ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.99K subscribers
17.2K photos
1.32K videos
28 files
3.75K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
1,7 МИЛЛИОН АДАМ ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ЖҮРЕК-ҚАНТАМЫР АУРУЛАРЫН ЕРТЕ АНЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДЕ

👥🩺 2025 жылы артериялық гипертония мен жүректің ишемиялық ауруын ерте анықтауға бағытталған скрининг шеңберінде 1,7 миллион адам тексеруден өтті. Нәтижесінде 114 мыңнан астам азаматта қанайналым жүйесі аурулары ерте сатысында анықталды.

❤️🔍 Анықталған жағдайлардың ішінде 99 мың пациентке (87%) артериялық гипертония, ал 15 мың пациентке (13%) жүректің ишемиялық ауруы диагнозы қойылды.

📊 2025 жылдан бастап скрининг бағдарламасы заманауи жоғары сезімтал диагностикалық әдістермен толықтырылды. Бұл ауруларды анықтау деңгейін арттырып, емдеуді анағұрлым ерте бастауға мүмкіндік береді.

🧬🔬 Қазіргі таңда жүрек-қантамыр аурулары бар шамамен 1,9 миллион пациент динамикалық бақылауда тұр. Тұрақты медициналық бақылау, қауіп факторларын қадағалау және қажетті дәрілік препараттармен қамтамасыз ету ауыр асқынулардың туындау қаупін едәуір төмендетуге ықпал етеді.

📈 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қанайналым жүйесі аурулары әлемдегі өлімнің негізгі себебі болып қала береді. Жыл сайын бұл аурулар шамамен 19,8 миллион адамның өмірін қиып, барлық өлім жағдайларының шамамен 32%-ын құрайды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1,7 МИЛЛИОНА ОБСЛЕДОВАННЫХ: МИНЗДРАВ УСИЛИВАЕТ РАННЕЕ ВЫЯВЛЕНИЕ БОЛЕЗНЕЙ СЕРДЦА

👥🩺 В рамках скрининга на ранее выявление артериальной гипертонии и ишемической болезни сердца в 2025 году обследовано 1,7 млн. человек. При этом у более 114 тысяч пациентов заболевания системы кровообращения (БСК) были выявлены на ранних стадиях.

❤️🔍Из числа выявленных у 99 тыс пациентов диагностирована артериальная гипертония (87%), у 15 тыс. пациентов - ишемическая болезнь сердца (13%).

📊С 2025 года программа скрининга дополнена современными высокочувствительными методами диагностики, что позволит повысить выявляемость заболеваний и начать лечение еще раньше.

🧬🔬 Сегодня под динамическим наблюдением находятся около 1,9 миллиона пациентов с сердечно-сосудистыми заболеваниями. Регулярное наблюдение, контроль факторов риска и обеспечение необходимыми лекарственными препаратами помогают значительно снизить вероятность тяжелых последствий.

📈 По данным Всемирной организации здравоохранения, болезни системы кровообращения остаются ведущей причиной смерти в мире, ежегодно унося около 19,8 млн жизней, что составляет примерно 32% всех случаев смерти.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
АЛМАТЫДА ДӘРІГЕРЛЕР САЛМАҒЫ 5 КЕЛІДЕН АСАТЫН АЛЫП ЖАТЫР МИОМАСЫН СӘТТІ АЛЫП ТАСТАДЫ

🏥 Алматы қаласының №2 қалалық перинаталдық орталығына жүктіліктің 35-аптасында қағанақ суы мерзімінен бұрын кеткен 40 жастағы жүкті әйел шұғыл түрде жеткізілді.

Тексеру барысында дәрігерлер ұрықтың өміріне қауіп төндіретін қан айналымының бұзылуын анықтады. Осыған байланысты шұғыл кесарь тілігін жасау туралы шешім қабылданды.

Операция кезінде мамандар көлемі 20×25 сантиметр болатын алып миоманы анықтады. Жағдай айқын жабысқақ үдеріспен күрделене түскен: ішек жатырға тығыз жабысып қалған.

Клиникалық жағдайдың күрделілігін ескере отырып, №2 қалалық перинаталдық орталықтың директоры Светлана Рахимова шұғыл операцияны жедел ұйымдастырып, хирургиялық араласуға Алматы онкологиялық орталығының онкогинекологы Райхан Болатбекованы тартты.

Дәрігерлердің бірлескен күш-жігерінің арқасында сәбиді аман-есен дүниеге әкеліп қана қоймай,
пациенттің жатыры мен репродуктивтік функциясын сақтай отырып, салмағы 5,1 келі болатын алып ісікті де алып тастауға мүмкіндік туды. Бұл әйелге болашақта қайтадан ана атануға мүмкіндік береді.

Салмағы 2,2 келі болатын шала туған ұл бала дүниеге келді. Туғаннан кейін сәби жаңа туған нәрестелердің реанимация бөлімшесі мамандарының бақылауында болды. Уақтылы көрсетілген медициналық көмектің арқасында оның жағдайы тұрақтанды.

Қазіргі кезде ана мен сәбидің жағдайы жақсы, олар үйлеріне шығарылды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
В АЛМАТЫ ВРАЧИ УДАЛИЛИ ГИГАНТСКУЮ МИОМУ ВЕСОМ БОЛЕЕ 5 КИЛОГРАММОВ

🏥 В Городской перинатальный центр № 2 Алматы экстренно поступила 40-летняя беременная женщина на сроке 35 недель с преждевременным излитием околоплодных вод.

Во время обследования врачи выявили нарушение кровообращения у плода, которое представляло угрозу для его жизни. Было принято решение о проведении экстренного кесарева сечения.

Во время операции специалисты обнаружили гигантскую миому размером 20×25 сантиметров. Ситуацию осложнял выраженный спаечный процесс: кишечник был плотно спаян с маткой.

Учитывая сложность клинического случая, директор Городского перинатального центра № 2 Светлана Рахимова оперативно организовала проведение экстренной операции и привлекла к хирургическому вмешательству онкогинеколога Алматинского онкологического центра Райхан Болатбекову.

Совместными усилиями врачам удалось не только благополучно принять роды, но и удалить гигантскую опухоль весом 5,1 килограмма, сохранив пациентке матку и репродуктивную функцию. Это дает женщине возможность вновь стать мамой в будущем.

На свет появился недоношенный мальчик весом 2,2 килограмма. После рождения малыш находился под наблюдением специалистов отделения реанимации новорожденных. Благодаря своевременно оказанной медицинской помощи его состояние стабилизировалось.

Сегодня мама и малыш чувствуют себя хорошо и уже выписаны домой.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz