ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.9K subscribers
16.1K photos
1.09K videos
28 files
3.44K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
Денсаулық сақтау министрі Түркістан облысындағы бірқатар аурухананың құрылысымен және жұмысымен танысты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Түркістан облысына іссапармен барды. Министр жаңадан салынып жатқан облыстық көпбейінді аурухананың құрылысымен танысты. 630 төсек-орындық нысанда операция жасайтын 16 палата, 13 стационар және 3 жедел жәрдем бөлімшесі болады. Медициналық мекеменің құрылысы 2022 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Денсаулық сақтау министрі Түркістан қаласындағы тез тұрғызылатын модульдік жұқпалы аурулар ауруханасын да аралады. 200 төсек-орынға арналған аурухана құрылысы биыл жыл соңында аяқталады.

Сондай-ақ, Министр бір ауысымда 500 науқас қабылдай алатын ШЖҚ «Түркістан қалалық емханасы» МКК барды. МСАК ұйымында 900 адам жұмыс істейді. Мұнда коронавирус инфекциясын анықтайтын вирусологиялық зертхана орналасқан. Жұмыс кезінде зертхана 40 мыңға жуық ПТР-тест жасады. Медициналық мекеме қажетті жабдықтармен толық жабдықталған.

А.Цой медицина қызметкерлерімен кездесуде облыстағы медициналық мекемелердің жұмысын жоғары бағалады. Ол коронавирус инфекциясына қарсы іс-шараларға қатысқан медицина қызметкерлеріне ынталандыру үстемақысы 2020 жылдың соңына дейін төленетінін айтты.

Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, алдағы үш жылда жалақы көтеріледі.

«2023 жылға қарай еңбекақы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе жоғары болады. Осы мақсатта «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасында 1,1 трлн. астам теңге қарастырылған», - деді А.Цой.
Глава Минздрава ознакомился со строительством и работой больниц в Туркестанской области

Министр здравоохранения Алексей Цой посетил с рабочим визитом Туркестанскую область. Он посетил строительную площадку новой многопрофильной областной больницы. Объект рассчитан на 630 коек, будет оборудован 16 операционными палатами, 13 стационарными и 3 отделениями неотложной помощи. Строительство планируется завершить в 2022 году.

Еще один объект, который посетил Министр – быстровозводимая модульная инфекционная больница на 200 коек, строительство которой планируется завершить до конца текущего года.

Также Глава Минздрава ознакомился с работой ГКП на ПВХ «Туркестанская городская поликлиника», которая рассчитана на 500 посетителей в смену. В организации ПМСП работает 900 человек. Здесь расположена вирусологическая лаборатория по выявлению коронавирусной инфекций, проведено около 40 тысяч ПЦР-тестов. Данное медучреждение полностью оснащено всем необходимым оборудованием.

На встрече с медицинскими работниками, А.Цой дал высокую оценку работе медучреждений области. Он также сообщил, что надбавки медикам за борьбу с коронавирусной инфекции будут продолжены до конца 2020 года.

А в ближайшие три года будут повышены зарплаты, как это поручил в своем Послании народу Казахстана Президент Касым-Жомарт Токаев.

«К 2023 году она будет доведена до уровня в два раза выше средней заработной платы в экономике. Данные средства, это более 1,1 трлн тенге предусмотрены в проекте Закона о республиканском бюджете на 2021-2023 годы», - сообщил Министр.