ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.63K subscribers
17.2K photos
1.3K videos
28 files
3.72K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
⚡️ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ИММУНОПРОФИЛАКТИКА МЕН ОНКОСКРИНИНГТЕР БОЙЫНША ЖҰМЫСТЫ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жұмыс сапары шеңберінде Жамбыл облысындағы бірқатар медициналық нысандардың жұмысымен танысып, өңірдің медицина қауымдастығымен кеңес өткізді.

🔘Ведомство басшысы алдымен медициналық бұйымдар шығаратын «Амир и Д» ЖШС кәсіпорнына барып, өндірістік қуаттарымен және өнім ассортиментімен танысты.

Одан кейін министр «Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығы» ЖШС-на барып, бейінді бөлімшелердің жұмысын, диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмекті және трансплантологияны дамыту мәселелерін қарастырды.

Жұмыс сапарының алғашқы күніндегі негізгі іс-шара Жамбыл облысының медицина қауымдастығымен өткен кеңес болды, онда медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі, кадрмен қамтамасыз ету, санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, онкологиялық қызметті дамыту, цифрландыру және МӘМС жүйесінің жұмыс істеуі мәселелері қаралды.

Кеңесті аша отырып, Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Соңғы үш жылдың ішінде Қазақстанда 813 денсаулық сақтау нысаны салынды, оның 655-і «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде жүзеге асырылды. 200-ден астам нысан бұрын медициналық көмек болмаған елді мекендерде ашылды. Бұл ауыл тұрғындарының шамамен бір миллион адамын тұрғылықты жерінде медициналық қызметпен қамтуға мүмкіндік берді», – деді министр.


🔘Жамбыл облысында ұлттық жобаның шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша жоспарланған 30 нысанның барлығының құрылысы аяқталды.

Сонымен қатар министр өңірдегі бірқатар жүйелік мәселелерге назар аударды. Жалпы өлім, жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім және нәресте өлімі көрсеткіштері бойынша оң динамикаға қарамастан, ана өлімі көрсеткіші өсіп отырғаны атап өтілді.

🔘2026 жылдың 4 айында өңірде ана өлімі бойынша 3 жағдай тіркелген. Қазіргі уақытта екі жағдай бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілуде.

«Ана өліміне қатысты әрбір жағдай жан-жақты талдауды және жүйелі шешімдерді талап етеді. Жүкті әйелдерді бағыттау, кадрлық қамтамасыз ету және бақылау мәселелеріне формалды түрде қарамай, пациенттерді барлық кезеңдерде толық сүйемелдейтін жүйе құру қажет», – деді Ақмарал Әлназарова.


Министр алғашқы буын деңгейінде онкологиялық ауруларды ерте анықтау жұмысын күшейтуді, диагностикалау мен қосымша тексерулер сапасын арттыруды, сондай-ақ вакцинациялау мен туберкулездің алдын алу бойынша халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмысын жандандыруды тапсырды.

➡️Сондай-ақ денсаулық сақтау саласын цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Өңірде телемедицинаны дамыту, вакциналарды сақтау үшін «суық тізбекті» цифрлық мониторингтеу, сондай-ақ жедел жәрдем бригадалары үшін смарт-бейнежетондар мен интеллектуалды бейнебақылау жүйелерін жетілдіру жоспарлануда.

⚠️Министр медициналық көмектің ішкі сапасын бақылауды күшейту, клиникалық стандарттарды сақтау, медициналық ұйым басшыларының жауапкершілігін арттыру және азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету қажеттігін атап өтті.

Жұмыс сапарының екінші күнінде министрдің бірқатар медициналық нысандарды аралауы, денсаулық сақтау саласының ардагерлерімен және Байзақ ауданы тұрғындарымен кездесуі, сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдауы жоспарланған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️VI НЕЙРОХИРУРГТАР КОНГРЕСІ: ҚАЗАҚСТАНДА ЖЫЛ САЙЫН 36 МЫҢ НЕЙРОХИРУРГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛАДЫ

Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған VI Қазақстан нейрохирургтері конгресі өтуде.

🔷Іс-шараға нейрохирургия саласындағы жетекші отандық мамандар, Нейрохирургия ұлттық орталығының өкілдері, еліміздің өңірлерінен келген дәрігерлер, сондай-ақ резиденттер мен жас мамандар қатысуда. Жалпы алғанда, Қазақстанның барлық өңірінен шамамен 200 делегат жиналды.

Конгресс барысында нейрохирургиялық қызметті дамытудың өзекті мәселелері, нейрохирургиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері, күрделі клиникалық жағдайлар, өңірлік нейрохирургияны дамыту перспективалары және жаңа технологияларды практикалық денсаулық сақтау жүйесіне енгізу мәселелері қарастырылуда.

📌Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Конгресс қатысушыларын құттықтай отырып, елімізде нейрохирургиялық көмектің көпдеңгейлі жүйесі қалыптасқанын және жоғары технологиялық медицинаның қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

«Елімізде жыл сайын 36 мыңнан астам нейрохирургиялық операция жасалады. Клиникалық тәжірибеге заманауи микронейрохирургиялық технологиялар, аз инвазивті және эндоскопиялық араласулар белсенді түрде енгізілуде. Конгресс кәсіби диалог жүргізуге, тәжірибе алмасуға және күрделі клиникалық жағдайларды талқылауға арналған бірегей алаң болып табылады», – деп атап өтті министр.


Өз кезегінде Қазақстан нейрохирургтар қауымдастығының президенті, академик Серік Ақшолақов Конгресс елдегі нейрохирургиялық қызметті дамыту, жаңа технологияларды енгізу және кадрлар даярлау мәселелерін талқылауға арналған дәстүрлі алаңға айналғанын айтты.

➡️Іс-шараның маңыздылығын арттыра түсетін жайт – Конгрестің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында өткізілуі.

«Тәуелсіздік жылдары ішінде отандық нейрохирургия мамандандырылған орталықтарды құрудан және кадрлар даярлаудан бастап, халықаралық стандарттар деңгейіндегі жоғары технологиялық медициналық көмекті енгізуге дейінгі ауқымды даму жолынан өтті», – деді академик.


Бүгінде қазақстандық нейрохирургтер халықаралық ғылыми жобаларға белсенді қатысып, жетекші салалық басылымдарда мақалаларын жариялап, еліміздің атынан әлемдік кәсіби алаңдарда табысты өнер көрсетуде.

❗️Осындай ғылыми-практикалық іс-шараларды өткізу отандық нейрохирургияның одан әрі дамуына, медициналық көмектің сапасын арттыруға және жас мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіруге ықпал етеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️VI КОНГРЕСС НЕЙРОХИРУРГОВ: В КАЗАХСТАНЕ ЕЖЕГОДНО ВЫПОЛНЯЕТСЯ 36 ТЫСЯЧ ОПЕРАЦИЙ


В Караганде проходит VI Конгресс нейрохирургов Казахстана, приуроченный к 35-летию Независимости Республики Казахстан.

🔷В мероприятии принимают участие ведущие отечественные специалисты в области нейрохирургии, представители Национального центра нейрохирургии, врачи из регионов страны, а также резиденты и молодые специалисты – всего порядка 200 делегатов со всех регионов Казахстана.

В ходе Конгресса рассматриваются актуальные вопросы развития нейрохирургической службы, современные подходы к диагностике и лечению нейрохирургических заболеваний, сложные клинические случаи, перспективы развития региональной нейрохирургии и внедрения новых технологий в практическое здравоохранение.

📌Министр здравоохранения РК Акмарал Альназарова, приветствуя участников Конгресса, отметила, что в Казахстане сформирована многоуровневая система нейрохирургической помощи и продолжается развитие высокотехнологичной медицины.

«Ежегодно в стране выполняется более 36 тысяч нейрохирургических операций, в клиническую практику активно внедряются современные микронейрохирургические технологии, малоинвазивные и эндоскопические вмешательства.
Конгресс является уникальной площадкой для профессионального диалога, обмена опытом и обсуждения сложных клинических случаев», – подчеркнула министр.

➡️В свою очередь, президент Казахской ассоциации нейрохирургов, академик Серик Акшулаков сообщил, что Конгресс стал традиционной площадкой для обсуждения актуальных вопросов развития нейрохирургической службы страны, внедрения новых технологий и подготовки кадров.
Особое значение мероприятию придает то, что Конгресс проходит в год 35-летия Независимости Республики Казахстан.

«За годы независимости отечественная нейрохирургия прошла значительный путь развития — от создания специализированных центров и подготовки кадров до внедрения высокотехнологичной медицинской помощи на уровне международных стандартов», – отметил академик.


Сегодня казахстанские нейрохирурги активно участвуют в международных научных проектах, публикуются в ведущих профильных изданиях и представляют страну на мировых профессиональных площадках.

❗️Проведение подобных научно-практических мероприятий способствует дальнейшему развитию отечественной нейрохирургии, повышению качества медицинской помощи и профессиональной подготовке молодых специалистов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🛎БАЛҚАШ АУРУХАНАСЫНДА ҚАЙТАРЫЛҒАН АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІНЕН ЖҮРГІЗІЛГЕН АУҚЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Қарағанды облысында Балқаш көпбейінді ауруханасын ауқымды жаңғырту жұмыстары аяқталды. Жұмыстарды қаржыландыру Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қайтарылған активтердің есебінен жүзеге асырылды.

Балқаш, Приозерск қалаларының, Саяқ кентінің, сондай-ақ Шет және Ақтоғай аудандарының тұрғындары жаңартылған корпустарда диагностика мен ем алудың жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізді.

🏥Аурухана 340 төсекке арналған және барлық дерлік бейінді бөлімшелерді қамтиды. Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде негізгі ғимаратқа ауданы шамамен 1,4 мың шаршы метр болатын жаңа қосымша корпус салынды.

Мұнда қолданыстағы барлық стандарттарға сәйкес келетін заманауи қабылдау бөлімі орналастырылды. Пациенттердің ыңғайлылығы үшін жоспарлы және шұғыл емдеуге жатқызуға арналған бөлек кіреберістер қарастырылған. Бірінші қабатта екі операциялық бөлме – шұғыл операцияларға және жоғары технологиялық тері арқылы жасалатын араласуларға арналған операциялық бөлмелер ашылды. Онда жедел жүрек-қан тамырлары аурулары кезінде коронарография мен стенттеу жүргізіледі.

«Пациенттерді диагностикалау және емдеу үшін қосымша жабдықтармен жарақталған заманауи монопландық ангиограф, магниттік-резонанстық және компьютерлік томографтар, MEDRAD Mark 7 Arterion инъекциялық жүйесі, нейрохирургиялық микроскоп және барлық қажетті медициналық бұйымдар сатып алынды», – деді аурухана директоры Серікбол Түсүпбеков.


🤩Кадрлық қамтамасыз ету тұрғысынан бүгінде мұнда шамамен 900 қызметкер, оның ішінде 150-ге жуық дәрігер жұмыс істейді.

Биыл ұжымға травматолог, екі сәулелік диагностика маманы және екі интервенциялық кардиолог қосылды. Резидентураны аяқтағаннан кейін уролог, хирург және терапевттерді қоса алғанда, тағы бірнеше маманның келуі күтілуде.

⚡️Тораңғалық және Шұбартүбек курорттық кенттерінде медициналық пункттер жұмыс істейді. Оларға жергілікті тұрғындармен қатар туристер де жүгіне алады. Медициналық пункттер қажетті мамандармен және медициналық көмек көрсетуге арналған барлық қажетті құралдармен қамтамасыз етілген.

#Президенттапсырмасы #СправедливыйКазахстан #ҰлтсаулығыЕлБолашағы #НацПроект #МодернизацияБольниц #HealthcareKazakhstan
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🛎В БОЛЬНИЦЕ БАЛХАША ЗАВЕРШИЛИ МАСШТАБНУЮ МОДЕРНИЗАЦИЮ ЗА СЧЕТ ВОЗВРАЩЕННЫХ АКТИВОВ

В Карагандинской области завершена масштабная модернизация многопрофильной больницы Балхаша. Финансирование работ проведено за счёт возвращённых активов по поручению Главы государства.

Жители Балхаша, Приозёрска, посёлка Саяк, а также Шетского и Актогайского районов получили новые возможности для диагностики и лечения в обновленных корпусах.

🏥Стационар рассчитан на 340 коек и включает практически все профильные отделения. В рамках национального проекта модернизации сельского здравоохранения к основному зданию возвели новую пристройку площадью около 1,4 тысячи квадратных метров.

Здесь разместили современный приёмный покой, соответствующий всем действующим стандартам. Для удобства пациентов предусмотрены отдельные входы для плановой и экстренной госпитализации. На первом этаже открыли две операционные — экстренную и для проведения высокотехнологичных чрескожных вмешательств, включая коронарографию и стентирование при острых сердечно-сосудистых заболеваниях.

«Для диагностики и лечения пациентов закуплено новейшее оборудование: монополярный ангиограф с дополнительными комплектующими, магнитно-резонансный и компьютерный томографы, инъекционная система MEDRAD Mark 7 Arterion, нейрохирургический микроскоп и все необходимые медицинские изделия», – рассказал директор больницы Серикбол Тусупбеков.


🤩В части кадрового обеспечения здесь сегодня работает около 900 сотрудников, в том числе порядка 150 врачей.

В этом году коллектив пополнили травматолог, два специалиста лучевой диагностики и два интервенционных кардиолога. После завершения резидентуры ожидается приезд ещё нескольких специалистов, включая уролога, хирурга и терапевтов.

🏥В курортных посёлках Торангалык и Шубартубек работают медицинские пункты, в которые наряду с жителями могут обращаться туристы. Они обеспечены специалистами и всем необходимым для медицинской помощи.

#Президенттапсырмасы #СправедливыйКазахстан #ҰлтсаулығыЕлБолашағы #НацПроект #МодернизацияБольниц #HealthcareKazakhstan
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM