Қазақстан Бас прокуратурасы
17.5K subscribers
3.04K photos
2.68K videos
40 files
10.6K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

ҮНДЕУ
 
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
 
Партиялық тізімдерді тіркеу кезеңінің аяқталуына байланысты бүгін, 2026 жылғы 23 шілде 18 сағат 01 минуттан бастап 2026 жылғы 22 тамыз 00 сағат 00 минутқа дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталады.

Сайлау алдындағы үгіт жүргізудің тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 27 және 28-баптарымен реттелген.

Мемлекет азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге белгілі бір кандидатты, саяси партияны қолдап немесе оған қарсы кедергісіз сайлау алдындағы үгіт жүргізу құқығына кепілдік береді.

Үгіт БАҚ және онлайн-платформалар арқылы, сайлауалдындағы жария
іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын тарату жолымен жүзеге асырылады.

Телерадио хабарларын тарату субъектілері жаңалықтар мен талдау бағдарламаларда үгіт материалдарын таратуға құқылы емес.

Осы талапты бұзу Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 112-бабының 1-1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (айыппұл 50 АЕК).

Кандидаттар не олардың сенiм бiлдiрген адамдары болып тiркелген журналистердiң, бұқаралық ақпарат құралдары редакциялары лауазымды адамдарының сайлауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсетуге қатысуына құқығы жоқ.

Бұл Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 122-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (айыппұл 20 АЕК).

БАҚ кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау науқанын, олардың сайлау алдындағы іс-шараларының мақсаттарын, міндеттері мен нәтижелерін, сондай-ақ олармен байланысты оқиғалар мен фактілерді бұрмаламай, объективті түрде жариялауға міндетті.

Сонымен қатар, БАҚ және онлайн-платформаларды пайдаланушылар кандидаттың немесе саяси партияның абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне көрнеу нұқсан келтіретіні анық үгіт материалдарын және өзге де ақпаратты жариялаудан тартынуға міндетті.

Осы талаптар сақталмаған жағдайда, сондай-ақ көрсетілген адамдарға ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау мақсатында теріске шығаруды тегін жариялау мүмкіндігін беруден бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 112-бабының 1 және 2-бөліктеріне сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген (айыппұл 20-дан 50 АЕК-ке дейін).

Партиялық тізімдерді ұсынған кандидаттар мен саяси партияларға сайлау алдындағы үгiт жүргізу үшін БАҚ тең қол жеткізу жағдайлары қамтамасыз етіледі.

БАҚ бір саяси партияның үгіт материалдарын шарттық негізде орналастыруына келісім беруі партиялық тізімдерді ұсынған басқа саяси партиялардың да үгіт материалдарын орналастыруына келісім берген болып есептеледі.

Егер БАҚ осы талапты бұзса, онда бұл Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 112-бабының 4 және 6-бөліктеріне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (айыппұл 20-дан 50 АЕК-ке дейін).
Шарттық негізде үгіт материалдарын орналастыру жөніндегі қызметтерді көрсететін БАҚ және онлайн-платформаларды пайдаланушылардың назарына аударамыз, олар үгіт басталғанға дейін кемінде 5 күн бұрын Орталық сайлау комиссиясына орналастыру құны мен шарттары туралы мәліметтерді ұсынуы қажет.

Үгіт материалдарын Орталық сайлау комиссиясы көрсетілген мәліметтерді жариялағаннан кейін ғана орналастыруға болады.

Көрсетілген талаптарды сақтамаған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген (айыппұл 30-дан 50 АЕК-ке дейін).

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін шарттық негізде үй-жайлар береді.

Олар бірыңғай және тең жағдайларда ұсынылуға тиіс.

Осы талаптарды бұзу Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 123-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (айыппұл 30 АЕК).

Үгіт материалдарына қатысты олардың құрамында осы материалдарды шығарған ұйым туралы (баспа материалдары бойынша – басылған орны мен таралымы туралы), тапсырыс берген адамдар және қандай қаражат есебінен төленгені туралы мәліметтер болуы тиіс екенін ескеру қажет.

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде үгіт материалдарын дайындауға, жасырын (анонимді) үгітматериалдарын таратуға, сондай-ақ ағымдағы сайлау науқаны үшін дайындалмаған үгіт материалдарын пайдалануға тыйым салынады.

Онлайн-платформаларға қатысты бұл талаптар онлайн-платформаларды пайдаланушылар үгітматериалдарын шарттық негізде дайындаған жағдайда қолданылады.

Осы талаптарды бұзу Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 113-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (айыппұл 25 АЕК).

Меншік иесінің немесе өзге де иеленушінің келісімімен ғимараттарда, құрылыстарда және өзге де объектілерде орналастырылған үгіт материалдарын қасақана жою немесе бүлдіру Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 114-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады (айыппұл 15 АЕК).

Баяндалғанды ескере отырып, Бас прокуратура заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында сайлау процесіне қатысушылардың барлығын сайлау алдындағы үгіт жүргізу кезеңінде сайлау туралы заңнаманы қатаң сақтауға және құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеуге тағы да шақырады.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Е. Өтегенов

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ОБРАЩЕНИЕ

в порядке статьи 40 Конституционного закона Республики Казахстан «О прокуратуре»
 
УВАЖАЕМЫЕ ГРАЖДАНЕ!
 
В связи с завершением этапа регистрации партийных списков, сегодня, с 18 часов 01 минуты 23 июля 2026 года начинается предвыборная агитация, которая продлится до 00 часов 00 минут 22 августа 2026 года.

Порядок и условия проведения предвыборной агитации урегулированы статьями 27 и 28 Конституционного закона Республики Казахстан «О выборах в Республике Казахстан».

Государство гарантирует гражданам, общественным объединениям право беспрепятственной предвыборной агитации за или против того или иного кандидата, политической партии.

Агитация осуществляется через СМИ и онлайн-платформы, путем проведения публичных предвыборных мероприятий и распространения агитационных материалов.

Субъекты телерадиовещания не вправе распространять агитационные материалы в новостных и аналитических программах.

В случае нарушения данного требования наступает ответственность по части 1-1 статьи 112 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях (штраф 50 МРП).

Журналисты, должностные лица редакций СМИ, зарегистрированные кандидатами либо их доверенными лицами, не вправе участвовать в освещении выборов через СМИ.

Это влечет ответственность по части 3 статьи 122 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях (штраф 20 МРП).

СМИ обязаны объективно освещать выборную кампанию кандидатов, политических партий без искажения целей, задач и результатов предвыборных мероприятий, а также событий и фактов, связанных с ними.

Наряду с этим, СМИ и пользователи онлайн-платформ обязаны воздерживаться от публикации агитационных материалов и иной информации, заведомо порочащих честь, достоинство и деловую репутацию кандидата или политической партии.

Если это не будет соблюдено, а равно отказ в предоставлении указанным лицам возможности бесплатного опубликования опровержения в защиту чести, достоинства и деловой репутации, влечет ответственность по частям 1 и 2 статьи 112 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях (штраф от 20 до 50 МРП).  

Кандидатам, политическим партиям, выдвинувшим партийные списки, гарантируются равные условия доступа к СМИ для проведения предвыборной агитации.

Дача согласия СМИ на размещение агитационных материалов на договорной основе одной политической партии автоматически является согласием на размещение агитационных материалов другим политическим партиям, выдвинувшим партийные списки.

Если СМИ нарушит данное требование, то это повлечет для них ответственность по частям 4 и 6 статьи 112 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях (штраф от 20 до 50 МРП).
Обращаем внимание СМИ и пользователей онлайн-платформ, которые будут предоставлять свои услуги по размещению агитационных материалов на договорной основе, им необходимо не позднее 5-и дней до начала агитации предоставить в Центральную избирательную комиссию сведения о размере оплаты и условиях размещения.

Только после опубликования Центральной избирательной комиссией этих сведений можноразмещать агитационные материалы.

В случае несоблюдения указанных требованийпредусмотрена ответственность по части 5 статьи 112 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях (штраф от 30 до 50 МРП).

Наряду с этим, местные исполнительные органы и органы местного самоуправления предоставляют кандидатам на договорной основе помещения для встреч с избирателями.

Они должны предоставляться на единых и равных условиях.

Их нарушение влечет административную ответственность по статье 123 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях (штраф 30 МРП).

В части агитационных материалов следует учитывать, что они должны содержать сведения об организации, выпустившей данные материалы (по печатным материалам – месте их печатания и тираже), лицах, сделавших заказ, из каких средств оплачено.

Запрещаются изготовление агитационных материалов за пределами территории Республики Казахстан, распространение анонимных агитационных материалов, а также использование агитационных материалов, изготовленных не на текущую кампанию.

Данные требования в отношении онлайн-платформ применяются в случае, если пользователи онлайн-платформ изготовили агитационные материалы на договорной основе.

Нарушение влечет административную ответственность по статье 113 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях (штраф 25 МРП).

За умышленное уничтожение, повреждение агитационных материалов, вывешенных с согласия собственника или иного владельца на зданиях, сооружениях и иных объектах, предусмотрена ответственность по статье 114 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях(штраф 15 МРП).

С учетом изложенного, Генеральная прокуратура в целях обеспечения законности и общественной безопасности, предупреждения правонарушений, а также защиты прав и свобод человека и гражданина, повторно призывает всех участников избирательного процесса в ходе предвыборной агитации строго соблюдать выборное законодательство и не допускать противоправных действий.

Заместитель Генерального Прокурора Республики Казахстан Е. Утегенов

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматы қаласының прокуроры «Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ қызметімен танысты
 
Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков «Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ-ның бас директоры Селчук Танрывердімен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында қала прокуроры еліміздегі ірі дәрілік заттар өндірушілерінің бірінің қызметімен, кәсіпорынның өндірістік қуатымен, шығарылатын өнімдерімен, сондай-ақ компанияның алдағы даму перспективаларымен танысты.

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ Қазақстандағы жетекші фармацевтикалық өнім өндірушілердің бірі болып табылады. Кәсіпорын халықаралық GMP сапа стандарттарына сәйкес келетін 200-ден астам дәрілік препарат түрін шығарады, сондай-ақ өз өнімдерін ТМД елдеріне экспорттайды.

Кездесу барысында кәсіпорынның инвестициялық қызметіне ерекше назар аударылды. Компанияның инвестиция көлемі 37,4 млрд теңгені құрайды. Бұл отандық фармацевтика өнеркәсібі мен қала экономикасының дамуына қосылған маңызды үлес болып табылады.

Қала прокуроры инвесторлардың құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында прокуратура инвесторларға жан-жақты құқықтық қолдау көрсетіп келеді. Бұл кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасауға, инвестициялар тартуға және елдің экономикалық әлеуетін нығайтуға бағытталған.
 
Алматы қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Прокурор города Алматы ознакомился с деятельностью АО «Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика»
 
Прокурор города Алматы Серик Карипбеков провел рабочую встречу с генеральным директором АО «Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика» Сельчуком Танрыверди.

В ходе встречи прокурор города ознакомился с деятельностью одного из крупнейших отечественных производителей лекарственных средств, производственными мощностями предприятия, выпускаемой продукцией, а также перспективами дальнейшего развития компании.

АО «Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика» является ведущим производителем фармацевтической продукции в Казахстане, осуществляет выпуск более 200 наименований лекарственных препаратов, соответствующих международным стандартам качества GMP, а также экспортирует продукцию в страны СНГ. 

Особое внимание в ходе встречи было уделено вопросам инвестиционной деятельности предприятия. Общий объем инвестиций компании составляет 37,4 млрд теңге, что является значимым вкладом в развитие отечественной фармацевтической промышленности и экономики города.

Прокурор города отметил, что защита прав инвесторов остается одним из приоритетных направлений деятельности органов прокуратуры.

В рамках реализации поручений Главы государства прокуратурой обеспечивается всесторонняя правовая поддержка инвесторов, направленная на создание благоприятных условий для развития бизнеса, привлечения инвестиций и укрепления экономического потенциала страны.
 
Ссылка на сайт прокуратуры города Алматы:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Маңғыстау облысында алимент бойынша 95 млн теңгеден астам берешек өндірілді
 
А.ж. 1-ші жарты жылдықтың қорытындысымен Маңғыстау облысында алимент төлеуден қасақана жалтарған 133 борышкердің жауаптылығы шешілді.
 
Олардың ішінде 27 борышкер қылмыстық, 106 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
 
Жауаптылыққа тартылғандардың ішінде бірнеше жылдан бері алимент төлемеу үшін саналы түрде жұмысқа орналаспау, жұмыс орны мен табысын жасыру деректері анықталды.
 
Мәселен, «Ы» есімді борышкер табысының үштен бір бөлігі мөлшерінде кәмелетке толмаған екі баласын асырауға алимент төлеуге міндетті болған. Соған қарамастан, ол алимент төлеуден қасақана жалтарып, нәтижесінде берешек сомасы 3 млн теңгеден асты.
 
Прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша оған қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
 
Сот үкімімен борышкер кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін алимент бойынша берешек толық көлемде өтелді.
 
Есепті кезеңде прокуратураның араласуымен алимент бойынша 95 млн теңгеден астам берешек өндіріліп, 395 кәмелетке толмаған баланың құқықтары қорғалды.
 
Аталған бағытта жұмыстар жалғасуда.

Маңғыстау облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/1262573?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Мангистауской области взыскано свыше 95 млн теңге задолженности по алиментам
 
По итогам первого полугодия текущего года в Мангистауской области привлечены к ответственности 133 должника, умышленно уклонявшихся от уплаты алиментов.
 
Из них 27 должников привлечены к уголовной ответственности, 106 должников — к административной.
 
Установлено, что многие из привлечённых к ответственности должников на протяжении нескольких лет сознательно уклонялись от исполнения своих обязательств, намеренно не трудоустраивались, скрывали место работы и доходы, чтобы не выплачивать алименты.
 
Так, должник «Ы» был обязан выплачивать алименты на содержание двух несовершеннолетних детей в размере одной трети своего дохода. Несмотря на это, он умышленно уклонялся от их уплаты, вследствие чего задолженность превысила 3 млн теңге.
 
По результатам прокурорской проверки в отношении него возбуждено уголовное дело по статье 139 Уголовного кодекса.
 
Приговором суда должник признан виновным и осуждён к одному году ограничения свободы. После вступления приговора в законную силу задолженность по алиментам была полностью погашена.
 
За указанный период при вмешательстве прокуратуры взыскана задолженность по алиментам на сумму свыше 95 млн теңге. Это позволило защитить права 395 несовершеннолетних детей.
 
Работа по защите прав детей и взысканию алиментов продолжается.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Мангистауской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/1262573?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Балалар қауіпсіздігі - басты назарда!
 
«Родник» балаларды сауықтыру лагерінде үшінші сезонда демалып жатқан 105 баланың (барлығы Айыртау ауданынан, соның ішінде балалар үйінен) Есіл ауданы прокуратурасының қызметкерлері профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында аудан прокуроры уәкілетті органдардың өкілдерімен бірге балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру жағдайымен танысып, заң талаптарын сақтау тақырыбында өткен КТА ойынына қазылар алқасының мүшелері ретінде қатысты.

Сахна төрінде ең белсенді, шығармашыл әрі тапқыр балалар бас қосты. Қатысушылар өз өнерлерін, әзіл-қалжыңға бейімділігін және командада жұмыс істей білу қабілеттерін көрсетті. Жарқын қойылымдар мен қызықты әзілдер арқылы балалар өз құқықтары мен міндеттерін білу, заңды құрметтеу және өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын тағы бір мәре еске алды.

Іс-шара қорытындысы бойынша балаларға грамоталар мен тәтті сыйлықтар табысталды.
 
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1262630?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Безопасность детей - превыше всего!
 
В детском оздоровительном лагере «Родник», где в третьям сезоне отдыхают 105 детей (все дети с Айыртауского района, в том числе с детского дома) сотрудники прокуратуры Есильского района провели профилактическое мероприятие.

В ходе встречи прокурор района совместно с представителями уполномоченных органов ознакомились с условиями организации летнего отдыха детей, а также приняли участие в качестве жюри в КВН, посвящённом теме соблюдения закона.

На сцене встретились самые активные, творческие и находчивые ребята. Юные участники продемонстрировали свои таланты, чувство юмора и умение работать в команде. Через яркие выступления и шутки дети ещё раз вспомнили о важности знания своих прав и обязанностей, уважительного отношения к закону и ответственности за свои поступки.

По итогам мероприятия детям были вручены грамоты и вкусные подарки.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Северо-Казахстанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1262630?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Берік Асылов қазақстандық спортшыларды нысана көздеуден әлем чемпионатындағы табысты өнер көрсетуімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстанның нысана көздеу федерациясының президенті Берік Асылов ұлттық құраманың мүшелерін Эстонияның Таллин қаласында өтіп жатқан ISSF қозғалыстағы нысанаға атудан әлем чемпионатындағы табысты өнер көрсетуімен құттықтады.

Әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасының спортшылары түрлі бағдарламалар бойынша алтын, күміс және қола медальдарды жеңіп алып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Әйелдер арасында Шымкент қаласының өкілі Фатима Ирназарова «ВП-12 (10 m Moving Target Women)» жаттығуында әлем чемпионы атанса, осы бағдарламада жерлесі Зухра Ирназарова қола жүлдеге ие болды.

Жасөспірімдер арасында Шымкент қаласының спортшысы Валат Мусаев «ВП-11а (10 m Moving Target Mixed)» жаттығуында әлем чемпионы атанып, алтын медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ жасөспірімдер арасында «ВП-12» жаттығуында алматылық Даниил Яковенко күміс жүлдеге ие болса, қыздар арасында осы бағдарламада шымкенттік Еңлік Асқар күміс медаль жеңіп алды.

Берік Асылов қазақстандық спортшылардың жеңістері олардың табандылығының, жоғары шеберлігінің және елімізде нысана көздеу спортын жүйелі түрде дамытудың лайықты нәтижесі екенін атап өтті.

Сондай-ақ ол спортшыларды әлем чемпионатына дайындауға зор үлес қосқан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Наталья Валерьевна Юнусметоваға ерекше алғысын білдірді.

Федерация президенті қазақстандық спортшыларға зор денсаулық, жаңа спорттық жетістіктер, жарқын жеңістер және халықаралық аренада Қазақстанның абыройын асқақтата берулеріне тілектестік білдірді.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Берик Асылов поздравил казахстанских спортсменов с успешным выступлением на чемпионате мира по пулевой стрельбе

Генеральный прокурор Республики Казахстан, Президент Казахстанской национальной федерации спортивной стрельбы Берик Асылов поздравил членов национальной сборной с успешным выступлением на чемпионате мира ISSF по стрельбе по движущейся мишени, который проходит в городе Таллине (Эстония).

На мировом первенстве высоких результатов добились представители Казахстана, завоевавшие золотые, серебряные и бронзовую медали в различных дисциплинах.

Среди женщин Фатима Ирназарова (г. Шымкент) стала чемпионкой мира в упражнении «ВП-12 (10 m Moving Target Women)», а Зухра Ирназарова (г. Шымкент) завоевала бронзовую медаль в этой же дисциплине.

Блестяще выступил представитель города Шымкента Валат Мусаев, который стал чемпионом мира среди юниоров в упражнении «ВП-11а (10 m Moving Target Mixed)».

Серебряными призерами мирового первенства также стали Даниил Яковенко (г. Алматы) в упражнении «ВП-12» среди юниоров и Еңлік Аскар (г. Шымкент) в упражнении «ВП-12» среди юниорок.

Берик Асылов подчеркнул, что победы казахстанских спортсменов стали достойным результатом их настойчивости, высокого мастерства и системной работы по развитию пулевой стрельбы в стране.

Отдельные слова признательности он выразил заслуженному тренеру Республики Казахстан Наталье Валерьевне Юнусметовой, внесшей значительный вклад в подготовку спортсменов к мировому первенству.

Президент Федерации пожелал казахстанским спортсменам крепкого здоровья, новых спортивных достижений, ярких побед и дальнейших успехов в достойном представлении Казахстана на международной арене.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінде ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің басшысымен кездесу өтті

Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Бауыржан Ералы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің басшысы Алексей Роговпен кездесті.

Кездесуде тараптар инвесторлардың құқықтарын қорғау, инвестициялық ахуалды жетілдіру және заң үстемдігін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Бауыржан Ералы Мемлекет басшысының тапсырмасымен инвесторлардың құқығын кешенді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құрылған Комитеттің қызметі туралы айтты. Ол бүгінде прокуратура органдары жалпы құны 110 трлн теңгеден асатын 3 мыңнан астам инвестициялық жобаны сүйемелдеп отырғанын атап өтті.

Кездесуде инвесторларды прокурорлық сүйемелдеудің қолданыстағы тетіктеріне, оның ішінде «прокурорлық сүзгі», инвестициялық жобаларды цифрлық мониторингтеу және жеке прокурор институтына ерекше назар аударылды. Бұл тетіктер әкімшілік кедергілерді дер кезінде анықтап, оларды жоюға мүмкіндік береді.

Алексей Рогов Қазақстанның инвесторлардың құқықтарын қорғау бағытындағы тәжірибесіне қызығушылық білдіріп, бизнес үшін құқықтық кепілдіктерді нығайту мәселелері бойынша өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар инвесторлардың құқықтарын қорғау және инвестициялық ортаны жетілдіруде тәжірибе алмасу мен одан әрі ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтына сілтеме:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В Комитете по защите прав инвесторов состоялась встреча с главой Офиса программ ОБСЕ в Астане

Председатель Комитета по защите прав инвесторов Бауыржан Ералы встретился с главой Офиса программ ОБСЕ в Астане Алексеем Роговым.

В ходе встречи стороны обсудили вопросы защиты прав инвесторов, совершенствования инвестиционного климата и развития международного сотрудничества в сфере обеспечения верховенства закона.

Бауыржан Ералы рассказал о деятельности Комитета, созданного по поручению Главы государства для обеспечения комплексной защиты прав инвесторов. Он отметил, что сегодня прокурорами сопровождается реализация более 3 тысяч инвестиционных проектов общей стоимостью свыше 110 трлн теңге.

Особое внимание было уделено действующим механизмам прокурорского сопровождения инвесторов, включая «прокурорский фильтр», цифровой мониторинг инвестиционных проектов и институт персонального прокурора, которые позволяют своевременно выявлять и устранять административные барьеры.

Алексей Рогов выразил заинтересованность в опыте Казахстана по защите инвесторов и отметил важность дальнейшего развития взаимодействия в вопросах укрепления правовых гарантий для бизнеса.

По итогам встречи стороны подтвердили готовность к дальнейшему сотрудничеству и обмену опытом по вопросам защиты прав инвесторов и совершенствования инвестиционной среды.

Ссылка на сайт Комитета по защите прав инвесторов:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
INVEST-CARAVAN республикалық акциясы аясында Қарағанды облысының прокуроры инвесторлармен кездесті
 
INVEST-CARAVAN республикалық акциясы аясында Қарағанды облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев Саран қаласында инвестициялық жобаларды іске асырып жатқан инвесторлармен кездесу өткізді.
 
Өңірдің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы облыс әкімдігінің қаулысымен Саран қаласында республикалық маңызы бар «Saran» индустриялық аймағы құрылды. Бүгінде оның аумағында жалпы құны 330 млрд теңгені құрайтын бес инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Олардың қатарында дөңгелек шығаратын зауыт пен автобус өндіретін кәсіпорын бар. Алдағы жылдары жалпы құны 130,5 млрд теңге болатын тағы төрт жобаны кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланған.
 
Жұмыс сапары барысында облыс прокуроры «Tengri Tyres» ЖШС, «Karaganda Insulation» ЖШС, «QazTehna» ЖШС, «Saran Machinery» ЖШС және «Silk Road Electronics» ЖШС кәсіпорындарын аралап, инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен және оларды сүйемелдеу жұмыстарының жай-күйімен танысты.
 
Кездесуде бизнес өкілдерімен ашық диалогқа ерекше көңіл бөлінді. Инвесторлар облыс прокурорына өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарды тікелей жеткізді. Атап айтқанда, инженерлік инфрақұрылымға қосылу, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл, рұқсат беру құжаттарын алу және әкімшілік кедергілерді жою мәселелері талқыланды.
 
Әрбір көтерілген мәселе бойынша облыс прокуроры нақты тапсырмалар беріп, барлық өтініш прокурорлық ықпал ету шараларын қабылдау үшін бақылауға алынды.
 
Сонымен қатар, кездесуде инвесторлардың құқығын қорғаудың қолданыстағы тетіктері және құқық бұзушылықтардың алдын алуға әрі туындаған мәселелерді жедел шешуге бағытталған инвестициялық жобаларды прокурорлық сүйемелдеу шаралары түсіндірілді.
 
INVEST-CARAVAN акциясы мемлекетпен бизнес арасында тікелей диалог орнатуға, әкімшілік кедергілерді дер кезінде анықтауға және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға мүмкіндік береді.
 
Жыл басынан бері инвестиция көлемі 262,5 млрд теңгені құрайтын және 2 351 жұмыс орнын ашуды көздейтін инвесторлардың 22 проблемалық мәселесі шешімін тапты.
 
Қадағалау актілерін қарау нәтижесінде мемлекеттік органдар мен соттардың 5 заңсыз тексеруі мен қаулысының күші жойылды. Инвесторлардың қызметіне заңсыз араласқаны үшін 15 лауазымды тұлға, оның ішінде облыстық басқармалардың 3 басшысы жауапкершілікке тартылды.
 
Прокурорлық «сүзгі» арқылы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің 513 шешімі қаралды.
 
44 шешімді (тексерулер жүргізу, әкімшілік жауаптылыққа тарту, қызметін тоқтата тұру) келісуден бас тартылып, инвесторларға 20 млн теңге көлемінде заңсыз айыппұл салудың жолы кесілді.
 
Инвесторлардың құқығын қорғау және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстары жалғасуда және Қарағанды облысы прокуратурасының тұрақты бақылауында.
 
Қарағанды облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды +7 (701) 544-08-59 телефоны немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуға шақырады.
 
Қарағанды облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/1262813?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Прокурор Карагандинской области встретился с инвесторами в рамках республиканской акции INVEST-CARAVAN
 
В рамках республиканской акции INVEST-CARAVAN прокурор Карагандинской области Мурат Тлеубердиев встретился с инвесторами, реализующими проекты в городе Сарани.
 
Для инфраструктурного развития региона в 2021 году постановлением акимата области в городе Сарань была создана индустриальная зона республиканского значения «Saran». Сегодня на ее территории уже реализовано пять инвестиционных проектов общей стоимостью 330 млрд теңге, включая строительство шинного завода и предприятия по производству автобусов. В ближайшие годы запланирован запуск еще четырех проектов на сумму 130,5 млрд теңге.
 
В ходе рабочей поездки прокурор области посетил предприятия ТОО «Tengri Tyres», ТОО «Karaganda Insulation», ТОО «QazTehna», ТОО «Saran Machinery» и ТОО «Silk Road Electronics», где ознакомился с ходом реализации инвестиционных проектов и условиями их сопровождения.
 
Особое внимание было уделено открытому диалогу с бизнесом. Инвесторы получили возможность напрямую обратиться к прокурору области, озвучить проблемные вопросы и предложения, касающиеся реализации проектов. В частности, обсуждались вопросы подключения к инженерной инфраструктуре, взаимодействия с государственными органами, получения разрешительной документации и устранения административных барьеров.
 
По каждому обращению прокурором области даны соответствующие поручения, а все поднятые вопросы взяты на контроль для принятия необходимых мер прокурорского реагирования.
 
В ходе встречи также разъяснены действующие механизмы защиты прав инвесторов и меры прокурорского сопровождения инвестиционных проектов, направленные на предупреждение нарушений и оперативное решение возникающих проблем.
 
Проведение акции INVEST-CARAVAN позволяет выстраивать прямой диалог между государством и бизнесом, своевременно выявлять административные барьеры и создавать благоприятные условия для реализации инвестиционных проектов.
 
В целом с начала года разрешено 22 проблемных вопроса инвесторов с суммой инвестиций 262,5 млрд теңге и созданием 2351 рабочих мест.
 
По результатам рассмотрения 16 актов надзора отменены 5 незаконных проверок и постановлений государственных органов и суда, к ответственности, в том числе за незаконное вмешательство в деятельность инвесторов, привлечены 15 должностных лиц, из них - 3 руководителя областных Управлений.
 
Через прокурорский «фильтр» прошли проверку 513 решений государственных органов и субъектов квазигосударственного сектора.
 
Отказано в согласовании 44 решений (проведение проверок, привлечение к административной ответственности, приостановление деятельности), пресечено наложение штрафов на инвесторов на 20 млн теңге.
 
Работа по сопровождению инвесторов и защите их прав находится на постоянном контроле прокуратуры Карагандинской области.
 
Прокуратура Карагандинской области призывает инвесторов, столкнувшихся с административными барьерами, обращаться по телефону: +7 (701) 544-08-59 или в Call-центр 115.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Карагандинской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/1262813?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Абай облысында 1,2 млрд теңгенің тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді
 
Семей қаласының прокуратурасы 1,8 млрд теңгеге жол инфрақұрылымын ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алуды жоспарлау барысында заң бұзушылықтарды анықтады.
 
Тексеру барысында жұмыстарды екі жыл ішінде орындау жоспарланғаны, алайда бюджеттен қаржыландыру тек ағымдағы қаржы жылына ғана көзделгені белгілі болды. Бұл бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылу қаупін тудырған.
 
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде анықталған заң бұзушылықтар жойылды. Нәтижесінде 1,2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді.
 
Прокуратура мемлекеттік қаражаттың заңды әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысын жалғастыруда.
 
#Әділдік
#Заңүстемдігі
 
Абай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1262934?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В области Абай предотвращено неэффективное использование 1,2 млрд теңге
 
Прокуратура города Семей выявила нарушения при планировании государственных закупок на текущий ремонт дорожной инфраструктуры стоимостью 1,8 млрд теңге.
 
Проверка показала, что работы планировалось выполнять в течение двух лет, хотя бюджетное финансирование было предусмотрено только на текущий финансовый год. Это создавало риск неэффективного использования государственных средств.
 
По акту прокурорского надзора нарушения устранены. В результате удалось предотвратить не-эффективное расходование бюджетных средств на сумму свыше 1,2 млрд теңге.
 
Прокуратура продолжает работу по обеспечению законности и контролю за эффективным использованием государственных средств.
 
#Справедливость
#СилаВЗаконе        
 
Ссылка на сайт прокуратуры области Абай:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1262934?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Медеу ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен сумен жабдықтау және су бұру желілері салынып жатыр
 
Алматы қаласы Медеу ауданы прокуратурасының бастамасымен мемлекетке қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен Татарка және Малая Станица шағын аудандарында жалпы ұзындығы 28 шақырымды құрайтын сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу бойынша ауқымды жоба іске асырылуда.

Жобаны жүзеге асыру Медеу ауданының 7 300-ден астам тұрғынын орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұру жүйесімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл коммуналдық инфрақұрылымның сапасын арттыру және халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту жолындағы маңызды қадам болмақ.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін инженерлік желілер «Алматы Су» ШЖҚ МКК-нің теңгеріміне беріліп, кәсіпорын олардың одан әрі пайдаланылуын және техникалық қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, бұрын инженерлік коммуникациялар тартылған барлық учаскелерде асфальтбетон жабынын толық қалпына келтіре отырып, 42 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жобаның іске асырылуы мемлекетке қайтарылған заңсыз иемденілген активтердің әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешуге, қалалық инфрақұрылымды дамытуға және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталып отырғанын айқын көрсетеді.

Алматы қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:


🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM