ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
17.3K photos
1.34K videos
28 files
3.79K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанда 150 ағзаны трансплантаттау орындалды. Оның ішінде 108 бүйрек, 31 бауыр, 5 жүрек, 2 өкпе және 4 мөлдір қабықты трансплантаттау жүргізілді. Тірі донорлардан 121 трансплантаттау, ал қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан 29 трансплантаттау, оның ішінде бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе және мөлдір қабықты трансплантаттау жүзеге асырылды.


Биылғы жылдың алты айында 108 әлеуетті қайтыс болғаннан кейінгі донор анықталды. Оның ішінде жеті жағдайда бірнеше ағзаны бір мезгілде алу (мультиағзалық алу) жүргізіліп, кейін трансплантаттау жүргізуге мүмкіндік берілді.

Бүгінгі таңда электрондық үкімет порталы арқылы 172 283 азамат қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қатысты өз ұстанымын білдірді. Оның ішінде 16 109 адам келісім берсе, 156 174 азамат бас тартқан.

2026 жылғы 21 мамырдағы жағдай бойынша ағзаны трансплантаттауды күту парағында 4 739 пациент, оның ішінде 125 бала тіркелген. Оның ішінде 4 208 адамға бүйрек, 293 адамға бауыр, 208 адамға жүрек, 30 адамға өкпе, ал 5 пациентке «жүрек–өкпе» кешенін трансплантаттау қажет.


Қазіргі таңда Қазақстандағы трансплантаттау қызметінің инфрақұрылымы 20 өңірді, 40 донорлық ұйымды және 11 трансплантаттау орталығын қамтиды. Соңғы екі жылдың ішінде шамамен 500 медицина қызметкері арнайы даярлықтан өтті, халықаралық клиникалық практикалар енгізіліп, трансплантаттау көмегін ұйымдастыру моделі жетілдірілуде.

Ағза донорлығы мәдениетін қалыптастыру – мемлекет, медицина қауымдастығы, азаматтық қоғам институттары және бұқаралық ақпарат құралдарының ортақ міндеті.

🙏 Халықтың ақпараттану деңгейін арттыру және қоғамда ашық диалог жүргізу көптеген азаматтардың саналы шешім қабылдауына ықпал етеді. Ал мұндай шешім болашақта бүгін өмір сыйлайтын трансплантаттауды күтіп отырған жандарға үміт сыйлауы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В АСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ПРЕМЬЕРА ДОКУМЕНТАЛЬНОГО ФИЛЬМА «4739» О ДОНОРСТВЕ ОРГАНОВ

🎬 В Астане состоялся премьерный показ короткометражного документального фильма «4739», посвященного теме посмертного донорства органов и развитию трансплантологии в Казахстане.

⚡️ В мероприятии приняли участие заместитель Премьер-Министра – министр культуры и информации Республики Казахстан Аида Балаева, Министр здравоохранения РК Акмарал Альназарова, известные врачи, ученые, общественные деятели, представители медицинского сообщества, рецепиенты и их семьи.

Название фильма символично – 4739. Именно столько человек сегодня находятся в листе ожидания трансплантации органов. Для большинства из них пересадка остается единственным шансом сохранить жизнь.


Фильм поднимает вопросы, которые затрагивают не только сферу здравоохранения, но и общечеловеческие ценности – милосердие, ответственность, взаимопомощь и готовность подарить другому человеку шанс на жизнь. Картина рассказывает реальные истории пациентов, врачей и семей, столкнувшихся с необходимостью принятия сложных решений, побуждая зрителей к осмыслению значения донорства органов.

«В новой Конституции право на жизнь закреплено как неотъемлемое и неотчуждаемое право каждого человека, а гражданам гарантировано право на охрану здоровья. Эти положения определяют ответственность государства: система здравоохранения должна использовать все доступные возможности для сохранения жизни – от профилактики и своевременной диагностики до высокотехнологичного лечения и трансплантации», – отметила в своем выступлении заместитель Премьер-министра.


В Министерстве здравоохранения отметили, что подобные социальные проекты играют важную роль в формировании культуры донорства и повышении осведомленности населения.

«Развитие трансплантологии невозможно только за счет совершенствования инфраструктуры и медицинских технологий. Не менее важны доверие, зрелость общества, информированность граждан и понимание того, что посмертное донорство способно спасти сразу несколько человеческих жизней. Такие фильмы помогают открыто говорить на сложные темы, формируют ответственное отношение общества к вопросам донорства и напоминают о высокой ценности человеческой жизни», – подчеркнула Акмарал Альназарова.


За последние два года в Казахстане достигнуты значительные результаты в развитии службы трансплантологии. Сегодня трансплантация органов является одним из наиболее высокотехнологичных направлений отечественного здравоохранения.

📌 Если в 2023 году в Казахстане было выявлено 49 потенциальных посмертных донора, то в 2024 году - уже 86, а в 2025 году – 186, что более чем в три раза превышает показатели предыдущих лет. В 2024 году удалось реализовать 6 донорских процессов, в 2025 году - уже 18, благодаря которым проведены 68 трансплантаций жизненно важных органов. Это означает, что всё больше людей начинают доверять системе.

🫶 За последние пять лет в стране выполнено около 1 500 трансплантаций органов, при этом каждая четвертая операция пришлась на 2025 год. Только в прошлом году проведено 310 трансплантаций почек, печени, сердца и легких.

👼 Важным достижением стало развитие детской трансплантологии. В 2026 году впервые успешно выполнена трансплантация сердца ребенку, что стало новым этапом развития высокотехнологичной медицинской помощи.

⬇️⬇️⬇️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
По итогам первого полугодия 2026 года в Казахстане выполнено 150 трансплантаций органов, в том числе – 108 пересадок почек, 31 печени, 5 сердца, 2 легких и 4 трансплантации роговицы. От живых доноров проведена 121 трансплантация, от посмертных доноров – 29, включая пересадки почек, печени, сердца, легких и роговицы.

За шесть месяцев текущего года выявлено 108 потенциальных посмертных доноров, при этом в семи случаях выполнен мультиорганный забор для последующей трансплантации.

На сегодняшний день через портал электронного правительства свою позицию относительно посмертного донорства выразили 172 283 гражданина. Из них согласие дали 16 109 человек, отказ зарегистрировали 156 174 граждан.

По состоянию на 21 мая 2026 года, в листе ожидания трансплантации находятся 4 739 пациентов, в том числе 125 детей. Из них трансплантация почки необходима 4 208 пациентам, печени – 293, сердца – 208, легких –30, комплекса «сердце–легкие» – 5.


Сегодня инфраструктура службы трансплантации в Казахстане включает 20 регионов, 40 донорских организаций и 11 трансплантационных центров. За последние два года подготовку прошли около 500 медицинских специалистов, продолжается внедрение международных клинических практик, совершенствуется организационная модель оказания трансплантационной помощи.

Формирование культуры донорства органов является общей задачей государства, медицинского сообщества, институтов гражданского общества и средств массовой информации.

🙏 Повышение информированности населения и открытый общественный диалог позволят большему числу граждан принять осознанное решение, которое в будущем может подарить шанс на жизнь тем, кто сегодня продолжает ждать спасительную трансплантацию.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАСЫ АЛҒАШ РЕТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

🏛️ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі алғаш рет денсаулық сақтау ресурстарын басқарудың бірыңғай цифрлық платформасын енгізді.

💻 Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте біріктіретін Зияткерлік денсаулық сақтау платформасы (Health Intelligence Platform).

🇰🇿 Платформаны құру Мемлекет басшысының денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау жөніндегі тапсырмаларын іске асырудағы маңызды қадам болды.

📊 ЗДП іске қосылғанға дейін сала ресурстары туралы ақпарат түрлі ақпараттық жүйелерде сақталды. Бұл деректердің қайталануына, жағдайды талдаудың күрделенуіне және басқарушылық шешімдерді қабылдау үдерісінің баяулауына алып келді. Енді барлық негізгі мәліметтер бірыңғай жүйеде шоғырландырылып, ел бойынша жағдайды нақты уақыт режиміне барынша жақын форматта объективті бағалауға мүмкіндік береді.

ЖАҢА ПЛАТФОРМА НЕ БЕРЕДІ?

📈 Жаңа платформа Денсаулық сақтау министрлігі мен өңірлерге денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді: қанша медициналық ұйым жұмыс істейді, олардың дәрігерлермен, орта медицина қызметкерлерімен, медициналық техникамен және инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі қандай.

🪪 Іс жүзінде әрбір медициналық ұйымның лицензиялары, кадрлық құрамы, жабдықтары, ғимараттары, бөлімшелері, төсек-орын қоры және басқа да қажетті мәліметтері қамтылған бірыңғай «цифрлық паспорты» қалыптастырылады.

Медициналық техниканы басқаруға ерекше назар аударылған. Жүйе жабдықтың сатып алынған сәтінен бастап техникалық қызмет көрсету, жөндеу және тозу деңгейіне дейінгі бүкіл өмірлік циклін қадағалайды. Бұл жабдықтарды уақтылы жаңартуға және мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

🗂️ Бүгінде жүйеде денсаулық сақтау саласының негізгі цифрлық тізілімдері мен сервистері іске асырылған:

* Медициналық ұйымдар тізілімі – медициналық ұйымның цифрлық паспорты, лицензиялары, ғимараттары, құрылымдық бөлімшелері, кабинеттері, палаталары, төсегі және көлігі;

* Кадрлық ресурстар тізілімі – штаттық кесте, қызметкерлер, еңбек қатынастары, мамандардың сертификаттары, білімі, кәсіптік тіркелімі, студенттер, резиденттер және магистранттар туралы мәліметтер;

* Медициналық техника тізілімі – жабдықтың толық өмірлік циклі: есепке алу, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, қалдық құны, тозу деңгейі және есепке алу жүйелерімен интеграция.

АРТЫҚ БЮРОКРАТИЯСЫЗ САПАНЫ БАҚЫЛАУ

🛡️ Ең маңызды жаңашылдықтардың бірі – медициналық көмектің сапасына цифрлық постлицензиялық бақылаудың енгізілуі.

Енді Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мамандары көптеген көшпелі тексерулер жүргізбей-ақ медициналық ұйымдардың қызметін қашықтан бағалай алады.

📌 Жүйе автоматты түрде мынадай негізгі көрсеткіштерді талдайды:

* лицензиялық талаптарға сәйкестігі;
* мамандардың қолданыстағы сертификаттарының болуы;
* кадрлармен және медициналық техникамен қамтамасыз етілуі.

Мұндай тәсіл қауіптерді уақтылы анықтауға, бұзушылықтардың алдын алуға және медициналық ұйымдарға анықталған кемшіліктерді жедел жоюға мүмкіндік береді.

📩 Барлық ұсынымдар автоматты түрде цифрлық жүйеге жіберіліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болады.

ЗДП ЕНГІЗУДІҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ

🏥 Жүйені цифрлық постлицензиялық бақылау шеңберінде пилоттық іске асыру барысында лицензиялық талаптарға сәйкес келмейтін 38 медициналық ұйым анықталды.

Сонымен қатар автоматты мониторингтің арқасында жарамдылық мерзімі өткен сертификаттары бар медицина қызметкерлерінің саны шамамен үштен бірге қысқарып, 3 637-ден 2 448 маманға дейін азайды.

Бұл пациенттерге белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін мамандардың медициналық көмек көрсетуіне ықпал етеді.

Платформаның басты артықшылықтарының бірі – мемлекеттік ақпараттық жүйелермен терең интеграциялануы.

⬇️⬇️⬇️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌐 Жаңа ЗДП мемлекеттік деректер қорларынан, электрондық лицензиялау жүйесінен, білім беру тізілімдерінен, еңбек шарттарының бірыңғай жүйесінен, жылжымайтын мүлік базаларынан, медициналық ақпараттық жүйелерден және басқа да цифрлық сервистерден қажетті мәліметтерді автоматты түрде алады.

Осының нәтижесінде ақпаратты қолмен енгізу көлемі едәуір қысқарып, деректердің қайталануы жойылады және олардың нақтылығы артады.

ЗДП САЛАНЫ БАСҚАРУДЫҢ ТАЛДАУЛЫҚ НЕГІЗІНЕ АЙНАЛАДЫ

🗺️ Платформа сондай-ақ денсаулық сақтау нысандарының цифрлық картасын, талдамалық панельдерді, жоғары технологиялық медициналық көмекті басқару құралдарын, пациенттерді қолдау сервистерін және медициналық көмектің сапасына тәуелсіз сараптама жүргізу тетіктерін қамтиды.

📈 Нәтижесінде Денсаулық сақтау министрлігі әрбір өңірдегі жағдайды жедел талдауға, медицина кадрларына деген қажеттілікті болжауға, медициналық техниканы сатып алуды жоспарлауға және объективті деректер негізінде басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік алады.

🚀 Денсаулық сақтау ресурстарын басқарудың орталықтандырылған цифрлық платформасын енгізу бүкіл сала үшін бірыңғай ақпараттық кеңістік қалыптастырады. Жүйені енгізу басқарудың ашықтығын арттыруға, мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігін көтеруге, заманауи талдауды дамытуға және сенімді деректерге негізделген басқарушылық шешімдер қабылдауға берік негіз қалыптастыруға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
В КАЗАХСТАНЕ ВПЕРВЫЕ ЗАПУЩЕНА ЕДИНАЯ ЦИФРОВАЯ ПЛАТФОРМА УПРАВЛЕНИЯ РЕСУРСАМИ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ

🏛️ Министерство здравоохранения Республики Казахстан впервые внедрило единую цифровую платформу управления ресурсами здравоохранения.

💻 Это Интеллектуальная платформа здравоохранения (Health Intelligence Platform), которая объединяет в одном цифровом пространстве сведения о медицинских организациях, медицинских работниках, оборудовании, инфраструктуре и других ресурсах отрасли.

🇰🇿 Создание платформы стало важным шагом в реализации поручений Главы государства по цифровой трансформации системы здравоохранения.

📊 До запуска ИПЗ информация о ресурсах отрасли находилась в разных информационных системах. Это приводило к дублированию данных, усложняло анализ ситуации и замедляло принятие управленческих решений. Теперь все ключевые сведения консолидированы в единой системе, что позволяет видеть объективную картину по всей стране практически в режиме реального времени.

ЧТО ДАЕТ НОВАЯ ПЛАТФОРМА?

📈 Новая платформа позволяет Министерству здравоохранения и регионам получать полную информацию о состоянии системы здравоохранения: сколько медицинских организаций работает, насколько они обеспечены врачами, средним медперсоналом, медицинской техникой и инфраструктурой.

🪪 Фактически создается единый «цифровой паспорт» каждого медицинского учреждения, где отражены лицензии, кадровый состав, оборудование, здания, отделения, койки и другие необходимые сведения.

Особое внимание уделено управлению медицинской техникой. Система отслеживает весь жизненный цикл оборудования – от момента закупки до технического обслуживания, ремонта и степени износа. Это позволяет своевременно обновлять оборудование и эффективнее использовать государственные средства.

🗂️ Таким образом, сегодня в системе реализованы основные цифровые реестры и сервисы здравоохранения:

• Реестр медицинских организаций — паспорт медицинской организации, лицензии, здания, структурные подразделения, кабинеты, палаты, койки и транспорт;
• Реестр кадровых ресурсов — штатное расписание, сотрудники, трудовые отношения, сертификаты специалистов, образование, профессиональный регистр, сведения о студентах, резидентах и магистрантах;
• Реестр медицинской техники — полный жизненный цикл оборудования: учёт, техническое обслуживание, ремонты, остаточная стоимость, износ и интеграция с учётными системами.

КОНТРОЛЬ КАЧЕСТВА – БЕЗ ЛИШНЕЙ БЮРОКРАТИИ

🛡️ Одним из самых важных нововведений стал цифровой постлицензионный контроль качества медицинской помощи.

Теперь специалисты Комитета медицинского и фармацевтического контроля могут дистанционно оценивать деятельность медицинских организаций без проведения большого количества выездных проверок.

📌 Система автоматически анализирует ключевые индикаторы, включая:

* соответствие лицензионным требованиям;
* наличие действующих сертификатов специалистов;
* обеспеченность кадрами и медицинской техникой.

Такой подход позволяет своевременно выявлять риски, предотвращать нарушения и оперативно помогать медицинским организациям устранять выявленные недостатки.

📩 Все рекомендации автоматически направляются в цифровую систему, а исполнение находится на постоянном контроле.

ПЕРВЫЕ РЕЗУЛЬТАТЫ ВНЕДРЕНИЯ ИПЗ

🏥 За время пилотирования системы в рамках цифрового постлицензионного контроля выявлено 38 медицинских организаций, у которых отсутствуют лицензии на осуществление медицинской деятельности,

Кроме того, благодаря автоматическому мониторингу удалось сократить количество медицинских работников с просроченными сертификатами почти на треть – с 3 637 до 2 448 специалистов.

Это означает, что пациенты получают медицинскую помощь у специалистов, соответствующих установленным квалификационным требованиям.

Одним из главных преимуществ платформы стала глубокая интеграция с государственными информационными системами.

⬇️⬇️⬇️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4👏1
🌐Новая Интеллектуальная платформа автоматически получает необходимые сведения из государственных баз данных, системы электронного лицензирования, реестров образования, трудовых договоров, недвижимости, медицинских информационных систем и других цифровых сервисов.

Благодаря этому значительно сокращается ручной ввод информации, исключается дублирование данных и повышается их достоверность.

ИПЗ СТАНЕТ БАЗОЙ АНАЛИТИКИ ДЛЯ УПРАВЛЕНИЯ ОТРАСЛЬЮ

🗺️ Платформа также включает цифровую карту объектов здравоохранения, аналитические панели, инструменты управления высокотехнологичной медицинской помощью, сервисы поддержки пациентов и независимой экспертизы качества медицинской помощи.

📈 В результате Министерство здравоохранения получает возможность оперативно анализировать ситуацию в каждом регионе, прогнозировать потребность в медицинских кадрах, планировать закупку оборудования и принимать управленческие решения на основе объективных данных.

🚀 Внедрение центральной цифровой платформы управления ресурсами здравоохранения создает единое информационное пространство для всей отрасли. Внедрение системы позволяет повысить прозрачность управления, эффективность использования государственных средств, способствует развитию современной аналитики и формирует основу для управленческих решений, основанных на достоверных данных.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАН МЕН ПӘКІСТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРУДЕ

🤝Қазақстан мен Пәкістан медициналық білім беру саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруде. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Астана медицина университеті мен Пәкістанның Білім беруді мақсатты қаржыландыру қоры (PAK-EEF) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат болашақ дәрігерлер мен мейіргерлерді халықаралық стандарттарға сай даярлауға, бірлескен ғылыми жобаларды дамытуға және академиялық алмасуды кеңейтуге мүмкіндік береді.

⚡️ Ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Пәкістан Ислам Республикасы Федералдық білім беру және кәсіптік даярлау жөніндегі мемлекеттік министрі Ваджиха Камармен кездесу барысында мәлімдеді.

«Біз халықаралық ынтымақтастықты жаңа буын мамандарын даярлаудың маңызды тетіктерінің бірі ретінде қарастырамыз. Бүгінде қазақстандық медицина университеттері әлемдік білім беру кеңістігіне белсенді кірігіп, ғылыми ынтымақтастықты дамытып, жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлескен жобаларды жүзеге асыруда», – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.


🇰🇿🇵🇰Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынасты дамытудағы маңызды кезеңдердің бірі ретінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанның Білім беруді мақсатты қаржыландыру қорына гуманитарлық грант бөлу туралы шешімі аталды. Бұл бастама екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің нығаюының айқын көрінісі болып, білім беру, ғылым және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашты.

Қазіргі таңда Астана медицина университеті Пәкістанның жетекші медициналық университеттерімен және клиникаларымен ынтымақтастық орнатқан. PAK-EEF қорымен меморандумға қол қою осы әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Құжат дәрігерлер мен мейіргерлерді даярлау бағдарламаларын дамытуға, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейтуге, сарапшылардың арасында тәжірибе алмасуға, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге және мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған.

«Астана медицина университетінің заманауи білім беру және клиникалық базасы, білікті профессор-оқытушылар құрамы және халықаралық жобаларды іске асырудағы мол тәжірибесі бар. Бұл мамандарды әлемдік үздік стандарттарға сәйкес даярлауға мүмкіндік береді», – деп түйіндеді Ақмарал Әлназарова.


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
КАЗАХСТАН И ПАКИСТАН ВЫХОДЯТ НА НОВЫЙ УРОВЕНЬ СОТРУДНИЧЕСТВА В СФЕРЕ МЕДИЦИНСКОГО ОБРАЗОВАНИЯ

🤝 Казахстан и Пакистан выводят сотрудничество в сфере медицинского образования на новый уровень. При поддержке Министерства здравоохранения Медицинский университет Астана и Пакистанский фонд целевого финансирования образования (PAK-EEF) подписали меморандум о взаимопонимании, который позволит готовить будущих врачей и медицинских сестер по международным стандартам, развивать совместные научные проекты и академический обмен.

⚡️ О новых перспективах сотрудничества министр здравоохранения Республики Казахстан Акмарал Альназарова заявила на встрече с Государственным министром федерального образования и профессионального обучения Исламской Республики Пакистан Ваджихой Камар.

«Мы рассматриваем международное сотрудничество как один из важнейших инструментов подготовки специалистов нового поколения. Сегодня казахстанские медицинские университеты активно интегрируются в мировое образовательное пространство, развивают научное сотрудничество и реализуют совместные проекты с ведущими зарубежными вузами», – подчеркнула Акмарал Альназарова.


🇰🇿🇵🇰 В ходе встречи было отмечено, что важным этапом развития двусторонних отношений стало решение Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева о предоставлении гуманитарного гранта Пакистанскому фонду целевого финансирования образования. Эта инициатива стала символом укрепления стратегического партнерства между двумя странами и открыла новые возможности для сотрудничества в сфере образования, науки и здравоохранения.

Сегодня Медицинский университет Астана уже взаимодействует с ведущими медицинскими университетами и клиниками Пакистана. Подписание меморандума с PAK-EEF позволит вывести это сотрудничество на новый уровень.

Документ предусматривает развитие программ подготовки врачей и медицинских сестер, академической мобильности студентов и преподавателей, обмен опытом между экспертами, проведение совместных научных исследований и повышение квалификации специалистов.

«Медицинский университет Астана обладает современной образовательной и клинической базой, сильным профессорско-преподавательским составом и большим опытом в реализации международных проектов. Это позволит готовить специалистов в соответствии с лучшими мировыми стандартами», - резюмировала Акмарал Альназарова.


Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Шипажай-2026» XI халықаралық ғылыми-практикалық Форумы Алматыда өтеді

📅 2026 жылғы 7–8 тамызда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының алаңында «Шипажай-2026» XI халықаралық ғылыми-практикалық форумы өтеді. Бұл – курортология, санаторийлік-курорттық емдеу және медициналық оңалту саласындағы ең ауқымды халықаралық іс-шаралардың бірі.

🌍 Форум дәстүрлі түрде курортология, медициналық оңалту және санаторийлік-курорттық саланы дамытудың заманауи үрдістерін, ғылыми жетістіктері мен перспективаларын талқылайтын маңызды халықаралық алаң болып табылады.

🖇️ Іс-шараны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасының Ұлттық курорттық қауымдастығымен, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетімен, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясымен және Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласындағы «Санкур-эволюция» курорттарды дамыту қауымдастығымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының қолдауымен ұйымдастырады.

📋 Бағдарламаның шеңберінде:

* «Курортология және қалпына келтіру емі саласындағы заманауи технологиялар мен инновациялық тәсілдер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция;

* «Халық денсаулығын сақтауда және санаторийлік-курорттық саланы дамытудағы медициналық цифрлық шешімдер» тақырыбындағы семинар;

* «Заманауи санаторийлік-курорттық оңалтудағы дәстүрлі және комплементарлық әдістер: ғылыми тәсілдер мен практикалық тәжірибе» атты мастер-класс (12 академиялық сағат);

* санаторийлік-курорттық ұйымдардың, медициналық жабдықтар, фармацевтикалық өнімдер, цифрлық шешімдер және денсаулық сақтау саласындағы инновациялық технологиялар өндірушілерінің мамандандырылған халықаралық көрмесі жоспарланған.


Форум Қазақстан, Қытай, Сингапур, Түркия, Әзербайжан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Еуропа елдері мен АҚШ-тан мемлекеттік органдардың, ғылыми қауымдастықтың, медициналық ұйымдардың, санаторийлік-курорттық сала өкілдері мен жетекші халықаралық сарапшылардың басын қосады.

Форумның қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының курортология мәселелері» ғылыми-практикалық журналының арнайы санын шығару, сондай-ақ санаторийлік-курорттық саланы одан әрі дамыту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында мемлекеттік органдардың, ғылыми қауымдастықтың және практикалық денсаулық сақтау саласының өкілдерін біріктіретін Курорттық кеңес құру жоспарланып отыр.

Ғылыми қауымдастық, практикалық денсаулық сақтау ұйымдары, санаторийлік-курорттық мекемелер, бейінді медициналық ұйымдар мен бизнес өкілдерін «Шипажай-2026» форумының жұмысына қатысуға және курортология мен медициналық оңалтуды дамытуға арналған халықаралық кәсіби диалогтың бір бөлігі болуға шақырамыз.

📍 Өтетін күні: 2026 жылғы 7–8 тамыз
📍 Өтетін орны: Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының конференц-залы.

🙌 Қатысу және бұқаралық ақпарат құралдарын аккредиттеу мәселелері бойынша:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты
Халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс басқармасының басшысы
Марлан Есілбаев

✉️ E-mail: marlanyessilbaev@gmail.com
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM