ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.63K subscribers
17.2K photos
1.3K videos
28 files
3.72K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
⚡️VI КОНГРЕСС НЕЙРОХИРУРГОВ: В КАЗАХСТАНЕ ЕЖЕГОДНО ВЫПОЛНЯЕТСЯ 36 ТЫСЯЧ ОПЕРАЦИЙ


В Караганде проходит VI Конгресс нейрохирургов Казахстана, приуроченный к 35-летию Независимости Республики Казахстан.

🔷В мероприятии принимают участие ведущие отечественные специалисты в области нейрохирургии, представители Национального центра нейрохирургии, врачи из регионов страны, а также резиденты и молодые специалисты – всего порядка 200 делегатов со всех регионов Казахстана.

В ходе Конгресса рассматриваются актуальные вопросы развития нейрохирургической службы, современные подходы к диагностике и лечению нейрохирургических заболеваний, сложные клинические случаи, перспективы развития региональной нейрохирургии и внедрения новых технологий в практическое здравоохранение.

📌Министр здравоохранения РК Акмарал Альназарова, приветствуя участников Конгресса, отметила, что в Казахстане сформирована многоуровневая система нейрохирургической помощи и продолжается развитие высокотехнологичной медицины.

«Ежегодно в стране выполняется более 36 тысяч нейрохирургических операций, в клиническую практику активно внедряются современные микронейрохирургические технологии, малоинвазивные и эндоскопические вмешательства.
Конгресс является уникальной площадкой для профессионального диалога, обмена опытом и обсуждения сложных клинических случаев», – подчеркнула министр.

➡️В свою очередь, президент Казахской ассоциации нейрохирургов, академик Серик Акшулаков сообщил, что Конгресс стал традиционной площадкой для обсуждения актуальных вопросов развития нейрохирургической службы страны, внедрения новых технологий и подготовки кадров.
Особое значение мероприятию придает то, что Конгресс проходит в год 35-летия Независимости Республики Казахстан.

«За годы независимости отечественная нейрохирургия прошла значительный путь развития — от создания специализированных центров и подготовки кадров до внедрения высокотехнологичной медицинской помощи на уровне международных стандартов», – отметил академик.


Сегодня казахстанские нейрохирурги активно участвуют в международных научных проектах, публикуются в ведущих профильных изданиях и представляют страну на мировых профессиональных площадках.

❗️Проведение подобных научно-практических мероприятий способствует дальнейшему развитию отечественной нейрохирургии, повышению качества медицинской помощи и профессиональной подготовке молодых специалистов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🛎БАЛҚАШ АУРУХАНАСЫНДА ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІНЕН ЖҮРГІЗІЛГЕН АУҚЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Қарағанды облысында Балқаш көпбейінді ауруханасын ауқымды жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жұмыстарды қаржыландыру Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қайтарылған активтердің есебінен жүзеге асырылды.

Балқаш, Приозерск қалаларының, Саяқ кентінің, сондай-ақ Шет және Ақтоғай аудандарының тұрғындары жаңартылған корпустарда диагностика мен ем алудың жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізді.

🏥Аурухана 340 төсекке арналған және барлық дерлік бейінді бөлімшелерді қамтиды. Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде негізгі ғимаратқа ауданы шамамен 1,4 мың шаршы метр болатын жаңа қосымша корпус салынды.

Мұнда қолданыстағы барлық стандарттарға сәйкес келетін заманауи қабылдау бөлімі орналастырылды. Пациенттердің ыңғайлылығы үшін жоспарлы және шұғыл емдеуге жатқызуға арналған бөлек кіреберістер қарастырылған. Бірінші қабатта екі операциялық бөлме – шұғыл операцияларға және жоғары технологиялық тері арқылы жасалатын араласуларға арналған операциялық бөлмелер ашылды. Онда жедел жүрек-қан тамырлары аурулары кезінде коронарография мен стенттеу жүргізіледі.

«Пациенттерді диагностикалау және емдеу үшін қосымша жабдықтармен жарақталған заманауи монопландық ангиограф, магниттік-резонанстық және компьютерлік томографтар, MEDRAD Mark 7 Arterion инъекциялық жүйесі, нейрохирургиялық микроскоп және барлық қажетті медициналық бұйымдар сатып алынды», – деді аурухана директоры Серікбол Түсүпбеков.


🤩Кадрлық қамтамасыз ету тұрғысынан бүгінде мұнда шамамен 900 қызметкер, оның ішінде 150-ге жуық дәрігер жұмыс істейді.

Биыл ұжымға травматолог, екі сәулелік диагностика маманы және екі интервенциялық кардиолог қосылды. Резидентураны аяқтағаннан кейін уролог, хирург және терапевттерді қоса алғанда, тағы бірнеше маманның келуі күтілуде.

⚡️Тораңғалық және Шұбартүбек курорттық кенттерінде медициналық пункттер жұмыс істейді. Оларға жергілікті тұрғындармен қатар туристер де жүгіне алады. Медициналық пункттер қажетті мамандармен және медициналық көмек көрсетуге арналған барлық қажетті құралдармен қамтамасыз етілген.

#Президенттапсырмасы #СправедливыйКазахстан #ҰлтсаулығыЕлБолашағы #НацПроект #МодернизацияБольниц #HealthcareKazakhstan
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🛎В БОЛЬНИЦЕ БАЛХАША ЗАВЕРШИЛИ МАСШТАБНУЮ МОДЕРНИЗАЦИЮ ЗА СЧЕТ ВОЗВРАЩЕННЫХ АКТИВОВ

В Карагандинской области завершена масштабная модернизация многопрофильной больницы Балхаша. Финансирование работ проведено за счёт возвращённых активов по поручению Главы государства.

Жители Балхаша, Приозёрска, посёлка Саяк, а также Шетского и Актогайского районов получили новые возможности для диагностики и лечения в обновленных корпусах.

🏥Стационар рассчитан на 340 коек и включает практически все профильные отделения. В рамках национального проекта модернизации сельского здравоохранения к основному зданию возвели новую пристройку площадью около 1,4 тысячи квадратных метров.

Здесь разместили современный приёмный покой, соответствующий всем действующим стандартам. Для удобства пациентов предусмотрены отдельные входы для плановой и экстренной госпитализации. На первом этаже открыли две операционные — экстренную и для проведения высокотехнологичных чрескожных вмешательств, включая коронарографию и стентирование при острых сердечно-сосудистых заболеваниях.

«Для диагностики и лечения пациентов закуплено новейшее оборудование: монополярный ангиограф с дополнительными комплектующими, магнитно-резонансный и компьютерный томографы, инъекционная система MEDRAD Mark 7 Arterion, нейрохирургический микроскоп и все необходимые медицинские изделия», – рассказал директор больницы Серикбол Тусупбеков.


🤩В части кадрового обеспечения здесь сегодня работает около 900 сотрудников, в том числе порядка 150 врачей.

В этом году коллектив пополнили травматолог, два специалиста лучевой диагностики и два интервенционных кардиолога. После завершения резидентуры ожидается приезд ещё нескольких специалистов, включая уролога, хирурга и терапевтов.

🏥В курортных посёлках Торангалык и Шубартубек работают медицинские пункты, в которые наряду с жителями могут обращаться туристы. Они обеспечены специалистами и всем необходимым для медицинской помощи.

#Президенттапсырмасы #СправедливыйКазахстан #ҰлтсаулығыЕлБолашағы #НацПроект #МодернизацияБольниц #HealthcareKazakhstan
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ҮШ КІШКЕНТАЙ НӘРЕСТЕНІҢ ӨМІРІ ҮШІН ДӘРІГЕРЛЕР ЖАН АЯМАЙ КҮРЕСТІ

Осыдан бір ай бұрын үш кішкентай қыздың өмірі үшін үлкен дәрігерлер тобы күрес жүргізсе, бүгін Раяна, Айлана және Аяна аналарымен бірге алғаш рет үйлеріне аттануда.

🎥Үшемдер 7 мамыр күні Алматы қаласындағы №2 Қалалық перинаталдық орталықта жүктіліктің 35 аптасында дүниеге келді. Отбасы үшін сәбилер үшінші, төртінші және бесінші бала атанды. Жаңа туған нәрестелердің салмағы 1690, 1390 және 1660 грамм болды.

Туғаннан кейін қыздардың жағдайы ауыр болды. Алғашқы аптада олар мамандардың тәулік бойы бақылауында жаңа туған нәрестелердің реанимация бөлімшесінде ем қабылдады.

📌Кейіннен сәбилер жоғары тәуелді күтім бөлімшесінде емін жалғастырды. Күн өткен сайын олардың жағдайы жақсарып, күш жинай бастады, ал неонатологтар, реаниматологтар мен мейіргерлер осы күннің жақындауы үшін бар күш-жігерін жұмсады.

Бүгін күні Раяна, Айлана және Аянаның жағдайы айтарлықтай жақсарды. Бір ай бойы жүргізілген ем, қамқорлық пен үздіксіз бақылаудан кейін қыздар аналарымен бірге үйлеріне шығарылуда.

«Шын жүректен дәрігерлерге, балалар бөлімшесінің қызметкерлеріне, хирургтерге, медбикелерге және №2 Перинаталдық орталықтың бүкіл ұжымына алғысымды білдіремін. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, қамқорлықтарыңыз бен қолдауларыңыздың арқасында қыздарым бүгінде жанымда және біз үйімізге қайтып бара жатырмыз», – деп үшемдердің анасы өз ризашылығын білдірді.


🔗Бұл сәбилердің тарихы – бір отбасының үш есе бақыты ғана емес, сонымен қатар ең кішкентай пациенттердің салауатты өмірге алғашқы қадамдарын жасауына күн сайын көмектесіп жүрген медицина қызметкерлерінің ерен еңбегінің нәтижесі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
⚡️МЕСЯЦ БОРЬБЫ И ДОЛГОЖДАННАЯ ВЫПИСКА ТРОЙНЯШЕК


Месяц назад за жизнь трех маленьких девочек боролась большая команда врачей, а сегодня Раяна, Айлана и Аяна впервые отправляются домой вместе с мамой.

🎥Тройня родилась 7 мая в Городском перинатальном центре №2 Алматы на сроке 35 недель беременности. Для семьи малышки стали третьим, четвертым и пятым ребенком. Вес новорожденных составил 1690, 1390 и 1660 граммов.

После рождения состояние девочек было тяжелым. Первую неделю они находились в отделении реанимации новорожденных под круглосуточным наблюдением специалистов. Затем малышки продолжили лечение в отделении высокозависимого ухода.

День за днем они набирались сил, а врачи, неонатологи, реаниматологи и медицинские сестры делали всё возможное, чтобы этот день наступил.

📌Сегодня состояние Раяны, Айланы и Аяны значительно улучшилось. После месяца лечения, заботы и наблюдения девочки вместе с мамой выписываются домой.

«Хочу от всей души поблагодарить врачей, сотрудников детского отделения, хирургов, медицинских сестер и весь коллектив Перинатального центра №2. Благодаря вашему профессионализму, заботе и поддержке мои дочери сегодня рядом со мной и едут домой», — поделилась мама тройняшек.


🔗История этих малышек — не только история тройного счастья одной семьи, но и результат огромного труда медицинских работников, которые ежедневно помогают самым маленьким пациентам делать свои первые шаги к здоровой жизни.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5
🔍ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ АНТИБАКТЕРИЯЛЫҚ ПРЕПАРАТТАРДЫ БЕРУДІ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТПЕК

Микробқа қарсы препараттарға төзімділікке (МҚТ) қарсы іс-қимыл мәселесі жүйелі шараларды қабылдауды және препараттарды ұтымды қолдануды бақылауды одан әрі күшейтуді талап ететін бүкіл әлем үшін өзекті проблема болып қала береді.

👨‍👩‍👦Жыл сайын әлемде антибиотиктерге төзімді микроорганизмдерден туындаған инфекциялар салдарынан 700 мыңға дейін адам қайтыс болады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша, 2050 жылға қарай мұндай өлімнің саны 40 миллионға жетуі мүмкін.

💬Қазақстанда 2027 жылға дейінгі кезеңге арналған «Қазақстан Республикасында микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу жөніндегі шаралар туралы» Жол картасы іске асырылуда. Сонымен қатар, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, антибиотиктерді бақылаусыз қолдану, препараттарды заңсыз сату және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіздігі сияқты бірқатар мәселелер өз шешімін таппай отыр.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы Эрик Байжүнісовтің айтуынша, микробқа қарсы препараттарға төзімділік бүгінде жаһандық және ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне төнген ең күрделі қауіптердің біріне айналып отыр.

ҚДСҰО деректері бойынша Қазақстан антибиотиктерді тұтыну құрылымы бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған көрсеткіштерге әлі қол жеткізген жоқ. Атап айтқанда, «Access» «базалық» тобына жататын антибиотиктерді тұтыну үлесі (ДДҰ ұсынған және ең жиі кездесетін инфекцияларды емдеуде қолданылатын негізгі препараттар) кемінде 70% болуы тиіс болса, қазіргі көрсеткіш 38,3%-ды құрайды. Сонымен қатар, төзімділіктің қалыптасу қаупі жоғары «Watch» тобы антибиотиктерін тұтыну деңгейі жоғары күйінде қалып отыр.

«Микробқа қарсы төзімділік тек медициналық мәселе шеңберінен шығып, денсаулық сақтау саласындағы ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналуда. Төзімділікті тиімді тежеу үшін зертханалық мониторингті күшейтуден бастап антибиотиктерді ұтымды қолдану мәдениетін қалыптастыруға дейінгі жүйелі шаралар қажет», – деп атап өтті Эрик Байжүнісов.


🖐Антибиотиктерді бақылаусыз қолдану мәселесі ерекше назар аударуды талап етеді: қолданыстағы шектеулерге қарамастан, антибактериялық препараттар дәрігердің рецептісінсіз, оның ішінде онлайн-сервистер мен цифрлық платформалар арқылы сатылуын жалғастыруда. Бұл өз кезегінде өзін-өзі емдеу жағдайларының және антибиотиктерге төзімділіктің артуына ықпал етеді.

Жуырда өткен алқа отырысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова микробқа қарсы төзімділікті одан әрі тежеу үшін нақты практикалық шешімдерге көшу қажеттігін мәлімдеді.

«Біз бұл мәселені ұзақ уақыт бойы талқылап келеміз, енді сөзден іске көшетін уақыт жетті. Бұл проблеманың негізгі құрамдас бөлігі – микробқа қарсы препараттарды бақылаусыз қабылдау және көптеген басшылардың осы қауіптің маңыздылығын толық түсінбеуі», – деп атап өтті министр.


🪧Осыған байланысты ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бакалавриат, магистратура, резидентура және докторантура бағдарламаларына микробқа қарсы төзімділік мәселелеріне арналған пәндерді енгізуді тапсырды.

Сонымен қатар, антибактериялық препараттарды рецептісіз босатуды бақылау күшейтіледі, дәрілік заттарды таңбалау жүйесін қолдану аясы кеңейтіледі, сондай-ақ төзімділіктің даму қаупі төмен антибиотиктерді тіркеуге басымдық беріледі.

🔵«Бірыңғай денсаулық» қағидаты шеңберінде Ауыл шаруашылығы және Экология министрліктерімен ведомствоаралық өзара іс-қимыл күшейтіледі. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы микробқа қарсы төзімділік бойынша эпидемиологиялық қадағалауды кеңейтеді. Өңірлерде микробиологиялық зертханаларды жабдықтауға және олардың жұмыс тиімділігін арттыруға басымдық беріліп, госпитальдық эпидемиологтарды, бактериологтарды және клиникалық фармакологтарды оқыту жүргізіледі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔍МИНЗДРАВ РК НАМЕРЕН УСИЛИТЬ КОНТРОЛЬ ЗА ОТПУСКОМ АНТИБАКТЕРИАЛЬНЫХ ПРЕПАРАТОВ


Вопросы противодействия антимикробной резистентности (АМР) остается актуальной проблемой во всем мире, которая требует системных мер и дальнейшего усиления контроля за рациональным применением препаратов.

👨‍👩‍👦Ежегодно в мире до 700 тысяч человек умирают от инфекций, вызванных устойчивыми к антибиотикам микроорганизмами. По прогнозам Всемирной организации здравоохранения, к 2050 году число таких смертей может достичь 40 миллионов.

В Казахстане реализуется Дорожная карта «О мерах по сдерживанию устойчивости к противомикробным препаратам в Республике Казахстан» до 2027 года. Вместе с тем, несмотря на принимаемые меры, ряд проблем остаётся нерешённым, включая бесконтрольный приём антибиотиков, незаконную реализацию препаратов и недостаточную информационно-разъяснительную работу.

💬По словам председателя правления Национального центра общественного здравоохранения Эрика Байжунусова, устойчивость к противомикробным препаратам сегодня становится одной из наиболее серьёзных угроз для глобального и национального здравоохранения.

По данным НЦОЗ, Казахстан пока не достигает рекомендованных Всемирной организацией здравоохранения показателей по структуре потребления антибиотиков. Так, доля потребления препаратов «Access» – «базовой» группы (рекомендованные к применению ВОЗ, используются для наиболее частых инфекций) составляет 38,3% при рекомендуемом уровне не менее 70%, при этом сохраняется высокий уровень потребления антибиотиков группы «Watch», обладающих повышенным риском формирования устойчивости.

«Антимикробная резистентность уже выходит за рамки исключительно медицинской проблемы и становится вопросом национальной безопасности в сфере здравоохранения. Для эффективного сдерживания устойчивости необходимы системные меры – от усиления лабораторного мониторинга до формирования культуры рационального применения антибиотиков», – отметил Эрик Байжунусов.


🖐Отдельного внимания заслуживает проблема бесконтрольного применения антибиотиков: несмотря на действующие ограничения, антибактериальные препараты продолжают реализовываться без рецепта врача, в том числе через онлайн-сервисы и цифровые платформы, что способствует росту самолечения и антибиотикорезистентности.

На недавнем заседании коллегии Министр здравоохранения Акмарал Альназарова заявила, что дальнейшее сдерживание АМР требует перехода к практическим решениям.

«Мы уже достаточно долго обсуждаем эту проблему и пришло время переходить от слов к делу. Главная составляющая этой проблемы – бесконтрольный приём противомикробных препаратов и недопонимание многими руководителями важности этой угрозы», – подчеркнула она.


🪧В связи с этим главой ведомства Акмарал Альназаровой было поручено внедрить дисциплины, посвящённые вопросам антимикробной резистентности, в программы бакалавриата, магистратуры, резидентуры и докторантуры в организациях высшего и послевузовского образования.

Также будет усилен контроль за отпуском антибактериальных препаратов без рецепта, расширено использование системы маркировки лекарственных средств, а также повышен приоритет регистрации антибиотиков с низким риском развития устойчивости.

🔵Также в рамках подхода «Единое здоровье» будет усилено межведомственное взаимодействие с министерствами сельского хозяйства и экологии, Национальный центр общественного здравоохранения расширит эпидемиологический надзор за антимикробной резистентностью, а в регионах будет сделан упор на обеспечение оснащения и повышения эффективности работы микробиологических лабораторий, будет проведено обучение госпитальных эпидемиологов, бактериологов и клинических фармакологов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🎗Көптеген онкологиялық аурулар біртіндеп дамиды және ерте кезеңдерінде іс жүзінде ешқандай белгілерсіз өтуі мүмкін. Сондықтан бүгінгі таңда скринингтік тексерулер мен профилактиканың маңызы зор — олар ауруды ауыр белгілер пайда болмай тұрып анықтауға, тіпті обырға дейінгі жағдайларды да дер кезінде табуға мүмкіндік береді.

🗣Жоғары санатты онколог дәрігер Айша Молдашева тұрақты тексерулердің, әсіресе асқазан-ішек жолы аурулары кезінде, онкологиялық аурулардың дамуының алдын алуға қалай көмектесетінін айтып береді. Сонымен қатар, ауруды ерте анықтау табысты емделу мүмкіндігін едәуір арттырып, адамның толыққанды өмір сүруіне жол ашатынын түсіндіреді.

https://youtu.be/lGkusxNhs8U?si=HTpdepykcivP7LX4



🎗Многие онкологические заболевания развиваются постепенно и на ранних стадиях могут протекать практически бессимптомно. Именно поэтому ключевую роль сегодня играют скрининги и профилактика — они позволяют выявлять болезнь ещё до появления серьёзных проявлений или даже обнаруживать предраковые состояния.

🗣Врач-онколог высшей категории Айша Молдашева рассказывает, почему регулярные обследования — особенно при заболеваниях ЖКТ — помогают предотвратить развитие онкологии, а раннее выявление значительно повышает шансы на успешное лечение и полноценную жизнь.

https://youtu.be/lGkusxNhs8U?si=HTpdepykcivP7LX4
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝ҚАЗАҚСТАН ДДҰ-НЫҢ НЕВРОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРМЕН КҮРЕС ЖӨНІНДЕГІ ЖАҺАНДЫҚ ЖОСПАРЫН ІСКЕ АСЫРУҒА ҚОСЫЛАДЫ

Қазақстан неврологиялық аурулары бар пациенттерге диагностика, емдеу және күтім көрсетуге қолжетімділікті жақсартуға, олардың өмір сүру сапасын арттыруға және өмір бойы ми саулығын нығайтуға бағытталған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) сектораралық жаһандық іс-қимыл жоспарын іске асыруға қосылады.

Бұл бастаманың өзектілігі неврологиялық аурулардың таралу деңгейінің артуымен байланысты.

Қазақстанда Паркинсон ауруына шалдыққан пациенттер санының өсуі байқалады. Сонымен қатар инсульт, деменция, эпилепсия, бас аурулары және диабеттік нейропатия неврологиялық мүгедектіктің негізгі себептерінің қатарында қалып отыр.

📌2026 жылғы 9–10 маусымда Астанада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп «Неврологиялық жағдайлар – қоғамдық денсаулық сақтаудың басымдығы: эпилепсия және басқа да неврологиялық бұзылыстар жөніндегі ДДҰ-ның 2022–2031 жылдарға арналған сектораралық жаһандық іс-қимыл жоспарын енгізуді жеделдету» атты ұлттық семинар өткізуде.

Семинар барысында мемлекеттік органдардың, медициналық қауымдастықтың, халықаралық ұйымдардың және пациенттік бірлестіктердің өкілдері неврологиялық аурулары бар пациенттерге көмек көрсету жүйесін жетілдіру шараларын талқылайды.

⚡️Қаржыландыру мәселелеріне, кадрларды даярлауға, қызметтерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне интеграциялауға, ақпараттық жүйелерді дамытуға және неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімін құруға ерекше назар аударылады.

Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстанда ДДҰ-ның Жаһандық іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі ұлттық жол картасына ұсыныстар әзірленіп, сектораралық өзара іс-қимылдың алдағы қадамдары айқындалады.

➡️Семинарды өткізу өңірдің денсаулық сақтау жүйелерін нығайтуға бағытталған Орталық Азиядағы денсаулық пен әл-ауқатты қолдау жөніндегі жол картасының мақсаттарына да сәйкес келеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM