Қазақстан Бас прокуратурасы
17.2K subscribers
2.71K photos
2.4K videos
40 files
9.76K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Открытие форума государственных обвинителей
 
В г.Актау стартовала выездная сессия третьего республиканского форума государственных обвинителей, на которой обсуждаются актуальные вопросы поддержания государственного обвинения по экологическим и коррупционным уголовным правонарушениям.

В работе Форума приняли участие государственные обвинители Мангистауской, Атырауской, Западно-Казахстанской и Актюбинской областей.

С приветственными словами к участникам мероприятия выступили председатель Мангистауского областного суда Максут Текетаев, прокурор Мангистауской области Серик Кушалиев.

Сессию Форума открыл начальник Службы Генеральной прокуратуры по надзору за законностью приговоров, вступивших в законную силу, и их исполнением Мурат Ахметов, отметив важность поднимаемых вопросов, направленных на совершенствование качества поддержания государственного обвинения и судебно-следственной практики.

Руководитель Службы особо подчеркнул необходимость соблюдения базовых принципов концепции «Закон и порядок» в части обеспечения неотвратимости наказания и справедливого правосудия. Им отмечен ряд проблем с которыми сталкиваются органы досудебного расследования и прокуроры при расследовании и поддержании государственного обвинения по обсуждаемой категории дел.

Также с докладами о проблемах и особенностях уголовного судопроизводства, досудебного расследования и поддержания государственного обвинения по экологическим уголовным правонарушениям и коррупционным преступлениям выступили судьи, адвокаты, юристы-практики, прокуроры и руководители департаментов полиции и органов национальной безопасности.

В течение двух дней участники форума будут делиться идеями и практическими решениями по поднимаемым актуальным вопросам.

По итогам Форума планируется выработать конкретные рекомендации по решению озвученных проблем уголовного судопроизводства.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Балалардың құқықтарын қорғау – прокуратураның басымдығы

Ұлытау облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Жаңаарқа ауданы прокуратурасының талдауы барысында мектептерде оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде заң бұзушылықтар анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде тамақтану мәзірі санитариялық талаптарға сәйкестендіріліп, тегін тамақпен қамтылған 2534 баланың күнделікті тағам үлесі ұлғайтылды, сондай-ақ ұсынылатын тағамдардың сапасына бақылау күшейтілді.

Жіберілген заң бұзушылықтар үшін жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдарындағы бейнебақылау камераларына жүргізілген мониторинг барысында аудан мектептерінің бірінде кәмелетке толмаған балаға қатысты жүйелі түрде қорлау мен дене жарақатын келтіру фактілері арқылы буллингті жасыру дерегі анықталды.

Прокуратураның араласуынан кейін кінәлі кәмелетке толмағандардың ата-аналары, сондай-ақ білім беру ұйымы директорының орынбасары әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және білім беру ұйымдарындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
 
Ұлытау облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-ulytau/press/news/details/1229484?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Защита прав детей – приоритет прокуратуры

Прокуратурой области Ұлытау на системной основе проводится работа по обеспечению соблюдения прав и законных интересов несовершеннолетних.

В ходе анализа прокуратуры Жанааркинского района в школах выявлены нарушения при организации питания учащихся.

По результатам рассмотрения акта прокурорского надзора меню питания приведено в соответствие с санитарными требованиями, увеличен ежедневный рацион для 2534 детей, обеспеченных бесплатным питанием, а также усилен контроль за качеством предоставляемых блюд.

За допущенные нарушения ответственные должностные лицапривлечены к дисциплинарной ответственности.

Кроме того, мониторингом камер видеонаблюдения учебных заведений в одной из школ района выявлен факт укрытия буллинга, выразившегося в систематической травле и нанесении телесных повреждений несовершеннолетнему.

После вмешательства прокуратуры родители виновных несовершеннолетних, а также заместитель директора образовательного учреждения привлечены к административной ответственности.  

Работа по обеспечению безопасности детей и профилактике правонарушений в организациях образования продолжается.  
 
Ссылка на сайт прокуратуры области Улытау:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-ulytau/press/news/details/1229484?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
104 млрд теңге инвестиция және 650 жұмыс орны: Қызылорда облысында екі ірі зауыттың құрылысы басталды

Қызылорда облысында Invest Caravan жобасы аясында жалпы құны 104,1 млрд теңгені құрайтын екі ірі өнеркәсіптік нысанның құрылысына капсула салу рәсімі өтті.

Іс-шараға облыс прокуроры Ризабек Ожаров пен өңір әкімі Мұрат Ергешбаев қатысты.
 
Рәсім барысында испаниялық инвестор «Рока Қазақстан» ЖШС-нің санитарлық-техникалық жабдықтар өндіру жобасы мен отандық «Seven Rivers Technologies» ЖШС-нің неміс технологияларын қолдану арқылы шыны ыдыстар өндіретін зауыт салу жобасының құрылысы бастау алды.

Кәсіпорындарды пайдалануға беру 2028 жылға жоспарланған. Жобаларды іске асыру нәтижесінде өңір тұрғындары үшін 650 жаңа жұмысорны құрылады деп күтілуде.

Аталған жобалар инвесторларды қолдауға, туындайтын мәселелерді жедел шешуге және қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған Invest Caravan бастамасы аясында сүйемелденуде.

Жаңа өндіріс орындарының іске асырылуы Қызылорда облысының өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған маңызды қадам болмақ.

Invest Caravan форматы аясындағы жұмыс жалғасады. Алдағы уақытта бизнес пен инвестициялық жобалардың дамуына кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді нысаналы түрде қарау мақсатында облыс аудандарына шығу жоспарланып отыр.

Қызылорда облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған немесе құқықтары бұзылған инвесторларды келесі телефондар арқылы: 8-700-156-11-66, 27-77-47 немесе 115 Call-орталығына дереу хабарласуға шақырады.

Қызылорда облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1229716?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
104 млрд тенге инвестиций и 650 рабочих мест: в Кызылординской области стартовало строительство двух заводов

В Кызылординской области в рамках проекта Invest Caravan состоялась церемония закладки капсул на месте строительства двух крупных промышленных объектов общей стоимостью 104,1 млрд тенге.

В мероприятии приняли участие прокурор области Ризабек Ожаров и аким региона Мурат Ергешбаев.

В ходе церемонии дан официальный старт реализации проекта испанского инвестора — ТОО «Рока Казахстан» по производству санитарно-технического оборудования, а также проекта отечественной компании ТОО «Seven Rivers Technologies» по строительству завода по выпуску стеклотары с применением немецких технологий.

Запуск предприятий запланирован на 2028 год. Ожидается, что реализация проектов позволит создать 650 новых рабочих мест для жителей региона.

Проекты сопровождаются в рамках инициативы Invest Caravan, направленной на поддержку инвесторов, оперативное решение возникающих вопросов и формирование благоприятного инвестиционного климата.

Реализация новых производств станет важным шагом для укрепления промышленного потенциала Кызылординской области и повышения ее инвестиционной привлекательности.

Работа в формате Invest Caravan будет продолжена. В ближайшее время планируются выезды в районы области для точечного рассмотрения проблемных вопросов, сдерживающих развитие бизнеса и инвестиционных проектов.

Прокуратура Кызылординской области призывает инвесторов, столкнувшихся с административными барьерами или нарушениями прав, незамедлительно обращаться по телефонам: 8-700-156-11-66, 27-77-47 или в Call-центр 115.  

Ссылка на сайт прокуратуры Кызылординской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1229716?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жамбыл облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Жамбыл облысының прокуроры Берік Әбіловтың төрағалығымен және облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер қылмысының алдын алу мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Кеңес отырысына құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл, жоғары және орта білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ облыстағы барлық мектеп директорлары қатысты.

Отырыс барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, суицидтің және буллингтің профилактикасы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатын енгізу арқылы профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша әрбір білім беру ұйымына жауапты лауазымды тұлғаларды, оның ішінде ювеналдық полиция қызметкерлерін бекіту туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар олардың қызметін ұйымдастыру тетіктерін қайта қарау, басқару үдерісін орталықтандыру және өздеріне тән емес функциялардан босату жоспарлануда.

Облыс әкімі сынып жетекшілерінің жүктемесін тәрбиелік бағыттағы жұмыстарға басымдық бере отырып оңтайландыру, сондай-ақ білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйелеріне жанжалды жағдайлар мен күдікті тұлғаларды жедел анықтауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект технологияларын енгізу жөніндегі ұсыныстарды қолдады.

Бұдан бөлек, прокуратура әзірлеген аутодеструктивті мінез-құлық белгілері бар жасөспірімдерді анықтау алгоритмін енгізу көзделуде.

Отырыс қорытындысы бойынша уәкілетті органдарға балалардың қауіпсіздігін күшейту және олардың бос уақытын, оның ішінде жазғы демалыс кезеңінде тиімді ұйымдастыру бойынша қосымша тапсырмалар берілді.

Жамбыл облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1229813?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В Жамбылской области на Координационном совете пересмотрены подходы по обеспечению безопасности детей

Под председательством прокурора Жамбылской области Берика Абилова, при участии акима области Ербола Карашукеева, состоялось расширенное заседание Координационного совета по вопросам обеспечения безопасности несовершеннолетних и профилактики подростковой преступности.

На совете приняли участие руководители правоохранительных и государственных органов, региональный уполномоченный по правам ребенка, представители высших и средних учебных заведений, а также директора всех школ области.

Участники обсудили актуальные вопросы профилактики подростковой преступности, предупреждения суицидов и буллинга, обеспечения безопасности детей, а также меры по повышению эффективности профилактической работы через внедрение принципов «Закона и порядка».

Принято решение закрепить за каждым учебным заведением ответственных должностных лиц, включая сотрудников ювенальной полиции.  При этом планируется пересмотреть организацию их деятельности, централизовать управление и освободить от выполнения несвойственных функций.

Аким области поддержал предложения по оптимизации нагрузки классных руководителей с акцентом на воспитательную работу, а также по внедрению в системы видеонаблюдения учебных заведений технологий искусственного интеллекта для оперативного выявления конфликтных ситуаций и подозрительных лиц.

Кроме того, будет внедрен разработанный прокуратурой алгоритм выявления подростков с признаками аутодеструктивного поведения.

По итогам заседания уполномоченным органам даны дополнительные поручения по усилению мер безопасности детей и организации их досуга, в том числе в период летних каникул.

Ссылка на сайт прокуратуры Жамбылской области:

http://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1229813?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының прокуратурасы адам ұрлау және өзбетінше билік ету үшін қатаң жауапкершіліктің қарастырылғанын еске салады!
 
«Сарыарқа» ауданының прокуратурасымен Орталық Азия мемлекеттерінің бірінің алты азаматына қатысты адам ұрлау және өз бетінше билік ету фактілері бойынша қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптау қолдау тапты.
 
Сот талқылауы барысында 2024 жылғы 9 желтоқсанда топ қатысушыларының бірі орындалмаған қызмет үшін ақша талап етіп, жәбірленушіге күш қолданып, оны 80 мың теңгені аударуға мәжбүрлегені анықталды.
 
Кейін алдын ала сөз байласқан адамдар тобы пайдакүнемдік ниетпен күш қолдану арқылы жәбірленушіні Астана қаласының аумағында ұрлап әкеткен.
 
Мемлекеттік айыптаушымен сотталушылардың кінәсін дәлелдейтін жеткілікті айғақтар ұсынылды.
 
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен бес адам алдын ала сөз байласқан адамдар тобының пайдакүнемдік ниетпен жасаған адам ұрлау қылмысы үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Топтың бір қатысушысы адам ұрлауға көмектескені және өз бетінше билік еткені үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
 
Астана қаласының прокуратурасы адам ұрлағаны үшін заңнамада 15 жылға дейін, ал өз бетінше билік еткені үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске салады.

Астана қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1230112?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратура района «Сарыарка» города Астаны напоминает о суровой ответственности за похищение людей и самоуправство!
 
Прокуратурой района «Сарыарка» поддержано государственное обвинение по уголовному делу в отношении шести граждан одного из государств Центральной Азии по фактам похищения человека и самоуправства.
 
В ходе судебного разбирательства установлено, что 9 декабря 2024 года один из участников группы, требуя денежные средства за якобы невыполненную услугу, применил насилие в отношении потерпевшего и вынудил его перевести 80 тысяч тенге.
 
Позднее, действуя группой лиц по предварительному сговору, злоумышленники похитили потерпевшего на территории города Астаны с применением насилия из корыстных побуждений.
 
Государственным обвинителем представлены достаточные доказательства, подтверждающие вину подсудимых.
 
Приговором Межрайонного суда по уголовным делам города Астаны пятеро осуждены к 8 годам лишения свободы за похищение человека, совершенное группой лиц по предварительному сговору из корыстных побуждений. Один из участников осужден к 7 годам 6 месяцам лишения свободы за пособничество в похищении человека и самоуправство.
 
Прокуратура города Астаны напоминает, что за похищение человека законодательством предусмотрено наказание до 15 лет и за самоуправство предусмотрено до 7 лет лишения свободы.
 
Ссылка на сайт прокуратуры города Астаны:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1230112?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Егіндікөл ауданының прокуратурасымен кәмелетке толмаған баланың құқықтары қалпына келтірілді
 
Прокурорлардың азаматтарды жеке қабылдауы қадағалау қызметінің маңызды әрі елеулі бағыттарының бірі болып табылады.
 
Осылайша, Егіндікөл ауданында аудан прокуроры Азамат Аяғановтың жеке қабылдауына ауыл тұрғыны банктік шоттарының жеке сот орындаушысымен бұғатталуы мәселесі бойынша жүгінді.
 
Анықталғандай, қолданылған шектеу шаралары нәтижесінде оның кәмелетке толмаған қызының да банктік шоты бұғатталып, соның салдарынан бала мектеп асханасындағы тамақтану ақысын төлеу мүмкіндігінен айырылған.
 
Прокурор жедел шаралар қабылдап, бұзылған құқықтар қалпына келтірілді, кәмелетке толмаған баланың шотындағы шектеулер алынып тасталды.
 
Бұзылған құқықтар қалпына келтірілуіне байланысты өтініш беруші облыс прокурорының атына алғыс хат жолдады.
 
Прокурорлардың жеке қабылдаулары азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді тәсілдерінің бірі болып қала береді, өйткені мұндай жағдайда адам тікелей жүгініп, нақты құқықтық көмек ала алады.
 
Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1230242?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратурой Егиндыкольского района восстановлены права несовершеннолетней
 
Прием граждан, осуществляемый прокурорами является одним из существенных и важных направлений надзорной деятельности.
 
Так, в Егиндыкольском районе на личный приём к прокурору района Азамату Аяганову обратилась жительница села по вопросу блокировки частным судебным исполнителем банковских счетов.
 
Установлено, что в результате принятых ограничительных мер, также был заблокирован банковский счет ее несовершеннолетней дочери, тем самым лишив ребенка возможности оплачивать за питание в школьной столовой.
 
Прокурором приняты оперативные меры, и нарушенные права восстановлены, ограничения со счета несовершеннолетней сняты.
 
В связи с восстановлением нарушенных прав заявительницей в адрес прокурора области направлено благодарственное письмо.
 
Личные приёмы прокуроров остаются действенным способом защиты прав граждан, когда человек может напрямую обратиться и получить реальную правовую помощь.
 
Ссылка на сайт прокуратура Акмолинской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1230242?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1 мыңнан астам бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілмеген
 
Алматы облысының прокуратурасы білім беру саласында балалардың құқықтарының бұзылуын анықтады.
 
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік білім беру ұйымдарында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуге тиіс.
 
Алайда жүргізілген тексеру нәтижесінде облыстың 70-тен астам мектебінде (Еңбекшіқазақ ауданы – 45, Талғар – 7, Жамбыл – 5, Ұйғыр – 14, Қарасай – 4, Қонаев қаласы – 9) аталған талаптардың сақталмағаны анықталды. Нәтижесінде 1 101 бала мемлекеттік қолдаудың бұл түрімен қамтылмаған.
 
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша балалардың құқықтары қалпына келтіріліп, барлық оқушылар тиісті тамақпен қамтамасыз етілді, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
 
Жалпы ағымдағы жылдың басынан бері облыс прокуратурасымен 30 мыңға жуық баланың құқықтары мен заңды мүдделері қорғалды.
                                           
Алматы облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1230321?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Более 1 тысячи детей не были обеспечены питанием
 
Прокуратурой Алматинской области выявлены нарушения прав детей в сфере образования.
 
Согласно действующему законодательству, во всех государственных учебных заведениях школьники из семей, получающих адресную социальную помощь, должны обеспечиваться бесплатным горячим питанием.
 
Однако проверка показала, что в более 70 школах области (Енбекшиказахский район – 45, Талгарский – 7, Жамбылский – 5, Уйгурский – 14, Карасайский – 4, г. Конаев – 9) указанные требования не соблюдались. В результате 1 101 ребенок не был охвачен данной мерой государственной поддержки.
 
По актам прокурорского надзора права детей восстановлены, все учащиеся обеспечены питанием, виновные должностные лица привлечены к ответственности.
 
В целом с начала текущего года прокуратурой области защищены права и законные интересы порядка 30 тысяч детей.

Ссылка на сайт прокуратуры Алматинской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1230321?lang=ru
 
🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мұнай штангаларынан арматураға дейін: прокуратура бірегей зауыттың  шикізат мәселесін шешуге көмектесті

Маңғыстау облысының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп, арматура өндіретін зауыт салу жобасын жүзеге асырып жатқан «Hadid» ЖШС-не қолдау көрсетті.

Жобаға салынған инвестиция көлемі 250 млн теңгені құрайды, 35 жұмыс орнын ашу көзделген.
 
Жобаның бірегейлігі – мұнай өндіруде пайдаланылған сорғы штангаларын құрылыс арматурасына қайта өңдеуде.

Бұл технология қайталама ресурстарды ұтымды пайдалануға, экологиялық жүктемені төмендетуге және құрылыс материалдарының отандық өндірісін дамытуға ықпал етеді.
 
Анықталғандай, жобаны іске асыру барысында инвестор шикізаттың (қара металл сынығының) тапшылығына тап болып, бұл өндірістің тұрақтылығына қауіп төндірген.
 
Қабылданған шаралардың нәтижесінде «Hadid» ЖШС мен «Қаражанбасмұнай» АҚ арасында қажетті шикізатты жеткізу жөнінде меморандум жасалып, жобаны одан әрі іске асыру қамтамасыз етілді.

Маңғыстау облысының прокуратурасы әкімшілік кедергілерге тап болған инвесторларды +7 (701) 333-13-12,+7 (700) 215-06-72 телефоны немесе 115 Call-орталығы арқылы хабарласуға шақырады.

Маңғыстау облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/1229031?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Из нефтяных штанг в арматуру: прокуратура помогла уникальному заводу решить проблему с сырьем
 
Прокуратура Мангистауской области совместно с Комитетом по защите прав инвесторов оказала содействие ТОО «Hadid», реализующему проект строительства завода по производству арматуры.
 
Объем инвестиций составляет 250 млн тенге с созданием 35 рабочих мест.
 
Уникальность проекта заключается в переработке отработанных насосных штанг нефтедобычи в строительную арматуру.
 
Такая технология способствует рациональному использованию вторичных ресурсов, снижению экологической нагрузки и развитию отечественного производства стройматериалов.
 
Установлено, что в ходе реализации проекта инвестор столкнулся с дефицитом сырья (лома черных металлов), что поставило под угрозу стабильность производства.
 
По результатам принятых мер между ТОО «Hadid» и
АО «Каражанбасмунай» был заключен меморандум на поставку необходимого сырья, что обеспечило дальнейшую реализацию проекта.
 
Прокуратура Мангистауской области призывает инвесторов, столкнувшихся с административными барьерами, обращаться по телефонам: +7 (701)333-13-12 +7 (700) 215-06-72 или в Call-центр 115.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Мангистауской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/1229031?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Алимент төлемеген борышкер бас бостандығынан айырылды
 
Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2026 жылғы 5 мамырдағы үкімімен борышкер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы (алимент төлеуден жалтару) бойынша кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
 
Сотта сотталғанның бір жылдан астам уақыт бойы кәмелетке толмаған баласын асырау жөніндегі сот шешімін орындаудан жалтарғаны анықталды. Нәтижесінде алимент бойынша 4 млн теңге көлемінде берешек қалыптасқан.
 
Бұған дейін борышкер осыған ұқсас құқықбұзушылық үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылып, алайда рақымшылық актісін қолдануға байланысты жазадан босатылған. Соған қарамастан, тиісті қорытынды жасамай, ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтаруын жалғастырған.
 
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 
Ағымдағы жылдың 4 айында Батыс Қазақстан облысында алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге қатысты ҚК-нің 139-бабы бойынша 21 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Оның ішінде: 7 іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған; 5 іс бойынша айыптау үкімдері шығарылған; қалған қылмыстық істер өндірісте.
 
Осыған байланысты прокуратура сот шешімін орындамау үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске салады.
 
Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/1230540?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Должник по алиментам осужден к лишению свободы
 
Приговором Специализированного межрайонного суда по делам несовершеннолетних Западно-Казахстанской области от 5 мая 2026 года должник признан виновным по статье 139 Уголовного кодекса Республики Казахстан (уклонение от уплаты алиментов) и приговорен к 6 месяцам лишения свободы.
 
Судом установлено, что осужденный свыше одного года уклонялся от исполнения судебного решения по содержанию своего несовершеннолетнего ребенка. В результате образовалась задолженность по алиментам в размере 4 млн тенге.
 
Ранее должник уже привлекался к уголовной ответственности за аналогичное правонарушение, однако был освобожден от наказания в связи с применением акта амнистии. Несмотря на это, должных выводов он не сделал и продолжил уклоняться от исполнения родительских обязанностей.
 
Приговор суда в законную силу не вступил.
 
За 4 месяца текущего года в Западно-Казахстанской области в отношении должников по алиментам зарегистрировано 21 уголовное правонарушение по статье 139 УК РК. Из них: 7 дел прекращены в связи с примирением сторон, по 5 делам вынесены обвинительные приговоры, остальные уголовные дела находятся в производстве.
 
В этой связи прокуратура напоминает о том, что за неисполение решения суда предусмотрена уголовная ответственность.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Западно-Казахстанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/1230540?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Спорт арқылы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
 
Қызылорда қаласында «Қайсар» – «Елімай» футбол клубтары арасындағы матч барысында кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениетін арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық акция ұйымдастырылды.

Іс-шараға облыс прокуроры Ризабек Ожаровпен өңір әкімі Мұрат Ергешбаев қатысты.

Халықтың көп шоғырлануын ескере отырып, спорттық шара жастар арасында профилактикалық жұмысты жүргізудің тиімді алаңы ретінде пайдаланылды.

Түсіндіру жұмыстары қолжетімді әрі интерактивті форматта өткізілді.

Матч арасындағы үзілістерде көрермендерге қоғамдық тәртіпті сақтау және жасөспірімдердің құқықтық санасын қалыптастыру мәселелеріне арналған профилактикалық бейнероликтер көрсетілді.

Сонымен қатар жанкүйерлер арасында клуб талисмандарымен интернет-алаяқтықтың, есірткі қылмыстарының алдын алу, жол және өрт қауіпсіздігі, жаз мезгілінде су айдындарында шомылу қағидаларын сақтау, құқыққа қайшы мінез-құлыққа жол бермеу тақырыптарындағы ақпараттық жадынамалар таратылды.

Аталған іс-шара облыс прокуратурасының «Adal Bala» және «Саналы ұрпақ» жобалары аясында жүзеге асырылып жатқан жүйелі профилактикалық жұмысының бір көрінісі болды.

Қызылорда облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1230633?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Профилактика правонарушений среди подростков через спорт
 
В Кызылорде на футбольном матче между клубами «Қайсар» – «Елімай» организована профилактическая акция, направленная на повышение правовой культуры несовершеннолетних и предупреждение правонарушений.

В мероприятии приняли участие прокурор области Ризабек Ожаров и аким региона Мурат Ергешбаев.

С учетом большого скопления граждан спортивная площадка использована как эффективная платформа для проведения профилактической работы с молодежью.

Разъяснительная работа проводилась в доступном и интерактивном формате.

В перерывах между матчами зрителям транслировались профилактические видеоролики, посвященные вопросам соблюдения общественного порядка и формирования правосознания подростков.

Кроме того, среди болельщиков талисманами клуба осуществлялась раздача тематических информационных буклетов по профилактике интернет- мошенничества, наркопреступности, вопросам дорожной и пожарной безопасности, соблюдения правил купания на водоемах в летнее время, недопущения противоправного поведения.

Проведенное мероприятие стало частью системной профилактической работы прокуратуры области в рамках реализуемых проектов «Adal Bala» и «Саналы ұрпақ».

Ссылка на сайт прокуратуры Кызылординской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1230633?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Өткен аптаның маңызды және өзекті жаңалықтарын естеріңізге саламыз.

📌Дүйсенбі

🔹 Заңсыз алтын өндіру: ШҚО-да прокуратура мен ҰҚКД арнайы техниканы пайдалана отырып, пайдалы қазбаларды заңсыз өндірген топтың қызметін тоқтатты. Көлеңкелі жер қойнауын пайдалануға қарсы күрес қалай күшейтілуде? Барлық мәліметті сілтеме арқылы көріңіз!

🔹 Интернет-алаяқтықпен күрес: Павлодар облысында алаяқтық схемаларда мобильді деректерді алмастыру үшін пайдаланылған 128 слоттық симбокс анықталды. Толығырақ мына жерден оқыңыз!

🔹 Туризмді дамыту: Ақмола облысының прокуратурасы нысаналы мақсатта пайдаланылмаған құны 285 млн теңге болатын орман қоры жерлерін мемлекетке қайтарды. Жерлерді мақсатсыз пайдаланудың жолы қалай кесілуде? Мына жерден көріңіз.

📌Сейсенбі

🔹 Заңдылықты бақылау: Жетісу облысында прокуратура 90 млн теңгеден астам сомаға мал ұрлау ісі бойынша жазаның қатаңдатылуына қол жеткізді. Барлық мәліметті сілтеме арқылы көріңіз!

🔹 Инвесторларды қолдау: Бас прокуратура INVEST CARAVAN жобасын іске қосуда — инвест-прокурорлар бизнес мәселелерін жедел шешу және әкімшілік кедергілерді жою үшін нысандарға барып тұрады. Инвесторлардың құқықтарын қорғау қалай күшейтілуде? Мұнда оқыңыз.

🔹 Еңбек заңнамасын сақтау: Атырау облысында прокуратураның араласуынан кейін міндетті сақтандырусыз жұмыс істеген 520 медицина қызметкерінің құқықтары қалпына келтірілді. Қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктерінің орындалуы қалай бақылануда? Толығырақ осында.

📌Бейсенбі

🔹 Инвестициялық бақылау: Абай облысында құны 2,8 млрд теңгелік жобаны іске асыру кезінде инвесторды әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тартудың алдын алынды. Бизнестің құқықтарын қорғауда «прокурорлық сүзгі» қалай жұмыс істейді? Барлық мәлімет осында.

🔹 Активтерді тәркілеу: кассациялық наразылық бойынша жалған шот-фактуралар схемасы нәтижесінде алынған кеңсе ғимараты мен жалдау табысы мемлекет кірісіне өндірілді. Сомасы 1 млрд теңгеден асты. Қылмыстық табыстарды қайтаруды бақылау қалай күшейтілуде? Мына жерден көріңіз!

🔹 Қаржылық тәртіп: Маңғыстау облысында прокуратура 592 млн теңгеге мемлекеттік сатып алулардағы заңбұзушылықтардың жолын кесіп, 29,5 млн теңгеге орындалмаған жұмыстар үшін төлем жасалғанын анықтады. Толығырақ сілтеме арқылы оқыңыз!

📌Жұма

🔹 Сот талқылауы: Астанада адамдарды ұрлау және күш қолдану арқылы өз бетінше әрекет ету бойынша бір топ адам 8 жылға дейінгі нақты бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Зорлық-зомбылық қылмыстары бойынша сот практикасы қалай қалыптасуда? Мұнда көріңіз.

🔹 Балаларды әлеуметтік қолдау: Алматы облысында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан 1 100-ден астам оқушы 70 мектепте тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілмеген. Барлық мәліметті осы жерден оқыңыз!

🔹 Алимент қарызы: Батыс Қазақстан облысында алимент төлеуден жалтарып, 4 млн теңге қарыз жинаған борышкер 6 айға бас бостандығынан айырылды. Толығырақ осында.

Осы және басқа да жаңалықтарды Бас прокуратураның телеграм арнасынан оқып бізді әлеуметтік желілерден қараңыз:

🌐🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM