Қазақстан Бас прокуратурасы
17.4K subscribers
3.36K photos
2.97K videos
40 files
11.2K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Прокуратурой Жаркаинского района защищены конституционные права работников на своевременное получение заработной платы
 
Прокуратурой Жаркаинского района проведен анализ соблюдения законодательства в сфере оплаты труда.
 
Установлено, что в ГКП на ПХВ «Коммунсервис» имеется задолженность по заработной плате перед 66 работниками на общую сумму 7,5 млн теңге.
 
По акту надзора задолженность погашена в полном объеме, восстановлены конституционные права 66 работников.
 
Соблюдение трудового законодательства находится на постоянном контроле прокуратуры района.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Акмолинской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1291798?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратура балалардың әлеуметтік қолдау алу құқықтарын қорғады
 
Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуратурасы мүгедектігі бар балалардың құқықтарының сақталуына талдау жүргізді.

Талдау нәтижесінде Әлеуметтік кодекстің 10 және 170-баптарының талаптарын бұзу фактілері анықталды.

Атап айтқанда, мүгедектігі бар балалардың заңды өкілдеріне заңнамада көзделген әлеуметтік қолдау шаралары, оның ішінде үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі туралы тиісті ақпарат берілмеген.

Нәтижесінде 700 баланың заңды өкілдері өздеріне тиесілі әлеуметтік төлемдер мен оларды алу тәртібі туралы хабардар болмаған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заң бұзушылықтар жойылып, мүгедектігі бар балалардың құқықтарын қорғау бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Прокуратура әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жұмысын жалғастыруда.
 
Шымкент қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/1291880?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратура защитила права детей с инвалидностью

Прокуратурой Каратауского района города Шымкента проведен анализ соблюдения прав детей с инвалидностью.

В ходе анализа выявлены нарушения требований статей 10 и 170 Социального кодекса.

Установлено, что законные представители детей с инвалидностью не были надлежащим образом проинформированы о предусмотренных законодательством мерах социальной поддержки, в том числе о порядке возмещения расходов на обучение на дому.

В результате 700 законных представителей детей не были осведомлены о положенных им социальных выплатах и порядке их получения.

По акту прокурорского надзора нарушения устранены, приняты меры по защите прав детей с инвалидностью.

Прокуратура продолжает работу по защите конституционных прав и законных интересов социально уязвимых категорий граждан.
 
Ссылка на сайт прокуратуры города Шымкент:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/1291880?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Павлодарда 4 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды
 
Табиғат қорғау прокуратурасы жер пайдалану саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жасады.
 
Жер учаскелерін беру барысында заңдылықты өрескел бұзу, сондай-ақ оларды нысаналы мақсаты бойынша ұзақ уақыт пайдаланбау фактілері анықталды.
 
Атап айтқанда, Жер кодексінің 65-бабын бұза отырып, Екібастұз өңірінде жеке орман өсіру үшін берілген 797 гектар учаскеде ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілген жоқ.
 
Тереңкөл және Аққулы аудандарында су айдындарын бекітудің белгіленген тәртібі тұрғысынан алғанда, Су кодексінің талаптары бойынша міндетті келісу болмаған кезде 3-ші тұлғаларға ауданы 820 га балық шаруашылығын жүргізу үшін су қорының жерлері берілді.
 
Табиғат қорғау прокуратурасы анықталған бұзушылықтар бойынша уәкілетті органдарға қадағалау актісі енгізілді.
 
Ауданы 1600 гектардан асатын және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған кадастрлық құны 1 млрд теңгеге жуық жер учаскелері мемлекетке қайтарылды, кінәлі лауазымды тұлғалар, оның ішінде Жер қатынастары бөлімдерінің басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
 
Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-pavlodar/press/news/details/1291971?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Павлодаре в собственность государства возвращены 4 земельных участка
 
Природоохранной прокуратурой проанализировано состояние законности в сфере землепользования.
 
Установлены факты предоставления земельных участков с грубыми нарушениями законности, а также их длительное неиспользование по целевому назначению.
 
В частности, в нарушение статьи 65 Земельного кодекса на участке площадью 797 га, предоставленном в Экибастузском регионе для частного лесоразведения, работы по посадке деревьев не проводились.
 
В районах Теренколь и Аккулы в разрез установленному порядку закрепления водоемов при отсутствии обязательного по требованиям Водного кодекса согласования Бассейновой водной инспекции 3-м лицам предоставлены земли водного фонда для ведения рыбного хозяйства площадью 820 га.
 
По выявленным нарушениям природоохранной прокуратурой в уполномоченные органы внесен акт надзора.
 
Незаконно предоставленные и неиспользуемые по целевому назначению земельные участки площадью более 1600 га кадастровой стоимостью порядка 1 млрд теңге возвращены государству, виновные должностные лица, в том числе руководство Отделов земельных отношений привлечены к дисциплинарной ответственности.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Павлодарской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-pavlodar/press/news/details/1291971?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Байқоңыр қаласының прокуратурасымен кәсіпкердің құқығы қорғалды

Байқоңыр қаласының прокуратурасымен Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактісі анықталды.

Атап айтқанда, Басқармамен Төретам кентінде орналасқан азық-түлік дүкенінен бақылау мақсатында 38 өнім сатып алынған. Алайда олардың арасында бекітілген сатып алу жоспарында көзделмеген тауарлар болған.

Мысалы, Басқарма майлылығы 2,5% құрайтын «Петропавловское» ультрапастерленген сүт өніміне қатысты жедел ден қою шарасын қолдану туралы қаулылар шығарып, аталған тауарды сатылымнан алып тастауды талап еткен.

Нәтижесінде жеке кәсіпкердің өнімді сатылымнан алып тастауға, яғни тыйым салынбаған тауарды сатудан түсетін пайданы ала алмауына әкеп соқтырған.

Байқоңыр қаласы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша жоспардан тыс сатып алынған өнімдер сатып алу актісінен алынып, жедел ден қою шарасын қолдану туралы қаулылардың күші жойылды.

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы мен бас маманы ҚР ӘҚБтК-нің 173-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 432 500 теңге айыппұл салынды.

Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстар прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.

Қызылорда облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1292053?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратурой города Байконыр защищены права предпринимателя

Прокуратурой города Байконыр выявлен факт незаконного вмешательства Управления санитарно-эпидемиологического контроля Кармакшинского района в предпринимательскую деятельность.

В частности, Управлением в целях контрольного закупа из продовольственного магазина, расположенного в поселке Торетам, было приобретено 38 видов продукции. Вместе с тем среди приобретенных товаров имелась продукция, не предусмотренная утвержденным планом закупок.

Так, Управлением в отношении ультрапастеризованного молока «Петропавловское» жирностью 2,5% вынесены постановления о применении меры оперативного реагирования с требованием изъять указанную продукцию из реализации.

В результате индивидуальный предприниматель был вынужден снять данную продукцию с реализации, что повлекло невозможность получения прибыли от продажи товара, реализация которого не была запрещена.

По акту прокурорского надзора прокуратуры города Байконыр продукция, приобретенная вне утвержденного плана, исключена из акта закупки, а вынесенные постановления о применении меры оперативного реагирования отменены.

За незаконное вмешательство в предпринимательскую деятельность руководительи главный специалист Управления санитарно-эпидемиологического контроля Кармакшинского района привлечены к административной ответственности по части 1 статьи 173 КОАП РК с наложением штрафа в размере 432 500 теңге.

Работа по защите прав и законных интересов предпринимателей находится на постоянном контроле органов прокуратуры.

Ссылка на сайт прокуратуры Кызылординской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1292053?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Тоғыз тағдыр»: «Сталкинг — бұл махаббат емес»
 
Төртінші серия — бейтаныс жігіттен хабарлама ала бастаған қыз туралы.

Алғашында ол бұған мән бермейді. Бірақ уақыт өте келе хабарламалар жиілеп, жігіттің әрекеті қызды алаңдата бастайды. Оның жеке өміріне араласуы да күшейе түседі.

Ал келесі серияда ақша тапқысы келген адамның ойламаған жағдайға тап болғаны туралы оқиғаны көресіздер.

Астана қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1292427?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Тоғыз тағдыр»: «Сталкинг — это не любовь»
 
Четвёртая серия — история о девочке, которой начинают приходить сообщения от незнакомого парня.

Сначала она не придаёт этому особого значения, но со временем сообщения становятся всё более навязчивыми, а её личное пространство — всё меньше.

А впереди — история о том, как желание заработать может привести совсем не туда, куда рассчитывал.

Ссылка на сайт прокуратуры города Астаны:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1292427?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Тоғыз тағдыр» қарапайым ойдан басталды: балаларға өмірдегі шынайы жағдайларды қалай айтып, оларды жай ғана көріп қоймай, тоқтап, ойлануға қалай жеткізуге болады? Осылайша маңызды мәселелерді өмірде кездесетін жағдайлар мен нақты оқиғалардың салдарын көрсететін шынайы оқиғалар арқылы жеткізу идеясы пайда болды.

Ал одан әрі үлкен жұмыс басталды - сценарий жазу, түсірілім, прокуратура мен полицияның нағыз қызметкерлерінің кадрға қатысуы және әрқайсысы өз таңдауы мен салдары бар тоғыз оқиға. Сериалдың идеясы қалай пайда болды және барлығы неден басталды - осы рилсте айтып береміз.

«Тоғыз тағдыр» начался с простой мысли: как рассказать детям о реальных историях так, чтобы они не просто посмотрели, а остановились и задумались. Так появилась идея говорить о важных вещах через живые истории, знакомые ситуации и реальные последствия выбора.

А дальше началась большая работа - сценарии, съёмки, настоящие сотрудники прокуратуры и полиции в кадре и девять историй, каждая со своим выбором и последствиями. С чего всё начиналось и как родилась идея сериала - рассказываем в этом рилсе.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз қылмыстық саясатты ізгілендіру бағытын дәйекті түрде іске асырып келеміз. Оның маңызды бөлігі – адамның бостандыққа шыққанға дейін-ақ қоғамға оралуына дайындалуына жағдай жасау.

Жоғарғы Сотпен бірлесіп, оң мінездеме алған сотталғандарды қауіпсіздігі барынша жоғары және орташа мекемелерден қоныс колонияларына ауыстыру тәжірибесін кеңейтіп жатырмыз.

Келесі қадам – олардың еңбекке және қоғамға толыққанды бейімделуі.

Биыл Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша прокуратура қылмыстық-атқару жүйесі және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, қоныс колонияларының аумағынан тыс жерде «Еңбек учаскелері» атты жаңа жобаны іске қосты.

Іс жүзінде сотталғандар үшін қалыпты өмірге барынша жақын жағдайлар жасалуда. Олар кәсіпорындарда еңбек етіп, табыс табады, қылмыспен келтірілген залалды өтей алады және отбасыларына материалдық қолдау көрсетеді. Бұл ретте кәсіпкерлер оларға жұмыс орындарын ғана емес, тұрғын үй, тамақ және қажетті тұрмыстық жағдайлар да ұсынады.

Осылайша, қазіргі Қазақстан тарихында алғаш рет қоныс колонияларындағы сотталғандарды ұстауға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін бизнес өз мойнына алып отыр. Бұл мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Бүгінде Астана және Шымкент қалаларында, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл және Ақтөбе облыстарындағы осындай учаскелерде 350-ден астам сотталған еңбек етуде.

Тек Қарағанды облысының өзінде «Qarmet» АҚ мен «Железобетонный партнер» ЖШС 90-нан астам адамды жұмысқа қабылдады. Жыл соңына дейін жобаға қатысушылар санын 1 мыңға жеткізу міндеті қойылып отыр.

Жалпы, прокуратураның, ІІМ-нің және басқа да мемлекеттік органдардың бірлескен күш-жігерімен пробациялық бақылаудағы 19 мың сотталған жұмысқа орналастырылды. Бұл олардың әлеуметтік бейімделуіне оң әсерін тигізуде. Бұдан бөлек, 20 мыңнан астам сотталған тікелей бас бостандығынан айыру орындарында жұмыспен қамтылған.

Бұл – сотталғандарды түзетудің аса тиімді тәсілі. Ол адамды бостандыққа шыққанға дейін-ақ өз бетінше өмір сүруге дайындауға, оған мамандық пен табыс көзін беруге, әлеуметтік байланыстарын қалпына келтіруге және қылмыстық ортаға қайта оралмауына мүмкіндік береді.

«Заң мен тәртіп» қағидатына негіз болған ұтымды тепе-теңдіктің мәні де осында: жасалған қылмыс үшін жауаптылық адамның түзеліп, қоғамға заңға бағынатын азамат ретінде оралуына берілетін нақты мүмкіндікпен ұштасуға тиіс.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
По поручению Главы государства мы последовательно реализуем курс на гуманизацию уголовной политики. Ее важная часть - создать условия, при которых человек еще до освобождения сможет подготовиться к возвращению в общество.

Совместно с Верховным Судом расширяем практику перевода положительно характеризующихся осужденных из учреждений максимальной и средней безопасности в колонии-поселения.

Следующий шаг - их полноценная трудовая и социальная адаптация.

В этом году по поручению Генерального Прокурора прокуратура совместно с уголовно-исполнительной системой и бизнес-сообществом запустила новый проект - «Трудовые участки» за пределами колоний-поселений.

По сути, для осужденных создаются условия, максимально приближенные к обычной жизни. Они работают на предприятиях, получают доход, могут возмещать причиненный преступлением ущерб и материально поддерживать свои семьи. При этом предприниматели предоставляют им не только рабочие места, но и жилье, питание и необходимые бытовые условия.

Таким образом, впервые в истории современного Казахстана часть расходов на содержание осужденных в колониях-поселениях берет на себя бизнес, что позволяет снизить нагрузку на государственный бюджет.

Сегодня на таких участках трудятся более 350 осужденных в Астане, Шымкенте, Карагандинской, Костанайской, Жамбылскойи Актюбинской областях.

Только в Карагандинской области АО «Qarmet» и ТОО «Железобетонный партнер» приняли на работу свыше 90 человек. До конца года ставится задача увеличить число участников проекта до 1 000.

В целом, совместными усилиями прокуратуры, МВД и других государственных органов трудоустроено 19 тыс. осужденных, находящихся на пробационном контроле, что положительно сказывается на их социальной адаптации. Еще свыше 20 тыс. осужденных обеспечены работой непосредственно в местах лишения свободы.

Это весьма эффективный подход к исправлению осужденных, который позволяет еще до освобождения подготовить человека к самостоятельной жизни, дать ему профессию и источник дохода, помочь восстановить социальные связи и не вернуться в преступную среду.

Именно в этом заключается разумный баланс, заложенный в принципе «Закон и порядок»: ответственность за совершенное преступление должна сочетаться с реальной возможностью исправиться и вернуться в общество добропорядочным гражданином.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақтөбеде субсидияларды заңсыз алу фактілері анықталды
 
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының прокуратурасы бюджет қаражатының нысаналы әрі тиімді жұмсалу заңдылығын тексеру барысында аса ірі мөлшерде субсидияларды алаяқтық жолмен заңсыз алу фактілерін анықтады.

Анықталғандай, «Томирис-2019», «Мартук-2030» және «Тенге-2030» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерінің басшысы Д.Құсмағамбетова 2023 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде пайдакүнемдік мақсатта көрінеу жалған мәліметтерді енгізу арқылы алаяқтық жолмен субсидияларды заңсыз алған, соның салдарынан мемлекетке аса ірі мөлшерде 91 млн теңгеден астам залал келтірілген.

Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша қылмыстық істер тіркеліп, тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін Құсмағамбетова сотқа берілді.

Мәртөк аудандық сотының үкімімен Д.Құсмағамбетова кінәлі деп танылып, коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталған адамның кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты жазаны өтеу кейінге қалдырылды.
 
Ақтөбе облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Актобе выявлены факты незаконного получения субсидий
 
Прокуратурой Мартукского района Актюбинской области в ходе проверки законности целевого и эффективного расходования бюджетных средств, выявлены факты незаконного получения субсидий путем мошенничества в особо крупном размере.

Установлено, что руководитель сельскохозяйственных производственных кооперативов «Томирис-2019», «Мартук-2030» и «Тенге-2030» Кусмагамбетова Д. в период с 2023 г. по 2025 годы, из корыстных побуждений путем внесения заведомо ложных сведений незаконно получила субсидии мошенническим путем, причинив государству ущерб на сумму свыше 91 млн теңге в особо крупном размере.

По данному факту прокуратурой района зарегистрированы уголовные дела по п. 2) ч. 4 ст. 190 УК РК и по завершению следствия Кусмагамбетова Д. предана суду.

Приговором Мартукского районного суда Кусмагамбетова Д. признана виновной, назначено наказание в виде лишения свободы сроком на 6 лет 8 месяцев с лишением права занимать руководящие должности в коммерческих организациях.

В связи с наличием у осужденной малолетних детей исполнение наказания отсрочено.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Актюбинской области:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Трейдинг түріндегі алаяқтық
 
Бас прокуратура азаматтарға алаяқтықтың кең таралған схемасы туралы ескертеді. Бұл жағдайда қаскөйлер тиімді инвестициялау сылтауымен әртүрлі жоқ жобаларға салым жасауға уәде беріп, азаматтардың ақшалай қаражатын иемденеді.

Әлеуетті жәбірленушілерді тарту үшін қылмыскерлер кең таралған әлеуметтік желілерді, оның ішінде TikTok, Instagram, YouTube және басқа да интернет-платформаларды пайдаланады. Аталған платформаларда олар танымал адамдардың дипфейк-бейнелерін және аса жоғары пассивті табыс алуға уәде беретін жалған жасанды интеллект (ЖИ) платформаларын жасайды.

Мысалы, Михаил Ломтадземен Kaspi AI, Илон Маскпен Quantum AI, Павел Дуровпен TON, сондай-ақ «Хабар24», «КТК» немесе «Бірінші арна» телеарналарының танымал жаңалық жүргізушілерімен бірге «ҚазМұнайГазға» немесе «Газпромға» халықтық инвестициялар туралы ұсыныстар.

Тек соңғы бір жарым айдың ішінде республика бойынша осындай 119 дерек тіркелген.

Ағымдағы жылғы қыркүйек айында Талдықорған қаласының тұрғыны аса ірі мөлшердегі алаяқтық дерегі бойынша арызбен жүгінген.

Арызданушы Instagram әлеуметтік желісін қарап отырып, трейдинг (акцияларды сатып алу және сату) арқылы аса жоғары пайда табуды ұсынған жарнаманы көрген. Сілтемеге өтіп, жәбірленуші өзінің жеке және байланыс деректерін көрсете отырып, өтінім қалдырған.

Кейін жәбірленушімен қаскөйлер байланысқа шыққан. Олардың нұсқауларын орындаған ол үшінші тұлғалардың шоттарына 7 млн теңгеден астам ақша аударған.
Бұл ретте ол аударған ақшалай қаражат және болжамды дивидендтер жалған әмиянда көрсетілген, алайда алаяқтар олардың қолма-қол ақшаға айналдыру мүмкіндігін бермеген.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Бас прокуратура азаматтарды қырағылық танытуға шақырады.

Жоғары табысқа кепілдік беретін ұсыныстарға сенбеңіздер және инвестициялау деген сылтаумен белгісіз адамдарға ақша аудармаңыздар. Ақшалай қаражатты инвестициялаудан бұрын компания және ұсынылып отырған инвестициялық жоба туралы ақпаратты өз бетінше тексеріңіздер.

Күдікті хабарламалар немесе қоңыраулар келіп түскен жағдайда, белгісіз адамдармен әңгімені тоқтатыңыз және оларға банк карталарының деректерін, SMS арқылы келетін кодтарды және ақшалай қаражатқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін өзге де мәліметтерді хабарламаңыздар.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мошенничество под видом трейдинга
 
Генеральная прокуратура предупреждает граждан о распространенной схеме мошенничества, при которой злоумышленники, под предлогом выгодного инвестирования в различные несуществующие проекты, завладевают денежными средствами.

Для привлечения потенциальных жертв преступники используют распространенные социальные сети, в том числе TikTok, Instagram, YouTube и другие интернет-платформы, в которых создают дипфейк-видео со знаменитостями и фейковые ИИ-платформы, обещающие сверхвысокий пассивный доход.

Например, Kaspi AI с Михаилом Ломтадзе, Quantum AI c Илоном Маском, TON с Павлом Дуровым, Народные инвестиции в КазМунайГаз или Газпром с известными ведущими новостей телеканалов «Хабар24», «КТК» или «Первый канал».

Только за последние полтора месяца по стране зарегистрировано 119 таких фактов.

В сентябре текущего года жительница г. Талдыкорган обратилась с заявлением по факту мошенничества в особо крупном размере.

При просмотре социальной сети Instagram женщина увидела рекламу, предлагающую получение сверхприбыли путем трейдинга (покупки и продажи акций). Перейдя по ссылке, потерпевшая оставила заявку, указав свои анкетные и контактные данные.

Позже с женщиной связались злоумышленники, следуя указаниям которых она перевела на счета 3-их лиц более 7 млн теңге. При этом, перечисленные ею денежные средства и якобы дивиденды отображались в фейковом кошельке, однако возможность их обналичить мошенники не предоставили.

По указанному факту проводится досудебное расследование.

Генеральная прокуратура призывает граждан проявлять бдительность.

Не доверяйте предложениям о гарантированной высокой доходности и не переводите деньги неизвестным лицам под предлогом инвестирования. Перед вложением денежных средств самостоятельно проверяйте информацию о компании и предлагаемом инвестиционном проекте.

При поступлении подозрительных сообщений или звонков прекратите общение с неизвестными лицами и не сообщайте им данные банковских карт, коды из SMS и иные сведения, позволяющие получить доступ к Вашим денежным средствам.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ұлытау облысында жаппай көгалдандыру бастамасы қолға алынды
 
Ұлытау облысының прокуратурасы елді мекендерді көгалдандыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған өрік сүйектерін жаппай отырғызу жөніндегі экологиялық бастаманы қолға алды.

Бастаманың негізінде әркімге түсінікті әрі қолжетімді қарапайым идея жатыр: өрік пен кептірілген өріктің сүйектерін тастамай, оларды жинап, отырғызу материалы ретінде пайдалану.

Өрік әртүрлі табиғи жағдайларға жақсы бейімделеді, ал оны сүйектен өсіру күрделі дайындықты қажет етпейді. Көпшілік жұмыла қатысқан жағдайда осындай қарапайым әрекеттің өзі уақыт өте келе елеулі экологиялық нәтиже береді.

Бұл бастама Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен БҰҰ Бас Ассамблеясының 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялау туралы шешімі аясында ерекше маңызға ие.

Ұлытау облысында бұл идея іс жүзінде жүзеге асырыла бастады. Бастамаға мектеп оқушылары мен мемлекеттік органдар қосылып, өңір аумағында сүйектерді жинау және отырғызу жұмыстары жүргізілуде.

Өскелең ұрпақты тартуға ерекше назар аударылды. Балалардың көшет отырғызуға қатысуы көгалдандыруға нақты үлес қосып қана қоймай, олардың бойында жастайынан табиғатқа ұқыпты қарау мәдениеті мен қоршаған ортаның жай-күйіне деген жеке жауапкершілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бастаманың басты ерекшелігі – оның қолжетімділігінде. Қатысу үшін арнайы жабдық пен қомақты қаражат қажет емес: сүйекті сақтап, оның ағашқа айналуына мүмкіндік беру жеткілікті.

Егер осы қарапайым бастаманы мыңдаған адам қолдаса, бүгін отырғызылған сүйектер келешекте мыңдаған ағашқа айналып, қалалар мен ауылдардың жасыл желекке бөленуіне әрі пайдалы экологиялық әдеттің қалыптасуына ықпал етеді.

Сүйекті тастама — табиғатқа мүмкіндік бер!
 
Ұлытау облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-ulytau/press/news/details/1292693?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
В области Ұлытау стартовала инициатива по массовому озеленению
 
Прокуратура области Ұлытау запустила экологическую инициативу по массовой посадке косточек абрикоса, направленную на озеленение населенных пунктов и формирование бережного отношения к окружающей среде.

В основе инициативы лежит простая и доступная каждому идея: не выбрасывать косточки абрикоса и урюка, а собирать их и использовать в качестве посадочного материала.

Абрикос хорошо адаптируется к различным природным условиям, а его выращивание из косточки не требует сложной подготовки. При массовом участии даже такое простое действие способно со временем дать ощутимый экологический результат.

Инициатива приобретает особое значение в свете решения Генеральной Ассамблеи ООН, принятого по предложению Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева, о провозглашении 22 апреля Международным днем озеленения планеты.

В области Ұлытау идея уже перешла к практической реализации. К инициативе присоединились школьники и государственные органы, начат сбор и высадка косточек на территории региона.

Особый акцент сделан на вовлечении подрастающего поколения. Участие детей в посадке позволяет не только внести практический вклад в озеленение, но и с раннего возраста формировать бережное отношение к природе и чувство личной ответственности за состояние окружающей среды.

Главная особенность инициативы – ее доступность. Для участия не требуется специального оборудования или значительных затрат: достаточно сохранить косточку и дать ей возможность стать деревом.

Если такую простую практику поддержат тысячи людей, сегодня посаженные косточки в будущем могут превратиться в тысячи деревьев, сделать города и села зеленее и сформировать новую полезную экологическую привычку.

Не выбрасывай семя — дай шанс природе.
 
Ссылка на сайт прокуратуры области Ұлытау:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-ulytau/press/news/details/1292693?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Медициналық сақтандыру жарналарын уақтылы аудармау фактілері анықталды
 
БҚО Қаратөбе ауданының прокуратурасы медициналық сақтандыру туралы заңнаманың сақталуын талдау барысында жұмыс берушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға 2 млн теңгеден астам аударымды уақтылы төлемегенін анықтады. Бұл 123 жұмыскердің кепілдендірілген медициналық көмек алумен байланысты конституциялық құқықтарын іске асыруын шектеген.

Аталған бұзушылықтар «Қаратөбе» спорт клубы» МКҚК және «Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Қаратөбе аудандық демалыс орталығы» МКҚК-ның 2024–2026 жылдардағы қызметінде анықталды.

Прокуратураның ұсынуы бойынша берешек толық өтеліп, аталған кәсіпорындардың директорлары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 92-1-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Прокуратура жарналар мен аударымдарды уақтылы төлеу азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі екенін еске салады.
 
Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/1292485?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Вскрыты факты несвоевременных отчислений на медицинское страхование  
 
Прокуратурой Каратобинского района ЗКО по результатам анализа соблюдения законодательства о медицинском страховании выявлены факты задержки работодателями отчислений на обязательное социальное медицинское страхование на сумму более 2 млн теңге, что ограничивало реализацию конституционных прав 123 работников на получение гарантированной медицинской помощи.

Такие нарушения прокуроры выявили в деятельности ГККП «Спорт клуб «Қаратөбе» и ГККП «Каратобинский районный центр досуга имени Гарифоллы Курмангалиева» за 2024-2026 годы.

По представлению прокуратуры денежные средства выплачены и за допущенные нарушения директора указанных предприятий привлечены к административной ответственности по ст.92-1 КоАП РК.

Прокуратура напоминает, что своевременная уплата взносов и отчислений - это основа непрерывного доступа граждан к медицинской помощи в системе обязательного социального медицинского страхования.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Западно-Казахстанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/1292485?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Абай облысында 18-ден астам кәсіпкер сотталғандарға жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ұсынды
 
Абай облысы прокуратурасының бастамасымен қылмыстық-атқару жүйесінің №20 мекемесінде «Адал адам – Адал еңбек» жобасы аясында шетел азаматтары болып табылатын 108 сотталғандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
 
Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, олардың қолданыстағы берешегін азайту және жазасын өтеп жатқан адамдарды ақылы еңбекке тарту арқылы қосымша табыс көзін қалыптастыру.
 
Іс-шараға «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасының, қалалық кәсіпкерлік бөлімінің өкілдері, мекеме басшылары, сондай-ақ жұмысқа орналасу бойынша жобалары мен ұсыныстарын ұсынған 18-ден астам кәсіпкер қатысты.
 
Сонымен қатар, жәрмеңке аясында орта білім беру ұйымдарымен жекелеген сотталғандарға арнайы кәсіптік даярлық жүргізу туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл оларға сұранысқа ие еңбек дағдыларын меңгеруге және алдағы уақытта жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыруға мүмкіндік береді.
 
Іс-шара қорытындысы бойынша сотталғандар кәсіпкерлер ұсынған жобаларға айтарлықтай қызығушылық танытып, оларды іске асыруға қатысуға дайын екендіктерін білдірді.
 
Облыс прокуратурасы сотталғандарды 100% жұмыспен қамтуға және олардың кейінгі әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауға ықпал етеді.
 
Абай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM