Қазақстан Бас прокуратурасы
17.3K subscribers
2.41K photos
2.21K videos
40 files
8.98K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
На базе ТИРа олимпийской стрельбы «Алау» проведен чемпионат по стрельбе из боевого оружия (пистолет Макарова) среди сотрудников органов прокуратуры, посвященный празднованию Дня образования органов прокуратуры Республики Казахстан.

В соревновании приняли участие 25 команд в составе 100 участников.

По итогам, победителями соревнований стали команды:
1 место – прокуратура Алматинской области;
2 место – прокуратура Мангистауской области;
3 место – прокуратура г.Алматы.
 
В личном первенстве победители:
среди мужчин:
1 место – Копбаев Расул Сейфуллаевич, заместитель прокурора Талгарского района Алматинской области;
2 место – Майлыбаев Қайрат Түгелбайұлы, старший прокурор отдела по защите общественных интересов прокуратуры Мангистауской области;
3 место – Өмірсеріков Азамат Жалғасұлы, прокурор Группы по поддержанию государственного обвинения прокуратуры города Ақтөбе прокуратуры Актюбинской области;
 
среди женщин:
1 место
– Шукеева Динара Абдивалиевна, старший прокурор прокуратуры Илийского района Алматинской области;
2 место – Қуаныш Айша Төрегельдықызы, прокурор отдела по поддержанию государственного обвинения прокуратуры района Әлихан Бөкейхан города Караганды прокуратуры Карагандинской области;
3 место – Исмагулова Тамириса Куандыковна, военный прокурор группы кадровой работы Главной военной прокуратуры.
 
Также за вклад в проведении соревнования и за лучшее судейство грамотой награжден Инструктор по огневой подготовке Управления материально-технического обеспечения при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан Алиев Аскар Зангарович.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Шымкент прокурорлары жалақы бойынша берешекті өтеуге қол жеткізді
 
Қала прокуратурасы банкроттық рәсімі жүріп жатқан кәсіпорындарда 68 жұмыскер алдында 86,3 млн теңге жалақы қарызы бойынша кредиторлық берешекті өтеу рәсімінде бірқатар бұзушылықтарын анықтады.

Прокурорлық қадағалау актілерімен меншігіндегі «LEXUS LX 570» автокөлікті екі жылдан астам уақыттан бері банкроттықты басқарушыға табыстамаған банкроттық рәсімі жүріп жатқан заңды тұлғаның басшысы ҚР ӘҚБтК-нің 176-бабының 1-бөлігімен (550 480 теңге әкімшілік айыппұл) және 8 автокөлікті сатуды созбаландыққа салып, 22 жұмыскер алдында 26,1 млн теңге жалақы қарызы бойынша кредиторлар талаптарын орындамаған «Конти-Строй» ЖШС-нің банкроттықты басқарушысы ҚР ӘҚБтК-нің 179-бабының 23-бөлігімен (82 572 теңге әкімшілік айыппұл) әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар, анықталған заңдылықты бұзушылықтар жойылып, «ҰЛАН-СЕРВИС» ЖШС екі жұмысшыға 5,4 млн теңге жалақы қарызын өтеді және интернет-ресурста жарияланған кредиторлар талаптарының тізілімі үлгілік нұсқаға сәйкес келтірілді. 
 
Шымкент қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/1119663?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуроры Шымкента добились погашения задолженности по заработной плате
 
Прокуратурой города Шымкент выявлены нарушения законности при исполнении обязательств по погашению кредиторской задолженности в размере 86,3 млн тенге перед 68 работниками в предприятиях, находящихся в процедуре банкротства.

Актами прокурорского надзора к административной ответственности по части 1 статьи 176 КоАП РК (административный штраф — 550 480 тенге) привлечены руководитель юридического лица, в отношении которого проводится процедура банкротства, не передавший на протяжений более двух лет банкротному управляющему автомобиль марки «LEXUS LX 570», а также по части 23 статьи 179 КоАП РК (административный штраф — 82 572 тенге) банкротный управляющий ТОО «Конти-Строй», не исполнявший требования кредиторов по погашению задолженности по заработной платеперед 22 работниками на сумму 26,1 млн тенге путем затягивания срока продажи 8 автомобилей.

Кроме того, устранены выявленные нарушениязаконности, в том числе путем погашения ТОО «УЛАН-СЕРВИС» задолженности по заработной плате перед 2 работниками на сумму 5,4 млн тенгеи приведения в соответствие с типовой формой реестров требований кредиторов, опубликованныхв интернет-ресурсе. 
 
Ссылка на сайт прокуратуры города Шымкент:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/1119663?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Маңғыстау облысының прокуратурасында жазаларды орындау және сотталғандарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері талқыланды
 
«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде облыс прокуроры Серікқали Күшәлиевтің төрағалығымен жазаны орындау және сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мәселелері бойынша ведомствоаралық жиналыс өткізілді.
 
Іс-шараға құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты.
 
Жиналыста түзеу мекемелері мен пробация қызметінің жұмысы, сондай-ақ сотталғандарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері талқыланды.
 
Айта кету керек, биыл облыс прокуратурасының бастамасымен Қылмыстық-атқару жүйесінің материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін жергілікті бюджеттен 411 млн теңге бөлінді.
 
Аталған қаражатқа 8 жеңіл автомобиль, «Лорнет» рентгендік сканер аппараты, 100 бейнетіркегіш және 100 бейнекамера, мультимедиялық терминал, компьютерлер және т.б. сатып алынды.
 
«Телемедицинаны» енгізу және дәрігерлердің түнгі кезекшілігін ұйымдастыру арқылы қамаудағылардың шағымдары 30%-ға төмендеді.
 
Сотталғандарды әлеуметтендіруге 11 млн теңге бөлінді, сондай-ақ 93 сотталғанға жалпы сомасы 12 млн теңге біржолғы материалдық көмек көрсетілді.
 
Кеңес қорытындысымен сотталғандарды әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
 
Сондай-ақ түзеу мекемелерде тәртіпті сақтау туралы міндеті қойылды.

Маңғыстау облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/1119513?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В прокуратуре Мангистауской области обсудили вопросы исполнения наказаний и социальной поддержки осужденных
 
В рамках реализации Концепции «Закон и Порядок» под председательством прокурора области Сериккали Кушалиева проведено межведомственное совещание по вопросам состояния исполнения наказания и ресоциализации осужденных.
 
В мероприятии приняли участие руководители правоохранительных и местных исполнительных органов.
 
На совещании были обсуждены вопросы деятельности исправительных учреждений и службы пробации, а также оказания социальной поддержки осужденным.
 
Необходимо отметить, что в т.г. по инициативе прокуратуры области из местного бюджета выделено 411 млн тенге для улучшения материально-технической базы Уголовно-исполнительной системы.
 
На указанные средства приобретены 8 легковых автомобилей, аппарат рентгеновского сканера «Лорнет», 100 видеорегистраторов и 100 видеокамер, мультимедийный терминал, компьютеры и другое.
 
Внедрение «телемедицины» и организация ночного дежурства врачей позволило снизить количество жалоб заключенных на 30%.
 
На ресоциализацию осужденных выделено 11 млн тенге, а также оказана единовременная материальная помощь 93 осужденным на общую сумму 12 млн тенге.
 
По итогам заседания даны конкретные поручения по ресоциализации и обеспечению трудозанятости осужденных.
 
Также поставлена задача продолжить работу по соблюдению режима в исправительных учреждениях.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Мангистауской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/1119513?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Берік АСЫЛОВ, Бас прокурор: Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда

Қараша айында Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің ішкi саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді. Онда құқықтық мемлекеттің іргетасы және азаматтардың қоғамдық әрі жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етудің базалық шарты ретінде «Заң мен Тәртіп» қағидаты айқындалған. Осы қағидатты прокуратура органдары қалай іске асырып жатқаны туралы Бас прокурор Берік Асыловпен сұхбаттастық.

Егемен Қазақстан 05.12.2025 жылы

https://egemen.kz/article/400839-berik-asylov-bas-prokuror-azamattardynh-quqyghyn-qorghau-%E2%80%93-basty-nazarda
Ключевой ориентир – человекоцентричность

Глава государства в ноябре своим указом одобрил основные принципы, ценнос­ти и направления внутренней политики страны, и в качестве фундамента правового государства и базового условия обеспечения общественной и индивидуальной безопасности граждан обозначен принцип «Закон и Порядок». О том, как органы прокуратуры реализуют эту установку, обеспечивая соблюдение законности и защиту прав граждан, мы беседуем с Генеральным прокурором РК Бериком АСЫЛОВЫМ.

Казахстанская правда
05.12.2025 год

https://kazpravda.kz/n/klyuchevoy-orientir-chelovekotsentrichnost/
Бас Прокурор Берік Асыловтың «Егемен Қазақстан» газетіне 05.12.2025 жылы берген сұхбатынан:

– Берік Ноғайұлы, жоғары қадаға­лау, жалпы прокуратура жүйесіндегі жаңашылдық туралы айтып өтсеңіз. Қазіргі сын-қатерлердің өскеніне қарай прокуратура да өз қада­ғалау тетіктерін жетілдіріп отырғанын көріп отырмыз.

– Иә, расында да, бүгінгі трансформациялық үдерістер қоғам өмірінің барлық саласын қамтып отыр. Өзгерістердің бас­ты мақсаты – азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, жеке қауіп­сіздігі және құқықтарының қорғалуын, сондай-ақ олар­дың мүлкінің сақталуын қамта­масыз ету. Бұл үдерістердің идеоло­гия­лық негізі – Президент жа­риялаған «Заң мен Тәртіп» тұ­жырымы. Бұл қағи­дат қо­ғам­дық құқықтық сананы жа­ңар­тудың негізі бола отырып, халықтың жан-жақты қолдауына ие.

Маусым айында құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында Мемлекет басшысы осы идеологеманы ілгерілетудің маңыздылығын атап өтіп, құ­қық қорғау жүйесін жетілдіру қажеттілігіне назар аударды. Бұл тезис Президенттің қараша айындағы Жарлығында жалғасын тапты. Онда «Заң мен Тәртіп» қағидаты соттар мен құқық қор­ғау құрылымдарының тиімді жұмысы, цифрлық технология­лар мен жасанды интеллектті енгізу арқылы құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру, халықтың құқық қорғау жүйесіне деген сенім деңгейін арттыру арқылы жүзеге асырылады.

Осы мақсатта прокуратураның қызмет форматы қайта пайым­далып, адамға бағдарлану және уақ­тылы іс-қимыл жасауға баса назар аударылады. Адам, оның өмірі, құқықтары мен бос­тан­дықтары ең жоғары консти­туциялық құндылықтары болып саналатындықтан, сервистік тәсілді жақсарту мақсатында қадағалау функциялары жетіл­діріліп, IT шешімдер енгізіліп жатыр.

https://egemen.kz/article/400839-berik-asylov-bas-prokuror-azamattardynh-quqyghyn-qorghau-%E2%80%93-basty-nazarda
Из интервью Генпрокурора Берика Асылова газете «Казахстанская правда» от 05.12.2025 года:

– Берик Ногаевич, расскажите об обновлениях в высшем надзоре и в целом в сис­теме прокуратуры, ведь мы видим, что она, следуя динамике современных вызовов, тоже совершенствует свои надзорные инструменты.

– Действительно, сегодня трансформационные процессы охватывают все сферы жизни общества. Главная цель преобразований – социальное благополучие, личная безопасность и защита прав граждан, сохранность их собственности.

Идеологической базой этих процессов является провозглашенный Президентом общественный концепт – «Закон и Порядок». Данный принцип, будучи основой обновления общественного правосознания, имеет всеобъемлющую поддерж­ку населения страны.

На расширенном заседании коллегии правоохранительных органов в июне Глава государства, подчеркивая важность продвижения указанной идео­логемы, обратил внимание на необходимость совершенствования правоохранительной системы. Этот тезис нашел продолжение в ноябрьском указе Президента, в котором закреп­лено, что принцип «Закон и Порядок» реализуется через эффективную работу судов и правоохранительных структур, совершенствование правоприменительной практики путем внедрения цифровых технологий, искусственного интеллекта, повышения уровня общественного доверия к правоохранительной системе.

В этих целях идет переосмыс­ление формата деятельности прокуратуры с акцентом на человекоцентричность и проактивность. Совершенствуются надзорные функции и внедряются умные IT-решения для улучшения сервисного подхода, в центре которого должны быть человек, его жизнь, права и свободы.

https://kazpravda.kz/n/klyuchevoy-orientir-chelovekotsentrichnost/
Бас Прокурор Берік Асыловтың «Егемен Қазақстан» газетіне 05.12.2025 жылы берген сұхбатынан:

– Қадағалау қызметінде «адамға бағдарланған» және сервистік тәсіл қалай көрініс табатынын айтып өтсеңіз?

– Адамға бағдарланғандық – заңдылықты қамтамасыз ету­дің негізгі бағыты және қада­ға­лау қызметінің басты өлше­мі. Бұл қағида Қазақстан Рес­пуб­ликасында мемлекеттік басқа­руды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасынан
туындайды. «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» бұл Президенттің берік ұстанымы және барлық мемлекеттік органға қойып отырған талабы.

Қадағалау қызметінің басты көрсеткіші – азаматтар мүдде­сінің қорғалуы және жұмыстың нәтижелі болуы. Сондықтан әлеуметтік сала, еңбек, тұрғын үй, денсаулық сақтау, экология және өзге де салаларда азаматтардың құқықтарын қорғауға айрықша мән беріледі және әртүрлі себеппен құқықтарын өз бетінше қорғай алмайтын адамдарда прокуратураның бас­ты на­зарында. Мысалы, биыл проку­рорлардың күшімен 2 млрд теңгеден аса жалақы борышы өндіріліп алынды.

Әртүрлі салада балалар­дың құқықтарын қорғау басым­дылыққа ие. Балалардың али­ментті уақтылы алуы ерекше бақылауда. Биыл прокурор­лар­дың араласуымен 15 млрд теңгеден аса алимент борышы өндірілді. Жұмыспен қамту мекемелері мен кәсіпкерлердің күшімен жұмыссыз 8 мың­нан аса алимент төлеуші жұмысқа орналастырылды. Прокурорлар 2 мың балалар үйі тәрбиеленушісінің тұрғын үйге құқықтарын қалпына келтірді, олардың 675-сі баспаналы болды.

Прокурорлар қылмыстық процеске қатаң бақылау жасайды, өйткені азаматтар осы мәселе бойынша жиі шағымданады. Прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының негізгі процестік шешімдерін бекіте отырып, мән-жайға және жиналған дәлелдемелерге айып­тайтын да, ақтайтын да баға береді. Егер қылмыс құрамы болмаса немесе адамның кінәсін дәлелдейтін айғақтар жеткіліксіз болса, қылмыстық қудалауды тергеудің бастапқы кезеңінде-ақ тоқтатады. Орта есеппен жыл сайын тергеп-тексерілетін қыл­мыстық істің 35–40%-ы тоқта­тылады. Тек кейінгі бес жылда прокурорлар 14 мыңнан аса адамға қатысты негізсіз қылмыс­тық қудалаудың жолын кесті. Енгізілген наразылық бойынша 868 адамға қатысты сот үкім­дері мен қаулылары заңға сәйкес­тендірілді, 134 сотталған адамның жағдайы жақсартылды, олардың жазасы, оның түрі мен мерзімі жеңілдетілді.

Прокурорлардың бастамасымен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жаңа өндірістер ашылып, жұмыс орындары құ­рылып, жалақы төленіп жатыр. Бас бостандығынан айы­рыл­ғандардың 65%-дан астамы еңбекпен қамтылған, медици­налық көмек, білім сапасы жақсара түсті.

Біздің бастамамызбен «Еңбек» республикалық мемлекеттік және жеңіл өнеркәсіп кәсіп­орындарының қатысуымен консорциум құрылды. Үйлестіру жұмыстарымен пробациялық бақылауда тұрған, сондай-ақ қылмыстық-атқару мекеме­лерінен босатылған 3 мыңнан аса адам жұмыспен қамтамасыз етілді, ал 44 адамға өз ісін ашу үшін өтеусіз гранттар берілді.

https://egemen.kz/article/400839-berik-asylov-bas-prokuror-azamattardynh-quqyghyn-qorghau-%E2%80%93-basty-nazarda
Из интервью Генпрокурора Берика Асылова газете «Казахстанская правда» от 05.12.2025 года:

– В чем проявляется человекоцентричность и сервисный подход в надзорной работе?


– Человекоцентричность – это ключевой вектор обеспечения законности и базовый ориентир надзорной деятельности. Данный постулат следует из Концепции развития государственного управления до 2030 года. «Не человек для государства, а государство для человека» – это принципиальная позиция Президента и его требование для всех госорганов.

В надзорной деятельности главным индикатором является ощущение каждым реальной защиты и действенного эффекта от нашей работы. В зоне повышенного внимания находятся социальная сфера, трудовые, жилищные отношения, здравоохранение, вопросы экологии и, главное, соблюдение прав тех, кто в силу разных обстоятельств не может самостоятельно защищать свои законные интересы.

К примеру, в текущем году усилиями прокуроров взысканы долги по зарплате на сумму более двух миллиардов тенге. Важный приоритет – защита прав детей в разных сферах жизни. Самая ощутимая из них – свое­временное получение детьми алиментов.

В текущем году при содействии прокуроров погашены долги по алиментам на сумму свыше 15 миллиардов тенге, совместными усилиями органов занятости и предпринимателей трудоустроено свыше 8 тысяч безработных алиментщиков. Прокурорами восстановлены права на жилье двух тысяч воспитанников детских домов, из которых 675 получили квартиры.

Прокуроры осуществляют жесткий контроль в уголовном процессе, именно в этой сфере права человека являются наиболее уязвимыми. Утверждая ключевые решения органов досудебного расследования, прокурор дает оценку обстоятельствам и собранным доказательствам как уличающим, так и оправдывающим, и если отсутствует состав преступления или нет доказательств виновности лица, то прекращает уголовное преследование на ранних стадиях следствия. В среднем в год прекращается порядка 35–40 процентов от всех расследуемых уголовных дел.

За последние пять лет прокуроры пресекли необоснованное уголовное преследование свыше 14 тысяч лиц. По нашим протес­там приведены в соответствие с законом судебные приговоры и постановления в отношении 868 лиц, улучшено положение 134 осужденных, им смягчено наказание, его вид или размер.

По инициативе прокуроров в учреждениях уголовно-исполнительной системы открываются новые производства, создаются рабочие места, выплачивается заработная плата. Трудоустроено более 65 процентов осужденных, улучшается их медицинское обеспечение, предоставляются образовательные услуги.

По нашей инициативе соз­дан консорциум с участием РГП «Еңбек» и предприятий легкой промышленности. При нашей координации в текущем году рабочими местами были обеспечены более трех тысяч лиц, находящихся на пробационном контроле, в том числе освободившихся из учреждений УИС, 44 выданы безвозмездные гранты для открытия собственного дела.

https://kazpravda.kz/n/klyuchevoy-orientir-chelovekotsentrichnost/
Бас Прокурор Берік Асыловтың «Егемен Қазақстан» газетіне 05.12.2025 жылы берген сұхбатынан:

– Прокуратура органдары инвесторларды қорғау үшін ауқымды жұмыс атқарады. Бизнесті қорғау үшін жалпы не істеліп жатыр?


– Заңды кәсіпкерлікті қолдау, оның ішінде инвесторларды қорғау экономиканың дамуы­на қосымша серпін береді. Прокурорлардың міндеті – бизнес үшін қолайлы құқықтық жағдай жасау, мемлекеттік органдар мен монополистер тарапынан болуы мүмкін заң бұзушылықтардың алдын алу.

Инвесторларға құқықтық қолдауды күшейту мақсатында заң жүзінде прокурорлық сүзгі енгізілді. Енді бірде-бір мем­лекеттік органның прокурормен келіспей, инвесторды тексеруге, әкімшілік жауаптылыққа тартуға, қызметін тоқтатуға, лицензияларды кері қайтаруға, келісімшарттарды біржақты бұзуға немесе сотқа талап қоюға құқығы жоқ. Бұл шаралар инвес­торлар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды үш есеге қысқаруға мүмкіндік берді.

Прокурорлардың инвес­ти­циялық жобаларды сүйемел­деуі 3 трлн теңгеге 200-ден аса жобаны іске қосуға, 15 мыңнан аса жұмыс орнын құруға мүмкін­дік берді. Мәселен, прокуратура органдарының арқа­сында Ұлытау өңіріндегі темір-марганец кен орнына 1,4 млн доллар ин­вес­тиция салған шетелдік ин­вес­тордың меншік құқығы қал­пына келтіріліп, мүлкін заң­сыз иемденген адамдарға қатысты қыл­мыстық іс сотқа жолданды.

Маңғыстау облысының прокуратурасы «Aktau Mall» ЖШС-ға инвестициялық нысандарын қала инфрақұрылымына қосу­ды жеделдетуге ықпал етті. Ком­панияның инвестиция көлемі – 20 млрд теңге, 1 500 жұмыс орны ашылды.

Абай облысында прокура­тураның қолдауымен «DiNur» ЖШС инвесторына күнбағыс майын өндіретін зауыт салу жобасын жүзеге асыруға жер учас­кесі берілді. Шығыс Қазақ­стан облысында Бас көлік про­куратурасының араласуынан кейін «Востокмашзавод» АҚ вагондардың бос тұрғаны үшін заңсыз есептелген 3,9 млрд теңге төлемнен босатылды.

Бүгінде прокурорлар 76 трлн теңгеден аса инвестиция сал­ған 2 мыңға жуық инвесторды сүйемелдеп отыр. Бұл жұмысқа Президенттің тапсырмасы бойынша құрылатын Инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитет қосымша серпін береді.

Кәсіпкерлікті дамыту азамат­тардың әл-ауқатын арттыруға, жұмыс орындарын құрып, жұ­мыс­сыздықты азайтуға ықпал ететінін, бұл өз кезегінде елдегі кри­миногендік жағдайдың жақ­са­руына оң әсерін тигізетінін тағы да атап өткім келеді. Биыл қылмыстық құқықбұзушылық 9%-ға, оның ішінде аса ауыр қылмыс 62%-ға төмендеді, көше қылмысы 8%-ға кеміді. Кәсіп­керлерді қылмыстық процестерге тарту жағдайы да түбегейлі азайды: мысалы, 2021 жылы 1,5 мың­нан аса іс тіркелсе, биыл небәрі 231 іс тіркелді. Жалпы, прокурорлар 140 мың кәсіпкердің құқығын қорғады.

https://egemen.kz/article/400839-berik-asylov-bas-prokuror-azamattardynh-quqyghyn-qorghau-%E2%80%93-basty-nazarda
Из интервью Генпрокурора Берика Асылова газете «Казахстанская правда» от 05.12.2025 года:

– Прокуратура ведет масштабную работу по поддерж­ке инвесторов. Что именно делается для защиты бизнеса?


– Поддержка законного предпринимательства, в том числе защита инвесторов, имеет мультипликативный эффект для всей экономики. Задача прокуроров – благоприятный климат для бизнеса и предотвращение возможных нарушений их законных интересов со стороны госорганов и монополистов.

В целях усиления правовой поддержки инвесторов законодательно установлен прокурорский фильтр, и теперь ни один госорган без согласования с прокурором не вправе проверять инвестора, привлекать к адмответ­ственности, приос­танавливать его деятельность, отзывать лицензии, в одностороннем порядке расторгать конт­ракты и вносить иски. Эти меры уже повлияли на сокращение на треть споров между инвесторами и госорганами.

Сопровождение прокурорами позволило запустить более 200 проектов на сумму три триллиона тенге с созданием свыше 15 тысяч рабочих мест. В течение года оказана правовая помощь более чем тысяче инвесторов. К примеру, благодаря органам прокуратуры восстановлено право собственности иностранного инвестора, вложившего 1,4 миллиона долларов в железомарганцевое месторождение в области Улытау, а в отношении лиц, незаконно завладевших его имуществом, в суд направлено уголовное дело.

Прокуратура Мангистауской области помогла ускорить подключение к инфраструктуре города объектов инвестора ТОО «Aktau Mall». Объем инвестиций – 20 миллиардов и рабочие места на полторы тысячи человек.

В области Абай при содействии прокуратуры предоставлен земельный участок инвес­тору ТОО «DiNur», который строит завод по изготовлению подсолнечного масла. В ВКО после вмешательства Главной транспортной прокуратуры АО «Востокмашзавод» освобож­дено от уплаты 3,9 миллиарда тенге, незаконно начисленных за простой и хранение вагонов.

На сегодня прокуроры сопровождают порядка двух тысяч инвесторов, объем вложений которых свыше 76 триллионов тенге. Дальнейший импульс этой работе придаст создание по поручению Главы государства профильного Комитета по защите прав инвесторов.

Еще раз подчеркну, развитие предпринимательства способствует укреплению материального благополучия граждан, созданию рабочих мест и сок­ращению безработицы, что, в свою очередь, оказывает положительное влияние на оздоровление криминогенной ситуации в стране. В текущем году преступность снизилась на 9 процентов, в том числе особо тяжкие преступления – на 62 процента, на 8 процентов меньше уличной преступности. Кардинально снизилось вовлечение предпринимателей в уголовную сферу: если в 2021 году было зарегистрировано более 1,5 тысячи дел, то в этом – 231. В целом прокурорами защищены права 140 тысяч предпринимателей.

https://kazpravda.kz/n/klyuchevoy-orientir-chelovekotsentrichnost/
Бас Прокурор Берік Асыловтың «Егемен Қазақстан» газетіне 05.12.2025 жылы берген сұхбатынан:

– Заңсыз иемделінген актив­терді мемлекетке қайтару жұмы­сы қандай нәтиже берді?


– Бүгінгі таңда прокуратура органдары заңсыз шығарылған 1,3 трлн теңгеден аса соманың активтерін қайтару бойынша шаралар қабылдады. Жекелеген субъектілер 5,2 трлн теңгеге 12 ірі инвестициялық жобаны, сондай-ақ 120 млрд теңгеден аса сомаға 59 әлеуметтік жобаны іске асырып жатыр.

Қайтарылған активтер ха­лық­тың өмір сүру сапасын арт­ты­руға бағытталады. Осы қара­жат есебінен шамамен 480 млрд теңгеге 434 нысан салынып жатыр. 180 медициналық ны­сан құрылысы шалғай ауылдар­ды шұғыл медициналық көмек­пен қамтамасыз етеді, 11 білім ұйымы мен 5 спорт кешені өскелең ұрпақтың дамуына жағдай жасайды. 217 сумен жаб­дықтау объектісін жаңғырту ауыл тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Павлодар, Арқалық және Балқаш қалаларындағы әуежай­ларды қайта салу осы өңір тұрғын­­дарының жүріп-тұруы мен туристік әлеуетін арттырады.

Қайтарылған қаржы есебінен 108 әлеуметтік нысан салы­нып бітті. Оның ішінде 25 фельд­шерлік-акушерлік пункт, 15 меди­циналық пункт, 13 дәрігерлік амбулатория және 2 аурухана бар. Олардың көпшілігі ауылдық жерде орналасқан.

https://egemen.kz/article/400839-berik-asylov-bas-prokuror-azamattardynh-quqyghyn-qorghau-%E2%80%93-basty-nazarda
Из интервью Генпрокурора Берика Асылова газете «Казахстанская правда» от 05.12.2025 года:

– Каковы результаты работы по возврату государству незаконно приобретенных активов?


– На сегодня органами прокуратуры приняты меры к возврату незаконно выведенных активов на сумму более 1,3 триллиона тенге. Кроме того, отдельные субъекты реализуют 12 крупных инвестпроектов на 5,2 триллиона тенге и 59 соцпроектов более чем на 120 миллиардов тенге.

Возвращенные активы направляются на повышение качества жизни населения. За счет этих средств строится 434 объекта на сумму свыше 480 миллиардов тенге. Строительство 180 медицинских учреждений обеспечит жителей отдаленных сел неотложной медпомощью, 11 образовательных учреждений и 5 спорткомплексов соз­дадут условия для развития подрастаю­щего поколения.

Модернизация 217 объектов водоснабжения обеспечит питьевой водой жителей сельской местности. Реконструкция аэропортов в Павлодаре, Аркалыке и Балхаше повысит мобильность их жителей и туристский потенциал региона.

За счет возвращенных средств уже построено 108 объектов социальной инфраструктуры, в том числе 25 фельдшерско-акушерских пунктов, 15 медпунк­тов, 13 врачебных амбулаторий и две больницы, большинство из них в сельской местности.

https://kazpravda.kz/n/klyuchevoy-orientir-chelovekotsentrichnost/
Бас Прокурор Берік Асыловтың «Егемен Қазақстан» газетіне 05.12.2025 жылы берген сұхбатынан:

– Прокурорлар өз жұмы­сында қандай жаңа технология­ны қолданады?


– Әлемде киберқылмыстың өсу үрдісі байқалады. Біз де оған қарсы күресу мақсатында цифрлық шешімдерді белсенді енгізіп жатырмыз. Ұлттық банк жанындағы Антифрод орталығы тиімді жұмыс істейді. Оның көмегімен кибералаяқтар азаматтарымыздан жымқырмақ болған 2,3 млрд теңге бұғатталды. Оның ішінде 1,9 млрд теңгені аударуға жол берілмеді, ал қылмыскерлер мен олардың делдалдарының шотына аударылған шамамен 500 млн теңге жәбірленушілерге қайтарылды. 138 топтың әреке­тіне тосқауыл қойылды. Олар интер­нетте деректер жинау, адамдар табу, байланыс құрал­дарын сатып алу және техни­ка­лық қолдау, ұрланған қара­жатты аудару мен қолма-қол қаражатқа айырбастау заңсыз әрекеттерімен айналысқан. Бір мезгілде мыңдаған азаматымызға жаппай қоңырау шалатын sim-box құралдары анықталып жатыр. Биыл осындай 100-ден аса құрылғы тәркіленді, ішінде шетел азаматтары да бар құқық бұзушылар ұсталды.

Прокуратура «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесе отырып, Анти­фрод-Call орталығын іске қосты. Оның көмегімен 180 мыңнан аса қоңырау бұғатталды. Шетелдік әріптестермен бірге 10 алаяқтық Call-орталықтың қызметі тоқ­татылды. Цифрлық шешімдер құқық тәртібін қамтамасыз етудің басқа бағыттарына да енгізіліп жатыр. Мәселен, жазатайым адам өліміне әкеліп соғып жатқан жол-көлік оқиғалары үлкен резонанс тудырып отыр. Бұндай оқиғаларға жасалған талдау олардың басты себебі жол-көлік ережелерін жиі бұзу, қауіпті жол учаскелерінде сақтық шараларын сақтамау, жүргізушілердің шаршауы, денсаулықтың жарамсыздығы, оң рульді немесе техникалық ақауы бар көлікті заңсыз жүргізуінде екенін көрсетті.

Жақында өткен үйлестіру кеңесінде барқатар шаралар қабылдадық, заңнаманы жетілдіре түсеміз. Жол полициясы органдары мен жол қозғалысына қатысушыларды осындай және өзге де қауіптер туралы алдын ала хабарлайтын ведомствоаралық авто­маттандырылған жүйе ен­гізу жоспарлануда.

Құқық бұзу­­шы­лықтардың уақтылы алдын алу мақсатында жасанды ин­теллект элементтері бар бірқа­тар инновациялық жүйені енгіз­дік. Соның бірі – «Цифрлық қадағалау» платформасы. Бұл жүйеге мемлекеттік органдардың базалары, ақылды бейнекамералар және дрондар қосылған.
Жасанды интеллект арқылы іздестіруде жүрген адамдардың цифрлық іздерін мемлекеттік шекарадан өту, мекемелерден қызмет алу кезінде, қоғамдық орындарда бейнебақылау камераларына түсіп қалған кезде анықтауға болады. Биыл 5 мыңға жуық іздестіруде жүрген адам табылды. «Цифрлық қадағалау» жүйесі арқылы қылмыстар, әкім­шілік құқықбұзушылықтар, пенитенциарлық жүйе және қадағалаудың басқа да салаларында есепке алу-тіркеу тәртібінің сақталуы заңдылығын қамтамасыз етуде IT шешімдер кеңінен енгізіліп жатыр.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде Қылмыстық қауіп-қатер­дің және қоғамдық қауіп­сіз­дік­­тің тәуекелдерін болжау орта­­лығы құрылды. Орта­лық жуыр­­да автокөлік жүргізу­ші­ле­ріне айыппұлды желеу етіп жіберілген жалған хабарламалар түріндегі ықтимал фишингтік шабуылдарды алдын ала анық­тап, ескерткен еді. Кейін бұл дерек расталды. Сондай-ақ комитетте синтетикалық есірткі өндіруде химиялық реагенттерді пайдалануға жол бермеу үшін оның жеткізілуіне бақылау жасайтын Таргетинг орталығы жұмыс істейді. Бұл – АҚШ және Еуропа елдерінің тәжірибесі бойынша құрылған, химиялық прекурсорлардың әкелінуі, оның ішкі айналым туралы деректерді жинап, талдайтын, синтетикалық және өзге де есірткілердің заңсыз айналымымен күрес саласындағы үдерістерді анықтайтын зама­науи талдамалық құрылым.

Өңірлерде де прокурорлар цифрлық жобаларды белсенді енгізіп жатыр. Бұған көптеген мысал келтіруге болады. Жуырда «Х» парақшамда Шымкент қаласы прокуратурасының отан­дық IT-мамандармен бірлесіп жасаған есірткі сатушыларды анықтауға арналған «Crypto Trace» және «ProkAi» инновациялық құралы туралы пост жарияладым. Бұл жүйелерді еліміздің барлық өңірінде кеңінен қолданамыз.

Алматы облысының прокуратурасы «Kundelik» платформасында оқушылардың құқық­тарын қорғау бойынша профилактикалық жұмыс жүр­гізіп жатыр. Мақалалар мен бей­нематериалдар орналасты­рып, буллингке, оның ішінде кибербуллингке, зорлық-зомбылық­тың өзге де түрлеріне қарсы онлайн-вебинарлар өткізеді. Платформадағы QR-код арқылы оқушылар тікелей прокуратураға жүгіне алады.

Киберқауіпсіздік саласында мамандар даярлау мақса­тында 2026 жылдан бастап Бас прокуратураның Құқық қорғау органдары академиясында кибертехнологиялар мен жасанды интеллект кафедрасы, цифрлық криминалистика және ақпараттық қауіпсіздік зертханасы ашылады. Академияның оқу үдерісіне ақпараттық қауіпсіздік негіздері, цифрлық криминалистика, криптовалютаға байланыс­ты қылмыстарды тергеп-тексеру бағдарламалары енгізілді. 400-ден аса құқық қорғау қызметкері «Кибер-офицер» мамандығы бойынша оқу курсынан өтті.

https://egemen.kz/article/400839-berik-asylov-bas-prokuror-azamattardynh-quqyghyn-qorghau-%E2%80%93-basty-nazarda