ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.99K subscribers
16.1K photos
1.07K videos
28 files
3.41K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
Денсаулық сақтау министрі А. Цой маусымдық тұмауға қарсы екпе салдырды

Бүгін таңғы сағат 08-де Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Нұр-Сұлтандағы №6 қалалық емханаға барып, алғашқылардың бірі болып маусымдық тұмауға қарсы вакцина салдырды.

Айта кету керек, 2020 жылы Қазақстанда егу науқаны 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өтеді, яғни жылдағыдан екі аптаға ерте басталды.

Бірыңғай дистрибьютор «Гриппол+» вакцинасының 2 млн. астам дозасын сатып алды.

ДДСҰ мәліметінше, қазіргі эпидемиологиялық маусымда вирустың үш штаммы өзекті болады - A (H1N1) - Guangdong-Maonan, A (H3N2) – Hong Kong және B –Виктория желісіне кіретін Washington, вакцина аталған үш штаммға қарсы тұра алады.

Журналистерге сұқбат берген А.Цой, жылда күз келгенде ЖРВИ мен тұмау өршитінін айтты. 2019-2020 жылғы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ ауырған 431 120 адам тіркелді, оның ішінде 2 жарым мыңнан астам науқас зертханада анықталғаен тұмауға шалдыққан. Биыл халыққа вакцинация өте қажет, өйткені коронавирус пандемиясы кезінде тұмау да араласып, жағдайды ушықтыруы мүмкін, мұндайда қазір қол жеткізген тұрақтылықты сақтап қалу қиын болады, - деді ведомство басшысы.

Республика халқының 11,7 пайызын, ал ДДСҰ ұсынысы бойынша кемінде 10 пайызын тұмауға қарсы тегін вакцинамен қамту жоспарланған.

Тұмауға қарсы вакцинация тәуекел тобына кіретін мына санаттағы адамдар үшін тегін: мектеп жасына толмаған және мектеп жасындағы балалар; медицина қызметкерлері; жүкті әйелдер (жүктіліктің 2-3 триместрі); жабық мекемелердегі адамдар (балалар үйі, мектеп-интернаттар ; созылмалы ауруы бар ересектер мен балалар; 60 жастан асқан қарттар.

Алдын алу мақсатында әрбір адам тұмауға қарсы ақылы егу салдыра алады, ол жеке вакцинация орталықтарында, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органнан рұқсаты бар тұрғылықты жері бойынша емханалардағы егу кабинетінде жүргізіледі.

Тұмауға қарсы вакцина салатын медициналық мекемелердің мекен-жайын Денсаулық сақтау басқармасынан, Қоғамдық денсаулық сақтау аумақтық департаменттерінен білуге болады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 70-сессиясына қатысуда

Бүгін ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының 70-сессиясы басталды, COVID-19 пандемиясына байланысты биыл жиын алғаш рет виртуалды форматта өтеді.

Еуропа аймағындағы ДДСҰ-ға мүше 53 мемлекеттің денсаулық сақтау министрлері мен өзге де жоғары лауазымды азаматтар, сондай-ақ серіктес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері екі күн бойы денсаулық сақтау саласындағы түрлі мәселені талқылайды.

Қысқартылған сессияның күн тәртібіндегі негізгі тақырыптардың бірі: аймақтағы және әлемдегі COVID-19 пандемиясына қарсы іс-қимыл мен тәжірибе, 2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтауды жақсартуға бағытталған жаңа Еуропалық бағдарлама.

Сессияның алғашқы күнгі бағдарламасында Данияның Ұлы мәртебелі кронханшайымы сөз сөйлейді деп жоспарлануда. Бұдан кейін Еуропалық өңірлік комитеті жиырма жетінші шақырылымның Тұрақты комитетінің есебі тыңдалып, тиісті қарардың жобасы қабылданады.

Сондай-ақ, ДДСҰ бас директоры доктор Тедрос Адханом Гебрейесус аймақтық комитет сессиясының делегаттары алдында сөз сөйлейді. Ол әлемдегі жағдайға, соның ішінде COVID-19 пандемиясымен күресу тәжірибесіне шолу жасайды.

Сессия отырыстары ағылшын және орыс тілдерінде көрсетіледі.

Сонымен қатар, халықаралық жиын ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының арналары арқылы жарияланады (#RC70Europe).

ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының сессиясы Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 13:00-де тікелей эфирде басталады, мына сілтеме арқылы көруге болады:

https://www.euro.who.int/ru/about-us/governance/regional-committee-for-europe/70th-session/news/news/2020/09/health-priorities-for-the-european-region-and-covid-19-in-focus-at-who-annual-meeting
Минздрав РК принимает участие в работе 70-ой сессии Европейского регионального комитета ВОЗ

Сегодня начнет свою работу очередная 70-ая сессия Европейского регионального бюро ВОЗ, которая впервые в истории пройдет в виртуальном формате в связи с пандемией COVID-19.

Министры здравоохранения и другие высокопоставленные представители 53 государств-членов ВОЗ в Европейском регионе, а также представители партнерских организаций и гражданского общества в течение двух дней будут обсуждать различные вопросы здравоохранения.

Одними из ключевых на повестке дня сокращенной сессии выдвинуты следующие темы: противодействие пандемии COVID-19 в Регионе и в мире и полученный при этом опыт, новая Европейская программа улучшения здоровья на 2020–2025 гг.

В программе первого дня сессии предполагается выступление Ее Королевского Высочества кронпринцессы Дании. Далее будет заслушан Отчет Постоянного комитета Европейского регионального комитета двадцать седьмого созыва и принят проект соответствующей резолюции.

Также перед делегатами сессии Регионального комитета выступит Генеральный директор ВОЗ д-р Тедрос Адханом Гебрейесус. Он представит обзор положения дел в мире, в том числе в отношении опыта борьбы с пандемией COVID-19.

Заседания сессии будут транслироваться на английском и русском языках. Помимо этого, сессия будет освещаться через каналы Европейского регионального бюро ВОЗ (#RC70Europe).

Прямой эфир сессии Европейского регионального бюро ВОЗ, который начнется в 13:00 часов по времени г.Нур-Султан, можно посмотреть по ссылке:
https://www.euro.who.int/ru/about-us/governance/regional-committee-for-europe/70th-session/news/news/2020/09/health-priorities-for-the-european-region-and-covid-19-in-focus-at-who-annual-meeting
А.Цой избран Председателем 70-ой сессии Европейского регионального комитета ВОЗ

Сегодня впервые Республике Казахстан в лице министра здравоохранения Алексея Цой предоставлено почетное право возглавлять работу очередной 70-й сессии Европейского регионального бюро ВОЗ.

«При поддержке международного сообщества, Всемирной организации здравоохранения, в сотрудничестве со всеми странами мы продолжаем бороться с COVID-19. В данный момент ситуация в Казахстане стабилизировалась, однако, в случае роста случаев коронавирусной инфекции, мы предусмотрели ряд мер. В их числе, обеспечение пациентов коечным фондом, необходимыми лекарственными препаратами и другими ресурсами. Наши врачи готовы оказывать помощь населению», - сказал А.Цой, подчеркнув, что Председательство для него – это большая честь.

70-я сессия Европейского регионального бюро ВОЗ продлится 2 дня. За это время, министры здравоохранения и другие высокопоставленные представители 53 государств-членов ВОЗ в Европейском регионе, а также представители партнерских организаций и гражданского общества обсудят множество вопросов здравоохранения. В их числе - противодействие пандемии COVID-19, полученный опыт и новую Европейскую программу улучшения здоровья на 2020–2025 гг.

Запись эфира сессии можно посмотреть по ссылке:

https://www.euro.who.int/ru/about-us/governance/regional-committee-for-europe/70th-session/news/news/2020/09/health-priorities-for-the-european-region-and-covid-19-in-focus-at-who-annual-meeting
ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 70-сессиясына ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Цой төрағалық етеді

Бүгін ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының 70-сессиясы басталды. Халықаралық жиынның төрағасы болып алғаш рет Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сайланды. Ведомство басшысы өз сөзінде, әлемдік денсаулық сақтау саласы үшін өте маңызды бұл шараға төрағалық ету, ол үшін үлкен құрмет пен жауапкершілік екенін жеткізді.

«Халықаралық қоғамдастық пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен, біз өзге елдермен ынтымақтаса отырып COVID-19 қарсы күресті жалғастырамыз. Қазір Қазақстандағы жағдай тұрақталды, ал коронавирус инфекциясы қайта өршитін болса, арнайы жоспар әзірледік. Мәселен, пациенттер төсек-орын, дәрі-дәрмек және басқа да ресурспен қамтамасыз етіледі. Отандық дәрігерлер халыққа көмек көрсетуге дайын», - деді А.Цой.

Еуропа аймағындағы ДДСҰ-ға мүше 53 мемлекеттің денсаулық сақтау министрлері мен өзге де жоғары лауазымды азаматтар аймақтағы және әлемдегі COVID-19 қарсы іс-қимыл мен тәжірибені, 2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтауды жақсартуға бағытталған жаңа Еуропалық бағдарламаны талқылайды.

Сессияның алғашқы күнгі бағдарламасы бойынша Данияның Ұлы мәртебелі кронханшайымы, ДДСҰ бас директоры доктор Тедрос Адханом Гебрейесус,
ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюге сөз сөйлейді деп жоспарланған.

ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының сессиясын мына сілтеме арқылы көруге болады:
https://www.euro.who.int/ru/about-us/governance/regional-committee-for-europe/70th-session/news/news/2020/09/health-priorities-for-the-european-region-and-covid-19-in-focus-at-who-annual-meeting