Қазақстан Бас прокуратурасы
16.8K subscribers
2.36K photos
2.12K videos
40 files
8.71K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қостанайда Ғалихан Ержанов атындағы болашақ прокурорлар клубы ашылды
 
Қостанай қаласында Ғалихан Ержанов атындағы болашақ прокурорлар клубының салтанатты ашылуы өтті.

Клубтың негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, күрделі өмірлік жағдайларда салмақты шешім қабылдау дағдыларын дамыту, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ оқушылардың ерте кәсіби бағдарлануына ықпал ету.

Іс-шараға Ғалихан Нұрмұханбетұлы Ержановтың отбасы мүшелері, Қостанай қаласындағы №22 орта мектептің педагогтері мен оқушылары қатысты.

Клубқа Қостанай облысы Қамысты ауданының тумасы, бар ғұмырын мемлекетке қызмет етуге және заңдылықты нығайтуға арнаған Ғалихан Нұрмұханбетұлы Ержановтың есімі берілді. Ол аудан прокурорының көмекшісінен бастап сот жүйесіндегі басшылық лауазымдарға дейінгі еңбек жолынан өтті, Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Әділет министрі, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары қызметтерін атқарды және өмірінің соңғы жылдарында Қостанай облысының прокуратурасын басқарды.

«Клубтың құрылуы – оқушылардың заңға деген құрметін қалыптастыру мен қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіндіру жолындағы маңызды қадам. Құқықтық мәдениеттің негізі дәл жасөспірім шақта қаланады. Осындай жобалар жастарға заңға бағынатын мінез-құлық пен белсенді азаматтық ұстанымды саналы түрде таңдауға көмектеседі», – деп атап өтті облыс прокуроры Марат Сексембаев.

Ержановтың отбасы клубтың ашылуын ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, оның есімі мен еңбек жолы өскелең ұрпақ үшін өнегелі бағдар болып қала беретіні олар үшін аса маңызды екенін атап өтті.

№22 орта мектептің оқушылары клуб мүшелері ретінде болашақ прокурорлардың антын қабылдады. Облыс прокуроры қатысушыларға жауапкершілік, заңға адалдық және қоғамға қызмет етуге дайындықтың символы саналатын клубтың төсбелгісін табыстады.

Клуб жұмысы аясында прокуратура қызметкерлерімен дәрістер мен кездесулер, құқықтық интерактивті ойындар, сот процестерін модельдеу, дебаттар мен байқауларға қатысу, сондай-ақ прокуратура органдарына танымдық экскурсиялар ұйымдастыру жоспарланған. Бағдарлама оқушыларды құқық қолдану қызметінің негіздерімен тәжірибелік тұрғыда таныстыруға және сыни ойлау қабілетін дамытуға бағытталған.

Жобаны іске асыру оқушылардың құқықтық сауаттылығын едәуір арттыруға, мемлекеттік билік институттарына деген сенімді нығайтуға және өскелең ұрпақтың заңға деген берік құрметін қалыптастыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. Болашақта бұл тәжірибе облыстың басқа мектептерінде осындай клубтар ашуға негіз болмақ.
 
Қостанай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1172331?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В Костанае открыт «Клуб будущих прокуроров имени Галихана Ержанова»
 
В городе Костанай состоялось торжественное открытие «Клуба будущих прокуроров имени Галихана Ержанова».

Основная цель клуба - формирование у школьников правовой культуры, развитие навыков принятия взвешенных решений в сложных жизненных ситуациях, профилактика правонарушений среди подростков, а также ранняя профессиональная ориентация учащихся.

В мероприятии приняли участие семья Галихана Нурмуханбетовича Ержанова, педагоги и учащиеся средней школы №22 города Костанай.

Клуб носит имя Галихан Нурмуханбетович Ержанов - уроженца Камыстинского района Костанайской области, посвятившего свою жизнь служению государству и укреплению законности. Он прошел путь от помощника прокурора района до руководящих должностей в судебной системе, был первым Министром юстиции Независимого Казахстана, заместителем Генерального Прокурора Республики Казахстан и в последние годы жизни возглавлял прокуратуру Костанайской области.

«Создание клуба - это важный шаг в формировании у школьников уважения к закону и осознания своей ответственности перед обществом. Именно в юном возрасте закладываются основы правовой культуры. Подобные проекты помогают подросткам сделать осознанный выбор в пользу законопослушного поведения и активной гражданской позиции», - отметил прокурор области Марат Сексембаев.

Семья Ержанова выразила благодарность и признательность организаторам открытия клуба, подчеркнув, что для них особенно важно, что имя и трудовая биография Ержанова Г.Х. продолжает служить нравственным ориентиром для подрастающего поклонения.

Учащиеся средней школы № 22 города Костаная, ставшие членами клуба, принесли клятву будущих прокуроров. Прокурор области вручил участникам значок клуба - символ ответственности, преданности закону и готовности служить обществу.

В рамках работы клуба запланированы лекции и встречи с сотрудниками прокуратуры, правовые интерактивные игры, моделирование судебных процессов, участие в дебатах и конкурсах, а также ознакомительные посещения органов прокуратуры. Программа деятельности ориентирована на практическое погружение школьников в основы правоприменительной деятельности и развитие критического мышления.

Ожидается, что реализация проекта позволит существенно повысить уровень правовой грамотности учащихся, укрепить доверие к институтам государственной власти и сформировать у подрастающего поколения устойчивое уважение к закону. В перспективе данный опыт станет основой для открытия аналогичных клубов в других школах области.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Костанайской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1172331?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Абай облысында пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға арналған түсіндіру іс-шарасы өткізілді

Абай облысы прокуратурасының бастамасымен құқық қорғау органдары, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл аясында пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды қолдауға және әлеуметтік бейімдеуге бағытталған ауқымды түсіндіру іс-шарасы өткізілді.

Кездесу барысында қатысушыларға әлеуметтік-құқықтық көмек алу тәртібі, кредиттік берешекті реттеу тетіктері және банк шоттарын бұғаттан шығару мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар қызметтерді ыңғайлы форматта алуға мүмкіндік беретін «FSM Social» мобильдік қосымшасының мүмкіндіктері таныстырылды.

Уәкілетті органдардың өкілдері сотталғандардың сұрақтарына жауап беріп, мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша консультациялық және практикалық көмек алу жолдарын жан-жақты түсіндірді.

Іс-шара қорытындысы бойынша есепте тұрған тұлғаларға жұмысқа орналасуға, құжаттарды қалпына келтіруге және өзге де әлеуметтік көмек көрсету бойынша нақты қолдау көрсетілді.

Осындай іс-шараларды өткізу сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
 
#Әділеттілік      
#КүшЗаңда  

Абай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1172464?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В области Абай проведено разъяснительное мероприятие для лиц, состоящих на учете службы пробации
 
По инициативе прокуратуры области Абай во взаимодействии с правоохранительными органами, государственными и местными исполнительными органами проведено масштабное разъяснительное мероприятие, направленное на поддержку и социальную адаптацию лиц, состоящих на учете службы пробации.

В ходе встречи участникам разъяснили порядок получения социально-правовой помощи, механизмы урегулирования кредитной задолженности и вопросы разблокировки банковских счетов. Также были продемонстрированы возможности мобильного приложения «FSM Social», позволяющего получать соответствующие услуги в удобном формате.

Представители уполномоченных органов ответили на вопросы осужденных и подробно разъяснили порядок взаимодействия с государственными структурами, а также получения консультационной и практической помощи по социально значимым направлениям.

По результатам проведенного мероприятия подучетным лицам оказана помощь в трудоустройстве, восстановлении документов и инаясоциальная помощь.

Проведение подобных мероприятий является важным шагом, направленным на ресоциализацию осужденных и профилактику повторных правонарушений.
 
#Справедливость
#СилаВЗаконе                

Ссылка на сайт прокуратуры области Абай:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1172464?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Махамбет ауданында хоккей турнирі өтті
 
Махамбет ауданының прокуратурасының ұйымдастыруымен Исатай және Махамбет аудандарының командалары арасында хоккей турнирі, сондай-ақ оқушылар арасында понд-хоккейден жарыс өтті.

Іс-шара құқық бұзушылықты алдын алу, бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы жұмыстар шеңберінде өткізілді.

Турнирдің негізгі мақсаты – жастар мен аудан тұрғындарын спортпен шұғылдануға тарту, құқықбұзушылыққа, нашақорлыққа және басқа да зиянды әдеттерге теріс көзқарас қалыптастыру.
Турнирге әуесқой хоккейден 4 команда, жалпы білім беретін мектептердің 15 оқушысы, сондай-ақ жанкүйерлер қатысты.

Жарыстар спорттық әрі достық атмосферада өтіп, жастардың белсенді демалыс пен командалық спорт түрлеріне жоғары қызығушылық танытатынын көрсетті.

Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында тәртіптілік, жауапкершілік және құқықтық сананы қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Махамбет ауданының прокуратурасы алдағы уақытта да спортты дамытуға және халық арасында құқықбұзушылықты алдыналуға бағытталған бастамаларды қолдауды жоспарлауда.

Атырау облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-atyrau/press/news/details/1172553?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В Махамбетском районе прошел хоккейный турнир
 
В Махамбетском районе прошёл хоккейный турнир, организованный прокуратурой района между командами Исатайского и Махамбетского районов, а также соревнования среди школьников по понд-хоккею.

Мероприятие проведено в рамках работы по профилактике правонарушений, развитию массового спорта и популяризации здорового образа жизни.

Основной целью турнира стало привлечение молодёжи и жителей районов к занятиям спортом, формирование негативного отношения к правонарушениям, наркомании и другим вредным привычкам.

В турнире приняли участие 4 команды любителей хоккея и 15 учащихся общеобразовательных школ, а также болельщики.

Соревнования прошли в спортивной и дружественной атмосфере, продемонстрировав высокий интерес молодёжи к активному досугу и командным видам спорта.

Организаторы отметили, что подобные мероприятия способствуют воспитанию дисциплины, ответственности и правосознания у подрастающего поколения.

Прокуратура Махамбетского района планирует и в дальнейшем поддерживать инициативы, направленные на развитие спорта и профилактику правонарушений среди населения.

Ссылка на сайт прокуратуры Атырауской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-atyrau/press/news/details/1172553?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қызылорда прокурорлары пилоттық жобаның іске асырылу барысын талқылады
 
Қызылорда облысы прокуратурасының бастамасымен өңірде Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметті (БКДҚ) енгізу жөніндегі пилоттық жобаны әзірлеушілермен кездесу өтті.
 
Іс-шараға облыс әкімі, Бас прокуратураның Қаржы департаментінің бастығы, өңірдің атқарушы органдары мен құқық қорғау құрылымдарының басшылары қатысты.
 
Тараптар жобаны іске асыру барысын, оны ауқымды түрде енгізу перспективаларын және кезеңдерін, сондай-ақ БКДҚ қызметін нормативтік реттеу мәселелерін талқылады.
 
Сонымен қатар кездесу аясында Бас прокуратураның Қаржы департаментінің бастығы Испанов Ілияс «Цифрлық қадағалау» жобасын таныстырды.
 
Жоба деректерді талдаудың заманауи цифрлық құралдарын енгізу, процестерді автоматтандыру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту арқылы қадағалау қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
 
Полиция департаментінің Жедел басқару орталығы базасында жүйенің негізгі функционалдық мүмкіндіктері көрсетілді.

Атап айтқанда, көрсеткіштерді нақты уақыт режимінде мониторингілеу, талдамалық есептер қалыптастыру және ықтимал бұзушылықтарды жедел анықтау мүмкіндіктері таныстырылды.
 
Облыс прокуроры Ожаров Ризабек атап өткендей, цифрлық шешімдерді енгізу шешім қабылдау үдерісінің ашықтығы мен жеделдігін арттыруға, адами факторды азайтуға, қадағалау қызметінің бірыңғай стандарттарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өтініштерді қарау және тексеру іс-шараларын жүргізу мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді.
 
Кездесу қорытындысы бойынша пилоттық жобаны өңір аумағында іске асыруды ұйымдастырушылық сүйемелдеу және бірлескен жұмысты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.
 
Аталған бастаманы жүзеге асыру мемлекеттік бақылау жүйесін жаңғырту мен заңдылықты нығайтудың маңызды қадамы болмақ.
 
Қызылорда облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1172702?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуроры Кызылорды обсудили ход реализации пилотного проекта
 
По инициативе прокуратуры Кызылординской области состоялась встреча с разработчиками пилотного проекта по внедрению Единой дежурно-диспетчерской службы в регионе.
 
В мероприятии приняли участие акимобласти, начальник департамента финансов Генеральной прокуратуры, руководители органов исполнительной власти региона и правоохранительных структур.
 
Стороны обсудили ход реализации, перспективы масштабирования проекта и этапы его внедрения, а также нормативное регулирование вопросов функционирования ЕДДС.
 
Также в рамках встречи начальник департамента финансов Генеральной прокуратуры Испанов Ильяс презентовал проект «Цифровой надзор».
 
Проект направлен на повышение эффективности надзорной деятельности за счет внедрения современных цифровых инструментов анализа данных, автоматизации процессов и усиления межведомственного взаимодействия.
 
На базе Центра оперативного управления департамента полиции были продемонстрированы ключевые функциональные возможности системы, включая мониторинг показателей в режиме реального времени, формирование аналитических отчетов и оперативное выявление потенциальных нарушений.
 
Как отметил прокурор области Ожаров Ризабек, внедрение цифровых решений позволит повысить прозрачность и оперативность принятия решений, минимизировать человеческий фактор, обеспечить единые стандарты надзорной деятельности, а также сократить сроки рассмотрения обращений и проведения проверочных мероприятий.
 
По итогам встречи достигнута договоренность о продолжении совместной работы и организационном сопровождении реализации пилотного проекта на территории региона.
 
Реализация инициативы станет важным шагом в модернизации системы государственного контроля и укреплении законности.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Кызылординской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1172702?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақтөбеде алаяқтыққа қарсы
іс-қимыл шаралары күшейтілді
 
Облыс прокуратурасы интернет кеңістігін мониторингтеу барысында криптооперациялар арқылы ақшаны жылыстатудың күмәнді схемаларын анықтады.

Қылмыстық қудалау органына тиісті нұсқау берілді.

Нәтижесінде, прокуратураның үйлестіруімен Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 150-ден астам дропперді қолма-қол ақшаға айналдыруға тартқан қылмыстық топты әшкереледі.

Аталған тұлғалар өздерінің банк карталарына түскен қаражатты «ATAIX» криптобиржасы арқылы криптоәмияндарға аударып отырған.

Ал қаражатты конвертациялау және шығару үшін қылмыстық топ өз бақылауындағы айырбастау пунктін пайдаланған.

Цифрлық активтерді өткізу бойынша жалпы айналым 3,5 млрд теңгеден асты.

Тінту барысында 46 ұялы телефон, 92 банк картасы, сондай-ақ 25 463 USDT көлеміндегі криптоактивтер тәркіленді.

Алты күдікті – ұйымдастырушылар мен дропповодтар ұсталып, қамауға алынды.

Қазіргі уақытта облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ҚР ҚК-нің 214, 262-бабы 1,2-бөліктері, 232-1 және 190-баптары бойынша (цифрлық активтер айналымы саласында заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған және қылмыстық кірістерді заңдастырған ұйымдасқан қылмыстық топты құру және оған басшылық ету фактісі бойынша) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Іс облыс прокурорының бақылауында.

Айта кету қажет, өткен жылдан бастап Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімін орындау мақсатында өңірде «Ақтөбе – алаяқтықсыз аймақ» жобасы іске асырылуда.

Интернет-алаяқтықтың алдын алу шеңберінде өңірде ауқымды ақпараттық науқан жүргізілді, 420 мыңнан астам «Altel» және «Tele2» абонентіне СМС-ескертулер жолданды.

Қосымша түрде «Қазахтелеком» АҚ қолдауымен кабельдік телевидение арқылы профилактикалық бейнероликтер көрсетіліп, 70 мыңға жуық үй қамтылды.

Профилактикамен қатар нақты практикалық шаралар да қабылдануда.

Атап айтқанда, Ақтөбе қаласы прокуратурасының базасында алаяқтардың қоңырауларын бұғаттауға бағытталған Call-орталық жұмысы ұйымдастырылды. Қазіргі таңда шамамен 6 мың қоңырау тіркелді.

Киберполиция 4 мыңнан астам күмәнді сайтты бұғаттады.

Алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жұмыстары жалғасуда.

Ақтөбе облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1172915?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Актобе усилены меры
противодействия мошенничеству
 
Прокуратурой области в ходе мониторинга интернет - пространства выявлены сомнительные схемы по отмыванию денег через криптооперации.

Органу уголовного преследования дано соответствующее указание.

В результате, ДЭР по Актюбинской области при координации прокуратуры изобличена преступная группа, которая привлекла к обналичиванию более 150 дропперов.

Последние получали на свои карты деньги, переводили на криптокошельки через биржу «ATAIX».

В свою очередь, для конвертации и вывода денежных средств криминалитет использовал подконтрольный обменный пункт.

Общий оборот по реализации цифровых активов превысил 3,5 млрд тенге.

В ходе обыска изъяты 46 мобильных телефонов, 92 банковские карты, криптоактивы на 25 463 USDT.

Шестеро подозреваемых – организаторы и дропповоды задержаны и помещены под стражу.

ДЭР области проводится расследование по ст. ст. 214, 262 ч.ч. 1,2, 232-1, 190 УК (по факту создания и руководства организованной преступной группой, осуществлявшей незаконную предпринимательскую деятельность в сфере оборота цифровых активов, а также легализации преступных доходов).

Дело на контроле прокурора области.

Следует отметить, что во исполнение решения Координационного совета с прошлого года в регионе реализуется проект «Актобе - территория без мошенничеств».

В рамках профилактики интернет-мошенничества в  регионе проведена масштабная информационная кампания.

СМС-предупреждения направлены более чем 420 тысячам абонентов «Altel» и «Tele2».

Дополнительно при поддержке АО «Казахтелеком» организована трансляция профилактических видеороликов по кабельному телевидению с охватом порядка 70 тысяч домов.

Помимо профилактики также принимаются действенные практические меры.

В частности, на базе прокуратуры г.Актобе организована работа Колл-центра по перехвату звонков мошенников. На сегодня их порядка 6 тысяч.

Киберпол заблокировал более 4 тысяч сомнительных сайтов.

Работа по противодействию мошенничествам продолжается.

Ссылка на сайт прокуратуры Актюбинской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1172915?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM