ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
17.3K photos
1.34K videos
28 files
3.79K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ТАТАРСТАНМЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

👥 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің делегациясы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің жетекшілігімен Татарстан Республикасының медициналық білім беру, ғылым және денсаулық сақтау салаларындағы озық тәжірибесімен танысты.

🎯 Жұмыс сапарының мақсаты – денсаулық сақтау, медициналық білім беру және ғылым салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ заманауи білім беру, клиникалық және цифрлық технологияларды енгізу тәжірибесін зерделеу болды.

Қазақстандық делегация Татарстан Республикасының жетекші медициналық және білім беру ұйымдарының қызметімен танысты.

🎓 Жұмыс сапары шеңберінде Қазан мемлекеттік медицина университетінің ректоры Айрат Фарраховпен кездесу өтті. Тараптар медицина кадрларын даярлау, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру және болашақ дәрігерлерді даярлау үдерісіне заманауи технологияларды енгізу бағытындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

🧪 Бағдарлама аясында Қазан мемлекеттік медицина университетінің кадаверлік орталығына, «AMTEK» білім беру орталығына, Республикалық клиникалық ауруханаға, Балалар республикалық клиникалық ауруханасына, №7 Мемлекеттік клиникалық ауруханаға, Өңіраралық клиникалық-диагностикалық орталыққа, сондай-ақ медициналық симуляциялық технологияларды әзірлеуші жетекші компаниялардың бірі саналатын «EIDOS» компаниясының өндірістік алаңына бару ұйымдастырылды.

💡 Сапар барысында медицина кадрларын практикаға бағдарланған даярлау, симуляциялық оқытуды дамыту, денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру, жоғары технологиялық медициналық көмекті ұйымдастыру және клиникалық практикада инновациялық шешімдерді қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

🌍 Сондай-ақ Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасымен және Татарстан Республикасының Денсаулық сақтау министрімен кездесулер өтті. Келіссөздер барысында денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастырудағы үздік тәжірибелермен алмасу, медицина ғылымын дамыту, саланы цифрлық трансформациялау, жоғары білікті мамандар даярлау және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар әріптестік қатынастарды одан әрі дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Татарстан Республикасының медициналық ұйымдары арасындағы академиялық алмасуды кеңейтуге өзара мүдделі екенін растады.


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
МИНЗДРАВ РК УКРЕПЛЯЕТ СОТРУДНИЧЕСТВО С ТАТАРСТАНОМ В ОБЛАСТИ МЕДИЦИНСКОГО ОБРАЗОВАНИЯ

👥 Делегация Министерства здравоохранения Республики Казахстан во главе с Первым вице-министром здравоохранения Тимуром Султангазиевым изучила передовой опыт Республики Татарстан в сфере медицинского образования, науки и здравоохранения.

🎯 Целью рабочего визита стало укрепление двустороннего сотрудничества в сфере здравоохранения, медицинского образования и науки, а также изучение передового опыта по внедрению современных образовательных, клинических и цифровых технологий.

Казахстанская делегация ознакомилась с деятельностью ведущих медицинских и образовательных организаций Республики Татарстан.

🎓 В рамках визита состоялась встреча с ректором Казанского государственного медицинского университета Айратом Фарраховым. Стороны обсудили перспективы развития сотрудничества в области подготовки медицинских кадров, реализации совместных образовательных программ и внедрения современных технологий в процесс подготовки будущих врачей.

🧪 В программу вошли посещения Кадаверного центра Казанского государственного медицинского университета, образовательного центра «AMTEK», Республиканской клинической больницы, Детской республиканской клинической больницы, Государственной клинической больницы № 7, Межрегионального клинико-диагностического центра, а также производственной площадки компании «EIDOS», одним из ведущих разработчиков медицинских симуляционных технологий.

💡 Особое внимание в ходе визита было уделено вопросам практико-ориентированной подготовки медицинских кадров, развитию симуляционного обучения, цифровизации здравоохранения, организации высокотехнологичной медицинской помощи и применению инновационных решений в клинической практике.

🌍 Также состоялись встречи с Председателем Государственного Совета Республики Татарстан и Министром здравоохранения Республики Татарстан. В ходе переговоров обсуждены перспективы расширения международного сотрудничества, обмена лучшими практиками в сфере организации здравоохранения, развития медицинской науки, цифровой трансформации отрасли и подготовки высококвалифицированных специалистов.

По итогам визита стороны подтвердили взаимную заинтересованность в дальнейшем развитии партнерских отношений, расширении академического обмена между медицинскими организациями Казахстана и Республики Татарстан.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АСТАНАДА АҒЗА ДОНОРЛЫҒЫ ТУРАЛЫ «4739» ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

🎬 Астанада қайтыс болғаннан кейінгі ағза донорлығы және Қазақстандағы трансплантологияның дамуына арналған «4739» қысқаметражды деректі фильмінің тұсаукесері өтті.

⚡️ Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаева, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, танымал дәрігерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, медицина қауымдастығының өкілдері, трансплантаттау жүргізілген пациенттер және олардың отбасы мүшелері қатысты.

Фильм атауының өзіндік мәні бар – 4739. Бұл – бүгінде ағзаны трансплантаттауды күтіп отырған азаматтардың саны. Олардың басым бөлігі үшін трансплантаттау – өмірін сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі.


Фильмде денсаулық сақтау саласымен ғана шектелмейтін, адамгершілік құндылықтарды – мейірімділік, жауапкершілік, өзара қолдау және өзге адамға өмір сыйлау мүмкіндігін қамтитын маңызды мәселелер көтеріледі. Картинада күрделі шешім қабылдау қажеттілігіне тап болған пациенттердің, дәрігерлердің және отбасылардың шынайы оқиғалары баяндалып, көрерменді ағза донорлығының маңызы туралы ойлануға жетелейді.

«Жаңа Конституцияда өмір сүру құқығы әрбір адамның ажырамас әрі айырылмайтын құқығы ретінде бекітілген, ал азаматтарға денсаулықты сақтауға кепілдік берілген. Бұл нормалар мемлекетке денсаулық сақтау жүйесінің профилактикадан бастап уақтылы диагностикаға, жоғары технологиялық емдеуге және трансплантаттауға дейін адам өмірін сақтап қалудың барлық мүмкіндіктерін пайдалануға жауапкершілік жүктейді», – деді өз сөзінде Премьер-Министрдің орынбасары.


Денсаулық сақтау министрлігінде мұндай әлеуметтік жобалардың донорлық мәдениетін қалыптастыруда және халықтың ақпараттану деңгейін арттыруда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.

«Трансплантологияны дамыту тек инфрақұрылымды жетілдірумен және медициналық технологияларды енгізумен ғана шектелмейді. Бұл бағытта қоғамның сенімі, азаматтардың ақпараттануы, азаматтық жауапкершілігі және қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтың бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретінін түсінуі де аса маңызды. Осындай фильмдер күрделі тақырыптарды ашық талқылауға жол ашып, қоғамның донорлық мәселесіне деген жауапты көзқарасын қалыптастырады әрі адам өмірінің жоғары құндылығын еске салады», – деді Ақмарал Әлназарова.


Соңғы екі жылдың ішінде Қазақстанда трансплантология қызметін дамытуда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Бүгінде ағзаны трансплантаттау отандық денсаулық сақтаудың ең жоғары технологиялық бағыттарының біріне айналды.

📌 Егер 2023 жылы Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі 49 әлеуетті донор анықталса, 2024 жылы олардың саны 86-ға, ал 2025 жылы 186-ға жетіп, алдыңғы жылдармен салыстырғанда үш еседен астам өсті. 2024 жылы 6 донорлық үдеріс жүзеге асырылса, 2025 жылы олардың саны 18-ге жетіп, нәтижесінде өмірлік маңызды ағзаларға 68 трансплантаттау жүргізілді. Бұл азаматтардың трансплантаттау жүйесіне деген сенімінің артып келе жатқанын көрсетеді.

🫶 Соңғы бес жылдың ішінде елімізде шамамен 1 500 ағзаны трансплантаттау орындалды. Оның әрбір төртінші операциясы 2025 жылға тиесілі. Тек өткен жылдың өзінде бүйрек, бауыр, жүрек және өкпені трансплантаттау бойынша 310 операция жасалды.

👼 Балалар трансплантологиясының дамуы да маңызды жетістікке айналды. 2026 жылы елімізде алғаш рет балаға жүректі трансплантаттау сәтті жүргізілді, бұл жоғары технологиялық медициналық көмектің дамуындағы жаңа кезең болды.

⬇️⬇️⬇️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанда 150 ағзаны трансплантаттау орындалды. Оның ішінде 108 бүйрек, 31 бауыр, 5 жүрек, 2 өкпе және 4 мөлдір қабықты трансплантаттау жүргізілді. Тірі донорлардан 121 трансплантаттау, ал қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан 29 трансплантаттау, оның ішінде бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе және мөлдір қабықты трансплантаттау жүзеге асырылды.


Биылғы жылдың алты айында 108 әлеуетті қайтыс болғаннан кейінгі донор анықталды. Оның ішінде жеті жағдайда бірнеше ағзаны бір мезгілде алу (мультиағзалық алу) жүргізіліп, кейін трансплантаттау жүргізуге мүмкіндік берілді.

Бүгінгі таңда электрондық үкімет порталы арқылы 172 283 азамат қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қатысты өз ұстанымын білдірді. Оның ішінде 16 109 адам келісім берсе, 156 174 азамат бас тартқан.

2026 жылғы 21 мамырдағы жағдай бойынша ағзаны трансплантаттауды күту парағында 4 739 пациент, оның ішінде 125 бала тіркелген. Оның ішінде 4 208 адамға бүйрек, 293 адамға бауыр, 208 адамға жүрек, 30 адамға өкпе, ал 5 пациентке «жүрек–өкпе» кешенін трансплантаттау қажет.


Қазіргі таңда Қазақстандағы трансплантаттау қызметінің инфрақұрылымы 20 өңірді, 40 донорлық ұйымды және 11 трансплантаттау орталығын қамтиды. Соңғы екі жылдың ішінде шамамен 500 медицина қызметкері арнайы даярлықтан өтті, халықаралық клиникалық практикалар енгізіліп, трансплантаттау көмегін ұйымдастыру моделі жетілдірілуде.

Ағза донорлығы мәдениетін қалыптастыру – мемлекет, медицина қауымдастығы, азаматтық қоғам институттары және бұқаралық ақпарат құралдарының ортақ міндеті.

🙏 Халықтың ақпараттану деңгейін арттыру және қоғамда ашық диалог жүргізу көптеген азаматтардың саналы шешім қабылдауына ықпал етеді. Ал мұндай шешім болашақта бүгін өмір сыйлайтын трансплантаттауды күтіп отырған жандарға үміт сыйлауы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В АСТАНЕ СОСТОЯЛАСЬ ПРЕМЬЕРА ДОКУМЕНТАЛЬНОГО ФИЛЬМА «4739» О ДОНОРСТВЕ ОРГАНОВ

🎬 В Астане состоялся премьерный показ короткометражного документального фильма «4739», посвященного теме посмертного донорства органов и развитию трансплантологии в Казахстане.

⚡️ В мероприятии приняли участие заместитель Премьер-Министра – министр культуры и информации Республики Казахстан Аида Балаева, Министр здравоохранения РК Акмарал Альназарова, известные врачи, ученые, общественные деятели, представители медицинского сообщества, рецепиенты и их семьи.

Название фильма символично – 4739. Именно столько человек сегодня находятся в листе ожидания трансплантации органов. Для большинства из них пересадка остается единственным шансом сохранить жизнь.


Фильм поднимает вопросы, которые затрагивают не только сферу здравоохранения, но и общечеловеческие ценности – милосердие, ответственность, взаимопомощь и готовность подарить другому человеку шанс на жизнь. Картина рассказывает реальные истории пациентов, врачей и семей, столкнувшихся с необходимостью принятия сложных решений, побуждая зрителей к осмыслению значения донорства органов.

«В новой Конституции право на жизнь закреплено как неотъемлемое и неотчуждаемое право каждого человека, а гражданам гарантировано право на охрану здоровья. Эти положения определяют ответственность государства: система здравоохранения должна использовать все доступные возможности для сохранения жизни – от профилактики и своевременной диагностики до высокотехнологичного лечения и трансплантации», – отметила в своем выступлении заместитель Премьер-министра.


В Министерстве здравоохранения отметили, что подобные социальные проекты играют важную роль в формировании культуры донорства и повышении осведомленности населения.

«Развитие трансплантологии невозможно только за счет совершенствования инфраструктуры и медицинских технологий. Не менее важны доверие, зрелость общества, информированность граждан и понимание того, что посмертное донорство способно спасти сразу несколько человеческих жизней. Такие фильмы помогают открыто говорить на сложные темы, формируют ответственное отношение общества к вопросам донорства и напоминают о высокой ценности человеческой жизни», – подчеркнула Акмарал Альназарова.


За последние два года в Казахстане достигнуты значительные результаты в развитии службы трансплантологии. Сегодня трансплантация органов является одним из наиболее высокотехнологичных направлений отечественного здравоохранения.

📌 Если в 2023 году в Казахстане было выявлено 49 потенциальных посмертных донора, то в 2024 году - уже 86, а в 2025 году – 186, что более чем в три раза превышает показатели предыдущих лет. В 2024 году удалось реализовать 6 донорских процессов, в 2025 году - уже 18, благодаря которым проведены 68 трансплантаций жизненно важных органов. Это означает, что всё больше людей начинают доверять системе.

🫶 За последние пять лет в стране выполнено около 1 500 трансплантаций органов, при этом каждая четвертая операция пришлась на 2025 год. Только в прошлом году проведено 310 трансплантаций почек, печени, сердца и легких.

👼 Важным достижением стало развитие детской трансплантологии. В 2026 году впервые успешно выполнена трансплантация сердца ребенку, что стало новым этапом развития высокотехнологичной медицинской помощи.

⬇️⬇️⬇️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
По итогам первого полугодия 2026 года в Казахстане выполнено 150 трансплантаций органов, в том числе – 108 пересадок почек, 31 печени, 5 сердца, 2 легких и 4 трансплантации роговицы. От живых доноров проведена 121 трансплантация, от посмертных доноров – 29, включая пересадки почек, печени, сердца, легких и роговицы.

За шесть месяцев текущего года выявлено 108 потенциальных посмертных доноров, при этом в семи случаях выполнен мультиорганный забор для последующей трансплантации.

На сегодняшний день через портал электронного правительства свою позицию относительно посмертного донорства выразили 172 283 гражданина. Из них согласие дали 16 109 человек, отказ зарегистрировали 156 174 граждан.

По состоянию на 21 мая 2026 года, в листе ожидания трансплантации находятся 4 739 пациентов, в том числе 125 детей. Из них трансплантация почки необходима 4 208 пациентам, печени – 293, сердца – 208, легких –30, комплекса «сердце–легкие» – 5.


Сегодня инфраструктура службы трансплантации в Казахстане включает 20 регионов, 40 донорских организаций и 11 трансплантационных центров. За последние два года подготовку прошли около 500 медицинских специалистов, продолжается внедрение международных клинических практик, совершенствуется организационная модель оказания трансплантационной помощи.

Формирование культуры донорства органов является общей задачей государства, медицинского сообщества, институтов гражданского общества и средств массовой информации.

🙏 Повышение информированности населения и открытый общественный диалог позволят большему числу граждан принять осознанное решение, которое в будущем может подарить шанс на жизнь тем, кто сегодня продолжает ждать спасительную трансплантацию.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАСЫ АЛҒАШ РЕТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

🏛️ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі алғаш рет денсаулық сақтау ресурстарын басқарудың бірыңғай цифрлық платформасын енгізді.

💻 Бұл – медициналық ұйымдар, медицина қызметкерлері, медициналық техника, инфрақұрылым және саланың өзге де ресурстары туралы мәліметтерді бір цифрлық кеңістікте біріктіретін Зияткерлік денсаулық сақтау платформасы (Health Intelligence Platform).

🇰🇿 Платформаны құру Мемлекет басшысының денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау жөніндегі тапсырмаларын іске асырудағы маңызды қадам болды.

📊 ЗДП іске қосылғанға дейін сала ресурстары туралы ақпарат түрлі ақпараттық жүйелерде сақталды. Бұл деректердің қайталануына, жағдайды талдаудың күрделенуіне және басқарушылық шешімдерді қабылдау үдерісінің баяулауына алып келді. Енді барлық негізгі мәліметтер бірыңғай жүйеде шоғырландырылып, ел бойынша жағдайды нақты уақыт режиміне барынша жақын форматта объективті бағалауға мүмкіндік береді.

ЖАҢА ПЛАТФОРМА НЕ БЕРЕДІ?

📈 Жаңа платформа Денсаулық сақтау министрлігі мен өңірлерге денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйі туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді: қанша медициналық ұйым жұмыс істейді, олардың дәрігерлермен, орта медицина қызметкерлерімен, медициналық техникамен және инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейі қандай.

🪪 Іс жүзінде әрбір медициналық ұйымның лицензиялары, кадрлық құрамы, жабдықтары, ғимараттары, бөлімшелері, төсек-орын қоры және басқа да қажетті мәліметтері қамтылған бірыңғай «цифрлық паспорты» қалыптастырылады.

Медициналық техниканы басқаруға ерекше назар аударылған. Жүйе жабдықтың сатып алынған сәтінен бастап техникалық қызмет көрсету, жөндеу және тозу деңгейіне дейінгі бүкіл өмірлік циклін қадағалайды. Бұл жабдықтарды уақтылы жаңартуға және мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

🗂️ Бүгінде жүйеде денсаулық сақтау саласының негізгі цифрлық тізілімдері мен сервистері іске асырылған:

* Медициналық ұйымдар тізілімі – медициналық ұйымның цифрлық паспорты, лицензиялары, ғимараттары, құрылымдық бөлімшелері, кабинеттері, палаталары, төсегі және көлігі;

* Кадрлық ресурстар тізілімі – штаттық кесте, қызметкерлер, еңбек қатынастары, мамандардың сертификаттары, білімі, кәсіптік тіркелімі, студенттер, резиденттер және магистранттар туралы мәліметтер;

* Медициналық техника тізілімі – жабдықтың толық өмірлік циклі: есепке алу, техникалық қызмет көрсету, жөндеу, қалдық құны, тозу деңгейі және есепке алу жүйелерімен интеграция.

АРТЫҚ БЮРОКРАТИЯСЫЗ САПАНЫ БАҚЫЛАУ

🛡️ Ең маңызды жаңашылдықтардың бірі – медициналық көмектің сапасына цифрлық постлицензиялық бақылаудың енгізілуі.

Енді Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мамандары көптеген көшпелі тексерулер жүргізбей-ақ медициналық ұйымдардың қызметін қашықтан бағалай алады.

📌 Жүйе автоматты түрде мынадай негізгі көрсеткіштерді талдайды:

* лицензиялық талаптарға сәйкестігі;
* мамандардың қолданыстағы сертификаттарының болуы;
* кадрлармен және медициналық техникамен қамтамасыз етілуі.

Мұндай тәсіл қауіптерді уақтылы анықтауға, бұзушылықтардың алдын алуға және медициналық ұйымдарға анықталған кемшіліктерді жедел жоюға мүмкіндік береді.

📩 Барлық ұсынымдар автоматты түрде цифрлық жүйеге жіберіліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болады.

ЗДП ЕНГІЗУДІҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ

🏥 Жүйені цифрлық постлицензиялық бақылау шеңберінде пилоттық іске асыру барысында лицензиялық талаптарға сәйкес келмейтін 38 медициналық ұйым анықталды.

Сонымен қатар автоматты мониторингтің арқасында жарамдылық мерзімі өткен сертификаттары бар медицина қызметкерлерінің саны шамамен үштен бірге қысқарып, 3 637-ден 2 448 маманға дейін азайды.

Бұл пациенттерге белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін мамандардың медициналық көмек көрсетуіне ықпал етеді.

Платформаның басты артықшылықтарының бірі – мемлекеттік ақпараттық жүйелермен терең интеграциялануы.

⬇️⬇️⬇️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌐 Жаңа ЗДП мемлекеттік деректер қорларынан, электрондық лицензиялау жүйесінен, білім беру тізілімдерінен, еңбек шарттарының бірыңғай жүйесінен, жылжымайтын мүлік базаларынан, медициналық ақпараттық жүйелерден және басқа да цифрлық сервистерден қажетті мәліметтерді автоматты түрде алады.

Осының нәтижесінде ақпаратты қолмен енгізу көлемі едәуір қысқарып, деректердің қайталануы жойылады және олардың нақтылығы артады.

ЗДП САЛАНЫ БАСҚАРУДЫҢ ТАЛДАУЛЫҚ НЕГІЗІНЕ АЙНАЛАДЫ

🗺️ Платформа сондай-ақ денсаулық сақтау нысандарының цифрлық картасын, талдамалық панельдерді, жоғары технологиялық медициналық көмекті басқару құралдарын, пациенттерді қолдау сервистерін және медициналық көмектің сапасына тәуелсіз сараптама жүргізу тетіктерін қамтиды.

📈 Нәтижесінде Денсаулық сақтау министрлігі әрбір өңірдегі жағдайды жедел талдауға, медицина кадрларына деген қажеттілікті болжауға, медициналық техниканы сатып алуды жоспарлауға және объективті деректер негізінде басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік алады.

🚀 Денсаулық сақтау ресурстарын басқарудың орталықтандырылған цифрлық платформасын енгізу бүкіл сала үшін бірыңғай ақпараттық кеңістік қалыптастырады. Жүйені енгізу басқарудың ашықтығын арттыруға, мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігін көтеруге, заманауи талдауды дамытуға және сенімді деректерге негізделген басқарушылық шешімдер қабылдауға берік негіз қалыптастыруға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
В КАЗАХСТАНЕ ВПЕРВЫЕ ЗАПУЩЕНА ЕДИНАЯ ЦИФРОВАЯ ПЛАТФОРМА УПРАВЛЕНИЯ РЕСУРСАМИ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ

🏛️ Министерство здравоохранения Республики Казахстан впервые внедрило единую цифровую платформу управления ресурсами здравоохранения.

💻 Это Интеллектуальная платформа здравоохранения (Health Intelligence Platform), которая объединяет в одном цифровом пространстве сведения о медицинских организациях, медицинских работниках, оборудовании, инфраструктуре и других ресурсах отрасли.

🇰🇿 Создание платформы стало важным шагом в реализации поручений Главы государства по цифровой трансформации системы здравоохранения.

📊 До запуска ИПЗ информация о ресурсах отрасли находилась в разных информационных системах. Это приводило к дублированию данных, усложняло анализ ситуации и замедляло принятие управленческих решений. Теперь все ключевые сведения консолидированы в единой системе, что позволяет видеть объективную картину по всей стране практически в режиме реального времени.

ЧТО ДАЕТ НОВАЯ ПЛАТФОРМА?

📈 Новая платформа позволяет Министерству здравоохранения и регионам получать полную информацию о состоянии системы здравоохранения: сколько медицинских организаций работает, насколько они обеспечены врачами, средним медперсоналом, медицинской техникой и инфраструктурой.

🪪 Фактически создается единый «цифровой паспорт» каждого медицинского учреждения, где отражены лицензии, кадровый состав, оборудование, здания, отделения, койки и другие необходимые сведения.

Особое внимание уделено управлению медицинской техникой. Система отслеживает весь жизненный цикл оборудования – от момента закупки до технического обслуживания, ремонта и степени износа. Это позволяет своевременно обновлять оборудование и эффективнее использовать государственные средства.

🗂️ Таким образом, сегодня в системе реализованы основные цифровые реестры и сервисы здравоохранения:

• Реестр медицинских организаций — паспорт медицинской организации, лицензии, здания, структурные подразделения, кабинеты, палаты, койки и транспорт;
• Реестр кадровых ресурсов — штатное расписание, сотрудники, трудовые отношения, сертификаты специалистов, образование, профессиональный регистр, сведения о студентах, резидентах и магистрантах;
• Реестр медицинской техники — полный жизненный цикл оборудования: учёт, техническое обслуживание, ремонты, остаточная стоимость, износ и интеграция с учётными системами.

КОНТРОЛЬ КАЧЕСТВА – БЕЗ ЛИШНЕЙ БЮРОКРАТИИ

🛡️ Одним из самых важных нововведений стал цифровой постлицензионный контроль качества медицинской помощи.

Теперь специалисты Комитета медицинского и фармацевтического контроля могут дистанционно оценивать деятельность медицинских организаций без проведения большого количества выездных проверок.

📌 Система автоматически анализирует ключевые индикаторы, включая:

* соответствие лицензионным требованиям;
* наличие действующих сертификатов специалистов;
* обеспеченность кадрами и медицинской техникой.

Такой подход позволяет своевременно выявлять риски, предотвращать нарушения и оперативно помогать медицинским организациям устранять выявленные недостатки.

📩 Все рекомендации автоматически направляются в цифровую систему, а исполнение находится на постоянном контроле.

ПЕРВЫЕ РЕЗУЛЬТАТЫ ВНЕДРЕНИЯ ИПЗ

🏥 За время пилотирования системы в рамках цифрового постлицензионного контроля выявлено 38 медицинских организаций, у которых отсутствуют лицензии на осуществление медицинской деятельности,

Кроме того, благодаря автоматическому мониторингу удалось сократить количество медицинских работников с просроченными сертификатами почти на треть – с 3 637 до 2 448 специалистов.

Это означает, что пациенты получают медицинскую помощь у специалистов, соответствующих установленным квалификационным требованиям.

Одним из главных преимуществ платформы стала глубокая интеграция с государственными информационными системами.

⬇️⬇️⬇️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4👏1
🌐Новая Интеллектуальная платформа автоматически получает необходимые сведения из государственных баз данных, системы электронного лицензирования, реестров образования, трудовых договоров, недвижимости, медицинских информационных систем и других цифровых сервисов.

Благодаря этому значительно сокращается ручной ввод информации, исключается дублирование данных и повышается их достоверность.

ИПЗ СТАНЕТ БАЗОЙ АНАЛИТИКИ ДЛЯ УПРАВЛЕНИЯ ОТРАСЛЬЮ

🗺️ Платформа также включает цифровую карту объектов здравоохранения, аналитические панели, инструменты управления высокотехнологичной медицинской помощью, сервисы поддержки пациентов и независимой экспертизы качества медицинской помощи.

📈 В результате Министерство здравоохранения получает возможность оперативно анализировать ситуацию в каждом регионе, прогнозировать потребность в медицинских кадрах, планировать закупку оборудования и принимать управленческие решения на основе объективных данных.

🚀 Внедрение центральной цифровой платформы управления ресурсами здравоохранения создает единое информационное пространство для всей отрасли. Внедрение системы позволяет повысить прозрачность управления, эффективность использования государственных средств, способствует развитию современной аналитики и формирует основу для управленческих решений, основанных на достоверных данных.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАН МЕН ПӘКІСТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРУДЕ

🤝Қазақстан мен Пәкістан медициналық білім беру саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруде. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Астана медицина университеті мен Пәкістанның Білім беруді мақсатты қаржыландыру қоры (PAK-EEF) өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат болашақ дәрігерлер мен мейіргерлерді халықаралық стандарттарға сай даярлауға, бірлескен ғылыми жобаларды дамытуға және академиялық алмасуды кеңейтуге мүмкіндік береді.

⚡️ Ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Пәкістан Ислам Республикасы Федералдық білім беру және кәсіптік даярлау жөніндегі мемлекеттік министрі Ваджиха Камармен кездесу барысында мәлімдеді.

«Біз халықаралық ынтымақтастықты жаңа буын мамандарын даярлаудың маңызды тетіктерінің бірі ретінде қарастырамыз. Бүгінде қазақстандық медицина университеттері әлемдік білім беру кеңістігіне белсенді кірігіп, ғылыми ынтымақтастықты дамытып, жетекші шетелдік жоғары оқу орындарымен бірлескен жобаларды жүзеге асыруда», – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.


🇰🇿🇵🇰Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынасты дамытудағы маңызды кезеңдердің бірі ретінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанның Білім беруді мақсатты қаржыландыру қорына гуманитарлық грант бөлу туралы шешімі аталды. Бұл бастама екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің нығаюының айқын көрінісі болып, білім беру, ғылым және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашты.

Қазіргі таңда Астана медицина университеті Пәкістанның жетекші медициналық университеттерімен және клиникаларымен ынтымақтастық орнатқан. PAK-EEF қорымен меморандумға қол қою осы әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Құжат дәрігерлер мен мейіргерлерді даярлау бағдарламаларын дамытуға, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейтуге, сарапшылардың арасында тәжірибе алмасуға, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге және мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталған.

«Астана медицина университетінің заманауи білім беру және клиникалық базасы, білікті профессор-оқытушылар құрамы және халықаралық жобаларды іске асырудағы мол тәжірибесі бар. Бұл мамандарды әлемдік үздік стандарттарға сәйкес даярлауға мүмкіндік береді», – деп түйіндеді Ақмарал Әлназарова.


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
КАЗАХСТАН И ПАКИСТАН ВЫХОДЯТ НА НОВЫЙ УРОВЕНЬ СОТРУДНИЧЕСТВА В СФЕРЕ МЕДИЦИНСКОГО ОБРАЗОВАНИЯ

🤝 Казахстан и Пакистан выводят сотрудничество в сфере медицинского образования на новый уровень. При поддержке Министерства здравоохранения Медицинский университет Астана и Пакистанский фонд целевого финансирования образования (PAK-EEF) подписали меморандум о взаимопонимании, который позволит готовить будущих врачей и медицинских сестер по международным стандартам, развивать совместные научные проекты и академический обмен.

⚡️ О новых перспективах сотрудничества министр здравоохранения Республики Казахстан Акмарал Альназарова заявила на встрече с Государственным министром федерального образования и профессионального обучения Исламской Республики Пакистан Ваджихой Камар.

«Мы рассматриваем международное сотрудничество как один из важнейших инструментов подготовки специалистов нового поколения. Сегодня казахстанские медицинские университеты активно интегрируются в мировое образовательное пространство, развивают научное сотрудничество и реализуют совместные проекты с ведущими зарубежными вузами», – подчеркнула Акмарал Альназарова.


🇰🇿🇵🇰 В ходе встречи было отмечено, что важным этапом развития двусторонних отношений стало решение Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева о предоставлении гуманитарного гранта Пакистанскому фонду целевого финансирования образования. Эта инициатива стала символом укрепления стратегического партнерства между двумя странами и открыла новые возможности для сотрудничества в сфере образования, науки и здравоохранения.

Сегодня Медицинский университет Астана уже взаимодействует с ведущими медицинскими университетами и клиниками Пакистана. Подписание меморандума с PAK-EEF позволит вывести это сотрудничество на новый уровень.

Документ предусматривает развитие программ подготовки врачей и медицинских сестер, академической мобильности студентов и преподавателей, обмен опытом между экспертами, проведение совместных научных исследований и повышение квалификации специалистов.

«Медицинский университет Астана обладает современной образовательной и клинической базой, сильным профессорско-преподавательским составом и большим опытом в реализации международных проектов. Это позволит готовить специалистов в соответствии с лучшими мировыми стандартами», - резюмировала Акмарал Альназарова.


Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM