Қазақстан Бас прокуратурасы
17.4K subscribers
3.52K photos
3.17K videos
40 files
11.8K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Прокуратура мемлекетке миллиардтаған теңгені қайтаруда!
 
Мемлекет мүддесін қорғау - жай ғана міндет емес, прокуратура органдары қызметінің негізгі басым бағыттарының бірі.

Прокуратура органдары қылмыстар салдарынан мемлекетке келтірілген және өтелмей қалған залалды анықтау, сондай-ақ қаражаттың бюджетке нақты қайтарылуын қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Бас прокуратура жүргізген талдаумен соңғы екі жылда қаралған қылмыстық істер бойынша мемлекетке жалпы сомасы 66,5 млрд теңге залал келтірілгенін көрсетті.

Бұл ретте 30,1 млрд теңге өндірілмей қалған.

Қалыптасқан жағдайдың негізгі себептерінің бірі - уәкілетті мемлекеттік органдардың мемлекетке келтірілген залалды өндіру туралы талап қоюларды бермеуі.

Талдау қорытындысы бойынша Бас прокуратура мемлекеттің мүліктік мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған мақсатты жұмысты ұйымдастырды.

Прокурорлар жалпы сомасы 30,1 млрд теңгеге 6 ұсыну, 3 наразылық және 27 талап қоюларды енгізді.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 651 млн теңге мемлекет кірісіне нақты өндірілді. Залалдың қалған сомасын өндіру туралы талап қоюлар қаралуда.

Соның бір мысалы - Қызылорда облысындағы іс. Екі азамат ақпараттық жүйеге көрінеу жалған мәліметтер енгізу арқылы 63 автокөліктің техникалық құжаттарына өзгерістер енгізген. Соның салдарынан 16 автокөлік бойынша 115,3 млн теңге кедендік төлем, ал 63 автокөлікті бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін 460,6 млн теңге алым бюджетке түспеген.

Прокуратура қабылдаған шаралардан кейін уәкілетті орган сотқа жүгініп, 575,9 млн теңгені мемлекет пайдасына өндіруге қол жеткізді.

Бұл - прокуратураның мемлекет мүддесін қорғауға бағытталған жұмысының нақты нәтижелерінің бірі.

Басты мақсат - нақты нәтижеге қол жеткізу: мемлекеттің мүліктік мүдделерін қалпына келтіріп, қаражаттың бюджетке нақты қайтарылуын қамтамасыз ету.

Бюджетке қайтарылған әрбір теңге – мемлекет пен қоғам игілігіне қызмет етуге тиісті қаражат.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратура возвращает государству миллиарды!
 
Защита государственных интересов - не просто задача, а один из ключевых приоритетов деятельности органов прокуратуры.

Органами прокуратуры на системной основе проводится работа по выявлению фактов невозмещенного ущерба, причиненного государству преступлениями, а также обеспечению реального возврата денежных средств в бюджет.

Проведенным анализом выявлено, что запоследние два года по рассмотренным судами уголовным делам государству причинен ущерб на общую сумму 66,5 млрд теңге.

При этом 30,1 млрд теңге остались невзысканными.

Одной из основных причин сложившейся ситуации стало непредъявление уполномоченными государственными органами исков о взыскании причиненного государству ущерба.

По итогам анализа Генеральной прокуратурой организована целенаправленная работа по восстановлению имущественных интересов государства.

Прокурорами внесено 6 представлений, 3 протеста и предъявлено 27 исков на общую сумму 30,1 млрд теңге.

Принятые меры уже обеспечили реальный возврат в доход государства 651 млн теңге. По остальным оставшимся суммам ущерба иски находится на рассмотрении.

Один из таких примеров - дело в Кызылординской области. Двое граждан путем внесения заведомо ложных сведений в информационную систему внесли изменения в технические документы 63 автомобилей. В результате в бюджет не поступили 115,3 млн теңге таможенных платежей по 16 автомобилям, а также 460,6 млн теңге сборов за первичную государственную регистрацию 63 автомобилей.

После принятых прокуратурой мер уполномоченный орган обратился в суд, в результате чего 575,9 млн теңге взыскано в пользу государства.

Это один из конкретных результатов работы прокуратуры, направленной на защиту интересов государства.

Главная цель - добиться конкретного результата: восстановить имущественные интересы государства и обеспечить реальный возврат денежных средств в бюджет.

Каждый возвращенный в бюджет теңге - это средства, которые должны работать на благо государства и общества.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратура инвесторға құны 1,2 млрд теңгені құрайтын жобаны іске асырудағы жер мәселесін шешуге көмектесті
 
Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында прокурорлардың араласуынан кейін «KAZMEAT Ақжайық» ЖШС-ның инвестициялық жобасын іске асыруға қажетті жер учаскесін жалға алу мерзімі ұзартылды.

Бәйтерек ауданының прокуратурасы ҚР Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп, әкімшілік кедергілерді жою және бизнестің заңды мүдделерін қорғау бойынша жұмысты жалғастыруда.

Прокуратураның назарына құны 1,2 млрд теңге болатын «KAZMEAT Ақжайық» ЖШС-ның инвестициялық жобасы ілікті. Жоба мал азығын өндіруге арналған тұрақты суару жүйесін және асыл тұқымды мал шаруашылығы фермасын құруды көздейді.

Жоба толық қуатына шыққаннан кейін кәсіпорын 800 гектар алқаптан мал азығын өндіруге және 200 бас ірі қара малын ұстауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар жобаны іске асыру 30 жаңа жұмыс орнын ашып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Алайда жобаны іске қосу барысында әкімшілік мәселелер туындаған. Инвестор аудан әкімдігіне мал азықтық дақылдарды өсіру және суару үшін қажетті жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту туралы өтінішпен жүгінген.

Жобаның маңыздылығына қарамастан, өтініш белгіленген мерзімде қаралмаған. Жергілікті атқарушы органның әрекетсіздігі мәселенің шешілуін созбалаңға салып, инвестициялық жобаны уақытылы іске асыруға кедергі келтірген.

Қажетті шешімге қол жеткізе алмаған инвестор Бәйтерек ауданының прокуратурасына жүгінді. Прокурорлардың араласуынан кейін мәселе жедел шешіліп, жер учаскесін жалға алу мерзімі ұзартылды.

Осылайша, жобаны іске асыру мерзімдеріне және шаруашылықты қажетті жем-шөп базасымен қамтамасыз етуге кері әсер етуі мүмкін кедергі жойылды. Прокурорлық қадағалау актісін қарау қорытындысы бойынша кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бәйтерек ауданының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен инвестициялық жобаларды сүйемдеу жұмыстарын жалғастырады. Бұл ретте негізсіз әкімшілік кедергілерді уақтылы жоюға және инвесторлардың құқықтарын нақты қорғауды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылатын болады.
 
Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/1278777?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратура помогла инвестору снять земельный барьер для проекта на 1,2 млрд теңге
 
В районе Бәйтерек Западно-Казахстанской области благодаря прокурорскому вмешательству продлен срок аренды земельного участка, необходимого для реализации инвестиционного проекта ТОО «KAZMEAT Акжайык».

Прокуратура района Бәйтерек совместно с Комитетом по защите прав инвесторов ГП РК продолжает работу по устранению административных барьеров и защите законных интересов бизнеса.

В поле зрения прокуратуры оказался инвестиционный проект ТОО «KAZMEAT Акжайык» стоимостью 1,2 млрд теңге. Проект предусматривает создание системы регулярного орошения для производства кормов и фермы-репродуктора.

После выхода на проектную мощность предприятие сможет производить корма с площади 800 гектаров и содержать 200 голов крупного рогатого скота. Кроме того, реализация проекта позволит создать 30 новых рабочих мест и увеличить объем производства сельскохозяйственной продукции.

Однако запуск проекта оказался под угрозой из-за административного вопроса.

Для продолжения реализации проекта инвестор обратился в акимат района с просьбой продлить срок аренды земельного участка, необходимого для орошения и выращивания кормовых культур.

Несмотря на значимость проекта, обращение в установленный срок рассмотрено не было. Бездействие местного исполнительного органа привело к затягиванию решения вопроса и создало препятствия для своевременной реализации инвестиционного проекта.

Не получив необходимого решения, инвестор обратился за защитой своих прав в прокуратуру района Бәйтерек.

После прокурорского вмешательства вопрос был оперативно решен – срок аренды земельного участка продлен. Таким образом, устранено препятствие, которое могло повлиять на сроки реализации проекта и обеспечение хозяйства необходимой кормовой базой.

По итогам рассмотрения прокурорского акта виновное должностное лицо привлечено к дисциплинарной ответственности.

Прокуратура района Бәйтерек при координации Комитета по защите прав инвесторов продолжит сопровождение инвестиционных проектов, уделяя особое внимание своевременному устранению необоснованных административных барьеров и обеспечению реальной защиты прав инвесторов.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Западно-Казахстанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/1278777?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бұланды ауданының прокуратурасымен жұмысшылардың жалақыны уақтылы алу жөніндегі конституциялық құқықтары қорғалды
 
Бұланды ауданының прокуратурасымен еңбекақы төлеу саласындағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізілді.

Талдау барысында «Макинск жылу» ШЖҚ МКК-да 72 жұмысшы алдында жалпы сомасы 8,3 млн теңге көлемінде жалақы бойынша берешек қалыптасқаны анықталды.

Бұзылған құқықтарды қалпына келтіру мақсатында прокуратурамен аудан әкімінің атына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, жалақыны уақытылы төлемеген үшін кәсіп директоры әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде берешек толық көлемде өтеліп, 72 жұмысшының жалақыны уақтылы алу жөніндегі конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.

Еңбек заңнамасының сақталуы Бұланды ауданы прокуратурасының тұрақты бақылауында.
 
Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1278740?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратурой Буландынского района защищены конституционные права работников на своевременное получение заработной платы
 
Прокуратурой Буландынского района проведён анализ соблюдения законодательства в сфере оплаты труда.

В ходе анализа в ГКП на ПХВ «Макинск жылу» установлена задолженность по заработной плате перед 72 работниками на общую сумму 8,3 млн теңге.

В целях восстановления нарушенных прав прокуратурой в адрес акима района внесён акт прокурорского надзора, директор предприятия привлечен к административной ответственности за несвоевременную оплату труда.

В результате принятых мер задолженность погашена в полном объёме, восстановлены конституционные права 72 работников на своевременное получение заработной платы.

Соблюдение трудового законодательства находится на постоянном контроле прокуратуры Буландынского района.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Акмолинской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1278740?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мүлік алимент берешегін өтеуге бағытталды: балалардың құқықтары қорғалды
 
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қарабалық ауданы прокуратурасы жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. Алимент өндіру туралы сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.

Қадағалау жұмыстары барысында аудан тұрғынының алименттік міндеттемелерді ұзақ уақыт бойы орындамағаны анықталды. Оның кәмелетке толмаған баласына алимент бойынша берешегі 3,6 млн теңгеден асты.

Баланың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында прокуратура атқарушылық іс жүргізу шеңберінде тиісті шаралар қабылдады. Нәтижесінде 2026 жылғы 6 мамырда Қарабалық аудандық соты борышкердің Қарабалық ауылында орналасқан тұрғын үйіне өндіріп алуды қолдану туралы ұйғарым шығарды.

Тағы бір жағдайда борышкер 2019 жылдан бастап бірнеше жыл бойы баласын асырау жөніндегі міндеттерін орындаудан жалтарып келген. Соның салдарынан алимент бойынша берешек 3,4 млн теңгені құраған.

Прокуратураның бастамасымен борышкердің жылжымайтын мүлігінің ½ бөлігіне өндіріп алу қолданылды. Қазіргі уақытта берешекті өтеу есебінен аталған пәтер үлесін өндіріп алушыға беру рәсімі жүргізілуде.

Осылайша, прокурорлық қадағалау шаралары борышкерлердің мүлкін сот актілерін орындауға бағыттауға және балалардың мүліктік құқықтарын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Қарабалық ауданының прокуратурасы ата-аналардың өз балаларын асырау міндеті алименттік міндеттемелердің толық орындалғанға дейін сақталатынын еске салады.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету және борышкерлерді ата-аналық міндеттерін тиісінше орындауға мәжбүрлеу бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.
 
Қостанай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1278902?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Имущество — в счет алиментов: права детей восстановлены
 
Защита прав и законных интересов детей остается одним из приоритетных направлений работы прокуратуры Карабалыкского района. Особое внимание уделяется обеспечению исполнения судебных решений о взыскании алиментов.

В ходе надзорной деятельности установлен факт длительного неисполнения алиментных обязательств одним из жителей района. Его задолженность перед несовершеннолетним ребенком превысила 3,6 млн теңге.

Для восстановления нарушенных прав ребенка прокуратурой приняты меры в рамках исполнительного производства. В результате 6 мая 2026 года Карабалыкский районный суд вынес определение об обращении взыскания на жилой дом должника, расположенный в поселке Карабалык.

Еще в одном случае должник на протяжении нескольких лет — с 2019 года — уклонялся от исполнения обязанностей по содержанию ребенка. Размер задолженности составил 3,4 млн теңге.

По инициативе прокуратуры взыскание обращено на ½ долю недвижимого имущества должника. В настоящее время проводится процедура передачи доли квартиры взыскателю в счет погашения образовавшейся задолженности.

Таким образом, меры прокурорского реагирования позволили использовать имущество должников для исполнения судебных актов и восстановления имущественных прав детей.

Прокуратура Карабалыкского района напоминает: обязанность родителей содержать своих детей не прекращается до полного исполнения алиментных обязательств.

Работа по защите прав несовершеннолетних, обеспечению исполнения судебных решений и привлечению должников к надлежащему исполнению родительских обязанностей продолжается.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Костанайской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1278902?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
550 жаңа жұмыс орны: Қызылордада ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
 
Облыс прокуроры Ризабек Ожаров Сырдария ауданында жүгері дақылын терең өңдеу зауытының құрылысы бойынша жобаны жүзеге асырушы инвестормен кездесу өткізді.
 
Өңірдің агроөнеркәсіп саласындағы бұл ірі инвестициялық жоба «Жаркент крахмал - сірне зауыты» ЖШС-мен жүзеге асырылып келеді.
 
Жобаның жалпы құны – 40 млрд теңге.
 
Зауыттың іске қосылуы 550 жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
 
Зауыттың қуаттылығы жылына 150 тонна өнімді құрайды.
 
Жобаның іске қосылуы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемін арттырып, өңірдің агроөнеркәсіптік кластерін дамытуға серпін бермек.
 
Кездесу барысында жобаның жүзеге асырылу мерзімі, құрылыс жұмыстарының барысы, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, сондай-ақ инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды.
 
Жауапты тұлғаларға жобаны сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау және туындаған мәселелерді заң шеңберінде уақтылы шешу қажеттігі түсіндірілді.
 
Инвесторлардың құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыты болып табылады.
 
Қызылорда облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған немесе құқықтары бұзылған инвесторларды келесі телефондар арқылы: 8-700-156-11-66, 27-77-47 немесе 115 Call-орталығына дереу хабарласуға шақырады.
 
Қызылорда облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1278990?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
550 новых рабочих мест: в Кызылорде реализуется крупный инвестиционный проект
 
Прокурор области Ризабек Ожаров в Сырдарьинском районе провел встречу с инвестором, реализующим проект по строительству завода по глубокой переработке кукурузы.
 
Крупный инвестиционный проект в агропромышленной сфере региона реализует ТОО «Жаркентский крахмалопаточный завод».
 
Общая стоимость проекта – 40 млрд теңге.
 
Запуск завода позволит создать 550 новых рабочих мест.
 
Проектная мощность завода – 150 тонн продукции в год.
 
Реализация проекта позволит увеличить объемы переработки сельскохозяйственной продукции и придаст новый импульс развитию агропромышленного кластера региона.
 
В ходе встречи обсуждены сроки реализации проекта, ход строительных работ, вопросы обеспечения инфраструктурой, а также защиты прав инвесторов и предпринимателей.
 
Ответственным лицам разъяснена необходимость обеспечить качественное завершение проекта в установленные сроки, соблюдение требований безопасности труда и своевременное разрешение возникающих вопросов в рамках законодательства.
 
Защита прав инвесторов остается приоритетным направлением деятельности органов прокуратуры.
 
Прокуратура Кызылординской области призывает инвесторов, столкнувшихся с административными барьерами или нарушениями прав, незамедлительно обращаться по телефонам: 8-700-156-11-66, 27-77-47 или в Call-центр 115.  
 
Ссылка на сайт прокуратуры Кызылординской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1278990?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокурорлар Ю.А. Хитриннің рухына тағзым етті
 
Қазақстан Республикасының бұрынғы Бас Прокуроры Юрий Александрович Хитриннің туғанына 80 жыл толуына орай прокуратура органдарының қызметкерлері оның рухына тағзым етті.

Ю.А. Хитриннің қабірі басында құрметті қарауылдың қатысуымен гүл қою рәсімі өтті.

Юрий Александрович тәуелсіз Қазақстан прокуратурасы органдарының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты. Оның жоғары кәсібилігі, принципшілдігі мен өз ісіне адалдығы отандық прокуратура тарихында өшпес із қалдырды.

Бұл рәсім Ю.А. Хитриннің еңбегіне көрсетілген құрметтің белгісі әрі кәсіби өмірін Заңға қызмет етуге арнаған азаматтың есімін ұлықтап, рухани мұрасын сақтаудың айғағы болды.
 
Бас әскери прокуратураның сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/gvp/press/news/details/1279020?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуроры почтили память Ю.А. Хитрина
 
В день 80-летия со дня рождения бывшего Генерального Прокурора Республики Казахстан Юрия Александровича Хитрина сотрудники органов прокуратуры почтили его память.

У могилы Ю.А. Хитрина состоялась официальная церемония с участием почетного караула и возложением цветов.

Юрий Александрович внес значительный вклад в становление и развитие органов прокуратуры независимого Казахстана. Его высокий профессионализм, принципиальность и преданность делу оставили заметный след в истории отечественной прокуратуры.

Церемония стала данью уважения заслугам Ю.А. Хитрина и свидетельством сохранения памяти о человеке, посвятившем свою профессиональную жизнь служению Закону.
 
Ссылка на сайт Главной военной   прокуратуры:

https://www.gov.kz/memleket/entities/gvp/press/news/details/1279020?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Маңғыстауда прокуратура 21 мыңнан астам спортшының құқықтарын қорғады
 
Облыс прокуратурасымен өңіріміздің 21 мыңнан астам спортшысының және 1,1 мың жаттықтырушының құқықтары қорғалды.
 
Атап айтқанда, прокурорлық қадағалау актісі негізінде спортшыларға, оның ішінде мүгедектігі бар спортшыларға тиесілі төлемдердің уақытылы төленуі қамтамасыз етілді.
 
Сонымен қатар, құжаттарды дереу жолдау тәртібі және комиссияның отырыстарын ай сайын өткізу қалыптастырылды.
 
Құжаттардың уақытылы жолдануы, ай сайынғы төлемдерді тағайындауды тездетеді, бұл өз кезегінде өңіріміздің спортшыларын жетістіктерге жетуге ынталандырады және уақтылы тиісті төлемдерін алуын қамтамасыз етеді.
 
Қабылданған шаралардың нәтижесінде спортшылардың құқықтарының бұзылуына жол берген кінәлі тұлғалар жауаптылыққа тартылды.
             
Маңғыстау облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/1279019?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM