ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.98K subscribers
18.6K photos
1.58K videos
28 files
4.3K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ҚАЗАҚСТАН PIC/S ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ИНСПЕКТОРАТТАРЫНЫҢ БЕДЕЛДІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛУҒА ЖАҚЫНДАДЫ

💊 Ағымдағы жылдың 2–3 қарашасында Ыстанбұл қаласында өткен отырыста Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы инспекторларының қатысуымен Қазақстанда 2027 жылы көшпелі бағалау миссиясы мен инспекция өткізу ресми түрде мақұлданды. Бұл – Қазақстанның беделді халықаралық PIC/S жүйесіне қосылу жолындағы маңызды кезең.

PIC/S жүйесіне қосылу отандық дәрілік заттар өндірісін бақылау жүйесіне деген халықаралық сенімді арттыруға және қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

Бірқатар елдерде GMP сертификатын берген органның PIC/S жүйесіне қатысуы өндірістің тиісті өндірістік практика талаптарына сәйкестігін тану кезінде ескеріледі.

Қазақстандық өндірушілер үшін PIC/S жүйесіне қосылу шетелдік нарықтарға шығуға қосымша мүмкіндіктер ашады. Ал ұлттық фармацевтикалық инспекторат үшін тәжірибе алмасу, мамандарды оқыту және инспекциялық тексерулерді жетілдіру мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Пациенттер үшін күтілетін негізгі нәтиже – дәрілік заттар өндірісінің сапасына қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды күшейту.

📆 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі PIC/S жүйесіне қосылу туралы өтінімді 2025 жылғы наурызда жіберді. Сол жылдың қараша айында Гонконгта өткен PIC/S комитетінің отырысында өтінімнің толықтығы расталып, баяндамашы мен қосалқы баяндамашы тағайындалды.

🔹 Дайындық шеңберінде фармацевтикалық инспекторлар GMP және GDP талаптары бойынша оқытылуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлескен оқыту аудиті өткізілді. PIC/S бағалауына дайындық жұмыстарына ДЗМБСҰО фармацевтикалық инспекторлары да қатысты. Инспектораттың ішкі рәсімдері өзектендіріліп, PIC/S талаптарына сәйкестендіру мақсатында нормативтік құқықтық актілерге, оның ішінде жоспардан тыс инспекциялар жүргізу тәртібіне қатысты өзгерістер енгізілді.

Алдағы көшпелі миссия бағалаудың келесі кезеңі болмақ. Сарапшылар қазақстандық фармацевтикалық инспектораттың жұмысын тәжірибе жүзінде зерделеп, оның ішінде бақылаумен өткізілетін инспекцияның барысын бағалайды.

📈 Соңғы үш жылдың ішінде отандық фармацевтика өнеркәсібі тұрақты өсім көрсетіп келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның фармацевтикалық өнім экспорты 17,8%-ға өсті. Қазақстандық фармацевтикалық өнімнің басым бөлігі көршілес мемлекеттерге жеткізіледі.

📊 2025 жылдың қорытындысы бойынша отандық дәрілік заттар өндірісінің көлемі 37%-ға артып, 191 млрд теңгеге жетті. 2026 жылдың сегіз айында 157,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 30%-ға жоғары.

Соңғы екі жылда салаға салынған инвестиция көлемі 3,3 есе, ал экспорт көлемі 1,9 есе өсті.

Анықтама: PIC/S – фармацевтикалық инспектораттардың халықаралық ынтымақтастық жүйесі. Ол инспекциялық рәсімдерді үйлестіруге, инспекторларды оқытуға және реттеуші органдар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
КАЗАХСТАН ПРИБЛИЗИЛСЯ К ВСТУПЛЕНИЮ В ПРЕСТИЖНУЮ МЕЖДУНАРОДНУЮ СИСТЕМУ ФАРМАЦЕВТИЧЕСКИХ ИНСПЕКТОРАТОВ PIC/S

💊 На заседании в Стамбуле, прошедшего 2-3 ноября текущего года с участием инспекторов Национального центра экспертизы лекарственных средств и медицинских изделий Министерства здравоохранения было официально одобрено проведение в Казахстане выездной оценочной миссии и инспекции на 2027 год. Это важнейший этап для вступления Казахстана в престижную международную систему PIC/S.

Вступление в PIC/S будет способствовать повышению международного доверия к казахстанской системе контроля производства лекарств и расширению экспортных возможностей отечественных предприятий.

В ряде стран участие органа, выдавшего GMP-сертификат, в PIC/S учитывается при признании соответствия производства требованиям надлежащей производственной практики.

Для казахстанских производителей вступление в PIC/S создаст дополнительные условия для выхода на зарубежные рынки. Для национального фармацевтического инспектората - расширит возможности обмена опытом, обучения специалистов и совершенствования проверок.

Ожидаемая польза для пациентов - усиление контроля за соблюдением требований к качеству производства лекарств.

📆Министерство здравоохранения Республики Казахстан направило заявку на вступление в PIC/S в марте 2025 года. В ноябре того же года на заседании Комитета PIC/S в Гонконге была подтверждена полнота заявки, назначены докладчик и содокладчик.

В рамках подготовки проводится обучение фармацевтических инспекторов по вопросам GMP и GDP, проведен совместный обучающий аудит ВОЗ. В подготовке к оценке PIC/S также участвовали фармацевтические инспекторы НЦЭЛС и МИ. Актуализированы внутренние процедуры инспектората и внесены изменения в нормативные правовые акты для соответствия требованиям PIC/S, в том числе в части проведения внеплановых инспекций.

Предстоящая выездная миссия станет следующим этапом оценки: эксперты рассмотрят работу казахстанского фармацевтического инспектората на практике, включая проведение инспекции под наблюдением.

📈 За последние три года отечественная фармацевтическая промышленность демонстрирует устойчивый рост. Экспорт фармацевтической продукции РК вырос на 17,8% по итогам 2025 года. Основная часть казахстанской фармацевтической продукции поставляется в соседние страны.

📊 По итогам 2025 года объём производства казахстанских лекарств увеличился на 37% и достиг 191 млрд тенге. За восемь месяцев 2026 года произведено продукции на 157,4 млрд тенге, что почти на 30% больше показателя аналогичного периода прошлого года.

За последние два года инвестиции в отрасль выросли в 3,3 раза, а экспорт – в 1,9 раза.

Справочно: PIC/S - международная система сотрудничества фармацевтических инспекторатов, направленная на гармонизацию инспекционных процедур, обучение инспекторов и развитие сотрудничества между регуляторными органами.

🌐 Официальный сайт

⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАН ДДҰ ЕУРОПАЛЫҚ ӨҢІРЛІК КОМИТЕТІНІҢ СЕССИЯСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ АЛҒАШҚЫ КӨМЕКТІ ДАМЫТУ СТРАТЕГИЯСЫН ТАНЫСТЫРДЫ

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев бастаған Қазақстан делегациясы Копенгаген қаласында өткен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік комитетінің 76-сессиясына қатысты. Қазақстан өкілдері медициналық көмекті нығайту бағытындағы практикалық тәжірибесімен бөлісіп, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылауға атсалысты.

ДДҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус қатысқан «Алма-Ата+50» арнайы брифингі барысында Тимур Сұлтанғазиев Қазақстанның медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту жөніндегі ұстанымын таныстырды. Ол медициналық қызметтердің қолжетімділігіне және және профилактикалық бағытты күшейтуге басымдық берілетінін атап өтті.

Сессияның жұмыс бағдарламасы жаһандық денсаулық сақтау саласындағы кең ауқымды мәселелерді қамтыды. Делегация жасанды интеллектіні медициналық тәжірибеге енгізу, «Қартаю – өмір» бастамасын іске асыру, сондай-ақ инфекциялық емес аурулармен күрес, психикалық денсаулықты сақтау және ұйым бюджетін бөлу бойынша ұзақ мерзімді стратегияларды әзірлеу мәселелеріне арналған пікірталастарға қатысты.

Іс-шаралар бағдарламасы бірқатар екіжақты кездесулерді қамтыды. Қазақстан тарапы ДДҰ басшысы лауазымына Сауд Арабиясы мен Катар ұсынған кандидаттармен келіссөздер жүргізді. Сонымен қатар Бельгия, Индонезия, Өзбекстан және Армения делегацияларымен денсаулық сақтау саласындағы бірлескен жобаларды талқылады.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
КАЗАХСТАН ПРЕЗЕНТОВАЛ СТРАТЕГИЮ РАЗВИТИЯ ПЕРВИЧНОЙ МЕДИЦИНЫ НА СЕССИИ ЕВРОПЕЙСКОГО РЕГИОНАЛЬНОГО КОМИТЕТА ВОЗ

Казахстанская делегация во главе с первым вице-министром здравоохранения Тимуром Султангазиевым приняла участие в 76-й сессии Европейского регионального комитета Всемирной организации здравоохранения в Копенгагене. Представители страны поделились практическим опытом укрепления медицинской помощи и включились в обсуждение актуальной международной повестки.

Во время специального брифинга «Алма-Ата+50» с участием Генерального директора ВОЗ Тедроса Адханома Гебрейесуса Тимур Султангазиев представил видение республики по развитию первичной медико-санитарной помощи, акцентировав внимание на доступности услуг и усилении профилактического звена.

Рабочая программа сессии охватила широкий спектр глобальных задач. Делегация приняла участие в дискуссиях о внедрении искусственного интеллекта в медицинскую практику, реализации инициативы «Старение – это жизнь», а также в формировании долгосрочных стратегий по борьбе с неинфекционными заболеваниями, охране психического здоровья и распределению бюджета организации.

Программа мероприятий включила серию двусторонних встреч. Казахстанская сторона провела переговоры с кандидатами на пост руководителя ВОЗ от Саудовской Аравии и Катара, а также обсудила совместные проекты в сфере здравоохранения с делегациями Бельгии, Индонезии, Узбекистана и Армении.

🌐 Официальный сайт

⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қызылша: балаға екпені қай жаста салдыру керек және оның маңызы неде?

Алматы №36 қалалық емхананың дәрігері ата-аналарға қызылшаға қарсы екпенің салыну мерзімін еске салып, балаларды бұл қауіпті жұқпалы аурудан дер кезінде қорғаудың маңызын түсіндірді.

Қызылша - адамнан адамға өте тез жұғатын ауру. Ол өкпенің қабынуы (пневмония), мидың қабынуы (энцефалит), есту қабілетінің төмендеуі сияқты ауыр асқынуға әкелуі мүмкін. Кей жағдайда ауру өлімге де соқтырады.

Қызылшадан қорғанудың ең тиімді жолы - екпе алу. Қазақстанның Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, балаға қызылшаға қарсы алғашқы екпе 12 айында, екіншісі 6 жасында салынады.

«Екпені кейінге қалдырмаған жөн. Өйткені қызылша ауыр өтіп, денсаулыққа зор қауіп төндіретін асқынуға әкелуі мүмкін. Екпе баланы аурудан қорғап қана қоймай, инфекцияның таралуына да тосқауыл болады», - дейді Алматы №36 қалалық емханасының педиатрия бөлімшесінің меңгерушісі Дильдора Кенжаева.


Егер бала екпені белгіленген уақытта алмаған болса, ата-анасы емханаға жүгінуі керек. Дәрігер баланың екпе алу тарихын тексеріп, екпені қай уақытта салдыру керек екенін анықтайды.

Баланы уақытында вакциналау - оның денсаулығын қорғаудың ең сенімді жолы.

⚡️⚡️⚡️

Корь: когда нужно вакцинировать ребёнка и почему важно не пропускать прививки

В Алматы врач городской поликлиники №36 напомнила родителям о сроках вакцинации против кори и важности своевременной защиты детей от опасной инфекции.

Корь — высокозаразное заболевание, которое может привести к серьёзным осложнениям, включая пневмонию, воспаление головного мозга и поражение слуха. В тяжёлых случаях инфекция может стать причиной летального исхода.

Самая эффективная защита от кори — вакцинация. Согласно Национальному календарю прививок Казахстана, первую дозу вакцины ребёнок получает в возрасте 12 месяцев, вторую — в 6 лет.

«Важно не откладывать вакцинацию, поскольку корь может протекать тяжело и вызывать опасные осложнения. Прививка помогает защитить ребёнка и снизить риск распространения инфекции», — отмечает Дильдора Кенжаева, заведующая отделением педиатрии городской поликлиники №36 Алматы.


Если ребёнок пропустил прививку, родителям необходимо обратиться в поликлинику. Медицинский специалист проверит прививочный статус и определит дальнейший график вакцинации.

Своевременная вакцинация — надёжная защита здоровья ребёнка.

🌐 Официальный сайт

⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
АЛМАТЫДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЭКО АРҚЫЛЫ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН БАЛАНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН XVIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСС БАСТАЛДЫ

⚜️ Алматы қаласында 25 елден келген 1000-нан астам маманды біріктірген Қазақстан репродуктивтік медицина қауымдастығының (ҚРМА) XVIII халықаралық конгресі өз жұмысын бастады. Форум елімізде экстракорпоралдық ұрықтандыру (ЭКҰ) процедурасы арқылы дүниеге келген алғашқы баланың 30 жылдығына арналды. Тарихи оқиға 1996 жылғы 31 шілдеде болған.

«Қазақстанда репродуктивтік денсаулықты сақтау мәселесіне адам өмірінің барлық кезеңінде ерекше назар аударылады. Бұл бағыт отбасын қолдаудан, репродуктивтік жүйе бұзылыстарының алдын алу мен емдеуден, жүктілікке дейінгі дайындықтан бастап, ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін жетілдіруге дейінгі шараларды қамтиды», – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова форум қатысушыларына жолдаған құттықтау сөзінде.


📊 Қабылданған шаралардың нәтижесінде соңғы 5 жылдың ішінде ана өлімінің көрсеткіші 4 есе төмендеді, ал нәресте өлімі 30%-ға азайды.

🤱 Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ЭКҰ бағдарламаларын қаржыландыру көлемі 7 есе ұлғайтылды. 2021–2025 жылдар аралығында «Аңсаған сәби» бағдарламасының шеңберінде шамамен 34 мың әйелге ЭКҰ жасалды. Олардың 13 мыңнан астамы жүктілік бойынша есепке алынып, нәтижесінде 11 мыңнан астам сәби дүниеге келді.

«Бұл цифрлардың артында ана мен әке болу арманын жүзеге асырған мыңдаған отбасы тұр. Бұл – бірлескен жұмысымыздың ең маңызды нәтижесі. Осындай технологиялардың әрқайсысының артында көпжылдық ғылыми зерттеулер, ғалымдардың, эмбриологтардың, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегі жатыр», – деп атап өтті ведомство басшысы.


Конгресс бағдарламасы практикалық медицинаның озық бағыттарын қамтиды. Атап айтқанда, жасанды интеллект элементтерін енгізу, имплантацияға дейінгі генетикалық скрининг және онкофертильділік мәселелері талқыланады.

🏥 Қазіргі таңда Қазақстанда осы бағытта жұмыс істейтін 32 бейінді клиника бар. Олар жыл сайын қосалқы репродуктивтік технологиялардың шамамен 18 мың циклін жүргізеді. Елімізде қосалқы репродуктивтік технологиялардың көмегімен дүниеге келген балалардың жалпы саны 50 мыңнан асты.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM