреблении автомобильные шины (код ТН ВЭД 4012), ввоз которых возможен только при наличии специального разрешения.
 
Проверки Главной транспортной прокуратуры выявили, что некоторые участники внешне экономической деятельности обходят запрет, завозя подержанные шины вместе с колесными дисками.
 
Так, с апреля по июнь текущего года в одном из регионов зафиксировано 159 случаев незаконного ввоза таких шин, общим весом почти 1,5 тыс. тонн. В другом регионе в предыдущие годы ввезено более 200 тонн аналогичной продукции.
 
Подобные шины классифицируются как опасные отходы, их использование может угрожать безопасности на дорогах и окружающей среде.
 
После вмешательства прокуратуры Комитет государственных доходов усилил контроль и обновил меры в системе управления рисками. Работа по выявлению нарушений продолжается.

Ссылка на сайт Главной транспортной прокуратуры:
 
https://www.gov.kz/memleket/entities/gtp/press/news/details/1041079?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Орал қаласында сарапшылық кездесу өткізілді

Қазақстан Республикасының Конституциясына - «Ата Заң - тәуелсіздік тірегі» атты 30 жылдық мерейтойына арналған ісшаралар ұлттық жоспар шеңберінде ағымдағы жылдың 24 және 25 шілдесі аралығында «Атамекен» мәдениет орталығында Конституциялық Сот пен Бас прокуратура өкілдерінің қатысуымен өңірлік сараптамалық кездесуі өткізілді.

Конституциялық Сотының судьясы Роман Анатольевич Подопригора және Бас прокуратураның аға прокуроры Әділкенұлы Серік, студенттер мен құқық саласы мамандарына өз баяндамаларын жасады.

Баяндамаларда Конституцияның тәуелсіздіктің негізі, құқық үстемдігі мен құқық мәдениетінің қалыптасуындағы рөліне ерекше назар аударылды.

Мемлекеттік органдар өкілдері адам құқықтарын қорғауды күшейту және әділет институттарын дамытуға бағытталған конституциялық реформалардың жүзеге асу барысы туралы ақпаратпен бөлісті.

Прокуратураның конституциялық заңдылықты қамтамасыз етудегі рөлі, адвокатураны дамыту перспективалары және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды.

Ісшараның қорытындысы ретінде белсенді пікірталас, экскурсиялық бағдарлама және жалпы фотографияға түсу болды.

Мұндай кездесулер құқықтық сананы қалыптастыруға, мемлекет пен қоғам арасындағы диалогты нығайтуға, сондайақ өңірлерде ағартушылық қызметтің маңызды компоненті ретінде үлесін қосады.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Уральске прошла экспертная встреча

В рамках Национального плана мероприятий, посвящённых 30-летию Конституции «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі», в культурном центре «Атамекен» состоялась выездная экспертная встреча с участием представителей Конституционного Суда и Генеральной прокуратуры.

Перед участниками, студентами и представителями юридического сообщества выступили судья Конституционного Суда Подопригора Роман Анатольевич и старший прокурор Генеральной прокуратуры Әділкенұлы Серік.

В ходе выступлений особое внимание было уделено значению Конституции как фундамента независимости, верховенства права и правовой культуры в обществе.

Представители государственных органов рассказали о ходе реализации конституционных реформ, направленных на усиление защиты прав человека и укрепление институтов справедливости.

В рамках дискуссии обсуждалась роль прокуратуры в обеспечении конституционной законности, перспективы развития адвокатуры и повышение правовой грамотности молодёжи.

Мероприятие завершилось активным обсуждением, экскурсионной программой и общим фото на память.

Подобные встречи способствуют формированию правового сознания, укреплению диалога между государством и обществом, а также являются важной частью просветительской работы в регионах.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Амнистия туралы заң қылмыстық саясатты ізгілендіруге бағытталған

2025 жылғы 23 маусымдағы «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңының талаптарын іске асыру мақсатында Ақтөбе облысының прокуратурасымен оны қолданудың заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз ету аясында жұмыстар жүргізілуде.

Аталған Заңның талаптары мемлекеттің жекелеген азаматтар санатына қатысты гуманизм актісін жасауға бағытталған.

Рақымшылық Заң күшіне енген күннен бастап алты ай ішінде қолданылады. Осы мерзім ішінде құқық қорғау және сот органдары рақымшылыққа жататын істерді қарап, белгіленген тәртіппен шешім қабылдауы тиіс.

Рақымшылық 2025 жылғы 24 маусымға дейін жасалған құқықбұзушылықтар бойынша келесі тұлғаларға қатысты қолданылады:

- қылмыстық теріс қылықтар және онша ауыр емес қылмыстар жасаған;

- залал келтіруге алып келмеген не оны толық өтеген немесе олар бойынша азаматтық талап қойылмаған ауырлығы орташа қылмыстар жасаған;

- залалдың немесе азаматтық талап қоюдың бар-жоғына қарамастан, ауырлығы орташа қылмыстар жасаған әлеуметтік жағынан осал тұлғалар босатылады.

Прокуратура Заң талаптарының қатаң сақталуын қадағалау шеңберінде тұрақты түрде бақылау жүргізеді. Бұл ретте жәбірленушілердің құқықтарын қорғауға, әділеттілік қағидаттарын сақтауға және қайталап қылмыс жасалуына жол бермеуге баса назар аударылады.

Аталған Заңның орындалуы прокуратура органдарының тұрақты бақылауында болады.

Ақтөбе облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1041867?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Закон об амнистии направлен на гуманизацию уголовной политики

В целях реализации положений Закона Республики Казахстан от 23 июня 2025 года «Об амнистии в связи с тридцатилетием Конституции Республики Казахстан» прокуратурой Актюбинской области проводится работа по обеспечению законности и обоснованности его применения.

Положения Закона направлены на проявление акта гуманизма государства в отношении отдельных категорий граждан.

Амнистия применяется в течение шести месяцев со дня вступления Закона в силу. В этот период соответствующие правоохранительные и судебные органы обязаны рассмотреть дела, подпадающие под амнистию, и принять решения в установленном порядке.

Амнистия распространяется на лиц, совершивших правонарушения до введения Закона в действие, т.е. до 24 июня 2025 года и в отношении лиц:

-​ совершивших уголовные проступки и преступления небольшой тяжести;

- совершивших преступления средней тяжести, не повлекшие причинение ущерба, либо полностью его возместившие или по которым не предъявлен гражданский иск;

-​ в отношении социально уязвимых лиц, совершивших преступления средней тяжести вне зависимости от наличия ущерба или гражданского иска.

Прокуратура осуществляет надзор за строгим соблюдением требований Закона при его применении. ​Приоритет отдается обеспечению защиты прав потерпевших, соблюдению принципов справедливости и недопущению повторного совершения преступлений.

Работа по реализации Закона будет находится на постоянном контроле органов прокуратуры.

Ссылка на сайт прокуратуры Актюбинской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1041867?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM