ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
17.3K photos
1.34K videos
28 files
3.8K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ 30–76 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ АЗАМАТТАРҒА ТЕГІН СКРИНИНГТІК ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ЕСКЕ САЛАДЫ

Қазақстан тұрғындары тіркелген емханасында профилактикалық скринингтік тексерулерден тегін өте алады.

📌 Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде келесі скринингтер жүргізіледі:

* 40–76 жас аралығында (әр 2 жыл сайын) — артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы және мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтауға арналған скрининг;

* 40–76 жас аралығындағы әйелдерге (әр 2 жыл сайын) — сүт безі обырын ерте анықтауға арналған скрининг;

* 30–74 жас аралығындағы әйелдерге (әр 4 жыл сайын) — жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған скрининг;

* 50–76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдерге (әр 2 жыл сайын) — тоқ ішек пен тік ішек обырын (колоректальдық обырды) ерте анықтауға арналған скрининг;

* 50–76 жас аралығындағы ерлерге (әр 2 жыл сайын) — ми қан айналымы бұзылыстарын ерте анықтауға арналған скрининг.


Алматы қаласындағы №11 қалалық емхананың профилактика бөлімішесінің меңгерушісі Алёна Ришатовна Зекунованың айтуынша, көптеген қауіпті аурулар бастапқы кезеңде ешқандай белгі бермей өтеді.

«Скринингтік тексерулер ауруды алғашқы белгілері пайда болмай тұрып анықтауға мүмкіндік береді. Дерт неғұрлым ерте анықталса, емдеу соғұрлым тиімді болып, асқыну қаупі төмендейді. Сондықтан профилактикалық тексерулерден жүйелі түрде өтіп, денсаулығыңызға қамқорлық жасауды кейінге қалдырмаған жөн», – деді Алёна Зекунова.


Скринингтік тексерулер мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тегін жүргізіледі. Жас ерекшелігіңізге байланысты скринингтен өтуге жататыныңызды тіркелген емханаңыздағы учаскелік дәрігерден біле аласыз.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
МИНЗДРАВ НАПОМИНАЕТ О ВАЖНОСТИ ПРОХОЖДЕНИЯ БЕСПЛАТНЫХ СКРИНИНГОВ В ВОЗРАСТЕ ОТ 30 ДО 76 ЛЕТ

Жители Казахстана могут бесплатно пройти профилактические скрининговые обследования в поликлинике по месту прикрепления.

📌 В рамках государственной программы проводятся:

* с 40 до 76 лет (каждые 2 года) — скрининг на раннее выявление артериальной гипертонии, ишемической болезни сердца, сахарного диабета, глаукомы и поведенческих факторов риска;

* женщинам с 40 до 76 лет (каждые 2 года) — скрининг на раннее выявление рака молочной железы;

* женщинам с 30 до 74 лет (каждые 4 года) — скрининг на раннее выявление рака шейки матки;

* мужчинам и женщинам с 50 до 76 лет (каждые 2 года) — скрининг на раннее выявление колоректального рака;

* мужчинам с 50 до 76 лет (каждые 2 года) — скрининг на раннее выявление нарушений мозгового кровообращения.


По словам заведующей отделением профилактики Городской поликлиники № 11 Алматы Алёны Ришатовны Зекуновой, многие опасные заболевания на ранних стадиях протекают бессимптомно.

«Скрининговые обследования позволяют выявить заболевание еще до появления первых симптомов. Чем раньше обнаружена патология, тем эффективнее лечение и тем ниже риск развития осложнений. Поэтому важно регулярно проходить профилактические обследования и не откладывать заботу о своем здоровье», – отметила Алёна Зекунова.


Скрининги проводятся бесплатно в рамках государственных программ. Узнать, подлежите ли вы обследованию по возрасту, можно в поликлинике по месту прикрепления у участкового врача.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕН ЮНФПА ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ БІРҚАТАР БАСТАМАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

⚜️ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі БҰҰ-ның Қазақстандағы халық саны саласындағы қорының (ЮНФПА) өкілі Чинве Огбоннамен кездесу өткізді, оның барысында тараптар ЮНФПА-ның 2026-2030 жылдарға арналған алтыншы Елдік бағдарламасы шеңберінде жаңа бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады.

⚡️ Кездесуді ашқан министр ЮНФПА-ға көпжылдық әріптестігі үшін, сондай-ақ биылғы мамыр айында Қазақстанға БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, ЮНФПА Атқарушы директоры доктор Диене Кейтаның ресми сапарын ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді. Ведомство басшысының айтуынша, сол кезде қол жеткізілген уағдаластықтар бірлескен бастамаларды практикалық іске асыруға негіз болды.

«Біз ЮНФПА-мен ынтымақтастығымызды денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға, ғылыми әлеуетті дамытуға және халыққа заманауи медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған стратегиялық әріптестік ретінде қарастырамыз», – деді Ақмарал Әлназарова.


Келіссөздер барысында тараптар алдағы өзара іс-қимылдың бірқатар басым бағыттарын айқындады.

📌 Негізгі бастамалардың бірі – климаттың өзгеруінің халық денсаулығына әсері мәселелеріне басымдық бере отырып, Қазақстанда БҰҰ университеті мен Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің платформасын құру болды.

Сондай-ақ тараптар ЮНФПА-мен бірлесіп, аптап ыстықтың жүкті әйелдер мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығына әсерін зерделеуге арналған зерттеу жүргізу мәселесін талқылады. Зерттеу еліміздің ең ыстық өңірлері – Қызылорда, Түркістан және Маңғыстау облыстарында жүргізіледі деп жоспарлануда.

ЮНФПА-мен табысты әріптестіктің келесі бағыты ретінде Жастар денсаулық орталықтарын (ЖДО) дамыту айқындалды. Оның аясында ауылдық жерде тұратын жасөспірімдерге, жастарға және әйелдерге қашықтан психологиялық және репродуктивтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізу жоспарланып отыр.

«Пилоттық жобаның шеңберінде ЖДО базасында өңірлік телепсихология орталықтарын құруды, ауыл жастарына білікті психологтардың қашықтан консультацияларын ұйымдастыруды және шалғай елді мекендерге шығатын мобильдік мультидисциплинарлық топтар қалыптастыруды ұсынамыз. Сонымен қатар зорлық-зомбылық, суицид қаупі, дағдарыстық жүктілік, репродуктивтік жоғалтулар, мазасыздық пен депрессиялық жағдайлар мәселелері бойынша дағдарыстық консультацияларға ерекше назар аудару қажет», – деді ведомство басшысы.


Бүгінде елімізде жастарға қолайлы медициналық, психологиялық және әлеуметтік қызметтер көрсететін 90-ға жуық осындай орталық жұмыс істейді. Олар жыл сайын бір миллионға жуық жас азаматты қамтиды.


ЮНФПА-ның рөлі халықаралық сараптамалық қолдау көрсету, гранттық және техникалық көмек ұсыну, қазақстандық мамандар мен супервизорларды даярлау, сондай-ақ жобаның нәтижелерін тек иесіздендірілген және жинақталған көрсеткіштер негізінде тәуелсіз бағалау бағыттарын қамтуы мүмкін.

Министр сондай-ақ БҰҰ Қорына халықаралық ұйымның тәжірибесі мен денсаулық сақтау жүйесінің әлеуетін пайдалана отырып, еліміздегі жастар еріктілер қозғалысын дамытуға және денсаулық еріктілері корпусын құруға қолдау көрсетуді ұсынды.

🖇️ Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халық денсаулығын сақтауға, ғылыми әлеуетті дамытуға, репродуктивтік денсаулықты жетілдіруге және денсаулық сақтау жүйесінің заманауи сын-қауіптерге төзімділігін арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
МИНЗДРАВ РК И ЮНФПА ОБСУДИЛИ РЯД ИНИЦИАТИВ В СФЕРЕ РАЗВИТИЯ НАУКИ И ОХРАНЫ ЗДОРОВЬЯ МОЛОДЕЖИ

⚜️ Министр здравоохранения Республики Казахстан Акмарал Альназарова провела встречу с Представителем Фонда ООН в области народонаселения (ЮНФПА) в Казахстане Чинве Огбонна, в ходе которой стороны обсудили реализацию новых совместных проектов в рамках шестой Страновой программы ЮНФПА на 2026–2030 годы.

⚡️ Открывая встречу, министр поблагодарила ЮНФПА за многолетнее партнерство и организацию официального визита в Казахстан Заместителя Генерального секретаря ООН, Исполнительного директора ЮНФПА доктора Диене Кейта, состоявшегося в мае текущего года. По словам главы ведомства, достигнутые тогда договоренности стали основой для перехода к практической реализации совместных инициатив.

«Мы рассматриваем наше сотрудничество с ЮНФПА как стратегическое партнерство, направленное на укрепление системы здравоохранения, развитие научного потенциала и повышение доступности современных медицинских услуг для населения», – отметила А. Альназарова.

В ходе переговоров стороны определили ряд приоритетных направлений дальнейшего взаимодействия.

📌 Одной из ключевых инициатив стало создание в Казахстане платформы Университета ООН и Школы общественного здравоохранения с акцентом на вопросы влияния изменения климата на здоровье населения.

Стороны обсудили проведение совместного исследования с ЮНФПА, посвященного изучению влияния экстремальной жары на здоровье беременных женщин и новорожденных. Предлагается, что исследование будет сосредоточено в наиболее жарких регионах страны – Кызылординской, Туркестанской и Мангистауской областях.

Следующим направлением успешного партнерства с ЮНФПА определено развитие Молодежных центров здоровья (МЦЗ), на базе которых предполагается внедрить новые подходы по развитию дистанционной психологической и репродуктивной помощи подросткам, молодежи и женщинам, проживающим в сельской местности.

«В рамках пилота предлагаем создать региональные центры телепсихологии на базе МЦЗ, обеспечить дистанционные консультации квалифицированных психологов для сельской молодежи, и сформировать мобильные междисциплинарные команды для выезда в отдаленные населенные пункты. Отдельное внимание необходимо уделить кризисному консультированию по вопросам насилия, суицидального риска, кризисной беременности, репродуктивных потерь, тревожных и депрессивных состояний», - отметила глава ведомства.

Сегодня в стране функционирует около 90 таких центров, которые предоставляют молодежно-дружественные медицинские, психологические и социальные услуги и ежегодно охватывают почти один миллион молодых людей.


Роль ЮНФПА может заключаться в предоставлении международной экспертизы, грантовой и технической поддержки, подготовке казахстанских специалистов и супервизоров, а также в независимой оценке результатов проекта исключительно на основе обезличенных и агрегированных показателей.

Министр также предложила Фонду ООН оказать содействие в укреплении молодежного волонтерства в стране, используя опыт международной организации и потенциал структур здравоохранения создать волонтерский корпус здоровья.

🖇️ По итогам встречи стороны подтвердили готовность к дальнейшему укреплению сотрудничества и реализации совместных проектов, направленных на сохранение здоровья населения, развитие научного потенциала, совершенствование репродуктивного здоровья и повышение устойчивости системы здравоохранения к современным вызовам.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АКАДЕМИК Н.Ж. БАТПЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТРАВМАТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОРТОПЕДИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ «РАДИОЛОГИЯ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ РЕЗИДЕНТ ДӘРІГЕРЛЕРДІ ДАЙЫНДАП ШЫҒАРДЫ

🎓 Академик Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығы отандық денсаулық сақтау саласының кадрлық әлеуетін нығайтуды жалғастыруда. 2026 жылы Орталық алғаш рет «Радиология» мамандығы бойынша 8 дәрігер-резидентті даярлап шығарды. Сонымен қатар білім беру қызметінің аясын төрт мамандыққа дейін кеңейтіп, «Травматология-ортопедия (балалар)» бағыты бойынша резидентуралық даярлауды бастады.

Медицина кадрларын даярлау өңірлердің қажеттілігі мен жергілікті атқарушы органдардың сұраныстары негізінде қалыптастырылатын мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жүзеге асырылады. Бұл денсаулық сақтау жүйесін дәл қажетті өңірлерде сұранысқа ие білікті мамандармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бүгінде Орталықтың резидентурасында 124 болашақ дәрігер білім алуда. Оның ішінде 65 резидент «Травматология-ортопедия (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша оқиды.


Орталық жылдар бойя травматология, ортопедия және медициналық оңалту салаларында мамандар даярлайтын жетекші ғылыми-педагогикалық мектептердің бірін қалыптастырды. 2008 жылдан бері «Травматология-ортопедия (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша 146 дәрігер-резидент даярланды. Ал 2023 жылдан бастап «Физикалық медицина және оңалту (ересектер, балалар)» білім беру бағдарламасы бойынша 27 маман дайындалды.


Оқу үдерісі еліміздегі жетекші бейінді ғылыми орталықтың базасында ұйымдастырылып, диагностика, емдеу және медициналық оңалтудың заманауи технологиялары кеңінен қолданылады. Түлектер жоғары технологиялық емдеу әдістерімен жұмыс істеу, күрделі клиникалық жағдайларды жүргізу бойынша мол тәжірибе жинақтап, еліміздің жетекші мамандарынан тәлім алады. Бұл Академик Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығын дәрігер кадрларын даярлайтын Қазақстандағы ең мықты клиникалық мектептердің біріне айналуына ықпал етті.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ННЦТО ИМ. АКАДЕМИКА БАТПЕНОВА ВЫПУСТИЛ ПЕРВЫХ ВРАЧЕЙ-РЕЗИДЕНТОВ ПО СПЕЦИАЛЬНОСТИ «РАДИОЛОГИЯ»

🎓 Национальный научный центр травматологии и ортопедии имени академика Н.Д. Батпенова продолжает укреплять кадровый потенциал отечественного здравоохранения. В 2026 году Центр впервые выпустил 8 врачей-резидентов по специальности «Радиология», а также расширил образовательную деятельность до четырех специальностей, открыв подготовку по направлению «Травматология-ортопедия (детская)».

Подготовка медицинских кадров осуществляется в рамках государственного образовательного заказа, который формируется с учетом потребности регионов и заявок местных исполнительных органов. Это позволяет обеспечить систему здравоохранения востребованными специалистами именно там, где они необходимы.

Сегодня в резидентуре Центра обучаются 124 будущих врача, в том числе 65 резидентов по специальности «Травматология-ортопедия (взрослая,детская).


За годы работы Центр сформировал одну из ведущих школ подготовки специалистов в области травматологии, ортопедии и реабилитации. С 2008 года подготовлено 146 врачей-резидентов по специальности «Травматология-ортопедия (взрослая, детская)». С 2023 года по образовательной программе «Физическая медицина и реабилитация (взрослая, детская)» подготовлено 27 специалистов.


Обучение проходит на базе ведущего профильного научного центра страны с применением современных технологий диагностики, лечения и реабилитации. Выпускники получают практический опыт работы с высокотехнологичными методами лечения, сложными клиническими случаями и перенимают знания у ведущих отечественных специалистов, что делает Национальный научный центр травматологии и ортопедии имени академика Н.Д. Батпенова одной из сильнейших клинических школ Казахстана по подготовке врачебных кадров.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ИНСУЛЬТТАН, ИНФАРКТТАН НЕМЕСЕ ЖАРАҚАТТАН КЕЙІН: ЕМХАНАДА ОҢАЛТУ ЕМІН ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

Инсульттен, инфаркттан, жарақаттан немесе операциядан кейін оңалту емі негізгі емдеуден кем түспейтін маңызды кезең болып саналады. Көптеген пациент медициналық оңалтудың тек мамандандырылған орталықтарда ғана емес, тіркелген емханасында да қолжетімді екенін біле бермейді.

Алматы қаласындағы №16 қалалық емхананың Оңалту және қалпына келтіру емі орталығының меңгерушісі Назерке Мирзамбекқызы Ұлдақанованың айтуынша, медициналық оңалту ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетіледі.

Учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша пациенттер емдік дене шынықтыруды, физиотерапияны және басқа да оңалту әдістерін қамтитын қалпына келтіру емінен өте алады. Оңалту бағдарламасы әр пациенттің диагнозына, денсаулық жағдайына және жеке қажеттілігіне қарай әзірленеді.

Оңалтудың басты мақсаты – адамның жоғалтқан функцияларын қалпына келтіруге, қозғалу қабілетін жақсартуға, өзіне-өзі қызмет көрсету деңгейін арттыруға және өмір сапасын жақсартуға көмектесу.

Қазақстанда медициналық оңалту үш кезең бойынша жүзеге асырылады:

● 1-кезең – аурудың жедел кезеңінде (алғашқы 72 сағат ішінде), хирургиялық араласулар мен жарақаттар кезінде стационар деңгейінде жүргізіледі;
● 2-кезең – аурудан немесе жарақаттан кейінгі жедел және ерте қалпына келу кезеңінде (алғашқы 6 ай ішінде), сондай-ақ аурудың қалдық көріністері кезінде жоғары технологиялық медициналық көмекті қолдана отырып стационарлық ұйымдарда жүзеге асырылады;
● 3-кезең – амбулаториялық-емханалық ұйымдарда, күндізгі және тәулік бойы жұмыс істейтін стационарларда, оңалту орталықтарында және санаторий-курорттық ұйымдарда жүргізіледі.

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Алматы қаласында 11 555 пациент медициналық оңалту курсынан өтті. Оның ішінде 5 412 адам оңалтудың екінші кезеңінде, ал 6 143 адам үшінші кезеңінде медициналық көмек алды.

Егер сізге немесе жақындарыңызға қалпына келтіру емі қажет болса, медициналық оңалтудың көрсетілімі бар-жоғын және оны қалай алуға болатынын білу үшін учаскелік дәрігеріңізге жүгініңіз.

⚜️⚜️⚜️

ПОСЛЕ ИНСУЛЬТА, ИНФАРКТА ИЛИ ТРАВМЫ: КАК ПРОЙТИ РЕАБИЛИТАЦИЮ В ПОЛИКЛИНИКЕ

После инсульта, инфаркта, травмы или операции восстановление играет не менее важную роль, чем основное лечение. Многие пациенты не знают, что медицинская реабилитация доступна не только в специализированных центрах, но и в поликлинике по месту прикрепления.

По словам заведующей Центром реабилитации и восстановительного лечения Городской поликлиники № 16 Алматы Улдакановой Назерке Мирзамбековны, медицинская реабилитация предоставляется в рамках ГОБМП и ОСМС. По направлению участкового врача пациенты могут пройти курс восстановительного лечения, который включает лечебную физкультуру, физиотерапию и другие методы реабилитации. Программа подбирается индивидуально с учетом диагноза, состояния здоровья и потребностей каждого пациента.

Главная цель реабилитации – помочь человеку восстановить утраченные функции, вернуть подвижность, повысить самостоятельность и улучшить качество жизни.

В Казахстане медицинская реабилитация реализуется поэтапно:

● 1 этап – проводится в период острого течения (до 72 часов) заболевания, при оперативных вмешательствах и травмах (осуществляется на уровне стационара);
● 2 этап – проводится в периоды острого и раннего восстановления после болезни или травмы (в течение первых 6 месяцев), а также в период остаточных проявлений болезни; реабилитация осуществляется с применением высокотехнологичной медицинской помощи, в стационарных организациях;
● 3 этап – проводится в амбулаторно-поликлинических организациях, дневных и круглосуточных стационарах, реабилитационных центрах, санаторно-курортных организациях.

За первое полугодие 2026 года в Алматы курс медицинской реабилитации прошли 11 555 пациентов. Из них 5 412 человек получили помощь на втором этапе реабилитации, 6 143 человека — на третьем этапе.

Если вы или ваши близкие нуждаетесь в восстановительном лечении, обратитесь к своему участковому врачу, чтобы узнать, показана ли вам медицинская реабилитация и как ее можно пройти.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Бүгінде мемлекет онкологиялық көмек көрсетуге қомақты қаражат бөліп, пациенттерді заманауи емдеу әдістерімен тегін қамтамасыз етіп келеді.

Сонымен қатар Қазақстанда обырды диагностикалау мен емдеуге арналған медициналық жабдықтардың, дәрілік заттардың және қолжетімді технологиялардың деңгейі көптеген көрші елдерден кем түспейді, ал кейбір бағыттарда олардан да жоғары.

🧑🏻‍⚕️ Мемлекет онкологиялық науқастарды емдеуге қанша қаражат жұмсайтыны, азаматтардың өз денсаулығына деген жауапкершілігінің маңызы туралы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының Радиология орталығының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, 37 жылдық еңбек өтілі бар радиациялық онколог дәрігер Виктор Борисович Ким әңгімелейді.

⚜️⚜️⚜️

🇰🇿 Государство сегодня несёт большие расходы на оказание онкологической помощи, обеспечивая пациентов современным лечением бесплатно.

При этом уровень оснащения, лекарств и доступных технологий для диагностики и лечения рака в Казахстане зачастую не уступает, а иногда и превосходит многие соседние страны.

🧑🏻‍⚕️ О том, сколько государство тратит на лечение онкобольных, об ответственности пациентов за свое здоровье рассказывает Виктор Борисович Ким, заведующий Центром радиологии КазНИИ онкологии и радиологии, профессор, доктор медицинских наук, врач-радиационный онколог с 37-летним опытом работы.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ БАРЛЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТАРДА АУҚЫМДЫ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗЕДІ

🇰🇿 Денсаулық сақтау министрі 15 тамызға дейін еліміздегі босандыру қызметін көрсететін барлық 69 медициналық ұйымда ауқымды тексеру жүргізуді тапсырды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті инфекциялық бақылау талаптарының сақталуын бағалап, аналар мен жаңа туған нәрестелердің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге және ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу шараларын күшейтуге назар аударады.

📝 Тиісті тапсырмалар Денсаулық сақтау министрлігінде медициналық ұйымдардағы инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіруге арналған аппараттық кеңес барысында берілді.

Тексерулердің мақсаты – санкциялар санын арттыру емес, тәуекелдердің алдын алу және оларды жою, сондай-ақ босандыру қызметін көрсететін ұйымдардағы медициналық көмектің сапасын арттыру.

«Инфекциялық бақылау жүйесінің басты міндеті – салдармен күресу емес, тәуекелдердің алдын алу. Инфекцияның әрбір жағдайы кәсіби тұрғыдан жан-жақты талданып, пациенттердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған нақты шешімдер қабылдауға негіз болуы тиіс. Ашық әрі объективті көзқарас қана медициналық көмектің сапасын жетілдіруге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.


Кеңес қорытындысы бойынша министр инфекция жағдайларын тергеп-тексеру тәсілдерін қайта қарауды, профилактикаға басымдық бере отырып санитариялық қағидалар мен мемлекеттік бақылаудың тексеру парақтарын жаңартуды, сондай-ақ инфекцияның әрбір жағдайының туындау себептеріне объективті баға беруді тапсырды. Бұл еліміздегі инфекциялық бақылау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына медициналық ұйымдарды дезинфекция және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізуге қажетті ресурстармен, жеке қорғаныш құралдарымен, заманауи жабдықтармен және бір реттік шығыс материалдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ медицина қызметкерлерін инфекциялық бақылау мәселелері бойынша жүйелі оқытуды ұйымдастыру тапсырылды.

💊 Антибиотиктерге төзімділік мәселесіне де ерекше назар аударылды. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті бактерияға қарсы препараттарды рецептімен босату талаптарының сақталуына бақылауды күшейтеді. Себебі антибиотиктерді ұтымды пайдалану микроорганизмдердің емге төзімділігінің алдын алудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Тексеру қорытындылары бойынша әрбір өңірде инфекциялық бақылау жүйесін одан әрі жетілдіруге арналған жол карталары бекітіледі.

🛡️Айта кету керек, медициналық көмек көрсету барысында туындайтын инфекциялардың алдын алу медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып қала береді. Қабылданған кешенді шараларды іске асыру аналар мен жаңа туған нәрестелердің қорғалу деңгейін арттыруға, инфекциялық бақылау жүйесін нығайтуға және азаматтардың отандық денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін күшейтуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
МИНЗДРАВ НАЧИНАЕТ МАСШТАБНУЮ ПРОВЕРКУ ПЕРИНАТАЛЬНЫХ ЦЕНТРОВ КАЗАХСТАНА

🇰🇿 Министр здравоохранения поручила до 15 августа текущего года провести масштабные проверки всех 69 организаций родовспоможения. Комитет санитарно-эпидемиологического контроля оценит соблюдение требований инфекционного контроля, чтобы обеспечить максимальную безопасность матерей и новорожденных, а также усилить профилактику внутрибольничных инфекций.

📝 Соответствующие поручения были даны в ходе аппаратного совещания Министерства здравоохранения, посвященного совершенствованию системы инфекционного контроля в медицинских организациях.

Проверки направлены не на увеличение количества санкций, а на предупреждение и устранение рисков, повышение качества медицинской помощи в организациях родовспоможения.

«Главная задача системы инфекционного контроля — предупреждать риски, а не реагировать на их последствия. Каждый случай инфекции должен стать поводом для профессионального анализа и принятия решений, которые помогут повысить безопасность пациентов. Только открытый и объективный подход позволит совершенствовать качество медицинской помощи», – подчеркнула Акмарал Альназарова.


По итогам совещания министр поручила пересмотреть действующие подходы к расследованию случаев инфекций, актуализировать санитарные правила и проверочные листы государственного контроля с акцентом на профилактику, дать объективную оценку причин возникновения каждого случая для повышения эффективности системы инфекционного контроля по стране.

Кроме того, управлениям здравоохранения регионов поручено обеспечить медицинские организации необходимыми ресурсами для проведения дезинфекции и стерилизации, средствами индивидуальной защиты, современным оборудованием и одноразовыми расходными материалами, а также организовать системное обучение медицинских работников по вопросам инфекционного контроля.

💊 Отдельное внимание уделено борьбе с антибиотикорезистентностью. Комитет медицинского и фармацевтического контроля усилит контроль за соблюдением требований рецептурного отпуска антибактериальных препаратов, поскольку рациональное применение антибиотиков является важной составляющей профилактики устойчивости микроорганизмов к лечению.

По итогам проверок в каждом регионе будут утверждены дорожные карты по дальнейшему совершенствованию системы инфекционного контроля.

🛡️ Необходимо отметить, что профилактика инфекций, связанных с оказанием медицинской помощи, остается одним из ключевых показателей качества и безопасности медицинской помощи. Реализация комплекса принятых мер позволит повысить уровень защиты матерей и новорожденных, укрепить систему инфекционного контроля и повысить доверие граждан к отечественному здравоохранению.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2025 жылы Қазақстанда 32 мыңнан астам кардиохирургиялық ота жасалды

🇰🇿 2025 жылы Қазақстанда 32 мыңнан астам кардиохирургиялық ота жасалып, 6 мыңға жуық пациентке жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілді. Күрделі операцияларды жүргізуге 91,3 млрд теңге бағытталды.

🫀 Бүгінде елімізде жүрек пен қан тамырлары ауруларын емдеуге арналған күрделі хирургиялық араласулардың кең ауқымы орындалады. Заманауи технологиялар мен кардиохирургиялық орталықтардың жоғары деңгейде жабдықталуы пациенттерге жоспарлы түрде де және шұғыл араласуды қажет ететін жедел жағдайларда да мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

🩺 Қазақстандықтарға жоғары технологиялық кардиохирургиялық көмек медициналық көрсетілімдер бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетіледі.

⚜️⚜️⚜️

🇰🇿 В 2025 году в Казахстане проведено более 32 тысяч кардиохирургических операций, около 6 тысяч пациентов получили высокотехнологичную медицинскую помощь. На проведение сложных операций направлено 91,3 млрд тенге.

🫀 Сегодня в стране выполняется широкий спектр сложных вмешательств при заболеваниях сердца и сосудов. Современные технологии и оснащение кардиохирургических центров позволяют оказывать специализированную помощь пациентам как в плановом порядке, так и при острых состояниях, когда требуется экстренное вмешательство.

🩺 Для казахстанцев высокотехнологичная кардиохирургическая помощь оказывается по медицинским показаниям в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и системы обязательного социального медицинского страхования.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🩺 2025 жылдан бастап Қазақстанның барлық емханаларында шұғыл медициналық көмек бөлімшелері жұмыс істейді.

🏥 Жоспарлы қабылдауға келген пациенттер мен шұғыл жағдайдағы пациенттердің ағынын бөлу шұғыл көмекке мұқтаж жандарға медициналық көмекті жедел көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл жоспарлы қабылдаудың қолжетімділігін арттырады.

🤷‍♀️ Дегенмен, көптеген пациент әлі күнге дейін қандай жағдайда шұғыл медициналық көмек бөлімшесіне жүгіну қажет екенін, ал қай кезде учаскелік дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылудың жеткілікті болатынын білмейді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🩺 С 2025 года во всех поликлиниках Казахстана работают отделения неотложной помощи.

🏥 Разделение потоков пациентов с плановыми и неотложными состояниями позволяет быстрее оказывать помощь тем, кто нуждается в ней безотлагательно, и одновременно повышает доступность планового приема.

🤷‍♀️ Но многие пациенты до сих пор не знают, в каких случаях следует обращаться в отделение неотложной помощи, а когда достаточно записаться на прием к участковому врачу.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz