Fluent Future
2.91K subscribers
899 photos
83 videos
1.14K files
478 links
IELTS - 7.5(S-8, W-7)

For cooperation - @Yerarar

Channel dedicated to IELTS, General English. Likewise, I share with lots of websites for acing da IELTS.

My YouTube: https://youtu.be/66_KtH_9YpU?si=rPwWFxrc6Ktfc-Eh
Download Telegram
Fluent Future pinned «Ағылшын тілі: Әлемнің кілті Сіз білесіз бе? Бүгінгі күні ағылшын тілі әлемдегі ең көп қолданылатын тілдердің бірі болып табылады, және ол тек қана тіл емес, түрлі мүмкіндіктердің кілті! 🌍 Ағылшын тілі – жаһандық қарым-қатынас құралы. Егер сіз әлемдегі кез…»
Ағылшын тілі тек қана тіл емес, ол әлеммен қарым-қатынас жасау, білім алу, жұмыс табу және өзіңіздің шекараңызды кеңейту үшін қажетті құрал болып табылады. Тілді меңгеру арқылы сіз тек жаңа тіл үйреніп қоймай, сонымен қатар әлемдік қоғамдастыққа қосылып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашасыз! 🌍✈️
👍42
Жалпы сіздер мүмкіндік деген сөзді қалай түсінесіздер???
👍2
Қазақстан ағылшын тілін меңгерген 116 елдің ішінде 103 орында, былтырғымен салыстырғанда тек бір сатыға көтерілген. Education First халықаралық компаниясының биылғы рейтингі осы. Мұндай көрсеткішке не себеп? Қазақстан тізімде неге төмен тұр?

Темірлан Нұржанұлы, тілші:

Ағылшын тілін меңгерген елдердің тізімі жыл сайын жаңарады. Зерттеу арнайы сынақ нәтижесіне негізделген.

Биыл тестілеуге 116 елден 2 миллионнан астам ересек адам қатысқан. Халықаралық тілді ең жақсы меңгерген елдердің көшін 636 ұпай көрсеткішімен Нидерланд бастады. Кейнгі орындарда Норвегия, Сингапур және Швеция тұр. Қазақстан бұл тізімде 103-орында. Ал рейтинг соңында Кот-д’Ивуар, Сомали және Йемен тұр.

Зерттеу жүргізген орталықтың кеңсесі Қазақстанда да бар. Арнайы емтиханды биыл 35 000 қазақстандық тапсырған. Ағылшын тілін меңгеру бойынша елдің орташа индексі 700 мүмкін ұпайдан 427 балл. Бұл көрсеткіш «өте төмен» деген баға алды.

Дмитрий Федоров, ТМД елдері бойынша EF директоры:
Өкінішке қарай, бұл - ТМД елдері арасындағы төменгі рейтингтердің бірі. 26-35 жас аралығындағы адамдар ағылшын тілін жастарға қарағанда жақсырақ меңгерген. Яғни, қазіргі таңда университеттердің халықаралық деңгейде жұмыс істеуге дайын мамандарды даярлап жатқанын айту қиын.

Шет тілін меңгеру деңгейі тікелей білім беру жүйесіне байланысты және мұндай көрсеткішке бірнеше себеп бар. Гарвард университетінде білім саласындағы өзгерістер мен инновация жолдарын зерттеп жүрген Әсел Амангелдінің пайымы осы.

Әсел Амангелді, Гарвард университетінің «білім басқару» бағдарламасының магистранты:

Педагогикалық дағдылардан бөлек, менің ойымша, біз мұғалімдерді осындай IELTS, TOEFL сияқты емтихандарды тапсыруға міндеттеуіміз керек. Мәдени, басқа да біздің өзгешеліктерімізді қамти отырып, балаларға басқа да оқулық жасалыну керек. Білім саласындағы өзгерістер соңғы жылдары маған ұнайды. Дұрыс бағытта келе жатырмыз.

‼️Ағылшын тілі мұғалімдеріне сертификаттаудан өту міндеттелмегені рас. Алайда, болашақ ұстаздарға Еуропалық стандарттағы әдістеме ұсынылған, әрі білім беру стандарты бекітілген, дейді Жоғары білім министрлігінің өкілі.

Қарлығаш Қалыбекқызы, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің басқарма басшысы:
• Ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдерін даярлау цифр технологиясы бойынша жүзеге асырылады. Ол Еуропалық шет тілін оқытудың біріктірілген стандарты. Ағылшын тілі, шет тілінің мұғалімдерін даярлайтын жоғары оқу орындары үшін С1 деңгейінде білім беру бекітілген.
Ал, зерттеу сарапшысының пікірінше, рейтингте жоғары орын алған елдер ағылшын тілін оқытуға бұрыннан басымдық берген.

Кейт Белл, EF бағалау бөлімінің басшысы:
• Бұл рейтингте жоғары орын иеленген 1950 жылдардан бастап ағылшын тілін екінші тіл ретінде оқыған. Сондықтан, Қазақстанды бұл елдермен салыстыру қиын. Өйткені Қазақстан, қателеспесем, ағылшын тілін оқытуды 20-30 жыл бұрын ғана бастаған. Сол үшін де, бұл сұрақтың жауабы уақыт еншісінде болуы мүмкін.
🆘 Төрт жыл ішінде Қазақстан ағылшын тілін меңгерген елдер қатарында 96-шы орыннан 103-ші орынға түскен.🆘
👍21🔥1
Ең көңілім қалатын жері ол ТМД ЕЛДЕРДІҢ ІШІНДЕГІ ЕҢ ТӨМЕНГІ КӨРСЕТКІШ дегені намысыма қатты тиді шынымды айтайын
👍31
Бұл дегеніміз біл әлі Ресейдің ықпалынан шыға алмағанымызды білдіреді.

тіпті Өзбекстанмен салыстырсақ ол жерде IELTS тестін тапсыратын жергілікті тұрғындары өте жоғары баллдар алады, яғни 8.0-8.5-9.0,

Ал олар неге сондай жоғары ұпай алады?? Қарастырып көрейік:

1. Оларға ағылшын тілі біздің елдегі Орыс тілі секілді екінші тіл болып саналады.

Орталық Азиядағы жиі орысша сөйлейтін халықпыз , онымен қоймай сол орыс тілін дамытуға ақша құятын халық міне біз - Қазақтар.
Орыс тілін осылай пайымдай беретін болсақ құрдымға кетпесімізге кім кепілдіқ бере алады???
👍63
Өткенде бір министрлер отырысында орыс тілін дамытуға ақша құйғанын көтергенде шашым тік тұрды мойындау қажет, осылай жалғаса берсе, біз надан + тірі өлік = жоқ болып кеткен халық боламыз
👍71
📚 Ағылшын тіліндегі мақалаларды оқу пайдалы ма? Әрине, пайдалы! 🌍

Неге десеңіз:
Сөздік қорыңызды байытады – күнделікті қолданылатын жаңа сөздер мен фразаларды үйренесіз.
Кругозорды кеңейтеді – түрлі тақырыптағы мақалалар арқылы әлемді жаңа қырынан танисыз.
Тілдік деңгейіңізді арттырады – грамматикалық құрылымдар мен стильдерді үйренуге мүмкіндік береді.

📝 Қалай бастау керек?
1️⃣ Өзіңізге қызықты тақырыпты таңдаңыз (мәдениет, ғылым, спорт).
2️⃣ Оқыған мәтіннен жаңа сөздерді жазып алыңыз.
3️⃣ Оқылған материалды қысқаша баяндап, тілді тәжірибе ретінде қолданыңыз.

🌟 Сіздің кезекті оқыған мақалаңыз қандай болды? Ол сізге не үйретті? Пікіріңізді жазыңыз! ✍️

#EnglishLearning #ArticlesReading #БілімгеҚадам #ТілҮйрену
👍32
4000 Essential words 6.pdf
6.7 MB
Ағылшын тілінде ең керек болатын 4000 сөз аудармасымен, түсіндірмесімен және қайда пайдалануға болатыны туралы нақты кітаптар🔥

“Have a good rest”

Ұнаса, көп information қаласаңдар, көөөөп reactions жіберіңдер🥳
10👍9👏2🕊1
Ал осымен бүгінге посттар жетер, әйтпесе қорытып (DIGEST) үлгермей жатқан сияқтысыздар. Айтпақшы бүгін курсымның бірінші күнін бастаймыз. Өз өмірлерін өзгертуге әрекет жасап менің интенсив курсыма жазылғандарға бір шапалақ ұрып қойсақ😉🔥🔥
👍72👏2