ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.9K subscribers
16.2K photos
1.09K videos
28 files
3.44K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
Вице-министр здравоохранения РК Ажар Гиният посетила с рабочей поездкой Кызылординскую область

Здесь она ознакомилась со строительством районной больницы и подготовкой местной поликлиники к прохождению осеннего сезона ОРВИ и гриппа.

В борьбе с коронавирусной инфекцией в Жалагаше было задействовано 182 сотрудника, в том числе 24 врача, 138 человек медицинских сестер и 20 человек младшего персонала.

В период с марта по июль медицинские работники получили надбавки в размере 65 млн тенге.

В настоящее время в районе имеется 4 аппарата искусственной вентиляции легких, 28 кислородных концентраторов.

В районе создано 8 мобильных групп для организации наблюдения на дому за больными коронавирусной инфекции. В общей сложности эти бригады обслужили 960 вызовов.

Стоит отметить, что в целом, во всех поликлиниках Жалагаша количество вызовов снизилось на 90%.
09.09.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 810 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 35 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 680 науқас жатыр. 2 130 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 136 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 16 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.​

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.

Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлап тұрады.

* КВИ+ (оң нәтижелі ПТР), КВИ- (теріс нәтижелі ПТР)
​ ​ ​ ​

***

Информация о заболеваемости коронавирусной инфекцией в РК на 09.09.2020г.

На данный момент лечение от коронавирусной инфекции продолжают получать 4 810 человека, среди которых 35 детей. В стационарах находится – 2 680 пациент, на амбулаторном уровне – 2 130.
136 человек находятся в тяжелом состоянии, 16 – крайней степени тяжести, 23 – на аппаратах ИВЛ.

Министерство здравоохранения сообщает о том, что информация о суточных данных и общем количестве заболевших и умерших от коронавирусной инфекции с положительным ПЦР-тестом, а также КВИ с отрицательным ПЦР -тестом будет публиковаться на официальном сайте и социальных страницах ведомства.

Информация по регионам будет предоставляться на еженедельной основе в ходе пресс-брифингов официального представителя Минздрава.

*КВИ- (ПЦР-тест отрицательный), КВИ+ (ПЦР-тест положительный)
630 МЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АУРУХАНАЛАРДА МӘМС ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНЕН ЖОСПАРЛЫ ТҮРДЕ ЕМДЕЛДІ

630 мыңнан астам қазақстандық сақтандыру пакеті аясында стационарларда жоспарлы ем алды, оған Қор 50 млрд теңге бөлді. Консультациялық-диагностикалық қызметтерге тағы 42 млрд теңге төленді.

Қор осы аралықта диагностикалық қызметтердің ішінде КТ мен МРТ сұраныс көп болғанын хабарлайды. Жарты жыл ішінде пациенттерге 1,1 млрд астам сомаға 96 мыңнан астам КТ қызметі және 1,6 млрд теңгеден астам сомаға 101 мыңнан астам МРТ қызметі көрсетілді.

Қордың мәліметінше, сақтандыру қаражаты есебінен үш миллион стоматология қызметі, екі миллион рентген қызметі және 1,6 миллионнан астам ультрадыбыстық диагностика қызметіне қаржы төленді.

Жоспарлы медициналық көмек 1 тамыздан қайта басталды, клиникалар пациенттерді қабылдауда.

***

630 ТЫС КАЗАХСТАНЦЕВ ПОЛУЧИЛИ ПЛАНОВОЕ ЛЕЧЕНИЕ В БОЛЬНИЦАХ НА СРЕДСТВА ОСМС

Свыше 630 тысяч казахстанцев получили плановое лечение в стационарах страны в рамках страхового пакета за минувшее полугодие, на это фонд направил почти 50 млрд тенге. Еще порядка 42 млрд тенге выплачено за оказанные консультативно-диагностические услуги.

Фонд сообщает, что самые актуальные среди диагностических услуг за данный период были КТ и МРТ. За полгода пациентами произведено более 96 тысяч услуг КТ на сумму свыше 1,1 млрд и более 101 тысяч услуг МРТ на сумму свыше 1,6 млрд тенге.

По данным Фонда, три миллиона услуг стоматологии было оплачено за счет страховых средств, два миллиона услуг рентгена и более 1,6 миллиона услуг — УЗИ-диагностики.

Плановая медпомощь с 1 августа расширяется и клиники начинают принимать пациентов в обычном режиме.

https://liter.kz/na-157-milliardov-tenge-prolechili-kazahstanczev-v-pervom-polugodii-2020-goda/
Қазақстандағы ауруханалардың құрылысын қаржыландыру туралы келісім жасалды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Еуразиялық даму банкі өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен ЕДБ басқарма төрағасы Николай Подгузов онлайн кездесу барысында келісімге қол қойды.

Меморандум аясында тараптар бірнеше бағытта ынтымақтастық орнатуға ниетті: ЕДБ Министрліктің жобаларын қаржыландыру, оның ішінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңартуға жәрдемдесу; ЕДБ-ға қатысушы мемлекеттерде МЖӘ-бастамаларды ілгерілету арқылы жеке секторды тарту және жобалау алдындағы дайындық тетіктерін дамыту.

«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы, сондай-ақ денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2024 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында министрлік денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңартуды қарастыруда. Осыған байланысты Министрлік ЕДБ-мен бірлесіп аталған бағытта жұмыс бастауға дайын екенін білдіреді», - деді Алексей Цой.

«ЕДБ Халықаралық қаржы ұйымы ретінде ЕДБ құралдарын пайдалана отырып, Министрлік іске асырып жатқан жобаларға қатысуға және көмек көрсетуге мүдделі. Интеграциялық мүмкіндіктерді де қолдануға болады. ЕДБ-ға қатысушы елдерде медициналық жабдықтар жеткізуші компания, мердігер, жеке серіктестерді іздеуге көмектесуге, сауда және экспорт алдындағы қаржыландыру құралдарын қолдануға ниеттіміз. Серіктестік қатынас ұзақ мерзімді, тиімді және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бағытталған», - деді ЕДБ Басқарма төрағасы Николай Подгузов.

Еуразиялық Даму Банкі (ЕДБ) қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасын дамытуға, олардың тұрақты экономикалық өсуіне және өзара сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге көмектесу мақсатында 2006 жылғы қаңтарда Ресей мен Қазақстан құрған халықаралық қаржы ұйымы. ЕДБ жарғылық капиталы 7 млрд АҚШ долларын құрайды. Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы Банкке қатысушы мемлекеттер.