Қазақстан Бас прокуратурасы
17.3K subscribers
2.41K photos
2.2K videos
40 files
8.95K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Дәрілік заттар айналымы саласындағы бұзушылықтар анықталды
 
Қызылорда облысының прокуратура органдары дәрілік заттар айналымы саласындағы заңнаманың сақталуына тексеріс жүргізді.

Тексеріс нәтижесінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде облыстың 7 мыңнан астам тұрғынының дәрілік заттармен қамтамасыз етілмегені анықталды.

Қызылорда қаласының емханаларында балалардың жас шамасы ескерілмей, 1 мыңнан астам кәмелетке толмағанға негізсіздәрі-дәрмек тағайындалған.

Медициналық нұсқаулықсыз 170 науқасинсулин препараттарымен қамтамасыз етілген.

Одан бөлек, 68 дана медициналық препараттың сақтау талаптары бұзылып, 2 науқасқа жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар тағайындалған.

Сонымен қатар өңірдің 14 медицина ұйымында заңсыз фармацевтикалық қызметпен 19 жұмыскер айналысқан.

Анықталған заңдылықты бұзулар бойынша уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, қарау нәтижесімен 93 тұлға жауаптылыққа тартылған.  

Қызылорда облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/843184?lang=kk

📱 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Выявлены нарушения в сфере обращения лекарственных средств
 
Органами прокуратуры Кызылординской области проведена проверка на предмет соблюдения законности в сфере обращения лекарственных средств.

По результатам проверки установлено, что в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи более 7 тысяч жителей области не были обеспечены лекарствами.

В поликлиниках города Кызылорда, не учитывая возраст детей, необоснованно назначены лекарственные средства свыше 1 тысячи несовершеннолетним.

Без медицинского назначения 170 лиц обеспечено инсулиновыми препаратами.

Кроме того, 68 единиц медицинского препарата хранились с нарушениями требований правил хранения, в результате 2 пациентам назначены лекарства с истекшим сроком годности.

Также, в 14 медицинских организациях региона незаконную фармацевтическую деятельность осуществляли 19 сотрудников.

По выявленным нарушениям в адрес уполномоченных органов внесены акты прокурорского надзора, по результатам рассмотрения 93 лица привлечены к ответственности.  
 
Ссылка на сайт прокуратуры Кызылординской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/843184?lang=ru

📱 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
БҚО соты қаржылық пирамиданы ұйымдастырушыға үкім шығарды
 
Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық соты2019-2020 жылдар аралығында «Качество PLUS» ЖШС қаржылық (инвестициялық) пирамидасын құрған Орал қаласының тұрғынын анықтады.

Инвестициялық жобаларды заңды түрде инвестициялаймыз деген желеумен ол 73 салымшының қаражатын заңсыз тартып, жоғары табысқа уәде берген.

Оның қылмыстық әрекетінің нәтижесінде жәбірленушілер жалпы сомасы 143 миллион теңгеден астам материалдық шығынға ұшыраған.

Одан әрі өзіне жеке басшылық бойынша барлық өкілеттіктерді бере отырып, ол азаматтардың тұтыну кооперативінен «Свой DOM.kz» және «Pater Hause» тұрғын үй-құрылыс кооперативінен жалпы сомасы 161 миллион теңгеден астам қаражатты ұрлаған.

Мемлекеттік айыптаушының принципті ұстанымын ескере отырып, сотталушының қаржылық пирамиданы құруға және басқаруға, сондай-ақ қаражатты ұрлауға қатыстылығы дәлелденді.

Сот сотталушыны кінәлі деп тауып, қаржы ұйымдарында басшы лауазымдарды атқару және 10 жыл мерзімге қаржы ұйымының мүшесі болу құқығынан айыра отырып қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Сонымен қатар сот үкімімен тыйым салынған жылжымайтын және жылжымалы мүлік, атап айтқанда жер телімі мен автокөлік келтірілген шығынды өтеуге жіберілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

БҚО прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/843438?lang=kk

📱 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Суд ЗКО вынес приговор организатору финансовой пирамиды
 
Судом города Уральск установлено, что уроженка г.Уральск, в промежутке времени с 2019года по 2020 года создала финансовую (инвестиционную) пирамиду ТОО «Качество PLUS».

Под видом легального инвестированияинвестиционных проектов, она незаконно привлекала денежные средства 73 вкладчиков, обещая высокие доходы.

В результате ее преступной деятельности потерпевшим причинен материальный ущерб на общую сумму свыше 143 млн тенге.

Далее наделив себя всеми полномочиями по единоличному руководству совершила хищение денежных средств потребительского кооператива граждан «Свой ДОМ.kz» и жилищно-строительного кооператива «Pater Hause» на общую сумму свыше 161 млн тенге.

С учетом принципиальной позиции государственного обвинителя доказана причастность подсудимой к созданию и руководству финансовой пирамиды, а также в хищении денежных средств.

Суд признал подсудимую виновной и по совокупности уголовных правонарушений назначил наказание в виде 7 лет лишения свободы, с лишением права занимать руководящие должности в финансовых организациях и являться участником финансовой организации сроком на 10 лет.

Кроме того, по приговору суда арестованные недвижимые и движимые имущества, а именно земельный участок и автомобиль обращены в счет возмещения ущерба.

Приговор суда не вступил в законную силу.

Ссылка на сайт прокуратуры ЗКО:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/843438?lang=ru
 
📱 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Дені саудың – жаны сау

Қадағалау органының бүкіл ұжымы спортпен тығыз байланысты.

Жыл бойы қызметкерлер арасында шағын футбол, волейбол, стритболдан турнирлер өтеді.

Спорттық жарыстар күнделікті жұмыстан демалып, денсаулықты жақсартуға тамаша мүмкіндік береді.

Бас прокуратураның дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне сапары барысында Олимпиада чемпионы Елдос Сметов «Командалық спорт түрлері мақсатқа жетуді, мотивацияны және ұжымдағы бірлікті нығайтады» деп атап өтті.

Қызметкерлер ұлттық батырды қошеметпен қарсы алды, ал чемпион олармен бірге суретке түсуге келісті.

📱 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В здоровом теле здоровый дух

Весь коллектив надзорного органа неразрывно связан со спортом. В течение года в зале проходят турниры по мини-футболу, волейболу, стритболу среди сотрудников.

Спортивные соревнования становятся отличной возможностью отвлечься от рабочей рутины и укрепить здоровье.

«Командные виды спорта развивают целеустремленность, мотивацию, сплачивают коллектив», отметил олимпийский чемпион Елдос Сметов в ходе посещения физкультурно-оздоровительного комплекса Генеральной прокуратуры.

Сотрудники с овациями встретили национального героя, а он, в свою очередь, любезно согласился с ними сфотографироваться.

📱 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жетісу облысының прокурорлары кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылғанын анықтады
 
Жетісу облысының прокуратурасы Еңбек мобильділігі орталығы КММ кәсіпкерлерге бизнес-идеяларды жүзеге асыруға грант бөлу кезінде есеп беру мерзімін негізсіз белгілегенін анықтады.

Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру Қағидаларының 24-тармағына сәйкес гранттың мақсатты пайдаланылуы үшінгрант алушы 12 ай ішінде тоқсан сайын есеп тапсырады.

 Гранттарды бөлу туралы келісімдерде уәкілетті орган Орталықтың сұрауы бойынша грант алушыға көрсетілген мерзімдердің орнына бес күн ішінде грантты нысаналы пайдалану туралы ақпарат пен құжаттарды ұсыну туралы міндеттер қарастырған.

Нәтижесінде уәкілетті органның кәсіпкерлерден қажетсіз есептерді ауызша сұрауының заңсыз тәжірибесі қалыптасқан.

Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес заңсыз талаптар шарттан алынып тасталды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғаны үшін аумақтық еңбек мобильділігі Орталықтарының 4 басшысы мен 3 маманы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, прокуратура ісін жаңа бастаған 171 кәсіпкердің құқығын қорғады.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
 
Жетісу облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/841119?lang=kk

📱 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуроры области Жетісу выявили нарушение прав предпринимателей
 
Прокуратурой области Жетісу установлено, что КГУ «Центр трудовой мобильности» при выделении гранта на реализацию бизнес-идей для начинающих предпринимателей необоснованно устанавливались сроки предоставления отчетности.

Согласно пункту 24 Правил организации и финансирования мер по содействию предпринимательской инициативе целевое использование гранта подтверждается ежеквартально в течение 12 месяцев.

Вместо указанных сроков, уполномоченный орган в договорах о выделении грантов предусмотрел обязательства грантополучателяпо предоставлению информации и документов о целевом использовании гранта в течение пяти дней по запросу Центра.

В результате сложилась незаконная практика устного запроса уполномоченным органом излишних отчетов от предпринимателей.

По акту прокурорского надзора незаконные требования исключены из условий договора.

За допущенные нарушения прав предпринимателей 4 руководителей и 3 специалиста территориальных центров трудовой мобильности привлечены к дисциплинарной ответственности.

Таким образом прокуратурой защищены права 171 начинающего предпринимателя.

Работа в данном направлении продолжается.
 
Ссылка на сайт прокуратуры области Жетысу:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/841119?lang=ru
 
📱 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жақсы ауданының прокуроры сапарларының нәтижелері бойынша Беловод ауылының тұрғынына ұрланған мүліктер қайтарылды
 
Ақмола облысы прокурорының тапсырмасын орындау мақсатында, аудан прокурорымен ағымдағы жылдың тамыз айында халықпен кездесу мақсатында ауылдық округтерге сапарлар жасады.

Беловод ауылдық округінің тұрғыны жеке қабылдауда, Жақсы АПБ-нің УПИ, оның үйінен жеке заттарын ұрлау фактісі бойынша шара қолданбау туралы өтініш түсті.

Жақсы ауданы прокурорының тапсырмасымен Жақсы АПБ-мен ҚК-тің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармақшасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

29.08.2024 жылы аталған қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығып, ұрланған мүлікжәбірленушіге қайтарылды.  
 
Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/843645?lang=kk

📱 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
По результатам выездов прокурора Жаксынского района жительнице с.Беловодское возвращено похищенное имущество
 
Во исполнение поручения прокурора Акмолинской области, прокурором района в августе т.г. осуществлены выезды в сельские округа с целью встречи с населением.

Так, на личном приеме в Беловодском сельском округе от жительницы села поступило обращение о непринятии мер со стороны УИП ОП Жаксынского района по факту кражи из её дома личных вещей.

По поручению прокурора района ОП Жаксынского района начато досудебное расследование по ст. 188 ч.3 п.3 УК РК.

29.08.2024 года по уголовному делу состоялся обвинительный приговор и похищенное имущество возвращено потерпевшей.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Акмолинской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/843645?lang=ru
 
📱 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін бухгалтер сотталды
 
Целиноград ауданының прокуратурасы білім бөлімін тексеру барысында жалпы сомасы 5,8 млн теңгеге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Мекеменің бухгалтері өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып жалған құжаттар жасағаны және шоттарына ақшалай қаражатты негізсіз есептеген фактілерін жасырғаны анықталды. 

ҚК 190-б. 3-б 1-т. сәйкес, осы факті бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. 

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, пробациялық бақылау белгіленіп, 3 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылды.

Залал сомасы мемлекет бюджетіне қайтарылды. 

Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/844182?lang=kk

📱 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Акмолинской области за хищения бюджетных средств осужден бухгалтер
 
Прокуратурой Целиноградского района в ходе проверки Отдела образования выявлен факт хищения бюджетных средств на общую сумму 5,8 млн тенге.

Установлено, что бухгалтер учреждения, используя свое служебное положение, подделывала документы и скрывала факты необоснованного начисления денежных средств на свои счета.

По данному факту прокуратурой района начато досудебное расследование (ст.190 ч.3п.1) УК).

Приговором суда она признана виновной и приговорена к 3 годам ограничения свободы с установлением пробационного контроля.

Сумма ущерба возмещена в бюджет государства.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Акмолинской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/844182?lang=ru
 
📱 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 40-бабы тәртібінде
ҮНДЕУ
 
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
 
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес (2024 жылғы 2 қыркүйектегі №636 Жарлық) 2024 жылғы 6 қазанда «Сіз Қазақстанда атом электр станциясының салуға келісесіз бе?» деген сауалға республикалық референдум өтеді.  

Оны әзірлеу мен өткізу тәртібі «Республикалық референдум туралы» және референдум туралы заңнамаға қайшы келмейтін бөлігінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңдарымен реттеледі. 

Атап айтқанда, республикалық референдумға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкес оған дайындық пен өткізу кезеңінде жүргізілуге тиіс («Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңының 7-1-бабы).

Қоғамдық пікірге сауал салуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемінде 5 жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып жүргізуге құқылы.

Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сауал салуды жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сауал салу жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі.

Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн дауыс берiлетін күннің алдындағы 5 күн ішінде және дауыс берiлетiн күні бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда жариялауға жол берілмейдi.

Сондай-ақ сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргізуге тыйым салынады («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 9-тармағы).  

Бұл талаптарды бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 120-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген.

Сонымен бірге дайындықтың алғашқы күндерінен бастап прокуратура органдары аталған заңнамалық актілерінің талаптары бұзылған фактілерді анықтады.

Бүгінге республикалық референдумға қатысты заңсыз қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізудің 8 фактісі анықталды.

6 жағдайда оларды жеке тұлғалар, ал 2-уінде заңды тұлғалар Орталық референдум комиссиясын алдын ала хабардар етуінсіз жүргізген. 

Аталған фактілер бойынша прокуратура органдары 4 азамат пен 2 заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 120-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартты, оларға айыппұл салынды.    

Қалғандары бойынша оларды көзделген жауаптылыққа тарту жөнінде  жұмыстар жүргізілуде.

Референдумға қойылған мәселе бойынша азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер үгіткезінде жиналыстарда, митингілерде, азаматтардың жиындарында, бұқаралық ақпарат құралдарында өз пікірлерін білдіруге құқылы екенін назар аудартамыз («Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 7-бабы).

Жиналыстар мен митингілер «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заң шеңберінде ұйымдастырылып, өткізілуі тиіс.

Бейбіт жиналыстар өткізу талаптарын сақтамау Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 488-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Үгіт кезеңі 3 қыркүйекте басталды және  2024 жылғы 4 қазанға дейін  жалғасады (сағат 24:00-ге дейін).    

Референдумның қарсаңындағы және референдум күндері, яғни 2024 жылғы 5 және 6 қазанында үгіт жүргізуге тыйым салынады.

Конституциялық заңға сәйкес («Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 7-бабының 2, 3, 4-тармақтары) барлық баспа үгiт материалдарында оларды шығарған ұйымдар, оларды басып шығарған орын мен таралым, оларды шығаруға жауапты адамдар туралы мәлiметтер болуға тиiс.

Бұқпантай үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады.

Үгiт материалдарын ескерткiштерге, ескерткіш тұғырларға, тарихи, мәдени немесе сәулеттiк құндылығы бар үйлер мен ғимараттарға, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларға iліп қоюға рұқсат етілмейді.
Оларды сақтамау Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісінше 102, 113 және124-баптары бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.  

Сондай-ақ Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, соғысқа, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылыққа, сондай-ақ қатыгездiк пен зомбылыққа табынуға үгiттеуге тыйым салынған.

Аталған теріс әрекеттері үшін кінәлі тұлға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабы (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру)және 179-бабы (билiктi күшпен басып алуды немесе билiктi күшпен ұстап тұруды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау немесе оған жария түрде шақыру) бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Конституцияға сәйкес (83-бап) прокуратура органдары референдум өткізудің барлық кезеңдерінде заңдылықтың сақталуын қадағалауды қамтамасыз етеді.  

Жоғарыда баяндалғанды ескеріп, Бас прокуратура азаматтарды, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарын республикалық референдумға дайындық және оны өткізу кезінде қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтауға шақырады.
 
 
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
орынбасары  
Ж. Өмірәлиев

 
📱 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ОБРАЩЕНИЕ
в порядке статьи 40 Конституционного закона «О прокуратуре»
 
УВАЖАЕМЫЕ ГРАЖДАНЕ!
 
В соответствии с Указом Главы государства (Указ №636 от 02.09.2024г.) 6 октября 2024 года будет проведен республиканский референдумпо вопросу: «Согласны ли вы со строительством атомной электростанции в Казахстане?».

Порядок его подготовки и проведения детально регламентирован Конституционными законами «О республиканском референдуме» и «О выборах в Республике Казахстан», в части, не противоречащей законодательству о референдуме.

В частности, опрос общественного мнения, связанного с республиканским референдумом, должен проводиться в период его подготовки и проведения в соответствии с требованиями, установленными Конституционным законом «О выборах в Республике Казахстан» (ст.7-1 КЗ «О республиканском референдуме»).

Опрос вправе проводить юридические лица, зарегистрированные в соответствии с законодательством Республики Казахстан, имеющие не менее 5 лет опыта по проведению опросов общественного мнения, предварительно уведомив об этом в письменном виде Центральную избирательную комиссию с приложением копий соответствующих документов.

В уведомлении, направляемом в Центральную избирательную комиссию, указываются сведения о специалистах, принимающих участие в проведении опроса и имеющих опыт работы в этой сфере, о регионах, в которых будут проводиться опросы общественного мнения, о применяемых методах анализа.

Опубликование результатов опросов общественного мнения в средствах массовой информации, на онлайн-платформах не допускается в течение 5 дней до дня голосования и в день голосования.

Также запрещается проводить опрос общественного мнения в день выборов в помещении или пункте для голосования (п.9 ст.28 КЗ «О выборах в РК»).

За нарушение данных требований установлена административная ответственность по ст.120 КоАП.  

Вместе с тем, с первых дней подготовки к референдуму органами прокуратуры отмечены факты нарушений требований указанных законодательных актов.

На сегодня установлено 8 фактов незаконных опросов общественного мнения, связанных с республиканским референдумом.

В 6 случаях их провели физические лица, а 2-х – юридические лица, предварительно не уведомившие Центральную комиссию референдума.

По данным фактам органами прокуратуры уже привлечены четверо граждан и два юридических лица по части 3 статьи 120 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях, на них наложены штрафы.

По остальным ведется работа по их привлечению к установленной ответственности.

Обращаем внимание, что свое мнение по вопросу, вынесенному на референдум,граждане и общественные объединения вправе выразить в ходе агитации на собраниях, митингах, сходах граждан, в средствах массовой информации (ст.7 Конституционного закона«О республиканском референдуме»).

Собрания и митинги должны быть организованы и проведены в рамках Закона «О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан».

Несоблюдение требований к проведению мирных собраний влечет административную ответственность по статье 488 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях.

Период агитации начался с 3 сентября и продлится по 4 октября 2024 года (до 24:00 часов).

В предшествующий день и в день референдума, то есть 5 и 6 октября 2024 года, она запрещена.

По Конституционному закону (п.2, 3, 4 ст.7 Конституционного закона «О республиканском референдуме») все агитационные печатные материалы должны содержать сведения об организации, выпустившей их, месте печатания и тираже, лицах, ответственных за их выпуск.

Распространение анонимных агитационных материалов запрещено.

Не допускается вывешивание агитационных материалов на памятниках, обелисках, зданиях и сооружениях, имеющих историческую, культурную или архитектурную ценность, а также в помещении для голосования.

Их несоблюдение влечет ответственность по статьям 102, 113 и 124 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях, соответственно.  
Также под запретом агитация насильственного изменения конституционного строя, нарушения целостности Республики, подрыва безопасности государства, войны, социального, расового, национального, религиозного, сословного и родового превосходства, а также культа жестокости и насилия.

За данное деяние виновное лицо подлежит уже уголовной ответственности по статьям 174 (разжигание социальной, национальной, родовой, расовой, сословной или религиозной розни) и 179 (пропаганда или публичные призывы к насильственному захвату власти или насильственному удержанию власти, подрыву безопасности государства либо насильственному изменению конституционного строя РК) Уголовного кодекса Республики Казахстан.

В соответствии с Конституцией (ст.83) органы прокуратуры будут обеспечивать надзор за соблюдением законности на всех стадиях проведения референдума.

С учетом изложенного, Генеральная прокуратура призывает граждан, общественные организации и средства массовой информации в ходе подготовки и проведения республиканского референдума строго соблюдать действующее законодательство.
 
 
Заместитель
Генерального Прокурора
Республики Казахстан    
Ж. Умиралиев


📱 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM