ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
18.4K photos
1.55K videos
28 files
4.22K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
Жүктілікті бақылауда ұстау: Денсаулық сақтау министрлігі пренаталдық скринингтің маңыздылығын еске салады

Пренаталдық скрининг болашақ ананың денсаулық жағдайын және ұрықтың дамуын уақтылы бағалауға мүмкіндік береді.

Жүктілік кезеңінде әйел бірнеше медициналық бақылау кезеңінен өтеді. Солардың бірі — пренаталдық скрининг. Бұл ультрадыбыстық зерттеуді (УДЗ), қан талдауларын және бейінді мамандардың консультацияларын қамтитын кешенді тексеру.

Зерттеулер жүктіліктің белгілі бір мерзімдерінде жүргізіледі. Олардың мақсаты — әйелдің денсаулық жағдайын және ұрықтың дамуын бағалау, ықтимал қауіп факторларын анықтау және қажет болған жағдайда қосымша диагностиканың қажеттілігін айқындау.

«Скринингтің әрбір кезеңі белгілі бір мерзімде жүргізіледі және өзіндік маңызы бар. Сондықтан тағайындалған тексерулерден қалмай, дәрігердің ұсынымдарын сақтау маңызды. Егер скрининг нәтижелері бойынша қандай да бір сұрақтар туындаса, әйелге қосымша тексеру тағайындалуы мүмкін. Қосымша тексеруге жолдама беру баладан қандай да бір ауру анықталды дегенді білдірмейді», — дейді Алматы қаласындағы №36 қалалық емхананың дәрігері Әбубәкір Ақбота Өмірбекқызы.

Мамандар болашақ аналарға жүктілік бойынша уақтылы есепке тұруды, медициналық бақылау кестесін сақтауды және тағайындалған зерттеулерден белгіленген мерзімде өтуді ұсынады.

Пренаталдық скрининг МӘМС шеңберінде тегін жүргізіледі.

Жүктілік кезінде тұрақты медициналық бақылаудан өту қажетті медициналық көмекті уақтылы алуға және болашақ анаға жүктіліктің барлық кезеңінде кешенді медициналық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Беременность под контролем: Минздрав напоминает о важности пренатального скрининга

Пренатальный скрининг помогает своевременно оценить состояние здоровья будущей мамы и развитие плода

В период беременности женщина проходит несколько этапов медицинского наблюдения. Одним из ключевых является пренатальный скрининг — комплекс обследований, который включает УЗИ, анализы крови и консультации специалистов.

Обследования проводятся в определенные сроки беременности. Их задача — оценить состояние женщины и развитие плода, выявить возможные факторы риска и при необходимости определить необходимость дополнительной диагностики.

«Каждый этап скрининга проводится в определенный срок и имеет свое значение. Поэтому важно не пропускать назначенные обследования и соблюдать рекомендации врача. Если по результатам скрининга возникают вопросы, женщине может быть назначено дополнительное обследование. Само направление на него не означает, что у ребенка выявлено заболевание», — отмечает врач Городской поликлиники №36 города Алматы Әбубәкір Ақбота Өмірбекқызы.

Специалисты рекомендуют будущим мамам своевременно встать на учет по беременности, соблюдать график наблюдения и проходить назначенные исследования в установленные сроки.

Пренатальный скрининг проводится бесплатно в рамках ОСМС.

Регулярное медицинское наблюдение во время беременности позволяет своевременно получать необходимую медицинскую помощь и обеспечивает комплексное сопровождение будущей мамы на протяжении всего периода беременности.
👍2
13 тамыз — Дүниежүзілік донорлық күні: Қазақстанда трансплантаттау саны және қайтыс болғаннан кейінгі донорлық артып келеді

13 тамызда Дүниежүзілік донорлық күні атап өтіледі. Бұл күн өмірлік маңызы бар трансплантаттауды күтіп жүрген адамдарды еске салып, оларға өмір сүруге мүмкіндік беретін донорлықтың маңыздылығына назар аударады. Бүгінде Қазақстанда ағза трансплантаттауын 4 739 адам, оның ішінде 125 бала күтуде. Сонымен қатар елімізде трансплантаттау саны артып, қайтыс болғаннан кейінгі донорлық жүйесі дамып келеді.

Күту парағындағы пациенттердің басым бөлігіне бүйрек трансплантаттау қажет — 4 208 адам. Бауыр трансплантаттауын — 293, жүрек трансплантаттауын — 208, өкпе трансплантаттауын 30 пациент күтуде.

Соңғы жылдары Қазақстанда трансплантаттау саны артты. 2023 жылы 236 операция жасалса, 2024 жылы — 260, 2025 жылы — 310 операция жүргізілді. 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында тағы 150 трансплантаттау жасалды, оның 30-ы қайтыс болған донорлардан алынған ағзалар арқылы орындалды.

Қайтыс болғаннан кейінгі әлеуетті донорлардың саны артып келеді

Қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамыту бағытында да оң динамика байқалады. Егер 2023 жылы 49 әлеуетті донор анықталса, 2024 жылы — 86, ал 2025 жылы олардың саны 186-ға жетті. 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында тағы 108 әлеуетті донор анықталды. Сегіз жағдайда мультиағзалық алу жүргізілді, яғни бір донордың ағзалары бірнеше пациентке көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Бұл ретте әлеуетті донор — ағзалары автоматты түрде алынатын адам емес.

Әңгіме дәрігерлер консилиумы белгіленген тәртіппен ми өлімін анықтаған және донорлыққа қойылатын медициналық өлшемшарттарға сәйкес келетін пациент туралы болып отыр. Осыдан кейін адамның көзі тірісіндегі ерік білдіруі тексеріліп, заңнамада көзделген барлық рәсімдер жүргізіледі.

172 мыңнан астам қазақстандық өз ұстанымын білдірді

Бүгінде Қазақстан азаматтары қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қатысты өз шешімін алдын ала eGov арқылы тіркей алады.

Қазіргі таңда мұндай таңдауды 172 283 адам жасады. Оның ішінде 16 109 адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісімін білдірсе, 156 174 адам бас тартқан.

Қайтыс болғаннан кейінгі донорлық туралы шешім — адамның жеке әрі ерікті таңдауы. Денсаулық сақтау жүйесінің міндеті — азаматқа дұрыс шешім қабылдауы үшін шынайы әрі түсінікті ақпарат ұсыну.

Донорлық қоғамдық диалогтың маңызды тақырыбына айналуда

Донорлыққа арналған бастамалар медицина мамандарын ғана емес, пациенттерді, олардың отбасыларын, қоғамдық ұйымдарды және мыңдаған бейжай қарамайтын азаматтарды біріктіріп келеді.

Мәселен, 9 тамызда Астанада «Heart Center Foundation» қоғамдық қоры ұйымдастырған жыл сайынғы Jüregımnıñ Jeñımpazy қайырымдылық жүгіріс-фестивалі өтті. Іс-шараға шамамен 7 мың адам қатысты. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантаттау және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы дәстүрлі түрде іс-шараның әріптесі болды.

Мұндай бастамалар донорлық туралы қарапайым әрі түсінікті тілде — адам өмірінің құндылығы, өзара қолдау және трансплантаттауға мұқтаж адамдарға көмектесу мүмкіндігі тұрғысынан айтуға мүмкіндік береді.

Республикалық орталық трансплантаттау қызметін дамыту, донорлықты үйлестіру жүйесін жетілдіру, медицина мамандарын даярлау және халықтың хабардарлығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Бүгінде күту парағында 4 739 адам тұр. Бұл санның әрқайсысының артында нақты пациент пен отбасы тұр. Ал донорлық ағза олар үшін өмірді сақтап қалуға мүмкіндік беретін үміт болуы мүмкін.
13 августа — Всемирный день донорства: в Казахстане растет число трансплантаций и посмертных доноров

13 августа отмечается Всемирный день донорства — дата, которая напоминает о людях, ожидающих жизненно необходимой трансплантации, и о важности донорства, способного дать им шанс на жизнь. Сегодня в Казахстане пересадки органов ожидают 4 739 человек, в том числе 125 детей. При этом в стране растет число трансплантаций и развивается посмертное донорство.

Большинство пациентов в листе ожидания нуждаются в пересадке почки — 4 208 человек. Трансплантацию печени ожидают 293 пациента, сердца — 208, легких — 30.

За последние годы количество трансплантаций в Казахстане увеличилось. В 2023 году было проведено 236 операций, в 2024 году — 260, в 2025 году — 310. За первое полугодие 2026 года выполнено еще 150 трансплантаций, из них 30 — от посмертных доноров.

Растет число потенциальных посмертных доноров

Положительная динамика отмечается и в развитии посмертного донорства. Если в 2023 году было выявлено 49 потенциальных доноров, то в 2024 году — 86, а в 2025 году — уже 186. За первое полугодие 2026 года выявлено еще 108 потенциальных доноров. В восьми случаях проведен мультиорганный забор, когда органы одного донора могут помочь нескольким пациентам.

При этом потенциальный донор — это не человек, у которого автоматически изымаются органы.

Речь идет о пациенте, у которого консилиум врачей в установленном порядке констатировал смерть головного мозга и который соответствует медицинским критериям для донорства. После этого проверяется прижизненное волеизъявление человека и проводятся все процедуры, предусмотренные законодательством.

Более 172 тысяч казахстанцев уже выразили свою позицию

Сегодня граждане Казахстана могут заранее зарегистрировать свое решение относительно посмертного донорства через eGov.

Такой выбор уже сделали 172 283 человека. Из них 16 109 выразили согласие на посмертное донорство, 156 174 — отказ.

Решение о посмертном донорстве является личным и добровольным. Задача системы здравоохранения — предоставить человеку достоверную и понятную информацию, чтобы этот выбор был осознанным.

Донорство становится темой общественного диалога

Все больше инициатив, посвященных донорству, объединяют не только медицинских специалистов, но и пациентов, их семьи, общественные организации и тысячи неравнодушных граждан.

Так, 9 августа в Астане прошел ежегодный благотворительный забег-фестиваль Jüregımnıñ Jeñımpazy, организованный общественным фондом Heart Center Foundation. В нем приняли участие около 7 тысяч человек. Республиканский центр по координации трансплантации и высокотехнологичных медицинских услуг Министерства здравоохранения РК традиционно выступил партнером мероприятия.

Подобные инициативы помогают говорить о донорстве простым и понятным языком — через ценность человеческой жизни, солидарность и возможность помочь тем, кому необходима трансплантация.

Республиканский центр продолжает работу по развитию трансплантационной службы, совершенствованию донорской координации, подготовке медицинских специалистов и повышению информированности населения.

Сегодня в листе ожидания находятся 4 739 человек. За каждой этой цифрой — конкретный пациент и семья, для которых донорский орган может стать шансом на спасение жизни.
🔥1
Қазақстанда санаторийлік-курорттық саланы жүйелі дамыту үшін Курорттық кеңес құрылды

Алматы қаласында мемлекеттік органдардың, ғылыми және медициналық қоғамдастықтың, санаторийлік-курорттық ұйымдардың өкілдері мен халықаралық сарапшылардың басын қосқан «Шипажай-2026» XI халықаралық ғылыми-практикалық форумы өтті.

Форумның басты нәтижесі – Қазақстан Республикасының Курорттық кеңесін құру болды. Бұл шешім іс-шараның қарарында бекітілді. Кеңес мемлекеттік органдардың, ғылым мен практикалық денсаулық сақтаудың өкілдерін біріктіріп, санаторийлік-курорттық саланы дамыту, мемлекеттік саясатты жетілдіру және медициналық оңалтуға заманауи тәсілдерді енгізу бойынша жүйелі ұсыныстар әзірлейтін алаңға айналады.

Форумның жұмысына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қатысты. Ол санаторийлік-курорттық сауықтырудың қазіргі заманғы денсаулық сақтау жүйесі мен медициналық туризмді дамыту үшін маңызы артып келе жатқанын атап өтті.

«Бүгінде санаторийлік-курорттық сауықтыру медициналық туризмді трансформациялап, дәстүрлі емдеуді жоғары технологиялық медицинамен, Check-up форматындағы жекелендірілген бағдарламалармен, заманауи диагностикамен және цифрлық шешімдермен біріктіруде», – деп атап өтті Министр.

Форумның шеңберінде мамандар курортология мен медициналық оңалтудың заманауи технологияларын, денсаулықты сақтаудағы цифрлық шешімдерді, санаторийлік-курорттық емдеуді дамытуды, кадрлар даярлау мәселелерін және халықаралық ынтымақтастықты талқылады.

Қалпына келтіру емінің инновациялық әдістерін енгізуге және санаторийлік-курорттық саланың медициналық оңалту жүйесінің бір бөлігі ретіндегі мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Форумға Қазақстан, Қытай, Сингапур, Түркия, Әзербайжан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Еуропа елдері мен АҚШ-тан мамандар қатысты.

Сондай-ақ Қазақстан курортологиясы тарихында алғаш рет сала өкілдері кәсіби біліктілігі, көп жылғы еңбегі және денсаулық сақтау, медициналық оңалту мен қалпына келтіру медицинасының дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды.

Курорттық кеңестің құрылуы мемлекет, ғылым және практикалық денсаулық сақтау арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ Қазақстанның санаторийлік-курорттық саласын одан әрі дамытуға бірыңғай кәсіби тәсілді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
В Казахстане создан Курортный совет для системного развития санаторно-курортной отрасли

В Алматы состоялся XI Международный научно-практический форум «Шипажай-2026», объединивший представителей государственных органов, научного и медицинского сообщества, санаторно-курортных организаций и международных экспертов.

Главным результатом Форума стало создание Курортного совета Республики Казахстан. Решение закреплено в резолюции мероприятия. Совет объединит представителей государственных органов, науки и практического здравоохранения и станет площадкой для выработки системных предложений по развитию санаторно-курортной отрасли, совершенствованию государственной политики и внедрению современных подходов в медицинскую реабилитацию.

В работе Форума приняла участие Министр здравоохранения РК Акмарал Альназарова. Она отметила, что санаторно-курортное оздоровление приобретает все большее значение для современной системы здравоохранения и развития медицинского туризма.

«Санаторно-курортное оздоровление сегодня трансформирует медицинский туризм, объединяя классическое лечение с высокотехнологичной медициной, персонализированными программами Check-up, современной диагностикой и цифровыми решениями», — подчеркнула Министр.

В рамках Форума специалисты обсудили современные технологии в курортологии и медицинской реабилитации, цифровые решения в сфере здоровьесбережения, развитие санаторно-курортного лечения, подготовку кадров и международное сотрудничество.

Отдельное внимание было уделено внедрению инновационных методов восстановительного лечения и расширению возможностей санаторно-курортной отрасли как части системы медицинской реабилитации.

В Форуме приняли участие специалисты из Казахстана, Китая, Сингапура, Турции, Азербайджана, Таджикистана, России, Беларуси, Узбекистана, Кыргызстана, стран Европы и США.

Также впервые в истории казахстанской курортологии представители отрасли были награждены за профессионализм, многолетний труд и вклад в развитие здравоохранения, медицинской реабилитации и восстановительной медицины.

Создание Курортного совета должно обеспечить более тесное взаимодействие государства, науки и практического здравоохранения и сформировать единый профессиональный подход к дальнейшему развитию санаторно-курортной отрасли Казахстана.
Тамақтан улану жағдайлары төрт есеге азайды – Денсаулық сақтау министрлігі бақылауды күшейтті

Қазақстанда 2026 жылдың жеті айында білім беру нысандарына байланысты тіркелген тамақтан улану жағдайларының саны төрт есеге азайды. Мұндай нәтижеге Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында балалар болатын нысандарға мемлекеттік бақылауды күшейту нәтижесінде қол жеткізілді.

2025 жылдың жеті айында 8 жағдай тіркеліп, 118 бала зардап шеккен. 2026 жылдың осы кезеңінде 2 жағдай тіркеліп, 13 бала зардап шекті.

Маңғыстау облысындағы білім беру нысандарында тамақтан уланумен байланысты топтық ауру жағдайларынан кейін мемлекет балалардың денсаулығын сақтауға бағытталған қосымша шаралар кешенін қабылдады.

2025 жылғы 4 желтоқсанда Мемлекет басшысы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын балалар болатын нысандарға мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібін көздейтін Заңға қол қойды. Жаңа тетік 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді.

Бұл балалар болатын нысандарда санитариялық талаптардың сақталуына бақылауды күшейтуге және ықтимал қауіптерді уақтылы анықтауға мүмкіндік берді.

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарында Тамақтану стандарты және бірнеше нұсқадан тұратын үлгілік перспективалық мәзір қолданылады.

Құжаттар балалардың дұрыс әрі теңгерімді тамақтануының заманауи қағидаттарын ескере отырып әзірленген. Бұл ретте өнімдердің қауіпсіздігіне, оларды сақтау және дайындау жағдайларына ерекше назар аударылады.

Балалардың қауіпсіздігі – мемлекеттің сөзсіз басымдығы. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін балалар болатын нысандарға бақылауды күшейтіп, мектептегі тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды арттырып жатырмыз. Біздің міндетіміз – бұзушылықтарға жауап беріп қана қоймай, қауіптердің алдын алу.

Баланың сырқаттануының бір ғана жағдайының өзі тексеру жүргізуді және қажетті шараларды қабылдауды талап ететінін айта кету керек.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің өңірлермен және білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмысы жалғасуда.

Балалардың қауіпсіздігі, мектептердің санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және мектептегі тамақтанудың сапасы мәселелері Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында.
Регистрация пищевых отравлений снизилась в четыре раза - Минздрав

В Казахстане за семь месяцев 2026 года количество зарегистрированных случаев пищевых отравлений, связанных с объектами образования, снизилось в четыре раза. Такой результат получен на фоне усиления государственного контроля за объектами с пребыванием детей во исполнение поручения Главы государства.

За семь месяцев 2025 года было зарегистрировано 8 случаев, пострадали 118 детей. За аналогичный период 2026 года - 2 случая и 13 пострадавших детей.

После случаев групповых заболеваний пищевого происхождения в объектах образования Мангистауской области государством принят комплекс дополнительных мер по защите здоровья детей.

В 2026 году Главой государства подписан Закон, предусматривающий особый порядок государственного контроля объектов с пребыванием детей, финансируемых из государственного бюджета. Новый механизм действует с 1 февраля 2026 года.

Это позволило усилить контроль за соблюдением санитарных требований и своевременно выявлять риски на объектах, где находятся дети.

С 1 сентября 2025 года в организациях образования действует новый Стандарт питания и многовариантное типовое перспективное меню.

Документы разработаны с учетом современных принципов здорового и сбалансированного питания детей. Особое внимание уделяется безопасности продуктов, условиям их хранения и приготовления.

Безопасность детей - безусловный приоритет государства. Во исполнение поручения Главы государства мы усиливаем контроль за объектами с пребыванием детей и повышаем требования к организации школьного питания. Наша задача — не только реагировать на нарушения, но и предупреждать риски.

Необходимо подчеркнуть, что даже единичный случай заболевания ребенка требует расследования и принятия необходимых мер.

Работа санитарно-эпидемиологической службы совместно с регионами и организациями образования продолжается.

Вопросы безопасности детей, санитарного благополучия школ и качества школьного питания находятся на постоянном контроле Министерства здравоохранения.
Қазақстанда алғаш рет тамырда біртіндеп сіңірілетін жаңа буын каркастары қолданылды

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында төрт пациентке биорезорбцияланатын магний скаффолдтарын қолдану арқылы жоғары технологиялық операциялар жасалды.

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында жаңа буынның биорезорбцияланатын магний скаффолдтарын қолдана отырып, жоғары технологиялық коронарлық араласулар жүргізілді. Бұл технология интервенциялық кардиология бойынша халықаралық мастер-класс шеңберінде төрт пациентке қолданылды.

Магний скаффолды – тарылған коронарлық артерияға орнатылатын және қан ағымын қалпына келтіруге көмектесетін уақытша тамырлық каркас. Оның дәстүрлі металл стенттен негізгі айырмашылығы – өз функциясын орындағаннан кейін каркас организмге біртіндеп сіңіп кетеді.

«Мұндай технология тамырдың каркастың қолдауымен қалпына келу кезеңінен өтуіне мүмкіндік береді, содан кейін ол біртіндеп резорбцияланады. Бұл тамыр қабырғасының табиғи қалпына келуіне қосымша мүмкіндіктер ашады», – деп атап өтті КІА ҒЗИ рентгенэндоваскулярлық операциялық блогының меңгерушісі Алексей Колесников.

Жаңа технологияны тәжірибеде қолдану интервенциялық кардиология саласындағы жетекші мамандардың қатысуымен өткен мастер-класс шеңберінде жүзеге асырылды. Шақырылған сарапшы – Klinikum Fürth (Германия) клиникасының интервенциялық кардиология маманы, күрделі коронарлық араласулар жүргізу бойынша сарапшы доктор Стильянос Пиксарас (Stylianos Pyxaras).

Мастер-класс барысында қазақстандық мамандар биорезорбцияланатын скаффолдтарды қолданудың заманауи тәсілдерімен, пациенттерді іріктеу өлшемшарттарымен және коронарлық артериялардың күрделі зақымдануы кезінде араласу жүргізудің ерекшеліктерімен танысты.

Төрт операцияның барлығы да сәтті өтті. Пациенттерге жоғары технологиялық медициналық көмек МӘМС шеңберінде тегін көрсетілді.

Интервенциялық кардиологияның заманауи технологияларын енгізу коронарлық тамырлар аурулары бар пациенттерді емдеу мүмкіндіктерін кеңейтуге және Қазақстанда жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
🔥1
В Казахстане впервые применили новое поколение рассасывающихся сосудистых каркасов

Четырем пациентам в НИИ кардиологии и внутренних болезней провели высокотехнологичные операции с использованием биорезорбируемых магниевых скаффолдов.

В НИИ кардиологии и внутренних болезней проведены высокотехнологичные коронарные вмешательства с применением биорезорбируемых магниевых скаффолдов нового поколения. Технология использована у четырех пациентов в рамках международного мастер-класса по интервенционной кардиологии.

Магниевый скаффолд — это временный сосудистый каркас, который устанавливается в суженную коронарную артерию и помогает восстановить кровоток. Его принципиальное отличие от традиционного металлического стента заключается в том, что после выполнения своей функции каркас постепенно рассасывается в организме.

«Такая технология позволяет сосуду пройти период восстановления с поддержкой каркаса, после чего он постепенно резорбируется. Это открывает дополнительные возможности для естественного восстановления сосудистой стенки», — отметил заведующий рентгенэндоваскулярным операционным блоком НИИ КВБ Алексей Колесников.

Практическое применение новой технологии прошло в рамках мастер-класса с участием ведущих специалистов в области интервенционной кардиологии. Приглашенным экспертом выступил доктор Стильянос Пиксарас (Stylianos Pyxaras) — специалист по интервенционной кардиологии из Klinikum Fürth (Германия), эксперт по выполнению сложных коронарных вмешательств.

В ходе мастер-класса казахстанские специалисты ознакомились с современными подходами к применению биорезорбируемых скаффолдов, критериями отбора пациентов и особенностями проведения вмешательств при сложных поражениях коронарных артерий.

Все четыре операции прошли успешно. Высокотехнологичная медицинская помощь пациентам оказана бесплатно в рамках ОСМС.

Внедрение современных технологий интервенционной кардиологии позволяет расширять возможности лечения пациентов с заболеваниями коронарных сосудов и повышать доступность высокотехнологичной медицинской помощи в Казахстане.
🔥2