Қазақстан Бас прокуратурасы
17.3K subscribers
2.52K photos
2.26K videos
40 files
9.21K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Форумда баяндама жасаушылар ретінде Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Бауыржан Ералы, Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров сөз сөйледі. Сондай-ақ, «Orbis Heavy Machinery» ЖШС-ның директоры Темір Жұрын, «Комек Машинери Қазақстан» ЖШС-ның директоры Рюдзо Гото, «Aksa Energy Kazakhstan» ЖШС-ның бас директор орынбасары Мұрад Юстел өз жобалары туралы баяндады.

Бауыржан Ералы: Мемлекет басшысының Жарлығымен Бас прокуратура Инвестициялық омбудсмен құзыретіне ие болып, Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды.

Елде алғаш рет инвесторлардың құқықтарын қорғаудың біртұтас вертикалы құрылған – өтініштен бастап нәтиже алу кезеңіне дейін.

Сіздер білесіздер, прокуратура органдары әрдайым адал бизнес үшін сенімді тірек болды, себебі біздің институттың басты ерекшелігі – қадағалау құзыреті бар.

Халықаралық тәжірибеде инвестициялық омбудсмендер көбіне тек ұсынымдармен шектеледі.

Ал прокурорлар мемлекеттік органдардың әрекеттеріне құқықтық баға бере алады және орындауға міндетті предписаниялар енгізу құқығына ие.

Осы функциялардан бөлек біз бірқатар бірегей тәсілдерді енгіздік.

Біріншісі – инвесторға сүйемелдеу.

Әр жобаның өзіне тағайындалған жеке прокуроры болады. Ол жобаны алғашқы күннен бастап басқарады.

Инвестор бізбен бірге барлық келісімдерді өтіп, лицензияларды алады, жоба іске асырылғанға дейін.

Сонымен қатар, жобаны іске асырудан кейін қолдау көрсетеміз.

Яғни, Комитет жобаны іске қосқаннан кейін де оны бақылауды жалғастырады, жобаның тұрақты жұмыс істеп тұрғанын тексеру үшін.

Барлық жұмыс цифрлық платформа арқылы жүргізіледі.

Сүйемелдеу нақты уақыт режимінде цифрлық инвестициялық платформа арқылы жүргізіледі.

Біз оны «Цифрлық қадағалау» прокурорлық жүйесімен интеграцияладық.

Бұл бізге жобаның барлық кезеңдерін «бір терезеде» көруге мүмкіндік береді: жобаның жағдайы, туындайтын мәселелер, мерзімдер мен кешігулер.

«Мобильді прокурор» қосымшасында арнайы бөлім енгізілуде.

Инвестор әлемнің кез келген нүктесінен өз жеке прокурорына жазып немесе видеоқоңырау шала алады.

Осының бәрі Комитетке биылғы жылы шамамен 600 инвестордың құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді, олардың жобаларын жүзеге асыруға кедергі келтірген әкімшілік тосқауылдарды жойды.

Сонымен қатар, алдын алу механизмдері жұмыс істейді.

Бұл келесі бағыт – прокурорлық сүзгі.

Оның мәні қарапайым: мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері прокурормен келісусіз инвесторға талап қойып, тексеру жүргізіп, шағым түсіріп немесе әкімшілік іс қозғай алмайды.

Сүзгі алдын алу шарасы ретінде жұмыс істейді, инвесторға хабарланбай, оны мазаламайды.

Жалпы, прокурорлық сүзгі 1000 мемлекеттік орган шешімін болдырмайды.

Нәтижесінде инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы құқықтық даулар мен қақтығыстар саны азаяды.

Сонымен қатар, біз дауларды сотқа дейін реттеу комиссиясын іске қосуға дайындалудамыз.

Комитет инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды шешу орталығына айналады.

Негізінде біз олардың медиаторы боламыз.

Әлібек Қуантыров: Қазақстан тікелей шетелдік инвестициялар ағынының тұрақты өсуін қамтамасыз етіп, өңірдегі көшбасшылықты сақтап отыр. Ұлттық Банктің деректеріне сәйкес, тәуелсіздік алғаннан бері ел экономикасына 480 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция тартылған.

2025 жылы тікелей шетелдік инвестицияның ағымы 20,5 млрд долларды құрады, өсім 14,4%-ті көрсетті. Бұл өсім тек инвестициялық базаның кеңеюін емес, ірі жобалардың шикізат секторында аяқталуы жағдайында инвестициялық ағындардың құрылымдық трансформациясын көрсетеді.

Инвестиция тартудың үш деңгейлі жүйесі аясында сыртқы деңгейде – біздің сыртқы істер мекемелеріміз, орталық деңгейде – министрліктер мен даму институттары, аймақтық деңгейде – әкімдіктер жұмыс істейді. Бұл жүйеде «инвестицияға тапсырыс» құралы жүзеге асырылады, ол ұлттық экономика мен аймақтардың қажеттіліктерін, салалық бәсекелестік артықшылықтарын ескереді.
Бүгінгі таңда бірнеше ірі халықаралық компанияларды 2,5 млрд АҚШ долларынан астам инвестициямен тарту мүмкін болды.

Өткен жылы шетелдік компаниялармен шамамен 1200 кездесу өткізілді және олардың Қазақстанға шамамен 200 визиті қамтамасыз етілді.

Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетін құру және бірлескен жұмыс Платформаға тағы 1800 жобаны енгізуге қосымша серпін берді, олар мемлекеттік қолдау шаралары аясында жүзеге асырылуда.

Жүйені дамыту және жетілдіру жұмысы жалғасуда. Биыл Платформада инвестициялық келісімдерге қатысты барлық процесс толық цифрландырылады.

Осылайша, келісімге өтініш беру E-license жүйесінен ауыстырылады, сондай-ақ келісімдерді ұзарту және тоқтату мүмкіндігі енгізіледі. Бұл мерзімдерді қысқартуға және әкімшілік кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, әкімшілік жүктемені азайту құралдары енгізілуде, атап айтқанда, «жасыл дәліз» механизмі, ол инвесторларға мемлекеттік қызметтерді басымдықпен көрсетіп, олардың көрсетілу мерзімін 30%-ке қысқартуды көздейді.

Темір Жұрын, Рюдзо Гото және Мұрад Юстел өз жобалары туралы айтып, инвестициялық қызметімен байланысты маңызды мәселелерді шешуге көмектескені үшін Бас прокуратураға алғыс білдірді.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
С докладами на форуме выступили Председатель Комитета по защите прав инвесторов Бауыржан Ералы, заместитель Министра иностранных дел Алибек Куантыров. Были выслушаны выступления директора ТОО «Orbis Heavy Machinery» Темира Жұрын, директора ТОО «Комек машинери Казахстан» Рюдзо Гото, заместителя генерального директора ТОО «Aksa Energy Kazakhstan» Мурада Юстел.

Бауыржан Ералы: Впервые в стране выстроена единая вертикаль защиты прав инвесторов – от обращения до результата.

Вы знаете, что органы прокуратуры всегда были надежной опорой для честного бизнеса, потому что главной особенностью нашего института является наличие надзорных полномочий.

В международной практике инвестиционные омбудсмены чаще всего ограничиваются рекомендациями.

Прокуроры же вправе давать правовую оценку действиям госорганов и наделены полномочием вносить обязательные для исполнения предписания.

Помимо этих функций нами внедрен ряд уникальных подходов.

Первый – сопровождение инвестора.

За каждым проектом закрепляется персональный прокурор. Он ведёт его с первых дней инициации.

Инвестор вместе с нами проходит все согласования и получает лицензии, до реализации проекта.

Также оказываем пост-реализационную поддержку.

То есть Комитет продолжает сопровождать и после запуска, чтобы убедиться, что проект стабильно работает и «встал на рельсы».

Вся эта работа оцифрована.

Сопровождение ведётся через цифровую инвестиционную платформу в режиме реального времени.

Мы интегрировали её с прокурорской системой «Цифровой надзор».

Это позволило нам видеть в «едином окне» все стадии реализации: состояние проекта, возникающие проблемы, сроки и задержки.

В приложении «Мобильный прокурор» внедряем специальный раздел.

Инвестор сможет в любое время из любой точки мира написать или позвонить по видео своему персональному прокурору.

Всё это позволило Комитету уже в этом году защитить права порядка 600 инвесторов, устраняя административные барьеры, которые мешали реализации их проектов.

Также работают превентивные механизмы.

Это следующее направление – прокурорский фильтр.

Его суть проста: государственные органы и субъекты квазигосударственного сектора не вправе предъявить инвестору претензии, выйти на проверку, подать иск или возбудить административное производство без согласования с прокурором.

Фильтр действует превентивно, без уведомления инвестора, которого даже не побеспокоят.

В общей сложности прокурорский фильтр предотвратил 1000 решений госорганов.

В результате снижается количество правовых споров и конфликтов между инвесторами и госорганами.

Одновременно готовим к запуску Комиссию по досудебному урегулированию споров.

Комитет станет центром по разрешению споров между инвесторами и госорганами.

По сути, мы выступим для них медиатором.

Алибек Куантыров: Казахстан обеспечивает устойчивый рост притока прямых иностранных инвестиций и сохраняет лидерство в регионе. По данным Национального Банка, с момента обретения независимости страна привлекла в экономику свыше $480 млрд.

В 2025 году приток прямых иностранных инвестиций составил $20,5 млрд с приростом 14,4%. Важно отметить, что данный рост отражает не просто расширение инвестиционной базы, а структурную трансформацию инвестиционных потоков на фоне завершения ряда крупных проектов в сырьевом секторе.

В рамках трехуровневой системы по привлечению инвестиций, где на внешнем контуре выступают наши загранучреждения, на центральном — министерства и институты развития, а на региональном уровне — акиматы, реализуется инструмент «заказ на инвестиции», который учитывает потребности национальной экономики и регионов, отраслевые конкурентные преимущества.

Сегодня удалось привлечь ряд крупных международных компаний на сумму инвестиций более 2,5 млрд долл. США.

Отмечу, что в прошлом году было проведено около 1200 встреч с иностранными компаниями за рубежом и обеспечено порядка 200 визитов этих компаний в Казахстан.
Создание Комитета по защите прав инвесторов и совместная работа придали дополнительный импульс наполнению Платформы еще 1800 проектами, реализуемыми в рамках различных мер государственной поддержки.

Продолжается активная работа по развитию и совершенствованию системы. В текущем году на Платформе будет полностью оцифрован процесс, связанный с инвестиционными контрактами.

Так, подача заявлений на заключение будет перенесена из системы E-license, а также будет реализована возможность продления и расторжения контрактов. Это позволит сократить сроки и снизить административные барьеры.

Дополнительно внедряются инструменты снижения административной нагрузки, в частности механизм «зеленого коридора», предусматривающий приоритетное оказание государственных услуг инвесторам и сокращение сроков их предоставления до 30%.

Представители бизнеса Темир Жұрын, Рюдзо Гото, Мурада Юстел рассказали о своих проектах и выразили благодарность Генеральной прокуратуре за содействие в решении своих важных вопросов, связанных с инвестиционной деятельностью.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM