ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.92K subscribers
16.2K photos
1.09K videos
28 files
3.44K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
09.09.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 810 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 35 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 680 науқас жатыр. 2 130 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 136 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 16 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.​

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.

Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлап тұрады.

* КВИ+ (оң нәтижелі ПТР), КВИ- (теріс нәтижелі ПТР)
​ ​ ​ ​

***

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 09.09.2020г.

На данный момент лечение от коронавирусной инфекции продолжают получать 4 810 человека, среди которых 35 детей. В стационарах находится – 2 680 пациент, на амбулаторном уровне – 2 130.
136 человек находятся в тяжелом состоянии, 16 – крайней степени тяжести, 23 – на аппаратах ИВЛ.

Министерство здравоохранения сообщает о том, что информация о суточных данных и общем количестве заболевших и умерших от коронавирусной инфекции с положительным ПЦР-тестом, а также КВИ с отрицательным ПЦР -тестом будет публиковаться на официальном сайте и социальных страницах ведомства.

Информация по регионам будет предоставляться на еженедельной основе в ходе пресс-брифингов официального представителя Минздрава.

*КВИ- (ПЦР-тест отрицательный), КВИ+ (ПЦР-тест положительный)
630 МЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АУРУХАНАЛАРДА МӘМС ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНЕН ЖОСПАРЛЫ ТҮРДЕ ЕМДЕЛДІ

630 мыңнан астам қазақстандық сақтандыру пакеті аясында стационарларда жоспарлы ем алды, оған Қор 50 млрд теңге бөлді. Консультациялық-диагностикалық қызметтерге тағы 42 млрд теңге төленді.

Қор осы аралықта диагностикалық қызметтердің ішінде КТ мен МРТ сұраныс көп болғанын хабарлайды. Жарты жыл ішінде пациенттерге 1,1 млрд астам сомаға 96 мыңнан астам КТ қызметі және 1,6 млрд теңгеден астам сомаға 101 мыңнан астам МРТ қызметі көрсетілді.

Қордың мәліметінше, сақтандыру қаражаты есебінен үш миллион стоматология қызметі, екі миллион рентген қызметі және 1,6 миллионнан астам ультрадыбыстық диагностика қызметіне қаржы төленді.

Жоспарлы медициналық көмек 1 тамыздан қайта басталды, клиникалар пациенттерді қабылдауда.

***

630 ТЫС КАЗАХСТАНЦЕВ ПОЛУЧИЛИ ПЛАНОВОЕ ЛЕЧЕНИЕ В БОЛЬНИЦАХ НА СРЕДСТВА ОСМС

Свыше 630 тысяч казахстанцев получили плановое лечение в стационарах страны в рамках страхового пакета за минувшее полугодие, на это фонд направил почти 50 млрд тенге. Еще порядка 42 млрд тенге выплачено за оказанные консультативно-диагностические услуги.

Фонд сообщает, что самые актуальные среди диагностических услуг за данный период были КТ и МРТ. За полгода пациентами произведено более 96 тысяч услуг КТ на сумму свыше 1,1 млрд и более 101 тысяч услуг МРТ на сумму свыше 1,6 млрд тенге.

По данным Фонда, три миллиона услуг стоматологии было оплачено за счет страховых средств, два миллиона услуг рентгена и более 1,6 миллиона услуг — УЗИ-диагностики.

Плановая медпомощь с 1 августа расширяется и клиники начинают принимать пациентов в обычном режиме.

https://liter.kz/na-157-milliardov-tenge-prolechili-kazahstanczev-v-pervom-polugodii-2020-goda/
Қазақстандағы ауруханалардың құрылысын қаржыландыру туралы келісім жасалды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Еуразиялық даму банкі өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен ЕДБ басқарма төрағасы Николай Подгузов онлайн кездесу барысында келісімге қол қойды.

Меморандум аясында тараптар бірнеше бағытта ынтымақтастық орнатуға ниетті: ЕДБ Министрліктің жобаларын қаржыландыру, оның ішінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңартуға жәрдемдесу; ЕДБ-ға қатысушы мемлекеттерде МЖӘ-бастамаларды ілгерілету арқылы жеке секторды тарту және жобалау алдындағы дайындық тетіктерін дамыту.

«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы, сондай-ақ денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында министрлік денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңартуды қарастыруда. Осыған байланысты Министрлік ЕДБ-мен бірлесіп аталған бағытта жұмыс бастауға дайын екенін білдіреді», - деді Алексей Цой.

«ЕДБ Халықаралық қаржы ұйымы ретінде ЕДБ құралдарын пайдалана отырып, Министрлік іске асырып жатқан жобаларға қатысуға және көмек көрсетуге мүдделі. Интеграциялық мүмкіндіктерді де қолдануға болады. ЕДБ-ға қатысушы елдерде медициналық жабдықтар жеткізуші компания, мердігер, жеке серіктестерді іздеуге көмектесуге, сауда және экспорт алдындағы қаржыландыру құралдарын қолдануға ниеттіміз. Серіктестік қатынас ұзақ мерзімді, тиімді және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған», - деді ЕДБ Басқарма төрағасы Николай Подгузов.

Еуразиялық Даму Банкі (ЕДБ) қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасын дамытуға, олардың тұрақты экономикалық өсуіне және өзара сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге көмектесу мақсатында 2006 жылғы қаңтарда Ресей мен Қазақстан құрған халықаралық қаржы ұйымы. ЕДБ жарғылық капиталы 7 млрд АҚШ долларын құрайды. Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы Банкке қатысушы мемлекеттер.
Подписан Меморандум о финансировании строительства новых больниц в Казахстане

Подписание состоялось сегодня в ходе онлайн встречи Министра здравоохранения Казахстана Алексея Цой и председателя правления ЕАБР Николая Подгузова.

В рамках Меморандума стороны выразили намерения сотрудничать в нескольких направлениях: содействие ЕАБР в финансировании проектов Министерства, в том числе, в рамках обновления инфраструктуры здравоохранения; наращивания вовлеченности частного сектора и развития механизмов предпроектной подготовки путем продвижения ГЧП-инициатив технического содействия ЕАБР в государствах-участницах.

«В рамках Послания Главы Государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана от 01 сентября 2020 года, а также Государственной программы развития здравоохранения на 2020-2024 годы Министерством предусматривается обновление инфраструктуры здравоохранения. В связи с этим, Министерство выражает готовность совместно с ЕАБР начать работу в этом направлении», - отметил Алексей Цой.

В свою очередь, председатель Правления ЕАБР Николай Подгузов сообщил, что «ЕАБР заинтересован принять участие и оказать содействие в реализуемых Министерством проектах с использованием инструментариев ЕАБР как международной финансовой организации».

Банк имеет также возможность применить свои интеграционные возможности. Речь идет об оказании содействия в поиске поставщиков медицинского оборудования, подрядчиков, частных партнеров, в том числе, с применением инструментов торгового и предэкспортного финансирования в странах-участницах ЕАБР.

Установление партнерских отношений между Министерством здравоохранения Республики Казахстан и Евразийским банком развития направлено на долгосрочное, эффективное и взаимовыгодное сотрудничество.

Евразийский банк развития (ЕАБР) является международной финансовой организацией, учрежденной Россией и Казахстаном в январе 2006 года с целью содействия развитию рыночной экономики государств-участников, их устойчивому экономическому росту и расширению взаимных торгово-экономических связей. Уставный капитал ЕАБР составляет 7 млрд долларов США. Государствами — участниками Банка являются Республика Армения, Республика Беларусь, Республика Казахстан, Кыргызская Республика, Российская Федерация и Республика Таджикистан.
10.09.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 685 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 34 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 580 науқас жатыр. 2 105 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 132 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 21 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 26 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.​

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.

Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлап тұрады.

* КВИ+ (оң нәтижелі ПТР), КВИ- (теріс нәтижелі ПТР)
​ ​ ​ ​
***

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 10.09.2020г.

На данный момент лечение от коронавирусной инфекции продолжают получать 4 685 человека, среди которых 34 детей. В стационарах находится – 2 580 пациент, на амбулаторном уровне – 2 105.
132 человек находятся в тяжелом состоянии, 21 – крайней степени тяжести, 26 – на аппаратах ИВЛ.

Министерство здравоохранения сообщает о том, что информация о суточных данных и общем количестве заболевших и умерших от коронавирусной инфекции с положительным ПЦР-тестом, а также КВИ с отрицательным ПЦР -тестом будет публиковаться на официальном сайте и социальных страницах ведомства.

Информация по регионам будет предоставляться на еженедельной основе в ходе пресс-брифингов официального представителя Минздрава.

*КВИ- (ПЦР-тест отрицательный), КВИ+ (ПЦР-тест положительный)
Ақмола облысының тұрғындары заманауи емханаларда емделетін болады

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған делегация құрамында Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов Ақмола облысындағы медициналық мекемелерді аралады. Олар Көкшетау қаласындағы жаңа модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының, заманауи екі емхананың құрылысымен танысты.

Біріншісі Щучинск қаласында орналасқан және 2020 жылдың 4 тоқсанында тапсырылады. Жаңа ғимаратты МЖӘ аясында «Авиценна-Бурабай» ЖШС салды.

«Бурабай ауданында көптеген жылдар бойы типтік емхана ғимараты болмағандықтан, медициналық қызмет көрсетуде түрлі проблема кездесті. Жаңа емхана барлық сапа стандарттарына сай болады», - деді М.Шоранов.

Емхана бір ауысымда 1000 науқасқа, ал стационар 170 төсек-орынға есептелген. Мұнда мамандандырылған медициналық қызмет, МСАК, шұғыл және дәрігерге дейінгі көмек көрсетіледі. Емхана КТ, МРТ, рентген аппаратымен, УДЗ аппараттарымен, маммографпен және т.б. жабдықталған.

Көкшетау қаласындағы екінші емхана онкологиялық науқастарды қабылдайды. Қазір пациенттерді облыстық көпбейінді аурухананың Онкологиялық орталығы базасында қабылдап жатыр, бұл азаматтарға қолайсыз. 2020 жылғы 30 қазанда құрылысы аяқталатын жаңа емхана медициналық мекеменің жүктемесін азайтады.