Қазақстан Бас прокуратурасы
17.4K subscribers
3.52K photos
3.17K videos
40 files
11.8K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Атырауда прокуратураның араласуынан кейін 600 орындық жекеменшік мектептің құрылысы қайта басталды
 
Атырау облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен Жалпыұлттық пулға енгізілген «NURORDA» мектеп-лицейі» ЖШС-нің құқықтарын қалпына келтірді.

Компания Атырау қаласында 600 орындық жекеменшік мектеп салу бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. Инвестицияның жалпы сомасы 4,5 млрд теңгені құрайды.

Жобаны іске асыру өңірдің білім беру инфрақұрылымын дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.

Инвестордың өтінішін қарау барысында Атырау қаласының әкімдігі алаңы 1,5 гектар болатын жер учаскесін беруден негізсіз бастартқаны анықталды.

Бұл ретте бұған дейін Өңірлік үйлестіру кеңесі оң шешім шығарып, бұл жобаны инвестициялық деп таныған болатын.

Прокурорлық қадағалау актісімен заңбұзушылықтар жойылып, сұралған жер учаскесі инвесторға берілді. Жобаны жүзеге асыру қайта басталды.

Жіберілген заңбұзушылықтар үшін кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Атырау облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге немесе құқықтарының бұзылуына тап болған инвесторларды келесі телефон нөмірлеріне: 8 (701) 066-77-22, 8 (778) 555-77-24 немесе 115 Call-орталығына дереу хабарласуға шақырады.
 
Атырау облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-atyrau/press/news/details/1235157?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Атырау после вмешательства прокуратуры возобновили строительство частной школы на 600 мест
 
Прокуратура Атырауской области при координации Комитета по защите прав инвесторов восстановила права ТОО «Школа-лицей «NURORDA», включенного в Общенациональный пул.

Компания реализует инвестиционный проект по строительству частной школы на 600 мест в городе Атырау. Общая сумма инвестиций составляет 4,5 млрд тенге.

Реализация проекта направлена на развитие образовательной инфраструктуры региона и создание новых рабочих мест.

В ходе рассмотрения обращения инвестора установлено, что акимат города Атырау необоснованно отказал в предоставлении земельного участка площадью 1,5 га.

При этом ранее Региональный координационный совет вынес положительное решение и признал данный проект инвестиционным.

Актом прокурорского надзора нарушения устранены, запрашиваемый участок предоставлен инвестору. Реализация проекта возобновлена.

За допущенные нарушения виновные лица привлечены к дисциплинарной ответственности.

Прокуратура Атырауской области призывает инвесторов, столкнувшихся с административными барьерами или нарушениями прав, незамедлительно обращаться по телефонам: 8 (701) 066-77-22, 8 (778) 555 77 24 или в Call-центр 115.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Атырауской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-atyrau/press/news/details/1235157?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Тағайындау туралы

Мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Жандос Нарымбетұлы Әбдібаев Жамбыл облысының прокуроры лауазымына тағайындалды.

Ж.Н. Әбдібаев еңбек жолын Алматы қаласы Түрксіб ауданы прокурорының көмекшісі болып бастады.

Әр жылдары Алматы қаласы Бостандық ауданы прокурорының орынбасары, Алматы қаласы прокуратурасының Жедел-іздестіру, қарсы барлау және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы, Алматы қаласы прокуратурасының Аппарат басшысы лауазымдарында қызмет атқарды.

2022 жылғы тамыздан Алматы қаласы прокурорының орынбасары болды.

Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін II дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған.

О кадровом назначении
 
По согласованию с Главой государства, приказом Генерального Прокурора старший советник юстиции Абдибаев Жандос Нарымбетович назначен на должность прокурора Жамбылской области.

Ж.Н. Абдибаев начал свой трудовой путь с помощника прокурора Турксибского района города Алматы.

В разные годы занимал должности заместителя прокурора Бостандыкского района города Алматы, начальника Управления по надзору за законностью оперативно-розыскной, контрразведывательной деятельности и негласных следственных действий прокуратуры города Алматы, а также руководителя Аппарата прокуратуры города Алматы.

С августа 2022 года работал в должности заместителя прокурора города Алматы.

За безупречное исполнение служебных обязанностей награжден орденом «Айбын» II степени.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Меңдіқара ауданы прокуратурасы білім беру саласында жүйелі заңбұзушылықтарды анықтады
 
Меңдіқара ауданының прокуратурасы қадағалау қызметі барысында білім беру ұйымдарында еңбек заңнамасының бұзылғанын анықтады.

Атап айтқанда, жұмыстан босатылған қызметкерлерге заңнамада көзделген өтемақы төлемдерінің есептелмегені және төленбегені белгілі болды.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде білім беру саласындағы 23 бұрынғы қызметкердің еңбек құқықтары қалпына келтіріліп, оларға жалпы сомасы 150 мың теңге көлемінде өтемақылар төленді.

Сонымен қатар прокуратураның қаулылары негізінде еңбекақы төлеу заңнамасын бұзу фактілері бойынша әкімшілік құқықбұзушылық істері қозғалды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 87-бабы 1-бөлігі бойынша 9 білім беру ұйымының басшысы әкімшілік жауаптылыққа тартылып, жалпы сомасы 800 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Айыппұлдар толық көлемде төленді.

Сондай-ақ аудандық білім бөлімінің қызметінде мектепке дейінгі ұйымдарды жөндеуге арналған шығыстарды қалыптастыру барысында бюджет заңнамасының бұзылғаны анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде заңбұзушылықтар жойылып, бюджет шығындарының алдын алынды, 10 лауазымды тұлға, оның ішінде аудандық білім бөлімінің басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және мемлекеттің экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
 
Қостанай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1235154?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратура выявила системные нарушения в сфере образования Мендыкаринского района
 
Прокуратурой Мендыкаринского района в ходе надзорной деятельности ворганизациях образования выявлены нарушения трудового законодательства.

Установлено, что при увольнении работников им не были начислены и выплачены предусмотренные законом компенсационные выплаты.

По акту прокурорского надзора нарушения трудовых прав 23 бывших работников сферы образования устранены, им выплачены компенсации на общую сумму 150 тыс. тенге.

Кроме того, по постановлениям прокуратуры возбуждены дела об административных правонарушениях за нарушения требований законодательства об оплате труда.

По части 1 статьи 87 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях к административной ответственности привлечены 9 руководителей организации образования с наложением штрафов на общую сумму свыше 800 тыс. тенге. Штрафы оплачены в полном объеме.

Также в деятельности районного отдела образования выявлены нарушения бюджетного законодательства при формировании расходов на ремонт дошкольных учреждений.

По акту надзора нарушения устранены, бюджетные потери не допущены, к дисциплинарной ответственности привлечены 10 должностных лиц, включая руководителярайонного отдела образования.

Работа по защите трудовых прав граждан и экономических интересов государства находится на постоянном контроле органов прокуратуры области.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Костанайской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1235154?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қарағанды облысының Шет ауданындағы Киікті ауылына «Алкогольсіз ауыл» мәртебесі берілді
 
Қарағанды облысы Шет ауданының прокуратурасы «Құқықтық өмір салты» жобасын іске асыру аясында Шет ауданындағы Киікті ауылына «Алкогольсіз ауыл» мәртебесін берді.

Аталған бастама жергілікті тұрғындардың кең қолдауына ие болып, қоғам тарапынан оң бағаланды. Ауыл тұрғындары қоғамдық тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған шараларды қолдап, жоғары белсенділік пен азаматтық ұстаным танытты.

Жоба аясында ауыл тұрғындары арасынан елші айқындалды, ол тұрақты негізде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыруға және қоғамдық жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізетін болады.

Аталған бастаманы іске асыру алдағы уақытта да жалғасады. Жүргізіліп жатқан жұмыстар халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, сондай-ақ қолайлы әрі қауіпсіз әлеуметтік ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.

Шет ауданының прокуратурасы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, заңдылықты нығайтуға және тұрғындар арасында салауатты өмір салты құндылықтарын ілгерілетуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруды жалғастыруда.

Қарағанды облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/1235314?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Карагандинской области селу Киікті Шетского района присвоен статус «Село без алкоголя»
 
Прокуратурой Шетского района в рамках реализации проекта «Правовой образ жизни» селу Киікті Шетского района Карагандинской области присвоен статус «Село без алкоголя».

Данная инициатива получила широкую поддержку местных жителей и положительную общественную оценку. Население села проявило высокую заинтересованность и активную гражданскую позицию, поддержав меры, направленные на укрепление общественного порядка, профилактику правонарушений и популяризацию здорового образа жизни.

В рамках проекта среди жителей села также определён посол, который на постоянной основе будет проводить информационно-разъяснительную и профилактическую работу, направленную на повышение правовой грамотности населения, формирование уважительного отношения к закону и укрепление принципов общественной ответственности.

Реализация указанной инициативы будет продолжена и в дальнейшем. Проводимая работа способствует повышению уровня правовой культуры населения, укреплению общественной безопасности, а также формированию благоприятной и безопасной социальной среды.

Прокуратура Шетского района продолжает реализацию мероприятий, направленных на профилактику правонарушений, укрепление законности и продвижение ценностей здорового образа жизни среди населения.

Ссылка на сайт прокуратуры Карагандинской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/1235314?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандық делегация Венадағы БҰҰ Комиссиясының 35-ші сессиясына қатысуда
 
Вена, 1–5 маусым. Бас прокуратура, Сыртқы істер және Ішкі істер министрліктерінің өкілдерінен құралған Қазақстан Республикасының делегациясы БҰҰ-ның Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі комиссиясының (ҚАҚСТК) 35-ші сессиясына қатысуда. Бұл ауқымды форумның жұмысына 100-ден астам мемлекеттің делегаттары жұмылдырылған.

Басты пленарлық отырыста Бас Прокурордың орынбасары Асхат Жұмағали жалпыхалықтық референдумда адам мен азаматтың құқықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтетін, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты институционалдық реформалар туралы хабардар етті.

Мемлекет басшысының Цифрландыру жылын жариялауына байланысты делегация басшысы қазақстандық құқық қорғау органдарының цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні пайдалана отырып, қылмыстың алдын алу саласындағы табысты тәжірибесімен бөлісті.

Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығымен (ЦАРИКЦ) бірлесіп өткізілген жеке іс-шарада Қазақстан есірткі бизнесінің қаржы ағындарын анықтауға және бұғаттауға арналған халықаралық платформаның үлгі нұсқосын таныстырды. Таныстырылым қорытындысы бойынша сарапшылар бұл жүйені барлық Орталық Азия елдерінде пилоттық режимде енгізу мәселесін пысықтау қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді.

Сондай-ақ, отандық делегаттар есірткі қылмысының цифрлық іздерін қадағалау жөніндегі сессияда ҚР Бас прокуратурасының қазақстандық Таргетинг орталығының табысты жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Бұдан басқа, прокуратура өкілдері трансұлттық алаяқтық Call-орталықтармен күрес және балаларға қатысты киберқылмыстың алдын алу бойынша қатар өтіп жатқан іс-шараларға белсенді қатысты.

Сессия аясында қазақстандық делегацияның БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) басшылығымен – Киберқылмыс жөніндегі бөлімнің басшысы Г. Причардпен және Орталық Азиядағы Өңірлік өкіл О. Штольпемен екіжақты келіссөздері өтті. Тараптар халықаралық сарапшылар мен инвестицияларды тарта отырып, Қазақстанда Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік орталық құру бастамасын егжей-тегжейлі талқылады.

Оңтүстік-Шығыс Азия сот төрелігі желісінің (SEAJust) хатшылығымен кездесу құқықтық ынтымақтастық аясын кеңейтуге жасалған маңызды қадам болды. Тараптар Қазақстанның бұл ұйымға өңірден тыс мүше мәртебесімен кіру мәселесін пысықтауға уағдаласты. Бұл қазақстандық құқық қорғаушыларға экстрадициялау және заңсыз шығарылған активтерді қайтару мәселелері бойынша Азияның 20-дан астам елімен жедел өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында қазақстандық делегация киберқылмыспен, адам саудасымен, алаяқтықпен, есірткі бизнесімен және т.б. күрес мәселелері бойынша басқа да шет елдердегі әріптестерімен және халықаралық ұйымдармен жұмыс байланыстарын нығайтты, сондай-ақ отандық кадрлардың біліктілігін арттыру перспективаларын талқылау үшін Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияға (IACA) барды.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Казахстанская делегация принимает участие в 35-й сессии Комиссии ООН в Вене
 
Вена, 1–5 июня. Делегация Республики Казахстан в составе представителей Генеральной прокуратуры, министерств иностранных и внутренних дел принимает участие в 35-й сессии Комиссии ООН по предупреждению преступности и уголовному правосудию (КППУП). В работе масштабного форума задействованы делегаты из более чем 100  государств.

На главном пленарном заседании заместитель Генерального Прокурора Асхат Жұмағали проинформировал об институциональных реформах, связанных с принятием на всенародном референдуме новой Конституции, усиливающих гарантии защиты прав человека и гражданина, а также направленных на обеспечение принципа «Закон и порядок».

В связи с объявлением Главой государства Года цифровизации,  руководитель делегации поделился успешным опытом казахстанских правоохранительных органов в сфере предупреждения преступности с использованием цифровых решений и искусственного интеллекта.

На совместном с ЦАРИКЦ отдельном мероприятии Казахстан презентовал прототип международной платформы для выявления и блокировки финансовых потоков наркобизнеса. По итогам презентации эксперты сошлись во мнении о необходимости проработки вопроса по пилотному внедрению этой системы во всех странах Центральной Азии.

Отечественные делегаты также поделились успешным опытом работы казахстанского Таргетинг-центра Генеральной прокуратуры РК на сессии по отслеживанию цифровых следов наркопреступности. Кроме того, представители прокуратуры приняли активное участие в параллельных мероприятиях по борьбе с транснациональными мошенническими Call-центрами и профилактике киберпреступности в отношении детей.

В рамках сессии состоялись двусторонние переговоры казахстанской делегации с руководством Управления ООН по наркотикам и преступности (УНП ООН) – главой Отдела по киберпреступности и технологиям Г. Причардом и Региональным представителем в Центральной Азии О. Штольпе. Стороны предметно обсудили инициативу создания в Казахстане регионального Центра по противодействию киберпреступлениям с привлечением международных экспертов и инвестиций.

Важным шагом к расширению правового сотрудничества стала встреча с секретариатом Юго-Восточной Азиатской сети правосудия (SEAJust). Стороны договорились проработать вопрос вступления Казахстана в эту организацию в статусе внерегионального члена. Это позволит казахстанским правоохранителям оперативно взаимодействовать с более чем 20 странами Азии по вопросам экстрадиции и возврата незаконно выведенных активов.

В ходе мероприятия казахстанская делегация укрепила рабочие контакты с коллегами из другихзарубежных стран и международных организаций по вопросам борьбы с киберпреступностью, торговлей людьми, мошенничеством, наркобизнесом и др., а также посетила Международную антикоррупционную академию (IACA) для обсуждения перспектив повышения квалификации отечественных кадров.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен сотталғандарды жұмыспен қамту мақсатында 1 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды
 
Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен «Altan Group 2021» ЖШС түзеу мекемесі аумағында күнбағыс және зығыр майын өндіретін зауытты іске қосуды жоспарлауда (толық циклді өндіріс, жобаның құны 822 млн теңгеден асады).

Жоба аясында құны 430 млн теңге болатын жабдық сатып алынып, орнатылды. Қазіргі уақытта шетелдік мамандардың қатысуымен іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілуде.

Жобаны іске асыру нәтижесінде 150-ге дейін сотталған адам жұмыспен қамтылып, тұрақты еңбекпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, олар кәсіби дағдыларды меңгеріп, бостандыққа шығар алдындағы әлеуметтік бейімделу деңгейін арттыруға мүмкіндік алады.

Сонымен бірге, «Altan Group 2021» ЖШС түзеу мекемесінде жалға алынған 1 385 шаршы метр өндірістік алаңда мал азықтық дақылдар өндірумен (94 млн теңгеден астам инвестиция) және ағаш өңдеумен (24 млн теңгеден астам инвестиция) айналысуда. Аталған өндірістерде 120-дан астам сотталған жұмыспен қамтылған.

Олар тұрақты жалақымен және қалыпты жұмыс кестесімен қамтамасыз етілген.
 
Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1235338?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
При координации прокуратуры Акмолинской области привлечены инвестиции в размере 1 млрд тенгедля трудоустройства осужденных
 
При координации прокуратуры Акмолинской области ТОО «Altan Group2021» в стенах колонии планирует запуск завода по производству подсолнечного и льняного масла (завод полного цикла, стоимость проекта более 822 млн тенге).

В рамках проекта приобретено оборудование стоимостью 430 млн тенге, монтаж которого уже произведен, в настоящее время проводятся пусконаладочные работы с привлечением иностранных специалистов.

Реализация проекта позволит трудоустроить до 150 осужденных, обеспечив их стабильной занятостью, сформировать у них профессиональные навыки и повысить уровень социальной адаптации перед освобождением.

Вместе с тем, ТОО «Altan Group 2021» уже на арендуемой в колонии площади 1 385м2 занимается производством кормовых культур (вложено более 94 млн. тенге) и деревообработкой (вложено более 24 млн тенге), где трудоустроили более 120 осужденных.

У них стабильная заработная плата и нормированный график работы.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Акмолинской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1235338?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
526 кәсіпкер мен 10 инвестор: прокуратура «QAZAQGAZ AIMAQ» шарттарындағы заң бұзушылықтарды анықтады

Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен Талдықорған қаласының прокуратурасы ауыл шаруашылығы өндірісі, қайта өңдеу, жол құрылысы, тамақ өнеркәсібі, құрылыс материалдарын, аккумуляторлар және тоқыма өнімдерін өндіру салаларында жобаларды іске асырып жатқан 10 инвестордың құқықтарын қорғады.

Өңірге тартылған инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 9,4 млрд теңгені құрап, нәтижесінде 480-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылды.

Қадағалау органы жүргізген талдау барысында «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ инвесторлармен газбен жабдықтау жөнінде шарттар жасасқаны анықталды. Алайда аталған шарттардың жекелеген талаптары қолданыстағы заңнама мен бекітілген нормативтердің талаптарына сәйкес келмей, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын бұзып, тұтынушылардың заңды мүдделерін шектеген.

Атап айтқанда, шарттарда мерзімі өткен әрбір күн үшін қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,5 еселенген мөлшерінде, ең жоғары шегі белгіленбеген өсімпұл есептеу көзделгені анықталды.

Бұл талап тұтынушылардың жағдайын нашарлатып, Энергетика министрінің бұйрығымен бекітілген Үлгілік шарт талаптарына сәйкес келмеген.

Анықталған фактілер бойынша Талдықорған қаласының прокуратурасы Жетісу облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне прокурорлық қадағалау актісін енгізді.

Оны қарау қорытындысы бойынша газбен жабдықтаушы ұйым шарт талаптарын заңнама талаптарына сәйкестендірді.

Инвесторлармен жасалған шарттардан бөлек, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ өңірдегі тағы 526 кәсіпкерге қатысты да осындай заң бұзушылықтарға жол берген.

Прокуратураның араласуының нәтижесінде зардап шеккен барлық кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары толық көлемде қорғалды.

Осыған ұқсас заң бұзушылықтарды анықтау және жою жұмыстары тұрақты бақылауда.

Жетісу облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды 8 (771) 131 04 44 телефоны немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуға шақырады.

Жетісу облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1235487?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
526 предпринимателей и 10 инвесторов: прокуратура выявила нарушения в договорах «QAZAQGAZ AIMAQ»

Прокуратурой города Талдыкорган при координации Комитета по защите прав инвесторов защищены права 10 инвесторов, реализующих проекты в сферах сельскохозяйственного производства, переработки, дорожного строительства, пищевой промышленности, производства строительных материалов, аккумуляторов и текстильной продукции.

Общий объем инвестиций в регион составил около 9,4 млрд тенге с созданием порядка 480 рабочих мест.

В ходе анализа, проведенного надзорным органом, установлено, что АО «QAZAQGAZ AIMAQ» заключило с инвесторами договоры на обеспечение газоснабжением, отдельные положения которых не соответствовали требованиям действующего законодательства и утвержденным нормативам, что нарушало права субъектов предпринимательства и ограничивало законные интересы потребителей.

В частности, выявлены условия, предусматривающие начисление несоразмерной пени в размере 1,5-кратной ставки рефинансирования за каждый день просрочки без ограничения ее максимального размера.

Указанное условие ухудшало положение потребителей и не соответствовало требованиям Типового договора, утвержденного приказом Министра энергетики.

По выявленным фактам прокуратурой города Талдыкорган в Департамент торговли и защиты прав потребителей по области Жетісу внесен акт прокурорского надзора.

По итогам его рассмотрения газоснабжающая организация привела условия договоров в соответствие с требованиями законодательства.

Помимо договоров с инвесторами, АО «QAZAQGAZ AIMAQ» допустило аналогичные нарушения в отношении еще 526 предпринимателей региона.

Благодаря вмешательству прокуратуры, права всех пострадавших субъектов бизнеса были успешно защищены.

Работа по выявлению и устранению подобных нарушений находится на постоянном контроле.

Прокуратура области Жетісу призывает инвесторов, столкнувшихся с административными барьерами, обращаться по телефонам: 8 (771) 131 04 44 или в Call-центр 115.

Ссылка на сайт прокуратуры области Жетису:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1235487?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM