ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
17.7K photos
1.43K videos
28 files
3.98K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
МАҢҒЫСТАУДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАР АШЫЛДЫ: МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ХАЛЫҚҚА ЖАҚЫНДАЙ ТҮСТІ

🩺 Маңғыстау облысында тұрғындардың заманауи медициналық көмекке қолжетімділігі артып келеді. Өңірде 150 төсекке арналған жаңа аурухана пайдалануға беріліп, ауылдық елді мекендерде төрт дәрігерлік амбулатория салынды және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталығы ашылды.

🏥 Маңызды нысандардың бірі – Мұнайлы ауданында ашылған 150 төсекке арналған жаңа аурухана. Аумағы 30 мың шаршы метрді құрайтын заманауи ғимарат қажетті медициналық жабдықтармен жарақталған. Бұл аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.

🏗️ Инфрақұрылымды жаңартудың негізгі мақсаты – адамның қай жерде тұратынына қарамастан, сапалы медициналық көмекке тең қолжетімділікті қамтамасыз ету. Бұл әсіресе ауыл тұрғындары мен балалы отбасылар үшін маңызды.

⚜️ Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде Маңғыстау облысында төрт жаңа дәрігерлік амбулатория салынды.

🌱 Олар Қарақия ауданындағы Аппақ, Маңғыстау ауданындағы Қосбұлақ, Бейнеу ауданындағы Тәжен ауылдарында және Жаңаөзен қаласына қарайтын Кендірлі елді мекенінде орналасқан.

Жаңа амбулаторияларда күндізгі стационарлар, зертханалар, сүзгі-бокстар, дәрігерге дейінгі көмек көрсету, физиотерапия, емдік дене шынықтыру кабинеттері және акушерлік кабинеттер қарастырылған.

Осылайша, ауыл тұрғындары профилактика мен алғашқы диагностикадан бастап, емделу және қалпына келтіру көмегіне дейінгі медициналық қызметтердің кең спектрін ала алады.

Балалардың денсаулығына да ерекше көңіл бөлінуде. Бейнеу ауданында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «Қамқорлық» оңалту орталығы ашылды.

👶 Орталық жылына 600 балаға дейін қабылдауға есептелген. Мұнда әр баланың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, 14 күндік кешенді оңалту курстары қарастырылған.

Бейнеу ауданының отбасылары үшін бұл, ең алдымен, балаларға қажетті көмекті басқа қалаларға бармай-ақ, тұрғылықты жеріне жақын жерде алу мүмкіндігі.

Жаңа нысандардың ашылуы – Маңғыстау облысының медициналық инфрақұрылымын жаңарту бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың бір бөлігі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
НОВЫЕ МЕДИЦИНСКИЕ ОБЪЕКТЫ ОТКРЫТЫ В МАНГИСТАУ: ПОМОЩЬ СТАНОВИТСЯ БЛИЖЕ К ЛЮДЯМ

🩺 В Мангистауской области расширяется доступ жителей к современной медицинской помощи. В регионе введена в эксплуатацию новая больница на 150 коек, построены четыре врачебные амбулатории в сельских населенных пунктах и открыт реабилитационный центр для детей с особыми потребностями.

🏥 Одним из ключевых объектов стала новая больница на 150 коек в Мунайлинском районе. Современное здание площадью 30 тысяч квадратных метров оснащено необходимым медицинским оборудованием и позволит расширить возможности оказания медицинской помощи жителям района.

🏗️ Цель обновления инфраструктуры – обеспечить равный доступ к качественной медицинской помощи независимо от того, где живет человек. Особенно это важно для сельских жителей, семей с детьми.

⚜️ В рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения», реализуемого во исполнение поручений Главы государства, в Мангистауской области построены четыре новые врачебные амбулатории.

🌱 Они расположены в селах Аппак Каракиянского района, Косбулак Мангистауского района, Тажен Бейнеуского района и Кендерли, подведомственном городу Жанаозен.

В новых амбулаториях предусмотрены дневные стационары, лаборатории, фильтр-боксы, кабинеты доврачебной помощи, физиотерапии, лечебной физкультуры и акушерские кабинеты.

Таким образом, жители сел смогут получать больше медицинских услуг – от профилактики и первичной диагностики до лечения и восстановительной помощи.

Отдельное внимание уделяется здоровью детей. В Бейнеуском районе открыт реабилитационный центр «Қамқорлық» для детей с особыми потребностями.

👶 Центр рассчитан на прием до 600 детей в год. Здесь предусмотрены 14-дневные курсы комплексной реабилитации с учетом индивидуальных потребностей каждого ребенка.

Для семей Бейнеуского района это прежде всего возможность получать необходимую помощь детям рядом с домом, без поездок в другие города.

Открытие новых объектов является частью системной работы по обновлению медицинской инфраструктуры Мангистауской области.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАНДА «СУЫҚ ТІЗБЕГІНЕ» БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛЕДІ: ВАКЦИНАЛАРДЫ САҚТАУ ТЕМПЕРАТУРАСЫ ОНЛАЙН БАҚЫЛАНАДЫ

Қазақстанда вакциналардың «суық тізбегін» бақылаудың цифрлық жүйесі кеңейтіледі. Вакциналарды сақтау температурасы арнайы датчиктердің көмегімен автоматты түрде бақыланады, ал иммунобиологиялық препараттарды тасымалдау GPS-мониторинг арқылы жүзеге асырылады.

Жүйе бүкіл ел бойынша 3,5 мыңнан астам нысанды қамтиды. Ол вакциналарды сақтау мен жеткізудің барлық кезеңдерінде – қоймадан бастап медициналық ұйымға дейінгі аралықта бақылауды қамтамасыз етеді. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде өткен кеңесте ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді.


Қазіргі уақытта температуралық режим міндетті түрде бақыланады. Жаңа жүйе қолданыстағы бақылауды толықтырып, тоңазытқыш жабдықтарынан алынған деректерді бірыңғай цифрлық платформаға автоматты түрде жібереді.

Температура белгіленген параметрлерден ауытқыған жағдайда мамандар мәселенің қай кезеңде туындағанын жедел анықтап, қажетті шараларды қабылдай алады. Вакциналарды тасымалдау кезінде де мамандандырылған көлікке GPS-мониторинг жүргізіледі.

«Суық тізбек – иммундау жүйесінің негізгі элементтерінің бірі. Автоматтандыру вакциналарды сақтау және тасымалдау жағдайларын тұрақты бақылауды қамтамасыз етіп, кез келген ауытқуға жедел ден қоюға мүмкіндік береді», – деді Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер.


Жоба шеңберінде 21 мыңнан астам мониторинг нүктесін құру, 3,5 мыңнан астам нысанды қамту, сондай-ақ еліміздің барлық 20 өңіріндегі 800-ден астам мамандандырылған көлік құралын бақылауды қамтамасыз ету жоспарлануда.

Сонымен қатар вакциналарды сақтауға арналған жабдықтар жаңартылады. Пандемия қорының қаражаты есебінен тоңазытқыш камералар, мұздатқыштар және аудандық деңгейдегі медициналық ұйымдар үшін шамамен 900 тоңазытқыш сатып алу жоспарлануда.

Жаңа цифрлық жобаның басты мақсаты – вакцинаның бүкіл қозғалыс жолында «суық тізбектің» сенімді бақылауын қамтамасыз ету және оны сақтау мен тасымалдау талаптарының бұзылу қаупін азайту болып табылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В КАЗАХСТАНЕ УСИЛЯТ КОНТРОЛЬ «ХОЛОДОВОЙ ЦЕПИ»: ТЕМПЕРАТУРА ХРАНЕНИЯ ВАКЦИН БУДЕТ ОТСЛЕЖИВАТЬСЯ ОНЛАЙН

В Казахстане масштабируют цифровую систему контроля «холодовой цепи» вакцин. Температура хранения вакцин будет автоматически отслеживаться с помощью специальных датчиков, а перевозка иммунопрепаратов будет осуществляться через GPS-мониторинг.

Система охватит более 3,5 тысячи объектов по всей стране, от хранения и доставки вакцин на всех этапах, от склада и до медицинской организации, сообщила сегодня на совещании в Министерстве здравоохранения главный государственный санитарный врач РК Сархат Бейсенова.


Сегодня температурный режим контролируется в обязательном порядке. Новая система дополнит действующий контроль: данные с холодильного оборудования будут автоматически поступать на единую цифровую платформу.

При отклонении температуры от установленных параметров специалисты смогут оперативно определить, на каком участке возникла проблема, и принять необходимые меры. При транспортировке вакцин также будет осуществляться GPS-мониторинг специализированного транспорта.

«Холодовая цепь – один из ключевых элементов системы иммунизации. Автоматизация позволит обеспечить постоянный контроль условий хранения и транспортировки вакцин, оперативно реагировать на любые отклонения», – отметила главный госсанврач.


В рамках проекта планируется создать более 21 тысячи точек мониторинга с охватом свыше 3,5 тысячи объектов, а также обеспечить контроль более 800 единиц специализированного транспорта во всех 20 регионах страны.

Параллельно обновляется оборудование для хранения вакцин. За счет средств Пандемического фонда планируется приобрести холодильные камеры, морозильники и порядка 900 холодильников для районного уровня и медицинских организаций.

Главная задача нового цифрового проекта – обеспечить надежный контроль «холодовой цепи» на всем пути вакцины и снизить риск нарушения условий ее хранения и перевозки.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ФАСТФУД ЖАРНАМАСЫН ШЕКТЕУ БОЙЫНША НОРМАЛАР ҰСЫНДЫ

⚜️ Денсаулық сақтау министрлігі балаларға бағытталған фастфуд, тәтті сусындар және құрамында қант, тұз бен қаныққан майлар мөлшері жоғары басқа да өнімдердің жарнамасын шектеу бойынша заңнамалық ұсыныстар әзірледі.

📌 Бұған дейін Мемлекет басшысы Үкіметке фастфудтың агрессивті жарнамасы мәселесін қарастыруды тапсырған болатын.
Ол мұндай жарнаманың зиянды әдеттердің қалыптасуына ықпал ететінін, денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктемені арттыратынын және елдің еңбек әлеуетіне кері әсер ететінін атап өтті.

📝 Заңнамалық бастамалардың негізгі мақсаты – балалардың тағамдық талғамына маркетингтік ықпалды азайту және ерте шақтан бастап дұрыс тамақтану әдеттерін қалыптастыруға ықпал ету.
Азық-түлік өнімдерінің жарнамасы балалар мен жасөспірімдерге айтарлықтай әсер етеді. Олар жарқын қаптамаға, әлеуметтік желілер, блогерлер арқылы жарнамалауға және басқа да маркетингтік құралдарға көбірек бейім келеді.

«Министрлік құрамында тұз, қант, қаныққан және трансмайлар мөлшері жоғары тамақ өнімдерінің жарнамасын теле- және радиоарналарда, әлеуметтік желілерде, сыртқы жарнама құралдарында шектеу бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірледі.
Аталған ұсыныстарды іске асыру мақсатында осы шектеулердің реттеушілік әсерін талдауды әзірлеу жұмыстары басталды», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнар Сәрсембаева аппараттық кеңесте сөйлеген сөзінде.


📊 Зерттеу деректеріне сәйкес 6–9 жас аралығындағы балалардың 23%-ында артық дене салмағы бар, ал 6%-ы семіздікке шалдыққан. Сонымен қатар жасөспірімдердің 17,5%-ы энергетикалық сусындарды апта сайын тұтынады.
Заңнамаға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар халықаралық тәжірибе мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарын ескере отырып әзірленді.

Қазақстанда дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бірқатар шаралар қазірдің өзінде жүзеге асырылуда. 21 жасқа толмаған адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынған. 2025 жылғы қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарында жаңа тамақтану стандарты қолданысқа енгізілді. Ол рациондағы қант пен тұз мөлшерін азайтуды, сондай-ақ көкөністер, жемістер және сүт өнімдерінің үлесін арттыруды көздейді.

🙌 Өңірлерге профилактикалық жұмысты күшейту және балалар мен ата-аналарға дұрыс тамақтану қағидалары туралы ақпарат беруді арттыру тапсырылды.
Ұсынылып отырған шаралар жекелеген өнімдерге тыйым салуға емес, олардың балалар арасында насихатталуын шектеуге және дұрыс таңдау жасауға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
МИНЗДРАВ ПРЕДЛОЖИЛ НОРМЫ ПО ОГРАНИЧЕНИЮ РЕКЛАМЫ ФАСТФУДА ДЛЯ ДЕТЕЙ

⚜️ Министерством здравоохранения разработаны законодательные предложения по ограничению рекламы фастфуда, сладких напитков и других продуктов с высоким содержанием сахара, соли и насыщенных жиров, направленную на детей.

📌 Ранее Глава государства поручал Правительству разобраться с проблемой агрессивной рекламы фастфуда.
Он отметил, что такая реклама формирует устойчивые вредные привычки, увеличивает нагрузку на систему здравоохранения, негативно сказывается на трудовом потенциале страны.

📝 Основная цель законодательных инициатив – снизить маркетинговое воздействие на пищевые предпочтения детей и способствовать формированию здоровых привычек с раннего возраста.
Реклама продуктов питания особенно влияет на детей и подростков, которые в большей степени восприимчивы к яркой упаковке, продвижению через социальные сети, блогеров и другим маркетинговым инструментам.

«Министерством разработаны предложения в законодательство по введению ограничения рекламы пищевой продукции с повышенным содержанием соли, сахара, насыщенных жиров, трансжиров на теле-, радиоканалах, в социальных сетях, носителях наружной рекламы.
Для реализации указанных предложений приступило к разработке Анализа регуляторного воздействия указанных ограничений», - отметила в своем выступлении на аппаратном совещании директор департамента организации медицинской помощи МЗРК Гулнар Сарсембаева.


📊 По данным исследований, среди детей в возрасте 6–9 лет 23% имеют избыточную массу тела, 6% — ожирение. Кроме того, 17,5% подростков еженедельно употребляют энергетические напитки.
Предложения по изменению законодательства подготовлены с учетом международного опыта и рекомендаций Всемирной организации здравоохранения.

В Казахстане уже реализуется ряд мер по формированию здорового питания. Запрещена продажа энергетических напитков лицам младше 21 года. С сентября 2025 года действует новый Стандарт питания в организациях образования, предусматривающий снижение содержания сахара и соли в рационе, а также увеличение доли овощей, фруктов и молочной продукции.

Регионам поручено усилить профилактическую работу и информирование детей и родителей о принципах здорового питания.

🙌 Предлагаемые меры направлены не на запрет отдельных продуктов, а на ограничение их продвижения среди детей и создание среды, в которой здоровый выбор становится более доступным.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ БОСАНДЫРУ ҰЙЫМДАРЫН ТЕКСЕРУДІ АЯҚТАДЫ: 80-НЕН АСТАМ САНИТАРИЯЛЫҚ НҰСҚАМА БЕРІЛДІ

Денсаулық сақтау министрлігі босандыру ұйымдарының 84 нысанының 82-сінде тексеру жұмыстарын аяқтады. Олардың қатарында 35 перинаталдық орталық пен 47 босандыру бөлімі бар.

Мамандар инфекциялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын, оның ішінде стерилизациялау және дезинфекциялау жұмыстарын, желдету және сумен жабдықтау жүйелерінің жай-күйін, инфекцияларды уақтылы анықтауды және инфекциялық бақылау қызметтерінің жұмысын бағалады.

Сондай-ақ зертханалық зерттеулер жүргізілді. Бұл құжаттаманы ғана емес, медициналық көмек көрсетудің нақты жағдайларын да бағалауға мүмкіндік берді.
Тексеру қорытындысы бойынша 81 санитариялық нұсқама берілді. 29 медициналық ұйымда дезинфекциялық-стерилизациялық режимнің бұзылғаны анықталды. Қауіптерді шұғыл жоюды талап ететін фактілер бойынша нақты шаралар қабылданды.

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларына нұсқамалардың орындалуын ай сайын бақылауды қамтамасыз етуді және босандыру ұйымдарының санитариялық-техникалық жағдайын белгіленген талаптарға сәйкестендіруді тапсырды.

Сонымен қатар инфекциялық бақылау қызметтерінің кадрлық қамтамасыз етілуін күшейту, инфекциялардың алдын алу бағдарламаларын өзектендіру және медициналық ұйымдар басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру тапсырылды.

«Біздің міндетіміз – тек бұзушылықты тіркеп, нұсқама беру емес. Бір айдан кейін біз қайта келіп, нақты нәтижені көруіміз керек. Егер ескерту анықталса, ол жойылуы тиіс. Пациенттің қауіпсіздігі есептермен емес, медициналық көмек көрсетудің нақты жағдайларымен расталуы керек», – деп атап өтті Тимур Сұлтанғазиев.


Келесі кезеңде балалар ауруханаларында тексеру жүргізіледі. Одан кейін осындай жұмыс медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында да жүргізілетін болады.
👍1
МИНЗДРАВ ЗАВЕРШИЛ ПРОВЕРКУ ОРГАНИЦИЙ РОДОВСПОМОЖЕНИЯ: ВЫДАНЫ СВЫШЕ 80 САНИТАРНЫХ ПРЕДПИСАНИЙ

Министерством здравоохранения завершена проверка 82 из 84 организаций родовспоможения, среди которых 35 перинатальных центров и 47 родильных отделений.

Специалисты оценивали соблюдение требований инфекционной безопасности, включая стерилизацию и дезинфекцию, состояние вентиляции и водоснабжения, своевременность выявления инфекций и работу служб инфекционного контроля.

Проводились также лабораторные исследования, что позволило оценить не только документацию, но и фактические условия оказания медицинской помощи.
По итогам проверки выдано 81 санитарное предписание. Нарушения дезинфекционно-стерилизационного режима выявлены в 29 медицинских организациях. По фактам, требующим незамедлительного устранения рисков, приняты адресные меры реагирования.

Первый вице-министр здравоохранения Тимур Султангазиев поручил управлениям здравоохранения регионов обеспечить ежемесячный контроль исполнения предписаний и привести санитарно-техническое состояние объектов родовспоможения в соответствие с установленными требованиями.

Также поручено усилить кадровое обеспечение служб инфекционного контроля, актуализировать программы профилактики инфекций и повысить персональную ответственность руководителей медицинских организаций.

«Наша задача – не просто зафиксировать нарушение и выдать предписание. Через месяц мы должны вернуться и увидеть конкретный результат. Если замечание выявлено, оно должно быть устранено. Безопасность пациента должна подтверждаться не отчетами, а реальными условиями оказания медицинской помощи», – подчеркнул Тимур Султангазиев.


Следующим этапом станут детские больницы, после чего аналогичная работа будет проведена в организациях первичной медико-санитарной помощи.