ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
17.7K photos
1.42K videos
28 files
3.97K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
АСТАНАДА ТРАНСПЛАНТ-ҮЙЛЕСТІРУШІЛЕРДІҢ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Астанада өңірлер мамандарына кураторлық сүйемелдеу көрсету шеңберінде Трансплантаттау және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық жыл сайын ұйымдастыратын трансплант-үйлестірушілердің республикалық конференциясы өтті.

Бүгінде Қазақстанда 20 өңірлік және 29 стационарлық трансплант-үйлестіруші жұмыс істейді. Конференция олардың кәсіби біліктілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және қызметтің өзекті мәселелерін талқылауға арналған алаңға айналды.

Іс-шара барысында қайтыс болғаннан кейінгі донорлық, ми өлімін диагностикалау, медициналық командалардың өзара іс-қимылы және әлеуетті донорлардың отбасыларымен жұмыс істеу мәселелеріне баса назар аударылды.

Бағдарламаның жеке бөлімі трансплант-үйлестірушілердің коммуникациялық және психологиялық жұмыс аспектілеріне арналды. Талқылауға медицина, психология және коммуникациялар саласындағы мамандар қатысты. Қатысушылар өңірлік мамандардың жұмысында қолдануға болатын практикалық кейстер мен тәсілдерді қарастырды.

«Жыл сайынғы конференция трансплант-үйлестірушілердің жұмысында бірыңғай кәсіби тәсілді қалыптастыруға, практикалық тәжірибе алмасуға және өңірлерде туындайтын мәселелерді уақтылы талқылауға мүмкіндік береді. Бұл – донорлық пен трансплантаттауды дамыту бойынша жүйелі жұмысымыздың маңызды бөлігі», – деп атап өтті Трансплантаттауды үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың директоры Айдар Ситказинов.


2026 жылы Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі 12 донордан ағзаларды трансплантаттау бойынша 39 операция жасалды.

Трансплант-үйлестірушілердің кәсіби дамуы және өңірлердің арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру донорлық пен трансплантаттаудың ұлттық жүйесін дамытудың маңызды бағыттары болып қала береді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
В АСТАНЕ ПРОШЛА ЕЖЕГОДНАЯ РЕСПУБЛИКАНСКАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ ТРАНСПЛАНТ-КООРДИНАТОРОВ

В Астане состоялась ежегодная республиканская конференция трансплант-координаторов, которую ежегодно проводит Республиканский центр координации трансплантации и высокотехнологичных медицинских услуг в рамках кураторского сопровождения специалистов регионов.

Сегодня в Казахстане работают 20 региональных и 29 стационарных трансплант-координаторов. Конференция стала площадкой для повышения их профессиональной квалификации, обмена опытом и обсуждения актуальных вопросов работы службы.

В центре внимания были вопросы посмертного донорства, диагностики смерти мозга, взаимодействия медицинских команд и работы с семьями потенциальных доноров.

Отдельный блок программы был посвящён коммуникации и психологическим аспектам работы трансплант-координаторов. К обсуждению были привлечены специалисты в области медицины, психологии и коммуникаций. Участники рассмотрели практические кейсы и подходы, которые могут использоваться в работе региональных специалистов.

«Ежегодная конференция позволяет нам поддерживать единый профессиональный подход в работе трансплант-координаторов, обмениваться практическим опытом и своевременно обсуждать вопросы, которые возникают в регионах. Это важная часть нашей системной работы по развитию донорства и трансплантации», — отметил директор Республиканского центра координации трансплантации Айдар Ситказинов.


В 2026 году в Казахстане выполнено 39 трансплантаций органов от 12 посмертных доноров.

Профессиональное развитие трансплант-координаторов и совершенствование взаимодействия между регионами остаются важными направлениями развития национальной системы донорства и трансплантации.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov
👍1
ВИЦЕ-МИНИСТР МАНАС РАМАЗАНОВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігі, ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту, медициналық инфрақұрылымның жай-күйі Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазановтың Жетісу облысына жұмыс сапарының негізгі мәселелеріне айналды. Аудандық және ауылдық деңгейлерде медициналық көмекті ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.

Сапар барысында вице-министр Талдықорған қаласының облыстық ауруханасына барып, рентген-ангиографиялық операциялық бөлменің, госпитальдық фармацияның және клиникалық-диагностикалық бөлімшенің жұмысымен танысты. Медициналық көмекті уақтылы диагностикалау және мамандандырылған медициналық көмек көрсету мәселелері қаралды.

Облыстық көпбейінді балалар ауруханасында ол қабылдау бөлімінің, реанимация және қарқынды терапия бөлімдерінің, операциялық блоктың, травматология және хирургия бөлімшелерінің жұмысын қарап, ғимаратты реконструкциялау барысымен танысты.

Сапар барысында аудандардағы медициналық көмектің қолжетімділігіне ерекше көңіл бөлінді. Үштөбе қаласының аудандық орталық ауруханасында вице-министр медициналық алғашқы және мамандандырылған көмек бөлімшелерінің, компьютерлік томография кабинетінің, Ерте дамыту және араласу орталығының, оқу-симуляциялық кабинеттердің және әлеуметтік-психологиялық көмек қызметінің жұмысын көрді.

Еркін ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда вице-министр профилактикалық тексерулерді, вакцинациялау мен скринингтерді ұйымдастырумен, сондай-ақ Пациенттерді қолдау қызметінің, жастар және отбасылық денсаулық орталықтарының жұмысымен танысты.

Сапар қорытындысы бойынша алдағы жұмыстың негізгі бағыттары айқындалды. Олар – мамандандырылған медициналық көмекті дамыту, пациенттерді медициналық ұйымдарға бағыттау жүйесін жетілдіру, ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін нығайту, медициналық инфрақұрылымды одан әрі жарақтандыру және дамыту болып табылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
ВИЦЕ-МИНИСТР МАНАС РАМАЗАНОВ ОЗНАКОМИЛСЯ С РАБОТОЙ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ В ОБЛАСТИ ЖЕТЫСУ

Доступность специализированной медицинской помощи, развитие службы охраны материнства и детства, состояние медицинской инфраструктуры стали ключевыми вопросами рабочей поездки вице-министра здравоохранения Манаса Рамазанова в область Жетысу. Особое внимание уделено организации помощи на районном и сельском уровнях.

В ходе поездки вице-министр посетил областную больницу Талдыкоргана, где ознакомился с работой рентген-ангиографической операционной, госпитальной фармации и клинико-диагностического отделения. Рассмотрены вопросы своевременной диагностики и оказания специализированной медицинской помощи.

В областной многопрофильной детской больнице он осмотрел работу приемного отделения, реанимации и интенсивной терапии, операционного блока, травматологического и хирургического отделений, а также ознакомился с ходом реконструкции здания.

Особое внимание в ходе поездки уделено доступности медицинской помощи в районах. В центральной районной больнице города Уштобе вице-министр посетил отделения первичной и специализированной помощи, компьютерной томографии, Центр раннего развития и вмешательства, учебно-симуляционные кабинеты и службу социально-психологической помощи.

Во врачебной амбулатории села Еркин вице-министр ознакомился с организацией профилактических осмотров, вакцинации и скринингов, а также работой Службы поддержки пациентов, молодежного и семейного центров здоровья.

По итогам поездки определены основные направления дальнейшей работы: развитие специализированной помощи, совершенствование маршрутизации пациентов, укрепление службы охраны материнства и детства, дальнейшее оснащение и развитие медицинской инфраструктуры.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov
ДӘРІГЕРЛЕР 740 ГРАММ САЛМАҚПЕН ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН СӘБИДІҢ ӨМІРІ ҮШІН 80 КҮН КҮРЕСТІ

Бар болғаны 740 грамм – жүктіліктің 26-аптасында дүниеге келген сәбидің салмағы осындай болды. Бүгінде ол анасымен бірге үйде. Оның өмірі үшін Алматы қаласының №2 қалалық перинаталдық орталығының дәрігерлері 80 күн бойы күресті.

Сәби шұғыл кесарь тілігі арқылы дүниеге келген. Жүктілік плацентаның ажырауы және қан кетумен асқынған. Жүктіліктің небәрі 26 аптасында әр грамм мен әрбір тыныстың маңызы зор болды.

Өмірінің алғашқы минуттарынан бастап жаңа туған нәрестеге қарқынды медициналық көмек қажет болды.

«Сәби 40 күн бойы өкпені жасанды желдету аппаратында болды. Одан кейін тағы екі аптаға жуық уақыт бойы мұрын арқылы СИПАП әдісімен тыныс алу қолдауын алды», – дейді Алматы қаласы №2 қалалық перинаталдық орталығының директоры Светлана Рахимова.


Жалпы алғанда, кішкентай пациент жаңа туған нәрестелерді реанимациялау және қарқынды терапия бөлімінде 56 күн жатты.

Мұндай балалар үшін өздігінен тыныс алуға көшу, жағдайының тұрақтануы және үйге шығу – нағыз күрес. Әр күннің артында тәулік бойы бақылау, нәрестелерді күтіп-баптаудың заманауи әдістері және дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің орасан зор еңбегі тұр.

Баланың жағдайы жақсарғаннан кейін ол реанимация бөлімінен әрі қарай күтім жасау және оңалту үшін тиісті бөлімшеге ауыстырылды.

Содан кейін көптен күткен күн де жетті.

Өмірінің 80-тәулігінде сәби үйіне шығарылды.

Салмағы небәрі 740 грамм болған кішкентай сәби өмірінің алғашқы ең күрделі кезеңдерінің бірінен өтіп, нағыз кішкентай жеңімпазға айналды.

Бүгінде Қазақстан жаңа туған нәрестелерге медициналық көмек көрсету бойынша Орталық Азияда жетекші орындардың бірін иеленеді.

Дүниежүзілік банк, ДДҰ, ЮНИСЕФ, БҰҰ және IGME бірлескен есебінің деректеріне сәйкес, 2025 жылы еліміздегі неонаталдық өлім деңгейі (өмірінің алғашқы 28 күніндегі өлім) 1000 жаңа туған нәрестеге шаққанда 3,04 жағдайды құрады. Бұл – өңірдегі ең үздік көрсеткіш және АҚШ көрсеткішіне жуық.

Заманауи перинаталдық технологиялар мен медицина қызметкерлерінің кәсіби шеберлігінің арқасында соңғы жылдары шала туған нәрестелердің өмір сүру көрсеткіші төрт есеге артты.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
ВРАЧИ 80 ДНЕЙ БОРОЛИСЬ ЗА ЖИЗНЬ МАЛЫША, РОДИВШЕГОСЯ ВЕСОМ 740 ГРАММОВ

Всего 740 граммов – именно столько весил малыш, появившийся на свет на 26-й неделе беременности. Сегодня он дома вместе с мамой. За его жизнь 80 дней боролись врачи Городского перинатального центра №2 Алматы.

Малыш родился в результате экстренного кесарева сечения. Беременность осложнилась отслойкой плаценты и кровотечением. На сроке всего 26 недель каждый грамм и каждый вдох имели огромное значение.

С первых минут жизни новорожденному потребовалась интенсивная медицинская помощь.

“40 дней малыш находился на искусственной вентиляции лёгких, после чего ещё около двух недель получал дыхательную поддержку методом назального СИПАП”,- делится директор ГПЦ №2 Алматы Светлана Рахимова.


В общей сложности 56 дней маленький пациент провёл в отделении реанимации и интенсивной терапии новорождённых.

Для таких детей путь к самостоятельному дыханию, стабильному состоянию и выписке – это настоящая борьба. За каждым днём стоят круглосуточное наблюдение, современные методы выхаживания и огромная работа врачей и медицинских сестёр.

После чего как состояние ребёнка улучшилось его перевели его из реанимации в отделение для дальнейшего выхаживания и восстановления.

А затем наступил самый долгожданный день.

На 80-е сутки жизни мальчик был выписан домой.

Из крошечного малыша весом 740 граммов он превратился в настоящего маленького победителя, которому удалось пройти один из самых сложных первых этапов жизни.

Сегодня Казахстан занимает лидирующие позиции в Центральной Азии по оказанию помощи новорожденным.

По данным совместного отчета Всемирного банка, ВОЗ, ЮНИСЕФ, ООН и IGME, уровень неонатальной смертности (в первые 28 дней) за 2025 год в нашей стране составил 3, 04 на 1000 новорожденных – это лучший показатель в регионе и почти на уровне США.

Благодаря современным перинатальным технологиям и профессионализму медработников выживаемость недоношенных деток за последние годы увеличилась в четыре раза.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov
👏2
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛАЛАРҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ САПАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жетісу облысына жұмыс сапары шеңберінде Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазановтың төрағалығымен Акушерлік және бала денсаулығын сақтау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің көшпелі отырысы өтті.

Отырыста өңірдің медициналық ұйымдарына жүргізілген мониторингтік сапарлардың қорытындысы шығарылды. Сарапшылар жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге және балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру жолдарын талқылап, ана мен нәресте өлімінің алдын алу бойынша ұсынымдар берді.

Өңірдегі 19 медициналық ұйымға барған жұмыс тобының құрамында ұлттық ғылыми орталықтардың – Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы, Universal Medical Center, Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мамандары, сондай-ақ медициналық жоғары оқу орындарының – Т.Шарманов атындағы Ұлттық медицина университеті (Астана қаласы), С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (Алматы қаласы), Қарағанды медицина университетінің оқытушылары мен мамандары болды.

Мамандар медициналық ұйымдарға ұйымдастырушылық, әдістемелік және практикалық көмек көрсетті. Олардың қатысуымен 2 семинар, практикалық мастер-кластар өткізіліп, пациенттерге консультациялар берілді. Сонымен қатар акушерия, педиатрия, реаниматология және эпидемиология бағыттары бойынша медициналық көмек көрсету сапасына бағалау жүргізілді.

Босандыру және балалар денсаулығын сақтау ұйымдарындағы инфекциялық бақылауға, жаңа туған нәрестелерге реанимациялық көмек көрсетуге, сондай-ақ балаларды ерте дамыту жобаларын енгізуге ерекше назар аударылды.

Отырыстың қорытындысын шығара отырып, Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев материалдық-техникалық базаны нығайту, білікті медицина кадрларын тарту, ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмекті жетілдіру бойынша берілген ұсынымдарды орындаудың қажеттігін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
В ОБЛАСТИ ЖЕТЫСУ ОБСУДИЛИ ВОПРОСЫ КАЧЕСТВА ОКАЗАНИЯ МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ БЕРЕМЕННЫМ И ДЕТЯМ

В рамках рабочей поездки в область Жетысу под председательством вице-министра здравоохранения Манаса Рамазанова проведено выездное заседание Координационного совета по вопросам родовспоможения и детства.

На заседании были подведены итоги мониторинговых визитов в медицинские организации региона, эксперты обсудили пути улучшения качества медицинской помощи беременным, роженицам и детям, даны рекомендации по недопущению материнской и младенческой смертности.

В ходе визита в 19 медорганизаций региона группа в составе специалистов национальных научных центров (Научный центр акушерства, гинекологии и перинатологии, Universal Medical Center, Национальный центр общественного здравоохранения) и медицинских ВУЗов (Национальный медицинский университет имени.Т.Шарманова (г. Астана), Казахский Национальный медуниверситет им.С.Д.Асфендиярова (г Алматы), Карагандинский медуниверситет) оказывала организационную, методологическую и практическую помощь. С их участием были проведены 2 семинара, практические мастер классы, консультации пациентов, оценка оказания медпомощи в области акушерства, педиатрии, реаниматологии и эпидемиологии.

Особое внимание уделялось инфекционному контролю в организациях родовспоможения и детства, реанимационной помощи новорождённым, внедрению проектов по раннему развитию детей.

Подведя итоги заседания, заместитель акима области Жетысу Марлен Кольбаев отметил необходимость выполнения рекомендаций по укреплению материально- технической базы, привлечению квалифицированных медицинских кадров, совершенствованию помощи матерям и детям.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov
АЛМАТЫ ОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНДА РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ДӘРІХАНА КЕШЕНІ ЕНГІЗІЛДІ

Алматы онкология орталығында роботтандырылған дәріхана кешені және дәрілік препараттарды жабық герметикалық жағдайда сұйылту жүйесі енгізілді.

Жаңа технология дәрілік заттармен қамтамасыз етудің негізгі кезеңдерін – препараттарды қабылдау мен сақтаудан бастап, оларды сұйылту және пациенттерге беруге дейінгі процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Кодтардың көмегімен әрбір дәрілік препаратқа жеке цифрлық сәйкестендіру беріледі, ал онымен жасалған әрбір әрекет жүйеде тіркеледі. Осылайша мамандар препараттың дәріхана кешеніне келіп түскен сәтінен бастап пациентке берілгенге дейінгі бүкіл қозғалысын қадағалай алады.

Онкологиялық қызмет үшін бұл аса маңызды. Өйткені дәрілік заттармен қамтамасыз етудің дәлдігі мен қауіпсіздігі емдеу сапасымен тікелей байланысты.

Бұл ретте цифрландыру Алматы қаласында онкологиялық көмектің тиімділігі айтарлықтай артып отырған кезеңде жүзеге асырылуда. Бүгінде Алматы онкология орталығында қала бойынша диспансерлік есепте 38 мыңнан астам пациент тұр, ал жыл сайын 27 мыңнан астам адам медициналық көмек алады. Соңғы сегіз жылдың ішінде көрсетілген емдеу қызметтерінің көлемі 2,5 есеге өсті.

Сонымен қатар бес жылдық өмір сүру көрсеткіші де 46%-дан 75%-ға дейін артты.

Жүйе дәрілік препараттардың дозасын дәл сақтауға, қателер қаупін азайтуға және дәрі-дәрмектерді дайындау процесін толық бақылауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz