Қазақстан Бас прокуратурасы
17.4K subscribers
2.89K photos
2.58K videos
40 files
10.3K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Атырау облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы нормаларын түсіндіреді
 
Атырау облысының прокуратурасы жасөспірімдер қылмысының алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
 
Осы қызмет аясында ведомство ата-аналар мен заңды өкілдерге жасөспірімдердің қылмыс жасағаны үшін қандай құқықтық салдарларға тап болуы мүмкін екенін ескертеді.
 
Жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың басты факторлары — заң талаптарын білмеу және дұрыс емес әрекеттер жасаудың қаупін түсінбеу.
 
Кейбір балалар жасаған іс-әрекеттерінің салдары қаншалықты ауыр екенін түсінбейді және жиі «оңай ақшаға» алданып, үшінші тұлғалардың ықпалымен қылмыс жасауға итермеленеді.
 
Тек осы жылдың өзінде өңір соттары кәмелетке толмағандарға қатысты 25 қылмыстық істі қарады, оның ішінде 19-ыбойынша айыптау үкімі шығарылды, ал 4 тұлға бас бостандығынан айыру орындарына сотталды.
 
2026 жылдың наурыз айында Атырау облысының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты екі жасөспірімді психотроптық заттарды сатып алғаны, тасымалдағаны және өткізгені үшін кінәлі деп таныды. Олардың бұл әрекеттерінің нәтижесі нақты бас бостандығынан айыру жазасына әкеп соқты.
 
Жалпы заң бойынша, Қазақстанда қылмыстық жауаптылық 16 жастан басталады.
 
Алайда, ауыр қылмыстар үшін (соның ішінде ұрлық, тонау, бопсалау, ауырлататын мән-жайлар кезіндегі бұзақылық және есірткі қылмыстары) жасөспірімді 14 жастан бастап-ақ (ҚР ҚК 15-бабы) жауаптылыққа тартуға болады.
 
Прокуратура «синтетиканы» өткізу мен тарату (тіпті жасөспірім жай ғана «курьер» немесе «закладчик» болып жұмыс істеген күннің өзінде) ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жататынына ерекше назар аударады.
 
Мұндай әрекеттер үшін жаза мерзімдері ұзақ, ал кәмелетке толмаған жас бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуге кедергі болмайды.
 
Балалардың мінез-құлқын, араласатын ортасын және бос уақытын бақылау — ата-аналар үшін маңызды аспект.
 
Өз балаларыңыздың өміріне үнемі қызығушылық танытып, оларда күмәнді «қалта ақшасының» пайда болуына назар аударуды ұсынамыз.
 
Өңірдегі алдын алу және қадағалау шараларын прокуратура заңға қатаң сәйкестікте жалғастыратын болады.
 
Атырау облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-atyrau/press/news/details/1249687?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратура Атырауской области разъясняет нормы уголовной ответственности несовершеннолетних
 
Прокуратура Атырауской области ведёт системную работу по профилактике подростковой преступности.
 
В рамках этой деятельности ведомство напоминает родителям и законным представителям о правовых последствиях, которые грозят подросткам за совершение преступлений.
 
Главными факторами правонарушений среди молодежи являются незнание требований закона и не понимание риска совершения неправильных действий.
 
Отдельные дети не понимают серьезность последствий совершенных деяний, и не редко попадают под влияниетретьих лиц, подталкивающих их к совершению преступления, заманивая «легкими деньгами».
 
Только в том году, судами региона уже рассмотрено 25 уголовных дел в отношении несовершеннолетних, по 19 из них уже вынесены обвинительные приговоры, из них 4 лица осуждены к лишению свободы.
 
В марте 2026 года Специализированный межрайонный суд по делам несовершеннолетних Атырауской области признал двух подростков виновными в приобретении, перевозке и сбыте психотропных веществ. Итогом их действий стало реальное лишение свободы.
 
По закону уголовная ответственность в Казахстане наступает с 16 лет.
 
Однако, за тяжкие преступления (включая кражи, грабежи, вымогательство, хулиганство при отягчающих обстоятельствах и наркопреступления) подросток может быть привлечен к ответственности уже с 14 лет (ст. 15 УК РК).
 
Прокуратура обращает особое внимание на то, что сбыт и распространение «синтетики» (даже если подросток просто подрабатывал «курьером» или «закладчиком») относятся к категории тяжких и особо тяжких преступлений.
 
Сроки наказания за подобные деяния и несовершеннолетний возраст не являются припятствием для отбывания наказания в местах лишения свободы.
 
Контроль за поведением, кругом общения и досугом детей - это важный аспект для родителей.
 
Предлагаем на постоянной основе интересоваться жизнью своих детей, обращать внимание на появление у них подозрительных «карманных» денег.
 
Профилактические и надзорные мероприятия в регионе будут продолжены прокуратурой в строгом соответствии с законом.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Атырауской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-atyrau/press/news/details/1249687?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Заңсыз қоқыс тастағаны үшін прокуратура сот арқылы айыппұлды 34 есе ұлғайтты
 
2025 жылдан бастап «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде көлікті пайдалана отырып, өздігінен жүретін полигондарды қалыптастыру үшін әкімшілік жауаптылық енгізілді.

Қостанай қаласының тұрғыны жүк көлігімен құрылыс қоқысын қала маңындағы аудандарға апарып, заңсыз иемделінген жерде сақтаған.

Қостанай қаласының полиция басқармасы бұзушыны ескерту шығару арқылы жауапкершілікке тартты, дегенмен заңда қалдықтарды басқару жөніндегі экологиялық талаптарды бұзғаны үшін өте қатал жауаптылық көзделген – 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу.

Мамандандырылған табиғатты қорғау прокурорының наразылығы бойынша сот 2026 жылғы 28 мамырдағы заңсыз қаулының күшін жойды. Бұзушы 865 мың теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Сот актісі заңды күшіне енген.

Табиғатты қорғау прокуратурасы осындай барлығы он фактіні анықтады. Осыған байланысты заң нормаларын дұрыс қолдану жөніндегі іс-қимыл алгоритмі әзірленіп, уәкілетті мемлекеттік органдардың жұмысы оңтайландырылды.

Қостанай облысының прокуратурасы азаматтар мен заңды тұлғаларды белгіленбеген жерлерде қоқысты шығармауға және заңды сақтауға шақырады. 
 
Қостанай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1249708?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратура через суд увеличила штраф за незаконную свалку в 34 раза
 
С 2025 года в рамках реализации концепции «Таза Қазақстан» введена административная ответственность за образование стихийных свалок с использованием транспорта.

Житель города Костаная на грузовой автомашине вывез строительный мусор в пригород и незаконного складировал его в непредусмотренном месте.

Управление полиции города Костаная привлекло нарушителя к ответственности путём вынесения предупреждения, хотя законом за нарушение экологических требований по управлению отходами предусмотрена весьма суровая ответственность – штраф в размере до 100 месячных расчетных показателей.

По протесту специализированного природоохранного прокурора судом от 28 мая 2026 года незаконное постановление отменено. Нарушитель привлечен к административной ответственности в виде штрафа в размере 865 тыс. тенге. Судебный акт вступил в законную силу.

Всего природоохранной прокуратурой выявлено десять таких фактов. В этой связи разработан алгоритм действий по правильному применению нормы закона и скоординирована работа уполномоченных государственных органов.

Прокуратура Костанайской области призывает граждан и юридических лиц не выбрасовать мусор в неустановленных местах и соблюдать закон.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Костанайской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1249708?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті прокуратураның үйлестіруімен Жарма ауданы аумағында бағалы металдарды заңсыз өндіру қызметінің жолын кесті.
 
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында барлау және заңсыз өндіру жұмыстары жүргізілген үш учаске анықталды.
 
Заңсыз қызмет топырақ жамылғысының, оның ішінде құнарлы қабатының алынуымен қатар жүрген ауқымды бұзылуына әкеп соққан.
 
Алтын түстес металл, жуу жабдықтары, арнайы техника және автокөлік құралдары тәркіленді.
 
Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар барлық тұлғалар, заңсыз өндірілген бағалы металдардың көлемі және келтірілген залалдың мөлшері анықталуда.
 
Тергеу жалғасуда. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
 
Абай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1249918?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Департаментом АФМ по области Абай при координации прокуратуры пресечена незаконная деятельность по добыче драгоценных металлов на территории Жарминского района.
 
В ходе оперативно-розыскных мероприятий выявлены три участка, на которых осуществлялись разведка и незаконная добыча.
 
Незаконная деятельность сопровождалась масштабным нарушением почвенного покрова, включая снятие плодородного слоя.
 
Изъяты металл золотистого цвета, промывочное оборудование, специальная техника и автотранспорт.
 
В настоящее время устанавливаются все причастные лица, объем незаконно добытых драгоценных металлов и размер причиненного ущерба.
 
Расследование продолжается. Иная информация в соответствии со статьей 201 УПК Республики Казахстан разглашению не подлежит.
 
Ссылка на сайт прокуратуры области Абай:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1249918?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Кәсіби жолдың бастауы: Академияда болашақ прокурорларға диплом табысталды
 
2026 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында прокуратура органдарында қызмет атқаруға арналған алғашқы кәсіптік даярлық бағдарламасын аяқтаған тыңдаушылардың кезекті шығарылымы өтті.
 
Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Жұмағали Асхат қатысты. Ол түлектерді құттықтай отырып, жас прокурорлардың алдағы міндеті – «Заң мен тәртіп» қағидатын іс жүзінде жүзеге асыру екенін атап өтті. Сондай-ақ қызметтік борышты адал атқарып, жоғары кәсібилік пен жауапкершілік танытудың маңыздылығына тоқталды.
 
Оқу қорытындысы бойынша 100 болашақ прокурорға алғашқы кәсіптік даярлық бағдарламасын аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды. Оқу барысында жоғары нәтижелер көрсеткен 10 тыңдаушы Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асыловтың алғыс хатымен марапатталды.

Биыл даярлау бағдарламасы прокурорлық қадағалаудың сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қоғамдық мүдделерді қорғау бағыттары бойынша екі мамандандырылған курспен толықтырылды. Сонымен қатар, бағдарламаға киберқылмыстар туралы істер бойынша прокурорлық қадағалау мәселелері мен прокурорлардың практикалық қызметінде жасанды интеллект құралдарын қолдану тақырыптары енгізілді.
 
Жуырда түлектер прокуратура органдарының аумақтық бөлімшелерінде қызметтік міндеттерін атқаруға кіріседі. Оқу барысында алған білімдері мен практикалық дағдылары олардың заңдылықтың сақталуын тиімді қамтамасыз етуіне, азаматтардың құқықтары мен мемлекеттің мүдделерін қорғауына, сондай-ақ қазіргі заманның сын-қатерлеріне лайықты жауап беруіне мүмкіндік береді.
 
Айта кету керек, алғашқы кәсіптік даярлық институты Қазақстанда 2020 жылдан бері жұмыс істейді және прокуратура органдары үшін кадрлар даярлау жүйесінің маңызды буындарының бірі болып саналады. Оның қызметі қажетті кәсіби құзыреттерге және жоғары адамгершілік құндылықтарға ие прокурорлар корпусын қалыптастыруға бағытталған.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Старт профессионального пути: в Академии состоялся выпуск будущих прокуроров
 
26 июня 2026 года в Академии правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан состоялся очередной выпуск слушателей, завершивших обучение по программе первоначальной профессиональной подготовки для службы в органах прокуратуры.
 
Участие в торжественной церемонии принял заместитель Генерального Прокурора Республики Казахстан Жұмағали Асхат. Поздравляя выпускников, он подчеркнул, что молодым прокурорам предстоит воплощать в жизнь принцип «Закон и порядок», добросовестно исполняя служебный долг, проявляя высокий профессионализм и ответственность.
 
По итогам обучения сертификаты о завершении первоначальной профессиональной подготовки получили 100 будущих прокуроров. За высокие результаты в учебе 10 слушателей отмечены благодарственным письмом Генерального Прокурора Республики Казахстан Берика Асылова.
 
В этом году программа подготовки дополнена двумя специализированными курсами по направлениям прокурорского надзора в сфере досудебного расследования и защиты общественных интересов. Особое внимание уделено вопросам прокурорского надзора по делам о киберпреступлениях, а также применению инструментов искусственного интеллекта в практической деятельности прокуроров
 
Уже в ближайшее время выпускники приступят к исполнению служебных обязанностей в территориальных органах прокуратуры. Полученные знания и практические навыки позволят им эффективно обеспечивать законность, защищать права граждан и интересы государства, достойно отвечая на современные вызовы.
 
Отметим, что институт первоначальной профессиональной подготовки функционирует в Казахстане с 2020 года и является одним из ключевых элементов системы подготовки кадров для органов прокуратуры. Его деятельность направлена на формирование профессионального корпуса прокуроров, обладающих необходимыми компетенциями и высокими нравственными ориентирами.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM