ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.63K subscribers
17.2K photos
1.3K videos
28 files
3.72K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
🎈Жаңа Конституция күшіне енген күні 857 кішкентай қазақстандық дүниеге келді

1 шілдеде, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енген күні елімізде 857 сәби өмірге келді. Жүздеген отбасы үшін бұл күн мемлекет тарихындағы ғана емес, өз әулеттерінің де ерекше күніне айналды.

🏥Өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының мәліметінше, дүниеге келген нәрестелердің 435-і – ұл, 422-сі – қыз. Сонымен қатар Атырау және Алматы облыстарында екі егіз сәби дүниеге келді.

Әрбір жаңа өмір – елдің жарқын болашағына бастар маңызды қадам. Жаңа Конституция күшіне енген тарихи күні 857 кішкентай қазақстандықтың өмірге келуі – мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңімен үндескен айрықша оқиға.

💐Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарды отбасындағы қуанышты жаңалықпен құттықтап, сәбилерге зор денсаулық, бақытты балалық шақ және амандық тілейді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔1
🎈857 казахстанцев родилось в день вступления в силу новой Конституции

1 июля, в день вступления в силу Новой Конституции Республики Казахстан, в стране родились 857 детей. Для сотен семей эта дата стала особенной не только в истории государства, но и в истории их семей.

🏥По данным УЗ регионов, среди новорожденных — 435 мальчиков и 422 девочки. Кроме того, в Атырауской и Алматинской областях родились две пары близнецов.

Каждое рождение — это еще один шаг в будущее страны. Символично, что 857 маленьких казахстанцев начали свою жизнь в день, который ознаменовал новый этап конституционного развития государства.

💐Министерство здравоохранения поздравляет родителей с пополнением в семьях и желает новорожденным крепкого здоровья, счастливого детства и благополучия.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1🤔1
🤰Ана мен баланың саулығын сақтау - мемлекеттің басты басымдығының бірі.

Елімізде жүкті әйелдер мен балаларға медициналық көмек мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек аясында көрсетіледі. Болашақ аналар жүктілік кезінде дәрігердің тұрақты бақылауында болып, қажетті тексеру мен скринингтерден өтеді. Босану кезінде білікті медицина мамандары көмек көрсетеді. Сәби өмірге келгеннен кейін патронаждық қызмет ұйымдастырылып, профилактикалық қарап-тексерулер жүргізіледі, Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес екпе салынып, баланың өсуі мен дамуы ұдайы бақылауда болады.

Ана мен баланы қорғау жүйесін жетілдіру - мемлекет назарындағы маңызды міндеттің бірі. Бұл әрбір ананың өзіне де, дүниеге келген әрбір сәбиге де сапалы, қауіпсіз әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетуге бағытталған.

🎙️Бұл туралы Алматы №36 қалалық емхана дәрігері Алимбаева Мөлдір Торксбаевна айтып берді.

Дені сау ана - дені сау бала - Қазақстанның жарқын келешегі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤰Охрана здоровья матери и ребенка — один из государственных приоритетов.

В Казахстане будущие мамы и дети получают медицинскую помощь в рамках государственных гарантий. Беременным доступны наблюдение, обследования и скрининги, во время родов помощь оказывают квалифицированные специалисты, а после рождения ребенка обеспечиваются патронаж, профилактические осмотры, вакцинация и динамическое наблюдение.

Государство продолжает развивать систему охраны материнства и детства, чтобы каждая женщина и каждый ребенок могли получать качественную, безопасную и доступную медицинскую помощь.

🎙️Рассказала врач городской поликлиники № 36 города Алматы Алимбаева Молдир Торксбаевна.

Здоровая мама — здоровый ребенок — здоровое будущее Казахстана.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💊ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ СҚ-ФАРМАЦИЯМЕН БІРЛЕСІП 2027 ЖЫЛҒА ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕРДІ САТЫП АЛУДЫ МЕРЗІМІНЕН ҮШ АЙ БҰРЫН БАСТАДЫ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Бірыңғай дистрибьютормен бірлесіп 2027 жылға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу науқанын бастады.
Биыл алғаш рет сатып алу науқаны 2026 жылғы 1 шілдеде, яғни белгіленген мерзімнен үш ай бұрын басталды. Ал стационарлық медициналық көмек көрсетуге арналған сатып алу рәсімдері 22 маусымнан бастап жүргізілуде.

🤝💊Сатып алу науқанының мерзімінен бұрын басталуы жеткізушілермен келісімшарттарды алдын ала жасасуға, қажетті қорларды қалыптастыруға және медициналық ұйымдарды 2027 жылдың алғашқы күндерінен бастап дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Науқанды іске қосуға дайындық барысында Денсаулық сақтау министрлігі нормативтік құқықтық базаны өзектендіру, баға белгілеу мәселелерін реттеу және өңірлердің қажеттілігін қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізді.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармалары медициналық ұйымдардың нақты қажеттіліктерін, жеткізу көлемдері мен кестелерін ескере отырып өтінімдерін ұсынды.

2027 жылы 2 174 атаудағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу жоспарланып отыр.

Қаржыландыру көлемінің ұлғаюы азаматтарды қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың басымдығын көрсетеді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясындағы әлеуметтік міндеттемелерді іске асыру аясында мемлекет халықты дәрілік қамтамасыз ету бағдарламаларын қажетті қаржылық ресурстармен жүйелі түрде қамтамасыз етуде.

📋Сатып алу науқанын мерзімінен бұрын бастау – Денсаулық сақтау министрлігі мен Бірыңғай дистрибьютордың халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі.

Қабылданған шаралар жоспарлау сапасын арттыруға, жеткізілімдердің уақытылы орындалуын қамтамасыз етуге және пациенттерді дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етудегі үзілістер тәуекелін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

📌Сатып алу науқанының барысы және өзекті ақпаратпен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «СҚ-Фармация» ЖШС-нің ресми ақпараттық ресурстарында танысуға болады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💊МИНЗДРАВ СОВМЕСТНО С «СК-ФАРМАЦИЯ» НАЧИНАЕТ ЗАКУП ЛЕКАРСТВ НА 2027 ГОД НА ТРИ МЕСЯЦА РАНЬШЕ СРОКА


Министерство здравоохранения РК совместно с Единым дистрибьютором приступило к закупу лекарственных средств и медицинских изделий на 2027 год. Впервые закупочная кампания стартовала 1 июля 2026 года – на три месяца раньше срока, для стационарной помощи процедуры начались 22 июня.

💊🤝Ранний старт позволяет заблаговременно заключить договоры с поставщиками, сформировать необходимые запасы и обеспечить поставки в медицинские организации с первых дней 2027 года.

Для подготовки к запуску кампании Министерством здравоохранения была проведена масштабная работа по актуализации нормативно-правовой базы, урегулированию вопросов ценообразования и формированию потребности регионов, управлениями здравоохранения регионов представлены заявки с учетом потребностей медицинских организаций, объемов и графиков поставок.

В 2027 году планируется закупить 2 174 наименования лекарственных средств и медицинских изделий.

Увеличение финансирования отражает приоритет государственной политики, направленной на обеспечение граждан доступной и качественной медицинской помощью.

В условиях реализации положений новой Конституции РК государство последовательно усиливает социальную направленность системы здравоохранения, обеспечивая необходимыми финансовыми ресурсами программы лекарственного обеспечения населения.

📋Заблаговременный запуск закупочной кампании – это часть системной работы Министерства здравоохранения и Единого дистрибьютора по совершенствованию лекарственного обеспечения. Принятые меры позволят повысить качество планирования, обеспечить своевременность поставок и минимизировать риски перебоев в обеспечении пациентов лекарственными средствами и медицинскими изделиями.

📌Следить за ходом закупочной кампании и актуальной информацией можно на официальных ресурсах Министерства здравоохранения и ТОО «СК-Фармация».

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📊ҚАЗАҚСТАН ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ӘЛЕМДІК РЕЙТИНГТЕ ЖОҒАРЫЛАДЫ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ САПАСЫ БОЙЫНША КӨРСЕТКІШТЕР ЖАҚСАРДЫ

🇰🇿🇺🇳Қазақстан БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу жөніндегі әлемдік рейтингтегі өз позициясын жақсартты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміз 169 мемлекеттің ішінде 67-орынға ие болып, өткен жылмен салыстырғанда бірден 3 сатыға көтерілді. Ең елеулі ілгерілеу денсаулық сақтау саласында байқалды: халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығы артты, нәрестелер мен бес жасқа дейінгі балалар арасындағы өлім төмендеді, сондай-ақ туберкулезбен сырқаттанушылық айтарлықтай азайды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған Тұрақты даму мақсаттары халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны сақтауға бағытталған 17 жаһандық мақсатты біріктіреді. Солардың ішіндегі негізгі бағыттардың бірі – №3 мақсат – «Жақсы денсаулық және әл-ауқат».

📊Қазақстан 2015 жылдан бері Тұрақты даму саласындағы күн тәртібін мемлекеттік жоспарлау жүйесіне кезең-кезеңімен енгізіп, дәйекті түрде іске асырып келеді. Қазіргі таңда ұлттық мониторинг жүйесі 280 индикаторды қамтиды, оның ішінде 205-і – жаһандық, 75-і – ұлттық көрсеткіштер. «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» бағыты бойынша 29 көрсеткішке мониторинг жүргізіледі.

Денсаулық сақтау бағыты бойынша ТДМ-ның жаһандық индексін есептеу кезінде 14 негізгі көрсеткіш бағаланады. Олардың басым бөлігі бойынша Қазақстан оң серпін көрсетуде.

📉Атап айтқанда, неонаталдық өлім коэффициенті 9,3%-ға төмендеді. Сондай-ақ бес жасқа дейінгі балалар өлім-жітімінің көрсеткіші 2,1%-ға азайды.

🤩Ең маңызды нәтижелердің бірі – бір жыл ішінде туберкулезбен сырқаттанушылықтың 36%-ға төмендеуі болды.

🌿Экологиялық факторлармен байланысты денсаулық көрсеткіштері де жақсаруда. Атмосфералық және тұрмыстық ауаның ластануына байланысты өлім 29%-ға төмендеді.

📊Тағы бір маңызды көрсеткіш – халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығының 0,3 жылға артуы.

📈Сонымен қатар, 15–19 жас аралығындағы қыздар арасындағы жасөспірімдер жүктілігінің көрсеткіші 12,7%-ға төмендеп, оң динамика байқалды.

Қол жеткізілген нәтижелер денсаулық сақтау жүйесін дамыту, профилактикалық бағдарламаларды кеңейту, ана мен бала денсаулығын қорғау, әлеуметтік мәні бар аурулармен күресу және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетеді.

Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың ұзақ мерзімді басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📈КАЗАХСТАН ПОДНЯЛСЯ В МИРОВОМ РЕЙТИНГЕ УСТОЙЧИВОГО РАЗВИТИЯ: УЛУЧШЕНЫ ПОЗИЦИИ ПО КАЧЕСТВУ УСЛУГ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ

🇰🇿🇺🇳Казахстан улучшил свои позиции в мировом рейтинге достижения Целей устойчивого развития (ЦУР) ООН. По итогам 2025 года страна заняла 67-е место среди 169 государств, поднявшись сразу на 3 позиции по сравнению с прошлым годом. Наиболее заметный прогресс отмечен в сфере здравоохранения: выросла продолжительность жизни, снизились младенческая и детская смертность, а также значительно сократилась заболеваемость туберкулезом.

Цели устойчивого развития, принятые Организацией Объединенных Наций, объединяют 17 глобальных направлений, направленных на повышение качества жизни людей, устойчивый экономический рост и сохранение окружающей среды. Одной из ключевых является Цель №3 — «Хорошее здоровье и благополучие».

📊Казахстан последовательно реализует Повестку дня в области устойчивого развития с 2015 года, интегрируя ее в систему государственного планирования. Сегодня национальная система мониторинга включает 280 индикаторов, из которых 205 являются глобальными и 75 — национальными. По направлению «Хорошее здоровье и благополучие» ведется мониторинг 29 показателей.

При расчете мирового Индекса ЦУР по направлению здравоохранения оцениваются 14 ключевых показателей. По большинству из них Казахстан демонстрирует положительную динамику.

📉Так, коэффициент неонатальной смертности снизился на 9,3%. Улучшился и показатель смертности детей в возрасте до пяти лет на 2,1%.

🤩Одним из наиболее заметных результатов стало снижение заболеваемости туберкулезом — на 36% всего за год.

🌿Продолжает улучшаться экологический показатель здоровья. Смертность, связанная с загрязнением атмосферного и бытового воздуха, снизилась на 29%.

📊Еще одним важным индикатором стало увеличение ожидаемой продолжительности жизни на 0,3 года.

📈Положительная динамика отмечается и по подростковой рождаемости – среди девушек в возрасте от 15 до 19 лет, снизилась на 12,7%.

Достигнутые результаты отражают проводимую работу по развитию системы здравоохранения, расширению профилактических программ, охране здоровья матерей и детей, борьбе с социально значимыми заболеваниями и повышению доступности медицинской помощи. Реализация Целей устойчивого развития остается одним из долгосрочных направлений государственной политики, ориентированной на повышение качества жизни населения.


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM