Қазақстан Бас прокуратурасы
17.4K subscribers
3.07K photos
2.76K videos
40 files
10.7K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Есірткі саудасы үшін 20 жыл бойы жасырынып келген қазақстандық Ресейден экстрадицияланды
 
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Ресей Федерациясынан қылмыстық қоғамдастыққа қатысқаны, аса ірі мөлшерде есірткі заттарының заңсыз айналымы мен олардың контрабандасы үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады.

Аталған тұлға 2003 жылы Өзбекстаннан Қазақстан арқылы Ресейге героин мен опий жеткізумен айналысқан қылмыстық қауымдастықтың құрамына кірген.

Күдікті есірткіні тасымалдау, сақтау және қылмыстық қауымдастықтың басқа мүшелеріне өткізу қызметтерін атқарған.

2003 жылы Қызылорда және Қарағанды облыстарында жүргізілген арнайы операциялар барысында қылмыскерлердің бір бөлігі ұсталып, олардан 35 кг героин мен 28 кг опий алынған.

Ұсталған адамдар кейін сотталған, ал күдікті құқық қорғау органдарынан қашып үлгеріп, халықаралық іздеуге жарияланған.

20 жыл бойы іздеуде жүрген ол өткен жылдың желтоқсанында Ресейдің Самара облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазіргі таңда ол тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Из России экстрадирован казахстанец, скрывавшийся 20 лет за наркоторговлю
 
Генеральной прокуратурой Республики Казахстан из Российской Федерации экстрадирован гражданин Казахстана для привлечения к уголовной ответственности за участие в преступном сообществе, незаконный оборот наркотических средств в особо крупном размере, а также их контрабанду.

Указанное лицо в 2003 году было вовлеченов деятельность преступного сообщества, которое занималось поставками из Узбекистана через территорию Казахстана в Россию героина и опия.

Подозреваемый выполнял функции по перевозке, хранению и передаче наркотиковдругим участникам преступного сообщества для дальнейшего сбыта.

В ходе спецопераций, проведенных в 2003 году в Кызылординской и Карагандинской областях, часть преступников были задержаны, при этом у них изъято 35 кг героина и 28 кг опия.

В последующем они были осуждены, а подозреваемый от правоохранительных органов смог скрыться, в связи с чем был объявлен в международный розыск.

Спустя 20 лет нахождения в розыске, в декабре прошлого года он задержан в Самарской области Российской Федерации и по запросу Генеральной прокуратуры Казахстана экстрадирован на Родину.

В настоящее время фигурант водворен в следственный изолятор.

За совершение инкриминируемых преступлений предусмотрено наказание в виде лишения свободы сроком от 10 до 15 лет, с конфискацией имущества.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Атырау облысында қайтарылған қаражатқа жаңа мектеп салынуда
 
2025 жылғы 30 мамырда Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жамансор ауылында 110 орны бар жаңа мектеп-интернат құрылысының іргетасына «уақыт капсуласын» салу салтанаты өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының орынбасары Ғабит Садырбеков, Атырау облысының прокуроры Бауыржан Жұмақанов, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғам белсенділері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Жаңа мектеп-интернат мемлекетке заңсыз жолмен иемделіп, кейін қайтарылған активтер есебінен салынуда. Бұл -әділеттіліктің қалпына келіп, ел игілігіне қызмет етіп жатқандығының айқын дәлелі, яғни, білімге қолжетімділік, жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен тұрғындардың өмір сүру сапасының жақсаруы.

Ауылда осы күнге дейін 60 орындық бастауыш мектеп қана жұмыс істеп келген, онда акт және спорт залдары болмаған. Жоғары сынып оқушылары күн сайын ондаған шақырым қашықтыққа қатынап оқуға мәжбүр болды. Жаңа интернат Жамансор мен оған жақын елді мекендердің балаларын сапалы біліммен қамтамасыз ететін болады.

Жоба Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша Арнаулы мемлекеттік қордан ел бойынша қаржыландырылып жатқан 333 әлеуметтік нысанның біріне жатады.

Өз сөзінде Ғ. Садырбеков мұндай көлемдегі әрі маңызы зор жобалар Конституциялық құндылықтар мен «Заң мен Тәртіп» идеологиясының, сондай-ақ Мемлекет Басшысының әділетті саясатының тікелей көрінісі екенін атап өтті.

Жергілікті ақсақалдардың батасынан кейін шара қатысушылары салтанатты түрде уақыт капсуласын қойып, жаңа мектеп тарихының бір бөлігіне айналатын арнайы альбомға өз тілектерін қалдырды.

#Заң_мен_Тәртіп

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Атырауской области строится новая школа на возвращенные деньги
 
30 мая 2025 года в селе Жамансор Кызылкогинского района Атырауской области состоялась торжественная церемония закладки «капсулы времени» в строительство новой школы-интерната на 110 мест.

В мероприятии приняли участие заместитель Генерального Прокурора Республики Казахстан Габит Садырбеков, прокурор Атырауской области Бауыржан Жумаканов, представители местных исполнительных органов, общественности и жители села.

Новая школа-интернат строится за счёт средств, возвращённых государству в рамках реализации Закона «О возврате государству незаконно приобретённых активов». Это яркий пример того, как восстановленная справедливость воплощается реальной пользой для граждан – доступом к образованию, созданием новых рабочих мест и улучшением качества жизни.

До сих пор в селе функционировала только начальная школа на 60 мест, без актового и спортивного залов. Дети старших классов вынуждены добираться в соседние села на десятки километров. Новый интернат обеспечит качественное обучение для детей из Жамансора и близлежащих населенных пунктов.

Проект реализуется в рамках поручения Главы Государства за счет средств Специального государственного фонда, из которого финансируется строительство 333 социальных объектов по всей стране.  

Как отметил Г. Садырбеков, проекты такого масштаба и значимости – это прямое воплощение конституционных ценностей, идеологии «Закон и Порядок» и справедливой политики Главы Государства.

После слов напутствия от местных старейшин участники мероприятия заложили «капсулу времени» и оставили пожелания в специальном альбоме, который станет частью истории новой школы.

#Закон_и_Порядок

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратура органдарының қызметкерлері мен олардың балалары Ұлттық музейге барды

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қызметкерлері отбасыларымен бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне барды.

Іс-шараның мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу және ұлттық тарих пен мәдениетке баулу.

Экскурсия барысында қатысушылар музейдің негізгі экспозицияларымен танысты. Олардың қатарында Ұлы даланың мәдени мұрасын көрсететін бірегей тарихи артефактілер мен Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихына арналған көрмелер бар.

Балалар мен ересектер ерекше қызығушылықпен саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған интерактивті аймақты тамашалады. Мұнда ел тарихының қайғылы кезеңдерін бейнелейтін материалдар қолжетімді және түсінікті форматта ұсынылды. Бұл аймаққа бару жас ұрпақтың адамгершілік және тарихи санасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарды, сондай-ақ бостандық пен бейбітшіліктің бағасын ұғынуға мүмкіндік берді.

«Осындай шаралар ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, балалардың «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында өз елінің тарихына деген қатыстылық сезімін оятады. Балалар өткенге құрметпен қарап, оның маңызын түсініп өсуі маңызды», – деді қатысушылардың бірі.

Прокуратура органдары алдағы уақытта да «Адал Азамат» тұжырымдамасына сай балалар тәрбиесіне және азаматтық жауапкершілігі жоғары ұрпақ қалыптастыруға бағытталған мәдени-ағартушылық шараларды жалғастыруды жоспарлап отыр.

#Заң_мен_Тәртіп

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сотрудники органов прокуратуры и их дети посетили Национальный музей

В преддверии Международного дня защиты детей сотрудники органов прокуратуры Республики Казахстан совместно со своими семьями посетили Национальный музей Республики Казахстан.

Мероприятие было направлено на поддержку семейных ценностей, патриотическое воспитание молодого поколения и приобщение к национальной истории и культуре.

Участники экскурсии ознакомились с основными экспозициями музея, включая уникальные исторические артефакты, свидетельства культурного наследия Великой степи и экспозиции, посвящённые истории независимого Казахстана.

Особый интерес у детей и взрослых вызвала интерактивная зона, приуроченная ко Дню памяти жертв политических репрессий и голода, где в доступной форме были представлены материалы о трагических страницах истории страны. Посещение этой зоны стало важным элементом нравственного и исторического воспитания подрастающего поколения, позволяющим осмыслить цену свободы и мира.

«Подобные мероприятия объединяют поколения, формируют у детей чувство сопричастности к истории своей страны в рамках принципа «Закон и Порядок». Важно, чтобы они росли с уважением к прошлому и пониманием его значимости»,— отметил один из участников.

Органы прокуратуры планируют и далее проводить культурно-просветительские мероприятия, придавая особое значение воспитанию детей и формированию сильной гражданской идентичности согласно концепции «Адал Азамат».

#Закон_и_Порядок

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сарысу ауданының прокуратурасы әлеуметтік осал азаматтардың құқықтарын қорғады
 
Сарысу ауданының прокуратурасы әлеуметтік осал топтарға берілген 184 пәтер бойынша жалдау ақысын есептеу кезінде заң бұзушылықтарды анықтады.
 
Жалдау ақысы негізсіз есептелгені, бұл 668 447 теңгеге артық төлемге әкелгені анықталды.
 
Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде жалдау ақысы қайта есептелінді.
 
Сонымен қатар, аудан прокуратурасының араласуымен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 4 кәмелетке толмағанға тұрғын үй берілді, ал тағы бір жетім бала тұрғын үй алу кезегіне қойылды.
 
Осылайша, прокуратура әлеуметтік осал санаттағы 197 азаматтың құқықтарын қорғады.
 
Жамбыл облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1009273?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM