Қазақстан Бас прокуратурасы
17.2K subscribers
2.54K photos
2.28K videos
40 files
9.29K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Алматы прокуратурасы Іле Алатауының тау бөктеріндегі жер телімін мемлекетке қайтарды
 
Қадағалау қызметі шеңберінде ауданы 4,2 га жер учаскесін жеке меншікке заңсыз берілгені анықталды.
 
Даулы жер учаскесі сауықтыру мақсатындағы жерлерге жатады және экологиялық желінің элементі болып табылады.
 
Алатау ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша сот жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тапты.
 
Бірінші сатыдағы шешімді Алматы қалалық сотының сот алқасы күшінде қалдырды.
 
Қабылданған шаралардың нәтижесінде құны 2 млрд теңгеден астам даулы жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
 
Алматы қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty/press/news/details/1201534?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратура Алматы вернула государству земельный участок в предгорьях Заилийского Алатау
 
В рамках надзорной деятельности выявлено незаконное предоставление в частную собственность земельного участка, площадью 4,2 га.
 
Спорный участок относится к землям оздоровительного назначения и является элементом экологической сети.
 
По иску прокуратуры Алатауского района суд признал заключенные сделки недействительными.
 
Судебной коллегией Алматинского городского суда решение первой инстанции оставлено в силе.
 
Принятыми мерами спорный земельный участок стоимостью более 2 млрд тенге возвращен в государственную собственность.
 
Ссылка на сайт прокуратуры города Алматы:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty/press/news/details/1201534?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Академия Ыстамбұлдағы Адам құқықтары жөніндегі халықаралық форумға қатысты
 
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Ыстамбұлдағы Түркі сот-құқықтық даярлық желісі ұйымдастырған Адам құқықтары жөніндегі халықаралық форумға қатысуда. Іс-шараға Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан өкілдері де қатысады.

Форумды Ыстамбұлдың Бас прокуроры Фатих Дёнмез, Түркия Әділет академиясының президенті Метин Йылдырым және ТИКА Төрағасының орынбасары Али Эрджан ашты. Үш күндік бағдарлама Адам құқықтары саласындағы негізгі халықаралық стандарттарды қамтыды: БҰҰ жүйесі, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт және Еуропалық адам құқықтары сотының тәжірибесі.

Форум аясында ректор Нұрғалым Әбдіров Түркия Әділет академиясының президенті Метин Йылдырыммен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар серіктестіктің жоғары деңгейін растап, Түркі желісінің бірлескен білім беру жобалары үшін платформа ретінде маңыздылығын атап өтті.

Киберқылмысқа, есірткі қылмысына және қаржылық қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды.

Академиялық ұтқырлық мәселесі жеке қаралды: тараптар магистранттар мен докторанттардың ғылыми тағылымдамадан өту және әріптестік академиялар базасында бірлескен зерттеу жобаларына қатысу үшін өзара бағытына қызығушылық танытты.

Сондай-ақ екі академияның ведомстволық журналдарындағы ғылыми жұмыстардың, оқу-әдістемелік материалдардың өзара жарияланымдары және мақалаларға шолубойынша баспа қызметіндегі ынтымақтастықты кеңейту де талқыланды.

Ректор Нұрғалым Әбдіров Метин Йылдырымды 2026 жылдың IV тоқсанына жоспарланған «Заң мен тәртіп – тұрақтылық пен прогрестің негізі» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырды.

Кездесу екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін және тараптардың оны одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растай отырып, сындарлы және достық негізде өтті.
 
🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП 
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Академия приняла участие в Международном форуме по правам человека в Стамбуле
 
Академия правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан участвует в Международном форуме по правам человека в Стамбуле, организованном Тюркской сетью судебно-правовой подготовки. В мероприятии также принимают участие представители Азербайджана, Кыргызстана, Турции и Узбекистана.

Форум открыли Главный прокурор Стамбула Фатих Дёнмез, Президент Академии юстиции Турции Метин Йылдырым и заместитель Председателя ТИКА Али Эрджан. Трехдневная программа охватила ключевые международные стандарты в области прав человека: систему ООН, Международный пакт о гражданских и политических правах, а также практику Европейского суда по правам человека.

В рамках форума состоялась двусторонняя встреча ректора Нургалыма Абдирова с Президентом Академии юстиции Турции Метином Йылдырымом. Стороны подтвердили высокий уровень партнёрства и отметили значимость Тюркской сети как платформы для совместных образовательных проектов.

Обсуждены приоритетные направления сотрудничества: противодействие киберпреступности, наркопреступности и финансовым преступлениям.

Отдельно рассмотрен вопрос академической мобильности: стороны выразили заинтересованность во взаимном направлении магистрантов и докторантов для прохождения научных стажировок и участия в совместных исследовательских проектах на базе партнёрских академий.

Также обсуждено расширение сотрудничества в издательской деятельности: взаимные публикации научных работ, учебно-методических материалов и рецензирование статей в ведомственных журналах двух академий.

Ректор Абдиров пригласил Метина Йылдырыма принять участие в Международной научно-практической конференции «Закон и Порядок – основа стабильности и прогресса», запланированной на IV квартал 2026 года.

Встреча прошла в конструктивном и дружеском ключе, подтвердив высокий уровень двустороннего сотрудничества и взаимную заинтересованность сторон в его дальнейшем развитии.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мал ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу туралы
 
Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Қауіпсіз өңір» жобасы аясында мал ұрлығының алдын алу мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің құқықтарын қорғауда жүйелі жұмыс жүргізілуде.

Прокуратураның нұсқаулар беруі және жасырын тергеу әрекеттеріне бастамашылық етуі арқылы облыс аумағында ұзақ уақыт бойы мал ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.

Тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында ветеринариялық дәрігерлер болғаны және олар ұрланған малды деректер базасы арқылы заңдастыру жолымен өткізу схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

Күдіктілер қамауға алынып, тергеуге белсенді түрде жәрдемдесуде.

Облыс прокуратурасы бұл жағдайдың осындай қылмыстарды жасағаны үшін жазаның бұл тартпастығын айғақтайтынын атап өтеді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге мәліметтері жария етуге жатпайды.

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/1201811?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
О пресечении ОПГ, занимавшейся ското крадством
 
В рамках проекта «Қауіпсіз өңір» по инициативе прокуратуры Западно-Казахстанской области в регионе проводится системная работа, направленная на профилактику скотокрадства и защиту прав сельхоз производителей.

При координации прокуратуры путем дачи указаний и инициирования негласных следственных действий, пресечена деятельность организованной преступной группы, занимавшейся длительное время хищением скота на территории области.

Следствием установлено, что члены ОПГ, в состав которого входили ветеринарные врачи, организовали схему сбыта краденого скота способом их легализации через базу данных.

Подозреваемые взяты под стражу и активно содействуют следствию.

Прокуратура области отмечает, что данный случай является показательным и свидетельствует о неотвратимости наказания за совершение подобных преступлений.

Согласно ст.201 Уголовно-процессуального кодекса иные сведения досудебного расследования не подлежат разглашению.

Ссылка на сайт прокуратуры Западно-Казахстанской области
:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/1201811?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Терезеден балалардың құлап кетуінің алдын алу туралы
 
Елде жылы кезеңнің ерте басталуына байланысты тұрғын үйлердің терезелерінен жас балалардың құлап кету жағдайлары тіркелуде.

Негізгі себеп – ересектер тарапынан тиісті бақылаудың болмауы. Тәжірибе көрсеткендей, көп жағдайда балалар қысқа уақытқа болса да қараусыз қалады, бұл қайғылы салдарға әкеледі.

Ашық терезелер мен қауіпсіздік сезімін жалған түрде қалыптастыратын москиттік торлардың болуы ерекше қауіп төндіреді. Москиттік тор баланың салмағына есептелмегенін және оны ұстап тұра алмайтынын естен шығармаған жөн.

Жүргізіліп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қарамастан, мұндай оқиғалар жыл сайын тіркелуде.

Мемлекет тарапынан мұндай жағдайлардың алдын алуға бағытталған қажетті заңнамалық шаралар қабылданған.

Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңға сәйкес (27-2-баптың 2-тармағы және 27-2-баптың 3-тармағы) құрылыс салушылар жаңа тұрғын үйлерде терезе ойықтарын құлыптармен және қауіпсіздік механизмдерімен қамтамасыз етуге міндетті.

Сондай-ақ «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес (51-1-баптың 5-тармағының 3 тармақшасы, 51-5-баптың 2-тармағының 3 тармақшасы және 51-6-баптың 4-тармағының 2 тармақшасы) пәтер иелерінің қауіпсіз тұруын қамтамасыз ету мәселелері мүліктің меншік иелері бірлестігі, пәтерлер меншік иелерінің кооперативі және басқарудың өзге де нысандарының құзыретіне жатады.

Алайда негізгі себеп – адами фактор болыпқала береді.

Осыған байланысты Бас прокуратура ата-аналардың назарын қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығына аударады:

1) жас балаларды қараусыз қалдырмау;
2) жиһазды терезе маңына қоймау;
3) терезелерге арнайы блокираторлар мен шектеуіштер орнату;
4) баланың терезеге өз бетінше қол жеткізу мүмкіндігін болдырмау.

Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамағаны үшін ӘҚБтК-нің 127-бабына сәйкес 20 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамақ түрінде жауапкершілік көзделген. Тек 3 айдың ішінде осы бап бойынша 8 мың нан астам ата-анамен заңды өкіл жауапкершілікке тартылды.

Балалардың өмірі мен денсаулығы үшін бірінші кезекте жауапкершілік ата-аналарға жүктелетінін түсіну қажет.

Бас прокуратура азаматтарды қырағылық танытуға және қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін жағдайларға жол бермеуге шақырады.
 
🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
О предупреждении падения детей из окон
 
С ранним наступлением тёплого периода в стране фиксируются случаи выпадения малолетних детей из окон жилых домов.

Основной причиной является отсутствие должного контроля со стороны взрослых. Как показывает практика, в большинстве случаев дети остаются без присмотра даже на непродолжительное время, что приводит к трагическим последствиям.

Особую опасность представляют открытые окна и наличие москитных сеток, создающих ложное ощущение безопасности. Следует помнить, что москитная сетка не рассчитана на нагрузку и не способна удержать ребёнка.

Несмотря на проводимую информационно-разъяснительную работу, подобные происшествия регистрируются ежегодно.

Государством приняты необходимые законодательные меры, направленные на профилактику таких случаев.

Так, в соответствии с Законом «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан» (пункт 2 статьи 27-2 и пункт 3 статьи 27-2) застройщики обязаны обеспечивать оконные проемы замками и механизмами безопасности в новых жилых домах.

Также согласно Закону «О жилищных отношениях» (подпункт 3 пункта 5 статьи 51-1, подпункт 3 пункта 2 статьи 51-5 и подпункт 2 пункта 4 статьи 51-6) вопросы обеспечения безопасности для проживания собственников квартир отнесены к компетенции ОСИ (объединений собственников имущества), КСК (кооператива собственников квартир) и иных форм управления.

Но основной причиной остаётся человеческий фактор.

В этой связи Генеральная прокуратура обращает внимание родителей на необходимость соблюдения элементарных правил безопасности:

1) не оставлять малолетних детей без присмотра;
2) не размещать мебель вблизи окон;
3) устанавливать специальные блокираторы и ограничители на окна;
4) исключить возможность самостоятельного доступа ребёнка к окну.

За непринятие мер по обеспечению безопасности несовершеннолетних предусмотрена административная ответственность по ст.127 КоАП в виде штрафа до 20 МРП или ареста до 10 суток. Только за 3 месяца к ответственности по данной статье привлечено более 8 тыс. родителей и законных представителей.

Следует понимать, что именно родители несут первоочередную ответственность за жизнь и здоровье своих детей.

Генеральная прокуратура призывает граждан проявлять бдительность и не допускать ситуаций, способных привести к трагедии.
 
🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Алдау бұлты: әмиянды босататын қойма» 
 
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыстық қауіп-қатерлерді болжау орталығы бұлттық сервистерді пайдаланушыларға бағытталған интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескертеді.

Шетелдік дерек көздердің мәліметтері бойынша алаяқтар iPhone пайдаланушыларына iCloud бұлттық қойманың толып кеткені туралы жалған электрондық хаттар, SMS-хабарламалар және хабарландыруларды жаппай таратуда.

Хабарламаларда аккаунттың бұғатталатыны және фото суреттер, бейнелер мен құжаттардың жойылуы мүмкін екені көрсетіледі.

Бұл хабарламалар бұлттық платформаларды қоса алғанда танымал сервистердің, ресми ескертулерін толықтай қайталайды, бұл олардың шынайы екеніне сенім тудырып, пайдаланушыны әрекет жасауға итермелейді.

Шұғылдық әсерін күшейту үшін пайдаланушыларға сілтеме арқылы өтіп, сақтау көлемін ұлғайту, төлем деректерін жаңарту немесе қолжетімділікті қалпына келтіру ұсынылады.

Сілтемені басқан кезде ықтимал құрбандар түп нұсқа сервистерді көшіретін фишингтік сайтқа түседі, онда енгізілген логиндер, құпия сөздер және банк деректері кибер қылмыскерлердің қолына түседі.

Осындай жолмен түрлі бұлтты сақтау сервистері (Google Drive, Mail.ru бұлты, Яндекс Диск және т.б.) туралы хабарламалар жіберілуі мүмкін.

Қауіп-қатердің осы түрі тарала бастағанын ескере отырып, ескере отырып, мыналар ұсынылады:

- SMS, электрондық пошта және мессенджерлердегі «шұғыл» хабарламалардағы сілтемелерге өтпеу;

- бұлттық қойманың жағдайын тек ресми қосымшалар немесе сайттар арқылы тексеру;

- бөгде парақшаларда логиндер, құпия сөздер және банк деректерін енгізбеу;

- барлық бұлттық және пошталық аккаунттарда екі факторлы аутентификацияны қосу;

- әртүрлі сервистер үшін бірегей және күрделі пароль дерді пайдалану;

- бұзып кіру күдігі болған жағдайда дереу құпия сөзді ауыстырып, барлық белсенді сессияларды аяқтау қажет.

Сақ болыңыз: деректердің жойылуы немесе аккаунттың бұғатталуы туралы кез келген хабарламаны тек ресми сервистер арқылы тексеріңіз.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП 
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Облако обмана: хранилище, опустошающее кошельки»
 
Центр прогнозирования преступных угроз и рисков общественной безопасности Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры предупреждает о новой схеме интернет-мошенничества, направленной на пользователей облачных сервисов.

По данным зарубежных источников злоумышленники массово рассылают пользователям iPhone поддельные электронные письма, SMS-сообщения и уведомления о якобы переполненном облачном хранилище iCloud.

В оповещениях говорится о блокировке аккаунта и возможном удалении фотографий, видео и документов.

Сообщения полностью имитируют официальные уведомления популярных сервисов, включая облачные платформы, что создаёт иллюзию подлинности и подталкивает пользователя к действию.

Для усиления эффекта срочности пользователям предлагают перейти по ссылке и увеличить объём хранилища, обновить платёжные данные или восстановить доступ.

Нажав на ссылку, потенциальные жертвы попадают на фишинговый сайт, копирующий оригинальные сервисы, на котором введённые логины, пароли и банковские данные становятся доступны киберпреступникам.

Подобным образом могут рассылаться уведомления о различных сервисах облачного хранения (Google Drive, облако Mail.ru, Яндекс Диск и др.).

Учитывая, что данный вид угрозы начинает распространяться, рекомендуется:

- исключить переход по ссылкам из SMS, электронных писем и мессенджеров со «срочными» уведомлениями;

- проверять состояние облачного хранилища только через официальные приложения или сайты;

- не вводить логины, пароли и банковские данные на сторонних страницах;

- включить двухфакторную аутентификацию на всех облачных и почтовых аккаунтах;

- использовать уникальные и сложные пароли для разных сервисов;

- при подозрении на взлом немедленно сменить пароль и завершить все активные сессии.

Сохраняйте бдительность: любые сообщения об удалении данных или блокировки аккаунта проверять только через официальные сервисы.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Салық органының қызметкері бизнес құқықтарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды
 
Қостанай қаласының прокуратурасы салық заңнамасының сақталуын талдау барысында кәсіпкерлік субъектісінің құқықтарының бұзылуын анықтады.

Салық органының бұйрығы негізінде қала кәсіпкерлерінің біріне қатысты хронометраждық зерттеу жүргізілгені анықталды.

Тексеру барысында фискалдық органның лауазымды тұлғалары тексеру объектілерінің кіреберістерін күн сайын мөрлеп отырды.

Алайда, мұндай әрекеттер мемлекеттік кіріс органдарының хронометраждық зерттеу жүргізу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделмеген.

Салық органының бөлім басшысы орын алған жағдай туралы хабардар етілгеніне қарамастан, бизнес субъектісінің құқықтарының бұзылуына жол бермеу шаралары қабылданған жоқ.

Осыған байланысты, қала прокуратурасы лауазымды тұлғаның әрекетсіздігі үшін әкімшілік іс қозғады, ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабына сәйкес сараланды.

Материалдар сотқа жолданды.

Қарау қорытындысы бойынша сот қадағалау органының уәждерімен келісіп, лауазымды тұлғаны кінәлі деп танып, 100 АЕК көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындады.

Қостанай қаласының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және мемлекеттік органдардың заңсыз араласуының алдын алу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.
 
Қостанай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1202061?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Должностное лицо налогового органа привлечено к ответственности за нарушение прав бизнеса
 
Прокуратурой города Костанай в ходе анализа соблюдения налогового законодательства выявлены нарушения прав субъекта предпринимательства.

Установлено, что на основании предписания налогового органа в отношении одного из предпринимателей города было проведено хронометражное обследование.

В процессе проверки должностные лица фискального органа ежедневно осуществляли опечатывание входов в объекты проверки.

Вместе с тем, такие действия не предусмотрены действующим законодательством Республики Казахстан, регламентирующим порядок проведения органами государственных доходов хронометражных обследований.

Несмотря на то, что руководитель отдела налогового органа был уведомлен о происходящем, меры по предотвращению нарушения прав субъекта бизнеса не были приняты.

В этой связи, прокуратурой города за бездействие должностного лица возбуждено административное дело, которое квалифицировано по ст.173 Кодекса РК «Об административных правонарушениях».

Материалы направлены в суд.

По итогам рассмотрения суд согласился с доводами надзорного органа и признал должностное лицо виновным назначив административное взыскание в виде штрафа в размере 100 МРП.

Прокуратура города Костанай продолжит системную работу по защите прав предпринимателей и пресечению незаконного вмешательства со стороны государственных органов.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Костанайской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1202061?lang=ru
 
🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ШҚО прокуратурасы жұмыскерлерге жалақының төленуін қамтамасыз етті
 
Самар ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізу барысында «Самар» ШЖҚ КМК қызметінде азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылғанын анықтады.

Тексеру нәтижесінде кәсіпорынның 53 қызметкері ағымдағы жылдың екі айы бойы тиісті еңбекақыларын алмағаны белгілі болды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кәсіпорын жұмысшыларының заңды құқықтары қалпына келтірілді. Жалақы бойынша 14 млн теңгеден астам берешек толықтай өтелді.

Кәсіпорын ҚР ӘҚБтК-нің 87-бабы 1-бөлігі бойынша (Еңбекақы төлеу жөніндегі талаптарды бұзу) жауаптылыққа тартылып, оған 129 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Азаматтардың конституциялық құқықтары мен қоғам мүддесін қорғау прокуратура органдары жұмысының басым бағыты болып қала береді.
 
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1202181?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В ВКО прокуратура добилась выплаты заработной платы работникам
 
Анализом соблюдения трудового законодательства прокуратуры района Самар  выявлены нарушения в деятельности КГП на ПХВ «Самар» в части нарушения трудовых прав граждан.

Установлено, что 53 сотрудника предприятия на протяжении двух месяцев текущего года не получали заработанные средства.

По акту надзора законные права работников предприятия восстановлены, задолженность по зарплате на сумму свыше 14 млн тенге полностью погашена.

Предприятие привлечено к ответственности по ч.1 ст.87 КоАП к штрафу в размере 129 тыс. тенге (Нарушение требований по оплате труда).

Защита конституционных прав граждан и интересов общества остается приоритетным направлением в работе органов прокуратуры.

Ссылка на сайт прокуратуры Восточно-Казахстанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1202181?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жетісу облысында бюджет қаражатын жұмсау кезіндегі заң бұзушылықтардың жолы кесілді
 
Жетісу облысының прокуратурасы міндеттемелерді жоспарсыз орындау және мемлекеттік ресурстарды мақсатсыз пайдалану фактілерінің жолын кесе отырып, бюджет қаражатын қорғау және мемлекеттік сатып алу саласында заңдылықты қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.
 
Талдау барысында Қаратал ауданының прокуратурасы әлеуметтік жобаларды іске асыру кезінде өрескел бұзушылықтарды анықтады. Ауылдық округтердің біріндегі «Балалар ойын алаңы» нысаны іс жүзінде орындалған жұмыстардың бекітілген техникалық сипаттамаларға анық сәйкес келмеуіне қарамастан, пайдалануға қабылданғаны анықталды.
 
Сонымен қатар, тапсырыс беруші жұмыстарды орындаудың белгіленген мерзімдерін бұзған жосықсыз мердігермен шартты бұзу туралы заң талаптарын елеусіз қалдырған.
 
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша ауылдық округ әкімі мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оған қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту берілді. Сондай-ақ 60 АЕК (129 750 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
 
Қазіргі уақытта мердігер ұйым нысандағы анықталған ақауларды жоюға кірісті.
 
Жетісу облысының прокуратурасы мемлекеттік сектордың ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау бағытындағы жұмысты жалғастыруда.
 
Жетісу облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
 
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1202271?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП 
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM