ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10.1K subscribers
17.3K photos
1.34K videos
28 files
3.79K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
⚜️ Биылғы жылдың маусым айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қарағанды медицина университетіне оның алғашқы ректоры, көрнекті дәрігер, ғалым әрі денсаулық сақтау ісінің ұйымдастырушысы Петр Моисеевич Поспеловтың есімін беру туралы бастаманы қолдады.

Соңғы 20 жылдан астам уақыт бойы бұл ұсыныс медициналық және ғылыми қауымдастықтың назарында болып келді. Енді, міне, ол өз жүзеге асуын тапты.

Денсаулық сақтау саласының 90 жастағы ардагері Виктор Александрович Зубов университет түлектері, денсаулық сақтау саласының ардагерлері, белгілі ғалымдар мен профессор-оқытушылар құрамының атынан Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға осындай маңызды шешімнің қабылдануына қолдау көрсетіп, ықпал еткені үшін жеке алғысын білдірді.

Петр Моисеевич Қарағанды облысының денсаулық сақтау жүйесінің қалыптасуының бастауында тұрды, халыққа медициналық көмекті ұйымдастыруға өлшеусіз үлес қосты. Ал 1950 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының алғашқы ректоры болып тағайындалды.


Оның кәсіби біліктілігінің, қажырлы еңбегі мен өз ісіне адалдығының арқасында медициналық білім мен ғылымның берік іргетасы қаланып, мыңдаған дәрігер даярланды, ғылыми мектептер құрылды, бүгінгі күні де республика денсаулық сақтау саласын дамытуға үлес қосып жүрген бірнеше буын мамандар тәрбиеленді.


Университетке Петр Поспеловтың есімін беру – Мемлекет басшысының әділетті шешімі әрі бүкіл ғұмырын медицина ғылымы мен білімін дамытуға арнаған көрнекті тұлғаға көрсетілген зор құрмет.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ В июне текущего года Президент нашей страны Касым-Жомарт Кемелевич Токаев поддержал инициативу о присвоении Карагандинскому медицинскому университету имени его Первого ректора, выдающегося врача, ученого и организатора здравоохранения Петра Моисеевича Поспелова.

Более 20 последних лет это предложение находилось в центре внимания медицинской и научной общественности и вот теперь оно реализовано.

90-летний ветеран здравоохранения Виктор Александрович Зубов от лица всех выпускников университета, ветеранов здравоохранения, известных ученых, преподавательского состава лично поблагодарил министра здравоохранения Акмарал Альназарову за поддержку и помощь в принятии такого важного решения.

Петр Моисеевич стоял у истоков развития системы здравоохранения Карагандинской области, внес огромный вклад в организацию медицинской помощи населению, а в 1950 году стал первым ректором Карагандинского государственного медицинского института.


Благодаря его профессионализму, энергии и преданности делу был заложен прочный фундамент медицинского образования и науки, подготовлены тысячи врачей, созданы научные школы, воспитаны поколения специалистов, которые продолжают развивать здравоохранение республики.


Присвоение университету имени Петра Поспелова - это справедливое решение Главы государства, дань уважения выдающемуся человеку, посвятившему свою жизнь развитию медицинской науки и образования.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
👍5
ДӘРІГЕРЛЕР ГАЗ БАЛЛОНЫНЫҢ ЖАРЫЛУЫНАН ДЕНЕСІНІҢ 90%-ҒА ЖУЫҒЫН КҮЙІК ШАЛҒАН ЕР АЗАМАТТЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

🏥 Алматы қаласының №4 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігерлері газ баллонының жарылуы салдарынан ауыр күйік алған 26 жастағы ер адамның өмірін сақтап қалды. Бір айға созылған емнен кейін ер адам үйіне шығарылды.

Ер адамның өз үйінің ауласындағы шаруашылық қорасында тұрған газ баллоны жарылып кеткен. Зардап шегуші жалыннан ауыр күйік алып, №4 қалалық клиникалық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді.

Дәрігерлер пациенттен барожарақатты, дене бетінің 89%-ын қамтыған термиялық күйікті, оның ішінде 15%-ының терең күйік екенін, сондай-ақ сол қолының жұмсақ тіндері ауқымды зақымданған ауыр жарақатын анықтады. Ауруханаға түскен алғашқы минуттардан бастап оған қарқынды шокқа қарсы ем жүргізілді.

Пациент ауруханаға жатқызылған күні-ақ зақымданған қолына шұғыл қалпына келтіру операциясы жасалды. Кейінгі апталарда ем күйік бөлімшесінде жалғасты. Пациент бірнеше кезеңнен тұратын хирургиялық ем қабылдады, оның ішінде теріні трансплантаттау (аутодермопластика) мен зақымданған аяқ-қолға реконструктивтік операциялар жасалды. Осы уақыт бойы дәрігерлер өмірлік маңызды ағзалардың қызметін, аспаптық және зертханалық көрсеткіштерді күн сайын бақылап, науқастың жағдайына сәйкес емдеу тактикасын түзетіп отырды.

«Пациент бізге өте ауыр жағдайда түсті. Төрт тәулік бойы реанимацияда болды. Жағдайы тұрақтанғаннан кейін күйік бөлімшесіне ауыстырылды. Мұндай ауқымды күйіктер дәрігерлер үшін әрдайым ең күрделі сынақтардың бірі. Клиниканың мультидисциплинарлық командасының үйлесімді жұмысының арқасында біз пациенттің өмірін сақтап қала алдық», – деді №4 қалалық клиникалық ауруханасының күйік бөлімшесінің меңгерушісі Елдос Әлменов.


Пациенттің өзі Александр Артуков емдеу барысында көрсетілген көмек пен қолдау үшін дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.

«Күйік және реанимация бөлімшесінің медицина қызметкерлерінің, кардиологтардың, терапевтердің, травматологтардың арқасында ем өте жақсы өтті. Барлық емшара жоғары кәсіби деңгейде әрі барынша ауыртпалықсыз ұйымдастырылды. Маған тек физикалық емес, моральдық қолдау да көрсетілді, өйткені мұндай жарақаттарды еңсеру өте қиын. Санитарлардан бастап мейіргерлерге, дәрігерлер мен анестезиологтарға дейінгі барлық медицина қызметкерлеріне шын жүректен алғысымды білдіремін. №4 қалалық клиникалық ауруханасының ұжымына кәсіби біліктілігі үшін ерекше ризамын», – деді пациент.


Ауруханаға жатқызылғаннан кейін бір ай өткен соң ер адам стационардан шығарылды. Емдеу барысында ол қайтадан өздігінен жүріп-тұрып, өзін-өзі күте алатын жағдайға жетті. Алда оны ұзақ оңалту кезеңі күтіп тұр. Дегенмен дәрігерлер ең басты міндетті – пациенттің өмірін сақтап қалуды – сәтті орындады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
👍1
ВРАЧИ СПАСЛИ МУЖЧИНУ С ОЖОГАМИ ПОЧТИ 90% ТЕЛА ПОСЛЕ ВЗРЫВА ГАЗОВОГО БАЛЛОНА

🏥 В Алматы врачи Городской клинической больницы №4 спасли 26-летнего мужчину, получившего критические ожоги при взрыве газового баллона. Спустя месяц лечения его выписали домой.

Во дворе собственного дома мужчины взорвался газовый баллон, находившийся в сарае. Пострадавший получил тяжелые ожоги пламенем и был доставлен в приемное отделение ГКБ №4.

Врачи диагностировали у пациента баротравму, термические ожоги 89% поверхности тела, из которых 15% были глубокими, а также тяжелую травму левой руки с обширным повреждением мягких тканей. В первые минуты после поступления медики начали интенсивную противошоковую терапию.

В день госпитализации мужчине экстренно выполнили операцию по восстановлению поврежденной руки. В последующие недели лечение продолжилось в ожоговом отделении. Пациент перенес несколько этапов хирургического лечения, включая пересадку кожи (аутодермопластику) и реконструктивные операции на поврежденной конечности. Все это время врачи ежедневно контролировали работу жизненно важных органов, инструментально-лабораторные показатели и корректировали лечение с учетом состояния пациента.

«Пациент поступил к нам в крайне тяжелом состоянии. Четверо суток он находился в реанимации, после стабилизации состояния был переведен к нам в ожоговое отделение. Ожоги такой площади – это всегда одно из самых серьезных испытаний для врачей. Благодаря слаженной работе всей мультидисциплинарной команды клиники нам удалось спасти жизнь пациента», – рассказал заведующий ожоговым отделением ГКБ №4 Елдос Альменов.


Сам пациент, Александр Артуков, поблагодарил врачей и медперсонал за помощь и поддержку во время лечения.

«Благодаря медперсоналу ожогового отделения и реанимации, врачам кардиологам, терапевтам, травматологам лечение проходило очень хорошо. Все процедуры были организованы профессионально и практически безболезненно. Мне оказывали не только физическую, но и эмоциональную поддержку, потому что справиться с такими травмами очень сложно. Хочу сказать огромное спасибо всему медперсоналу – санитаркам, медсестрам, врачам, анестезиологам. Очень благодарен сотрудникам ГКБ №4 за профессионализм», – сказал пациент.


Через месяц после госпитализации мужчину выписали из стационара. За время лечения он смог вновь самостоятельно передвигаться и обслуживать себя. Впереди его ждет длительная реабилитация, однако главную задачу врачам уже удалось выполнить – сохранить пациенту жизнь.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
👏2
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ «ЖАСЫЛ ДӘЛІЗ» БОЙЫНША ПАЦИЕНТТІҢ МАРШРУТЫН ЦИФРЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ

🏥 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық көмекті ұйымдастырудың жаңартылған стандартын енгізуде. Ол «жасыл дәліз» қағидаты бойынша пациенттің маршрутын цифрлық бақылауды көздейді.

Жаңа тәсілдер диагностикадан өту, тексерілу және емдеуді бастау мерзімдерінің сақталуын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Бұл онкологиялық ауруға күдігі бар пациенттерге медициналық көмектің уақтылы көрсетілуін қамтамасыз етеді.

✍️ Өзгерістердің негізгі мақсаты – пациенттердің медициналық көмек алу тәртібін өзгерту емес, онкологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, медициналық көмектің барлық кезеңінде сапаны бақылауды күшейту, маршруттау мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету және диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін күнделікті клиникалық тәжірибеге енгізу.

🖇️ Негізгі жаңашылдықтардың бірі – пациенттің «жасыл дәліз» бойынша алғашқы онкологиялық күдіктен бастап диагноз қоюға, қажетті зерттеулерден өтуге, емдеу тактикасын айқындауға және мамандандырылған терапияны бастауға дейінгі барлық кезеңін цифрлық мониторинг арқылы бақылау болады. Бұл медициналық ұйымдарға ықтимал кідірістерді дер кезінде анықтауға, жедел басқарушылық шешімдер қабылдауға және медициналық көмекті көрсету мерзімдерінің бұзылу қаупін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

🧑🏻‍⚕️ Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты (ҚазОРҒЗИ) Басқармасының төрағасы, Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас онкологы Ербол Бекмұхамбетовтің айтуынша, жаңартылған стандартты енгізу онкологиялық көмектің сапасын арттырудағы маңызды қадам болмақ.

«Пациент маршрутын цифрландыру медициналық көмектің әр кезеңінің ашықтығын қамтамасыз етуге, тексеру мен емдеу мерзімдерінің бұзылу жағдайларын уақтылы анықтауға, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде пациенттер қажетті медициналық көмекті жеделірек алады, ал денсаулық сақтау жүйесі онкологиялық қызметтің сапасын тиімдірек басқара алады», – деді Ербол Бекмұхамбетов.


Диагностика, емдеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сәулелік терапия, хирургиялық көмек, оңалту және диспансерлік бақылаудың барлық түрлері бұрынғыдай мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек шеңберінде тегін көрсетіледі.

⬇️⬇️⬇️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жаңартылған стандарт диагностика мен емдеудің негізгі кезеңдерінен өтудің бірыңғай мерзімдерін белгілейді:

7 жұмыс күніне дейін – тіркелген жері бойынша емханада алғашқы зертханалық зерттеулерді, ультрадыбыстық және рентгенологиялық диагностиканы жүргізу;

10 жұмыс күніне дейін – диагнозды растау немесе жоққа шығару үшін компьютерлік және магниттік-резонанстық томографияны, эндоскопиялық зерттеулер мен биопсияны жүргізу;

20 жұмыс күніне дейін – аурудың сатысын анықтау және оңтайлы емдеу тактикасын таңдау үшін қажетті ПЭТ/КТ, иммуногистохимиялық және молекулалық-генетикалық зерттеулерді қоса алғанда, мамандандырылған зерттеулерді жүргізу;

диагноз расталғаннан кейін 30 жұмыс күніне дейін – мультидисциплинарлық консилиум өткізу, жекелендірілген емдеу тактикасын айқындау және түпкілікті емдеу жоспарын бекіту;

қосымша 5 жұмыс күніне дейін – онкология орталығынан 200 шақырымнан астам қашықтықта тұратын пациенттердің жол жүруін ұйымдастыруға және қажетті тексерулерден өтуіне беріледі.

Тағы бір маңызды өзгеріс – 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің жаңа нормалары күшіне енеді. Оған сәйкес жұмыс берушілер қызметкерлерге скринингтік тексерулерден өту үшін жұмыс орны мен орташа жалақысы сақталатын демалыс беруге, сондай-ақ профилактикалық тексерулерден өтуіне жәрдемдесуге міндетті болады. Бұл шаралар халықтың скринингтік бағдарламалармен қамтылуын арттырып, онкологиялық және басқа да әлеуметтік маңызы бар ауруларды ерте анықтауға ықпал етеді деп күтілуде.

Мемлекет жүргізіп отырған саясат бүгінде нақты нәтижелерін көрсетуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтау үлесі 34%-дан асты, сәулелік терапияның қолжетімділігі 65%-ға жетті, пациенттердің бес жылдық өмір сүру көрсеткіші 65%-ға дейін өсті, сонымен қатар соңғы бес жылда қатерлі ісіктерден болатын өлім 14%-ға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 62 жағдайды құрады.


Қазіргі таңда Қазақстанда онкологиялық аурулар бойынша диспансерлік есепте 251 мыңнан астам пациент тұр. Олардың жартысынан көбі – еңбекке қабілетті жастағы азаматтар. Жыл сайын елімізде қатерлі ісіктің 43 мыңнан астам жаңа жағдайы анықталады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
МИНЗДРАВ ВНЕДРЯЕТ ЦИФРОВОЙ КОНТРОЛЬ МАРШРУТА ПАЦИЕНТА ПО “ЗЕЛЕНОМУ КОРИДОРУ”

🏥 Министерство здравоохранения внедряет обновленный Стандарт организации оказания онкологической помощи, который предусматривает цифровой контроль маршрута пациента по принципу «зеленого коридора».

Новые подходы позволят в режиме реального времени отслеживать соблюдение сроков диагностики, обследования и начала лечения, обеспечивая своевременное оказание медицинской помощи пациентам с подозрением на онкологические заболевания.

✍️ Главная цель изменений – не изменить порядок получения медицинской помощи для пациентов, а повысить эффективность работы онкологической службы, усилить контроль качества на всех этапах оказания помощи, обеспечить соблюдение установленных сроков маршрутизации и внедрить современные методы диагностики и лечения в повседневную клиническую практику.

🖇️ Одним из ключевых нововведений станет цифровой мониторинг прохождения пациентом всех этапов «зеленого коридора» – от первичного подозрения на онкологическое заболевание до постановки диагноза, проведения необходимых обследований, определения тактики лечения и начала специализированной терапии. Это позволит медицинским организациям своевременно выявлять возможные задержки, оперативно принимать управленческие решения и минимизировать риски несоблюдения сроков оказания медицинской помощи.

🧑🏻‍⚕️ По словам Председателя Правления Казахского научно-исследовательского института онкологии и радиологии (КазНИОР) главного внештатного онколога Министерства здравоохранения Ербола Бекмухамбетова, внедрение обновленного стандарта станет важным шагом в повышении качества онкологической помощи.

«Цифровизация маршрута пациента позволит обеспечить прозрачность каждого этапа оказания медицинской помощи, своевременно выявлять случаи нарушения сроков обследования и лечения, а также повысить эффективность взаимодействия между организациями здравоохранения. В конечном итоге это позволит пациентам быстрее получать необходимую медицинскую помощь, а системе здравоохранения – эффективнее управлять качеством онкологической службы», – отметил Ербол Бекмухамбетов.


Все виды диагностики, лечения, лекарственного обеспечения, лучевой терапии, хирургической помощи, реабилитации и диспансерного наблюдения по-прежнему предоставляются бесплатно в рамках государственных гарантий.

⬇️⬇️⬇️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Обновленный стандарт устанавливает единые сроки прохождения основных этапов диагностики и лечения:

до 7 рабочих дней – проведение первичных лабораторных исследований, ультразвуковой и рентгенологической диагностики в поликлинике по месту прикрепления;

до 10 рабочих дней – проведение компьютерной и магнитно-резонансной томографии, эндоскопических исследований и биопсии для подтверждения либо исключения диагноза;

до 20 рабочих дней – выполнение специализированных исследований, включая ПЭТ/КТ, иммуногистохимические и молекулярно-генетические исследования, необходимые для определения стадии заболевания и выбора оптимальной тактики лечения;

до 30 рабочих дней после подтверждения диагноза – проведение мультидисциплинарного консилиума, определение персонализированной тактики лечения и утверждение окончательного плана терапии;

до 5 дополнительных рабочих дней предусматривается для пациентов, проживающих более чем в 200 километрах от онкологического центра, на организацию поездки и прохождение необходимых обследований.

Еще одним важным изменением станет вступление в силу с 1 января 2027 года новых норм Трудового кодекса Республики Казахстан. Работодатели будут обязаны предоставлять работникам отпуск для прохождения скрининговых обследований с сохранением места работы и средней заработной платы, а также содействовать прохождению профилактических обследований. Ожидается, что эти меры позволят увеличить охват населения скрининговыми программами и будут способствовать более раннему выявлению онкологических и других социально значимых заболеваний.

Проводимая государством политика уже демонстрирует результаты. По итогам 2025 года доля выявления онкологических заболеваний на ранних стадиях превысила 34%, доступность лучевой терапии достигла 65%, пятилетняя выживаемость пациентов увеличилась до 65%, а смертность от злокачественных новообразований за последние пять лет снизилась на 14% и составляет 62 случая на 100 тысяч населения.


Сегодня в Казахстане на диспансерном учете с онкологическими заболеваниями состоят более 251 тысячи пациентов, свыше половины из которых – люди трудоспособного возраста. Ежегодно выявляется более 43 тысяч новых случаев злокачественных новообразований.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
👍3
ЕКІ АЙҒА СОЗЫЛҒАН ӨМІР ҮШІН КҮРЕС: ТАЙЛАНДТАН ЭВАКУАЦИЯЛАНҒАН НӘРЕСТЕ ҮЙІНЕ ШЫҒАРЫЛДЫ

🏥 Тайландта (Пхукет) шала туған нәресте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында (ПБХҒО) екі ай бойы өмірі үшін күрестен кейін бүгін жағдайы жақсарып, мамандардың бақылауымен оңалтуды жалғастыру үшін үйіне шығарылды.

Кішкентай Әлиев Аслан 1 ай 18 күндік кезінде санитариялық авиация ұшағымен Алматы қаласына ауыр асқынулармен және дене салмағының өте төмен болуына байланысты жеткізілді. Ол бірден ПБХҒО-ның жаңа туған нәрестелердің анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылды. Қазақстандық дәрігерлер екі айдан астам уақыт бойы оның өмірін сақтап қалу үшін күресті.

Қарқынды терапия барысында Орталық мамандары нәрестенің өміріне қауіп төндіретін жасырын ішек перфорациясын дер кезінде анықтады. Дәрігерлер консилиумының қорытындысы бойынша шұғыл хирургиялық араласу жүргізу туралы шешім қабылданды. Балалар хирургтері патологияны сәтті жойып, нәрестенің өмірін сақтап қалған операция жасады.

Операциядан кейінгі кезеңде сәби неонатологтер, анестезиолог-реаниматологтер, балалар хирургтері, мейіргерлік қызмет мамандары және басқа да медицина қызметкерлерінен құралған мультидисциплинарлық топтың тәулік бойы бақылауында болды.

🙏 Кешенді емнің, заманауи технологиялардың және медицина қызметкерлерінің жоғары кәсіби біліктілігінің арқасында баланың жағдайын тұрақтандыру мүмкін болды.

Емдеу барысында Асланның салмағы 1200 грамға артты. Бүгінде оның дене салмағы 2500 грамды құрайды. Нәресте оттегі қолдауынсыз өздігінен тыныс алады, табиғи жолмен қоректенеді, ішек қызметі қалпына келуде. Бұл оған мамандардың бақылауымен емдеу мен оңалтудың келесі кезеңін үй жағдайында жалғастыруға мүмкіндік береді.

«Емдеудің әр кезеңі мұқият клиникалық шешімдер қабылдауды және бүкіл команданың барынша жұмылдырылуын талап етті. Уақтылы ұйымдастырылған медициналық эвакуацияның, жедел диагностиканың, шұғыл хирургиялық араласудың және мамандардың кәсіби біліктілігінің арқасында баланың өмірін сақтап қала алдық. Сондай-ақ сәбидің отбасы қымбат тұратын медициналық көмектің толық көлемін мемлекет есебінен тегін алғанын ерекше атап өткім келеді», – деді Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының басшысы Абай Құсайынов.


🚑 Қазақстан Орталық Азиядағы санитариялық авиация ұлттық шұғыл медициналық көмек жүйесіне толыққанды кіріктірілген жалғыз мемлекет болып қала береді. Ол пациенттерді эвакуациялаумен қатар, мамандандырылған дәрігерлік бригадалардың өңірлерге шығуын, күрделі медициналық араласуларды жергілікті жерде жүргізуді және пациенттердің өңіраралық маршрутталуын қамтамасыз етеді.

⚜️ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі кішкентай пациенттің өмірін сақтап қалған неонатолог дәрігерлерге, анестезиолог-реаниматологтерге, балалар хирургтеріне, мейіргерлерге, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының бүкіл ұжымына және санитариялық авиация мамандарына шынайы алғысын білдіреді. Министрлік Асланға зор денсаулық, тез сауығып, сәтті оңалып кетуін тілейді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
ДВА МЕСЯЦА БОРЬБЫ ЗА ЖИЗНЬ: МАЛЫШ, ЭВАКУИРОВАННЫЙ С ТАЙЛАНДА, ВЫПИСЫВАЕТСЯ ДОМОЙ

🏥 Малыш, родившийся в Тайланде (Пхукет) в глубоко недоношенном состоянии, после двух месяцев борьбы за жизнь в Научном центре педиатрии и детской хирургии (НЦПДХ) Министерства здравоохранения Республики Казахстан, сегодня благополучно выписан домой для дальнейшего восстановления под наблюдением специалистов.

Маленький Алиев Аслан в возрасте 1 месяца 18 дней был эвакуирован в Алматы бортом санитарной авиации с тяжелыми осложнениями, с экстремально низкой массой тела. Он был сразу госпитализирован в отделение анестезиологии, реанимации и интенсивной терапии новорожденных НЦПДХ. Свыше двух месяцев казахстанские врачи боролись за жизнь малыша.

В ходе интенсивной терапии специалисты Центра своевременно выявили жизнеугрожающее осложнение – прикрытую перфорацию кишечника. По итогам консилиума было принято решение о неотложном хирургическом вмешательстве. Детские хирурги успешно устранили патологию и выполнили жизнеспасающую операцию.

Послеоперационный период проходил под круглосуточным наблюдением мультидисциплинарной команды, в которую вошли неонатологи, анестезиологи-реаниматологи, детские хирурги, специалисты сестринской службы и другие медицинские работники.

🙏 Благодаря комплексному лечению, современным технологиям и профессионализму медицинского персонала удалось стабилизировать состояние ребенка.

За время лечения Аслан прибавил в весе 1200 граммов. Сегодня его масса тела составляет 2500 граммов. Ребенок самостоятельно дышит без кислородной поддержки, получает питание естественным путем, функции кишечника восстанавливаются, что позволяет продолжить дальнейший этап лечения и реабилитации в домашних условиях под наблюдением специалистов.

«Каждый этап лечения требовал взвешенных клинических решений и максимальной концентрации всей команды. Благодаря своевременной медицинской эвакуации, оперативной диагностике, экстренному хирургическому вмешательству и профессионализму специалистов нам удалось сохранить ребенку жизнь. Хочу отметить, что весь комплекс дорогостоящей медицинской помощи семья малыша получила бесплатно, за счет государства», – подчеркнул руководитель Научного центра педиатрии и детской хирургии Абай Кусаинов.


Казахстан остается единственной страной в Центральной Азии, где санитарная авиация интегрирована в национальную систему экстренной медицинской помощи и обеспечивает не только эвакуацию пациентов, но и выезд специализированных врачебных бригад, проведение сложных вмешательств на местах и межрегиональную маршрутизацию пациентов.

⚜️ Министерство здравоохранения выражает большую благодарность команде врачей неонатологов, анестезиологов-реаниматологов, детских хирургов, медицинских сестер и всему коллективу Научного центра педиатрии и детской хирургии, специалистам санитарной авиации за спасение жизни маленького пациента и желает Аслану крепкого здоровья и успешной реабилитации.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АЛМАТЫДА МӨЛДІР ҚАБЫҚТЫ ТРАНСПЛАНТАТТАУ БОЙЫНША ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ СӘТТІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

⚡️ Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында офтальмология саласындағы заманауи жоғары технологиялық операциялардың толық спектрі орындалады. Пациенттерге катаракта мен глаукоманы хирургиялық емдеу, көзішілік линзаларды имплантаттау, витреоретиналдық және реконструктивтік хирургия, сондай-ақ донорлық мөлдір қабықты трансплантаттау қолжетімді.

Мөлдір қабықты трансплантаттау – офтальмохирургиядағы ең күрделі бағыттардың бірі. Орталық қалалық клиникалық ауруханада мұндай операциялар донорлық бағдарламаның дамуының, операциялық бөлімшелердің заманауи жабдықталуының және мамандардың жоғары біліктілігінің арқасында сәтті жүргізілуде.

Бұл операциялардың ерекшелігі – аралас хирургиялық ем жүргізу мүмкіндігі. Бір операция барысында офтальмохирургтар көзішілік қысымды төмендетуге бағытталған антиглаукомалық операцияны және мөлдір қабықты трансплантаттауды қатар орындайды. Мұндай тәсіл емдеу мерзімін қысқартып, медициналық көмектің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

2026 жылдың басынан бері Орталық қалалық клиникалық аурухананың мамандары мөлдір қабықты трансплантаттау бойынша 12 операцияны сәтті орындады. Көптеген пациент үшін бұл операциялар көру қабілетін сақтап қалуға, оның сапасын жақсартуға және өмір сүру сапасын едәуір арттыруға нақты мүмкіндік болды.


⚜️⚜️⚜️

В АЛМАТЫ УСПЕШНО ПРОВОДЯТ ВЫСОКОТЕХНОЛОГИЧНЫЕ ОПЕРАЦИИ ПО ТРАНСПЛАНТАЦИИ РОГОВИЦЫ

⚡️ В Центральной городской клинической больнице Алматы выполняется весь спектр современных высокотехнологичных офтальмологических операций. Пациентам доступны хирургическое лечение катаракты и глаукомы, имплантация интраокулярных линз, витреоретинальная и реконструктивная хирургия, а также трансплантация донорской роговицы.

Пересадка роговицы является одним из самых сложных направлений офтальмохирургии. В ЦГКБ такие вмешательства проводятся благодаря развитию донорской программы, современному оснащению операционных и высокой квалификации специалистов.

Особенностью выполняемых операций является возможность проведения комбинированного хирургического лечения. Во время одного вмешательства офтальмохирурги одновременно выполняют антиглаукомную операцию для снижения внутриглазного давления и трансплантацию роговицы. Такой подход позволяет сократить сроки лечения и повысить эффективность оказания медицинской помощи.

С начала 2026 года специалисты Центральной городской клинической больницы уже выполнили 12 трансплантаций роговицы. Для многих пациентов эти операции стали реальным шансом сохранить зрение, вернуть его качество и значительно улучшить качество жизни.


Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ТАТАРСТАНМЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУДА

👥 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің делегациясы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің жетекшілігімен Татарстан Республикасының медициналық білім беру, ғылым және денсаулық сақтау салаларындағы озық тәжірибесімен танысты.

🎯 Жұмыс сапарының мақсаты – денсаулық сақтау, медициналық білім беру және ғылым салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ заманауи білім беру, клиникалық және цифрлық технологияларды енгізу тәжірибесін зерделеу болды.

Қазақстандық делегация Татарстан Республикасының жетекші медициналық және білім беру ұйымдарының қызметімен танысты.

🎓 Жұмыс сапары шеңберінде Қазан мемлекеттік медицина университетінің ректоры Айрат Фарраховпен кездесу өтті. Тараптар медицина кадрларын даярлау, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру және болашақ дәрігерлерді даярлау үдерісіне заманауи технологияларды енгізу бағытындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

🧪 Бағдарлама аясында Қазан мемлекеттік медицина университетінің кадаверлік орталығына, «AMTEK» білім беру орталығына, Республикалық клиникалық ауруханаға, Балалар республикалық клиникалық ауруханасына, №7 Мемлекеттік клиникалық ауруханаға, Өңіраралық клиникалық-диагностикалық орталыққа, сондай-ақ медициналық симуляциялық технологияларды әзірлеуші жетекші компаниялардың бірі саналатын «EIDOS» компаниясының өндірістік алаңына бару ұйымдастырылды.

💡 Сапар барысында медицина кадрларын практикаға бағдарланған даярлау, симуляциялық оқытуды дамыту, денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру, жоғары технологиялық медициналық көмекті ұйымдастыру және клиникалық практикада инновациялық шешімдерді қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

🌍 Сондай-ақ Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасымен және Татарстан Республикасының Денсаулық сақтау министрімен кездесулер өтті. Келіссөздер барысында денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастырудағы үздік тәжірибелермен алмасу, медицина ғылымын дамыту, саланы цифрлық трансформациялау, жоғары білікті мамандар даярлау және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар әріптестік қатынастарды одан әрі дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Татарстан Республикасының медициналық ұйымдары арасындағы академиялық алмасуды кеңейтуге өзара мүдделі екенін растады.


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
МИНЗДРАВ РК УКРЕПЛЯЕТ СОТРУДНИЧЕСТВО С ТАТАРСТАНОМ В ОБЛАСТИ МЕДИЦИНСКОГО ОБРАЗОВАНИЯ

👥 Делегация Министерства здравоохранения Республики Казахстан во главе с Первым вице-министром здравоохранения Тимуром Султангазиевым изучила передовой опыт Республики Татарстан в сфере медицинского образования, науки и здравоохранения.

🎯 Целью рабочего визита стало укрепление двустороннего сотрудничества в сфере здравоохранения, медицинского образования и науки, а также изучение передового опыта по внедрению современных образовательных, клинических и цифровых технологий.

Казахстанская делегация ознакомилась с деятельностью ведущих медицинских и образовательных организаций Республики Татарстан.

🎓 В рамках визита состоялась встреча с ректором Казанского государственного медицинского университета Айратом Фарраховым. Стороны обсудили перспективы развития сотрудничества в области подготовки медицинских кадров, реализации совместных образовательных программ и внедрения современных технологий в процесс подготовки будущих врачей.

🧪 В программу вошли посещения Кадаверного центра Казанского государственного медицинского университета, образовательного центра «AMTEK», Республиканской клинической больницы, Детской республиканской клинической больницы, Государственной клинической больницы № 7, Межрегионального клинико-диагностического центра, а также производственной площадки компании «EIDOS», одним из ведущих разработчиков медицинских симуляционных технологий.

💡 Особое внимание в ходе визита было уделено вопросам практико-ориентированной подготовки медицинских кадров, развитию симуляционного обучения, цифровизации здравоохранения, организации высокотехнологичной медицинской помощи и применению инновационных решений в клинической практике.

🌍 Также состоялись встречи с Председателем Государственного Совета Республики Татарстан и Министром здравоохранения Республики Татарстан. В ходе переговоров обсуждены перспективы расширения международного сотрудничества, обмена лучшими практиками в сфере организации здравоохранения, развития медицинской науки, цифровой трансформации отрасли и подготовки высококвалифицированных специалистов.

По итогам визита стороны подтвердили взаимную заинтересованность в дальнейшем развитии партнерских отношений, расширении академического обмена между медицинскими организациями Казахстана и Республики Татарстан.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АСТАНАДА АҒЗА ДОНОРЛЫҒЫ ТУРАЛЫ «4739» ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

🎬 Астанада қайтыс болғаннан кейінгі ағза донорлығы және Қазақстандағы трансплантологияның дамуына арналған «4739» қысқаметражды деректі фильмінің тұсаукесері өтті.

⚡️ Іс-шараға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Айда Балаева, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, танымал дәрігерлер, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, медицина қауымдастығының өкілдері, трансплантаттау жүргізілген пациенттер және олардың отбасы мүшелері қатысты.

Фильм атауының өзіндік мәні бар – 4739. Бұл – бүгінде ағзаны трансплантаттауды күтіп отырған азаматтардың саны. Олардың басым бөлігі үшін трансплантаттау – өмірін сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі.


Фильмде денсаулық сақтау саласымен ғана шектелмейтін, адамгершілік құндылықтарды – мейірімділік, жауапкершілік, өзара қолдау және өзге адамға өмір сыйлау мүмкіндігін қамтитын маңызды мәселелер көтеріледі. Картинада күрделі шешім қабылдау қажеттілігіне тап болған пациенттердің, дәрігерлердің және отбасылардың шынайы оқиғалары баяндалып, көрерменді ағза донорлығының маңызы туралы ойлануға жетелейді.

«Жаңа Конституцияда өмір сүру құқығы әрбір адамның ажырамас әрі айырылмайтын құқығы ретінде бекітілген, ал азаматтарға денсаулықты сақтауға кепілдік берілген. Бұл нормалар мемлекетке денсаулық сақтау жүйесінің профилактикадан бастап уақтылы диагностикаға, жоғары технологиялық емдеуге және трансплантаттауға дейін адам өмірін сақтап қалудың барлық мүмкіндіктерін пайдалануға жауапкершілік жүктейді», – деді өз сөзінде Премьер-Министрдің орынбасары.


Денсаулық сақтау министрлігінде мұндай әлеуметтік жобалардың донорлық мәдениетін қалыптастыруда және халықтың ақпараттану деңгейін арттыруда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.

«Трансплантологияны дамыту тек инфрақұрылымды жетілдірумен және медициналық технологияларды енгізумен ғана шектелмейді. Бұл бағытта қоғамның сенімі, азаматтардың ақпараттануы, азаматтық жауапкершілігі және қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтың бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретінін түсінуі де аса маңызды. Осындай фильмдер күрделі тақырыптарды ашық талқылауға жол ашып, қоғамның донорлық мәселесіне деген жауапты көзқарасын қалыптастырады әрі адам өмірінің жоғары құндылығын еске салады», – деді Ақмарал Әлназарова.


Соңғы екі жылдың ішінде Қазақстанда трансплантология қызметін дамытуда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Бүгінде ағзаны трансплантаттау отандық денсаулық сақтаудың ең жоғары технологиялық бағыттарының біріне айналды.

📌 Егер 2023 жылы Қазақстанда қайтыс болғаннан кейінгі 49 әлеуетті донор анықталса, 2024 жылы олардың саны 86-ға, ал 2025 жылы 186-ға жетіп, алдыңғы жылдармен салыстырғанда үш еседен астам өсті. 2024 жылы 6 донорлық үдеріс жүзеге асырылса, 2025 жылы олардың саны 18-ге жетіп, нәтижесінде өмірлік маңызды ағзаларға 68 трансплантаттау жүргізілді. Бұл азаматтардың трансплантаттау жүйесіне деген сенімінің артып келе жатқанын көрсетеді.

🫶 Соңғы бес жылдың ішінде елімізде шамамен 1 500 ағзаны трансплантаттау орындалды. Оның әрбір төртінші операциясы 2025 жылға тиесілі. Тек өткен жылдың өзінде бүйрек, бауыр, жүрек және өкпені трансплантаттау бойынша 310 операция жасалды.

👼 Балалар трансплантологиясының дамуы да маңызды жетістікке айналды. 2026 жылы елімізде алғаш рет балаға жүректі трансплантаттау сәтті жүргізілді, бұл жоғары технологиялық медициналық көмектің дамуындағы жаңа кезең болды.

⬇️⬇️⬇️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанда 150 ағзаны трансплантаттау орындалды. Оның ішінде 108 бүйрек, 31 бауыр, 5 жүрек, 2 өкпе және 4 мөлдір қабықты трансплантаттау жүргізілді. Тірі донорлардан 121 трансплантаттау, ал қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан 29 трансплантаттау, оның ішінде бүйрек, бауыр, жүрек, өкпе және мөлдір қабықты трансплантаттау жүзеге асырылды.


Биылғы жылдың алты айында 108 әлеуетті қайтыс болғаннан кейінгі донор анықталды. Оның ішінде жеті жағдайда бірнеше ағзаны бір мезгілде алу (мультиағзалық алу) жүргізіліп, кейін трансплантаттау жүргізуге мүмкіндік берілді.

Бүгінгі таңда электрондық үкімет порталы арқылы 172 283 азамат қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қатысты өз ұстанымын білдірді. Оның ішінде 16 109 адам келісім берсе, 156 174 азамат бас тартқан.

2026 жылғы 21 мамырдағы жағдай бойынша ағзаны трансплантаттауды күту парағында 4 739 пациент, оның ішінде 125 бала тіркелген. Оның ішінде 4 208 адамға бүйрек, 293 адамға бауыр, 208 адамға жүрек, 30 адамға өкпе, ал 5 пациентке «жүрек–өкпе» кешенін трансплантаттау қажет.


Қазіргі таңда Қазақстандағы трансплантаттау қызметінің инфрақұрылымы 20 өңірді, 40 донорлық ұйымды және 11 трансплантаттау орталығын қамтиды. Соңғы екі жылдың ішінде шамамен 500 медицина қызметкері арнайы даярлықтан өтті, халықаралық клиникалық практикалар енгізіліп, трансплантаттау көмегін ұйымдастыру моделі жетілдірілуде.

Ағза донорлығы мәдениетін қалыптастыру – мемлекет, медицина қауымдастығы, азаматтық қоғам институттары және бұқаралық ақпарат құралдарының ортақ міндеті.

🙏 Халықтың ақпараттану деңгейін арттыру және қоғамда ашық диалог жүргізу көптеген азаматтардың саналы шешім қабылдауына ықпал етеді. Ал мұндай шешім болашақта бүгін өмір сыйлайтын трансплантаттауды күтіп отырған жандарға үміт сыйлауы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM