Қазақстан Бас прокуратурасы
16.5K subscribers
2.3K photos
2.02K videos
40 files
8.49K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
А Ң Д А Т П А

Осы аптада Бас прокуратураның телеграм арнасында:

🔶 Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау: 2025 жылы Батыс Қазақстан облысында балалардың пайдасына 734 млн теңге көлемінде алимент өндірілді, қасақана төлемегендер жауапкершілікке тартылды, 416 баланың құқықтары қалпына келтірілді. Толығырақ — біздің арнада!

🔶 Мемлекеттік қаражатты қорғау: Маңғыстау облысының прокуратурасы денсаулық сақтау саласында 600 млн теңгеден астам қаражаттың жымқырылуына тосқауыл қойды. Толығырақ — бүгін біздің арнада.

🔶 Халықтың жер құқықтарын қорғау: Павлодар облысы прокуратурасының бастамасымен құны 2,6 млрд теңге болатын 2 410 гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылып, жер мақсатты түрде пайдаланылатын болады. Толығырақ — бізден бірінші біліңіз!

🔶 Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету: Абай облысында Семей қаласының тұрғынына әлеуметтік желілерде террористік сипаттағы материалдарды таратқаны үшін үкім шығарылды. Оған қандай жаза тағайындалды? Толығырақ — біздің арнада!

🔶 Жазаның бұлтартпастығы қағидаты: Түркістан облысында арнайы прокурорлар 13 жыл бұрын жасалған адам өлтіру қылмысы бойынша тергеуді аяқтады. Барлық мәлімет — біздің арнада.

🔶 Алкогольсіз ауыл: Қостанай облысының Қабырға ауылында кәсіпкерлер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандарды қорғау мақсатында алкоголь өнімдерін сатудан ерікті түрде бас тартты. Барлық дерек — жақында біздің арнада!

🔶 Мемлекет құқықтарын қорғау: Ақмола облысындағы қала прокуратурасы құны 52 млн теңге болатын 1 500 гектардан астам жерді мемлекет меншігіне қайтарды. Толығырақ — бізден бірінші біліңіз!

🔶 Құрылыс саласындағы ұрлықпен күрес: Астана қаласының арнайы прокурорлары 2,1 млрд теңге ұрлаған құрылыс компаниясының басшысын қылмыстық жауапкершілікке тартты. Толығырақ — біздің арнадан көріңіз!

Осы және басқа да жаңалықтарды Бас прокуратураның телеграмм арнасынан оқып, бізді әлеуметтік желілерден қараңыз:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
АНОНС
 
На этой неделе в нашем телеграм-канале Генеральной прокуратуры:

🔶 Защита прав несовершеннолетних: в Западно-Казахстанской области за 2025 год в пользу детей взыскано алиментов на сумму 734 млн тенге, к ответственности привлечены злостные неплательщики, а права 416 детей восстановлены. Подробности – на нашем канале!

🔶 Защита государственных средств: прокуратурой Мангистауской области пресечено хищение более 600 млн тенге в сфере здравоохранения. Подробности — уже сегодня.

🔶 Земельные права населения: по инициативе прокуратуры Павлодарской области в государственную собственность возвращено 2 410 га пастбищ стоимостью 2,6 млрд тенге, которые будут использованы по целевому назначению. Подробности расскажем первыми!

🔶 Обеспечение общественной безопасности: в области Абай вынесен приговор жителю города Семей, распространявшему в социальных сетях материалы террористического характера. Какое наказание ему назначили? Подробности - смотрите у нас!

🔶 Принцип неотвратимости наказания: в Туркестанской области специальными прокурорами завершено расследование убийства, совершённого 13 лет назад. Все подробности — на нашем канале.

🔶 Село без алкоголя: в Костанйской области предприниматели села Кабырга добровольно отказались от реализации алкогольной продукции в целях обеспечения общественного порядка и защиты несовершеннолетних. Все детали скоро на нашем канале!
 
🔶 Защита прав государства: прокуратурой города Акмолинской области возвращены в собственность государства свыше 1 500 гектаров земель стоимостью 52 млн тенге. Подробности расскажем первыми!

🔶 Борьба с хищениями в строительстве: спецпрокурорами столицы к уголовной ответственности привлечён руководитель строительной компании, похитивший 2,1 млрд тенге. Подробнее смотрите у нас на канале!

Эти и другие новости читайте на телеграм-канале Генеральной прокуратуры и смотрите нас в социальных сетях:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Кәмелетке толмағандардың мүддесі басты назарда
 
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау - прокуратура қызметінің басым бағыты.

Орал қаласы прокуратурасының бастамасымен 2025 жылы алимент өндіру бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде балалардың пайдасына 734 миллион теңге сомада алимент өндірілді.

Прокуратураның үйлестіруімен алимент бойынша 1 761 252 теңге берешегі бар және оны төлеуден жалтарған, соның ішінде жұмысқа орналасуға шаралар қабылдамаған борышкер анықталды.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 139-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.

Жалпы, Орал қаласында Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 6 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, алимент өндіріп алу туралы сот актілерін орындамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы бойынша 185 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 416 балалардың құқықтары қорғалды, сондай-ақ 288 борышкер жұмыспен қамтамасыз етілді.

Алиментті уақытылы төлеу – әрбір борышкердің заңмен белгіленген міндеті.
 
Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/1157135?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Законные интересы несовершеннолетних на особом контроле
 
Защита прав несовершеннолетних -приоритетное направление деятельности прокуратуры.

По инициативе прокуратуры города Уральска в 2025 году по результатам принятых мер в пользу детей взыскано алиментов на сумму 734 миллиона тенге.

При координации прокуратуры установлен должник, имеющий задолженность по алиментам в размере 1 761 252 тенге и уклонявшийся от ее выплаты, в том числе не принимавший мер по трудоустройству.

Приговором специализированного межрайонного суда по делам несовершеннолетних он признан виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного статьей 139 Уголовного кодекса, и осужден к наказанию в виде ограничения свободы сроком на один год.

В целом по данной статье Уголовного кодекса к уголовной ответственности привлечены 6 должников по городу Уральск.

Кроме того, за неисполнение судебных актов о взыскании алиментов к административной ответственности постатье 669 Кодекса об административных правонарушениях привлечены 185 должников.

В результате принятых мер защищены права 416 детей, а также 288 должников обеспечены работой.

Своевременная уплата алиментов -обязанность каждого должника, установленная законом.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Западно-Казахстанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/1157135?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ғабит Қасымбекұлы Мұқанов Астана қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды.

Ғабит Мұқанов еңбек жолын Алматы облысы Кербұлақ ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастады. Әр жылдары Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры, Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры, Астана қаласы прокуратурасының Аппарат басшысы-басқарма бастығы, Астана қаласы прокурорының орынбасары,  Бас прокуратураның Кадрлық дамыту департаментінің бастығы лауазымдарын атқарды.

2021 жылғы тамыздан Шымкент қаласының прокуроры лауазымында қызмет етті.

Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және II дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған.

Прокуратураның құрметті қызметкері.

По согласованию с Главой государства,приказом Генерального Прокурора государственный советник юстиции 3 класса Муканов Габит Касымбекович назначен на должность прокурора города Астаны.

Габит Муканов начал трудовой путь помощником прокурора Кербулакского района Алматинской области. В разные годы занимал должности прокурора Талгарского района Алматинской области, прокурора Медеуского района города Алматы, руководителя Аппарата – начальника управления прокуратуры города Астаны, заместителя прокурора города Астаны, начальника Департамента кадрового развития Генеральной прокуратуры.

С августа 2021 года занимал должность прокурора города Шымкент.

За безупречное исполнение служебных обязанностей награжден медалью «Жауынгерлік ерлігі үшін» и орденом «Айбын» II степени.

Почетный работник прокуратуры.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Елдос Әлиханұлы Сағиев Шымкент қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды.

Елдос Сағиев Прокуратура органдарындағы қызметін Ақмола облысы Шучинск ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастаған.

Әр жылдары Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қостанай және Маңғыстау облыстары бойынша департаменттерінде, Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

2022 жылғы тамыздан Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау қызметінің бастығы болды.

Қызметтегі жоғары жетістіктері үшін «Ерлігі үшін» медалімен, ІІ дәрежелі «Айбын» және ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен наградталған.
 
По согласованию с Главой государства приказом Генерального Прокурора государственный советник юстиции 3 класса Сагиев Елдос Алиханович назначен на должность прокурора города Шымкент.

Елдос Сагиев начал службу в органах прокуратуры помощником прокурора Щучинского района Акмолинской области.

В разные годы занимал руководящие должности в департаменте Агентства по борьбе с экономической и коррупционной преступностью по Карагандинской области, департаментах Национального бюро по противодействию коррупции по Костанайской и Мангистауской областей, в Службе специальных прокуроров Генеральной прокуратуры.

С августа 2022 года возглавлял Службу по надзору за законностью досудебного расследования и уголовного преследования Генеральной прокуратуры.

За высокие достижения в службе награжден медалью «Ерлігі үшін», орденами «Айбын» II степени и «Даңқ» II степени.
 
🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратура орман мекемелері қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қалпына келтірді
 
Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы орман шаруашылығы мекемелерінде еңбек заңнамасының сақталуын талдау барысында заңнаманың бірқатар бұзушылықтарын анықтады.
 
Орман шаруашылықтарының лауазымды адамдары орман шаруашылықтарының 33 қызметкерімен жасалған еңбек шарттары туралы міндетті мәліметтерді еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізбеген, бұл Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің талаптарына қайшы келеді және азаматтардың еңбек қатынастарын тиісінше ресімдеу, еңбек өтілін растау құқығын шектеген.
 
Сонымен қатар, жұмыс уақытын есепке алу тәртібінде бұзушылықтар анықталды, соның нәтижесінде жекелеген қызметкерлерге олардың жұмыс орнында нақты болмаған кезеңдері, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған күндері үшін жалақы есептеліп, төленген.
 
Қабылданған шаралармен 33 қызметкердің құқықтары қалпына келтірілді-еңбек шарттары туралы мәліметтер ЕШЕАБЖ-не толық көлемде енгізілді, азаматтардың өздерінің еңбек қызметі туралы ақпаратқа қолжетімділігі қамтамасыз етілді. Негізсіз төленген жалақы сомасы бюджетке өтелді, 19 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
 
Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың заңдылығы прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
 
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1157239?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратурой восстановлены трудовые права работников лесных учреждений
 
Специализированной природоохранной прокуратурой Северо-Казахстанской области в ходе анализа соблюдения трудового законодательства в учреждениях лесного хозяйства выявлен ряд нарушений законодательства.
 
Должностными лицами лесных хозяйств обязательные сведения о заключенных трудовых договорах с 33 работниками лесных хозяйств не были внесены в Единую систему учета трудовых договоров (далее – ЕСУТД), что противоречит требованиям Трудового кодекса Республики Казахстан и ограничивало право граждан на надлежащее оформление трудовых отношений, а также подтверждение трудового стажа.
 
Вместе с тем установлены нарушения порядка учета рабочего времени, в результате чего отдельным работникам начислялась и выплачивалась заработная плата за периоды их фактического отсутствия на рабочем месте, в том числе в дни нахождения за пределами Республики Казахстан.
 
Принятыми мерами права 33 работников восстановлены - сведения о трудовых договорах внесены в ЕСУТД в полном объеме, обеспечен доступ граждан к информации о своей трудовой деятельности. Одновременно необоснованно выплаченные суммы заработной платы возмещены в бюджет, 19 должностных лиц привлечены к дисциплинарной ответственности.
 
Соблюдение трудовых прав граждан, а также законность использования бюджетных средств находятся на постоянном контроле органов прокуратуры.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Северо-Казахстанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1157239?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Маңғыстауда денсаулық сақтау саласындағы миллиондаған бюджет қаражатын жымқыру схемасы анықталды
 
Маңғыстау облысының прокуратурасы өңірдегі медициналық ұйымдардың қызметінде жүйелі бұзушылықтарды анықтады.
 
Жалған медициналық қызметтер көрсету, денсаулық сақтау субъектілерінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеу жағдайлары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар анықталды.
 
Атап айтқанда, ұйымдардың бірін тексеру барысында 600 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру анықталды.
 
Алушылардың банктік деректемелерін ауыстыру арқылы қаражаттар заңсыз алынып, аффилирленген шоттарға аударылған.
 
Сондай-ақ көрсетілмеген қызметтер, жеткізілмеген дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар үшін ақы төлеу фактілері анықталды.
 
Аталған мән-жайлар бойынша облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оларды арнайы прокурорлар жүргізуде.

Маңғыстау облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/1157160?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Мангистау выявлена схема многомиллионного хищения бюджетных средств в сфере здравоохранения
 
Прокуратурой Мангистауской области выявлены системные нарушения в деятельности медицинских организаций региона.
 
Установлены случаи оказания фиктивных медицинских услуг, несоответствия субъектов здравоохранения квалификационным требованиям, а также вскрыты коррупционные правонарушения.
 
В частности, в ходе проверки одной из организации выявлено хищение бюджетных средств свыше 600 млн тенге.
 
Денежные средства незаконно выводились путем замены банковских реквизитов получателей и перечислялись на аффилированные счета.
 
Также установлены факты оплат занеоказанные услуги, непоставленные лекарства и медицинские изделия.
 
По указанным обстоятельствам прокуратурой области начаты досудебные расследования, которые осуществляются специальными прокурорами.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Мангистауской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/1157160?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бас прокуратура терроризмді насихаттау және терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарламалар үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеді
 
Елдің қолданыстағы заңнамасында терроризмді насихаттау және терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. Бұл нормалар қоғамдық қауіпсіздікті қорғауға, азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнетін қатерлердің алдыналуға бағытталған.

Атап айтқанда, ҚК-нің 256-бабының санкциясы мүлікті тәркілей отырып, 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Ал аталған әрекеттер бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды пайдалану арқылы жасалған жағдайда жауаптылық едәуір қатаңдатылады және 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін жетуі мүмкін.

Сонымен қатар, қылмыстық жауаптылық тек тікелей шақыруларға ғана емес, терроризмді қолдаудың өзге де нысандарына қолданылады. Атап айтқанда, жасалған террорлық актіні мақұлдау немесе қолдау, оның ішінде әлеуметтік желілердегі пікірлер немесе өзге де жарияланымдар түрінде болса да, терроризмді насихаттау ретінде бағаланады.

Осы ретте Конституциямен кепілдік берілген сөз бостандығы конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге, аумақтық тұтастықты бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, соғысқа, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылық культін насихаттауға жол бермейтінін атап өткен жөн.

Сонымен бірге, интернетте және әлеуметтік желілерде мектептердің, сауда орталықтарының, әуежайлардың, вокзалдардың және басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандардың «миналанғаны» туралы көрінеу жалған хабарламалар жиі таралады. Мұндай хабарламалар, әдетте, расталмайды, алайда олардың әрқайсысы құқық қорғау органдары тарапынан нақты қауіп ретінде қабылданып, жедел әрекет етуді талап етеді.

Мұндай әрекеттер үшін ҚК-нің 273-бабында террорлық акт жасалатыны туралы көрінеу жалған хабарлама бергені үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауаптылық көзделген.

Алайда, осындай қылмыстарды жасаған тұлғалар өздерінің анонимді болып қаламыз деп қателесіп ойлайды. Цифрландыру мен «ақылды» шешімдердің дамуы жағдайында құқық бұзушының жеке басын анықтау – тек уақыт мәселесі.

Мәселен, өткен жылы жалған терроризм фактілері бойынша 25 қылмыстық іс сотқа жолданған. Олардың бірінде 11-сынып оқушысы өзге адамның атын айтып, дауысын өзгертіп және IP-адресті алмастыратын бағдарламаларды қолдана отырып, Жетісай қаласындағы мектептердің бірінде жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы полицияға хабарлаған. Жеке басын жасыруға тырысқанына қарамастан, кәмелетке толмаған тұлға анықталып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталған.

Тағы бір жағдайда Ақтау қаласының тұрғыны білім беру мекемелерінің бірінде бомба бар екені туралы жалған хабарлама жасағаны үшін 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Әрбір осындай хабарлама ТЖМ, полиция, ҰҚК бөлімшелері мен жедел жәрдем бригадаларының қатысуымен ауқымды тексерулер жүргізуге әкеп соғады. Оған жұмсалған күш пен қаражат кінәлі тұлғалардан өндіріп алынады.

Бас прокуратура азаматтарды парасаттылыққа, алата-аналарды балалардың интернеттегі және әлеуметтік желілердегі мінез-құлқы мен белсенділігіне ерекше назар аударуға шақырады. Тіпті «әзіл» ретінде қабылданған әрекеттің өзі ауыр құқықтық салдарға әкеліп, адамның тағдырын түбегейлі өзгертуі мүмкін.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Генеральная прокуратура предупреждает об уголовной ответственности за пропаганду терроризма и заведомо ложные сообщения о терактах
 
Действующим законодательством страны предусмотрена уголовная ответственность за пропаганду терроризма и публичные призывы к совершению акта терроризма. Данные нормы направлены на защиту общественной безопасности и предотвращение угроз жизни и здоровью граждан.

Так, санкция статьи 256 УК предусматривает наказание в виде лишения свободы на срок от 5 до 9 лет с конфискацией имущества. При этом в случае совершения указанных действий с использованием средств массовой информации, сетей телекоммуникаций или онлайн-платформ ответственность значительно ужесточается и может достигать 12 лет лишения свободы.

Важно отметить, что уголовно наказуемыми признаются не только прямые призывы, но и иные формы поддержки терроризма. В частности, одобрение или поддержка совершённого террористического акта, в т.ч. в форме комментариев или иных публикаций в соцсетях, также расценивается как пропаганда терроризма.

При этом гарантированная Конституцией свобода слова не допускает пропаганду или агитацию насильственного изменения конституционного строя, нарушения территориальной целостности, подрыва безопасности государства, войны, а также культа жестокости и насилия.

Кроме того, в сети Интернет и соцсетях нередко распространяются заведомо ложные сообщения о минировании школ, торговых центров, аэропортов, вокзалов и других социально значимых объектов. Подобные сообщения, как правило, не подтверждаются, однако каждое из них рассматривается правоохранительными органами как реальная угроза и требует немедленного реагирования.

За такие действия статьёй 273 УК предусмотрена уголовная ответственность за заведомо ложное сообщение о готовящемся акте терроризма вплоть до лишения свободы сроком до 5 лет.

При этом лица, совершающие подобные преступления, ошибочно полагают, что могут остаться анонимными. Однако в условиях цифровизации и развития «умных» решений установление личности правонарушителя является лишь вопросом времени.

Так, в прошлом году в суд направлено 25 уголовных дел по фактам лжетерроризма. В одном из случаев ученик 11 класса, представившись чужим именем, изменив голос и используя программы для подмены IP-адреса, сообщил в полицию о заложенном взрывном устройстве в одной из школ города Жетысай. Несмотря на предпринятые попытки скрыть свою личность, несовершеннолетнее лицо было установлено и осуждено к 1 году ограничения свободы.

В другом случае житель города Актау за ложное сообщение о наличии бомбы в одном из учреждений образования осуждён к 1 году и 6 месяцам лишения свободы.

Каждое подобное сообщение влечёт за собой масштабные проверки с привлечением подразделений МЧС, полиции, КНБ и бригад скорой помощи. Затраченные на это силы и средства подлежат взысканию с виновных лиц.

Генеральная прокуратура призывает граждан к благоразумию, а родителей – уделять особое внимание поведению и активности детей в интернете и социальных сетях. Даже кажущаяся безобидной «шутка» может повлечь серьёзные правовые последствия и навсегда изменить судьбу человека.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ақсу қаласында жайылымдық жерлер халыққа қайтарылды

Ақсу қаласы прокуратурасының ұсынысын қарау нәтижесінде құны 2,6 млрд теңге болатын, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы аумағы 2 410 гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Тексеру барысында халықтың мал жаюына ғана арналған жер учаскелерінің үшінші тұлғаларға өзге мақсаттарда берілгені анықталып, нәтижесінде жайылымдық жерлердің тапшылығына әкеп соққаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта аталған аумақтар арнайы жер қорына енгізіліп, белгіленген мақсаттарына сәйкес бөлінетін болады.
 
Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-pavlodar/press/news/details/1157429?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Аксу возвращены пастбища населению

По результатам рассмотрения представления прокуратуры города Аксу в государственную собственность возвращено 2 410 га земель сельхозназначения, стоимостью 2,6 млрд тенге.

Установлено, что земельные участки, предназначенные исключительно для выпаса скота населению, предоставлялись третьим лицам в иных целях, что привело к дефициту пастбищ.

В настоящее время указанные территории включены в специальный земельный фонд и будут распределены в соответствии с их предназначением.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Павлодарской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-pavlodar/press/news/details/1157429?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Абай облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде терроризмді насихаттағаны үшін сотталды

Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында онлайн-платформаларды пайдалана отырып терроризмді насихаттады деп айыпталған Семей қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.
 
Қазақстан Республикасында «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымының қызметі террористік деп танылып, тыйым салынған.

2024 жылдың шілде айынан 2025 жылдың сәуір айына дейін айыпталушы «TikTok» әлеуметтік желісіндегі анонимді аккаунттар арқылы, сондай-ақ азаматтармен жеке әңгімелер барысында террористік сипаттағы материалдарды таратқан. Аталған материалдар зорлық-зомбылық идеологиясын қамтып, террористік қызметті ақтаған.

Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігімен (терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Абай облысының прокуратурасы интернет желісінде террористік және экстремистік мазмұндағы материалдарды тарату, репост жасау, сондай-ақ сақтау үшін қылмыстық жауаптылық көзделгеніне азаматтардың назарын аударады және осындай фактілер туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.
 
#Әділдік
#Заңүстемдігі

Абай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1157550?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Житель области Абай осужден за пропаганду терроризма в социальных сетях

Межрайонным судом по уголовным делам города Семей рассмотрено уголовное дело в отношении жителя города Семей, обвиняемого в пропаганде терроризма с использованием онлайн-платформ.

В Республике Казахстан деятельность международной террористической организации «Исламское государство» признана террористической и запрещена.

В период с июля 2024 года по апрель 2025 года обвиняемый, через анонимные аккаунты в социальной сети «TikTok», а также в ходе личных бесед с гражданами, распространял материалы террористического характера. Они содержали идеологию насилия и оправдывали террористическую деятельность.

Приговором суда он признан виновным по части 2 статьи 256 Уголовного кодекса (пропаганда терроризма или публичные призывы к совершению акта терроризма) и осужден к 7 годам лишения свободы.

Приговор суда вступил в законную силу.

Прокуратура области Абай обращает внимание граждан на установленную законом уголовную ответственность за распространение, репост, а также хранение материалов террористического и экстремистского содержания в сети интернет и призывает сообщать о подобных фактах в правоохранительные органы.
 
#Справедливость
#СилаВЗаконе

Ссылка на сайт прокуратуры области Абай:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1157550?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Академия Түркістанда прокурорларға арналған көшпелі семинар-тренинг өткізуде
 
Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғауоргандары академиясының «Заң мен тәртіп: кешенді профилактика және прокурордың тиімді басшылық дағдылары» тақырыбындағы көшпелі семинар-тренингі өз жұмысын бастады.

Семинарға Түркістан облысының қала және аудан прокурорлары, Академия өкілдері және халықаралық сарапшылар қатысуда.

Семинардың ашылуында Академия ректоры Нұрғалым Әбдіров қазіргі заманғы прокурорлық қызмет құқық бұзушылықтардың алдын алуға, тәуекелдерді басқаруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталуы тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, профилактиканың нәтижелілігі мен басқарушылық шешімдердің сапасы құқық қорғау органдарына деген қоғамдық сенімді қалыптастырады.

Семинар-тренинг бағдарламасы практикалық бағытта құрылып, басшылыққа қатысты кейстерді талдауды, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша өңірлік тәжірибелерді зерделеуді, ведомствоаралық өзара іс-қимылды және «Құқықбұзушылықтардың профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолдану мәселелерін қамтиды. ЮНИСЕФ сарапшысының қатысуымен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және балалардың цифрлық ортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жеке бөлім қарастырылған.

Топтық жұмыс пен басқарушылық жағдайларды модельдеу барысында қатысушылар тәуекелдерді ерте анықтау, іс-қимылды үйлестіру және құқықбұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ тұрақты әлеуметтік нәтижеге қол жеткізуге бағытталған жүйелі шешімдер қабылдау құралдарын пысықтайды.

Түркістандағы семинар прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыруға және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға бағытталған Академияның көшпелі оқыту іс-шаралары сериясын бастады.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM