ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
17.2K photos
1.32K videos
28 files
3.75K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: ҚАЗАҚСТАНДА БІР ЖЫЛДА ЖҮРЕККЕ 13 МЫҢНАН АСТАМ АШЫҚ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ

⚡️ Қазақстанда жоғары технологиялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамыту жүйелі түрде жалғасуда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде жүрекке 13 106 ашық операция жасалды. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 7,2%-ға артық.

Хирургиялық араласулардың басым бөлігін аортокоронарлық шунттау операциялары – 46,1%, жүректің жүре пайда болған кемістіктеріне жасалған операциялар – 22,7%, жүректің туа біткен кемістіктеріне жасалған операциялар – 13,1% құрады.


⭐️ Кардиохирургияның қарқынды дамуының нәтижесінде Қазақстан осы саладағы жетістіктері бойынша әлемнің үздік 30 елінің қатарына енді.

📌 Бүгінде елімізде жүрекке ашық операция жасау, эндоваскулярлық араласулар және жоғары технологиялық медициналық көмектің басқа да түрлері сәтті орындалуда. Қазіргі таңда отандық кардиологияда жоғары технологиялық медициналық көмектің 80-нен астам түрі көрсетіледі.

🙌 Отандық медицинаның маңызды жетістіктерінің бірі – 2025 жылы жүректі трансплантаттаудың 100-ші операциясының сәтті жасалуы. Бұл қазақстандық мамандардың жоғары кәсіби даярлығын және трансплантология қызметінің дамуын айқын көрсетеді.

Соңғы бес жылдың ішінде оң үрдіс тұрақты сақталып келеді. Осы кезеңде қанайналым жүйесі ауруларымен сырқаттанушылық 15%-ға, ал осы аурулардан болатын өлім-жітім 35,1%-ға төмендеді.


2026 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша да сырқаттанушылықтың төмендеу үрдісі жалғасуда:

• қанайналым жүйесі аурулары – 6,6%-ға;
* артериялық гипертензия – 9,7%-ға;
* жүректің ишемиялық ауруы – 10,1%-ға;
* жедел миокард инфаркті – 5,7%-ға;
* мидың қан айналымының жедел бұзылыстары (инсульттер) – 6,1%-ға төмендеді.


⚜️ Қол жеткізілген нәтижелер инсульттік және кардиологиялық орталықтар желісін дамыту, жоғары технологиялық медициналық көмектің көлемін кеңейту, заманауи клиникалық хаттамаларды енгізу, жедел медициналық жәрдем қызметін жетілдіру, профилактикалық тексерулер ауқымын ұлғайту және жүрек-қантамыр ауруларына шалдыққан пациенттерді дәрілік қамтамасыз етудің қолжетімділігін арттырудың арқасында мүмкін болды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
МИНЗДРАВ: В КАЗАХСТАНЕ ЗА ГОД ВЫПОЛНЕНО БОЛЕЕ 13 ТЫСЯЧ ОПЕРАЦИЙ НА ОТКРЫТОМ СЕРДЦЕ

⚡️ В Казахстане продолжается развитие высокотехнологичной кардиологической и кардиохирургической помощи. По итогам 2025 года в стране выполнено 13 106 операций на открытом сердце, что на 7,2% больше, чем годом ранее.

Наибольшую долю хирургических вмешательств составили операции аортокоронарного шунтирования – 46,1%, операции при приобретенных пороках сердца – 22,7%, при врожденных пороках сердца – 13,1%.


⭐️ Развитие кардиохирургии позволило Казахстану войти в число 30 стран мира с наиболее высокими результатами в данной области.

📌 В стране успешно выполняются операции на открытом сердце, эндоваскулярные вмешательства и другие виды высокотехнологичной медицинской помощи. Сегодня отечественная кардиология включает более 80 видов высокотехнологичных медицинских процедур.

🙌 Одним из значимых достижений отечественной медицины стало проведение в 2025 году 100-й трансплантации сердца, что подтверждает высокий уровень профессиональной подготовки казахстанских специалистов и развитие трансплантационной службы.

Отмечается устойчивая положительная динамика: за последние пять лет заболеваемость болезнями системы кровообращения снизилась на 15%, а смертность от них – на 35,1%.


По итогам первых пяти месяцев 2026 года тенденция к снижению заболеваемости сохраняется:

• болезнями системы кровообращения – на 6,6%;
• артериальной гипертензией – на 9,7%;
• ишемической болезнью сердца – на 10,1%;
• острым инфарктом миокарда – на 5,7%;
• острыми нарушениями мозгового кровообращения (инсультами) – на 6,1%.


⚜️ Достигнутые результаты стали возможны благодаря развитию сети инсультных и кардиологических центров, расширению объемов высокотехнологичной медицинской помощи, внедрению современных клинических протоколов, совершенствованию службы скорой медицинской помощи, расширению профилактических обследований и повышению доступности лекарственного обеспечения пациентов с сердечно-сосудистыми заболеваниями.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
КІА ҒЗИ ПАЦИЕНТІ: МЕНІҢ ЖҮРЕГІМ СОҒЫП ТҰР!

⚜️ Еліміздің тұрғындарына кардиологиялық көмек көрсетуді жақсарту үшін КІА ҒЗИ интервенциялық кардиологтары аорта қақпақшасын эндоваскулярлық импланттау бойынша жоғары технологиялық кардиологиялық операцияларды сәтті жасап жүр.

​Науқасты жанына қатты батқан ентігу мазалады. Оның себебі – қолқа қақпақшасының ауыр дәрежедегі стенозы. Жүрекке шұғыл түрде көмек қажет болды.
Алайда қосымша тексеру барысында күрделі кедергі анықталды – мультифокальды атеросклероз. Сан артериялары толық бітеліп қалғандықтан, операцияны стандартты қолжетімділік арқылы жүргізу мүмкін болмады.

Осыған байланысты мамандар тобы эндоваскулярлық қақпақша протездеуді қалыптан тыс қолжетімділік арқылы – сол жақ бұғанаасты артериясы арқылы орындау туралы шешім қабылдады.

Операция сәтті өтті! Қазір пациенттің жағдайы едәуір жақсарды. Ентігуі басылып, ол қайтадан толыққанды өмірге оралуда.

#ДәрігергеАлғыс
#ПациентАлғысы
#ҚазақстанМедицинасы
#ДенсаулықСақтау

***

ПАЦИЕНТ НИИ КВБ: МОЕ СЕРДЦЕ БЬЕТСЯ!

⚜️ Для улучшения оказания кардиологической помощи населению страны интервенционными кардиологами НИИ КВБ успешно проводятся высокотехнологические кардиологические операции по эндоваскулярной имплантации аортального клапана.

Пациента мучила сильнейшая одышка, которая буквально не давала ему жить. Причина — тяжелый стеноз аортального клапана. Сердцу срочно требовалась помощь.
Но на дообследовании мы столкнулись с серьезной преградой: мультифокальный атеросклероз. Бедренные артерии были практически полностью закрыты, а значит, стандартный доступ для операции был невозможен.

Команда приняла решение провести эндоваскулярное протезирование через нетипичный доступ — левую подключичную артерию.

Все закончилось отлично! Пациент чувствует себя намного лучше и наконец-то возвращается к полноценной жизни без одышки.

#СпасибоВрачу
#БлагодарностьПациента
#ИсторияПациента
#МедицинаКазахстана

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💉 ВАКЦИНАЦИЯ – БАЛАҢЫЗДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЕҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

Әрбір ата-ана баласының дені сау болып өскенін қалайды. Баланы қауіпті жұқпалы аурулардан қорғаудың ең тиімді жолдарының бірі – уақытылы вакцинациядан өту.

№14 қалалық емхананың педиатрия бөлімшесінің меңгерушісі Шырын Төлегенқызы Мамытованың айтуынша, нәресте алғашқы екпелерін перзентханада-ақ алады. Олар – туберкулезге және В вирустық гепатитіне қарсы вакциналар. Одан әрі вакцинация Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі.

Уақытылы вакцинацияның арқасында балалар дифтерия, көкжөтел, сіреспе, пневмококк инфекциясы, А гепатиті және басқа да қауіпті жұқпалы аурулардан қорғалады.

👨‍👩‍👧‍👦 Құрметті ата-аналар! Балаларыңызды уақытылы вакцинациядан өткізіңіздер. Бұл – оларды ауыр аурулардан қорғаудың ең тиімді жолы.

***

ВАКЦИНАЦИЯ – НАДЕЖНАЯ ЗАЩИТА ЗДОРОВЬЯ ВАШЕГО РЕБЕНКА

Каждый родитель мечтает видеть своего ребенка здоровым. Один из самых надежных способов защитить его от опасных инфекций — своевременная вакцинация.

Как отмечает заведующая педиатрическим отделением Городской поликлиники №14 Шырын Толегеновна Мамытова, первые прививки малыш получает уже в родильном доме – против туберкулеза и вирусного гепатита В. Затем вакцинация продолжается в соответствии с Национальным календарем профилактических прививок.

Благодаря вакцинации дети получают защиту от таких опасных заболеваний, как дифтерия, коклюш, столбняк, пневмококковая инфекция, гепатит А и других инфекций.

👨‍👩‍👧‍👦 Уважаемые родители!
Не откладывайте вакцинацию и своевременно прививайте своих детей. Это самый эффективный способ защитить их от тяжелых заболеваний.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
🔥5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
☀️ Күн өту және ол не үшін қауіпті?

🌡️ Бұл организмнің қызып кетуі кезінде пайда болатын қауіпті жағдай, әсіресе ыстық ауа-райында, ол қалыпты дене температурасын өздігінен ұстап тұруды тоқтатады.

⚠️ Уақтылы көмек болмаса, күн өту мидың, жүректің, бүйректің және басқа да өмірлік маңызды ағзалардың зақымдалуына, ал ауыр жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін.

🩺 Негізгі белгілері: дене қызуының жоғарылауы, қатты әлсіздік, бас ауруы, бас айналу, жүрек айну, абыржу немесе естен тану. Егер бұл белгілер пайда болса, жедел жәрдем шақырып, зардап шеккен адамды салқындатуды бастау керек.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
☀️ Тепловой удар и чем он опасен?

🌡️ Это опасное состояние, возникающее при перегреве организма, особенно в жаркую погоду, когда он перестает самостоятельно поддерживать нормальную температуру тела.

⚠️ Без своевременной помощи тепловой удар может привести к поражению головного мозга, сердца, почек и других жизненно важных органов, а в тяжелых случаях – к летальному исходу.

🩺 Основные признаки: высокая температура тела, сильная слабость, головная боль, головокружение, тошнота, спутанность сознания или потеря сознания. При появлении этих симптомов необходимо немедленно вызвать скорую помощь и начать охлаждение пострадавшего.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1,7 МИЛЛИОН АДАМ ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ЖҮРЕК-ҚАНТАМЫР АУРУЛАРЫН ЕРТЕ АНЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДЕ

👥🩺 2025 жылы артериялық гипертония мен жүректің ишемиялық ауруын ерте анықтауға бағытталған скрининг шеңберінде 1,7 миллион адам тексеруден өтті. Нәтижесінде 114 мыңнан астам азаматта қанайналым жүйесі аурулары ерте сатысында анықталды.

❤️🔍 Анықталған жағдайлардың ішінде 99 мың пациентке (87%) артериялық гипертония, ал 15 мың пациентке (13%) жүректің ишемиялық ауруы диагнозы қойылды.

📊 2025 жылдан бастап скрининг бағдарламасы заманауи жоғары сезімтал диагностикалық әдістермен толықтырылды. Бұл ауруларды анықтау деңгейін арттырып, емдеуді анағұрлым ерте бастауға мүмкіндік береді.

🧬🔬 Қазіргі таңда жүрек-қантамыр аурулары бар шамамен 1,9 миллион пациент динамикалық бақылауда тұр. Тұрақты медициналық бақылау, қауіп факторларын қадағалау және қажетті дәрілік препараттармен қамтамасыз ету ауыр асқынулардың туындау қаупін едәуір төмендетуге ықпал етеді.

📈 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қанайналым жүйесі аурулары әлемдегі өлімнің негізгі себебі болып қала береді. Жыл сайын бұл аурулар шамамен 19,8 миллион адамның өмірін қиып, барлық өлім жағдайларының шамамен 32%-ын құрайды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1,7 МИЛЛИОНА ОБСЛЕДОВАННЫХ: МИНЗДРАВ УСИЛИВАЕТ РАННЕЕ ВЫЯВЛЕНИЕ БОЛЕЗНЕЙ СЕРДЦА

👥🩺 В рамках скрининга на ранее выявление артериальной гипертонии и ишемической болезни сердца в 2025 году обследовано 1,7 млн. человек. При этом у более 114 тысяч пациентов заболевания системы кровообращения (БСК) были выявлены на ранних стадиях.

❤️🔍Из числа выявленных у 99 тыс пациентов диагностирована артериальная гипертония (87%), у 15 тыс. пациентов - ишемическая болезнь сердца (13%).

📊С 2025 года программа скрининга дополнена современными высокочувствительными методами диагностики, что позволит повысить выявляемость заболеваний и начать лечение еще раньше.

🧬🔬 Сегодня под динамическим наблюдением находятся около 1,9 миллиона пациентов с сердечно-сосудистыми заболеваниями. Регулярное наблюдение, контроль факторов риска и обеспечение необходимыми лекарственными препаратами помогают значительно снизить вероятность тяжелых последствий.

📈 По данным Всемирной организации здравоохранения, болезни системы кровообращения остаются ведущей причиной смерти в мире, ежегодно унося около 19,8 млн жизней, что составляет примерно 32% всех случаев смерти.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
АЛМАТЫДА ДӘРІГЕРЛЕР САЛМАҒЫ 5 КЕЛІДЕН АСАТЫН АЛЫП ЖАТЫР МИОМАСЫН СӘТТІ АЛЫП ТАСТАДЫ

🏥 Алматы қаласының №2 қалалық перинаталдық орталығына жүктіліктің 35-аптасында қағанақ суы мерзімінен бұрын кеткен 40 жастағы жүкті әйел шұғыл түрде жеткізілді.

Тексеру барысында дәрігерлер ұрықтың өміріне қауіп төндіретін қан айналымының бұзылуын анықтады. Осыған байланысты шұғыл кесарь тілігін жасау туралы шешім қабылданды.

Операция кезінде мамандар көлемі 20×25 сантиметр болатын алып миоманы анықтады. Жағдай айқын жабысқақ үдеріспен күрделене түскен: ішек жатырға тығыз жабысып қалған.

Клиникалық жағдайдың күрделілігін ескере отырып, №2 қалалық перинаталдық орталықтың директоры Светлана Рахимова шұғыл операцияны жедел ұйымдастырып, хирургиялық араласуға Алматы онкологиялық орталығының онкогинекологы Райхан Болатбекованы тартты.

Дәрігерлердің бірлескен күш-жігерінің арқасында сәбиді аман-есен дүниеге әкеліп қана қоймай,
пациенттің жатыры мен репродуктивтік функциясын сақтай отырып, салмағы 5,1 келі болатын алып ісікті де алып тастауға мүмкіндік туды. Бұл әйелге болашақта қайтадан ана атануға мүмкіндік береді.

Салмағы 2,2 келі болатын шала туған ұл бала дүниеге келді. Туғаннан кейін сәби жаңа туған нәрестелердің реанимация бөлімшесі мамандарының бақылауында болды. Уақтылы көрсетілген медициналық көмектің арқасында оның жағдайы тұрақтанды.

Қазіргі кезде ана мен сәбидің жағдайы жақсы, олар үйлеріне шығарылды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
В АЛМАТЫ ВРАЧИ УДАЛИЛИ ГИГАНТСКУЮ МИОМУ ВЕСОМ БОЛЕЕ 5 КИЛОГРАММОВ

🏥 В Городской перинатальный центр № 2 Алматы экстренно поступила 40-летняя беременная женщина на сроке 35 недель с преждевременным излитием околоплодных вод.

Во время обследования врачи выявили нарушение кровообращения у плода, которое представляло угрозу для его жизни. Было принято решение о проведении экстренного кесарева сечения.

Во время операции специалисты обнаружили гигантскую миому размером 20×25 сантиметров. Ситуацию осложнял выраженный спаечный процесс: кишечник был плотно спаян с маткой.

Учитывая сложность клинического случая, директор Городского перинатального центра № 2 Светлана Рахимова оперативно организовала проведение экстренной операции и привлекла к хирургическому вмешательству онкогинеколога Алматинского онкологического центра Райхан Болатбекову.

Совместными усилиями врачам удалось не только благополучно принять роды, но и удалить гигантскую опухоль весом 5,1 килограмма, сохранив пациентке матку и репродуктивную функцию. Это дает женщине возможность вновь стать мамой в будущем.

На свет появился недоношенный мальчик весом 2,2 килограмма. После рождения малыш находился под наблюдением специалистов отделения реанимации новорожденных. Благодаря своевременно оказанной медицинской помощи его состояние стабилизировалось.

Сегодня мама и малыш чувствуют себя хорошо и уже выписаны домой.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz