EdLight Academy
1.35K subscribers
29 photos
6 videos
3 files
37 links
Download Telegram
Forwarded from KBO Senior
2
🇰🇿 Қазақстандық оқушылар KhIMIO2025 халықаралық олимпиадасында 100 пайыз нәтиже көрсетті

🇹🇯 Тәжікстан Республикасының астанасы Душанбеде 5-9 қараша аралығында өткен KhIMIO2025 халықаралық математика және информатика олимпиадасында қазақстандық оқушылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына сегіз медаль салды. Байқауға 10 мемлекеттен дарынды оқушылар қатысты.

🇰🇿 Қазақстан құрамасы екі жас санатында 14-15 жас (7-8 сынып) және 16-18 жас (9-11 сынып) аралығындағы оқушылардан құралды.

Нәтижесінде қазақстандықтар жүз пайыздық көрсеткішке қол жеткізді.

👨‍🎓 Жоғары жас санаты (9-11 сынып):
🥇 Мансур Мамадахунов – Қызылорда облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика);
🥈 Алдияр Сейтбай – Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика);
🥈 Әли Еркебұланұлы – ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі, Алматы (математика);
🥈 Бердібек Орынбасар – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (математика).

👩‍🎓 Кіші жас санаты (7-8 сынып):
🥈 Ахмет Бердімұрат – Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» мамандандырылған лицей-интернаты (математика);
🥈 Темір Оразбек – Республикалық физика-математика мектебі, Алматы (математика);
🥈 Азамат Рахимбердиев – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика);
🥉 Ислам Ермуханов – Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты (информатика).

🗣️ Олимпиаданың жұмыс тілдері – ағылшын, орыс және тәжік тілдері. Қатысушылар математика мен информатика пәндері бойынша теориялық және практикалық турларда білімдерін сынады.

📘 Қазақстан құрамасының олимпиадаға қатысуы Оқу-ағарту министрлігінің тікелей қолдауымен, сондай-ақ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
🔥143
🎖️Қазақстан құрамасы Сочиде өткен олимпиадада 6 медаль иеленді
 
🇷🇺 Ресей Федерациясының Сочи қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы IJSO-2025 халықаралық жаратылыстану олимпиадасы өз мәресіне жетті. Білім додасына әлемнің 21 елінен 120-дан астам оқушы қатысып, физика, химия және биология пәндері бойынша өз білімдерін сынға салды.

👏🏻 Қазақстан құрамасы 6 оқушыдан және 3 жетекшіден тұрды. Олар жарыс қорытындысы бойынша 100% нәтиже көрсетіп, алты медаль жеңіп алды.

🥈 Күміс медаль иегерлері:
Ратмир Кутырев – Алматы қаласындағы РФММ 10-сынып оқушысы;
Даниил Перепелица – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы;
Мухаммад Сыздықов – Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған Білім-инновация лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.

🥉 Қола медаль иегерлері:
Тимур Алпысбаев – Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;
Ерасыл Дүйсенбеков – Абай облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған Білім-инновация лицейінің 10-сынып оқушысы;
Нұрсейіт Сейтқазиев – Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған Білім-инновация лицей-интернатының 9-сынып оқушысы.

🏵️ Жас дарындарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!
🔥34👏72🎉2
🎧 Друзья! Отличные новости!

Наш тренер по биологии скоро выпустит свой собственный музыкальный трек! 🔥
Да-да, у него не только невероятные знания в биологии, но и настоящий талант в музыке! 🎶

Поддержим нашего коллегу!
Переходите по ссылке, ставьте лайки ❤️, комментируйте 💬 и делайте репосты 🔁 — это очень поможет автору!

👉 https://www.instagram.com/reel/DSFkaF7jIkv/?igsh=OWtpY2QxOG8waWZq

Давайте покажем силу нашего комьюнити! 🔥
38🔥194💯2
🇰🇿 Сіздерді Қазақстан Республикасының басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – халқымыздың азаттық жолындағы сан ғасырлық арман-мұраты орындалып, мемлекетіміздің іргетасы қаланған қасиетті күн.

Еліміздің тұғыры биік, Тәуелсіздігі мәңгілік болсын!

Әрбір шаңыраққа бақыт, береке және тыныштық тілейміз!

Қазақстанның әр азаматының еңбегі жемісті болып, еліміздің гүлденуіне қосқан үлесі зор болсын!

Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болғай!

Мереке құтты болсын! 🕊️
43👏3🫡21
International Stem olympiad.pdf
9 MB
International Stem olympiad
👍4🔥1
🔥21👍2👎2
Оффлайн Астана.
🔥163😢3😁1
2025 жылдың 15-16 желтоқсан күндері аралығында Алматы қаласында оқушылар арасындағы информатикадан XVII Еуразиялық олимпиада өтті. Жарыстың нәтижесі бойынша Білім-Инновация лицейлердің оқушылары жалпы 12 алтын🥇, 24 күміс 🥈 және 38 қола 🥉 медальдарға ие болды. Осындай керемет нәтижемен оқушыларымызды құттықтаймыз және алдағы жарыстарда үлкен жетістік тілейміз!

🥇 Алтын медаль иегерлері:
Астана + Қызылорда + Талдықорған, БИЛ: МММ (Исмағзи, Мамадахунов, Сейтбай)
Кокшетау + Атбасар + Семей, БИЛ: Formula 0 (Абенов, Аменов, Қуанышбек)
Усть-Каменогорск + Атырау + Көкшетау, БИЛ: GPT for debug (Амангелді, Құрмет, Мұғжан)
Усть-Каменогорск + Кокшетау, БИЛ: Лихарева 155А (Ғазиз, Шаймерден, Юсупов)

🥈 Күміс медаль иегерлері:
Павлодар, БИЛ 1: ПавЕр (Досанулы, Ермек, Каиртас)
Алматы + Усть-Каменогорск + Қызылорда, БИЛ: 137 хромосом на троих (Есімхан, Кенжебек, Оразхан)
Атырау + Актобе, БИЛ: В(В)АТ (Томачков, Уалиев, Шокей)
Актау + Жанаозен, БИЛ: sabr junior (Жалғас, Искак, Рауанұлы)
Атырау, БИЛ: Shovels (Амиргалиев, Жаксыбай, Құлжан)
Атырау + Актобе, БИЛ: AzArsen_555111 (Ермуханов, Липатов, Рахимбердиев)
Караганда + Жезказган, БИЛ: Sary Arka (Бүркітбаев, Нұрлан, Серікбай)
Семей, БИЛ: AlMaTi (Дастанулы, Жунусов, Мендеке)

🥉 Қола медаль иегерлері:
Актау, БИЛ: NYX (Махмут, Сабытайұлы, Талипов)
Астана, БИЛ: 1 Психакидс (Айқынбай, Алмас, Саламат)
Алматы + Есік, Смағұлов БИЛ + Есік БИЛ: СМС (Дармахан, Махмуд, Мусин)
Шымкент, БИЛ 4: Alalou (Issakh, Turdykul, Yessenbek)
Экибастуз, БИЛ: NYFORD (Жаксыбек, Ситдиков, Сулейменов)
Астана, БИЛ: 2 BLOW UP BOMBAKLAT (Есенгелді, Марат, Тұрғын)
Астана, NURORDA Ш Л: Макан Красавчик (Arshinbek, Dadakhanov, Demeubay)
Астана + Талдыкорган, БИЛ: six seven (Алиасқар, Құдайберген, Мирманов)
Семей, БИЛ: крутабра (Габдрахман, Маратов, Рахан)
Тараз + Караганда, БИЛ + Нұрмақов: POCO (Айдаров, Калыков, Көшкімбай)
Кокшетау, БИЛ: ВКОШП (Даминов, Молдияр, Хамзин)
Актобе, БИЛ: Mogger (Бисенов, Рат, Темирбулатов)
Уральск, БИЛ: 1 (Баекес, Гиззат, Кулмуханбет)
🔥4012🤷‍♀2👍1👎1🤩1
Құрметті оқырмандар!
Сіздерге облыстық олимпиадасында сәттілік тілейміз!
38🔥5👎1
Облыстық кезең, Информатика пәні
1-ші тур (бейресми нәтиже)
https://codeforces.com/spectator/ranklist/c2b8470a730ffd87a4641aa8958f6682
👎265🔥2😢1😇1
Forwarded from Bikos
📅 1 наурыз 2026 - 30 сәуір 2026
5сағат/аптасына - 40 сағат
🗣 Сабақтар орыс тілінде
💰 Қатысу құны: 50 000 тг
🧠 Пәндер: Биология, Химия, Математика, Информатика, Физика, География
Тіркеу 26.02.2026, 15:00-ге дейін
✌🏽 8 сыныптарға арналған

ссылка
🔥122🏆1
🌍 Бүгін Жер туралы ғылымдар халықаралық олимпиадасына (IESO) қатысатын Қазақстан Республикасы құрамасын анықтау бойынша іріктеу кезеңі аяқталды.

Іріктеу Астана қаласында, «Жас Геолог» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен, Назарбаев Университетінің базасында, Тау-кен ісі мектебінде өткізілді.

Іріктеу нәтижесі бойынша IESO-2026 құрамасына енген оқушылар:
1. Мухтарханова Сара (Астана қ., Қыздар БИЛ)
2. Дарынов Амир (Өскемен қ., БИЛ)
3. Турсунгалиев Мансур (Павлодар қ., НЗМ)
4. Мұханбетәлі Нүрия (Қарағанды қ., Қыздар БИЛ)

IESO негізгі кезеңі 20-27 тамыз аралығында Турин (Италия) қаласында өтеді.

Құрама мүшелеріне халықаралық олимпиадада жоғары нәтиже мен сәттілік тілейміз! 🇰🇿

🌍 Сегодня завершился отборочный этап по формированию сборной Республики Казахстан для участия в Международной олимпиаде по наукам о Земле (IESO).

Отбор прошёл в городе Астана, при организации корпоративного фонда «Жас Геолог», на базе Назарбаев Университета, в Школе горного дела.

По итогам отбора в состав сборной IESO-2026 вошли:
1. Мухтарханова Сара (г. Астана, БИЛ для девочек)
2. Дарынов Амир (г. Усть-Каменогорск, БИЛ)
3. Турсунгалиев Мансур (г. Павлодар, НИШ)
4. Мұханбетәлі Нүрия (г. Караганды, БИЛ для девочек)

Основной этап IESO пройдёт с 20 по 27 августа в городе Турин (Италия).

Желаем членам сборной успешного выступления и достойного представления Казахстана на международной арене! 🇰🇿
40🔥13👍5
📅 28 ақпан – 1 наурыз күндері Спорттық бағдарламалау федерациясының ұйымдастыруымен 7–11(13) сынып қыз оқушыларына арналған Code Girls республикалық олимпиадасы жоғары деңгейде өтті.

💻 Аталған додаға еліміздің түкпір-түкпірінен онлайн іріктеуден өткен үздік 40 оқушы шақырту алды. Бұл – қатысушылардың жоғары дайындық деңгейі мен бәсекелестіктің мықтылығын айқын көрсетеді.

🏆 Қуанышты жаңалық — Білім-Инновация лицейлерінің қыз оқушылары да республикалық кезеңге жолдама алып, нәтижесінде жүлделі орындарға ие болды.

🥈 Жаннұр Бауыржанқызы, Қызылорда, «Білім-Инновация» лицейі (қыздарға арналған)
🥈 Сұлу Ашикбаева, Атырау, «Білім-Инновация» лицейі (қыздарға арналған)
🥈 Айзере Аманқос, Атырау, «Білім-Инновация» лицейі (қыздарға арналған)
🥉 Азиза Асланқызы, Атырау, «Білім-Инновация» лицейі (қыздарға арналған)
🥉 Жанерке Әлмахан, Астана, «Білім-Инновация» лицейі (қыздарға арналған)
🥉 Адина Ибраимова, Астана, «Білім-Инновация» лицейі (қыздарға арналған)
🥉 Мерей Сұлтаназар, Қызылорда, «Білім-Инновация» лицейі (қыздарға арналған)

Бұл жетістік – табандылықтың, жүйелі дайындықтың және сапалы білімнің нәтижесі.

Оқушыларымызды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа биіктерді бағындыруына тілектеспіз!

📅 28 февраля – 1 марта при организации Федерации спортивного программирования на высоком уровне прошла республиканская олимпиада Code Girls для учениц 7–11(13) классов.

💻 В финальный этап были приглашены 40 лучших участниц, прошедших онлайн-отбор со всех регионов страны. Это свидетельствует о высоком уровне подготовки и серьёзной конкуренции среди участниц.

🏆 Радостная новость — ученицы лицеев «Білім-Инновация» также получили путёвки на республиканский этап и заняли призовые места:

🥈 Жаннұр Бауыржанқызы, Кызылорда, лицей «Білім-Инновация» (для девочек)
🥈 Сулу Ашикбаева, Атырау, лицей «Білім-Инновация» (для девочек)
🥈 Айзере Аманқос, Атырау, лицей «Білім-Инновация» (для девочек)
🥉 Азиза Асланқызы, Атырау, лицей «Білім-Инновация» (для девочек)
🥉 Жанерке Әлмахан, Астана, лицей «Білім-Инновация» (для девочек)
🥉 Адина Ибраимова, Астана, лицей «Білім-Инновация» (для девочек)
🥉 Мерей Сұлтаназар, Кызылорда, лицей «Білім-Инновация» (для девочек)

Этот успех — результат настойчивости, системной подготовки и качественного образования.

Искренне поздравляем наших учениц и желаем им дальнейших достижений и новых высот!
24🔥32
🏆 ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ: БІЗДІҢ ЖЕҢІМПАЗДАР!
Республикалық олимпиада мәресіне жетіп, үздіктер анықталды! «Білім-Инновация» лицейлерінің 4 оқушысы жүлделі орындарды иеленді. 👏
🥈 2-орын иегерлері:
* Бекмолда Әділет — Талдықорған БИЛ
* Кирсанова Анна — Galaxy халықаралық мектебі
🥉 3-орын иегерлері:
* Тажгалиев Орынбасар — Атырау БИЛ
* Әлібек Арсен — Spectrum халықаралық мектебі

Шәкірттерімізді, олардың ата-аналары мен баптаған ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз! 🎊
21🔥9👌4🤩1