Қазақстан Бас прокуратурасы
17.4K subscribers
2.99K photos
2.65K videos
40 files
10.4K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Бас Прокурор прокуратура органдарының ардагерлерімен «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру және жастарды тәрбиелеу мәселелерін талқылады
 
Салтанатты кездесу прокуратура органдарының әр буын өкілдерін біріктіріп, «Заң мен Тәртіп» идеологиясын одан әрі ілгерілету, заңдылықты нығайту, жастарға патриоттық тәрбие беру және ұрпақтар сабақтастығын сақтау мәселелерін талқылауға арналды.

Іс-шараны ашқан Бас Прокурор Берік Асылов прокуратура органдары Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстан құру жөніндегі бағытын дәйекті түрде іске асырып келе жатқанын атап өтті. Бұл бағытта заң үстемдігі, азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғамдық диалогты дамыту және «Заң мен Тәртіп» қағидаты мемлекеттік саясаттың негізгі бағдарлары болып табылады.

Ол бұл құндылықтардың жаңа Конституцияда бекітілгенін және Президент оларды мемлекеттің орнықты дамуы мен азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтудың негізі ретінде айқындағанын айтты.

Кездесуде Мемлекет басшысының прокуратура органдарының алдына қойған стратегиялық міндеттердің іске асырылуына ерекше назар аударылды.

Бүгінде мемлекетке заңсыз шығарылған 1,3 триллион теңге көлеміндегі активтер қайтарылды. Осы қаражат есебінен 350 әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталды. Оның ішінде 179 сумен жабдықтау нысаны, 159 денсаулық сақтау мекемесі, 6 білім беру нысаны, 3 спорт нысаны, 2 инженерлік инфрақұрылымның нысаны және 1 көлік инфра құрылымының нысаны бар.

«Қазынаға қайтарылған әрбір теңге – нақты адамдар сезінетін әділдіктің қалпына келуі. Бұл – жаңа мектептерде білім алып жатқан балалар, қауіпсіз әрі жайлы жағдайда өмір сүріп жатқан отбасылар», – деп атап өтті Берік Асылов.

Сонымен қатар прокурорлар жаңа өндірістерді іске қосуға, жұмыс орындарын ашуға және экономикалық өсудің жаңа нүктелерін қалыптастыруға бағытталған 3 мыңнан астам инвестициялық жобаны сүйемелдеуде. Тек биылдың өзінде олардың үйлестіруімен 42 жаңа өндіріс іске қосылып, шамамен 3 мың жұмыс орны құрылды.

Құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселесіне тоқталған қадағалау органының басшысы прокуратура органдары ардагерлерінің жас ұрпақты тәрбиелеудегі және «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілетудегі маңызды рөлін атап өтті.

Прокуратураның бастамасымен және Мемлекет басшысының қолдауымен мектептер мен колледждерде «Заң мен Тәртіп» пәні енгізілді. Талғар ауданындағы бірқатар орта білім беру ұйымдарында прокуратура мен полиция ардагерлерінің қатысуымен 8 мыңнан астам оқушыны қамтыған пилоттық жоба жасөспірімдер қылмысының (7-ден 0-ге дейін) және әкімшілік құқықбұзушылықтардың (135-тен 89-ға дейін) төмендегенін көрсетті.

Бүгінде республика бойынша құқық қорғау және арнаулы органдардың 317 ардагері жастармен кездесулер мен дәрістер өткізіп, аталған қағидатты, сондай-ақ «Адал азамат» пен «Таза Қазақстан» бастамаларын түсіндіріп, Конституцияға, заңға және патриоттық құндылықтарға құрметті қалыптастыруға үлес қосуда.

Берік Асылов Мемлекет басшысының: отаншылдық дегеніміз – әрине, Отанға деген сүйіспеншілік қана емес, сонымен қатар азаматтық жауапкершілік пен өзеліңе пайдалы болуға ұмтылыс деген сөзін еске салды.

Бас Прокурор ардагерлерге арнап сөйлеген сөзінде оларды тәлімгерлік пен құқықтық ағарту жұмыстарына, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту ісіне белсенді қатысуды жалғастыруға шақырды. Сондай-ақ Бас прокуратура жанынан заңдылықты нығайту және жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін тұрақты түрде талқылайтын алаң құруды ұсынды.

Кездесуді қорытындылай келе, Берік Асылов ардагерлерді 13 шілдеде аталып өткен Прокуратура органдары ардагерлері күнімен құттықтады. Бұл күнді прокуратура органдарының құрметті демалысқа шыққан бұрынғы қызметкерлерінің мерекесі ретінде ардагерлер қауымдастығы айқындаған. Заңға адал әрі мінсіз қызметі және еліміздің құқықтық жүйесін дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін ардагерлерге алғысын білдірді.

Салтанатты жағдайда оларға Бас Прокурордың ведомстволық наградалары, сондай-ақ Прокуратура органдары ардагерлері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық одағының медальдары табыс етілді.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Генеральный Прокурор обсудил с ветеранами органов прокуратуры реализацию принципа «Закон и Порядок» и вопросы воспитания молодежи
 
Торжественная встреча объединила поколения прокуроров для обсуждения дальнейшего продвижения идеологемы «Закон и Порядок», укрепления законности, патриотического воспитания молодежи и сохранения преемственности поколений.

Открывая мероприятие, Генеральный Прокурор Берик Асылов отметил, что органы прокуратуры последовательно реализуют курс Главы государства на построение Справедливого Казахстана, где верховенство закона, защита прав граждан, развитие общественного диалога и принцип «Закон и Порядок» являются ключевыми ориентирами государственной политики.

Он подчеркнул, что эти ценности закреплены в новой Конституции и определены Президентом как основа устойчивого развития государства и укрепления доверия граждан.

Особое внимание было уделено реализации стратегических задач, поставленных Главой государства перед органами прокуратуры.

На сегодняшний день государству возвращено 1,3 трлн теңге незаконно выведенных активов. За счет этих средств уже завершено строительство 350 социальных объектов, в том числе 179 объектов водоснабжения, 159 учреждений здравоохранения, 6 объектов образования, 3 спортивных сооружения, 2 объекта инженерной инфраструктуры и 1 транспортный объект.

«Каждый теңге, вернувшийся в казну, – это восстановленная справедливость, которую ощущают конкретные люди: дети, получающие образование в новых школах, семьи, живущие в безопасных и комфортных условиях», – подчеркнул Берик Асылов.

Одновременно прокуроры сопровождают более 3 тысяч инвестиционных проектов, направленных на создание новых производств, рабочих мест и точек экономического роста. Только в этом году при их координации запущено 42 новых производства с созданием порядка 3 тысяч рабочих мест.

Говоря о формировании правовой культуры, глава надзорного ведомства отметил важную роль ветеранов органов прокуратуры в воспитании подрастающего поколения и продвижении идеологемы «Закон и Порядок».

По инициативе прокуратуры и при поддержке Главы государства в школах и колледжах внедрен предмет «Закон и Порядок». Пилотный проект, реализованный в ряде средних учебных заведений Талгарского района с охватом более 8 тысяч школьников, при участии ветеранов прокуратуры и полиции, показал снижение подростковой преступности (с 7 до 0) и административных правонарушений (со 135 до 89) в этих школах.

Сегодня по всей стране уже 317 ветеранов правоохранительных и специальных органов проводят встречи и лекции с молодежью, разъясняя указанный принцип, в т.ч. принципы «Адал азамат» и «Таза Қазақстан», формируя уважение к Конституции, закону и патриотическим ценностям.

Берик Асылов напомнил слова Главы государства о том, что патриотизм – это, конечно, любовь к Родине, ноеще и гражданская ответственность и стремление быть полезным своей стране.

Обращаясь к ветеранам, Генеральный Прокурор призвал их и далее активно участвовать в наставничестве и правовом просвещении законности и порядка, а также предложил создать при Генеральной прокуратуре постоянную площадку для обсуждения вопросов укрепления законности и воспитания молодого поколения.

Завершая встречу, Берик Асылов поздравил ветеранов с прошедшим 13 июля Днем ветеранов органов прокуратуры – датой, которую ветеранское сообщество определило днем празднования бывшх работников прокуратуры, вышедших на заслуженный отдых – поблагодарив их за многолетнюю безупречную службу Закону и неоценимый вклад в развитие правовой системы страны.

В торжественной обстановке им были вручены ведомственные награды Генерального Прокурора, а также медали Республиканского союза общественных объединений ветеранов органов прокуратуры.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Көктайғақ салдарынан бес адам қаза тапты: Маңғыстауда жолды тиісінше күтіп ұстамау ісі бойынша Қазақстандағы алғашқы үкім шықты
 
Маңғыстау облысының Бейнеу аудандық соты бес адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасы (ЖКО) туралы қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.
 
Қайғылы оқиға 2026 жылғы 16 қаңтарда республикалық маңызы бар «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолында орын алды. Көктайғақтың кесірінен Yutong жолаушылар автобусы жолдан шығып кетіп, аударылған. Апат салдарынан бес адам қаза тауып, тағы 14 адам түрлі жарақаттар алды.
 
Тергеп-тексеру амалдарын Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорлары жүргізді. Олар қайғылы оқиғаға автожолды қысқы кезеңде тиісінше күтіп ұстамау себеп болғанын анықтады. Тергеу жауапты тұлғалардың әрекетсіздігі мен орын алған ауыр салдар арасындағы тікелей себеп-салдарын дәлелдеді.
 
Маңызды жайт: бұл — Қазақстанның құқық қолдану тәжірибесіндегі, автомобиль жолын қыста тиісінше күтіп ұстамау адамдардың өлімі үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуға негіз болған тұңғыш қылмыстық іс.
 
Сот үкімімен «КАЖСервис» ЖШС Маңғыстау облыстық филиалының №57 жол пайдалану бөлімшесінің (ЖПБ-57) бастығы ҚР ҚК-нің 353-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 2 жыл6 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
 
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бас көлік прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/gtp/press/news/details/1258580?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM