Қазақстан Бас прокуратурасы
16.6K subscribers
2.2K photos
1.89K videos
40 files
8.12K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Алдын алу бағытындағы ауқымды жұмыс – есірткі поштасы бақылауда
 
Сарыарқа ауданының прокуратурасы есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.

Есірткі және психотроптық заттарды жеткізу арналары, соның ішінде пошталық жөнелтілімдер арқылы тасымалдау жолдары толығымен бұғатталуда.

Прокуратура қызметкерлері пошта бөлімшелерінің қызметкерлерімен тұрақты кездесулер өткізіп, оларға есірткі және психотроптық заттардың ерекшеліктері, иістері және белгілері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Сарыарқа ауданының прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, полиция қызметкерлері, «Қазпошта» АҚ қауіпсіздік қызметі мен Астана қаласы бойынша ҰҚК-нің Департаменті өкілдерінің бірлескен жұмысы нәтижесінде АҚШ-тан келген жөнелтілімді алған күдікті тұлға ұсталды.

Күдіктіні жеке тінту барысында жалпы салмағы 569,13 грамм болатын екі пакетке салынған каннабис сығындысы (гашиш майы) алынды.

Аталған факт бойынша ҚК-ң 286-бабының 4-бөлігі (айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың аса ірі мөлшерде контрабандасы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысы бар кінәлі тұлғалар анықталуда.

#Заң_мен_Тәртіп

Астана қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/964938?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Масштабная работа на опережение – наркопочта под контролем
 
Прокуратура района Сарыарка продолжает активную работу по борьбе с незаконным оборотом наркотиков.

Блокируются все каналы поставки наркотических, психотропных средств, в т.ч. посредством почтовых отделений.

Сотрудниками прокуратуры на постоянной основе проводятся встречи с работниками почтовых отделений, в ходе которых разъясняются признаки, характерные особенности, запахи наркотических и психотропных веществ.

При координации прокуратуры района Сарыарка в ходе оперативно-розыскных мероприятий сотрудниками полиции совместно с представителями службы безопасности АО «Казпочта» и ДКНБ г.Астаны задержан подозреваемый с посылкой из США.

При его личном обыске обнаружены 2 вакуумных пакета с наркотическим средством – экстрактом каннабиса (гашишное масло) общим весом 569,13 гр.

В настоящее время по данному факту проводится досудебное расследование по ст.286 ч.4 УК (контрабанда изъятых из обращения предметов, связанные с наркотическими средствами, психотропными веществами, их аналогами, совершенные в особо крупном размере), устанавливается круг виновных лиц.
 
#Закон_и_Порядок

Ссылка на сайт прокуратуры города Астаны:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/964938?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратура Меркі ауданындағы колледждер үшін «Жетекшілік» институтын іске асыруды жалғастырды
 
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров Меркі ауданының колледж студенттерімен кездесу өткізді.

Іс-шараға Жамбыл облысы Әділет департаментінің басшысы, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ колледж директорлары қатысты.

Ауданда жыл сайын ауыл шаруашылығы, дәнекерлеу, агрономия, тамақтандыру ұйымы және токарлық іс салаларында 500-ден астам маман даярлайтын екі колледж жұмыс істейді. 

Жұмысқа орналасу жас адамның білікті маман ретінде қалыптасуында маңызды рөл атқарады, бұл өз кезегінде құқық бұзушылық деңгейіне әсер етеді. 

Талдау нәтижелері көрсеткендей, Меркі ауданында 245 қылмыстың 203-і, яғни 90%-ы жұмыссыздар тарапынан жасалған, олардың ішінде 7 адам орта арнайы білім алған. 

Осы статистикаға назар аудара отырып, Нұрғалым Әбдіров колледж түлектерінің мамандықтарына сәйкес ірі өндірістік кәсіпорындарда жұмысқа орналасу практикасын қалыптастыру қажеттілігін атап өтті. 

Прокуратураның бастамасымен аудан колледждері мен «Меркі шипажайы» АҚ және «Меркі тәжірибе шаруашылығы» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оның аясында ірі кәсіпкерлер өз қаражаттары есебінен біліктілікті арттыру шараларын өткізу міндеттемесін алды. 

Прокурорлар сондай-ақ «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесіп, кәсіпорындағы еңбек жағдайларымен танысып, жұмысшылармен әңгімелесті. 

Бұл оң қадамдар аймақтағы қылмыстық жағдайды жақсартуға әсер ететіні сөзсіз.

Сонымен қатар, кездесуде түлектерге қамқорлық көрсету және оларды жұмысқа орналастыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. 

Колледж студенттері бұл іс-шараны оң қабылдап, өз қолдаулары мен бастамаларын білдірді.
 
#Заң_мен_Тәртіп

Жамбыл облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/964680?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратура продолжила реализацию института «Шефства»
для колледжей в Меркенском районе
 
В рамках объявленного «Года рабочих профессий» прокурор Жамбылской области Нургалым Абдиров провел очередную встречу со студентами колледжей Меркенского района.

В мероприятии приняли участие руководитель Департамента юстиции Жамбылской области, представители местных исполнительных органов, а также директора колледжей.

В районе функционируют два колледжа, которые ежегодно выпускают более 500 специалистов в таких областях, как сельское хозяйство, сварочное дело, агрономия, организация питания и токарное дело.

Трудоустройство играет ключевую роль в становлении молодого человека как квалифицированного специалиста, что, в свою очередь, сказывается на уровне правонарушений.

Анализ показал, что в Меркенском районе 90% преступлений, а именно 203 из 245 совершены безработными, среди которых 7 человек имели среднее специальное образование.

Обращая внимание на эту статистику, Нургалым Абдиров подчеркнул необходимость формирования практики трудоустройства выпускников колледжей на крупных производственных предприятиях района в соответствии с их специальностями.

Так по инициативе прокуратуры подписан меморандум о сотрудничестве между колледжами района и АО «Меркі шипажайы» и ТОО «Меркі тәжірибе шаруашылығы», в рамках которого крупные предприниматели взяли на себя обязательства проводить мероприятия по повышению квалификации за свой счет.

Прокуроры также посетили трудовой коллектив ТОО «Меркенский сырзавод», где ознакомился с условиями труда на предприятии и провел беседу с работниками.

Эти положительные шаги, безусловно, окажут влияние на улучшение криминогенной обстановки в районе.

Кроме того, на встрече достигнуты соглашения о попечительстве над выпускниками и их трудоустройстве.

Студенты колледжа положительно восприняли данное мероприятие и выразили свою поддержку и инициативы.
 
#Закон_и_Порядок

Ссылка на сайт прокуратуры Жамбылской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/964680?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Маңғыстау облысы прокуратурасында алқа отырысы өткізілді
 
Облыс прокуроры Айдос Майлыбаевтың төрағалығымен білім беру саласындағы тексерулердің нәтижелері бойынша алқа отырысы өтті.
 
Отырысқа облыс әкімі, бала құқықтары жөніндегі уәкілі, сондай-ақ уәкілетті органдардың басшылары мен мектеп директорлары қатысты.
 
Тексерумен анықталған бұзушылықтар, білім сапасының төмендеуіне әсер ететін факторлар және балалардың қауіпсіздігі мәселесі талқыланды.
 
Прокурорлық тексерулермен 300-ден астам тұлға тәртіптік, 500-ден астам тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
 
Соңғы 3 жылда прокурорлармен жалған дипломмен қызмет етудің 100-ге жуық және педагогтардың кәсіптік даярлықтан өту туралы жалған сертификаттарды пайдаланудың 7 фактісі анықталды.
 
Қаражат жымқыру, алаяқтық, лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану әрекеттері үшін 20-дан аса қылмыстық іс тіркелген.

Облыс прокуроры Айдос Майлыбаев, аймақта білім сапасын жақсартуға бағытталған «Жастар білімді болуға құқылы» жобасының маңыздылығына ерекше тоқталды.

Білім сапасына кері әсер ететін бірнеше факторлар анықталып, профильді министрлікке кешенді ұсыныс жолданды.
 
«Заң және Тәртіп – әр азамат ұстануға тиіс басты қағида. Біз формалды тәсілге жол бере алмаймыз – тек нақты әрекеттер мен нақты өзгерістер қажет. Алдағы жұмысымыз балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың білім сапасын арттыру және педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін жетілдіру бойынша бірлескен шараларды қабылдауға бағытталуы керек», – деп түйіндеді облыс прокуроры.

Алқа отырысының нәтижелері бойынша уәкілетті органдар жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар әзірленді және нақты тапсырмалар берілді.
 
#Заң_мен_Тәртіп
     
Маңғыстау облысы прокуратурасының сайтына сілтеме
:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/964951?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В прокуратуре Мангистауской области состоялось заседание коллегии

Под председательством прокурора области Айдоса Майлыбаева состоялось заседание коллегии по итогам проверок в сфере образования.

В заседании приняли участие аким области, уполномоченный по правам ребенка, руководители уполномоченных органов и директора школ.

Обсудили выявленные по результатам проверок нарушения, факторы, влияющие на снижение качества образования, а также вопросы безопасности детей.

По прокурорским проверкам к дисциплинарной ответственности привлечены более 300, к административной – свыше 500 лиц.

За последние 3 года прокурорами выявлено около 100 случаев осуществления педагогами деятельности по поддельным дипломам и 7 фактов использования ими поддельных свидетельств о прохождении профессиональной подготовки.

Зарегистрированы свыше 20 уголовных дел по фактам хищения средств, мошенничества и злоупотребления должностными полномочиями.

Как отметил прокурор области Айдос Майлыбаев, в регионе реализуется проект «Жастар білімді болуға құқылы», направленный на улучшение качества образования.

Выявлены несколько факторов, негативно влияющих на уровень образования, и по ним направлен ряд предложений в профильное министерство.

«Закон и Порядок – это главный принцип, которому мы все должны следовать. Мы не можем позволить себе формальный подход – только реальные действия и реальные изменения. Дальнейшая наша работа должна быть направлена на совместное принятие мер, обеспечивающих безопасность детей, повышение качества их образования и профессиональный рост педагогических кадров», - резюмировал прокурор области.    

По итогам заседания были выработаны меры, направленные на повышение эффективности работы уполномоченных органов, а также даны конкретные поручения.

#Закон_и_Порядок
 
Ссылка на сайт прокуратуры Мангистауской области:
 
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/964951?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Өткен аптаның маңызды және өзекті жаңалықтарын естеріңізге саламыз.

📌Сәрсенбі:

🔹Көліктегі қосымша қызметтерге заңсыз мәжбүрлеу: Алматыда автосалондарда ақылы қосымша қызметтерді тұтынушыларға заңсыз таңу фактілері анықталды. Бұл енді заңсыз. Айыппұл сомасы туралы толығырақ — сілтемеде.

🔹Қорғансыздардың құқығы қорғалды: Қарағанды облысында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында қамқорлықтағы тұлғалардың зейнетақысы мен жәрдемақысы тиімсіз жұмсалған, ал қажетті тауарлар нарық бағасынан екі есе қымбат сатып алынған. Прокуратура қабылдаған шаралар — сілтемеде.

📌Бейсенбі:

🔹Telegram-арна арқылы бала порнографиясын тарату: Түркістан облысында прокурорлар ақылы түрде бала порнографиясын таратқан Telegram арнасын анықтады. Ұйымдастырушылар ұсталды. Толығырақ — осы жерден оқыңыз.

🔹Жүзуге тыйым заңсыз деп танылды: Абай облысының прокуратурасы барлық су қоймаларында шомылуға тыйым салған АШМ НҚА-ны заңсыз деп тану туралы сотқа талап арыз берді.

📌Жұма:

🔹Артық бюрократия жойылды: Көлік прокуратурасы кәсіпкерлерге мемлекеттік мүлікті жалға алуда кедергі келтірген НҚА-ның күшін тоқтатуға қол жеткізді.

🔹Пошта арқылы таратылатын есірткілерге тосқауыл: Астанада есірткі тасымалдаудың пошта арналары жабылды.

🔹Балаларға арналған оңалту орталығындағы алаяқтық: Павлодарда бюджеттік қаржыландырылатын орталық ата-аналардан заңсыз ақша жинағаны анықталды.

🔹 «Заң және Тәртіп»: Бас прокурор Берік Асылов құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша кеңес өткізіп, нақты тапсырмалар берді. Ең бастысы – азамат өзін қорғауда сезінуі керек, тек сөзбен емес, іспен.

Осы және басқа да жаңалықтарды Бас прокуратураның телеграмм арнасынан оқып, бізді әлеуметтік желілерден қараңыз:  

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Напоминаем о главных и актуальных новостях прошедшей недели.

📌Среда:

🔹Допуслуги вне закона: в Алматы прокуроры выявили факты навязывания автосалонами дополнительных платных услуг. Теперь это под запретом. О сумме штрафов — по ссылке.

🔹Права под защитой: в Карагандинской области пресечены нарушения в центрах соцуслуг. Пенсии подопечных тратились нецелесообразно, товары закупались по завышенным ценам. Подробнее о мерах прокуратуры — по ссылке.

📌Четверг:

🔹Детское порно в Telegram: в Туркестанской области обнаружен канал с платным распространением запрещённого контента. Организаторы задержаны. Подробности — здесь.

🔹Купаться можно: прокуратура области Абай опротестовала запрет Минсельхоза на купание во всех водоёмах. Иск подан в суд.

📌Пятница:

🔹Бюрократии — меньше: транспортная прокуратура приостановила действие НПА, мешающего бизнесу арендовать госимущество.

🔹Почтовые каналы под контролем: в Астане перекрыты каналы поставки наркотиков через посылки.

🔹Мошенничество в детском центре: в Павлодаре выявлены незаконные схемы: руководство центра, финансируемого из бюджета, незаконно взимало деньги с родителей.

🔹"Закон и Порядок": Генпрокурор Берик Асылов провёл совещание, поручив усилить профилактику правонарушений. Главное — чтобы граждане чувствовали защиту не на словах, а на деле.

Эти и другие новости читайте на телеграмм канале Генеральной прокуратуры и смотрите нас в социальных сетях:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
"Заң мен Тәртіп" идеологиясы аясында Меркі ауданының прокуратурасы аудандық жол-патрульдік қызметкерлері мен жеке сот орындаушылармен бірлесе «Борышкер» рейдтік іс-шарасын өткізді.

#ЗаңменТәртіп

В рамках идеологии "Закон и Порядок" прокуратурой Меркенского района совместно с сотрудниками патрульной службы и частными судебными исполнителями проведено рейдовое мероприятие "Борышкер".

#ЗакониПорядок

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратура органдарында жолданымдарды қарау туралы
 
Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын жан-жақты, сапалы қарау, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру прокурорлар жұмысының басты басымдықтарының бірі болып табылады.

Көбінесе прокуратура органдарына тергеу және анықтау органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне, олар шығарған процестік шешімдерге, қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот актілерімен келіспеу туралы, тексерулер жүргізу кезінде құқықтардың бұзылуына, сот орындаушыларының әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне), тұрғын үй қатынастары аясында, жер заңнамасы саласында туындайтын бұзушылықтарға қатысты шағымдармен, сондай-ақ қылмыс жасалғаны туралы арыздармен жүгінеді.  

Статистикаға сүйенсек, жағдай мынадай:

А.ж. 2 айында прокуратура органдарына 70 мыңнан астам жолданым келіп түсті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14%-ғаартық, оларды қарау нәтижесінде 4,8 мыңға жуық арыз иесінің құқығы қорғалған.

«Прокуратура туралы» Конституциялық заңға сәйкес прокуратура басқа мемлекеттік органдардың функцияларын алмастырмайды.

Прокуратура мемлекет атынан заңда белгіленген шектерде және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

Сондай-ақ азаматтардың назарын прокурордың қатысуынсыз қаралған азаматтық істер бойынша сот актілеріне шағымдарды (мемлекеттің, қоғамның немесе өзін өз бетінше қорғай алмайтын міндетті емес санаттағы азаматтардың мүдделері қозғалмайтын) прокурорлардың қарау тәртібіне аударғымыз келеді.

Алайда іс жүзінде аталған мәселелер бойынша азаматтар прокуратура органдарына жүгінеді және жеке қабылдауды сұрайды. Бұл мәселелерді қарау прокуратураның құзыретіне жатпайтындықтан, олар бойынша дәлелдерді қанағаттандырудан бас тартылады.

Дегенмен Азаматтық процестік кодекске (АПК) сәйкес прокурорлар мемлекет пен қоғамның, өз құқықтарын өз бетінше қорғауға қабілетсіз адамдардың мүдделері қозғалатын соттардың шешімдеріне, сондай-ақ заңмен белгіленген немесе сот прокурор қатысу қажет деп таныған кезде шағымдарды қарайды.

Сондықтан жеке-құқықтық даулар бойынша тараптар даулы сот актілеріне сотқа дербес шағымдануы тиіс.

Мысалы, мынадай сот актілеріне жасалған шағымдар Бас прокуратураның қарауына жатады:

- азаматтық істер бойынша, сот актілерізаңды күшіне енген, 6 ай шағым жасау мерзімі шегінде және арыз иесінің кассациялық сатыға жүгіну құқығын іске асырғаннан кейін ғана (мемлекеттің мүдделерін қозғайтын, адамдардың шектеусіз тобын, қоғамдық мүдделерді немесе өзін өз бетінше қорғай алмайтын азаматтарды қорғау талап етілгенде, сондай-ақ прокурордың қатысу қажеттігін сот мойындаған кезде);

- әкімшілік істер бойынша ӘРПК-нің 31-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік істер бойынша кассациялық сатының қаулыларына шағымдар арыз иесі Жоғарғы Сот Төрағасына жүгіну құқығын іске асырғаннан кейін 3 ай шағым жасау мерзім шегінде қаралады, бұл –  салық, кеден, бюджеттік қатынастарға, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстар, сайлау заңнамасы және т.б. байланысты істер.

Келесі шағымдар Бас прокуратураның қарауына жатпайды:

- сотта қаралатын істер бойынша;

- даудың санатына қарамастан соттардың заңды күшіне енбеген шешімдері (соттарға жолдануы тиіс);

- істердің «міндетті емес санаты» бойынша (яғни жеке-құқықтық, корпоративтік даулар және т.с.с);

- арыз иесі сот актілеріне Жоғарғы сотқа дау айту құқығын іске асырмаған істердің міндетті санаты бойынша (АПК-ның 442-бабының 4-бөлігі);

- азаматтық істер бойынша 6 айлық және әкімшілік істер бойынша 3 айлық мерзімді өткізіп алған жағдайда заңды күшіне енген сот актілеріне;

- судьялардың әрекеттеріне шағымдар (ведомстволық бағыныстылығы бойынша соттарға жолданады).

Толығырақ сілтемеде:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuror/press/news/details/965450

#ЗаңменТәртіп

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM