Қазақстан Бас прокуратурасы
17.4K subscribers
3.07K photos
2.76K videos
40 files
10.7K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Инновация мен тәжірибе: Ақтөбе облысының прокуратурасында өңірлік оқу-практикалық кабинеті мен «ProLab» базалық зертханасы ашылды

Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Нұрғалым Әбдіровтің және Ақтөбе облысының прокуроры Марат Әбішевтің қатысуымен өңірлік оқу-практикалық кабинеті мен «ProLab» базалық зертханасының салтанатты ашылуы өтті.

«ProLab» өңірлік зертханасы құқық қолдану саласындағы өзекті мәселелерді зерделеуге, құқық бұзушылықтардың жасалу себептері мен жағдайларын талдауға, қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге, жаңа цифрлық шешімдерді әзірлеу және сынақтан өткізуге, сондай-ақ прокурорлық қызметті жетілдіруге бағытталған ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеуге арналған ғылыми-практикалық алаң болады.

Академия ректоры зертхананың қызметі деректерді талдаудың заманауи әдістерін, жасанды интеллект элементтерін, цифрлық модельдеу мен криминогендік тәуекелдерді болжау құралдарын пайдалана отырып, прокуратура органдарының нақты міндеттерін шешуге бағытталатынын атап өтті.

Іс-шара барысында облыс прокуратурасы мен Құқық қорғау органдары академиясы арасындағы әріптестікті дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Соңғы жылдары облыс прокуратурасының 170-тен астам қызметкері, оның ішінде магистранттар, біліктілікті арттыру бағдарламаларының тыңдаушылары және киберпрокурорлар Академияда білім алып, бұл прокурорлық қызметке заманауи талдау әдістерін, цифрлық құзыреттер мен озық тәсілдерді енгізуге ықпал етуде.

Негізгі іс-шара аясында облыс прокуроры Марат Әбішевтің модераторлығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен бірлесіп ұйымдастырылған «Құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы ғылым мен цифрлық шешімдер» тақырыбында ведомствоаралық кеңес өтті.

Іс-шараға Академия ректоры, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М. Бөкенбаев атындағы Заң институтының қызметкерлері, Полиция департаментінің, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет департаментінің басшылығы, облыс әкімдігі, мемлекеттік органдар, ғылыми қауымдастық және серіктес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кеңес барысында қатысушыларға облыс прокуратурасының «FSM Social», «TALDAU – QOLDAU – BAQYLAU», «Айқын нәтиже», «Қауіпсіз балалық шақ» және «Ақтөбе – алаяқтықсыз өңір» цифрлық жобалары таныстырылды. Аталған жобалар криминогендік факторларды ерте анықтауға, атаулы профилактиканы дамытуға және деректерді талдау негізінде басқарушылық шешімдер қабылдауға бағытталған.

Сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті пайдалану, жол-көлік оқиғалары мен интернет-алаяқтықтың алдын алудың заманауи тәсілдері мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша ғылыми-практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, құқық қорғау қызметін цифрлық трансформациялау аясын кеңейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесіне инновациялық технологияларды енгізу және «ProLab» зертханасының әлеуетін заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы озық шешімдерді әзірлеу мен енгізудің өңірлік орталығы ретінде пайдалану жөнінде бірлескен шешімдер қабылданды.

Ақтөбе облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1267834?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Инновации и практика: в прокуратуре Актюбинской области открыты региональный учебно-практический кабинет и базовая лаборатория «ProLab»
 
В Актюбинской области состоялось открытие регионального учебно-практического кабинета и базовой лаборатории «ProLab» с участием ректора Академии правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан Нургалыма Абдирова и прокурора Актюбинской области Марата Абишева.

Региональная лаборатория «ProLab» станет научно-практической площадкой для исследования актуальных вопросов правоприменения, анализа причин и условий совершения правонарушений, проведения прикладных исследований, разработки и апробации новых цифровых решений, а также подготовки научно обоснованных рекомендаций для совершенствования прокурорской практики.

Ректор Академии отметил, что деятельность лаборатории будет ориентирована на решение конкретных задач органов прокуратуры с использованием современных методов анализа данных, элементов искусственного интеллекта, цифрового моделирования и прогнозирования криминогенных рисков.

Особое внимание уделено развитию партнерства прокуратуры области с Академией правоохранительных органов. За последние годы более 170 сотрудников прокуратуры области, включая магистрантов, слушателей программ повышения квалификации и киберпрокуроров, прошли обучение в Академии, что способствует внедрению современных методов анализа, цифровых компетенций и передовых подходов в прокурорскую деятельность.

На фоне ключевого события, при модераторстве прокурора области Марата Абишевасостоялось межведомственное совещание на тему «Наука и цифровые решения в сфере профилактики правонарушений», организованное совместно с Академией правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан.

В мероприятии приняли участие ректор Академии, сотрудники Юридического института МВД Республики Казахстан имени М. Букенбаева, руководство Департамента полиции, ДЭР, ДУИС, ДКПСиСУ, представители акимата области, государственных органов, научного сообщества и организаций-партнеров.

В рамках совещания участникам представлены цифровые проекты прокуратуры области «FSM Social», «TALDAU – QOLDAU – BAQYLAU», «Айқын нәтиже», «Қауіпсіз балалық шақ» и «Актобе – территория без мошенничеств», направленные на раннее выявление криминогенных факторов, развитие адресной профилактики и принятие управленческих решений на основе анализа данных.

Отдельное внимание уделено вопросам использования цифровых технологий и искусственного интеллекта в деятельности правоохранительных органов, а также современным подходам к профилактике дорожно-транспортных происшествий и интернет-мошенничества.

По итогам совещания приняты совместные решения о дальнейшем развитии научно-практического сотрудничества, расширении цифровой трансформации правоохранительной деятельности, внедрении инновационных технологий в профилактику правонарушений и использовании потенциала «ProLab» как регионального центра разработки и внедрения передовых решений в сфере обеспечения законности и общественной безопасности.

Ссылка на сайт прокуратуры Актюбинской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1267834?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алтай ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен МРТ орталығы ашылды
 
Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында Магнитті-резонанстық томография (МРТ) орталығын орналастыруға арналған жаңа ғимараттың ашылуы өтті.
 
Жоба Мемлекет басшысының прокуратура органдары мемлекетке қайтарған заңсыз иемденілген активтерді әлеуметтік маңызы бар объектілерді қаржыландыруға бағыттау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылды. Жобаның жалпы құны — 622,6 млн теңге.
 
Осы уақытқа дейін Алтай ауданында жеке томография кабинеті болмаған. Тексеруден өту үшін тұрғындарға 175 км қашықтықта орналасқан облыс орталығына баруға тура келетін, бұл егде жастағы пациенттерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға және шұғыл диагностиканы қажет ететін азаматтарға үлкен қиындықтар туғызды.
 
Жаңа МРТ орталығының ашылуы ауданның және іргелес елді мекендердің 50 мыңнан астам тұрғынын сапалы әрі дер кезіндегі диагностикалық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
 
Осындай жобаларды жүзеге асыру денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді, сондай-ақ мемлекетке қайтарылған қаражаттың ашық әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
 
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1268053?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В районе Алтай за счет возвращенных государству активов открыли Центр МРТ
 
В районе Алтай Восточно-Казахстанской области состоялось открытие нового здания для размещения Центра магнитно-резонансной томографии (МРТ).
 
Проект реализован во исполнение поручения Главы государства по направлению возвращенных прокуратурой государству незаконно приобретенных активов на финансирование социально значимых объектов на общую сумму 622,6 млн теңге.
 
До настоящего времени в районе Алтай отсутствовал собственный кабинет томографии. Для прохождения обследования жителям приходилось выезжать в областной центр, расположенный на расстоянии 175 км, что создавало серьезные трудности для пациентов пожилого возраста, лиц с инвалидностью и граждан, нуждающихся в экстренной диагностике.
 
Открытие нового Центра МРТ позволило обеспечить качественной и своевременной диагностической помощью более 50 тысяч жителей района и прилегающих населенных пунктов.

Реализация подобных проектов способствует развитию системы здравоохранения, улучшению качества жизни граждан и обеспечивает прозрачное и эффективное использование средств, возвращенных государству.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Восточно-Казахстанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1268053?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары қаржы пирамидасын құрғаны және алаяқтық жасағаны үшін сотталды
 
Астана қаласында қаржы пирамидасын құрып, алаяқтық жасаған ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушыларына қатысты айыптау үкімі шығарылды.
 
Сотта қылмыстық топ құрамында 10-нан астам адамның болғаны және олардың әрқайсысының өзара нақты бөлінген міндеттері болғаны анықталды. Топ мүшелері азаматтарды 1 млн теңгеден 2 млн теңгеге дейін ақшалай сыйақы төленетініне сендіріп, автокредит рәсімдеуге көндірген. Сонымен қатар, несие бойынша міндеттемелерді өздері өтейтіндерін уәде еткен. Алынған автокөліктер заңсыз сатылып, олардың бір бөлігі Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге шығарылған.
 
Қылмыстық әрекеттердің салдарынан 100-ден астам азамат жәбірленуші деп танылып, барлығы 165 автокөлік рәсімделген.
 
Сот үкімімен кінәлілер ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және оған басшылық жасағаны, қаржы пирамидасын құрғаны және оған басшылық жасағаны, сондай-ақ алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
 
Жәбірленушілердің азаматтық талап-арыздары қанағаттандырылды.
 
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 
Астана қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1268113?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Участники организованной преступной группы осуждены за создание финансовой пирамиды и мошенничество
 
В Астане вынесен обвинительный приговор в отношении участников организованной преступной группы, создавших финансовую пирамиду и совершивших мошенничество.
 
Установлено, что в состав преступной группы входило более 10 человек, между которыми были четко распределены роли. Участники группы под предлогом выплаты денежного вознаграждения в размере от 1 до 2 млн теңге убеждали граждан оформить автокредиты, обещая самостоятельно погасить кредитные обязательства. Полученные автомобили незаконно реализовывались, в том числе вывозились за пределы Республики Казахстан.
 
В результате преступной деятельности потерпевшими признаны более 100 граждан, оформлено 165 автомобилей.
 
Приговором суда виновные осуждены за создание и руководство организованной преступной группой, создание и руководство финансовой пирамидой, а также мошенничество. Им назначено наказание в виде лишения свободы на сроки от 5 до 8 лет.
 
Гражданские иски потерпевших удовлетворены.
 
Приговор не вступил в законную силу.
 
Ссылка на сайт прокуратуры города Астаны:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1268113?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Invest Caravan»: облыс прокуроры инвесторлармен кездесіп, жаңа өндіріс орндарын аралады
 
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында инвесторлардың құқықтарын қорғауға және әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған «Invest caravan» жобасын іске асыру жалғасуда.
 
Жұмыс сапары аясында облыс прокуроры Ержан Дүйсекенов іске асырылып жатқан кәсіпорындар мен «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының аумағында инвестициялық жобалардың нысандарын аралады.
 
Екі күн ішінде ол жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жұмысымен және машина жасау, ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі салаларындағы жаңа өндірістер құрылысының барысымен танысты.
 
Сондай-ақ, түрік инвесторларының қатысуымен көпсалалы облыстық аурухана салу жобасына қатысты.
 
Кездесулер барысында жобаларды іске асыру, инженерлік инфрақұрылымға қосу, жер қатынастарын ресімдеу, рұқсат құжаттамасын алу және мемлекеттік органдардың міндеттемелерді орындау мәселелері талқыланды.
 
Инвесторларға олардың құқықтарын прокурорлық қорғау тетіктері түсіндірілді. Барлық айтылған мәселелер облыс прокуратурасымен қажетті шараларды қабылдау және инвестициялық жобаларды одан әрі сүйемелдеу үшін бақылауға алынды.
 
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1267722?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Invest Caravan»: прокурор области встретился с инвесторами и посетил новые производства
 
По поручению Генерального Прокурора Республики Казахстан в Северо-Казахстанской области продолжается реализация проекта «Invest Caravan», направленного на защиту прав инвесторов и устранение административных барьеров.
 
В рамках рабочей поездки прокурор области Ержан Дюсекенов посетил предприятия и объекты инвестиционных проектов, реализуемых на территории специальной экономической зоны «Qyzyljar».
 
В течение двух дней он ознакомился с работой действующих предприятий и ходом строительства новых производств в сферах машиностроения, сельского хозяйства, пищевой и перерабатывающей промышленности.
 
Также посещен проект строительства многопрофильной областной больницы с участием турецких инвесторов.
 
В ходе встреч обсуждены вопросы реализации проектов, подключения к инженерной инфраструктуре, оформления земельных отношений, получения разрешительной документации и исполнения обязательств государственными органами.
 
Инвесторам разъяснены механизмы прокурорской защиты их прав. Все озвученные вопросы взяты прокуратурой области на контроль для принятия необходимых мер и дальнейшего сопровождения инвестиционных проектов.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Северо-Казахстанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1267722?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Инвесторларды қорғау және ірі инвестициялық жобаларды сақтап қалуда Бас прокуратура қандай көмек көрсетеді? Бизнес қандай мәселелерге жиі тап болады және оларды шешу жолдары қандай?

Осы және өзге де сұрақтар туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Азамат Дүйсембеков TrendTalk подкастында айтып берді.

Толық шығарылымды BAQ.KZ YouTube арнасынан көре аласыздар:

https://www.youtube.com/watch?v=bpekDZFH6ts


Какую помощь оказывает Генеральная прокуратура в защите инвесторов и сохранении крупных инвестиционных проектов? С какими проблемами чаще всего сталкивается бизнес и как они решаются?

Об этом и многом другом рассказал заместитель председателя Комитета по защите прав инвесторов Генеральной прокуратуры Республики Казахстан Азамат Дюсембеков в подкасте TrendTalk.

Полный выпуск смотрите на YouTube-канале BAQ.KZ:

https://www.youtube.com/watch?v=bpekDZFH6ts

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Батыс Қазақстан облысында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салуға 17,7 млрд теңге бағытталды.

Бұл есептегі жай ғана сан емес. Бұл – ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмысын жақсартып жатқан ауруханалар, фельдшерлік-акушерлік пункттер (ФАП) және ауыз су құбырлары.

Бүгінгі таңда осы қаражат есебінен жалпы құны 4,9 млрд теңгені құрайтын 23 нысан пайдалануға берілді, тағы 4 жоба жүзеге асырылу кезеңінде.

Пайдалануға берілген нысандардың бірі – Сырым ауданының Шағырлой ауылындағы жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт. Ауыл тұрғындары жарты ғасырға жуық уақыт бойы 1979 жылы салынған, қазіргі заман талаптарына мүлде сәйкес келмейтін ғимаратта медициналық көмек алып келген.

Бұған дейін тұрғындар медициналық көмек алу үшін ауа райына, тәулік уақытына және денсаулық жағдайына қарамастан аудан орталығына дейін 22 шақырым жол жүруге мәжбүр болатын.

Енді сапалы медициналық қызмет ауыл тұрғындары үшін қолжетімді болды. Қазіргі таңда жаңа медициналық пункттің қызметін ауылдың 623-тен астам тұрғыны пайдаланып отыр.

Жобаның жалпы құны 337,8 млн теңгені құрады. Оның ішінде 136 млн теңге мемлекетке қайтарылған активтер есебінен қалыптастырылған Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінді. Бұрын заңсыз айналымнан шығарылған бұл қаражат бүгінде халықтың игілігіне қызмететуде.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жаңа медициналық пункттің ашылуы – көптен күткен маңызды оқиға. Ол ауылдағы медициналық көмектің қолжетімділігіне қатысты көпжылдық мәселенің шешілуіне мүмкіндік берді.

Бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуымен құрылыс жұмыстарының барысы прокуратура органдарының тұрақты бақылауында. Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылатынжобалардың әрбір кезеңі жіті қадағаланады.

Шағырлой ауылының мысалы мемлекетке қайтарылған активтердің мыңдаған азаматтың өмір сүру сапасын жақсартуға нақты үлес қосып жатқанын айқын көрсетеді.
 
Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/1268456?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В Западно-Казахстанской области на строительство объектов социальной инфраструктуры за счет возвращенных государству активов направлено 17,7 млрд теңге.

Это не абстрактная цифра в отчете, а больницы, фельдшерско-акушерский пункты (ФАП) и водопроводы, которые уже меняют повседневную жизнь тысяч сельских жителей.

На сегодняшний день на эти средства построено 23 объекта общей стоимостью 4,9 млрд теңге, еще 4 проекта находятся в работе.

Один из уже завершенных объектов – новый ФАП в поселке Шағырлой Сырымскогорайона, где почти полвека жители лечились в здании 1979 года постройки, давно не отвечавшем никаким современным стандартам.

Раньше за медицинской помощью жителям приходилось преодолевать 22 км до районного центра – независимо от погоды, времени суток и состояния здоровья.

Теперь качественная медицина – в шаговой доступности, и ею уже пользуются более 623 жителей поселка.

Проект обошелся в 337,8 млн теңге, из которых 136 млн теңге выделены из СГФ, сформированного за счет возвращенных государству активов, деньги, которые еще недавно были выведены из легального оборота, а теперь работают на благо людей.

Местные жители называют открытие медпункта долгожданным событием, которое наконец закрыло многолетнюю проблему доступности медицинской помощи в поселке.

За целевым расходованием средств и ходом строительства следят органы прокуратуры – средства из возвращенных активов находятся под постоянным контролем.

История Шағырлоя – наглядный пример того, как возвращенные государству активы превращаются в качество жизни для тысяч граждан.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Западно-Казахстанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/1268456?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Атырау облысының прокуратурасы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестірді

Атырау облысы прокуратурасының бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын іске асыру аясында елді мекендердің тазалығын қамтамасыз ету және абаттандыру қағидаларының сақталуымәселелері бойынша полиция органдары мен жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылы күшейтілді.
 
Өткізілген іс-шаралар шеңберінде 48 бірлескен рейд ұйымдастырылып, 98 заңсыз қоқыс орындары анықталып, 1000-ға жуық тонна қоқыс шығарылды, прокурорлық қадағалау актілері бойынша 84 қоқыс орны жойылды.
 
Заң талаптарын бұзғаны үшін 483 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
 
Қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін прокурорлық қадағалау актілері негізінде 41 лауазымды тұлға жауаптылыққа тартылды.
 
Атырау облысының прокуратурасы белгіленбеген орындарға қоқыс төгу және қоғамдық аумақтарды ластау заң талаптарын бұзу болып табылатынын, мұндай әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылықтың көзделгенін еске салады.
 
Қоршаған ортаға ұқыпты қарау – әрбір тұрғынның тазалықты сақтауға, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға қосқан үлесінен құралады.
 
Заңсыз қоқыс үйінділерін жою жұмыстары жалғасуда және облыс прокуратурасының ерекше бақылауында.
 
Атырау облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-atyrau/press/news/details/1268520?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратура Атырауской области скоординировала работу государственных органов в рамках экологической акции «Таза Қазақстан»
 
По инициативе прокуратуры Атырауской области, в рамках реализации экологической акции «Таза Қазақстан» усилено взаимодействие с органами полиции и местными исполнительными органами по вопросам обеспечения чистоты населённых пунктов и соблюдения правил благоустройства.
 
В рамках проводимых мероприятий организовано 48 совместных рейдов, выявлено 98 стихийных свалок и вывезено около 1000 тонн мусора, по актам прокурорского надзора ликвидировано 84 свалок.
 
За нарушения закона к административной ответственности привлечено 483 физических и юридических лиц.
 
За ненадлежащее исполнение своих служебных обязанностей по мерам реагирования к ответственности привлечено 41 должностное лицо.
 
Прокуратура Атырауской области напоминает, что выброс мусора в неустановленных местах и загрязнение общественных территорий являются нарушением закона, что влечет административную ответственность.
 
Бережное отношение к окружающей среде - это вклад каждого жителя в обеспечение чистоты, экологической безопасности и комфортных условий проживания.
 
Работа по устранению оставшихся несанкционированных мест размещения отходов продолжается и находится на контроле прокуратуры области.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Атырауской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-atyrau/press/news/details/1268520?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
БАҚ үшін ақпарат

2026 жылғы 4 тамызда жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарында «Әділет» саяси партиясының қызметіндегі тексеру нәтижелері мен анықталған бұзушылықтар туралы Бас прокуратураның баспасөз хабарламасы жарияланды.

Бұл көрінеу жалған ақпарат болып табылады, Бас прокуратура мұндай сипаттағы хабарламаны жарияламаған, тексеру жүргізбеген.

Көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігінің
3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Масс-медиа туралы» және «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» заңдарына сәйкес журналистер мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар ақпараттың анықтығын тексеруге және ол жалған әрі құқыққа қайшы болған жағдайда оны таратпауға міндетті.

Осыған байланысты Бас прокуратура заңнаманы сақтауға, жалған және құқыққа қайшы ақпарат таратпауға, ведомстволық интернет-ресурста орналастырылған Бас прокуратураның тек ресми хабарламаларына сенуге шақырады.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Информация для СМИ

В отдельных масс-медиа 4 августа 2026 года опубликован пресс-релиз Генеральной прокуратуры о результатах проверки и выявленных нарушениях в деятельности политической партии «Әділет».

Данная информация является заведомо ложной, подобного рода сообщения Генеральная прокуратура не размещала, проверку не проводила.

По факту распространения заведомо ложной информации начато досудебное расследование по п.3 ч.2 ст.274 Уголовного кодекса Республики Казахстан.

Обращаем внимание, что в силу законов «О масс-медиа» и «Об онлайн-платформах и онлайн-рекламе» журналисты, пользователи онлайн-платформ обязаны проверять достоверность информации и не распространять её, если она ложная и противоправная.

В этой связи, Генеральная прокуратура призывает соблюдать законодательство, не распространять ложную и противоправную информацию, доверять только официальным сообщениям Генеральной прокуратуры, размещаемой на ведомственном интернет - ресурсе.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM