Қазақстан Бас прокуратурасы
16.5K subscribers
2.21K photos
1.96K videos
40 files
8.3K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Жетісу облысының прокуратурасы интернет-алаяқтардан зардап шеккен азаматтың қаражатын қайтаруды қамтамасыз етті
 
Талдықорған қаласының прокуратурасы интернет-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен азаматқа ақшалай қаражатын толық көлемде қайтаруға қол жеткізді. Сәтті операция қаржылық активтерді қорғаудың заманауи цифрлық құралдарын қолданудың арқасында мүмкін болды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде прокурорлар ҚР Ұлттық Банкінің «Антифрод-орталығы» платформасында инцидент құруға бастамашылық етті. Бұл ұрланған ақша түскен банктік шоттарды жедел анықтауға және бұғаттауға мүмкіндік берді.

«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Заң нормаларына сәйкес қабылданған шаралардың нәтижесінде, 850 000 тенге ұрланған сома күдіктілердің шоттарынан алынып, заңды иесіне
қайтарылды.

Жетісу облысының прокуратурасы ескертеді: киберқылмыспен күресте уақыт факторы шешуші рөл атқарады. Құқық қорғау органдарына дер кезінде жүгіну және транзакциялар туралы деректерді ұсыну — қаражатты бұғаттау мен қайтарудың жоғары кепілі.

Азаматтардың құқықтарын қорғау және интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл прокуратура органдарының қадағалау қызметіндегі басым бағыттары болып қала береді.

Жетісу облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1145598?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратура области Жетісу обеспечила возврат средств пострадавшему от интернет-мошенников
 
Прокуратура города Талдыкорган добилась полного возврата денежных средств гражданину, пострадавшему от действий интернет-мошенников. Успешная операция проведена благодаря использованию современных цифровых инструментов защиты финансовых активов.

В рамках досудебного расследования по ст. 190 ч. 3 УК РК прокурорами было инициировано создание инцидента на платформе «Антифрод-центр» Национального Банка РК. Это позволило оперативно идентифицировать и заблокировать банковские счета, на которые поступили похищенные деньги.

Принятыми мерами, в соответствии с нормами Закона «О платежах и платежных системах», похищенная сумма в размере 850 000 тенге была изъята со счетов подозреваемых и возвращена законному владельцу.

Прокуратура области Жетісу напоминает: в борьбе с киберпреступностью фактор времени является решающим. Своевременное обращение в правоохранительные органы и предоставление данных о транзакциях гарантируют высокую вероятность блокировки и возврата денежных средств.

Защита прав граждан и противодействие интернет-мошенничеству остаются приоритетными задачами в надзорной деятельности органов прокуратуры.

Ссылка на сайт прокуратуры области Жетису:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1145598?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ордабасы ауданында «Жас көзімен – Қауіпсіз балалық шақ» атты жас сценаристер байқауы өтті
 
Ордабасы ауданы прокуратурасының бастамасымен ауданның уәкілетті органдарымен бірлесе отырып мектеп оқушылары арасында «Жас көзімен – Қауіпсіз балалық шақ» атты жас сценаристер байқауы өтті.
 
Байқау аясында 55 мектептің оқушылары қоғамда жиі кездесетін қылмыстар мен құқық бұзушылықтар тақырыбында мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары бейнероликтер ұсынды. Бұл жұмыстар жасөспірімдер арасында жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және қауіпсіз балалық шақ идеясын кеңінен насихаттауға бағытталды.
 
Аталған іс-шараның негізгі мәні – балалар мен жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттыру, олардың заң талаптарын түсіну деңгейін көтеру және қоғамдағы өзекті мәселелерге саналы көзқарас қалыптастыру болып табылады.
 
Байқау арқылы оқушылар құқық бұзушылықтың салдары, заңға қайшы әрекеттердің қоғам мен жеке тұлғаға тигізетін зияны туралы өз көзқарастарын шығармашылық тұрғыда жеткізуге мүмкіндік алды.
 
Қатысушылардың шығармашылық жұмыстары аудандық мәдениет үйінде көрсетіліп, қазылар алқасының бағалауынан өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға алғыс білдіріліп, марапаттар табысталды.
 
Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жүйелі жұмыстардың бір бөлігі ретінде жүзеге асырыла бермек.

Түркістан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-turkestan/press/news/details/1145753?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В Ордабасинском районе проведён конкурс молодых сценаристов «Безопасное детство глазами детей»
 
По инициативе прокуратуры Ордабасинского района совместно с уполномоченными органами района среди школьников проведён конкурс молодых сценаристов «Безопасное детство глазами детей».
 
В рамках конкурса школьники 55 школ представили содержательные и имеющие высокую воспитательную ценность видеоролики на темы преступлений и правонарушений, часто встречающихся в обществе. Эти работы направлены на формирование чувства ответственности среди подростков и широкое распространение идеи безопасного детства.
 
Основной целью данного мероприятия стало повышение правовой культуры детей и подростков, углубление понимания ими требований закона, а также формирование осознанного отношения к актуальным проблемам общества.
 
Посредством конкурса учащиеся получили возможность в творческой форме выразить своё видение последствий правонарушений и вреда, которые противоправные действия наносят обществу и личности.
 
Творческие работы участников были продемонстрированы в районном Доме культуры и оценены жюри. По итогам мероприятия всем участникам были выражены благодарности и вручены награды.
 
Подобные мероприятия будут продолжены и в дальнейшем, реализуясь как часть системной работы по профилактике правонарушений среди подростков.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Туркестанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-turkestan/press/news/details/1145753?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура органдары заңсыз иемделген активтерді қайтару есебінен елімізде әлеуметтік нысандар салуды жалғастыруда
 
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура органдарымен заңсыз иемделінген активтерді қайтару есебінен елімізде көптеген әлеуметтік нысандар салынып, пайдалануға берілуде.

Осының шеңберінде Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жарық ауылында жаңа медициналық пункттіңашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, аудан әкімі, аудан прокуроры, мемлекеттік органдардың, қоғам өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.

Жаңа медициналық нысан 25 келушіні қабылдауға арналған. Бұл ауыл тұрғындарына аудан орталығына бармай-ақ, жергілікті жерде алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуға мүмкіндік береді.

Медициналық пунктте диагностикалық жабдықтармен жабдықталған медициналық қызметтер көрсетіледі, білікті мамандар жұмыс істейді – мұның бәрі халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған.

Бұл жобаны іске асыру ауыл халқының әл-ауқаты мен денсаулығына деген мемлекет қамқорлығының айғағы болып табылады.

Ақтөбе облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1145907?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
По поручению Главы государства органы прокуратуры продолжают строительство социальных объектов в стране за счёт возвращённых незаконно приобретённых активов
 
В рамках выполнения этого поручения прокуратурой обеспечено строительство и ввод в эксплуатацию множества социальных объектов по всей стране.

В частности, в селе Жарык Мугалжарского района Актюбинской области состоялось торжественное открытие нового медицинского пункта. В мероприятии приняли участие заместитель акима Актюбинской области, аким района, прокурор района, представители государственных органов, общественности и местные жители.

Новый медицинский объект рассчитан на приём до 25 пациентов. Это позволит жителям сел получать первичную медицинскую помощь на месте, не выезжая в районный центр.

В медицинском пункте предоставляются медицинские услуги, оснащённые диагностическим оборудованием, работают квалифицированные специалисты – всё это направлено на улучшение здоровья населения.

Реализация данного проекта является наглядным примером государственной заботы о благосостоянии и здоровье сельского населения.

Ссылка на сайт прокуратуры Актюбинской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1145907?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ақмола облысының прокуратурасымен балықшылар мен аңшылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде
 
Ақмола облысының прокуратурасымен балықшылар мен аңшылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аңшылық пен балық аулаудың заңдылығы, браконьерлікке жол бермеу және табиғат қорғау заңнамасын сақтау мәселелеріне басты назар аударылады.

2025 жылы аңшылық және балық аулау ережелерін бұзғаны үшін жалпы сомасы 8,5 млн теңгеге шамамен 400 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне 11 қылмыстық іс тіркелді.

Аңшылар мен балықшыларды заң талаптарын қатаң сақтауға және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға шақырамыз.
 
Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1145925?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратурой Акмолинской области проводится разъяснительная работа среди охотников и рыболовов
 
Прокуратурой Акмолинской области проведена разъяснительная работа среди охотников ирыболовов.

Особое внимание уделено вопросам законности охоты и рыболовства, недопущению браконьерства и соблюдения природоохранного законодательства.

В 2025 году за нарушения правил охоты и рыболовства к административной ответственности привлечено порядка 400 лиц, которым назначены административные штрафы на общую сумму 8,5 млн тенге. В единый реестр досудебных расследований зарегистрировано 11 уголовных дел.

Призываем охотников и рыболовов строго соблюдать требования закона и бережно относиться к природным ресурсам.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Акмолинской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1145925?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа өмірге жолдама: Жетісу облысында жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған тұлғалар үймен және жұмыспен қамтылды
 
Жетісу облысының прокуратурасы қылмыстың алдын алудың негізгі құралы ретінде азаматтарды әлеуметтік бейімдеуге басымдық береді. Соның ішінде, Қаратал ауданының прокуратурасының үйлестіруімен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған және түзелу жолына түскен тұлғаларды қолдау бойынша нақты шаралар сәтті іске асырылды.

Аудан прокуратурасының меценаттармен белсенді өзара іс-қимылының нәтижесінде алты бала тәрбиелеп отырған көпбалалы ана Ш.-ның өмірлік маңызды мәселесі шешілді. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған  әйелге жеке меншік құқығымен абаттандырылған үш бөлмелі тұрғын үй берілді. Отбасын тұрақты баспанамен қамтамасыз ету кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға және ананың қоғамға сәтті бейімделуіне негіз болды.

Сонымен қатар, аудан прокуратурасының бастамасымен шағын бизнесті дамытуға қолдау көрсетілді. Пробация қызметінің есебінде тұрған азамат К.-ға дәнекерлеу цехын ашу үшін 1,5 млн теңгеден астам сомаға мемлекеттік қайтарымсыз грант бөлінді. Жеке ісін ашу азаматқа қоғамға заңды түрде араласуға және отбасын тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Қаратал ауданы прокуратурасының тиімді үйлестіруі маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуде мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік берді. Жетісу облысында заңдылықты қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары жүйелі негізде жалғасуда.
 
Жетісу облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1146400?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Шанс на новую жизнь: в области Жетісу обеспечили жильем и работой лиц освобожденных по УДО
 
Прокуратура области Жетісу уделяет приоритетное внимание социальной адаптации граждан как ключевому инструменту профилактики преступности. В Каратальском районе при координации районной прокуратуры успешно реализованы точечные меры по поддержке лиц, вставших на путь исправления после условно-досрочного освобождения (УДО).

В результате активного взаимодействия прокуратуры Каратальского района с меценатами был решен жизненно важный вопрос многодетной матери Ш., воспитывающей шестерых детей. Женщине, получившей право на УДО, передан в собственность благоустроенный трехкомнатный дом. Обеспечение семьи постоянным жильем стало фундаментом для защиты прав несовершеннолетних и успешной ресоциализации матери.

Одновременно по инициативе прокуратуры Каратальского района оказана поддержка в развитии малого бизнеса. Состоящему на учете службы пробации гражданину К. выделен безвозмездный государственный грант в размере более 1,5 млн тенге на открытие сварочного цеха. Наличие собственного дела позволило ему легально интегрироваться в общество и обеспечить семью стабильным доходом.

Эффективная координация прокуратуры Каратальского района позволила объединить усилия госорганов и бизнеса для решения важных социальных задач. Работа по обеспечению законности и превенции правонарушений в области Жетісупродолжается на системной основе.
 
Ссылка на сайт прокуратуры области Жетису:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1146400?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бас Прокурор Берік Асылов:
Доха қаласында (Катар) өткен Азия чемпионатында Қазақстанның стенд атудан ұлттық құрамасы шын мәнінде тарихи нәтижеге қол жеткізді.

Отандық спорт тарихында алғаш рет еліміздің құрамалары ересектер арасында да, жастар құрамасы арасында да бір мезгілде жалпыкомандалық бірінші орынды иеленді.

Бұл жетістіктің маңыздылығы - стенд ату олимпиадалық спорт түріне жататындығында. Мұнда бәсекелестік деңгейі өте жоғары, ал әрбір жеңіс - көпжылдық еңбек, темірдей тәртіп пен нағыз спорттық мінездің нәтижесі.

Сонымен қатар жарыс барысында қазақстандық спортшылар үш бірдей әлемдік және Азия рекордтарын жаңартты. Бұл - ұлттық мектептің дайындылығының жоғары деңгейін және халықаралық аренада бәсекеге қабілетті екенін айқын дәлелдейді.

Бұл табыс - федерацияның жүйелі жұмысының, бапкерлер штабы мен спортшылардың бірлескен еңбегінің, тәртіптің, мінездің және ортақ мақсатқа деген сенімнің нәтижесі.

Құраманы лайықты өнер көрсетулерімен құттықтаймын.

Алға Қазақстан 🇰🇿
Генеральный Прокурор Берик Асылов:
На прошедшем чемпионате Азии в Дохе (Катар) национальная сборная Казахстана по стендовой стрельбе добилась по-настоящему исторического результата.

Впервые в истории отечественного спорта наши команды заняли первое общекомандное место одновременно среди взрослых и среди молодежных сборных.

Особую значимость этому достижению придаёт то, что речь идёт об олимпийском виде спорта, где уровень конкуренции крайне высок, а каждая победа - результат многолетнего труда, дисциплины и настоящего спортивного характера.

Кроме того, в ходе соревнований спортсменами Казахстана были установлены три мировых и азиатских рекорда, что подтверждает высокий уровень подготовки и конкурентоспособность нашей школы на международной арене.

Этот успех - результат системной работы федерации, тренерского штаба и самих спортсменов, их дисциплины, характера и веры в общую цель.

Поздравляю сборную с достойным выступлением.

Алға Қазақстан 🇰🇿
Жасыл қор қорғауда: табиғат қорғау прокуратурасы келтірілген залалды қатаң есептеуді қамтамасыз етті
 
Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы нормативтік құқықтық актіде сәйкессіздіктерді анықтады, бұл өсімдіктер дүниесіне келтірілген залал мөлшерін есептеу кезінде базалық мөлшерлемелердің дұрыс қолданылмауына әкеп соққан.
 
Елді мекендердегі жасыл желектерді құру, күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі Үлгілік қағидаларға сәйкес, ағаштарды кесу кезіндегі залал көлемі орман қоры үшін көзделген базалық мөлшерлеме бойынша есептелген, ал ол елді мекендердегі жасыл желектерге қолданылмауы тиіс болатын.
 
Аталған мөлшерлемелердің негізгі айырмашылығы өлшем бірліктерінде: орман қоры үшін есептеу ағаштың текше метріне жүргізілсе, елді мекендердің жеріндегі жасыл желектер үшін әрбір ағаш немесе бұта бойынша неғұрлым жоғары базалық мөлшерлемемен есептеледі. Бұл өз кезегінде құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті арттырады.
 
Қабылданған шаралардың нәтижесінде, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен Үлгілік қағидаларға тиісті базалық мөлшерлемелерді қолдану бөлігінде өзгерістер енгізілді.
 
Аталған өзгерістер бағалау есебін түзетіп, елді мекендердің өсімдіктер дүниесіне келтірілген залал мөлшерін бірнеше есе арттырады. Бұл табиғатты қорғау заңнамасын бұзған тұлғалардың жауапкершілігін дұрыс саралауға мүмкіндік береді.
 
Қадағалау органы нормативтік құқықтық актілерді қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тұрақты түрде зерделеп, белгіленген талаптарды халықтың назарына жеткізу және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 
 
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1146590?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Зеленый фонд под защитой: природоохранная прокуратура обеспечила строгий расчет причиненного ущерба
 
Специализированной природоохранной прокуратурой СКО выявлены несоответствия в нормативном правовом акте, что влекло некорректное применение базовых ставок при исчислении размера вреда растительному миру.
 
В соответствии с Типовыми правилами создания, содержания и защиты зеленых насаждений в населенных пунктах размер ущерба при вырубке деревьев определялся по базовой ставке, предназначенной для лесного фонда вместо зеленных насаждении населенных пунктов.
 
Основное различие между ставками заключается в единицах измерения: для лесного фонда расчет ведется за кубический метр древесины, а для зеленых насаждений на землях населенных пунктов — за каждое дерево или кустарник с более высокой базовой ставкой, что повышает ответственность за нарушение.
 
Принятыми мерами, при поддержке Генеральной прокуратуры РК и Министерства экологии и природных ресурсов РК, внесены изменения в Типовые правила в части приминения соответствующих базовых ставок.  
 
Данные изменения корректируют расчет оценки и в разы увеличат сумму ущерба, причиненного растительному миру населенных пунктов нашей страны, что отразиться на правильной квалификации ответственности лиц, нарушающих природоохранное законодательство.
 
Надзорным органом на постоянной основе изучаются нормативные правовые акты на соответствие требованиям действующего законодательства, с доведением и разъяснением установленных требований до сведения населения.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Северо – Казахстанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1146590?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Шымкентте 139 мың оқушы ауқымды құқықтық акцияға қатысты
 
Шымкент қаласы прокуратурасының бастамасымен мегаполистің білім беру мекемелерінде «Bala Protect» жобасы аясында құқықтық акция өтті.

Қаланың 164 мемлекеттік мектебінде 6-11 сынып аралығындағы 139 мың оқушы «Заң мен тәртіп» тақырыбында бірыңғай диктант жазды.

Шараның негізгі мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңды құрметтеуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға баулу.

Диктант мазмұны оқушыларға әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіндіруге және құқықтық сауаттылықтарын арттыруға бағытталған.

Мұндай шаралар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуғажәне мемлекетіміздің «Заң мен тәртіп» қағидатын ұстанатын берік қоғам ретінде дамуына септігін тигізеді.
 
Шымкент қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/1146769?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В Шымкенте 139 тысяч школьников приняли участие в масштабной правовой акции
 
По инициативе прокуратуры города Шымкента в рамках проекта «Bala Protect» в образовательных учреждениях мегаполиса прошла правовая акция.

В 164 государственных школах города 139 тысяч учащихся 6–11 классов написали единый диктант на тему «Закон и порядок».

Основная цель мероприятия — формирование у подрастающего поколения правовой культуры, воспитание уважения к закону и соблюдению общественного порядка.

Содержание диктанта было направлено на то, чтобы помочь учащимся осознать ответственность каждого гражданина перед обществом и повысить их правовую грамотность.

Подобные мероприятия способствуют профилактике правонарушений среди подростков и развитию нашего государства как устойчивого общества, придерживающегося принципа «Закон и порядок».
 
Ссылка на сайт прокуратуры города Шымкент:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/1146769?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мүгедектігі бар адамдарға арналған қосымша жұмыс орындары прокурорлық қадағалау нәтижесінде қамтамасыз етілді
 
Облыс прокуратурасы 2024–2025 жылдар аралығында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді.
 
Талдау нәтижесінде олардың жұмыспен қамту шараларын іске асыру барысында елеулі заңбұзушылықтар анықталды.
 
Заңнамаға сәйкес мүгедектігі бар адамдардың еңбекке орналасу құқығы жергілікті атқарушы органдармен еңбек нарығының қажеттіліктері мен еңбекке қабілетті мүгедектігі бар адамдардың санына талдау жасау негізінде белгіленетін жұмыс орындары квотасы шеңберінде қамтамасыз етілуге тиіс.
 
Сонымен қатар, Ақмола облысы бойынша жалпы алғанда, еңбекке қабілетті мүгедектігі бар адамдардың едәуір санының болуына және кадр тапшылығының сақталуына қарамастан, жергілікті атқарушы органдармен бұрын бар-жоғы 34 квоталық жұмыс орны ғана көзделгені анықталды.
 
Бұл заңнама талаптарына және еңбек нарығындағы нақты жағдайға сәйкес келмейді.
 
Жұмыс орындары квотасын белгілеу және іске асыру бойынша жүйелі әрі негізделген жұмыстың болмауы мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарының бұзылуына, сондай-ақ тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге және әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды еңбек нарығына ықпалдастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарына нұқсан келтірді.
 
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуға арналған жұмыс орындары квотасы 2026 жылға 117-ге дейін ұлғайтылды.
 
Облыс прокуратурасы осы бағыттағы жұмысты жалғастырады.

Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1146896?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Дополнительные рабочие места для лиц с инвалидностью обеспечены по результатам прокурорского надзора
 
Прокуратурой области проведен анализ соблюдения законодательства в сфере защиты прав лиц с инвалидностью за 2024–2025 годы.
 
В ходе анализа выявлены существенные нарушения при реализации мер по их трудоустройству.
 
Законодательством предусмотрено право лиц с инвалидностью на трудоустройство в рамках квоты рабочих мест, устанавливаемой местными исполнительными органами на основе анализа потребностей рынка труда и численности трудоспособных граждан с инвалидностью.
 
Вместе с тем установлено, что по Акмолинской области в целом, несмотря на наличие значительного количества трудоспособных лиц с инвалидностью и сохраняющийся кадровый дефицит, местными исполнительными органами ранее было предусмотрено всего 34 квотных рабочих места, что не соответствовало требованиям законодательства и фактической ситуации на рынке труда.
 
Отсутствие системной и обоснованной работы по установлению и реализации квот привело к нарушению законных прав лиц с инвалидностью, а также подрыву ключевых приоритетов государственной социальной политики, направленной на обеспечение равных возможностей и интеграцию социально уязвимых категорий граждан в рынок труда.
 
По акту прокурорского надзора квота рабочих мест для трудоустройства лиц с инвалидностью на 2026 год увеличена до 117.
 
Прокуратура области продолжит работу в данном направлении.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Акмолинской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1146896?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Абай облысында «Құқықтық дәріхана» айлық акциясы өткізілуде

Абай облысында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды «Құқықтық дәріхана» айлық акциясы өткізілуде.

Іс-шаралар жеке және көшпелі қабылдауларды, түсіндіру кездесулерін қоса алғанда, түрлі форматта ұйымдастырылуда. Акция облыстың барлық қалалары мен аудандарын қамтиды.

Азаматтардың жаппай жиналатын орындарында, оның ішінде Семей қаласындағы «Avenue» және «Апрель» сауда-ойын-сауық орталықтарында консультациялық алаңдар ұйымдастырылды.

Азаматтарды қабылдауды құқық қорғау органдарының, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, сондай-ақ адвокаттар, заңгерлер, нотариустар, сот орындаушылары және басқа да мамандар жүзеге асыруда.

Азаматтар қылмыстық, әкімшілік, азаматтық және өзге де заңнама салаларындағы өзекті мәселелер бойынша кеңес алуға мүмкіндік алады.

300-ден астам азаматқа құқықтарын қорғау, мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібі, мүліктік және отбасылық дауларды шешу, сондай-ақ өзге де құқықтық жағдайлар бойынша түсіндірме берілді.

«Құқықтық дәріхана» акциясын өткізу азаматтардың құқықтық санасын нығайтуға, халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

#Заңментәртіп

Абай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1147147?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM