ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.62K subscribers
17.2K photos
1.31K videos
28 files
3.73K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
📊ҚАЗАҚСТАН ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ ЖОҒАРЫЛАДЫ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ САПАСЫ БОЙЫНША КӨРСЕТКІШТЕР ЖАҚСАРДЫ

🇰🇿🇺🇳Қазақстан БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу жөніндегі әлемдік рейтингтегі өз позициясын жақсартты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміз 169 мемлекеттің ішінде 67-орынға ие болып, өткен жылмен салыстырғанда бірден 3 сатыға көтерілді. Ең елеулі ілгерілеу денсаулық сақтау саласында байқалды: халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы артты, нәрестелер мен бес жасқа дейінгі балалар арасындағы өлім төмендеді, сондай-ақ туберкулезбен сырқаттанушылық айтарлықтай азайды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған Тұрақты даму мақсаттары халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны сақтауға бағытталған 17 жаһандық мақсатты біріктіреді. Солардың ішіндегі негізгі бағыттардың бірі – №3 мақсат – «Жақсы денсаулық және әл-ауқат».

📊Қазақстан 2015 жылдан бері Тұрақты даму саласындағы күн тәртібін мемлекеттік жоспарлау жүйесіне кезең-кезеңімен енгізіп, дәйекті түрде іске асырып келеді. Қазіргі таңда ұлттық мониторинг жүйесі 280 индикаторды қамтиды, оның ішінде 205-і – жаһандық, 75-і – ұлттық көрсеткіштер. «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» бағыты бойынша 29 көрсеткішке мониторинг жүргізіледі.

Денсаулық сақтау бағыты бойынша ТДМ-ның жаһандық индексін есептеу кезінде 14 негізгі көрсеткіш бағаланады. Олардың басым бөлігі бойынша Қазақстан оң серпін көрсетуде.

📉Атап айтқанда, неонаталдық өлім коэффициенті 9,3%-ға төмендеді. Сондай-ақ бес жасқа дейінгі балалар өлім-жітімінің көрсеткіші 2,1%-ға азайды.

🤩Ең маңызды нәтижелердің бірі – бір жыл ішінде туберкулезбен сырқаттанушылықтың 36%-ға төмендеуі болды.

🌿Экологиялық факторлармен байланысты денсаулық көрсеткіштері де жақсаруда. Атмосфералық және тұрмыстық ауаның ластануына байланысты өлім 29%-ға төмендеді.

📊Тағы бір маңызды көрсеткіш – халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығының 0,3 жылға артуы.

📈Сонымен қатар, 15–19 жас аралығындағы қыздар арасындағы жасөспірімдер жүктілігінің көрсеткіші 12,7%-ға төмендеп, оң динамика байқалды.

Қол жеткізілген нәтижелер денсаулық сақтау жүйесін дамыту, профилактикалық бағдарламаларды кеңейту, ана мен бала денсаулығын қорғау, әлеуметтік мәні бар аурулармен күресу және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетеді.

Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың ұзақ мерзімді басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📈КАЗАХСТАН ПОДНЯЛСЯ В МИРОВОМ РЕЙТИНГЕ УСТОЙЧИВОГО РАЗВИТИЯ: УЛУЧШЕНЫ ПОЗИЦИИ ПО КАЧЕСТВУ УСЛУГ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ

🇰🇿🇺🇳Казахстан улучшил свои позиции в мировом рейтинге достижения Целей устойчивого развития (ЦУР) ООН. По итогам 2025 года страна заняла 67-е место среди 169 государств, поднявшись сразу на 3 позиции по сравнению с прошлым годом. Наиболее заметный прогресс отмечен в сфере здравоохранения: выросла продолжительность жизни, снизились младенческая и детская смертность, а также значительно сократилась заболеваемость туберкулезом.

Цели устойчивого развития, принятые Организацией Объединенных Наций, объединяют 17 глобальных направлений, направленных на повышение качества жизни людей, устойчивый экономический рост и сохранение окружающей среды. Одной из ключевых является Цель №3 — «Хорошее здоровье и благополучие».

📊Казахстан последовательно реализует Повестку дня в области устойчивого развития с 2015 года, интегрируя ее в систему государственного планирования. Сегодня национальная система мониторинга включает 280 индикаторов, из которых 205 являются глобальными и 75 — национальными. По направлению «Хорошее здоровье и благополучие» ведется мониторинг 29 показателей.

При расчете мирового Индекса ЦУР по направлению здравоохранения оцениваются 14 ключевых показателей. По большинству из них Казахстан демонстрирует положительную динамику.

📉Так, коэффициент неонатальной смертности снизился на 9,3%. Улучшился и показатель смертности детей в возрасте до пяти лет на 2,1%.

🤩Одним из наиболее заметных результатов стало снижение заболеваемости туберкулезом — на 36% всего за год.

🌿Продолжает улучшаться экологический показатель здоровья. Смертность, связанная с загрязнением атмосферного и бытового воздуха, снизилась на 29%.

📊Еще одним важным индикатором стало увеличение ожидаемой продолжительности жизни на 0,3 года.

📈Положительная динамика отмечается и по подростковой рождаемости – среди девушек в возрасте от 15 до 19 лет, снизилась на 12,7%.

Достигнутые результаты отражают проводимую работу по развитию системы здравоохранения, расширению профилактических программ, охране здоровья матерей и детей, борьбе с социально значимыми заболеваниями и повышению доступности медицинской помощи. Реализация Целей устойчивого развития остается одним из долгосрочных направлений государственной политики, ориентированной на повышение качества жизни населения.


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🩺ҚАЗАҚСТАН ЫСТАНБУЛДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРҒА ДАЙЫНДАУ ТӘЖІРИБЕСІН ҰСЫНДЫ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ыстанбұл қаласында өткен жер сілкіністері кезіндегі төтенше жағдайларды басқару мәселелеріне арналған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Министрлік конференциясына қатысты.

🌍Халықаралық форум денсаулық сақтау министрлерін, халықаралық ұйымдардың басшыларын және жетекші сарапшыларды табиғи апаттардың салдарына денсаулық сақтау жүйелерінің орнықтылығын арттырудың ортақ тәсілдерін әзірлеу мақсатында бір алаңға тоғыстырды.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі өз сөзінің басында Түркия Республикасы Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірлік бюросына конференцияны ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіріп, жаһандық қауіп-қатерлер күшейіп отырған кезеңде халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

🏥Министр Қазақстанның сейсмикалық қаупі жоғары мемлекеттердің қатарына жататынын айтты. Ел аумағының шамамен 40 пайызы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан. Осыған байланысты мемлекет төтенше жағдайларға ден қоюдың медициналық жүйесін жүйелі түрде нығайтып, инфрақұрылымды жетілдіру, кадрларды даярлау және ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін дамыту жұмыстарын дәйекті түрде жүргізіп келеді.

Соңғы жылдары Қазақстанда төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға бағытталған кешенді жүйелі шаралар іске асырылды.

🚑Төтенше жағдайларға медициналық ден қою жүйесінің негізгі буыны – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы.

Бүгінде Орталық құрамына көпсалалы аурухана, санитариялық авиация қызметі кіреді және тәулігіне шамамен 1 600 жедел медициналық жәрдем бригадасы кезекшілік атқаратын 20 өңірлік жедел медициналық жәрдем станциясының жұмысын үйлестіреді. Сонымен қатар елімізде автомобиль жолдарының апат қаупі жоғары учаскелерінде орналасқан 41 трассалық медициналық-құтқару пункті жұмыс істейді.

🔷Мобильді медициналық құрылымдарды дамытуға ерекше назар аударылуда. Апаттар медицинасы орталығының Алматы және Өскемен қалаларында қазіргі заманғы далалық мобильді госпитальдармен жабдықталған мамандандырылған жасақтары бар. Олар 14 тәулікке дейін автономды режимде жұмыс істеп, тәулігіне 200-ге дейін зардап шеккен адамға, оның ішінде хирургиялық операциялар жүргізе отырып, шұғыл медициналық көмек көрсете алады.

Медициналық ден қоюмен қатар Қазақстан санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті де нығайтуда. Елдің барлық өңірлерінде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жедел ден қою топтары жұмыс істейді. Олар биологиялық, химиялық, радиациялық және өзге де қауіптердің салдарын жоюға дайындықты қамтамасыз етеді.

✍️2025 жылы 2025–2029 жылдарға арналған қоғамдық денсаулыққа төнетін қауіптерге дайындықты қамтамасыз ету және ден қою жөніндегі ұлттық жоспар бекітілді. Құжат ведомствоаралық оқу-жаттығуларды тұрақты өткізу, зертханалық әлеуетті дамыту, цифрлық инфрақұрылымды жетілдіру және шекарааралық эпидемиологиялық өзара іс-қимылды күшейту шараларын қамтиды.

«Ірі жер сілкіністері мен өзге де төтенше жағдайлар төндіретін қауіптерге ешбір ел жеке өзі тиімді қарсы тұра алмайды деп сенеміз. Тек тәжірибені, технологияларды және кәсіби құзыреттерді біріктіру арқылы ғана адамдардың өмірі мен денсаулығын сенімді қорғауды қамтамасыз ете аламыз. Қазақстан халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуға, үздік тәжірибелермен алмасуға, мамандарды бірлесіп даярлауға және төтенше жағдайларға жаһандық дайындық жүйесін нығайтуға әзір», – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.


🤝Конференция аясында қазақстандық делегация ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының және Түркия Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Кездесулер қорытындысы бойынша шұғыл медицина мамандарын даярлау, апаттар медицинасы қызметтерін дамыту және заманауи технологиялармен алмасу бағытындағы ынтымақтастықты кеңейту жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Түркі мемлекеттері ұйымы шеңберінде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы шұғыл медицина саласындағы өзара іс-қимылды дамыту жөніндегі базалық алаң ретінде айқындалды. Бұл бірлескен оқу-жаттығулар өткізуге, тәжірибе алмасуға және ірі төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде іс-қимылды жедел үйлестіруге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
🩺КАЗАХСТАН ПРЕДСТАВИЛ ОПЫТ ПО ПОДГОТОВКЕ СИСТЕМЫ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ К ЧС В СТАМБУЛЕ

Министр здравоохранения Республики Казахстан Акмарал Альназарова приняла участие в Министерской конференции Всемирной организации здравоохранения по вопросам управления чрезвычайными ситуациями при землетрясениях, которая прошла в Стамбуле.

🌍Международный форум объединил министров здравоохранения, руководителей международных организаций и ведущих экспертов для выработки совместных подходов к повышению устойчивости систем здравоохранения к последствиям природных катастроф.

Открывая свое выступление, глава Минздрава Казахстана поблагодарила Правительство Турецкой Республики и Европейское региональное бюро Всемирной организации здравоохранения за организацию конференции, подчеркнув важность международного взаимодействия в условиях возрастающих глобальных рисков.

🏥Министр подчеркнула, что Казахстан относится к числу государств с высоким сейсмическим риском: около 40% территории страны находится в сейсмоопасной зоне. В этой связи государство последовательно укрепляет систему медицинского реагирования на чрезвычайные ситуации, совершенствуя инфраструктуру, подготовку кадров и механизмы межведомственного взаимодействия.

За последние годы в Казахстане реализован комплекс системных мер по повышению готовности к чрезвычайным ситуациям.

🚑Ключевым звеном медицинского реагирования на чрезвычайные ситуации является Национальный координационный центр экстренной медицины Министерства здравоохранения Республики Казахстан.

Сегодня Центр объединяет многопрофильную больницу, службу санитарной авиации и координирует работу 20 региональных станций скорой медицинской помощи, где ежедневно дежурят около 1 600 бригад. На территории страны также функционирует 41 трассовый медико-спасательный пункт, расположенный на наиболее аварийно-опасных участках автомобильных дорог.

🔷Особое внимание уделяется развитию мобильных медицинских формирований. Центр медицины катастроф располагает специализированными отрядами в Алматы и Усть-Каменогорске, оснащенными современными полевыми мобильными госпиталями, способными автономно работать до 14 суток и оказывать экстренную медицинскую помощь до 200 пострадавшим в сутки, включая проведение хирургических операций.

Наряду с медицинским реагированием Казахстан укрепляет санитарно-эпидемиологическую безопасность. Во всех регионах страны функционируют группы быстрого реагирования Комитета санитарно-эпидемиологического контроля, обеспечивающие готовность к ликвидации последствий биологических, химических, радиационных и иных угроз.

✍️В 2025 году утвержден Национальный план обеспечения готовности и реагирования на угрозы общественному здоровью на 2025–2029 годы, предусматривающий проведение регулярных межведомственных учений, развитие лабораторного потенциала, совершенствование цифровой инфраструктуры и усиление трансграничного эпидемиологического взаимодействия.

«Мы убеждены, что ни одна страна не способна в одиночку эффективно противостоять угрозам, которые несут крупные землетрясения и другие чрезвычайные ситуации. Только объединяя опыт, технологии и профессиональные компетенции, мы сможем обеспечить надежную защиту жизни и здоровья людей. Казахстан готов к самому активному международному сотрудничеству, обмену лучшими практиками, совместной подготовке специалистов и укреплению глобальной системы готовности к чрезвычайным ситуациям», - подчеркнула Акмарал Альназарова.


🤝В ходе конференции казахстанская делегация также провела ряд двусторонних встреч с руководством Европейского регионального бюро ВОЗ и Министерства здравоохранения Турецкой Республики, по итогам которых достигнуты договоренности о расширении сотрудничества в подготовке специалистов экстренной медицины, развитии служб медицины катастроф и обмене современными технологиями.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В рамках Организации тюркских государств Национальный координационный центр экстренной медицины определен базовой площадкой по развитию взаимодействия в области экстренной медицины, что позволит проводить совместные учения, обмениваться опытом и оперативно координировать действия при ликвидации последствий крупных чрезвычайных ситуаций.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
🏥КАРДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ 5 ЖЫЛ МЕРЗІМГЕ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ЖӘНЕ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУДЕН СӘТТІ ӨТТІ

2026 жылғы маусымда өткен «Білім беру және денсаулық сақтаудағы аккредиттеу және сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Еуразиялық орталық» (ЕАО) Аккредиттеу кеңесінің отырысының қорытындысы бойынша Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты институционалдық аккредиттеуден, сондай-ақ резидентураның білім беру бағдарламалары бойынша мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтіп, аккредиттеу талаптарында көзделген ең жоғары мерзім – 5 жылға аккредиттелді.

🔠Институттың білім беру қызметінің сапасы жоғары бағаланып, келесі даярлау бағыттары бойынша 7 білім беру бағдарламасы бес жыл мерзімге аккредиттелді: «Ересектер және балалар кардиологиясы», «Ересектер және балалар эндокринологиясы», «Ересектер және балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы», «Ересектер және балалар ревматологиясы», «Ересектер және балалар аллергологиясы және иммунологиясы», «Ересектер және балалар пульмонологиясы» және «Терапия».

Ең жоғары мерзімге аккредиттеуден өту мамандар даярлау деңгейінің жоғары екенін, сондай-ақ институт ұжымының кәсіби, үйлесімді және мақсатты жұмысының нәтижесін айғақтайды.

🔬Сыртқы сараптамалық бағалау барысында дәрігерлік практика мен ғылымдағы озық инновациялық технологиялар, білім беру бағдарламаларының заманауи ұлттық және халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігі, білім беру, ғылым және клиникалық практиканың тиімді ықпалдастырылуы, сондай-ақ жоғары білікті медицина кадрларын даярлау бойынша жүйелі жұмыс ерекше атап өтілді.

«Біздің институттағы резидентура білім беру, ғылым және практикалық денсаулық сақтауды үздіксіз ықпалдастыру қағидатына негізделген. Резиденттер оқудың алғашқы күнінен бастап академиялық және клиникалық ортаға толыққанды тартылады. Олар профессорлық тексерулер мен ғылыми-практикалық талқылаулардың толыққанды қатысушылары болып табылады. Жас мамандарға тәжірибелі профессор-тәлімгерлердің бекітілуі терең зерттеушілік ойлау қабілеті мен пәнаралық өзара іс-қимыл дағдылары қалыптасқан жаңа буын клиницист-дәрігерлерді даярлауға мүмкіндік береді», – деді Басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев.


🥇Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуді бес жыл мерзімге алу институт ұжымының жетістіктерін маңызды мойындау болып табылады және КІАҒЗИ-дың ұлттық денсаулық сақтау жүйесі үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын еліміздің жетекші ғылыми-клиникалық әрі білім беру орталықтарының бірі ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте растады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏥НИИ КВБ УСПЕШНО ПРОШЕЛ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНУЮ И СПЕЦИАЛИЗИРОВАННУЮ АККРЕДИТАЦИЮ СРОКОМ НА 5 ЛЕТ

По итогам заседания Аккредитационного совета Евразийского Центра Аккредитации и обеспечения качества образования и здравоохранения» (ЕЦА), состоявшегося в июне 2026 года, Научно-исследовательский институт кардиологии и внутренних болезней успешно прошел институциональную аккредитацию, а также специализированную аккредитацию образовательных программ резидентуры сроком на 5 лет - максимальный период, предусмотренный аккредитационными требованиями.

🔠Высокую оценку качества образовательной деятельности получили 7 образовательных программ по таким направлениям подготовки, как: «Кардиология взрослая, детская», «Эндокринология взрослая, детская», «Анестезиология и реаниматология взрослая, детская», «Ревматология взрослая, детская», «Аллергология и иммунология взрослая, детская», «Пульмонология взрослая, детская» и «Терапия».

Получение аккредитации на максимальный срок является подтверждением высокого уровня подготовки специалистов, результатом профессиональной, слаженной и целенаправленной работы коллектива института.

🔬В ходе внешней экспертной оценки были отмечены передовые инновационные технологии во врачебной практике и науке, соответствие образовательных программ современным национальным и международным стандартам качества, эффективная интеграция образования, науки и клинической практики, а также системная работа по подготовке высококвалифицированных медицинских кадров.

«Резидентура нашего института основана на принципе непрерывной интеграции образования, науки и практического здравоохранения. Резиденты с первых дней обучения погружены в академическую и клиническую вертикаль. Они являются полноправными участниками профессорских обходов и научно-практических разборов. Закрепление за молодыми специалистами опытных наставников-профессоров позволяет нам готовить врача новой формации - клинициста, обладающего глубоким исследовательским мышлением и навыками междисциплинарного взаимодействия», - отметил председатель Правления Рустем Тулеутаев.


🥇Получение институциональной и специализированной аккредитации сроком на пять лет является важным признанием достижений коллектива и подтверждает статус НИИ КВБ как одного из ведущих научно-клинических и образовательных центров страны, обеспечивающего подготовку конкурентоспособных специалистов для национальной системы здравоохранения.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🤰ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ БОСАНДЫРУ ҚЫЗМЕТІНЕ САРАПТАМАЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жетекші мамандарынан құралған топ Жамбыл облысына акушерлік, гинекология және клиникалық эпидемиология қызметтеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік әрі практикалық көмек көрсету мақсатында жұмыс сапарымен барды.

👨‍⚕️Сарапшылар тобының құрамына UMC Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының, Ұлттық акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының, Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларындағы жетекші босандыру ұйымдарының акушер-гинекологтары, анестезиолог-реаниматологтары мен эпидемиологтары кірді.

Үш күндік жұмыс барысында мамандар 14 медициналық ұйымға барды. Оның ішінде облыс орталығындағы төрт стационар, бес қалалық емхана, бес орталық аудандық аурухана (Шу, Талас, Сарысу, Байзақ және Тұрар Рысқұлов аудандары), сондай-ақ Тараз қаласындағы медициналық колледж қамтылды.

🩺Сапар барысында жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге медициналық көмекті жетілдіруге бағытталған ұйымдастырушылық-әдістемелік іс-шаралар кешені өткізілді.

Сарапшылар клиникалық тексерулер жүргізіп, пациенттерге консультациялық көмек көрсетті, дәрігерлерге практикалық қолдау білдірді, күрделі клиникалық жағдайларды талдап, жұмыс орындарында мастер-кластар өткізіп, өңірлік мамандармен тәжірибе алмасты.

🎓Сонымен қатар, акушерлік және клиникалық эпидемиология саласындағы заманауи тәсілдерге арналған оқыту семинарлары ұйымдастырылып, оған Жамбыл облысының 140-тан астам медицина қызметкері қатысты.

Жұмыс қорытындылары 3 шілде күні өңірдегі медициналық ұйымдардың басшыларымен өткен кеңесте шығарылды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сержан Назарбек өңірдің босандыру қызметінің негізгі буыны болып саналатын облыстық перинаталдық орталықты жаңғырту және кадрлық әлеуетті нығайту қажеттігін атап өтті.

Сапар шеңберінде пациенттерге практикалық көмек көрсетуге де ерекше назар аударылды. Елдің жетекші реаниматологтары өңірлік мамандармен бірлесіп ауыр жағдайдағы пациенттерге консультация беріп, оларды әрі қарай емдеу тәсілін айқындап, медициналық ұйымдарға сараптамалық қолдау көрсетті.

Сарапшылар жүкті әйелдердегі қауіп факторларын уақтылы анықтау, пациенттерді тиімді бағыттау, сондай-ақ аналар мен жаңа туған нәрестелердің денсаулығын сақтау мақсатында пәнаралық өзара іс-қимылды күшейту бойынша ұсынымдар берді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤰МИНЗДРАВ ОКАЗАЛ ЭКСПЕРТНУЮ ПОДДЕРЖКУ СЛУЖБЕ РОДОВСПОМОЖЕНИЯ ЖАМБЫЛСКОЙ ОБЛАСТИ

Группа ведущих специалистов Министерства здравоохранения выезжала в Жамбылскую область для оказания организационно-методической и практической помощи службам акушерства, гинекологии и клинической эпидемиологии.

👨‍⚕️В состав экспертной группы вошли акушеры-гинекологи, анестезиологи-реаниматологи и эпидемиологи Национального центра материнства и детства UMC, Национального научного центра акушерства, гинекологии и перинатологии, Национального центра общественного здравоохранения, а также ведущих организаций родовспоможения городов Алматы и Шымкента.

За три дня работы специалисты посетили 14 медицинских организаций, в том числе четыре стационара областного центра, пять городских поликлиник, пять центральных районных больниц (Шуского, Таласского, Сарысуского, Байзакского районов и района имени Турара Рыскулова), а также медицинский колледж города Тараз.

🩺В ходе визита проведен комплекс организационно-методических мероприятий, направленных на совершенствование оказания медицинской помощи беременным женщинам, роженицам и новорожденным.

Эксперты провели клинические обходы, консультировали пациентов, оказывали практическую помощь врачам, разбирали сложные клинические случаи, проводили мастер-классы непосредственно на рабочих местах и делились опытом с региональными специалистами.

🎓В рамках визита состоялись образовательные семинары по современным подходам в акушерстве и клинической эпидемиологии, участниками которых стали более 140 медицинских работников Жамбылской области.

Итоги работы были подведены 3 июля на совещании с руководителями медицинских организаций региона. Директор Департамента охраны здоровья матери и ребенка МЗРК Магрипа Ембергенова и руководитель Управления здравоохранения региона Сержан Назарбек отметили необходимость укрепления кадрового потенциала и проведения реновации областного перинатального центра, который является ключевым звеном службы родовспоможения региона.

Отдельное внимание уделено оказанию практической помощи пациентам. Ведущие реаниматологи страны совместно с региональными специалистами консультировали тяжелых пациентов, определяли дальнейшую тактику лечения и оказывали экспертную поддержку медицинским организациям.

Эксперты дали рекомендации по своевременному выявлению факторов риска у беременных женщин, эффективной маршрутизации пациентов и укреплению междисциплинарного взаимодействия для сохранения здоровья матерей и новорожденных.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿ҚАЗАҚСТАНДА ЕЛОРДА КҮНІ 448 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Елорда күні – 6 шілдеде еліміздің медициналық ұйымдарында 448 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 223 ұл және 225 қыз бар. Мереке күні Қазақстанда екі егіз дүниеге келді, олардың екеуі де Астана қаласында туған.

📈Ең көп нәресте – 67 сәби Түркістан облысында дүниеге келді. Алматы қаласында 44 сәби өмір есігін ашса, Шымкент қаласы мен Алматы облысында 40 нәрестеден тіркелді.

Босандыру қызметін көрсететін медициналық ұйымдардың мамандары тәулік бойы жүкті, босанатын әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге қауіпсіз әрі сапалы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

👏Сәбилері осындай айтулы күні дүниеге келген ата-аналарды шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа туған нәрестелер мен олардың аналарына зор денсаулық, амандық, бақ-береке және жарқын болашақ тілейміз!

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿В КАЗАХСТАНЕ В ДЕНЬ СТОЛИЦЫ РОДИЛИСЬ 448 МАЛЫШЕЙ

В День столицы, 6 июля, в медицинских организациях республики на свет появились 448 детей. Из них 223 мальчика и 225 девочек. В этот праздничный день в стране также родились две двойни, обе – в Астане.

📈Наибольшее количество новорожденных зарегистрировано в Туркестанской области, где родились 67 детей. В Алматы появились на свет 44 малыша, по 40 новорожденных зарегистрировано в Шымкенте и Алматинской области.

Медицинские работники родовспомогательных организаций в круглосуточном режиме обеспечивают безопасное ведение беременности, родов и оказание необходимой помощи новорожденным.

👏Поздравляем родителей с рождением малышей в такой знаменательный день и желаем новорожденным и их матерям крепкого здоровья, благополучия и счастливого будущего!

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1