Қазақстан Бас прокуратурасы
17.2K subscribers
2.72K photos
2.42K videos
40 files
9.78K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Құқықтанушы студенттер Бас прокуратурада болды

Бүгін Бас прокуратурада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің студенттерімен кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты - болашақ заңгерлерді прокуратура органдарының қызметімен таныстыру, жастар арасында құқықтық мәдениетпен заңға құрмет құндылықтарын дәріптеу.

Бас прокуратураның Кадр жұмысы департаментінің өкілдері студенттерге прокуратура органдарының функциялары, міндеттері мен миссиясы, қызметкерлерге қойылатын талаптар, сондай-ақ қызмет өткерудің ерекшеліктері туралы айтып берді.

Кездесуде Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға түсу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға прокуратура органдарына қызметке қабылдау тәртібі, кәсіби даму мүмкіндіктері және мансаптық өсу перспективалары түсіндірілді.

Кездесу барысында жастар арасында жоғары құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына, жаңа Конституция ережелерінің мәніне және онда айқындалған«Заң мен тәртіп» қағидатының «Адал Азамат» тұжырымдамасы аясындағы патриотизмнің негізі ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Студенттер өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жан-жақты жауап алды.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Студенты-юристы посетили Генеральную прокуратуру
 
Сегодня в Генеральной прокуратуре состоялась встреча со студентами юридического факультета Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева.

Цель мероприятия – ознакомление будущих юристов с деятельностью органов прокуратуры, а также продвижение среди молодежи ценностей правовой культуры и уважения к закону.

Представители Департамента кадровой работы Генеральной прокуратуры рассказали студентам о функциях, задачах и миссии органов прокуратуры, требованиях, предъявляемых к сотрудникам, а также об особенностях прохождения службы.

Отдельное внимание уделено вопросам поступления в Академию правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре. Участникам встречи также разъяснены порядок приема на службу в органы прокуратуры, возможности профессионального развития и перспективы карьерного роста.

В ходе встречи была подчеркнута важность формирования у молодежи высокой правовой культуры, значение положений новой Конституции и заложенного в ней принципа «Закон и порядок» как фундамента патриотизма в рамках концепции «Адал Азамат».

Мероприятие прошло в формате открытого диалога. Студенты получили исчерпывающие ответы на все интересующие их вопросы.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматы облысында 800-ден астам құқықбұзушылық анықталды
 
Алматы облысы прокуратурасының бастамасымен «Айқын нәтиже» жобасын іске асыру мақсатында мейрам және демалыс күндері ауқымды рейдтік іс-шаралар өткізілді.
 
Негізгі назар қоғамдық орындарға, ойын-сауық мекемелеріне, жасөспірімдер қылмысының алдын алуға, алкоголь өнімдерін заңсыз сатуға, сондай-ақ кешкі және түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге аударылды.
 
Рейдтердің нәтижесінде 800-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Атап айтқанда:
- 10 алкоголь өнімдерін тыйым салынған уақытта сатудың  фактісі;
- 83 қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішу және мас күйінде жүрудің  фактісі;
- 66 кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуының фактісі;
- 12 көлік құралын мас күйінде басқарудың фактісі;
- 292 құжатсыз немесе көлік құралын басқару құқығынсыз басқарудың фактісі.
 
Ерекше алаңдаушылық тудырған жағдайлардың бірі компьютерлік клубтардың бірінде түнгі сағат 12-ден кейін 9 жастағы баланың ересектердің қарауынсыз болуы.
 
Мұндай фактілер тек заң бұзушылық қана емес, сонымен қатар ересектер тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігін көрсетеді және балалар мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне нақты қауіп төндіреді.
 
Тәжірибе көрсеткендей, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта қараусыз жүруі, алкогольді шамадан тыс тұтыну және құқықбұзушылықтарға немқұрайлы қарау көбіне ауыр қылмыстар мен қайғылы жағдайлардың алғышартына айналады.
 
Облыс прокуратурасы ата-аналарды балаларға көбірек көңіл бөлуге, олардың араласатын ортасын білуге, қайда жүргенін бақылауда ұстауға және болып жатқан жағдайларға бейжай қарамауға шақырады.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтардың алдын алу жұмыстары тұрақты бақылауда және алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Алматы облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1231097?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В Алматинской области выявлено свыше 800 правонарушений
 
По инициативе прокуратуры Алматинской области в рамках реализации проекта «Айқын нәтиже» в праздничные и выходные дни проведены масштабные рейдовые мероприятия.
 
Основное внимание уделено общественным местам, увеселительным заведениям, профилактике подростковой преступности, незаконной продаже алкоголя, а также обеспечению порядка в вечернее и ночное время.
 
В результате рейдов выявлено более 800 административных правонарушений. Среди них:
- 10 фактов продажи алкоголя в запрещённое время;
- 83 факта распития алкоголя и появления в общественных местах в состоянии опьянения;
- 66 фактов нахождения несовершеннолетних ночью вне дома без сопровождения взрослых;
- 12 фактов управления автомобилем в состоянии алкогольного опьянения;
- 292 факта управления транспортом без документов или без права управления.
 
Особую обеспокоенность вызвал случай, когда в одном из компьютерных клубов Талгара в 12 ночи находился 9-летний ребёнок без сопровождения взрослых.
 
Подобные факты - это не просто нарушения закона, это отсутствие контроля, безразличие взрослых и реальные риски для безопасности детей и окружающих.
 
Практика показывает, что именно бесконтрольное нахождение детей ночью на улице, пьянство и равнодушие к нарушениям часто становятся причиной более серьёзных преступлений и трагедий.
 
Прокуратура области призывает родителей уделять больше внимания детям, знать их круг общения, контролировать местонахождение и не оставаться в стороне от происходящего.
 
Работа по обеспечению общественного порядка и профилактике правонарушений находится на постоянном контроле и будет продолжена.

Ссылка на сайт прокуратуры Алматинской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1231097?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ақтөбе облысында интернет-алаяқтыққа және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл шаралары күшейтілді
 
Ақтөбе облысының прокуратурасы облыстық ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп, интернет-алаяқтықтың және есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған «Ақтөбе — алаяқтықсыз аумақ» және «Есірткі тосқауылы-2026» жобаларын іске асыруды жалғастыруда.
 
Құқық қорғау органдарының, екінші деңгейдегі банктердің, жергілікті атқарушы органдар мен жұртшылықтың өзара тығыз іс-қимылының арқасында өңірде қылмыс деңгейінің төмендеуі байқалады.
 
Алаяқтық фактілерінің саны 6%-ға, ал интернет-алаяқтық 12%-ға азайды. Ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан, айналымы 3,3 млрд теңгені құраған ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне тосқауыл қойылды.
 
Сондай-ақ 150 дроппер анықталып, 6 ұйымдастырушы қамауға алынды, екі адамға халықаралық іздеу жарияланды.
 
«Есірткі тосқауылы-2026» жобасы аясында алдын алудың цифрлық құралдары енгізілді.
 
«Avtobys» мобильді қосымшасы арқылы есірткі қылмысының алдын алу бойынша ақпараттық материалдар орналастырылып, 300 мыңға жуық пайдаланушы қамтылды. Бұдан бөлек, қоғамдық көліктерде тақырыптық аудиороликтердің тұрақты түрде хабарлануы ұйымдастырылды.
 
Қабылданған шаралардың нәтижесінде тіркелген есірткі қылмыстарының саны 10%-ға, оның ішінде өткізу фактілері 24,5%-ға, есірткі құралдарын сақтау фактілері 19,7%-ға төмендеді.
 
Өңірдегі қылмысқа жүйелі түрде қарсы іс-қимыл жасау жұмыстары жалғасуда және облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.
 
Ақтөбе облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В Актюбинской области усилены меры по противодействию интернет-мошенничествам и наркопреступности
 
Прокуратурой Актюбинской области совместно с Управлением по противодействию киберпреступности ДП области продолжается реализация проектов «Актобе — территория без мошенничеств» и «Наркобарьер-2026», направленных на профилактику интернет-мошенничеств и наркопреступности.
 
Благодаря взаимодействию правоохранительных органов, банков второго уровня, местных исполнительных органов и общественности в регионе отмечается снижение уровня преступности.
 
Количество фактов мошенничества снижено на 6%, интернет-мошенничеств — на 12%. Пресечена деятельность организованной преступной группы с оборотом 3,3 млрд тенге, занимавшейся обналичиванием денежных средств.
 
Установлены 150 дропперов, арестованы 6 организаторов, двое объявлены в международный розыск.
 
В рамках проекта «Наркобарьер-2026» внедрены цифровые инструменты профилактики.
 
Через мобильное приложение «Avtobys» размещены информационные материалы по предупреждению наркопреступлений с охватом порядка 300 тыс пользователей.
Кроме того, в общественном транспорте организовано регулярное вещание тематических аудиороликов.
 
Принятые меры уже позволили снизить количество зарегистрированных наркопреступлений на 10%, в том числе фактов сбыта — на 24,5%, хранения наркотических средств — на 19,7%.
 
Работа по системному противодействию преступности в регионе продолжается и находится на постоянном контроле прокуратуры области.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Актюбинской области:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM