Қазақстан Бас прокуратурасы
17.5K subscribers
3.09K photos
2.77K videos
40 files
10.7K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Оралда «Халық Қаһарманы» Иван Степанович Гапичті ақтық сапарға шығарып салды
 
Орал қаласында Қазақстан Республикасының«Халық Қаһарманы», Ұлы Отан соғысының ардагері, прокуратура органдарының ардагері Иван Степанович Гапичті 103 жасында ақтық сапарға шығарып салды.

Отан мен Заңға адал қызмет етудің жарқын үлгісіне айналған көрнекті тұлғаны соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев арнайы келді. Рәсімге сондай-ақ Батыс Қазақстан облысының прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы, Ақтөбе облысының прокуроры Марат Әбішев, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер, жұртшылық, марқұмның туған-туыстары мен жақындары қатысты.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асыловтың атынан Иван Степановичтің отбасы мен жақындарына көңіл айту сөздері жеткізілді. Қоштасу рәсімінде сөз сөйлеген Ғалымжан Қойгелдиев Иван Степановичтің есімі отандық прокуратура тарихында ерлік пен мемлекетке адал қызмет етудің, өз ісіне шексіз берілгендіктің символы ретінде мәңгі сақталатынын атап өтті.

Соғыс жылдары Иван Степанович үшін үлкен сынақ кезеңі болды. Ол Польша, Чехословакия және Украинаны азат етуге қатысып, ерекше батылдық, қайсарлық және ерлік танытты. Майданда Отанын қорғағаннан кейін бейбіт өмірде де елге қызмет етуді жалғастырды. Оның өмір жолындағы ерекше белестердің бірі – Мәскеуде өткен Жеңістің екі тарихи шеруіне: 1945 жылғы 24 маусымдағы және 2010 жылғы 9 мамырдағы Жеңіс шерулеріне қатысуы болды.

Иван Степанович прокуратура органдарындағы көпжылдық қызметінде жоғары кәсібилігімен, принципшілдігімен және мінсіз адалдығымен әріптестерінің зор құрметіне ие болды. Ол Қарағанды қаласының Сталин ауданының прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары, Көкшетау облысының прокуроры қызметтерін атқарды, сондай-ақ республика прокуратурасының орталық аппаратында аса маңызды істер жөніндегі тергеуші болып жұмыс істеді. 1966 жылы Батыс Қазақстан облысы прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалып, осы қызметте жиырма жыл еңбек етіп, құрметті демалысқа шығып, қызметін аяқтады.

Оның көпжылдық қызметі заңдылық пен әділеттілікті нығайтуға елеулі үлес қосты, ал өнегелі өмір жолы прокуратура қызметкерлерінің бірнеше буынына үлгі болды.

Ұлы Отан соғысының ардагері, Жеңістің екі тарихи шеруінің қатысушысы, прокурор әрі «Халық Қаһарманы» Иван Степанович Гапичтің жарқын бейнесі туған-туыстарының, әріптестерінің және оны тану бақыты бұйырған барша жанның жүрегінде мәңгі сақталады.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Уральске проводили в последний путь «Халық Қаһарманы» Ивана Степановича Гапича
 
В городе Уральске проводили в последний путь «Халық Қаһарманы» Республики Казахстан, ветерана Великой Отечественной войны, ветерана органов прокуратуры Ивана Степановича Гапича, ушедшего из жизни в 103 года.

Почтить память выдающегося человека, чья жизнь стала примером беззаветного служения Родине и Закону, в Уральск прибыл заместитель Генерального Прокурора Республики Казахстан Галымжан Койгелдиев. Вместе с ним в церемонии прощания приняли участие прокурор Западно-Казахстанской области Нұрбек Ұласбекұлы, прокурор Актюбинской области Марат Абишев, представители государственных и правоохранительных органов, ветераны, общественность, родные и близкие.

От имени Генерального Прокурора Республики Казахстан Берика Асылова были выражены искренние соболезнования семье и близким Ивана Степановича. Выступая на церемонии, Галымжан Койгелдиев отметил, что имя Ивана Степановича навсегда останется в истории отечественной прокуратуры как символ мужества, честного служения государству и беззаветной преданности своему делу.

Военные годы стали временем настоящего испытания для Ивана Степановича. Он принимал участие в освобождении Польши, Чехословакии и Украины, проявив мужество, стойкость и героизм. Защитив Родину на полях сражений, он продолжил служение ей уже в мирное время. Особой страницей его биографии стало участие в двух исторических парадах Победы в Москве – 24 июня 1945 года и 9 мая 2010 года.

Многие годы Иван Степанович посвятил работе в органах прокуратуры, где заслужил глубокое уважение коллег своим высоким профессионализмом, принципиальностью и безупречной честностью. Он возглавлял прокуратуру Сталинского района города Караганды, занимал должность заместителя прокурора Южно-Казахстанской области, прокурора Кокчетавской области, работал в центральном аппарате прокуратуры республики следователем по особо важным делам. В 1966 году был назначен первым заместителем прокурора Западно-Казахстанской области, где проработал два десятилетия и завершил службу, выйдя на заслуженный отдых.

Его многолетняя служба внесла весомый вклад в укрепление законности и справедливости, а жизненный путь стал ориентиром для нескольких поколений прокурорских работников.

Светлая память о Иване Степановиче Гапиче - фронтовике, прокуроре и «Халық Қаһарманы» - навсегда сохранится в сердцах родных, коллег и всех, кто имел честь знать этого выдающегося человека.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қайтарылған активтер Ұлытау облысы тұрғындарының игілігіне қызмет етуде
 
Прокуратура органдары заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Қайтарылған қаражат Арнаулы мемлекеттік қорға жинақталып, тек әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталады.

Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Ұлытау облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға Арнаулы мемлекеттік қордан 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

Бүгінгі таңда өңірде Жезқазған қаласында, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарында 4 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Соның арқасында 4,5 мыңнан астам тұрғын сапалы медициналық көмекке қол жеткізді.

Жаңаарқа ауданының Айнабұлақ кенті мен Ұлытау ауданының Қорғасын ауылының тұрғындары үшін жаңа медициналық пункттердің ашылуы ерекше маңызға ие болды. Бұған дейін олар медициналық көмек алу үшін аудан орталықтарына дейін 90 шақырым жол жүруге мәжбүр болған.

Сонымен қатар, 3 сумен жабдықтау нысанының құрылысы аяқталды. Нәтижесінде Жаңаарқа ауданының ауылдарында тұратын мыңға жуық тұрғын жеке ұңғымалардың орнына алғаш рет орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етілді.

Қазіргі уақытта тағы 2 жоба іске асырылуда. Оның ішінде құны 1,4 млрд теңгені құрайтын Жаңаарқа аудандық көпбейінді орталық ауруханасын күрделі жөндеу жұмыстары бар (соңғы күрделі жөндеу 10 жыл бұрын жүргізілген).

Қайтарылған активтер бүгінде облыс тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыратын әлеуметтік нысандарға айналуда.

Барлық нысандардың құрылысы мен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуы облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.
 
Ұлытау облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Возвращенные активы работают на благо жителей области Ұлытау
 
Органы прокуратуры на системной основе проводят работу по возврату государству незаконно приобретенных активов.

Возвращенные средства аккумулируются в Специальном государственном фонде и направляются исключительно на реализацию социально значимых проектов.

За счет возвращенных государству активов на развитие социальной инфраструктуры области Ұлытау из Специального государственного фонда выделено свыше 10 млрд теңге.

На сегодня в регионе уже введены в эксплуатацию 4 врачебные амбулатории в г.Жезказган, Жанааркинском и Улытауском районах, благодаря чему более 4,5 тыс. жителей получили доступ к качественной медицинской помощи.

Особенно значимым стало открытие новых медицинских пунктов для жителей поселка Айнабулак Жанааркинского района и села Коргасын Улытауского района, которым ранее для получения медицинской помощи приходилось преодолевать до 90 км до районных центров.

Кроме того, завершено строительство 3 объектов водоснабжения, благодаря чему около тысячи жителей сел Жанааркинского района впервые получили доступ к централизованному питьевому водоснабжению. Ранее они были вынуждены пользоваться водой из индивидуальных скважин.

Продолжается реализация еще 2 проектов, включая капитальный ремонт Многопрофильной центральной больницы Жанааркинского района стоимостью 1,4 млрд теңге (последний капитальный ремонт проводился 10 лет назад).

Возвращенные активы уже сегодня превращаются в социальные объекты, которые делают жизнь жителей области комфортнее.

Строительство всех объектов и целевое использование выделенных средств находятся на постоянном контроле прокуратуры области.
 
Ссылка на сайт прокуратуры области Ұлытау:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеуде Қызылорда облысының прокуратурасы қандай қолдау көрсетеді? Инвестициялық жобаларды іске асыру барысында туындайтын әкімшілік кедергілер қалай шешіледі?

Осы және өзге де сұрақтар туралы Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары Нұрболат Дүйсенбаев «Бизнес-Арена» подкастында айтып берді.

Толық шығарылымды Rustam.Maushev YouTube арнасынан көре аласыздар:

https://youtu.be/NHf9qCv3wo4?si=iZkZAcssm-xKnC4v


Какую поддержку оказывает прокуратура Кызылординской области в защите прав инвесторов и сопровождении инвестиционных проектов? Каким образом решаются административные барьеры, возникающие при реализации инвестиционных проектов?

Об этом и многом другом рассказал первый заместитель прокурора Кызылординской области Нұрболат Дүйсенбаев в подкасте «Бизнес-Арена».

Полный выпуск смотрите на YouTube-канале Rustam.Maushev:

https://youtu.be/NHf9qCv3wo4?si=iZkZAcssm-xKnC4v

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сотталушы соңғы сөз айту құқығынан айырылған
 
Алматы облысында ер адам есірткі құралдарының заңсыз айналымы үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Апелляциялық сотпен үкім өзгеріссіз қалдырылған.

Істі зерделеу барысында Бас прокуратура сотталушының қорғану құқығы елеулі түрде бұзылғанын анықтады.

Денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты сотталушы сот жарыссөзіне қатыса алмай, соңғы сөз айту құқығын пайдалана алмаған.

Кассациялық сатыдағы сот прокурордың қорытындысы негізінде сот актілерінің күшін жойып, қылмыстық істі жаңадан сот қарауына жіберді.

Сотталушының сот жарыссөзіне қатысу және соңғы сөз айту құқығы әділ сот талқылауының міндетті кепілдігі болып табылады.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM