Қазақстан Бас прокуратурасы
16.7K subscribers
2.39K photos
2.15K videos
40 files
8.79K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Өскемен қаласы прокуратурасының араласуынан кейін баланы анасына беру туралы сот шешімінің орындалуы қамтамасыз етілді
 
Кәмелетке толмаған баланың анасымен бірге тұрғылықты жерін айқындау туралы сот шешімі прокуратураның араласуынан кейін ғана нақты орындалды.
 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 27 қарашадағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгертіліп, 2022 жылы туған кәмелетке толмаған баланың анасымен бірге тұратын тұрғылықты жері айқындалды. Апелляциялық саты істің мән-жайларын зерттей отырып, баланың жасын, ата-анасымен эмоционалдық байланысын, психолог маманның қорытындысын, анасының тұрмыс жағдайы мен жұмыспен қамтылуын ескеріп, қыз баланың анасымен бірге тұруына кедергілердің жоқ екені туралы қорытындыға келді.
 
Сот актісі жарияланған күннен бастап заңды күшіне енді және міндетті түрде орындалуға жатады.
 
Алайда сот шешімі ерікті түрде ұзақ уақыт бойы орындалмаған. Үш айға жуық уақыт ішінде бала іс жүзінде анасына берілмей, оның заңды құқықтары мен кәмелетке толмағанның мүдделері бұзылған.
 
Бұзылған құқықтарды қалпына келтіру мақсатында қала прокуратурасы ден қою шараларын қабылдап, сот актісінің нақты орындалуын қамтамасыз етті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде заңды күшіне енген сот қаулысына сәйкес бала анасына берілді.
 
Қала прокуратурасы сот шешімдерінің Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында міндетті түрде орындалуға тиіс екенін еске салады. Оларды орындамау заңда көзделген жауапкершілікке әкеліп соғады.
 
Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді. 
 
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1177589?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
После вмешательства прокуратуры города Усть-Каменогорска обеспечено исполнение решения суда о передаче ребёнка матери
 
Решение суда об определении места жительства малолетнего ребёнка с матерью было фактически исполнено только после вмешательства прокуратуры города.
 
Постановлением судебной коллегии по гражданским делам Восточно-Казахстанский областной суд от 27 ноября 2025 года изменено решение суда первой инстанции и определено место жительства малолетнего ребенка, 2022 года рождения, с матерью. Апелляционная инстанция, исследовав обстоятельства дела, учла возраст ребёнка, его эмоциональную привязанность к родителям, заключение специалиста-психолога, условия проживания и занятость матери, придя к выводу об отсутствии препятствий для проживания девочки с матерью.
 
Судебный акт вступил в законную силу со дня его оглашения и подлежал обязательному исполнению.
 
Однако, в добровольном порядке решение суда длительное время не исполнялось. На протяжении почти трёх месяцев ребёнок фактически не передавался матери, что нарушало её законные права и интересы несовершеннолетней.
 
В целях восстановления нарушенных прав прокуратурой города приняты меры реагирования и обеспечено реальное исполнение судебного акта. В результате проведённых мероприятий ребёнок изъят и передан матери в соответствии с вступившим в законную силу постановлением суда.

Прокуратура города напоминает, что судебные решения обязательны к исполнению на всей территории Республики Казахстан. Их неисполнение влечёт установленную законом ответственность.
 
Защита прав и законных интересов несовершеннолетних остаётся приоритетным направлением деятельности органов прокуратуры. 
 
Ссылка на сайт прокуратуры Восточно-Казахстанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1177589?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Романтикалық кездесу сылтауымен: алаяқтық схемасы әшкереленді
 
Бір топ қыздар алаяқтық жүйе ұйымдастырып, танысу сайттары арқылы жәбірленушілермен танысып, қарым-қатынасты жалғастыру үшін жалға алынған пәтерде кездесуді ұсынған.

Кейіннен олар Астана қаласында пәтерді жалға беру туралы хабарландырулар орналастырып және тартымды интерьердің фотосуреттерін тіркеп, алдағы уақытты бірге өткізу үшін пәтерді бір тәулікке жалға алуды ұсынған.

Олардың әрекеттерінің нәтижесінде 45-тен астам жәбірленуші жалпы сомасы шамамен 620 мың теңгені құрайтын қаражатты жалған пәтер үшін аударған.

Ақшалай қаражатты иемденген соң, кінәлі тұлғалар жәбірленушілермен хат алмасуды тоқтатып, олардың нөмірлерін бұғаттап отырған.

Сот үкімімен олардың кінәні мойындауы және материалдық залалды өтеуі ескеріліп, үш қызға 3 жылдан 3 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленіп, мәжбүрлі еңбекке тартылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Қала прокуратурасы азаматтарға интернет арқылы келісімдер жасау кезінде сақтық шараларын ұстануды және ақпаратты алдын ала тексермей ақшалай қаражат аудармауды ұсынады. 
 
Астана қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1177832?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Под видом романтической встречи: выявлена схема обмана

Группа девушек организовала мошенническую схему, согласно которойони через сайт знакомств знакомились с потерпевшими и предлагали им продолжить общение в арендуемой квартире.

После этого размещали объявления о сдаче в аренду квартир в Астане, прикладывая чужие фотографии привлекательного интерьера и предлагали «забронировать» жилье на сутки для дальнейшего времяпровождения в квартире.

В результате их действий более 45 потерпевших отправили оплату за несуществующую квартиру на общую сумму около 620 тыс. тенге.

Завладев денежными средствами, виновные прекращали переписки с потерпевшими и блокировали их номера.

Приговором суда с учетом признания вины и возмещения материального ущерба трем девушкам назначено наказание в виде ограничения свободыот 3 до 3 лет 6 месяцев с установлением пробационного контроля и привлечением к принудительному труду.

Приговор вступил в законную силу.

Прокуратура города рекомендует гражданам соблюдать меры предосторожности при совершении сделок через интернет и не переводить денежные средства без предварительной проверки информации.
 
Ссылка на сайт прокуратуры города Астаны:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1177832?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Әлеуметтік маңызы бар тауар өндірушілер жоғары тарифтер бойынша төлем жасаған
 
Талғар ауданы прокуратурасымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілерге түсетін тарифтік жүктемені төмендету бойынша шаралар қабылданды.
 
Прокуратурамен жүргізілген талдау нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін өндіретін 33 кәсіпкердің тарифтік жеңілдіктер түріндегі мемлекеттік қолдауды алмағаны анықталды.
 
Тарифтік дифференциация тұтыну шарттарына, оның ішінде тұтынушылар топтарына қарай әртүрлі тариф деңгейлерін белгілеуді көздейді.
 
Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің қорытындысына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер үшін электр энергиясына 1 кВт/сағ үшін 31,85 теңге мөлшерінде жеңілдетілген тариф көзделген.
 
Алайда Талғар ауданы аумағында 33 кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде «Амиран» және «FreshFruit Kazakhstan» сияқты ірі инвесторлар, электр энергиясы үшін жеңілдетілген тарифтің орнына орташа 37,75 теңге тарифімен төлем жасаған, бұл белгіленген әлеуметтік тарифтен едәуір жоғары екенін атап өткен жөн.
 
Жеңілдетілген тарифтің қолданылмауы азық-түлік өнімдерінің өзіндік құнының өсуіне әкеледі, халық үшін бағаның өсу қаупін туғызады және өндірушілердің қаржылық тұрақтылығын төмендетеді.
 
Прокуратурамен қабылданған шаралардың нәтижесінде небәрі 1 ай ішінде өндірушілердің электр энергиясына жұмсалатын шығындары 2,8 млн теңгеге қысқарды, ал жылдық үнем 33,6 млн теңгені құрайтын болады.
 
Бұл шаралар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді.
 
Алматы облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1177870?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Производители социально-значимых товаров оплачивали по повышеннымтарифам
 
Прокуратурой Талгарского района приняты меры по снижению тарифной нагрузки на производителей социально-значимых продовольственных товаров.

Анализом прокуратуры установлены факты неполучения господдержи в виде скидок на тариф 33 предпринимателями, производящимисоциально-значимые продовольственные товары.
 
Тарифная дифференциация предусматривает установление различных уровней тарифов в зависимости от условий потребления, в том числе по группам потребителей.
 
Согласно заключению Департамента Комитета по регулированию естественных монополий для производителей социально-значимых продовольственных товаров предусмотрен льготный тариф на электрическую энергию в размере 31,85 тенге за 1 кВт/ч.
 
На территории Талгарского района 33 субъекта предпринимательства, такие как «Амиран», «Fresh Fruit Kazakhstan» и другие, оплачивали за электрическую энергию по среднему тарифу 37,75 тенге вместо 31,85 тенге за 1 кВт/ч, что существенно превышает установленный социальный тариф.
 
Неприменение льготного тарифа приводит к увеличению себестоимости продовольственных товаров, создаёт риски роста цен для населения, снижает финансовую устойчивость производителей.
 
Принятыми мерами прокуратуры только за 1 месяц производители сумели сэкономить на электроэнергии 2,8 млн тенге, годовая экономия составит 33,6 млн тенге.
 
Такие меры позволят удерживать цены на значимые продовольственные товары.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Алматинской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1177870?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Құқықтық сауаттылыққа жаңа қадам: Меркі ауданында болашақ прокурорлар клубы ашылды
 
Меркі ауданы прокуратурасының үйлестіруімен 39 ЖББМГ-да «Болашақ прокурорлар» клубы құрылып, «Прокурор сыныбы» профилактикалық кабинеті ашылды.

Негізгі мақсат – кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және заң талаптарын түсіндіру.
«Прокурор сыныбы» – оқушылардың құқық негіздері бойынша білімін тереңдетуге, заң үстемдігі қағидаттарын қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған профилактикалық алаң.

Сынып аясында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен түсіндіру жұмыстары, кездесулер және тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

Аудан прокуратурасы алдағы уақытта да білім беру ұйымдарымен бірлесіп, құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жалғастыра бермек.

Жамбыл облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1178009?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Новый шаг к правовой грамотности: в Меркенском районе создан клуб будущих прокуроров

При координации прокуратуры Меркенского района в ОШГ №39 создан клуб «Будущие прокуроры» и открыт профилактический кабинет «Прокурорский класс».

Основная цель – профилактика правонарушений среди несовершеннолетних, повышение уровня правовой грамотности и разъяснение норм действующего законодательства.

«Прокурорский класс» представляет собой профилактическую площадку, направленную на углубление знаний учащихся в сфере основ права, формирование принципа верховенства закона и укрепление гражданской ответственности.

В рамках деятельности класса с участием сотрудников правоохранительных органов будут проводиться разъяснительные мероприятия, встречи и воспитательные мероприятия правовой направленности.

Прокуратура района продолжит совместную работу с организациями образования по вопросам профилактики правонарушений.

Ссылка на сайт прокуратуры Жамбылской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1178009?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Елордада дроппер сотталды
 
Елорда тұрғыны бұрын таныс адамға 43 705 теңге көлемінде ақшалай сыйақыға, өзінің 3 банктік шотын заңсыз түрде берген.

Кейіннен аталған шоттар алаяқтық нәтижесінде жәбірленушіден жымқырылған 195 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты шығару үшін пайдаланылған.

Дроппер – бұл ақшалай сыйақы немесе өзге де мүдделілік үшін үшінші тұлғаларға қаржылық операцияларды жүзеге асыру мақсатында өзінің банктік шоттарын не жеке деректерін ұсынатын тұлға.

Сотта дроппер қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін толық мойындады.

Сот үкімімен ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 232-1-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі дептанылып, 80 АЕК мөлшерінде айыппұлға сотталды.

Үкім заңды күшіне енді.

2025 жылдың қыркүйегінде банктік шотқа, төлем құралына немесе сәйкестендіру құралына қолжетімділікті заңсыз ұсыну, беру және алу, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын заңсыз жүзеге асыру үшін жаңа қылмыс құрамы енгізілген, аталған құқық бұзушылық үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.

Прокуратура азаматтарды сақ болуға, «жеңіл табыс» туралы күмәнді ұсыныстарға келіспеуге және өздерінің банктік шоттары мен жеке деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырады.
 
Астана қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1178310?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В столице осужден дроппер
 
Житель столицы незаконно предоставил ранее знакомому лицу 3 банковских счета за денежное вознаграждение в размере 43 705 тенге.

В последствии указанные счета использованы для вывода денежных средств потерпевшего на сумму 195 000 тенге, похищенных в результате мошенничества.

Дроппером является лицо, которое за денежное вознаграждение или по иной заинтересованности предоставляет свои банковские счета, либо персональные данные третьим лицам для совершения финансовых операций.

В суде дроппер вину в совершении уголовного правонарушения признал полностью.

Приговором суда виновный осужден по ст.232-1 ч.1 УК к штрафу в размере 80 МРП.

Приговор вступил в законную силу.

В сентябре 2025 года введен новый состав уголовного правонарушения за незаконное предоставление, передачу и приобретение доступа к банковскому счету, платежному инструменту или идентификационному средству, а также незаконное осуществление платежей и (или) переводов денег, где предусмотрена уголовная ответственность в виде лишения свободы на срок до 7 лет, с конфискацией имущества.

Прокуратура рекомендует гражданам проявлять бдительность, не соглашаться на сомнительные предложения «легкого заработка» и не передавать свои банковские счета и персональные данные посторонним лицам.
 
Ссылка на сайт прокуратуры города Астаны:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1178310?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жамбыл облысында интернет-алаяқтық жасаған ерлі-зайыптыларға үкім шығарылды
 
2026 жылғы 17 ақпанда Байзақ аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1), 4) тармақтары бойынша өңірдің екі тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотталушылар 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап алдын ала сөз байласу арқылы заңсыз пайда табу мақсатында «WhatsApp» мессенджерінде ыдыс-аяқ және өзге де тұрмыстық тауарларды төмендетілген бағамен сату туралы хабарландырулар жариялаған. Заңды қызметтің көрінісін жасап, сатып алушылардың сеніміне кіру үшін алғашқы клиенттерге тауарларды нақты жеткізген. Кейіннен басқа азаматтардан тапсырыс қабылдап, ақшалай қаражатты алғанымен, тауарларды жеткізу бойынша міндеттемелерін орындамаған, алынған қаражатты өз қалауларынша пайдаланған.

Қылмыстық әрекеттер салдарынан 112 адам зардап шегіп, оларға жалпы сомасы 51 288 146 теңге көлемінде материалдық залал келтірілген.

Сот талқылауы барысында сотталушылар кінәларын толық мойындап, жасаған істеріне өкінетіндерін білдірді.

Сот үкімімен күйеуі 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылса, жұбайы 2 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылды.

Жамбыл облысының прокуратурасы азаматтарды мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы тауар сатып алу кезінде қырағылық танытуға, бағасы едәуір төмен ұсыныстарға тиісті кепілдіктер мен құжаттарсыз сенбеуге, ал алаяқтық деректері туындаған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады.
 
Жамбыл облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1178453?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Жамбылской области вынесен приговор супругам за интернет мошенничество
 
17 февраля 2026 года Байзакским районным судом рассмотрено уголовное дело по п.п. 1), 4) ч.3 ст.190 Уголовного кодекса Республики Казахстан в отношении двух жителей региона.

Установлено, что последние, начиная с декабря 2024 года по предварительному сговору, с целью незаконного обогащения размещали в мессенджере «WhatsApp» объявления о продаже посуды и иных товаров для дома по заниженным ценам. Для создания видимости законной деятельности и повышения доверия покупателей первоначальным клиентам товары фактически доставлялись. В последующем, принимая заказы от других граждан, денежные средства получали, однако обязательства по поставке товаров не исполняли, распоряжаясь полученными средствами по своему усмотрению.

В результате преступных действий пострадали 112 человек, которым причинён материальный ущерб на общую сумму 51 288 146 тенге. В ходе судебного разбирательства подсудимые полностью признали вину и выразили раскаяние.

Приговором суда муж осуждён к 2 годам 8 месяцам лишения свободы, супруга — к 2 годам 4 месяцам лишения свободы.

Прокуратура Жамбылской области обращает внимание граждан на необходимость проявлять бдительность при приобретении товаров через мессенджеры и социальные сети, не доверять предложениям о продаже товаров по существенно заниженным ценам без соответствующих гарантий и документов, а при возникновении фактов мошенничества незамедлительно обращаться в правоохранительные органы.  
 
Ссылка на сайт прокуратуры Жамбылской области:

www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1178453?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қостанай ауданының 3 елді мекенінде тұрғындар орталық сумен жабдықтауға қол жеткізді
 
Тобыл қаласында және Қостанай ауданының Заречное және Лиманное ауылдарында прокуратура органдары мемлекетке қайтарған қаражат есебінен іске асырылған сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы аяқталды.

Жобаны іске асыру тұрғындарды сапалы ауыз суға тұрақты қолжетімділікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 157 км құрайды және шамамен 4 мың адамды, атап айтқанда Тобыл қаласының 2 050 тұрғынын, Заречный ауылының 1 800 тұрғынын және Лиманое ауылының 420 тұрғынын таза сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Құрылған инфрақұрылым сенімділік пен қауіпсіздіктің заманауи талаптарына сәйкес келеді, бұл коммуналдық қызмет көрсету деңгейін және халықтың өмір сүру сапасын едәуір арттырады.

2025 жылы Қостанай облысында қайтарылған активтерді қаржыландыру есебінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында барлығы 16 жоба іске асырылды. Ағымдағы жылы тағы 9 денсаулық сақтау және білім беру нысандарын салу және жаңғырту жоспарланған.

Қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылатын әлеуметтік жобаларды іске асыру барысы Қостанай облысы прокуратурасының бақылауында.
 
Қостанай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1178505?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В 3-х населенных пунктах Костанайского района жители получили доступ к центральному водоснабжению
 
В городе Тобыл и сёлах Заречное и Лиманное Костанайского района завершено строительство систем водоснабжения, реализованное за счёт средств, возвращённых государству органами прокуратуры.

Реализация проекта позволила обеспечить жителей стабильным доступом к качественной питьевой воде.

Общая протяженность водопроводных сетей составляет 157 км и позволяет обеспечить чистой водой порядка 4 тысяч человек, а именно 2 050 жителей города Тобыл, 1 800 – села Заречного и 420 – села Лиманное.

Созданная инфраструктура соответствует современным требованиям надёжности и безопасности, что значительно повышает уровень коммунального обслуживания и качество жизни населения.

Всего за 2025 год в Костанайской области за счёт финансирования возвращенных активов реализовано 16 проектов в сфере жилищно-коммунального хозяйства. В текущем году также запланировано строительство и модернизация ещё 9 объектов здравоохранения и образования.

Ход реализации социальных проектов, осуществляемых за счёт возвращённых активов, находится на контроле прокуратуры Костанайской области.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Костанайской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1178505?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Адвокат алаяқтық жасағаны және пара беруге арандатқаны үшін сотталды» 
 
Павлодарда сот алаяқтық жасағаны және лауазымды тұлғаларға пара беруге арандатқаны үшін кінәлі деп танылған адвокатқа қатысты үкім шығарды.

Павлодар облыстық адвокаттар алқасының адвокаты алдау арқылы сенімгерді адастырғанын және заңсыз пайда алуға бағытталған іс-әрекеттер жасағанын, оны қолайлы іс жүргізу шешімдерін қабылдағаны үшін лауазымды тұлғаларға ақшалай сыйақы беруге итермелегенін айыптаушы тарап дәлелдеді.

Қылмыстық іс-әрекеттердің нәтижесінде сенімгерден 6 100 000 теңге шамасында алаяқтық жолмен ақша қаражатын алып, өз қалауы бойынша жұмсаған.

Мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокурордың белсенді ұстанымының арқасында адвокаттың кінәсі дәлелденді.

2026 жылғы 27 ақпанында сот оған 3 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру, адвокаттық қызметпен және заң кеңесшісі қызметімен айналысу құқығынан 3 жылдық мерзімге айыру және подполковник арнайы атағынан айыру түріндегі жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 
Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-pavlodar/press/news/details/1178689?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Адвокат осужден за мошенничество и подстрекательство к даче взятки»
 
В Павлодаре суд вынес приговор в отношении адвоката, признанного виновным в мошенничестве и подстрекательстве к даче взятки должностным лицам.

Стороной обвинения доказано, что адвокат Павлодарской областной коллегии адвокатов путем обмана ввел в заблуждение доверителя и предпринимал действия, направленные на получение неправомерной выгоды, путем уговоров склонял его на передачу денежного вознаграждения должностным лицам за якобы принятие благоприятных процессуальных решений.

В результате преступных действий обманным путем получил от доверителя в размере 6 100 000 тенге, денежными средствами распорядился по своему усмотрению.

Вина адвоката была доказана благодаря активной позиции прокурора, поддерживающего государственное обвинение.

27 февраля 2026 года судом ему назначено наказание в виде 3 лет 3 месяцев лишения свободы с пожизненным лишением права занимать должности на государственной службе, с лишением права заниматься адвокатской деятельностью и деятельностью юридического консультанта сроком на три года и лишением специального звания подполковника.

Приговор не вступил в законную силу.  
 
Ссылка на сайт прокуратуры Павлодарской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-pavlodar/press/news/details/1178689?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Дропперлікке қатысты ашық сот процесі: студенттер қылмыстың салдарымен танысты»
 
Ақтау қаласы прокуратурасының бастамасымен қалалық сотта банктік деректемелерді үшінші тұлғаларға сыйақы үшін заңсыз беру дерегі бойынша қылмыстық іс аясында ашық сот отырысы өтті (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 232-1-бабы 1-бөлігі).

Сот отырысына Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің 4-курс студенттері қатысып, сот тәжірибесімен танысып, құқыққа қайшы әрекеттердің нақты салдарын өз көздерімен көрді.

Аталған іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық санасын арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Сот анықтағандай, азамат А.Б. материалдық пайда табу мақсатында өзінің «Home Credit Bank» АҚ-дағы банктік шотының деректемелерін үшінші тұлғаларға заңсыз берген.

Соның салдарынан жәбірленушіге 2 миллион теңге көлемінде залал келтірілген, ал сотталған тұлға бар болғаны 30 мың теңге алған.

Сот үкімімен оған 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Ақтау қаласының прокуратурасы 2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап банктік шоттар мен деректемелерді қылмыстық мақсатта үшінші тұлғаларға беру үшін қылмыстық жауаптылықтың көзделгенін ескертеді.

Банктік карталар мен жеке мәліметтерді үшінші тұлғаларға беру заңдық салдарға алып келеді.

Ойланбай жасалған бір әрекет ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
 
Маңғыстау облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/1178702?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Открытый процесс по дропперству: студенты знакомятся с последствиями преступления»

По инициативе прокуратуры города Актау в городском суде проведено открытое судебное заседание по уголовному делу о незаконной передаче третьим лицам банковских реквизитов за вознаграждение (статья 232-1, часть 1 Уголовного кодекса Республики Казахстан).

В судебном заседании приняли участие студенты 4 курса Каспийского университета технологий и инжиниринга имени Ш. Есенова, которые получили возможность ознакомиться с судебной практикой и увидеть реальные последствия противоправных действий.

Мероприятие организовано в целях правового просвещения и профилактики преступлений среди молодёжи.

Судом установлено, что гражданин А.Б. за материальное вознаграждение незаконно передал третьим лицам реквизиты своего банковского счёта в АО «Home Credit Bank».

В результате потерпевшему причинён ущерб в размере 2 млн тенге, тогда как сам осуждённый получил лишь 30 тыс. тенге.

Приговором суда ему назначен штраф в размере 40 месячных расчётных показателей.

Прокуратура города Актау обращает внимание, что с 16 сентября 2025 года за передачу банковских реквизитов и счетов третьим лицам в преступных целях предусмотрена уголовная ответственность.

Передача банковских карт и персональных данных третьим лицам влечёт правовые последствия.

Одно необдуманное решение может повлечь серьёзные последствия.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Мангистауской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/1178702?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ШҚО прокуратурасы асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақыны екі жетім бауырға төлеуді қамтамасыз етті

Алтай ауданының прокуратурасы жергілікті тұрғынның қамқорлығындағы немересінің әлеуметтік құқықтарының бұзылуы туралы өтініші бойынша тексеру жүргізді.
 
Тексеру барысында өтініш беруші 2023 жылдың тамыз айынан бастап кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі болып табылатыны анықталды. Алайда заң талаптарына қарамастан, 2023 жылдың тамыз айынан 2026 жылдың қаңтар айына дейін балаға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындалмаған және төленбеген.
 
Тексеру нәтижелері бойынша аудан прокуроры уәкілетті органның атына прокурорлық ден қою актісін енгізді.
 
Қадағалау органының араласуынан кейін мектепте оқитын кәмелетке толмаған балаға өткен кезең үшін 575 мың теңге мөлшерінде берешек төленді және ай сайынғы төлем мөлшері 46 783 теңгені құрады. Сондай-ақ колледжде күндізгі бөлімде оқитын оның кәмелетке толған ағасының құқықтары да қалпына келтірілді.
 
Бүгінгі күні қамқорлықтағы тұлғалардың әлеуметтік құқықтары толық көлемде қалпына келтіріліп, төлемдер жүйелі бақылауға алынды.

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1179239?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В ВКО прокуратура добилась выплаты пособий по потере кормильца двум братьям-сиротам
 
Прокуратура района Алтай провела проверку по обращению местной жительницы о нарушении социальных прав её внука, находящегося под опекой.
 
В ходе проверки установлено, что заявительница является законным представителем несовершеннолетнего ребенка с августа 2023 года. Однако вопреки требованиям закона в период с августа 2023 года по январь 2026 года пособие по случаю потери кормильца ребенку не назначалось и не выплачивалось.
 
По результатам проверочных мероприятий прокурором района внесен акт прокурорского реагирования в адрес уполномоченного органа.
 
В результате вмешательства надзорного ведомства несовершеннолетнему ребенку, обучающемуся в школе, выплачена задолженность по пособию за пропущенный период в сумме 575 тыстенге и назначена ежемесячная выплатав размере 46 783 тенге. Также восстановлены права его совершеннолетнего брата, который обучается очно в колледже.
 
На сегодняшний день социальные права опекаемых лиц восстановлены в полном объеме, выплаты поставлены на системный контроль.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Восточно-Казахстанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1179239?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Абай облысының прокуратурасы тарифтердің төмендетілуіне және Семей қаласы тұрғындарына қаражаттың қайтарылуына қол жеткізді

Абай облысының прокуратурасы инвестициялық бағдарламаларды іске асыру барысында заң бұзушылықтарды анықтады.
       
«Семей Водоканал» МКК 2025 жылға арналған инвестициялық бағдарламаның бірқатар іс-шараларын орындамай, жоғары тарифтер бойынша табыс алған.
       
Нәтижесінде тұтынушылар салқын сумен жабдықтау қызметтері үшін 375,1 млн теңге, ал кәріз қызметтері үшін 103,7 млн теңге көлемінде артық төлем жасаған.
       
Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде заңсыз шешімдердің күші жойылып, кәсіпорын 13,8 млн теңге мөлшерінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
       
Семей қаласы мен Жаңасемей ауданының тұрғындары үшін артық төленген қаражатты қайтару 2026 жылы уақытша өтемдік тариф енгізу арқылы қамтамасыз етіледі. Салқын сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің құны 12%-ға дейін төмендетілді.
       
110 мыңнан астам тұтынушының құқықтары қорғалды, оның ішінде 106 мың жеке тұлға, 3,3 мың заңды тұлға және 14 инвестор бар.
       
Азаматтардың құқықтарының сақталуы мәселелері Абай облысы прокуратурасының тұрақты бақылауында.
 
#Әділеттілік      
#КүшЗаңда

Абай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1179317?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM