Қазақстан Бас прокуратурасы
17.2K subscribers
3.59K photos
3.21K videos
40 files
11.9K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Қазақстанда монополистердің заңсыз талаптарының жолы кесілді: инвесторлардың инженерлік желілерге қосылу тәртібі жеңілдетілді
 
Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті кәсіпкерлерге қойылған заңсыз талаптардың күшін жоюға, техникалық шарттарды беруді цифрлық форматқа көшіруге және инженерлік желілердің бос қуаттары туралы ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етуге қол жеткізді. Прокурорлық қадағалау нәтижесінде 1 294 әкімшілік іс қозғалып, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 220 млн теңгені құрады.

Инженерлік желілерге қосылу – инвестициялық жобаларды іске асырудың негізгі кезеңдерінің бірі. Алайда іс жүзінде кәсіпкерлер қосымша келісу рәсімдеріне, техникалық шарттарды беруден негізсіз бас тартуға және қолжетімді қуаттар туралы ашық ақпараттың болмауына тап болады.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті жүргізген талдау бұл салада көптеген заңбұзушылық пен жүйелі мәселелер бар екенін көрсетті.

Заңсыз келісу рәсімдерінің күші жойылды

Еліміздің ірі қалаларының бірінде инвесторлар инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттар алу кезінде қосымша әкімшілік кедергіге тап болған. Атап айтқанда, олардан жергілікті атқарушы органмен алдын ала келісу талап етілген. Мұндай талап заңнамада көзделмеген және бірнеше жыл бойы кәсіпкерлерге негізсіз кедергі келтіріп келген. Комитеттің бастамасымен заңсыз тәжірибенің жолы кесіліп, қосымша келісу талабы жойылды.

Бос қуаттар туралы ақпаратқа қолжетімділік қамтамасыз етілді

Тағы бір мәселе – инженерлік желілердің техникалық мүмкіндіктері туралы өзекті әрі ашық мәліметтердің болмауы.

2023 жылдан бастап табиғи монополия субъектілері өз желілері мен қолжетімді қуаттары туралы ақпаратты «Мемсараптама» РМК-ның Геопорталында орналастырып, үнемі жаңартып отыруға міндетті болатын. Бұл мәліметтер инвесторларға жер учаскесін таңдау және өндірісті жоспарлау кезеңінде қажет.

Алайда жүргізілген талдау көптеген монополистің бұл талапты орындамағанын, ал жекелеген кәсіпорындардың ашық ақпаратқа қолжетімділікті негізсіз шектегенін көрсетті.

Комитеттің араласуынан кейін заңбұзушылықтар жойылды. Мәліметтерді жарияламағаны немесе уақытылы жаңартпағаны үшін 40-тан астам табиғи монополия субъектісі әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Техникалық шарттар тек цифрлық форматта беріледі

Жұмыстың тағы бір бағыты – рұқсат құжаттарын алу кезінде «бір терезе» қағидатының толыққанды жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

2018 жылдан бастап бұл тетік техникалық шарттармен бірге жобалауға рұқсат алу мүмкіндігін қарастырады. Алайда тексеру барысында жекелеген монополистердің әлі де кедергі келтіріп отырғаны анықталды. Олар техникалық шарттарды беруден бас тартып, қағаз түріндегі өтінімдерді қабылдаған және кәсіпкерлерді өздеріне тікелей жүгінуге мәжбүрлеген.

Осы жылдың 11 шілдесінен бастап техникалық шарттар тек Геопортал арқылы берілуі тиіс болатын. Соған қарамастан, кейбір кәсіпорындар жұмысын цифрлық жүйеден тыс жалғастырған, ал жекелеген табиғи монополия субъектілері онда мүлдем тіркелмеген.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде цифрлық форматқа көшу жұмысы жанданды. Бүгінде техникалық шарттар беретін 426 табиғи монополия субъектісінің 424-і Геопорталда авторизациядан өтті. Өтінімдер цифрлық жүйе арқылы қаралады.

Сонымен қатар Комитеттің бастамасымен мемлекеттік табиғи монополия субъектілері басшыларының дербес жауапкершілігі күшейтілді. Енді инвесторларға техникалық шарттар беруден бас тарту туралы шешімдерге мемлекеттік кәсіпорындардың бірінші басшылары қол қоюы тиіс.

Мұндай тәжірибе «Астана-Теплотранзит» АҚ, «Астана-РЭК» АҚ және «Астана Су Арнасы» МКК-да енгізілді. Осыған ұқсас өзгерістер бүкіл ел бойынша мемлекеттік табиғи монополия субъектілерінің регламенттеріне енгізіліп жатыр.
Пайдаланылмайтын электр қуаттарын резервте сақтау ақылы болады

Тағы бір жүйелі мәселе – ірі кәсіпорындардың электр қуатының едәуір көлемін ұзақ уақыт бойы резервте ұстап, іс жүзінде пайдаланбауы.

Электр энергиясы тапшылығы жағдайында мұндай тәжірибе жаңа өндірістерді желілерге қосу және инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін шектейді.

Мәселені шешу үшін уәкілетті орган – Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті пайдаланылмайтын электр қуаттарын резервте ұстағаны үшін ақы енгізуді көздейтін заңнамалық түзетулер әзірледі. Бұл шара кәсіпорындарды артық резервтерді босатуға және қолжетімді ресурстарды тиімдірек бөлуге ынталандыруға бағытталған.

Жұмыс жүйелі түрде жалғасады
Анықталған заңбұзушылықтарды жою мақсатында Табиғи монополияларды реттеу комитеті бірінші кезектегі іс-қимыл жоспарын әзірледі. Сонымен қатар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер дайындалды.
 
Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/org/kzpi/press/news/details/1326562?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Казахстане пресекли незаконные требования монополистов: инвесторам упростили доступ к инженерным сетям
 
Комитет по защите прав инвесторов Генеральной прокуратуры добился отмены незаконных требований к предпринимателям, перевода выдачи технических условий в цифровой формат и раскрытия информации о свободных мощностях инженерных сетей. По итогам прокурорского надзора возбуждено 1 294 административных производства, общая сумма штрафов составила около 220 млн теңге.

Подключение к инженерным сетям — один из ключевых этапов реализации инвестиционных проектов. Однако на практике предприниматели сталкиваются с дополнительными согласованиями, необоснованными отказами в выдаче технических условий и отсутствием открытой информации о доступных мощностях.

Проведенный анализ Комитета по защите прав инвесторов вскрыл многочисленные нарушения и системные проблемы в этой сфере.

Отмена незаконных согласований

В одном из крупных городов страны инвесторы при получении технических условий на подключение к инженерным сетям сталкивались с дополнительным административным барьером: от них требовали предварительного согласования с местным исполнительным органом.

Данное требование не было предусмотрено законодательством и на протяжении нескольких лет создавало необоснованные препятствия для бизнеса. По инициативе Комитета незаконная практика пресечена, дополнительное согласование отменено.

Доступ к информации о свободных мощностях

Ещё одна проблема — отсутствие актуальных и открытых сведений о технических возможностях инженерных сетей.

С 2023 года субъекты естественных монополий обязаны размещать и обновлять информацию о своих сетях и доступных мощностях в Геопортале РГП «Госградкадастр». Эти сведения необходимы инвесторам ещё на этапе выбора земельного участка и планирования производства.

Однако анализ показал, что многие монополисты не исполняли данное требование, а отдельные предприятия необоснованно ограничивали доступ к публичной информации.

После вмешательства Комитета нарушения устранены. Более 40 субъектов естественных монополий привлечены к административной ответственности за непубликацию либо несвоевременное обновление сведений.

Технические условия переводят исключительно в цифровой формат

Отдельное направление работы — обеспечение полноценного функционирования принципа «одного окна» при получении разрешительных документов.

С 2018 года этот механизм предусматривает возможность получения разрешения на проектирование вместе с техническими условиями. Однако проверка выявила, что на практике отдельные монополисты продолжали создавать препятствия: отказывали в выдаче технических условий, принимали бумажные заявления и фактически вынуждали предпринимателей обращаться к ним напрямую.

С 11 июля текущего года технические условия должны выдаваться исключительно через Геопортал. Несмотря на это, часть предприятий продолжала работать вне цифровой системы, а некоторые субъекты естественных монополий даже не были в ней зарегистрированы.

В результате принятых мер удалось активизировать переход на цифровой формат. На сегодняшний день из 426 субъектов естественных монополий, выдающих технические условия, в Геопортале авторизованы 424. Заявки рассматриваются через цифровую систему.

Кроме того, по инициативе Комитета повышается персональная ответственность руководителей государственных субъектов естественных монополий. Теперь отказы в выдаче технических условий инвесторам должны подписываться непосредственно первыми руководителями госпредприятий.

Такая практика уже внедрена в АО «Астана-Теплотранзит», АО «Астана-РЭК» и ГКП «Астана Су Арнасы». Аналогичные изменения вносятся в регламенты государственных субъектов естественных монополий по всей стране.
Неиспользуемые электрические мощности планируют сделать платными

Ещё одна системная проблема связана с длительным резервированием значительных объёмов электрической мощности крупными предприятиями без их фактического использования.

В условиях дефицита электроэнергии такая практика ограничивает возможности подключения новых производств и реализации инвестиционных проектов.

Для решения проблемы уполномоченным органом — Комитетом по регулированию естественных монополий Министерства национальной экономики — подготовлены законодательные поправки, предусматривающие введение платы за удержание неиспользуемых электрических мощностей.

Мера призвана стимулировать предприятия освобождать избыточные резервы и обеспечивать более рациональное распределение доступных ресурсов.

Работу продолжат на системной основе

Для устранения выявленных нарушений Комитетом по регулированию естественных монополий разработан План первоочередных действий, а также подготовлены изменения в подзаконные нормативные правовые акты.
 
Ссылка на сайт Комитета по защите прав инвесторов:

https://www.gov.kz/org/kzpi/press/news/details/1326562?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Солтүстік Қазақстан облысында жол жөндеу кезінде 87 млн теңгені жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізілуде
 
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Тимирязев ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметіне жүргізілген тексеру барысында «Тимирязево – Докучаево» автомобиль жолын орташа жөндеуге бөлінген 87 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз иемдену фактісін анықтады.

Аталған алаяқтықты жасағаны үшін мердігер ұйымның бұрынғы басшысы күдікке ілінді.

Ағымдағы жылғы 12 қазанда материалдар прокуратураның Ақпаратты есепке алу кітабында тіркеліп, облыстың Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды.

Сол күні Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында.
 
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/org/prokuratura-sko/press/news/details/1326630?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Северо-Казахстанской области расследуется мошенничество на 87 млн теңге при ремонте дороги
 
Прокуратурой Северо-Казахстанской области в ходе проверки деятельности отдела жилищно-коммунального хозяйства Тимирязевского района выявлен факт незаконного завладения бюджетными средствами в размере 87 млн теңге, выделенными на средний ремонт автомобильной дороги «Тимирязево – Докучаево».

В совершении мошенничества подозревается бывший руководитель подрядной организации.

12 октября текущего года материалы зарегистрированы в Книге учета информации прокуратуры и направлены в Департамент экономических расследований области.

В тот же день начато досудебное расследование по части 4 статьи 190 Уголовного кодекса (мошенничество в особо крупном размере).

С санкции суда подозреваемый заключен под стражу.

Ход расследования находится на контроле прокуратуры области.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Северо-Казахстанской области:

https://www.gov.kz/org/prokuratura-sko/press/news/details/1326630?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Арнайы мектеп басшылығы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды
 
Қарасай ауданының прокуратурасы Алматы облысы білім басқармасының «Облыстық №3 арнайы мектеп-интернаты» КММ-де бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Мекеме директоры, оның орынбасары және бас бухгалтері еңбек қызметін нақты атқармаған адамдарды жалған жұмысқа орналастыру арқылы жалпы сомасы 5,8 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз иемденген.

Прокуратура материалдары бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Сот үкімімен лауазымды тұлғалар кінәлі деп танылып, әртүрлі жаза түрлеріне сотталды.

Прокуратура кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және бюджет қаражатының заңды пайдаланылуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
 
Алматы облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/org/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1326697?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Руководство спецшколы осуждено за хищение бюджетных средств
 
Прокуратура Карасайского района выявила хищение бюджетных средств в КГУ «Областная специальная школа-интернат №3» управления образования Алматинской области.

Директор учреждения, её заместитель и главный бухгалтер путем фиктивного трудоустройства лиц, фактически не осуществлявших трудовую деятельность, незаконно завладели бюджетными средствами на общую сумму 5,8 млн теңге.

По материалам прокуратуры проведено досудебное расследование по ст. 189 УК РК.

Приговором суда должностные лица признаны виновными и осуждены к различным мерам наказания.

Прокуратура продолжает работу по защите прав несовершеннолетних и обеспечению законности использования бюджетных средств.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Алматинской области:

https://www.gov.kz/org/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1326697?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жамбыл облысында оқушылар арасындағы бопсалау және кәмелетке толмағандарды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактілері бойынша тергеу аяқталды
 
Жамбыл облысының арнайы прокурорлары Қордай ауданы Қаракемер ауылында оқушылар арасындағы бопсалау және үш кәмелетке толмағанды өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеу барысында ауыл мектептерінің оқушылары арасында өзіндік иерархиясы, мінез-құлық және бағыну қағидалары, сондай-ақ жазалау тәртібі бар «Система» деп аталатын бейресми құрылым әрекет еткені анықталды.

Жиналған дәлелдемелердің жиынтығы бопсалау әрекеттері мен үш кәмелетке толмағанның қазасы арасында себеп-салдарлық байланыстың бар екенін көрсетеді.

Нәтижесінде екі күдіктіге ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 1), 2), 3)-тармақтары (қорқытып алу) және 105-бабының 2-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша айып тағылып, екеуі де күзетпен қамауға алынды.

Тағы бес күдіктінің әрекеттері ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігінің 1), 2), 3)-тармақтары бойынша сараланып, оларға өзге бұлтартпау шаралары қолданылды.

Қазіргі уақытта аталған бейресми құрылымның қызметі тоқтатылды.

Сонымен қатар прокурорлар құзыретті органдардың әрекеттеріне құқықтық баға беріп, құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсынулар енгізді. Қазіргі уақытта олар қаралуда.

23.10.2026 жылы қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Айыпталушылардың кінәлілігі соттың заңды күшіне енген үкімімен ғана анықталады.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге мәліметтері жария етілмейді.
 
Жамбыл облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/org/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1326767?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В Жамбылской области завершено расследование дела о вымогательстве среди школьников и доведении несовершеннолетних до самоубийства
 
Спецпрокуроры Жамбылской области завершили досудебное расследование по фактам вымогательства среди школьников и доведения троих несовершеннолетних до самоубийства в селе Каракемер Кордайского района.

В ходе досудебного расследования установлено, что среди учащихся школ села действовала неформальная структура под названием «Система», имевшая определённую иерархию, правила поведения, подчинения и применения мер наказания.

Совокупность собранных доказательств свидетельствует о наличии причинно-следственной связи между фактами вымогательства и гибелью троих несовершеннолетних.

В результате двум подозреваемым предъявлены обвинения по пунктам 1), 2), 3) части 2 статьи 194 (вымогательство) и части 3 статьи 105 (доведение до самоубийства) УК РК, оба заключены под стражу.

Действия пятерых подозреваемыхя также квалифицированы по пунктам 1), 2), 3) части 2 статьи 194 УК РК, в отношении них применены иные меры пресечения.

В настоящее время деятельность указанной неформальной структуры пресечена.

Кроме того, прокурорами дана правовая оценка действиям компетентных органов, а также внесены представления об устранении причин и условий, способствовавших совершению правонарушений, которые в настоящее время находятся на рассмотрении.

23 октября 2026 года уголовное дело направлено в Специализированный межрайонный суд по делам несовершеннолетних Жамбылской области для рассмотрения по существу.

Виновность обвиняемых будет установлена вступившим в законную силу приговором суда.

В соответствии со статьей 201 УПК РК иные сведения досудебного расследования разглашению не подлежат.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Жамбылской области:

https://www.gov.kz/org/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1326767?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Тұрғын үйді жалға беру кезінде бірнеше рет алаяқтық жасаған әйел қайтадан сотталды
 
Бұған дейін де сотталған және осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтеу мерзімі кейінге қалдырылған 37 жастағы елорда тұрғыны Қазақстанның әртүрлі қалаларында пәтер жалға беру туралы жалған хабарландыруларды танымал жарнама платформасына орналастырған.

Ол өзін пәтердің иесі ретінде таныстырып, клиенттерді депозит немесе алдын ала төлем аударуға көндірген. Кейін түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Қысқа уақыт ішінде оның алаяқтық әрекеттерінен 13 адам зардап шеккен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 2,1 млн теңгені құрады.

Сот үкімімен ол екі немесе одан да көп адамға қатысты бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 3) және 4) тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазаны орындау 3 жылға кейінге қалдырылды.

Жәбірленушілердің келтірілген залалды өтеу туралы азаматтық талаптары толық көлемде қанағаттандырылды.

Прокуратура азаматтарды тұрғын үйді жалға алу кезінде сақ болуға шақырады.

Алаяқтыққа жол бермеу үшін пәтерге меншік құқығын растайтын құжаттарды тексеріп, жалға берушінің жеке басына көз жеткізу қажет. Құжаттар тексеріліп, жалдау шарты жасалғанға дейін алдын ала төлем немесе кепілақы аудармаңыз.

Есіңізде болсын: сақтық пен мұқияттылық қаражатыңызды алаяқтардан қорғауға көмектеседі.
 
Астана қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/org/prokuratura-astana/press/news/details/1326855?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Серийная мошенница снова осуждена за обман с арендой жилья
 
37-летняя жительница столицы, уже имевшая судимость и отсрочку наказания за аналогичные преступления, размещала на популярной рекламной платформе фейковыеобъявления о сдаче квартир в разных городах Казахстана.

Представляясь собственницей жилья, она убеждала клиентов переводить ей депозит или предоплату, после чего тратила день на собственные нужды.

За короткий срок от ее мошеннических действий пострадали 13 человек, общий ущерб составил 2, 1 млн теңге.

Приговором суда она признана виновной в совершении мошенничества в отношении двух или более лиц, неоднократно (пункты 3) и 4) части 3 статьи 190 Уголовного кодекса) и назначено наказание в виде 7 лет лишения свободы.

С учётом наличия на иждивении несовершеннолетнего ребёнка исполнение наказания отсрочено на 3 года.

Гражданские иски потерпевших о возмещении ущерба удовлетворены в полном объёме.

Прокуратура призывает граждан быть бдительными при аренде жилья.

Во избежание мошенничества необходимо проверять документы, подтверждающие право собственности на квартиру, и удостоверяться в личности арендодателя. Не переводите предоплату и залог до проверки документов и заключения договора аренды.

Помните: осторожность и внимательность помогут защитить ваши денежные средства от мошенников.
 
Ссылка на сайт прокуратуры города Астаны:

https://www.gov.kz/org/prokuratura-astana/press/news/details/1326855?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда сапасыз автожол жобасын жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды
 
Алматы қаласының прокуратурасы автомобиль жолын қайта жаңарту жобасын әзірлеу кезінде бюджет қаражатын заңсыз жұмсау фактілерін анықтады.
 
Жергілікті Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы мердігерге мемлекеттік сараптамадан өтпеген және іске асырылуы мүмкін емес жобалық-сметалық құжаттама үшін 202 млн теңге төлегені анықталды.
 
Бұдан бөлек тапсырыс беруші 27 млн теңгеге шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп алмаған.
 
Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісімен прокуратура Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
 
Тергеп-тексеруді Алматы қаласы ҰҚКД-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізуде.
 
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер таратуға жатпайды.
 
Алматы қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/org/prokuratura-almaty/press/news/details/1326955?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Алматы начато досудебное расследование за разработку некачественного автодорожного проекта
 
Прокуратура города Алматы выявила факты незаконного расходования бюджетных средств при разработке проекта реконструкции автомобильной дороги.
 
Установлено, что местное Управление развития дорожной инфраструктуры выплатило подрядчику 202 млн теңге за проектно-сметную документацию, которая не прошла государственную экспертизу и не может быть реализована.
 
Кроме того, заказчиком не была взыскананеустойка и обеспечение исполнения договора на 27 млн теңге.
 
По факту злоупотребления должностными полномочиями прокуратурой начато досудебное расследование по статье 361 Уголовного кодекса Республики Казахстан.
 
Расследование проводится Антикоррупционной службой ДКНБ города Алматы.
 
Иные сведения в соответствии со статьей 201 Уголовно-процессуального кодекса распространению не подлежат.
 
Ссылка на сайт прокуратуры города Алматы:

https://www.gov.kz/org/prokuratura-almaty/press/news/details/1326955?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АҚШ Елшілігі делегациясының Қазақстан Республикасына сапарының қорытындылары туралы
 
2026 жылғы 9 қарашада Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне Қазақстан Республикасындағы есірткіге қарсы халықаралық күрес және заңдылықты сақтау (inl) бағдарламаларының директоры Джон Кроуфорд бастаған АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің делегациясы жұмыс сапарымен келді.
 
Кездесу жұмысына Бас прокуратураның Стратегиялық даму департаментінің бастығы А.А. Нұрбеков қатысты.
 
Кездесудің мақсаты екіжақты ынтымақтастықты нығайту және қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау, есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл салаларында озық халықаралық тәжірибемен алмасу болды.
 
Комитет Төрағасы Сәбит Нұрлыбай сөз сөйлеп, қонақтарды Бас прокуратура ведомствосының қызметі туралы хабардар етті.
 
Атап айтқанда, Комитет жинақталған құқықтық ақпарат негізінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, оның ішінде азаматтар мен бизнестің құқықтарын қорғауға ықпал ететін қылмыстық және әкімшілік процестердің барлық кезеңдері цифрландырылған бірегей ақпараттық-талдау жүйелерін енгізді және дамытуда.
 
Мемлекет басшысының «Бас прокуратура жанындағы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің базасында қылмыстық қауіп-қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау жөніндегі «Талдау орталығын» құру туралы»тапсырмаларын орындау үшін болжамды-талдамалық қызметті жетілдіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде.
 
Аталған тапсырмаларды іс жүзінде іске асыру үшін Комитет құрылымында Қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау орталығы және елдегі прекурсорлардың заңды айналымын бақылау жөніндегі Ұлттық ведомствоаралық Таргетинг-орталық құрылды. Олар прокурорлар-талдаушылар, IT-мамандар және жобалық басқару жөніндегі сарапшылармен күшейтілді.
 
Кездесу барысында Комитет төрағасының бірінші орынбасары С.Қ. Мырзалы, сондай-ақ Комитет төрағасының орынбасары Е.Қ. Ахметов Комитеттің жаңа бөлімшелерінің негізгі бағыттарыментаныстырды. Жаңа өкілеттіктер шеңберінде ұлттық және халықаралық медиа кеңістікті, «e-Otinish» жүйесіндегі азаматтардың жолданымдарын талдау арқылы ішкі және сыртқы қауіп-қатерлерді анықтау бойынша жасанды интеллект жүйелері мен модельдері сәтті енгізіліп, пайдаланылуда, интернет-алаяқтық пен синтетикалық және басқа да есірткілердің заңсыз айналымы саласындағы үрдістер анықталуда.
 
Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша пилоттық режимде ерте болжау жүйесі іске қосылды, Комитет талдаушылары анықтаған барлық қылмыстық қауіп-қатерлер мен сигналдар қауіптердің цифрлық картасына жедел жинақталады, себептер мен жағдайларды жою үшін уәкілетті органдарға жіберіледі.
 
Олардың барлығы тәуекелдерді ерте анықтау және құқық бұзушылықтарды болжау саласында жоғары әлеуетті көрсетуде.
 
Қылмыстарды болжау саласында тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, қазақстандық тарап АҚШ-тағы қылмысты болжау тәжірибесіне, оның ішінде геоақпараттық жүйелерді пайдалану тәжірибесіне қызығушылық танытты.
 
Кездесу шеңберінде Қазақстан Республикасында есірткіге қарсы халықаралық күрес және заңдылықты сақтау (INL) бағдарламасымен өзара қарым-қатынасты әрі қарай дамыту, трансұлттық қауіп-қатерлерге, оның ішінде киберқылмысқа, адам саудасына, есірткі қылмысына және басқаларға қарсы іс-қимыл саласында тәжірибе және ақпарат алмасу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді. Шетелдік қылмыстық байланыс колл-орталықтары жүзеге асыратын телефон және интернет алаяқтыққа қарсы күрестегі өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды.
 
Өз сапарын қорытындылай келе, Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің делегациясы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, елдеріміздің қауіпсіздігін арттыру үшін оң тәжірибемен алмасу бойынша осындай деңгейдегі кездесулердің маңыздылығын атап өтті.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Об итогах визита делегации Посольства США в Республику Казахстан
 
9 ноября 2026 года Комитет по правовой статистике и специальным учетом Генеральной прокуратуры с рабочим визитом посетила делегация Посольства США в Республике Казахстан во главе с директором программ по международной борьбе с наркотиками и соблюдению законности (INL) в Республике Казахстан и Кыргызской Республике Джоном Кроуфордом.
 
В работе встречи также принял участие начальник Департамента стратегического развития Генеральной прокуратуры Нурбеков А.А.

Целью встречи явилось укрепление двустороннего сотрудничества и обмен передовым международным опытом в сферах прогнозирования криминальных угроз, противодействия незаконному обороту наркотиков.
 
С приветственным словом выступил Председатель Комитета Сабит Нурлыбай, проинформировав гостей о деятельности ведомства Генеральной прокуратуры.
 
В частности, Комитетом на основе накопленной правовой информации внедрены и развиваются уникальные информационно-аналитические системы, благодаря которым оцифрованы все стадии уголовного и административного процессов, способствующие укреплению законности и правопорядка, в том числе защите прав граждан и бизнеса.
 
Во исполнение поручений Главы государства «О создании на базе Комитета по правовой статистике и специальным учетам при Генеральной прокуратуре «Мозгового центра» по прогнозированию преступных угроз и рисков общественной безопасности проводится масштабная работа по совершенствованию прогнозно-аналитической деятельности.
 
Для практической реализации указанных поручений в структуре Комитета созданы Центр прогнозирования преступных угроз и Национальный межведомственный таргетинг-центр по контролю за легальным оборотом прекурсоров в стране. Они усилены прокурорами-аналитиками, IT-специалистами и экспертами по проектному управлению.
 
В ходе встречи, первый заместитель Председателя Комитета Мырзалы С.К., а также заместитель Председателя Комитета Ахметов Е.К., презентовали основные направления новых подразделений Комитета. В рамках новых полномочий успешно внедрены и используются системы и модели искусственного интеллекта по выявлению внутренних и внешних угроз посредством анализа национального и международного медиапространства, обращений граждан в системе «e-Otinish», выявляются тенденции в сфере интернет-мошенничеств и незаконного оборота синтетических и других наркотиков.
 
По поручению Генерального Прокурора в пилотном режиме запущена система раннего прогнозирования, все выявленные аналитиками Комитета преступные угрозы и сигналы, оперативно аккумулируются в цифровой Карте угроз, направляются в уполномоченные органы для устранения причин и условий.
 
Все они показывают высокий потенциал в сфере раннего выявления рисков и прогнозирования правонарушений.
 
Отдельное внимание уделено вопросам обмена опытом в области прогнозирования преступлений. В частности казахстанской стороной проявлен интерес к опыту прогнозирования преступности в США, в том числе с использования геоинформационных систем.
 
В рамках встречи достигнуты договоренности о дальнейшем развитии взаимоотношении с программой по международной борьбе с наркотикамии соблюдению законности (INL) в Республике Казахстан, обмену опытом и информацией в сфере противодействия транснациональным угрозам, в том числе киберпреступности, торговли людьми, наркопреступности и другим. Обсуждены перспективы взаимодействия в борьбе с телефонным и интернет мошенничеством, которые совершаются зарубежными преступными колл-центрами.
 
Подводя итоги своего визита, делегация Посольства США в Республике Казахстан выразила благодарность за прием и отметила важность встреч такого уровня по обмену положительной практикой для повышения безопасности наших стран.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ұлытау облысында банк менеджері сақтандыру төлемдерін рәсімдеу сылтауымен ақша жымқырғаны үшін сотталды
 
Екінші деңгейлі банктердің қызметтік тексеру материалдарын зерделеу барысында Ұлытау облысының прокуратурасы банк қызметкерінің ақша жымқыру фактісін анықтады.

Анықталғандай, банк менеджері қызметтік жағдайын пайдаланып, азаматтарды алдау арқылы сақтандыру өтемақысын рәсімдеу және төлеу сылтауымен өңір тұрғындарының ақшалай қаражатын иемденген.

Құқыққа қайшы әрекеттердің салдарынан Ұлытау облысының үш тұрғыны зардап шеккен. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 200 000 теңгені құрады.

Кінәлі тұлғаға қатысты соттың айыптау үкімі шығарылды.
 
Ұлытау облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/org/prokuratura-ulytau/press/news/details/1327175?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В области Ұлытау банковский менеджер осуждён за хищение денег под видом страховых выплат
 
В ходе изучения материалов служебных расследований банков второго уровня прокуратурой области Ұлытау выявлен факт хищения денежных средств сотрудником банковской организации.

Установлено, что банковский менеджер, используя служебное положение и вводя граждан в заблуждение, под предлогом оформления и выплаты страхового возмещения завладел денежными средствами жителей региона.

В результате противоправных действий пострадали трое жителей области Ұлытау. Общая сумма причинённого ущерба составила около 200 000 теңге.

В отношении виновного лица состоялся обвинительный приговор суда.
 
Ссылка на сайт прокуратуры области Ұлытау:

https://www.gov.kz/org/prokuratura-ulytau/press/news/details/1327175?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM