Қазақстан Бас прокуратурасы
17.2K subscribers
2.41K photos
2.21K videos
40 files
8.99K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Прокуратурамен қабылданған шаралардың нәтижесінде жүз мың гектардан астам орман жері есепке алынды
 
Ақтөбе облысының Табиғат қорғау прокуратурасы «Қазақстан Ғарыш Сапары» спутниктік мониторинг жүйесінің көмегімен іс жүзінде орманмен жабылған, бірақ есепке алынбаған жерлерді анықтады.

Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде Шалқар ауданында 22 мың гектар және Байғанин ауданында 95 мың гектар жер Байғанин орман шаруашылығының қарамағына берілді.

Жерге орналастыру рәсімдері аяқталғаннан кейін аталған жерлер орман қоры жерлеріне ауыстырылады.

Нәтижесінде облыстың орман қорының аумағы 30 пайызға артып, 254 мың гектардан 371 мың гектарға дейін ұлғаяды, бұл ормандарды қорғау мен сақтауға қолайлы жағдай жасайды.
 
Ақтөбе облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1188940?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мерами прокуратуры на учет поставлены более ста тысяч гектаров леса
 
Природоохранная прокуратура Актюбинской области с помощью системы спутникового мониторинга «Қазақстан Ғарыш Сапары» выявила неучтённые земли, фактически занятые лесами.

По мерам прокурорского реагирования 22 тыс га земли в Шалкарском районе и 95 тыс га земли в Байганинском районепереданы в ведение Байганинского лесногохозяйства.

После завершения землеустроительных процедур земли будут переведены в лесной фонд.

В результате площадь лесного фонда области увеличится на 30% - с 254 до 371 тыс гектаров, что создаёт условия для их защиты и сохранения лесов.
 
Ссылка на сайт прокуратуры
Актюбинской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1188940?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары құрылыс саласындағы заңнама талаптарының бұзылуын анықтады
 
Прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі – құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
 
Жүргізілген талдау нәтижесінде «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының өрескел бұзушылықтары анықталды. Атап айтқанда, құрылыс жұмыстары белгіленген тәртіпті сақтамай жүргізілген.
 
Мәселен, Петропавл қаласында бір құрылыс салушы уәкілетті мемлекеттік органға құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама бермей, көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын жүзеге асырған.
 
Басқа жағдайда, бес құрылыс салушы заңнама талаптарын бұза отырып, облыс орталығы аумағында нысандарды іс жүзінде толық аяқталмағанына қарамастан пайдалануға қабылдаған.
 
Сонымен қатар, екі кәсіпкерлік субъектісі «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына қайшы, тиісті рұқсат құжаттарын алмай, Петропавл қаласында тұрғын үй кешендерінің құрылысына үлескерлердің қаражатын тартқан.
 
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша аталған субъектілер жіберілген бұзушылықтар үшін айыппұл түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылды, анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдануда.
 
Қадағалау органы осы салада заңдылықты қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмысты жалғастыруда.
 
Сонымен қатар, прокуратура құрылыс саласындағы заңнама талаптарын сақтау құрылыс қызметіне қатысушылардың барлығы үшін міндетті екенін еске салады.
 
Азаматтарға үлестік құрылысқа қаражат салмас бұрын құрылыс салушының жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттарының, сондай-ақ құрылыс жүргізуге арналған рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеру ұсынылады.

Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1188557?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуроры Северо-Казахстанской области выявили нарушения законодательства в сфере строительства
 
Одним из приоритетных направлений деятельности органов прокуратуры является обеспечение соблюдения законодательства в сфере строительства, архитектуры и градостроительства.
 
В рамках проведенного анализа выявлены грубые нарушения требований Закона Республики Казахстан «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности», выразившиеся в осуществлении строительства с нарушением установленного порядка.
 
Так, одним из застройщиков в г. Петропавловске строительство многоквартирных жилых домов велось без подачи уведомления о начале производства строительно-монтажных работ в уполномоченный государственный орган.
 
В другом случае, пять застройщиков в нарушение установленных требований законодательства осуществляли приемку объектов на территории областного центра без их фактического завершения.
 
Кроме того, два субъекта предпринимательства, вопреки требованиям Закона Республики Казахстан «О долевом участии в жилищном строительстве», привлекали денежные средства дольщиков на строительство жилых комплексов в г. Петропавловске без получения соответствующего разрешения.
 
По акту прокурорского надзора указанные субъекты за допущенные нарушения привлечены к административной ответственности в виде штрафа, принимаются меры по устранению допущенных нарушений.
 
Надзорный орган продолжает работу, направленную на обеспечение законности и предупреждение нарушений в данной сфере.
 
В то же время прокуратура напоминает, что соблюдение требований законодательства в сфере строительства является обязательным для всех участников строительной деятельности.
 
Гражданам рекомендуется перед вложением средств в долевое строительство проверять наличие у застройщика правоустанавливающих документов на земельный участок, а также разрешительных документов на строительство.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Северо – Казахстанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1188557?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сотталғандарға бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды
 
Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуратурасы пробациялық бақылауда тұрған азаматтарға арналған Еңбек мобильділігі орталығының негізінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырыды.

Іс-шара сотталған азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, оларды қоғамға бейімдеу және қайта құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткізілді.

Жәрмеңке аясында қаланың ірі кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері шақырылып, олар өздерінің бос жұмыс орындарын және еңбекке орналастыру шарттарын ұсынды. Іс-шара қатысушылары жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңес алып, үміткерлерге қойылатын талаптармен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен қатар, бос жұмыс орындары жәрмеңкенің барысында тағы 16 азаматқа одан әрі жұмысқа орналасу үшін жолдама берілді.

Сотталған азаматтарды әлеуметтік бейімдеу және қайталама қылмыстың алдын алу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғастырылады.
 
Астана қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1188622?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Организована ярмарка вакансий для осужденных
 
Прокуратурой района Сарыарка города Астаны организована ярмарка вакансий на базе Центра трудовой мобильности для лиц, состоящих на пробационном контроле.

Мероприятие направлено на содействие трудоустройству осужденных лиц, их социальной адаптации и предупреждение повторных правонарушений.

В рамках ярмарки были приглашены представители крупных предприятий и организаций города, которые представили актуальные вакансии и условия трудоустройства.

Участникам мероприятия была предоставлена возможность напрямую пообщаться с работодателями, получить консультации по вопросам трудоустройства, а также ознакомиться с требованиями к кандидатам.

В ходе проведенной ярмарки вакансий 16 человек получили направления для дальнейшего трудоустройства.

Работа по реализации профилактических мер, направленных на социальную адаптацию осужденных лиц и снижение уровня рецидивной преступности будет продолжена.
 
Ссылка на сайт прокуратуры города Астаны:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1188622?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Алкогольдің бағасы – адам өмірі
 
Ақтөбе облысында «Ақтөбе – Алматы» жолаушылар пойызында болған кісі өлтіру дерегі бойынша сот үкімі шықты.
 
Қайғылы оқиға өткен жылдың қазан айында қызметтік іссапар кезінде болған. Мейрамхана-вагонында үш әріптес алкогольдік ішімдік ішіп, артынан екі ер адамның арасында жанжал туындаған.
 
Вагон тамбурында жолаушылардың бірі өз әріптесіне бірнеше рет пышақ жарақатын салып, соның салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.
 
Сот сотталушыны ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 
Аталған оқиға алкогольдің қайғылы әрі орны толмас салдарға әкеп соқтыратынын тағы да дәлелдеп отыр.

Бас көлік прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/gtp/press/news/details/1188226?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Цена алкоголя – человеческая жизнь
 
В Актюбинской области вынесен приговор по делу об убийстве, совершённом в пассажирском поезде «Актобе – Алматы».
 
Трагедия произошла в октябре прошлого года во время служебной поездки. В вагоне-ресторане трое коллег употребляли алкоголь, после чего между двумя мужчинами возник конфликт.
 
В тамбуре вагона один из пассажиров нанёс своему коллеге несколько ножевых ударов, от которых тот скончался на месте.
 
Суд признал подсудимого виновным по ч.1 ст.99 УК РК и назначил наказание в виде 9 лет лишения свободы. Приговор в законную силу не вступил.
 
Произошедшее вновь показывает, что алкоголь может привести к трагическим и необратимым последствиям.
 
Ссылка на сайт Главной транспортной прокуратуры:

https://www.gov.kz/memleket/entities/gtp/press/news/details/1188226?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокурорлар ветеринария саласында бюджет қаражатын жымқыру схемасын анықтады
 
Түркістан облысының прокуратурасы «Ветеринариялық қызмет» ШЖҚ МКК қызметінде 928 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқыру схемасын анықтады.
 
Анықталғаны, 2022–2025 жылдар аралығында Ветқызметтің басшылары мен жауапты қызметкерлері сатып алулар (тауарлар, қызметтер және т.б.) барысында төлем тапсырмаларына көрінеу жалған мәліметтер енгізу арқылы 928 млн теңгені негізсіз және заңсыз аударған.
 
Атап айтқанда, кәсіпкерлік субъектілеріне ақша аудару кезінде өздерінің ЭЦҚ-ларын пайдаланып, заңсыз әрекеттерін жасыру мақсатында төлем тапсырмаларында бірдей бизнес субъектілерінің ЖСН-дарын енгізіп, тек атауларын өзгертіп отырған.
 
Нақтысында кәсіпкерлік субъектілері тарапынан Ветқызметке қызметтер көрсетілмеген және тауарлар жеткізілмеген.
 
Лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері нәтижесінде мемлекетке ірі көлемде залал келтірілген.
 
Аталған факт бойынша облыс прокуратурасы материалдарды Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігімен СДТБТ-не тіркеп, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді арнайы прокурорлар (облыс прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы) жүргізуде.
 
А.ж. 26 наурызында 4 лауазымды тұлға (Ветқызметтің екі бұрынғы басшысы, орынбасары және бас бухгалтері) күдікті деп танылып, қамауға алынды.
 
Қазіргі уақытта басқа да лауазымды тұлғалардың қатыстылығын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
 
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Түркістан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:


https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-turkestan/press/news/details/1188992?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокурорами выявлена схема хищения бюджетных средств в сфере ветеринарии
 
Прокуратурой Туркестанской области выявлена схема хищения денежных средств в размере 928 млн тенге в деятельности ГКП на ПХВ «Ветеринарная служба».
 
Установлено, что в период 2022-2025 гг. руководители и ответственные сотрудники Ветслужбы необоснованно и незаконно перевели 928 млн тенге путем внесения заведомо ложных сведений в платежные поручения при закупках (товаров, услуг и др.).
 
Так, при перечислении денежных средств субъектам предпринимательства использовали собственные ЭЦП, где с целью сокрытия незаконных действий в платежных поручениях вводили ИИН одних и тех же субъектов бизнеса, меняя лишь их наименования.
 
Фактически субъектами предпринимательства услуги для Ветслужбы не оказывались и товары не поставлялись.
 
В результате неправомерных действий ряда должностных лиц государству причинен значительный ущерб.
 
По данному факту материалы зарегистрированы в ЕРДР по ч.4 ст.189 Уголовного кодекса, досудебное расследование осуществляют спецпрокуроры (Управление уголовного преследования прокуратуры области).
 
26 марта т.г. 4 должностных лица (два экс-руководителя Ветслужбы, заместитель и главный бухгалтер) признаны подозреваемыми и взятыпод стражу.
 
В настоящее время проводятся необходимые следственные действия, направленные на установление причастности других должностных лиц.
 
Согласно требованиям статьи 201 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан иная информация разглашению не подлежит.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Туркестанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-turkestan/press/news/details/1188992?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылданды
 
Түскен өтінішті қарау барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар бір топ оқушының арнайы жағдайлар жасалмастан және бейінді мамандардың — дефектологтардың, логопедтердің және педагог-психологтардың қатысуынсыз жалпы білім беретін сыныптарда оқығаны анықталды.

Мұндай бұзушылықтар балаларды олардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып білім алу мүмкіндігінен айырды.

Байқоңыр ауданы прокуратурасының прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде Астана қаласындағы мектепте заңнама талаптарына сәйкес жабдықталған және білікті мамандармен қамтамасыз етілген арнайы (түзету) сыныбы ашылды.

Қабылданған шаралар оқушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге, сондай-ақ олардың толыққанды білім алуына, дамуына және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауға мүмкіндік берді.

Кәмелетке толмағандардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы аудан прокуратурасыныңжұмысы жүйелі түрде жалғасуда.

Астана қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1188999?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Приняты меры по защите прав детей с особыми образовательными потребностями
 
В рамках поступившего обращения установлено, что группа учащихся с особыми образовательными потребностями обучалась в общеобразовательных классах без создания специальных условий и участия профильных специалистов — дефектологов, логопедов и педагогов-психологов.

Такие нарушения лишали детей возможности получать образование с учётом их индивидуальных особенностей и потребностей.

По акту прокурорского надзора прокуратуры района Байконыр в школе города Астаны открыт специальный (коррекционный) класс, оборудованный и обеспеченный квалифицированными специалистами в соответствии с требованиями законодательства.

Принятые меры позволили восстановить нарушенные права учащихся и создать условия для их полноценного обучения, развития и социальной адаптации.

Работа прокуратуры района по защите прав несовершеннолетних, в том числе детей с особыми образовательными потребностями, продолжается на системной основе. 
 
Ссылка на сайт прокуратуры города Астаны:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1188999?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ: РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША 121 АЗАМАТҚА 8,9 МЛН ТЕҢГЕ ЗАЛАЛ КЕЛТІРІЛДІ
 
Қызылорда қаласының «С» есімді 31 жастағы тұрғыны интернет желісін пайдалану арқылы жасалған алаяқтығы үшін 2025 жылы 19 қарашадағы сот үкімімен 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.

«С» есімді азамат 2024 жылы алдын ала сөз байласқан адамдар тобы арқылы «Instagram» әлеуметтік желісінде «Dake_87057380827» деп аталатынжалған парақша ашып, бөтен адамдардың жеке деректерін пайдаланып, азаматтарды «Салған ақшаларын еселеп қайтарамын» деп алдап, «1XBETKZ» букмекерлік кеңсесі мен «Wooppay Wallet» төлем жүйесі арқылы жәбірленушілердің қаражатын иемденген.

Нәтижесінде республика бойынша 121 адам алданып, жалпы келтірілген мүліктік залал 9 млн жуық теңгені құраған.

Басты сот талқылауында сотталған кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге келтірілген мүліктік залалды толығымен өтеуіне байланысты оған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындалған.

Бүгінгі күні сотталған «С» тұрғылықты жері бойынша пробациялық бақылауда жазасын өтеуде.

Үкім заңды күшіне енген.  
 
Қызылорда облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1189021?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ИНТЕРНЕТ-МОШЕННИЧЕСТВО: ПО РЕСПУБЛИКЕ 121 ГРАЖДАНИНУ ПРИЧИНЕН УЩЕРБ НА 8,9 МЛН ТЕНГЕ

31-летний житель Кызылорды «С» 19 ноября 2025 года был приговорён к 3 годам ограничения свободы за совершение мошенничества с использованием интернета.

В 2024 году гражданин «С» действуя в составе группы лиц по предварительному сговору, создал фальшивую страницу в социальной сети «Instagram» под именем «Dake_87057380827», используя личные данные других людей, вводил граждан в заблуждение, обещая «вернуть вложенные деньги с прибылью», и присваивал средства потерпевших через букмекерскую контору «1XBETKZ» и платёжную систему «Wooppay Wallet».

В результате по всей республике обмануто 121 человек, а общий причинённый материальный ущерб составил около 9 млн тенге.

На главном судебном разбирательстве подсудимый полностью признал вину и в связи с полным возмещением материального ущерба потерпевшим, ему было назначено наказание, не связанное с лишением свободы.

В настоящее время он отбывает наказание на пробационном контроле по месту жительства.

Приговор вступил в законную силу.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Кызылординской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1189021?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Өткен аптаның маңызды және өзекті жаңалықтарын естеріңізге саламыз.

📌 Бейсенбі

🔹 Жер заңдылығының бұзылуы: Ақмола облысының прокуратурасы мемлекетке 1 500 гектар жерді, кадастрлық құны 52 млн теңге, қайтарды. Жер учаскелерін беру мен пайдалану заңдылығын бақылауды қалай күшейтуге болады? Толығырақ мұнда қараңыз.

🔹 Су тұтынушылардың құқықтары: Жетісу облысында прокуратура 1,2 мыңнан астам азамат пен кәсіпкердің су пайдалану шарттарындағы бұзушылықтарды түзетті. Барлық мәліметтерді осында оқыңыз.

🔹 Инвесторларды қолдау: Жамбыл облысында прокуратураның араласуы нәтижесінде кәсіпкерге ауыл шаруашылығы жобасын кеңейту үшін 15 га жер бөлінді. Толығырақ сілтемеде қараңыз!

📌 Жұма

🔹 Еңбекақы қарызы: Павлодар облысында прокуратураның араласуы нәтижесінде дәрігерлік-физкультура диспансері қызметкерлеріне 16,8 млн теңгеден астам қарыз төленді. Еңбекақының кешігуін қалай болдырмауға болады? Толығырақ осында қараңыз.

🔹 Мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау: Алматыда прокуратура мүгедектігі бар адамдардан мемлекеттік баж салығын өндіріп алу бойынша сот шешімдеріне шағымдануда — 27 аппеляциялық шағым берілді. Барлық мәліметтерді сілтемеден қараңыз!

🔹 Миллиардтық есірткі желісі: Маңғыстау облысының прокуратурасы трансұлттық интернет-есірткі дүкені «ДЮНЬ ОПЕРАТОР» қылмыстық тобын анықтап, 2 млрд теңгеден астам қаражат пен аса ірі көлемде есірткі заттарын тәркіледі. Толығырақ осында оқыңыз.

📌 Сенбі

🔹 Бюджет қаражатын жымқыру: Түркістан облысында прокуратура ветеринария саласында 928 млн теңгені заңсыз аудару схемасын анықтады — 4 лауазымды тұлға қамауға алынды, тергеу жалғасуда. Толығырақ мұнда қараңыз.

🔹 Балалардың құқықтарын қорғау: Астанада прокуратура арнайы педагогтармен жабдықталған коррекциялық сынып ашып, балалардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес білім алуын қамтамасыз етті. Инклюзивті білім беруді барлық мектепте қалай қолжетімді етуге болады? Толығырақ осында оқыңыз.

🔹 Интернет алаяқтық: Қызылордада 31 жастағы азамат 121 адамды 8,9 млн теңгеге алдап, 3 жыл мерзімге қатаң бақылаудағы жазаға тартылды. Азаматтарды желідегі алаяқтардан қорғау үшін қандай шаралар қолдануға болады? Толығырақ сілтемеде қараңыз.

Осы және басқа да жаңалықтарды Бас прокуратураның телеграм арнасынан оқып бізді әлеуметтік желілерден қараңыз:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Напоминаем о главных и актуальных новостях прошедшей недели.
 
📌Четверг

🔹 Земельные нарушения: прокуратура Акмолинской области вернула государству 1 500 гектаров земли кадастровой стоимостью 52 млн тенге. Какие меры помогут усилить контроль за законностью предоставления и использования земельных участков? Смотрите тут.

🔹 Права потребителей воды: в области Жетісу прокуратура исправила нарушения в договорах питьевой воды для более 1,2 тыс. граждан и предпринимателей. Все подробности читайте здесь.

🔹 Поддержка инвесторов: в Жамбылской области после вмешательства прокуратуры предпринимателю выделили 15 га земли для расширения агропроекта. Подробности смотрите по ссылке!

📌Пятница
 
🔹 Задолженность по зарплате: в Павлодарской области после вмешательства прокуратуры погашен долг перед 57 сотрудниками врачебно-физкультурного диспансера на сумму более 16,8 млн тенге. Какие меры помогут предотвращать задержки заработной платы? Подробности здесь.
 
🔹 Защита прав лиц с инвалидностью: в Алматы прокуратура оспаривает судебные решения о взыскании госпошлины с людей с инвалидностью — уже подано 27 апелляций для восстановления их законных льгот. Все подробности смотрите по ссылке!

🔹 Миллиардные обороты наркосети: прокуратура Мангистауской области раскрыла транснациональную преступную группу интернет-наркомагазина «ДЮНЬ ОПЕРАТОР», изъяв более 2 млрд тенге и наркотики в особо крупном размере. Подробнее читайте здесь.
 
📌Суббота
 
🔹 Хищение бюджетных средств: в Туркестанской области прокуратура выявила схему незаконного перевода 928 млн тенге в сфере ветеринарии — 4 должностных лица арестованы, следствие продолжается. Смотрите здесь.

🔹 Защита прав детей: в Астане прокуратура добилась открытия специализированного класса с квалифицированными педагогами, чтобы дети получали образование с учётом индивидуальных особенностей. Какие меры помогут сделать инклюзивное обучение доступным для всех школ? Читайте тут!

🔹 Интернет-мошенничество: в Кызылорде 31-летний житель обманул 121 человека на 8,9 млн тенге и приговорён к 3 годам ограничения свободы. Какие меры помогут защитить граждан от мошенников в сети? Подробности смотрите по ссылке!

Эти и другие новости читайте в нашем телеграм канале Генеральной прокуратуры и смотрите нас в социальных сетях:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM