ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
18.4K photos
1.55K videos
28 files
4.22K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
Резидентураға түсудің жаңа цифрлық форматы

«Резидентураның цифрлық платформасы» - құжат тапсыру мен конкурстық іріктеудің бірыңғай жүйесі.

Биыл резидентураға қабылдау алғаш рет цифрлық платформа арқылы жүргізілді.

Конкурс - автоматтандырылған.
Рейтинг - ашық.
Мүмкіндік - көбірек.

4 мамандық × 4 ұйым

Таңдау — болашақ дәрігерде.

Резидентура-2026 - медициналық білімге түсудің жаңа цифрлық кезеңі.

🔹🔹🔹
Новый формат поступления в резидентуру - в цифровом формате

Цифровая платформа резидентуры - единая система для подачи документов
и проведения конкурсного отбора.

Впервые поступление в резидентуру прошло с использованием цифровой платформы.

Конкурс - автоматически.
Рейтинг - прозрачно.
Возможностей - больше.

4 специальности × 4 организации

Выбор - за будущим врачом.

Новый шаг к цифровому и прозрачному поступлению в медицинское образование.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Выбирала между разными направлениями, но остановилась на детской хирургии» - история поступления Исмиры Гассановой

Выпускница КазНМУ имени С.Д. Асфендиярова Исмира Гассанова успешно прошла конкурсный отбор и поступила в резидентуру по специальности «Детская хирургия» на государственный грант.

Как отмечает сама Исмира, выбор направления дался ей непросто: долгое время она не могла определиться между разными хирургическими специальностями, но в итоге остановилась на детской хирургии. В будущем она планирует постоянно совершенствовать профессиональные навыки, осваивать современные технологии и работать на благо системы здравоохранения Казахстана.

По словам Исмиры, весь процесс поступления прошел легко и без заминок: ее заявка была принята с первого раза, доработок не потребовалось. Она советует будущим резидентам внимательно следовать каждому этапу и последовательно заполнять все необходимые документы.

Исмира желает будущим коллегам не бояться ставить перед собой амбициозные цели, прислушиваться к своему внутреннему голосу и выбирать специальность, которая действительно вдохновляет.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.
👏1
«БОЛАШАҚҚА САУ ТІСПЕН» ЖОБАСЫ: АУРУ ПАТОЛОГИЯЛАРЫ АСҚЫНУҒА ДЕЙІН АНЫҚТАЛАДЫ

Денсаулық сақтау министрлігі мектеп жасындағы балаларға арналған профилактикалық бағдарламалардың тиімділігін, оның ішінде ауыз қуысы ауруларының алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде арттырып келеді.

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Альназарова елордадағы №32 мектеп-гимназиясы мен №60 лицейге барып, онда өткен жылдан бері оқушыларға арнайы стоматологиялық кабинеттерде стоматологиялық көмек көрсетіліп келе жатқанын көрді.

2025 жылдан бастап «Болашаққа сау тіспен» Жол картасын іске асыру нәтижесінде білім беру ұйымдарындағы стоматологиялық кабинеттердің саны 145-тен 288-ге дейін артты.

Жобаны іске асырудың алғашқы жылы нақты нәтижелерді көрсетіп отыр. Астанада бес мектепте 2025 жылғы қазан айынан бері 13 мыңнан астам оқушы ауыз қуысының профилактикалық тексеруімен қамтылды. 5 570 балада стоматологиялық аурулар анықталды, оның ішінде 1 678 оқушы әрі қарай емделуге жіберілді.

Ең көп таралған мәселе – тісжегі (кариес). Анықталған стоматологиялық патологиялардың 3 892 жағдайын, яғни 69,9%-ын асқынбаған кариес құрады. Тағы 1 678 балада кариес­тің асқынған түрлері – пульпит және периодонтит анықталды. Бұл балалар әрі қарай ем алу үшін медициналық ұйымдарға жолданды. Сонымен қатар мамандар пародонт және ауыз қуысының шырышты қабаты ауруларын да анықтады.
Көрсетілімдер болған жағдайда мектептегі стоматологиялық кабинеттердің өзінде профилактикалық ем-шаралар жүргізіледі. Олардың қатарында реминерализациялық терапия, тістерді фторлакпен жабу және фиссураларды герметизациялау бар.

Ауыз қуысына күтім жасау дағдыларын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. 10 мыңнан астам оқушыға ауыз қуысының гигиенасын сақтау ережелері үйретілді. Нәтижесінде ауыз қуысы гигиенасының индексі 2,4-тен 1,1-ге дейін жақсарды.

«Профилактика бала күрделі емдеуді қажет еткен кезде емес, одан әлдеқайда ерте басталуы керек. Баланың өзіне және ата-анасына тісті дұрыс күту, ауыз қуысының гигиенасын сақтау және дұрыс тамақтану тәртібін үйрету маңызды», – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.


Бүгінде мектеп стоматологиясының моделі нақты қағидат бойынша қалыптастырылуда: ауруды ерте кезеңде анықтау, оның асқынуына жол бермеу және қажет болған жағдайда баланы дер кезінде емделуге жіберу.
Мұндай тәсіл пайда болған ауруларды емдеумен қатар, балалардың ерте жастан бастап өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Балалар денсаулығын жақсарту және Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және профилактикалық бағдарламалардың тиімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
👎1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ПЕРВЫЕ РЕЗУЛЬТАТЫ ПРОЕКТА «БОЛАШАҚҚА САУ ТІСПЕН»: ПАТОЛОГИИ ВЫЯВЛЯЮТСЯ ДО ОСЛОЖНЕНИЙ

Министерство здравоохранения последовательно повышает эффективность профилактических программ для детей школьного возраста, в том числе заболеваний полости рта.

Сегодня министр здравоохранения Акмарал Альназарова посетила столичные школы-гимназии №32 и лицей №60, где с прошлого года учащиеся получают стоматологическую помощь в профильном кабинете.

В результате реализации с 2025 года Дорожной карты «Болашаққа сау тіспен» увеличилось количество стоматологических кабинетов в организациях образования с 145 до 288.

Первый год реализации проекта уже показывает конкретные результаты.

В Астане в пяти школах с октября 2025 года профилактическими осмотрами полости рта охвачено более 13 тысяч учащихся. Стоматологические заболевания выявлены у 5 570 детей, из них 1 678 школьников направлены на дальнейшее лечение.

Наиболее распространенной проблемой остается кариес. 3 892 случая, или 69,9% выявленной стоматологической патологии, составил неосложненный кариес. Еще у 1 678 детей выявлены осложненные формы кариеса – пульпиты и периодонтиты. Эти дети направлены в медицинские организации для дальнейшего лечения.

Кроме того, специалисты выявляли заболевания пародонта и слизистой оболочки полости рта.

При наличии показаний непосредственно в школьных кабинетах проводятся профилактические процедуры – реминерализующая терапия, покрытие зубов фторлаком, герметизация фиссур.

Отдельное внимание уделяется формированию навыков ухода за полостью рта: правилам гигиены обучено более 10 тыс. школьников. В результате уровень индекса гигиены полости рта улучшился с 2,4 до 1,1.


«Профилактика должна начинаться не тогда, когда ребенок уже нуждается в сложном лечении. Важно научить самого ребенка и его родителей правильно ухаживать за зубами, соблюдать гигиену, обеспечить рациональное питание», – подчеркнула министр здравоохранения.


Сегодня модель школьной стоматологии выстраивается по четкому принципу: выявить заболевание на ранней стадии, затем предупредить его развитие, при необходимости своевременно направить ребенка на лечение.

Именно такой подход позволяет не только лечить уже возникшие заболевания, но и формировать у детей культуру заботы о собственном здоровье с раннего возраста.

В целях улучшения здоровья детского населения и в соответствии с поручениями Главы государства Министерством проводится системная работа по совершенствованию нормативной правовой базы и повышению эффективности профилактических программ.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.
👍1
ЕЛОРДАДАҒЫ МЕКТЕПТЕ БАЛАЛАРДЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУДІҢ ЖАҢА ЦИФРЛЫҚ ФОРМАТЫ СЫНАҚТАН ӨТКІЗІЛДІ

🩺 Елордадағы мектептердің бірінде Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова балаларды профилактикалық тексеруден өткізуге мүмкіндік беретін телемедициналық кешенді сынақтан өткізуге қатысты. Жаңа форматта цифрлық технологиялар кеңінен қолданылады.

📊 Тексеру барысында №11 қалалық емхананың дәрігері Думан Искакова диагностикалық құрылғылардың баланың денсаулық көрсеткіштерін қалай тіркеп, алынған деректерді цифрлық форматта ақпараттық жүйеге жіберетінін көрсетті. Алдағы уақытта бұл мәліметтер баланың электрондық денсаулық паспортында көрсетілетін болады.

Профилактикалық тексеру кезінде алғаш рет цифрлық жабдықтар – ЭКГ, стетофонендоскоптар, плантографтар, бой өлшегіштер мен таразылар, пульсоксиметрлер, отоскоптар, ауыз қуысы ішіндегі камералар, сондай-ақ жасанды интеллект технологиялары қолданылады.

«Профилактикалық тексерулерге формалды көзқарастан бас тартуымыз керек. Бұған дейін тексеруден өткені туралы белгі қойылуымен ғана шектелетін жағдайлар болды. Енді дәрігер баланың денсаулық жағдайын кешенді түрде бағалай алады: бойы мен салмағын өлшеп қана қоймай, объективті диагностикалық көрсеткіштерді де алады. Барлық дерек медициналық ақпараттық жүйелерде тіркеледі. Біз нормативтік құжаттарға және профилактикалық медициналық тексерулер жүргізу қағидаларына қажетті өзгерістерді енгіздік. 1 қазанға дейін жаңа форматқа көшуге дайындалуға мүмкіндік береміз. Бұл жұмысты бүкіл ел бойынша толық көлемде қамтамасыз ету қажет», – деп атап өтті ведомство басшысы.


Жаңа форматтың негізі – 2025 жылы құрылған Балалардың цифрлық тізілімі. Ол профилактикалық тексеруден өту және қауіп факторларын анықтаудан бастап, медициналық маршрутты қалыптастыруға, бейінді маманға жіберуге және кейіннен динамикалық бақылауға дейінгі 54 көрсеткіш бойынша мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

📲 Сондай-ақ денсаулық сақтау ақпараттық жүйелерін Ұлттық білім беру деректер базасымен интеграциялау аяқталды. Бұл оқушының оқу орны мен тіркелген жері, профилактикалық тексерулерден өткені, вакцинациялау және денсаулық тобы туралы өзекті мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.

✅ Осылайша, профилактикалық тексерулер кезінде цифрлық жабдықтарды пайдалану балаларды профилактикалық тексерудің сапасын түбегейлі өзгертеді. Бұл баланың денсаулық жағдайы туралы объективті деректер алуға мүмкіндік беріп, патологияларды уақтылы анықтауға, тиімді ем жүргізуге және денсаулық жағдайын одан әрі бақылауға негіз болады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В СТОЛИЧНОЙ ШКОЛЕ ПРОТЕСТИРОВАЛИ НОВЫЙ ЦИФРОВОЙ ФОРМАТ ПРОФИЛАКТИЧЕСКИХ ОСМОТРОВ ДЕТЕЙ

🩺 В одной из столичных школ министр здравоохранения Акмарал Альназарова приняла участие в тестировании телемедицинского комплекса, который позволит проводить профилактические осмотры детей с использованием цифровых технологий.

📊 В ходе обследования врач городской поликлиники №11 Думан Искакова показала как диагностические устройства снимают показания здоровья ребенка и передают данные в цифровом формате в информационную систему и в последующем будут отображаться в электронном паспорте здоровья.

Впервые при осмотре будут применяться цифровое оборудование – ЭКГ, стетофонендоскопы, плантографы, ростомеры с весами, пульсоксиметры, отоскопы, интраоральные камеры, технологии с использованием искусственного интеллекта.

«Мы должны отходить от формального подхода к профилактическим осмотрам, когда результатом фактически становилась только отметка о прохождении. Теперь у врача есть возможность комплексно оценить состояние здоровья ребенка: не только измерить рост и вес, но и получить объективные диагностические показатели. Все данные фиксируются в медицинских информационных системах. Мы уже внесли необходимые изменения в нормативные документы и в правила проведения профилактических медицинских осмотров и до 1 октября даем возможность подготовиться к переходу на новый формат. Эту работу необходимо обеспечить в полном масштабе по всей стране», – подчеркнула глава ведомства.


Основой для нового формата стал Цифровой реестр детей, созданный в 2025 году. Он обеспечивает мониторинг по 54 показателям – от прохождения профилактического осмотра и выявления факторов риска до формирования медицинского маршрута, направления к профильному специалисту и последующего динамического наблюдения.

📲 Завершена также интеграция информационных систем здравоохранения с Национальной образовательной базой данных. Это позволяет получать актуальные сведения о месте обучения и прикреплении школьника, данных о профилактических осмотрах, вакцинации и группе здоровья.

✅ Таким образом, использование цифрового оборудования при профосмотрах кардинально меняет качество профилактических осмотров детей, позволяя получить объективные данные о здоровье ребенка, которые станут основой для своевременного выявления патологий, эффективного лечения и дальнейшего наблюдения за состоянием.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шымкент қаласындағы №2 қалалық ауруханада күрделі нейрохирургиялық операциялар заманауи медициналық технологиялардың көмегімен тегін жасалуда.

Жақында мұнда 38 жастағы әйелге ми тамырының аневризмасына байланысты жоғары технологиялық эндоваскулярлық операция жасалды. Мұндай операцияның құны 6 млн теңгеден асады. Науқасқа медициналық көмек тегін көрсетілді.

Науқас біраз уақыт бойы басының қатты ауыратынын айтып, дәрігерге қаралған. Тексеру барысында МРТ зерттеуі арқылы ми тамырында аневризма бары анықталған.

Аневризма – қан тамыры қабырғасының әлсіреп, белгілі бір бөлігінің кеңеюі. Оның ең қауіпті асқынуы – аневризманың жарылып, миға қан құйылуы. Сондықтан ауруды ерте анықтап, дер кезінде ем қабылдау маңызды.

Науқасқа ашық операция жасалмай, заманауи эндоваскулярлық әдіс қолданылды. Арнайы медициналық құралдар қан тамырының ішінен енгізіліп, аневризмаға стент қойылды. Бұл әдіс аневризмаға түсетін қан ағымын азайтып, оның жарылу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.

Операцияны нейрохирург дәрігер Еркін Медетов орындады.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында.

Айта кетейік, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету аясында тиісті медициналық көрсетілімдер болған жағдайда мұндай күрделі операциялар пациенттерге тегін жасалады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
4 МЛН-НАН АСТАМ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ ЗАМАНАУИ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

2019 жылдан бері Қазақстанда 1 263 денсаулық сақтау нысаны салынды. Ірі жобалардың қатарында Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен 200 төсекке арналған Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы, Алматыдағы 350 төсекке арналған Ұлттық инфекциялық аурулар ғылыми орталығы, сондай-ақ өңірлердегі жаңа ауруханалар мен емханалар бар.

Медициналық инфрақұрылымды дамыту бірнеше міндетті қатар шешуге мүмкіндік береді: денсаулық сақтау жүйесінің қуаттылығын арттыру, халықтың мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекке қолжетімділігін кеңейту, заманауи диагностика мен емдеу әдістерін енгізу, сондай-ақ медицина мамандарының жұмыс істеуіне жаңа жағдайлар жасау.

Бүгінде елімізде жалпы құны 108 млрд теңгені құрайтын 51 денсаулық сақтау нысаны қатар салынып жатыр. Атап айтқанда, Қызылорда және Өскемен қалаларында 300 төсекке арналған көпбейінді ауруханалардың құрылысы жалғасуда. Атырау облысының Өркен және Нұрсая шағын аудандарында, Солтүстік Қазақстан облысының Бескөл ауылында және Талдықорған қаласында жаңа емханалар бой көтеруде.

Медициналық нысандарды салу және жаңғыртумен қатар, оларды кадрлармен қамтамасыз ету және өңірлерге мамандар тарту жұмыстары жүргізілуде. 2023–2025 жылдары және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында ауылдық медициналық ұйымдарға 1 735 маман жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 722 дәрігер және 1 013 орта медицина қызметкері бар. Осы кезеңде жаңғыртылып жатқан 32 аудандық ауруханаға тағы 624 дәрігер мен 642 орта медицина маманы келді. Осылайша, ауылдық денсаулық сақтауды кадрлармен қамтамасыз ету жөніндегі ұлттық жобаның іс-шаралары 100% орындалды.

Ауылдық денсаулық сақтауға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл бағытта алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесі дамытылып, аудандық ауруханалардың мүмкіндіктері күшейтілуде.

2025 жылдың соңына қарай «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде жоспарланған медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарының барлығы – 655 нысанның құрылысы аяқталды. Соның арқасында 1 млн-нан астам ауыл тұрғыны медициналық көмекке тікелей тұрғылықты жері бойынша жүгіну мүмкіндігіне ие болды. Жаңа нысандар телемедицина және физиотерапия кабинеттерімен, дәріхана пункттерімен, емдік дене шынықтыру залдарымен және басқа да қажетті инфрақұрылыммен жабдықталған.

Сонымен қатар 32 аудандық аурухана жаңғыртылуда, оның 12-сі толық жаңартылды. Жөндеу және жаңғырту жұмыстарымен қатар ауруханалар компьютерлік томографтар мен ангиографиялық кешендерді қоса алғанда, заманауи медициналық жабдықтармен жарақтандырылуда.

Бұл әсіресе инфаркт пен инсульт кезінде маңызды, өйткені мұндай жағдайда медициналық көмек алғашқы сағаттарда көрсетілуі қажет. Жаңа жабдықтар аудан орталықтарының өзінде диагностика жүргізіп, емдеуді бастауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде пациенттерді облыстық ауруханаларға тасымалдау қажеттілігі азаяды.

Жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін 4 млн-нан астам ауыл тұрғыны аудан деңгейінде мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмекке қол жеткізеді. Мамандардың бағалауынша, жобаны іске асыру жүрек-қан тамырлары аурулары мен инсульттен болатын өлімді шамамен 20%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

Медициналық нысандарды салу және жаңғыртумен қатар, өңірлерге мамандар тарту жұмыстары да жалғасуда. 2023–2025 жылдары және 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында ауылдық медициналық ұйымдарға 1 735 маман, оның ішінде 722 дәрігер мен 1 013 орта медицина қызметкері жұмысқа орналастырылды. Осы кезеңде жаңғыртылып жатқан 32 аудандық ауруханаға тағы 624 дәрігер және 642 орта медицина маманы келді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
БОЛЕЕ 4 МЛН СЕЛЬСКИХ ЖИТЕЛЕЙ ПОЛУЧИЛИ ДОСТУП К СОВРЕМЕННОЙ МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ


С 2019 года в Казахстане построено 1 263 объекта здравоохранения. Среди наиболее крупных проектов – Национальный научный онкологический центр и Национальный координационный центр экстренной медицины на 200 коек в Астане, Национальный научный центр инфекционных болезней на 350 коек в Алматы, а также новые больницы и поликлиники в регионах.

Развитие медицинской инфраструктуры позволяет одновременно решать несколько задач: увеличивать мощности системы здравоохранения, расширять доступ населения к специализированной и высокотехнологичной помощи, внедрять современные методы диагностики и лечения и создавать новые условия для работы медицинских специалистов.

Сегодня по стране одновременно возводится 51 объект здравоохранения общей стоимостью 108 млрд тенге. В частности, продолжается строительство многопрофильных больниц на 300 коек в Кызылорде и Усть-Каменогорске. Новые поликлиники возводятся в микрорайонах Өркен и Нұрсая Атырауской области, в селе Бескөл Северо-Казахстанской области и Талдыкоргане.

Одновременно со строительством и модернизацией медицинских объектов ведется работа по их кадровому обеспечению и привлечению специалистов в регионы. За 2023–2025 годы и первое полугодие 2026 года в сельские медицинские организации трудоустроено 1 735 специалистов, в том числе 722 врача и 1 013 работников среднего медицинского звена. В 32 модернизируемые районные больницы за этот период пришли еще 624 врача и 642 специалиста среднего медицинского звена. Таким образом, мероприятия национального проекта по кадровому обеспечению сельского здравоохранения выполнены на 100%.

Особое внимание уделяется сельскому здравоохранению, где одновременно развивается первичная помощь и усиливаются районные больницы.

К концу 2025 года в рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения» завершено строительство всех 655 запланированных объектов первичной медико-санитарной помощи. Благодаря этому более 1 млн сельских жителей получили возможность обращаться за медицинской помощью непосредственно по месту проживания. Новые объекты оснащены кабинетами телемедицины и физиотерапии, аптечными пунктами, залами лечебной физкультуры и другой необходимой инфраструктурой.

Одновременно модернизируются 32 районные больницы, 12 из которых уже полностью обновлены. Помимо ремонта и реконструкции, больницы оснащаются современным оборудованием, включая компьютерные томографы и ангиографические комплексы.

Это особенно важно при инфарктах и инсультах, когда помощь необходимо оказать в первые часы. Новое оснащение позволяет проводить диагностику и начинать лечение непосредственно в районных центрах, сокращая необходимость транспортировки пациентов в областные больницы.

После завершения модернизации более 4 млн сельских жителей получат доступ к специализированной и высокотехнологичной медицинской помощи на районном уровне. По оценкам специалистов, реализация проекта позволит примерно на 20% снизить смертность от сердечно-сосудистых заболеваний и инсульта.

Параллельно со строительством и модернизацией медицинских объектов ведется работа по привлечению специалистов в регионы. За 2023–2025 годы и первое полугодие 2026 года в сельские медицинские организации трудоустроено 1 735 специалистов, в том числе 722 врача и 1 013 работников среднего медицинского звена. В 32 обновленные районные больницы за этот период пришли еще 624 врача и 642 специалиста среднего медицинского звена.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov
👍2