ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.64K subscribers
17.1K photos
1.3K videos
28 files
3.71K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
⚡️Денсаулық сақтау министрлігі: Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық 13,1%-ға, өлім 25%-ға төмендеді

Соңғы бес айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда туберкулезге қатысты негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тұрақты оң динамика сақталуда.

📊Осы кезеңде туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейі 13,1%-ға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 28,6 жағдайды құрады. Аурудың таралу көрсеткіші 14,0%-ға азайып, 100 мың тұрғынға шаққанда 37,0 жағдайға дейін төмендеді. Ал туберкулезден болатын өлім бірден 25,0%-ға қысқарып, 100 мың тұрғынға шаққанда 0,7 жағдайды құрады.

Оң динамика балалар арасында да байқалады. 0–17 жас аралығындағы балалар арасында туберкулезбен сырқаттанушылық 5,7%-ға төмендеді. Сонымен қатар, 2024 және 2025 жылдары елімізде балалардың арасында туберкулезден қайтыс болудың бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ.

📊Қазақстанда туберкулезді анықтау, диагностикалау, емдеу және оның алдын алу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады. Бүгінде елімізде ауруды және оның қоздырғышының дәріге төзімділігін небәрі екі сағаттың ішінде анықтауға мүмкіндік беретін заманауи жедел диагностикалық әдістер қолданылады.

Емдеу барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған толықтай таблетка түріндегі заманауи қысқа мерзімді емдеу сызбалары пайдаланылады. Дәріге сезімтал және дәріге төзімді туберкулезді емдеудің тиімділігі ДДҰ-ның халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.

🩺Туберкулездің алдын алу шараларына ерекше назар аударылады. Бүгінде профилактикалық емдеудің тиімділігі 92,8%-ға жетті.

Қазақстанда пациентке бағдарланған медициналық көмек көрсету моделі де жүйелі түрде дамытылуда. Биылғы жылдың алғашқы бес айында пациенттердің 70%-ы емдеудің алғашқы күнінен бастап амбулаториялық жағдайда ем қабылдады. Олардың 39,2%-ы смартфондар арқылы бейнебақылаумен жүргізілетін ем қабылдаса, 57,5%-ы тікелей бақыланатын ем кабинеттерінде емделді. Ал 3,3%-ы күндізгі стационар жағдайында немесе мобильді бригадалардың көмегімен ем алды.
Амбулаториялық ем қабылдап жатқан пациенттердің 95%-дан астамы әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етілген.

🦠Туберкулез – ауа-тамшы жолы арқылы берілетін жұқпалы ауру. Дегенмен, дер кезінде анықталып, емдеу курсы толық сақталған жағдайда бұл дерт толық емделеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туберкулезбен сырқаттанушылық пен өлімді төмендету, профилактикалық бағдарламаларды кеңейту және туберкулезді қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы мәселе ретінде толық жою жөніндегі стратегиялық мақсатқа қол жеткізу бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Минздрав: в Казахстане заболеваемость туберкулёзом снизилась на 13,1 %, смертность - на 25%

По итогам последних пяти месяцев в Казахстане сохраняется устойчивая положительная динамика по основным эпидемиологическим показателям, характеризующим ситуацию с туберкулёзом.

📊За это время заболеваемость туберкулёзом снизилась на 13,1% и составила 28,6 на 100 тысяч населения. Распространённость заболевания уменьшилась на 14,0% - до 37,0 на 100 тысяч населения, а смертность сократилась сразу на 25,0%, составив 0,7 на 100 тысяч населения.

Положительная динамика отмечается и среди детей. Заболеваемость туберкулёзом среди детей 0 до 17 лет снизилась на 5,7%. При этом в 2024 и 2025 годах в стране не зарегистрировано ни одного случая смерти от туберкулёза среди детей.

📊Выявление, диагностика, лечение и профилактика туберкулёза в Казахстане проводятся в рамках гарантированного объёма бесплатной медицинской помощи. Сегодня в стране применяются современные экспресс-методы диагностики, позволяющие всего за два часа выявить заболевание и определить лекарственную устойчивость возбудителя.

Для лечения используются рекомендованные Всемирной организацией здравоохранения современные короткие полностью таблетированные схемы терапии. Эффективность лечения как лекарственно-чувствительного, так и лекарственно-устойчивого туберкулёза соответствует международным стандартам ВОЗ.

🩺Особое внимание уделяется профилактике. Отметим, что эффективность профилактического лечения достигла 92,8%.

В Казахстане также продолжается развитие пациент-ориентированной модели оказания помощи. За пять месяцев текущего года 70% пациентов находилось на амбулаторном лечении с первого дня. Из них 39,2% проходили видеонаблюдаемое лечение с использованием смартфонов, 57,5% получали терапию в кабинетах непосредственно контролируемого лечения, ещё 3,3% - в условиях дневного стационара или с помощью мобильных бригад. Более 95% пациентов, проходящих амбулаторное лечение, обеспечены мерами социальной поддержки.

🦠Туберкулёз - это инфекционное заболевание, передающееся воздушно-капельным путём. Однако при своевременной диагностике и полном соблюдении курса лечения он полностью излечим.

Министерство здравоохранения Республики Казахстан продолжает системную работу по снижению заболеваемости и смертности, расширению профилактических программ и достижению стратегической цели - ликвидации туберкулёза как проблемы общественного здравоохранения.


Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Президент:

«Развивается и отечественная медицина.  В целом по стране с 2019 года построено около 1300 медицинских объектов.
 
Средняя продолжительность жизни граждан составляет практически 76 лет. По данным Всемирного банка, Казахстан лидирует по этому показателю в регионе, что, несомненно, является значимым индикатором развития нашей страны.
 
Всем гражданам, независимо от их статуса застрахованности, гарантирована базовая медицинская помощь.
 
Кроме того, нашим соотечественникам доступны самые высокотехнологичные медицинские услуги – от нейрохирургии до репродуктивной медицины.
 
Параллельно мы создаем достойные условия труда для тех, кто посвятил себя служению обществу, конкретными действиями поднимаем престиж профессий педагога и врача. Заработная плата учителей, медиков и социальных работников планомерно повышается.
 
За последние три года существенное увеличение окладов – от 50 до 100 процентов – получили более одного миллиона двухсот тысяч человек».
 
t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Президент:

«Отандық медицина саласы да дамып келеді. Жалпы, 2019 жылдан бері елімізде шамамен 1300 денсаулық сақтау нысаны ашылды.
 
Азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жуықтады. Дүниежүзілік банктің мәліметіне сәйкес, осы көрсеткіш бойынша Қазақстан осы аймақта көш бастап тұр. Бұл ел дамуының нақты көрінісі екені сөзсіз.
 
Азаматтардың бәріне сақтандыру мәртебесіне қарамастан базалық медициналық көмек алуға кепілдік берілген.
 
Бұдан бөлек, отандастарымызға нейрохирургиядан бастап репродуктивті медицинаға дейінгі ең жоғары технологиялық медициналық ем-шаралардың барлығы қолжетімді.
 
Сонымен қатар қоғамға қызмет ету жолын таңдағандардың алаңсыз еңбек етуіне лайықты жағдай жасап жатырмыз. Нақты қадамдар арқылы ұстаздар мен дәрігерлердің беделін арттыра береміз.
 
Мұғалімдердің, медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы кезең-кезеңімен көтеріліп келеді.
 
Соңғы үш жылда 1,2 миллионнан астам адамның еңбекақысы 50 пайыздан 100 пайызға дейін артты».
 
t.me/aqorda_resmi
🌟🤩ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ КЕНЕ БЕЛСЕНДІЛІГІ МАУСЫМЫНДА ХАЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТТІ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі кене белсенділігі кезеңінде халықты қорғауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешенін іске асыруды жалғастыруда.

🇰🇿Еліміздің барлық эндемиялық өңірлерінде медициналық ұйымдардың дайындығы қамтамасыз етілді, кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілуде, қауіп тобына жататын азаматтарды вакцинациялау жалғасуда, иммуноглобулиннің қажетті қоры қалыптастырылып, тұрақты санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жүзеге асырылуда.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, маусым басталғалы бері кене шаққаннан кейін медициналық көмекке 13 мыңнан астам адам жүгінген. Денсаулық сақтау жүйесінің уақтылы ұйымдастырылған жұмысының нәтижесінде жүгінгендердің 90 пайыздан астамы кене энцефалитіне қарсы шұғыл профилактикамен қамтылды.

«Жаз мезгілінде табиғи-ошақтық инфекциялардың таралу қаупі дәстүрлі түрде артады. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі алдын ала профилактикалық іс-шаралар кешенін жүргізуде. Біз эпидемиологиялық мониторингті күшейттік, медициналық ұйымдарды иммуноглобулиннің қажетті қорымен қамтамасыз еттік, қауіп тобына жататын адамдарды вакцинациялауды және эндемиялық өңірлерде кенеге қарсы өңдеу жұмыстарын жалғастырып жатырмыз», – деді Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова.


🦠Кене энцефалиті табиғи-ошақтық инфекциялар қатарына жатады және негізінен аурудың табиғи ошақтары орналасқан аумақтарда тіркеледі.

Қазақстанда мұндай аумақтарға Алматы қаласы және оның маңайы, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары, Жетісу облысы, Абай облысының Көкпекті ауданы, Ақмола облысының Сандықтау ауданы және Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданы жатады.

👥Елімізде жыл сайын кене энцефалитінің 24-тен 48-ге дейінгі жағдайы тіркеледі. Биыл зертханалық жолмен аурудың 24 жағдайы расталды, бұл көпжылдық маусымдық көрсеткіштерге сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌟🤩МИНЗДРАВ УСИЛИЛ ЗАЩИТУ НАСЕЛЕНИЯ В СЕЗОН АКТИВНОСТИ КЛЕЩЕЙ

Министерство здравоохранения Республики Казахстан продолжает реализацию комплекса профилактических мероприятий по защите населения в период сезонной активности клещей.

🇰🇿Во всех эндемичных регионах страны обеспечена готовность медицинских организаций, проводятся противоклещевые обработки, продолжается вакцинация групп риска, сформирован необходимый запас иммуноглобулина и ведется постоянный санитарно-эпидемиологический мониторинг.

По данным Комитета санитарно-эпидемиологического контроля, с начала сезона после укусов клещей за медицинской помощью обратились более 13 тысяч человек. Благодаря своевременно организованной работе системы здравоохранения свыше 90% обратившихся получили экстренную профилактику против клещевого энцефалита.

«Летний период традиционно сопровождается повышением рисков природно-очаговых инфекций. Поэтому Министерством здравоохранения заблаговременно проводится комплекс профилактических мероприятий. Мы усилили эпидемиологический мониторинг, обеспечили медицинские организации необходимым запасом иммуноглобулина, продолжаем вакцинацию лиц из групп риска и противоклещевые обработки в эндемичных регионах», - отметила Главный государственный санитарный врач Республики Казахстан Сархат Бейсенова.


🦠Клещевой энцефалит относится к природно-очаговым инфекциям и регистрируется преимущественно на территориях с природными очагами заболевания.

В Казахстане к ним относятся город Алматы и его окрестности, Алматинская, Восточно-Казахстанская области, область Жетысу, Кокпектинский район области Абай, Сандыктауский район Акмолинской области и Айыртауский район Северо-Казахстанской области.

👥Ежегодно в стране регистрируется от 24 до 48 случаев клещевого энцефалита. В текущем году лабораторно подтверждены 24 случая заболевания, что соответствует многолетним сезонным показателям.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤩ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: 12 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ИММУНОГЛОБУЛИН АЛДЫ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі кенелердің маусымдық белсенділігі кезеңінде шұғыл профилактика жүргізуге ерекше назар аударады. Бүгінгі таңда 12 мыңға жуық адам кене шаққаннан кейін уақытылы кенеге қарсы иммуноглобулин алды.

Шұғыл профилактика жүргізу туралы шешімді дәрігер кене шаққан аумақты, медициналық көмекке жүгіну мерзімін, вакцинациялау мәртебесін және басқа да медициналық факторларды ескере отырып, әрбір жағдайда жеке қабылдайды.

«Бүгінде кене шаққаннан кейін медициналық көмекке жүгінген азаматтардың оннан тоғызы уақтылы шұғыл профилактика алады. Бұл – медициналық ұйымдардың дайындығы мен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмысының тиімділігін көрсететін маңызды көрсеткіш. Сонымен қатар профилактиканың нәтижелілігі адамның кене шаққаннан кейін медициналық көмекке қаншалықты жедел жүгінетініне тікелей байланысты. Сондықтан өзін-өзі емдеумен айналысуға немесе ықтимал қауіп-қатерді өз бетінше бағалауға болмайды», – деп атап өтті Сархат Бейсенова.


Қазіргі уақытта эндемиялық өңірлерде шамамен 16 литр көлемінде иммуноглобулин қоры қалыптастырылған. Маусым аяқталғанға дейін қажетті қорды сақтау мақсатында денсаулық сақтау басқармалары қосымша 31 литрден астам препарат сатып алуға өтінім берді.

Сонымен қатар қызметі инфекцияның табиғи ошақтарында болумен байланысты азаматтарды жоспарлы вакцинациялау жалғасуда. Жыл басынан бері кене энцефалитіне қарсы 9 мыңнан астам адам вакцина алды.

🏥Биыл көктемнің ерте келуі және қолайлы ауа райы жағдайлары кенелердің белсенділігінің ертерек басталуына ықпал етті. Осыған байланысты медициналық ұйымдарға жүгінген азаматтар саны артты.

Эпидемиологиялық қадағалау шеңберінде кене энцефалитіне күдікпен 454 адам тексерілді. Бұдан бөлек, адамдардан алынған 1 200 кене зертханалық зерттеуден өтті. Кене энцефалиті вирусы небәрі 20 үлгіден анықталды, бұл зерттелген кенелердің жалпы санының 1,7%-ын құрайды.

🌇Профилактиканың негізгі бағыттарының бірі – кенеге қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізу. Өңдеу жұмыстарының бірінші кезеңі еліміздің барлық эндемиялық өңірлерінде аяқталды. Екінші кезең Алматы қаласында, Алматы облысында және Жетісу облысында толық аяқталды. Қалған өңірлерде жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

Денсаулық сақтау министрлігі кенелердің белсенділік маусымы әлі де жалғасып жатқанын еске салады. Орманды, саябақтарды және басқа да табиғи аумақтарды аралау кезінде ұзын жеңді, ашық түсті жабық киім кию, репелленттер пайдалану, сондай-ақ киім мен дененің ашық бөліктерін жүйелі түрде қарап отыру ұсынылады.

🤩Теріге қадалған кене анықталған жағдайда оны қауіпсіз алып тастау және шұғыл профилактика жүргізу мәселесін шешу үшін мүмкіндігінше тезірек медициналық ұйымға жүгіну қажет.

Егер кене шаққаннан кейін дене қызуы көтерілсе, бас ауруы, әлсіздік немесе басқа да белгілер пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгініп, дәрігерге міндетті түрде кене шаққаны туралы хабарлау қажет.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤩МИНЗДРАВ: ОКОЛО 12 ТЫСЯЧ ЧЕЛОВЕК ПОЛУЧИЛИ ПРОТИВОКЛЕЩЕВОЙ ИММУНОГЛОБУЛИН

Министерство здравоохранения уделяет особое внимание проведению экстренной профилактики в период сезонной активности клещей. На сегодня около 12 тысяч человек своевременно получили противоклещевой иммуноглобулин.
Решение о проведении экстренной профилактики принимается врачом индивидуально с учетом территории укуса, сроков обращения, прививочного статуса и других медицинских факторов.

«Сегодня более девяти из десяти граждан, обратившихся после укусов клещей, своевременно получают экстренную профилактику. Это показатель готовности медицинских организаций и эффективности работы санитарно-эпидемиологической службы.
Вместе с тем, эффективность профилактики напрямую зависит от того, насколько быстро человек обращается за медицинской помощью после укуса клеща. Поэтому не стоит заниматься самолечением или пытаться самостоятельно оценить возможные риски», - подчеркнула Сархат Бейсенова.


В настоящее время в эндемичных регионах сформирован запас иммуноглобулина объемом порядка 16 литров. Для поддержания необходимого запаса до завершения сезона управлениями здравоохранения уже поданы заявки на дополнительную закупку более 31 литра препарата.

Параллельно продолжается плановая вакцинация граждан, профессиональная деятельность которых связана с пребыванием в природных очагах инфекции. С начала года против клещевого энцефалита вакцинировано более 9 тысяч человек.

🏥В этом году раннее наступление весны и благоприятные погодные условия способствовали более ранней активности клещей. В этой связи увеличилось количество обращений граждан в медицинские организации.

В рамках эпидемиологического надзора обследованы 454 человека с подозрением на клещевой энцефалит. Кроме того, исследовано 1 200 клещей, снятых с людей. Вирус клещевого энцефалита обнаружен лишь в 20 образцах, что составляет 1,7% от общего количества исследованных клещей.

🌇Одним из ключевых направлений профилактики остается проведение противоклещевых обработок. Первый этап обработок завершен во всех эндемичных регионах страны. Второй этап уже завершен в городе Алматы, Алматинской области и области Жетысу. В остальных регионах работы проводятся в соответствии с утвержденными графиками.

Министерство здравоохранения напоминает, что сезон активности клещей продолжается. При посещении лесных, парковых и других природных территорий рекомендуется носить закрытую светлую одежду с длинными рукавами, использовать репелленты, регулярно осматривать одежду и открытые участки тела.

🤩При обнаружении присосавшегося клеща необходимо как можно скорее обратиться в медицинскую организацию для его безопасного удаления и решения вопроса о проведении экстренной профилактики.

При повышении температуры тела, появлении головной боли, слабости или других симптомов после укуса клеща необходимо незамедлительно обратиться за медицинской помощью и обязательно сообщить врачу о факте укуса.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM